КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Этиологиясы. Инсулинома — ашқарынға гипогликемиялық синдромның дамуымен сипатталатын, Лангерганс аралшықтарының β-жасушаларынан
ИНСУЛИНОМА Инсулинома — ашқарынға гипогликемиялық синдромның дамуымен сипатталатын, Лангерганс аралшықтарының β-жасушаларынан дамитын инсулинөндіруші ісік (9.3 кесте). Гипогликемиялық синдром — гипогликемия дамуы мен қанда глюкоза деңгейі арасындағы дисбаланстың нәтижесінде дамитын симптомокомплекс. Гипогликемия деп қанда глюкоза мөлшері 2,2–2,5 ммоль/л-ден төмен болғанда айтамыз, бірақ гликемия деңгейі клиникалық симптоматиканың айқындылығымен әрқашан корреляцияланбайды. Жиі гипогликемиялық бұзылыстар қант диабетін емдеу үрдістері барысында түзіледі, бірақ гипогликмиялық синдром қант диабетінен тыс қарастырылады (7.7.3 бөлімді қараңыз).
9.3 кесте. Инсулинома
85–90% — қатерсіз солтарлы ісік; 10–15% жағдайда көптеген ісіктер және өте сирек жағдайда ҰБ-ден тыс (1 %) орналасады (көкбауыр қақпасы, бауыр, ұлтабар қабырғасы). 10% жағдайда І типті көптеген эндокринді неоплазия синдромы шеңберінде орналасады. (10.2 бөлімді қараңыз).
Патогенезі Инсулинома кезінде дамитын гипогликемиялық синдром патогенезі негізінде гликемия деңгейіне тәуелсіз автономды түрде ісіктің инсулинді синтездеуі жатыры. Сау адамда ұзақ уақыт бойы ашығу қалыпты мөлшерден төмен глюкоза деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Бұл кезде қанда инсулин мөлшері қалдықты концентрацияға дейін төмендейді. Инсулиномамен сырқаттанған науқастарда гликогенолиз ісік өндіретін инсулинмен тежеледі және АІЖ-нан қаен арнасына глюкоза түсуі тоқтағанда гипогликемиялық ұстаманың дамуына жол ашылады. Гипогликемияға жауап ретінде қанға контринсулярлы гормондар (катехоламиндер, кортизол, өсу гормоны) бөлініп, адренергиялық симптоматиканы дамытады. Нейроглюкопения көріністері қанда бас миы үшін аса маңызды басты энергетикалық субстраттың төмендеуімен байланысты дамиды. Созылмалы гипогликемия ОЖЖ-де дистрофиялық өзгерістерді тудырады.
Дата добавления: 2014-11-18; Просмотров: 1003; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |