Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Материализм идеализм 13 страница




9-тақырып. XIX ғ. Батыс европалық философия

1. Кестені толтырыңыз: «XIX ғ. философиясының бағыттары»

иррационализм волюнтаризм фрейдизм өмір философиясы диалектикалық материализм
         

 

2. Кестені толтырыңыз: «Иррационализм өкілдері»

    А. Шопенгауэр С. Кьеркегор Ф. Ницше А. Бергсон
Шығармалары        
Негізгі ілімдері        

 

3. Кестені толтырыңыз: «Психоанализ теориясының көрнекті өкілдері»

    З. Фрейд А. Адлер Э. Фромм К.Г. Юнг
Шығармалары        
Негізгі ілімдері        

 

4. Қосымша әдебиеттерді қолданып, К. Маркстің «формациялық теориясын» қарастыра отырып, қоғам дамуының бес формациясына қысқаша сипаттама беріңіздер.

 

5. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: иррационализм, волюнтаризм, экзистенция, жоғары адам, либидо, сублимация, санасыздық, архетип, базис, қондырма, практика, диалектикалық материализм, эволюция, өмір философия, интуиция.


10-тақырып. Орыс философия

1. Кестені толтырыңыз: «Батысшылдық және славянофилдік»

Бағыттары Батысшылдық Славянофильдік
Шығармалары    
Негізгі ілімдері    

 

2. Кестені толтырыңыз: «Орыс философиясының көрнекті өкілдері»

    В. Соловьев Н. Бердяев П. Флоренский Л. Шестов Н. Данилевский
Шығармалары          
Негізгі ілімдері          

 

3. Орыс козмизм философиясы қандай проблеманы зерттейді? «Әлемдегі ақылдың ролі» атты тақырыпқа өз ойларыңызды жазыңыздар.

 

 

4. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: жалпытұтастық, соборшылдық, космизм, теодицея, еркіндік, батысшылдық, славянофильдік, өркениет, мәдениет, ноосфера.

11-тақырып. Қазақ философиясы

1. Кестені толтырыңыз: «Қазах философиясының көрнекті өкілдері»

    Ш. Уалиханов А. Құнанбаев Ш. Құдабердиев Ы. Алтынсарин
Шығар малары        
Негізгі ілімдері        

2. Қосымша әдебиеттерді қолданып, ақын – жыраулар шығармашылығындағы дүниені түсіну мәселесіне талдау жасаңыздар.

3. «Қазақ философиясы» тақырыбына крассворд құрастырыңыздар. (25 сөзден кем болмауы керек)

 

4. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: Тәңірлік, Ұмай, толық адам, жарым адам, менталитет, этнос, ар-ұят, шабыт, географиялық детерминизм, «Адам бол!».

12-тақырып. XX ғ.- XX I ғ. мәдениетіндегі батыс философиясы

1. Кестені толтырыңыз: «Позитивизмнің даму кезеңдері»

Бағыттары I кезең позитивизм II кезең эмпириокритицизм III кезең неопозитивизм IV кезең постпозитивизм
Өкілдері        
Негізгі сипаттары        

2. Кестені толтырыңыз: «Экзистенциализм ф илософиясы»

  М. Хайдеггер К. Ясперс А. Камю Ж-П. Сартр
Шығармалары        
Негізгі ілімдері        

3.Структурализм және постструктурализмнің көрнекті өкілдерінің философиялық идеяларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыздар.

 

4. Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, «постмодернизм» терминіне сипаттама беріңіздер.

 

5. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: позитивизм, эмпириокритицизм, верификация, фальсификация, парадигма, экзистенциализм, «шекаралық жағдай», «тірек уақыты», прагматизм, структурализм, постструктурализм, деконструктевизм, постмодернизм, симулякр, абсурд, феноменология.

Тема 13-тақырып. Болмыс және таным философиясы

1. Кестені толтырыңыз: «Болмыстың негізгі түрлері»

Болмыстың түрлері Жалпы сипаттамасы
Материалдық болмыс    
Рухани болмыс    
Әлеуметтік болмыс  
Жекелік болмыс    

 

2. «Субстанция» және «материя» ұғымдарының арақатынасын анықтаыздар.

 

3. Кестені толтырыңыз: «Таным түрлері»

Қарапайым таным Ғылыми таным Философиялық таным Көркемдік таным
       

 

4. Кестені толтырыңыз: «Ақиқат түрлері»

Абсолюттік ақиқат Салыстырмалы ақиқат Нақты ақиқат
     

 

5. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: онтология, гносеология, эпистемология, болмыс, ештеңе емес, материя, субстанция, кеңістік, уақыт, қозғалыс, сана, таным объектісі, таным субъектісі, ақиқат, адасу.

 

14-тақырып. Адам және қоғам философиясы

 

1. Кестені толтырыңыз «Қоғамның тарихи түрлері»

Түрлері Жалпы сипаттамасы
Индустриалдыға дейінгі қоғам    
Индустриалды қоғам    
Постиндустриалды (ақпараттық) қоғам    

 

2. Кестені толтырыңыз: «Қоғамның негізгі салалары»

Сфера атаулары Жалпы сипаттамасы
Экономикалық    
Саяси  
Әлеуметтік    
Рухани    

 

3. Қосымша әдебиеттерді қолдана отырып, «қоғам» ұғымына бес түрлі анықтама жазыңыз. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырыңыздар. Алынған ақпараттың негізінде өзіңіз анықтама беруге тырысыңыз.

 

4. «Тұлғаның еркіндік таңдауы мәселесі» атты тақырыпта шығарма жазыңыздар.

 

5. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: социум, әлеуметтік философия, антропология, аксиология, феномен, ноумен, индивид, тұлға, антропоцентризм, еркіндік, императив, этика, мораль, адамгершілік.

 

15-тақырып. Философиялық білімдегі қазіргі мәселелер

Кестені толтырыңыз: «Глобализм мен антиглобализм арақатынасындағы процесс»

  глобализм антиглобализм
Анықтама және негізгі белгілері    
  Жағымды жақтары    
  Жағымсыз жақтары    

2. «Мәдениет» пен «өркениет» түсініктерінің ара қатынасын анықтаңыздар. «Өркениеттің дамуы мәдениеттің құлдырауы» деген ойды қалай түсінесіз және шындыққа жанаса ма? Осы сұрақ бойынша өз пікіріңізді айтыңыз және негіздеңіз.

 

3. «Ғаламдану процессі және ғаламдық сананың қалыптасу мәселелері» атты тақырыпқа эссе жазыңыз.

 

4. Негізгі түсініктер (глоссарий) бойынша жұмыс:

Дәріс материалын қолдана отырып, мына терминдердің қысқаша анықтамасын жазып, жатттап алыңыздар: мәдениет, өркениет, глобализация, сциентизм, антисциентизм, футурология, фелицитология, «бұқаралық сана».

 

Философия пәні бойынша негізгі түсініктер

(ГЛОССАРИЙ)

Антропологизм - адам туралы ілім.

Абстрактілік - бөлек шығарылып және жеке қарастырылады.

Абсолют - (лат. «absolutus») - тұйықталмаған, шексіз.

Абсолюттік идея - Гегель философиясының басты категориясы, нақты және шартсыз жалпылықты білдіреді.

Антитезис - (грекше) қарама – қайшылық.

Анамнесис (гр.т. еске түсіру). Платон философиясындағы термин адам жағдайының қал-жағдайын түсіндіреді.

Атман (санскрит) - дем, жан, бар нәрсені қамтитын субъективті рухани бастау, «Мен»-жан.

Атараксия — (гр.т.толқымау, жайбарақаттық) Эпикур ілімі бойынша адам ұмтылуға тіисті идеалды жағдай.

Антропоцентризм - адамды дүниенің ең басты құндылығы деп есептейтін көзқарас.

Антиклерикализм - дінге емес, керісінше шіркеудің басыбайлығына қарсы бағытталған қозғалыс.

Априорий - тәжірибеге дейін.

Антиномия - екі қарама - қарсы түсініктер арасындағы қарама- қайшылық әрбіреуі логикалық дәлелді және тиімді.

Аномия (франц. апотіе- заң, ұйымдасудың жоқтығы) - қоғамның құндылықтар жүйесіндегі түбегейлі дағдарыстарды білдіретін ұғым.

Абсурд (лат.т.) - мағынасыз, қисынсыз деген мағынаны білдіреді. Абсурд Камюдің шығармаларында философиялық мәнге ие болады. Ол өзінің «Сизиф туралы аңыз» атты еңбегінде «Мағынасыздық – адамзат өркениетінің тағдыры, осыны түсінген тұлға тағдырын жеңіп шығады», - дейді.

Абстракция (лат. аbгtrаtсіо— ойша бағамдау) — шынайылықтың бейнесін ойша бағамдау және толтыру арқылы құрастыру.

Архетип (грек. arсһе - бастау, tироs - бейне) - алғашқы үлгі, түпнұсқа. А. жалпыадамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады.

Аскеттік (грек. аsketes - жаттығу, ерлік) - саналы түрде табиғи қызықтардан, өмір игіліктері мен ләззаттықтан өзін рухани құтқару мен жоғары мағыналықты көздеп, адами немесе діни мұраттарға жету үшін бас тартып, өткінші дүние құндылықтарын тәркі ету.

Ақиқат - өмір шындығының ойдағы нанымды, дұрыс бейнесі, әлеуметтік процесс, тәжірибе сайып келгенде, өлшемі болып табылады. Ақиқаттың сипаттамасы заттарға емес және олардың тілмен тұжырымдалу емес нақты ойға қатысты.

Ақпараттық қоғам (лат. іпformatio- түсіндіру, хабарлау) - 1945 ж. жапон ғалымы Е. Масуда енгізген термин. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дамыған елдердегі капитализмнің бұрынғы индустриалдық капитализмнен бөлек екендігі айқындала түсті.

Агностицизм (гр. «теріске шығару және білім») - дүниені танып білу мүмкіндігін толық немесе ішінара теріске шығаратын ілім. Агностицизм ғылымды шектеу, логикалық ойлаудан, табиғаттың заңдарын танып білуден бас тартады.

Әлеуметтік стратификация (лат.т.қабат және жасаймын) батыс әлеуметтануындағы қоғамның әлеуметтік құрылымын, ондағы теңсіздікті, әлеуметтік қабаттасу шарттарын белгілейтін негізгі түсініктердің бірі болып есептеледі.

Әдіс (метод) - (гр.т. «metods» - зерттеу немесе тану жолы, теория, ілім), философиялық және ғылыми білім жүйесін құру және негіздеудің тәсілі; шындықты практикалық және теориялық игерудің айла-тәсілдері мен операцияларының жиынтығы.

Брахман (санскрит) - жоғарғы объективті шындық, одан әлем пайда болатын абсолютті рухани бастау.

Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни-философиялық жүйе.

Бүткілбірлік - әлемнің, барлық тіршіліктің бірлігі, болмысты ұйымдастырудың принципі; барлық заттар мен дүние құбылыстарының өзара шарттасуы, байланысы, өзара жіктелуі. Онтологияда бүткілбірлік: игілік - ақиқат - сұлулық (добро - истина - красота), ал гносеологияда -біртұтастық білім жүйесі:

Біртұтастық білім - ғылым, философия және діни сенімнің бірлігі, синтезі.

Бейсаналық - адам санасында анықталмайтын психикалық, тылсым процестердің жиынтығы, мәдениеттануда сана құбылыстарынан сапалы өзгешеліктері бар қоғамдық сананың санаға дейінгі және төменгі саналық құрылымдары.

Болмыс - барлық тіршілікті қамтитын абстрактілі философия категориясы.

Батысшылдық (XIXғ. 40-50 ж.ж.) «еуропашыландыруды» насихаттаған бағыт. Оның өкілдері –А.И. Герцен, В.Г. Белинский, Н.П. Огарев, К.Д. Кавелин, П.В.Боткин, Т.Н. Грановский.

Биосфера (гр.т. «Био»-өмір, «сфера»-шар) өмірмен қамтылған және ұйымдастырылған, кешенді жердің қабықшасы бар өмірдің бөлігі.

Ведалар (санскрит) - әріптік білім, білу, ежелгі үнді мәтінінде жазылған өте ертедегі мәтіндердің жиынтығы және діни философиялық мұра болып табылады.

Верификационизм (лат. verus- ақиқат, fасеrе - жасаймын) - ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік концепция.

Гносеология - таным жайлы философиялық ілім.

Гуманизм ( лат. һитаnus- адамдық, адамгершілік) - тұлға ретіндегі адамның, оның еркін дамуы және өз қабілеттерін жүзеге асыру құндылығын мойындау, адам игіліктерін қоғамдық қатынастарды бағалаудың өлшемі ретінде қабылдау.

Герменевтика (грек., герменойтикос - түсіндіруші, ұғындырушы деген сөзін білдіреді, ежелгі грек құдайы Герместің атынан шыққан) - ұғыну, түсіну философиясы, тұспалдап сөйлеу тәсілін зерттейді, мәтіндерді түсіндіру өнерін, практикасы мен теориясын қарастыратын философиялық бағыт.

Географиялық орта -қоғамның дамуы мен өмір сүру шарттарын құрастыратын және қазіргі тарихи кезеңде қоғамдық өндіріс процесіне тартылған табиғаттың құбылыстары мен заттарының жиынтығы.

Геосаясат -саясаттанудың концепциясы мемлекеттің ішкі саясатына сәйкес негізінен әр түрлі географиялық факторлармен, мысалға кеңістікпен алдын-ала анықталған. Табиғат ресурстарымен, климатпен, халықтың басым көпшілігімен және оның өсу қарқынымен көрінеді.

Ғылым -табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білімдер жасауға бағытталған және оның барлық шарттары мен сәттерін білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігі дене тәжірибесімен, ғылым еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік іс-әрекеттермен айналысады.

Деизм - жақтаушылары құдайдың бар екендігін мойындайтын, олардың ойынша құдай бір рет өмірді құрғаннан кейінгі, оның әрі қарай дамуына қатыспайды және адамдардың іс-әрекетіне ықпал етпейді деп есептейтін философиядағы бағыт.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Дүниетаным - адамдардың өзін қоршаған ортаға деген пікірлердің, идеялардың, теориялардың жиынтығы ретінде көрінетін және сол ортадағы алатын адамдардың орнын білдіретін ұғым.

Дхарма (санскрит) - заң, тәртіп, борыш, әділеттілік, жағымды сипаттағы бeлгiлі бip белгілену, оған норма ретінде ұстану қажетті үлгі.

Диалектика — гр.т. әңгіме дүкен құру өнері, пікірталас.

Даосизм -дао немесе «жол туралы ілім, Қытайда б.з.б. 6-5 ғ-да пайда болған. Даосизмнің нeriзін қалаушы ежелгі Қытай философы, табиғаттан айнымауға, табиғи өмір суруге шақырған Лаоцзы болып есептелінеді.

Дао -Қытай классикалық философиясының аса маңызды категориясы» «жол» дегенді білдіреді. Кейіннен Дао ұғымы философияда табиғаттың «жолын», оньң заңдылықтарын белгілеу үшін қолданылады.

Дедукция - (лат. «deduction» - шығару) - танымдағы жалпыдан жекеге және дараға ауысу, жалпыдан жеке және дараны шығару.

Дуализм - тең кұқылы және бір - біріне сәйкес келмейтін бастаманың рухани және материалдылығын мойындайды.

Детерминизм (лат.т. «анықтаймын») - нақты әлемнің құбылыстары мен процесстерінің, заттарының объективті заңды өзара байланыстары, өзара шарттастығы жөніндегі философиялық ілім. Ғылым тарихында детерминизм себептілік ретінде кездестірілді, алайда материя дамуының буын тізбегі, әлемдік өзара тәуелділіктің кезеңі ретінде ғана себепті байланыс детерминизмнің негізгі формасы ретінде екенін ғылыми танымның дамуын көрсетіп берді.

Ерік -алдын ала жоспарланған саналы іс-әрекет, белгілі бір құндылықты құрайтын мақсатқа ұмтылу, классикалық жүйе бойынша ерік: 1)себептердің болуы, 2)саналылық, 3)шешім, 4)іске асу.

Жэнь - «адамдықты», «Адам сүйгіштікті» білдіреді. Ол Қытай философясының және мәдениетінің негізгі категорясы.

Зат - құрамы бар және басқа заттармен қатынаста болу.

Идеализм - материя мен сана жағдайында бірінші болып сана (идея, рух) пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт.

И – «әділеттік», «шыншыл». Қытай философиясының негізгі категориясы.

Инь-ян - Қытай философиясының негізін қалаушы категориялар, оларды бipre қарастырады. Ол әлемнің жалпылы идеясын көрсетеді: қараңғы-жарық, ер-әйел, тыныштық, қозғалыс т.б. Инь-ян Әлемдегі өмірді қалыптастырушы, ғарыштық бастау.

Индукция - (лат. «induction» - келтіру) — танымдағы жекеден, дарадан жалпыға ауысу, жалпыны жекеден, дарадан шығару.

Интуиция (лат.т. «зер салу») - ақиқатқа тікелей көз жеткізу қабілеті. Жаңа дәуірдегі философияда интуиция таным қызметінің ерекше формасы ретінде қаралды. Интуиция таным процесінде елеулі орын алады және оны танымның, «үшінші тетігі», айшықты әрі маңызды, заттардың мәнін тап басатын таным деп санады.

Иррационализм - (латын тілінен) - санасыз, зердесіз, ақылға сыйымсыз.

Ислам (араб.- момындық, бағыныштылық) - әлемдік ірі діндерінің бірі. Құдайдың (Алла тағаланың) соңғы аманаты, соңғы дін. Исламның ақиқатын адамзатқа жеткізуші Мұхаммед ғ.с. соңғы пайғамбар болып табылады. Мұсылманшылықтың басты негізі - Құран, мәңгілік, ешкім жаратпаған Құдай сөзі, яғни Құдай табиғатын ашатын көктен түскен аян.

Йога - (санскр. - байланыс, ойды жинақтау, бірлесу, тәртіп, терең ой) - көне және ортағасыр үнді философиясының жүйесі. Йога негізгі қағидалары Патанджали, Упанишад йога және Титада жүйеге келтірілген.

Кеңістік — қозғалушы материяның объективті түрде өмір сүруінің формасы. Материалдық объектілердің және жүйелердің аумағын, алатын орнын, олардың өзара орналасуы мен байланысын сипаттайтын ұғым.

Карма ( санскрит) - көне үнді діні мен философиясындағы таным. Карма танымы бойынша, тірі жан иесі өзінің өмірінде жасаған жақсы жөне жаман әрекетінің жиынтығына сәйкес, кейінгі басқа өміріндегі тағдыры шешіледі.

Катарсис (грек. саtarsis - тазару) - адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым.

Конфуцийшілдік - ежелгі Қытайдағы басты идеялық ағымдардың бipi. Конфуцийшілдіктің негізін калаушы - Конфуций (б.з.б.551-479), оның көзқарасын ізбасарлары «Лунь юй» кітабында баяндап берген.

Креационизм -құдайдың әлемді жаратуы туралы.

Космогония -(грек. коsmos– дүние, әлем, ғарыш) - астрономия ғылымының үлкен бір бөлімі, космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы.

Категориялық империатив - мінездің тұйықталмаған принципі, этиканың негізгі заңы.

Қалам - араб -түрік философиясындағы негізгі бағыт, «сөз» немесе «сөйлеу» дегенді білдіреді.

Құрам - заттың басқа заттарға әсер ету және басқа заттармен сәйкес келу қабілеті.

Ли - «этикет», «этика», «дәстүр». Конфуций ілімінің ортақ принципіне, ол өмірдің әртүрлі сфераларында адамдардың қарым - қатынастарын реттейді.

Либидо (лат. libidо - құштарлық, ұмтылыс) - психоталдаудың негізгі концептуальды ұғымдарының бірі. Л. термині арқылы психикалық белсенділік түрі бейсанасыз түрде транформацияланып, көрініс табуын, оның негізінде сексуальды қажеттік жататын психикалық қуат көзін айқындайды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1369; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.