КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Материализм идеализм 14 страница
Легизм - (фа-цзя) заңгерлер мектебі, ел адамды, қоғамды, мемлекетті басқарудағы этикалық-саяси ілім. Ол б.з.д.VI-III ғ-да пайда болды. Мәдениет (лат.т.-өңдеу, тәрбие, білім, даму, құрметтеу) өзіндік және өзара, табиғатқа қарым-қатынас жиынтығында, рухани құндылықтарында, әлеуметтік норма мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани еңбектерінде, адамның өмірлік іс-әрекетінің дамуы мен ұйымдасуындағы тәсіл. Модернизм (франц. тoderne- ең жаңа, қазіргі) - ХІХ ғ. соңы, ХХ ғ. ортасына әдебиет пен өнерде, мәдениетте қалыптасқан философиялық-эстетикалық қозғалыс. Материализм - материя мен сана қатынасында бірінші материя пайда болады деп есептейтін философиялық бағыт. Мокша – Атман мен Брахманның қосылуы, қайта туылу дөңгелегінен арылу, мокшаға жеткен жан шексіз өмір тосқауылынан азат болып махатма – Ұлылық дәрежесіне өтеді. Моизм - Қытайда б.з.д. 5-6 ғ.ғ.-да пайда болған, философиялық бағыт. Негізін калаушы Мо Ди. Метафизика — (гр.т.физикадан кейін) болмыстың басталуы және жоғары ілімдер туралы ғылым. Мутазалиттер - материалистік сипаттағы философиялық бағыт. Натурфилософия - табиғатты бірлікте қарастыратын философия бөлімі. Номос және Фюзис (гр.заң және табиғат) - көне грек философиясындағы түсінік. Софистер іліміндегі «Тезис пен фюзиске қарама-қарсы ілім. Неоплотонизм — антикалық платонизмның соңғы даму этапы. Негізін салушы Плотин. Монетеизм -бір құдай. Нигилизм (лат. піһіl - ештеңе) - мәдениет құндылықтарын, адамгершілікті, мемлекетті жоққа шығару. Батыста философиялық және этикалық Н. «уақыты өткен дәуірді» терістеу ретінде көрініс табады. Ноосфера (гр.т. «ақыл-ой») дамудың басты анықтаушы факторы болып табылатын адам қызметі көрінетін табиғат пен қоғамның өзара әрекет етуінің сферасы. Ноосфера туралы түсінік 20 ғасырдың 1- ші жартысында берілген болатын. Объект (лат.т. «алдында орналасқан») көзге түскеннің барлығы. Тар мағынасында ойлаушы субъектіге қарсы орналасқан біздің ойымыздың қарама-қарсы жағы. Объект - зерттелуші, субъект - зерттеуші. Онтология – болмыс фундаментальды үрдіс пен құрамның құралы болатын философия бөлімі. Өмірге деген ерік - Шопенгауэр философиясындағы өмірге деген көзсіз және үздіксіз қалаулар жиынтығы және тұлғаның жеке қасиеттерін сақтай отырып, ұрпақ жалғастыруы. Өркениет (лат.т.азаматтық, мемлекеттік) 1) мәдениет ұғымының синонимі. Марксистік әдебиетте материалдық мәдениетті белгілеу үшін де қолданылған. 2) рухани, материалдық мәдениеттің қоғамдық дамуының деңгейі, сатысы. Перепатетизм — Перипат немесе Ликей, гимназия деп аталған, Аристотельдің философиялық мектебі. Пантеизм -құдай әлемді жаратып, сол әлемге таралып кетуі. Позитивизм - (лат.оңды) ғылымдардың нақты шынайы білімнің бірден-бір көзі және ғылымның оң, жағымды жағын мойындайтын философиялық бағыт. Білім жеке ғылымдардың нәтижесі ретінде беріледі және философия жеке ерекше ғылым болғандықтан шынайылықты өзіндік тексеруге құқылы. Прагматизм (лат. іс,әрекет) - адам болмысындағы іс-әрекет, білімнің маңызын тәжірибелік нәтижелер арқылы белгілейді. Белгілі бір қайшылықтарды тәжірибелік нәтижелер арқылы салыстырып шешуге негіздейді. Прагматизм - гректің «прагма» - «іс-әрекет» деген сөзді білдіреді. Бұл философия XIX ғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда болған. Прагматизм - абстрактті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды. Ұғым тек субъектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылды. Парадигма -ғылым даму кезеңіндегі теоретикалық, методологиялық, құндылық қасиеттерінің жиынтығы. Бұл термин ғылымда америкалық ойшыл Т.Кун есімімен байланысты. Плюрализм - бірлікті жоққа шығарады, болмыс түрінің бірнеше тәуелсіздігін және сәйкес келмеуін мойындайды. Постиндустриалдьқ қоғам -қазіргі батыс әлеуметтануында және футурологиясында кеңінен тараған қоғамның жаңа кезеңі. Дүниежүзілік тарих кезеңіндегі әртүрлі технологияны алмастыратын әлеуметтік үдеудің негізіне қаланатын дамулар болып табылады. Постструктурализм - структурализмнің екінші толқыны, структурализмді сынаумен байланысты және оның алдыңғы шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. Постструктурализмнің өкілдері: Ж. Деррида, Ж. Делез, Ж. Бодрийар, Ж. Лиотар, Ю. Кристева, М. Фуко, т.б. Постструктурализмнің басты міндеттерінің бірі - логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі тіл билігін және билік тілін айқындау. Постмодернизм - дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. Пассионарлық (лат. құштарлық, сезімдік) - қимыл-қарекет, іс-әрекетті аңсаған құштарлық, жекелеген адамдарда да, топтарда да болуы мүмкін шектен тыс күш-қуатқа қабілеттілік Реформация - католицизмді реформалауды көздейтін XVI - XVIІ ғасырда пайда болған қозғалыс. Рационализм - (лат.т. «rationalis»-саналы, ratio-сана), сананы танымның және адамдардың мінез-құлқының негізі деп танитын философиялық бағыт. Софистика - дауласу және дәлелдеу кезінде қисынсыз пікірлерді, софизмді яғни сыртай ғана дұрыс болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану. Сяо -адамгершіліктің негізі, Конфуций іліміндегі үлкенді құрметтеу принципі. Оның мағынасы «ата-анаға ли ережесі арқылы қызмет ету, оларды ли ережесімен жерлеуде» жатыр. Софистика - гр.софистердің ілімімен п.б.көне Грециядағы ағым. Жалған сөздер мен аргументтерді қолдана отырып адамды сөз арқылы сендіру. Стоицизм — көне грек философиясының мектебі. Негізін салушы Зенон. Скептицизм — (гр.т. зерттеуші, қараушы) Пиррон негізін салған философиялық бағыт. Суфизм (гр.т. жүннен тоқылған шекпен)- исламдағы мистикалық-эстетикалық ілім. Негізін салған – Қ.Яссауи. Схоластика (schola - мектеп) - шынайы өмірден бас тарту,консерватизм, діни идеяларға толық бағыну. Секуляризация - қоғам мен жеке тұлғаның дін ықпалынан арылуы. Социалистік-утопистік (ХУ-ХУІІғ.ғ.) бағыт мемлекет пен қоғамды құрудың идеалды - қияли формаларын, тендестіру, жаппай реттеу және т.б. мәселелерді қарастырды. Субстанция - (лат. substantia— мазмұн, негізде жатқан нәрсе) — объективті шындық, оның қозғалысының барлық түрлерінің тұтастығы аспектісіндегі материя; сезімдік алуан түрлілікті және қасиеттердің өзгергіштігін салыстырмалы түрде тұрақты және дербес тіршілік ететін алуандылыққа сыйдыру мүмкіндігін беретін шегіне жеткен негіздеме. Сенсуализм - (фр.-sensualisme, лат. - sensus- қабылдау, сезім, сезіну), таным теориясындағы бағыт, оған сәйкес сезімділік ең анық танымның басты түрі болып табылады. Славянофильдік (XIX ғ. 40-50 ж.ж.) - Ресей мен өзге славян елдерінің дүниедегі ерекше орнын дәріптейтін, православие мен қауымдастық өмірді аңсайтын философиялық бағыт. Оның өкілдері - А.С. Хомяков, И.В. Киреевский, Ю.Ф. Самарин, А.Н. ағайынды К.С. мен И.С. Аксаковтар. Субстанция - жойылмайтын және жоқтан пайда болмайтын, болмыс формасын өзгертіп отыратын болмыс негізі. Сезім - адам сезім мүшелері арқылы алынатын ақпарат. Сезім шындықты бейнелеудің ерекше формасы. Ол адамдардың бір-біріне деген, сондай-ақ объективті дүниеге көзқарасын білдіреді. Таным - іс-әрекеттің адам мақсаттарымен ұмтылыстарының негізі болатын білімді қалыптастырушы, шығармашылық қызметтің қоғамдық тарихи процесі. Теоцентризм -құдай туралы ілім, философиялық зерттеудің негізгі мәні болып, құдай есептелінеді. Теология -(teos-құдай) - құдай туралы ілім. Трасценденттік - адамдардың санасынан тыс заттай түсінілетін біздің тәжірибеде шектен тыс барлығын түсінікті белгілеу. Толеранттылық (ағылш. tolerange - төзімділік, көнбістік) - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Т. адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Уақыт - материалдық объектілердің өмір сүруінің ұзақтығын, олардың күй - жағдайларының өзгеру ретін білдіреді. Философия -(гр.т.даналықтысүйемін) - әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Философия ой дамуы адамзат қоғамының кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты. Феноменология - (феномендер туралы ілім) натуралдық ережелерден есті босату. Цзюнь-цзы - «жоғарғы», «қайырымды ер», ол өзінің мінез-құлқымен әлемдегі теңдікті және peттіліктi ұстаушы. Оны «қайырымды ер» қылатын бес сапа болуы керек: жэнь, ли,сяо, и,чжи. Чжи - ақыл-ой, даналық, интеллект. Ол тар мағынасында «жоғарғы ердің» бас сапасының бipi. Кең мағынасында - ол адамды жануарлар әлемінен ажырататын қасиет. Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылыр алынады. Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс, әрі бағыт. Элей мектебі - көне Грециядағы философиялық мектеп. Негізін салған – Парменид пен Зенон. Эрос (гр.т.күшті) тілек, махаббат. Грек мифологиясындағы және поэзиясында махаббат құдайы. Эпикуреизм — көне грек және Рим философиясындағы материалистік бағыт. Негізін салушын Эпикур. Эвдемонизм — (гр.т.бақыт) өмірді түсіндіру антикалық принципі, кейін келе этикада моральді негіздеу принципі. «Бақыт адам өмірінің ең жоғары мақсаты» дегенге сай. Эйдос — көне грек термині, философиялық қолдануға дейін (Гомерден бастап) Сократқа дейінгелер, сыртқы түрі, бейне деп қолданған. Эманация -құдайдың әлемге әрдайым әсер етуі. Экзистенциализм (лат.т. «өмір сүру, тіршілік» деген мағынаны білдіреді) философиялық ағым ретінде XXғ. 20-жылдарында, ең алдымен, неміс жерінде, ал 40-жылдары француз жерінде пайда болған.Экзистенциализм адам өміріне қатысты көптеген мәселелерді қарастырады.
Студенттің білімін бақылауға арналған тест тапсырмалары 1. Рухты әлемнің негізі деп есептейтін философиялық бағыт: A) Дуализм B) Агностицизм C) Материализм D) Идеализм E) Эмпиризм
2.Қай философилық ілім дүниенің пайда болуының негізіне материалдық тұрғыдан қарайды? A) Идеализм B) Материализм С) Дуализм D) Пантеизм E) Деизм
3. Дүниенiң бiр ғана бастамасын мойындайтынын атап айтқанда материяны мойындайтын философиялық iлiм: А) Иррационализм В) Дуализм С) Идеологиялық монизм D) Материалистiк монизм Е) Сенсуализм
4.Философия – бұл дүниеге көзқарас формасы ретінде төмендегі қай ұғымға сүйенеді? А) Сезім мен елестеуге. В) Ақыл мен ойлауға. С) Жоғары табиғи күштерге сену. D) Эмоция мен түйсікке. Е) Сенім мен болжауға.
5. «Философия дегеніміз ғылымдардың түп негізі» деп анақтама берген ойшыл: А) Сократ B) Парменид C) Аристотель D) Протагор E) Зенон
6.Қандай философиялық бағыт адамға сақтанудың сегіз жолын көрсетеді? А) Даосизм B) Неокантшылдық C) Буддизм D) Экзистенциализм E) Жайнизм
7.Көне үнді философиясындағы орталық жазба ескерткіші: А) Упанишадтар В) Архамастра С) Араньяктар D) Ригведалар Е) Ведалар
8.Ежелгі Үнді философиясындағы қалыптасқан материалистік мектеп: А) Чарвака-локаята В) Йога С) Материализм D) Вайшешика Е) Санкхья
9.Ежелгі Үнді философиясындағы қайта туу мақсаты туралы ілім: А) Нирвана В) Сансара С) Карма D) Брахман Е) Атман
10.Үнді философиясында төрт түрлі ақиқат қай ілімге негізделген? А) Джайнизм. В) Буддизм. С) Санкхья D) Ньяя. Е) Йога
11.Пракрита мен пурушаны дүниенің алғашқы негізі деп есептейтін ағым: А) Чарвака В) Веданта С) Санкхья D) Ньяя Е) Йога
12. «Жол емес адамды кеңейтетiн, керiсiнше адам жолды кеңейтедi» деген пiкiрдi айтқан: А) Лао - цзы В) Конфуций С) Чжун - цзы D) Мао - цзы Е) Будда
13.Қоғамды «үлкен отбасы» ретінде қарастыратын ежелгі қытай философы: А) Лао-Цзы В) Кун-фу-Цзы С) Мао-Цзы D) Лао-Ди Е) Лао-Дань
14.Табиғатта болатын құбылыстардың барлығы табиғаттың заңымен болады деп айтқан: А) Конфуций В) Шань-Ян С) Лао-цзы D) Мэн- цзы Е) Сюнь-цзы
15.Қай антикалық философ дүниенің бастамасы, негізі от деп санады? А) Гераклит В) Фалес С) Аристотель D) Платон Е) Зенон
16.«Идеалды мемлекет» идеясының авторы болып саналатын философты атаңыз: А) Платон В) Гераклит С) Аристотель D) Парменид Е) Фалес
17.Платондағы идея мен заттың қатынасы: A) Идея – заттың бейнесі B) Зат – идеяның өзге болмысы, көшірмесі C) Идея – заттың жалпы ағымы D) Идея мен зат тең E) Идея мен зат қарама-қарсы
18. Логика ғылымының негiзiн салушы, Платон шәкiртi болған ежелгi грек философы: А) Пифагор В) Гераклит С) Эпикур D) Демокрит Е) Аристотель
19.«Адам – саяси жануар» деп есептеген: А) Демокрит В) Сократ С) Протагор D)Фалес Е) Аристотель
20.«Мемлекеттi философтар басқару керек» деп ойлаған: А) Пифагор В) Фалес С) Платон D) Сократ Е) Аристотель
21.«Өзіңді өзің таны» және «Менің білетінім, ештеңе білмейтінім», тезистері қай философқа тән: А) Аристотель. В) Кант. С) Платон. D) Сократ. Е) Гегель.
22.Болмысты өзгермейтін және қозғалмайтын барлығының бастауы деген бірінші философиялық концепцияның өкілі: А) Гераклит. В) Парменид. С) Зенон. D) Протагор. Е) Фалес.
23. Протогор ілімі төмендегі қай ұғыммен анықталады? А) Позитивизм В) Экзистенциализм С) Иррационализм D) Релятивизм Е) Натурализм
24. Антикалық дәуірде «софия» деген сөз қандай мағынаны білдіреді? А) Махаббатты В) Даналықты С) Әсемдікті D) Ғарышты Е) Логосты
25.Болмысты үздіксіз қалыптасатын, үнемі өзгеріп отыратын бастамасы деп есептейтін философ: А) Зенон В) Фалес С) Гераклит D) Анаксимен Е) Протагор
26.«Адам барлық заттың өлшемі» тезисін кім атады? А) Сократ В) Протагор С) Парменид D) Платон Е) Аристотель
27.Аристотель философияны қалай атады? А) Негізгі ғылым В) Даналықты сүю С) Метафизика D) Алғашқы философия Е) Табиғат туралы ілім
28. Протогор ілімі төмендегі қай ұғыммен анықталады? А) Позитивизм В) Экзистенциализм С) Иррационализм D) Релятивизм Е) Натурализм
29.Сократ ілімі бойынша “ақиқаттың тууы” әдісі қалай аталады? А) Майевтика В) Анамнезис С) Дедукция D) Бақылау Е) Эксперимент
30.Христиан теологиясында креационизм (құдай әлемдi ештеңеден жаратты) идеясының негiзiн салған: А) Аврелий Августин В) Фома Аквинский С) Ансельм Кентербирийский D) Пьер Абельяр Е) Уильям Оккам
31. Адам екi патшалықта дамиды – «Жер қаласы» мен «Құдай қаласы» - философиялық концепциясының авторы: А) Ф. Аквинский В) Аверроэс С) Боэций D) Августин Е) Абеляр
32. Орта ғасырдағы христиан философиясындағы жалпы ұғымдар немесе әмбебаптылықты нағыз шынайылық деп қарастырылатын iлiм: А) Реализм В) Номинализм С) Дуализм D) Материализм Е) Агностицизм
33. Ортағасырлар философтарының ішінде құдайдың бар екеніне бес дәлел келтірген кім? A) Августин B) Абеляр C) Альберт D) Аквинский E) Филон
34.Ортағасыр философиясындағы жекелік пен жалпылықтың бірлігі мәселесі қай бағыттар арқылы көрсетіледі? А) Номинализм, реализм В) Гуманизм, антропоцентризм С) Космоцентризм, теоцентризм D) Теологизм, реализм Е) Экзистенциализм, реализм.
35.Ортағасырлық философияның негізгі кезеңдері: А) Сын және сыншылдыққа дейінгі В) Патристика және схоластика С) Славянофильдік және батысшылдық D) Материализм және идеализм Е) Диалектика және метафизика
36.Құдай мәнінің үштік сипаты қай тарихи философиялық кезеңге жатады? А) Антикалық философия В) Ежелгі шығыс философия С) Ортағасырлық философия D) Қайта үрлеу философия Е) Жаңа дәуір философия
37.Номиналистер мен реалистер арасындағы дау қандай мәселе жөнінде болды? А) Ойлау заңы В) Универслийлер С) Дамудың күзі Д) Адам мәні Е) Тексті түсіндіру
38.Ортағасырдағы түрік ойшылдарының қайсысы бір Аллаға деген тазалықтан туған сезімге сүйеніп, дүние қызығынан бас тартты? А) Әл – Фараби В) Әл – Хорезми С) Омар Хайям D) Ахмет Яссауи Е) Ибн – Сина
39.Жердің айналуы туралы ілімді тұжырымдаған мұсылмандық шығыс философы: А) Әл – Фараби В) Әл – Бируни
40. Ибн Рушд бойынша “қос ақиқат” теориясы: A) Теология және алхимия B) Аксиология және гносеология C) Философия және дін D) Өнер және поэзия E) Этика және эстетика
41. Араб-мұсылман философиясында “жетілген адам“ ұғымын енгізген ойшыл: А) Әл-Кинди В) Ибн-Араби С) Ибн-Рунд D) Әл-Фараби Е) Ибн-Бируни
42.Антикалық философиядан Әл-Фараби қабылдаған маңызды дәстүрдің бірі: А) Мистицизм В) Перипатетизм С) Гилозоизм D) Материализм Е) Иделизм
43.Әл-Фараби ғылымды классификациялағанда төмендегі қай бөлімді атап көрсетті? А) Физика, философия, медицина В) Математика, физика, логика, биология, социоллогия С) Тілдер туралы ғылым, математика, физика, логика,метафизика D) Физика, метафизика, теология Е) Рух туралы ғылым
44.Жаңа астрономиялық жүйенің негізін салушы: А) Т.Кампанелла. В) Н.Коперник. С) И.Кант. D) А.Августин. Е) Телезио.
45.Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасын беріңіз: А) Микрокосм В) Қоғамдық жануар С) Құдай жаратқан жәндік D) Ең басты құндылық Е) Ойлаушы субъект
46.Гелиоорталықтық жүйені жасаған: A) Николай Коперник B) Николай Кузанский C) Джордано Бруно D) Галилео Галилей E) Тихо Браге
47.Қайта Өрлеудің әлеуметтік утопиясының авторлары: A) Макиавелли, Монтескье B) Коперник, Галилей C) Кузанский, Бруно D) Мор, Кампанелла E) Помпонаци, Мирандолла
48.Р. Декарт бойынша интеллектуалдық интуиция неден басталады? A) Күмәнданудан B) Тәжірибеден C) Бақылаудан D) Табиғатқа бет бұрудан E) Құдайды жоққа шығарудан
49.Адам санасы «таза тақта» деп санаған философ: А) Лейбниц В) Локк С) Юм D) Гоббс Е) Беркли
50.«Тартылыс пен ойлауды» бір-біріне қарама-қарсы өзіндік екі субстанция ретінде қарастыратын философ: А) Ф.Бэкон В) Платон С) Р.Декарт D) Н.Кузанский Е) Б.Спиноза
51.Т.Гоббс ілімінше, қоғамның, «табиғи жағдайына» сәйкес принцип: А) Өзара ұғым принципі В) Өзара махаббат принципі С) Өзара аралық махаббат принципі D) Өзара жеккөру принципі Е) «Адамға адам қасқыр» принципі
52.«Сенімде болмаған, ақылға қонымсыз» сенсуализм формуласына Лейбниц қандай өзгеріс енгізді? А) Идеядан басқа В) Аналогиядан басқа С) Құдайдан басқа D) Зерденің өзінен басқа Е) Махаббаттан басқа
53.«Білім – күш», - деп тұжырымдаған... А) Ф.Бэкон В) Паскаль С) Р.Бэкон D) Спиноза Е) Декарт
54.Экспериментальды ғылымның «әкесi» кiм болып табылады? А) Лейбниц В) Локк С) Декарт D) Спиноза Е) Бэкон
55.Адасушылыққа әкелетін төрт түрлі елесті (адамның жеке басына тән елес, үңгір елесі, базар елесі, театр елесі) қарастырған ойшыл: А) Лейбниц В) Гоббс С) Декарт D) Мор Е) Бэкон
56.Жаңаевропалық рационализмнің негізін салушы: А) Лейбниц В) Локк С) Декарт D) Спиноза Е) Бэкон
57.И. Канттың шығармашылық екі кезеңі: А) Логикалық және диалектикалық В) Метафизикалық және онтологиялық С) Сыншылдыққа дейін және сыншылдық D) Метафизикалық және герменевтикалық
Дата добавления: 2014-11-20; Просмотров: 1620; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |