Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 2 страница




υу = м3/т (10)

 

мұндағы – n жүк орындарының жалпы көлемі, м3; – n жүк орындарының жалпы брутто салмағы, т.

 

Саңылаулар болуы салдарынан ыдысқа салынатын және дара жүктер штабелінің көлемі жекелеген жүк орындарының көлемінен асып түседі. Штабель көлемінің үстелуі қалау коэффициентімен анықталады – kқал:

 

Kқ = (11)

 

мұндағы Vшт – штабельдің өлшенгендегі сыртқы көлемі, м3.

 

(1.10) және (1.11) формулаларын ескерсек, штабельдің таза көлемі мына формула бойынша есептеп шығарылады:

 

υшт = = kук·υу м3/т (12)

 

Қалау коэффициенті жекелеген жүк орындарының мөлшері мен пішініне, оларды қалау тәсілі мен тығыздығына байланысты болып келеді.

Таза тиеу көлемі орташа есеппен алғанда, жүктің бір тоннасы жылжымалы құрамның қай көлемін алып отырғанын көрсетеді:

 

υуп = м3/т (13)

 

мұндағы Vгр – вагонның жүк салынған көлемі, м3; Q – вагондағы жүктің салмағы, т.

 

Вагонның жүк салынған көлемінде жекелеген жүк орындарының арасындағы және жүк пен жылжымалы құрамның ішкі қабырғасының арасындағы бос орындар есепке алынады. Жүкті вагонда орналастыру сапасын толтыру коэффициенті көмегімен бағалауға болады:

 

kз = (14)

 

Нақты бір жылжымалы құрамға арналған нақты жүктің толтыру коэффициентін және жүктің таза салмағын білсек, оның таза тиеу көлемін анықтау оңай болады:

 

Vуп = kз Vу м3/т (15)

 

Жүктің салмағы жүктің санын сипаттайды және ол стандарт бойынша, өлшеу жолымен және есептеу жолымен салмақ өлшеу арқылы анықталады.

t ˚С температурасындағы сұйықтықтардың салмағы мына формуламен анықталады:

 

Q = Vt ρt т (16)

 

мұндағы Vt – t ˚С температурасындағы сұйық жүктің көлемі, м3.

 

(1.16) формуласын үйінді және ақтарылма жүктер үшін де қолдануға болады, алайда бұл орайда өнімнің температурасын ескермеуге болады. Жүктің салмағын анықтау дәлдігі көбінесе оның көлемін дұрыс анықтауға тікелей байланысты болып табылады.

Жүкті жылжымалы құрам шанағы шегінде орналастырған жағдайда оның көлемін мына формуланы қолдана отырып жеткілікті дәрежеде нақты анықтауға болады:

 

Vгр = S H м3 (17)

 

мұндағы S – вагон еденінің ауданы, м2; Н – тиеу биіктігі, м.

 

Егер жүк вагон жиегінен жоғары тиелген болса, оның көлемі мына формуламен анықталады:

 

Vгр = Vк + Vш м3 (18)

 

мұндағы Vк – жүктің вагон шанағы шегіндегі көлемі, м3; Vш – жүктің жиектен «артық» көлемі, м3.

 

Vк = S Hк м3 (19)

 

мұндағы Нк – вагон жиектерінің ішкі биіктігі, м;

 

Вагон жиегінен жоғары салынған «артық» жүктің қимасы үшбұрышты немесе трапеция тәріздес пішінді болады.

Жүктің «артық» биіктігінің үшбұрышты қимасының барынша мүмкін биіктігін мына формуламен анықтауға болады:

 

Hmax = ·tg α м (20)

 

мұндағы В – вагон шанағының ішкі ені, м; α – жүктің қозғалыс кезіндегі табиғи еңіс бұрышы. Ол 1.1-кестесінің деректері бойынша қабылданады.

 

Қимасы үшбұрышты жүктің «артық» көлемі мынаған тең болады:

 

Vш = м3 (21)

 

мұндағы Нш – жүк «артығы» қимасының биіктігі, м; L – вагон шанағының ішкі ұзындығы, м; β – түзету коэффициенті. Ол Нш = 700 - 950мм болған жағдайда 1,05 тең деп қабылданады, ал Нш > 950мм болған жағдайда 1,08 тең деп қабылданады.

 

Трапеция тәріздес қималы жүктің «артығының» көлемін үшбұрышты қималы жүктің «артығы» көлемі мен оның алынған жоғарғы жағының айырмасы ретінде жеткілікті дәрежеде нақты анықтауға болады:

 

Vш = м3 (22)

 

мұндағы B – жүк «артығының» трапеция тәріздес қимасының жоғарғы жағының ұзындығы, м; h – жүктің алынған «артығы» қимасының биіктігі, м;

 

h = Hmax – hтр м (23)

 

мұндағы hтр – жүк «артығы» трапеция тәріздес қимасының биіктігі, м.

 

Платформаға тиелген ақтарылма жүктердің «артығының» көлемін анықтау үшін мына формула қолданылады:

 

Vш = Hmax B L – H2max ctg α (B + L) + 1,3 H3max ctg α м3 (24)

 

Үйінді және ақтарылма жүктердің салмағына олардың ылғалдығы көп әсер етеді. Ылғалдығы өзгергенде, жүктің салмағы да өзгереді. Өзгерген жағдайдағы жүктің салмағын мына формула бойынша түзетуге болады:

 

Qк = Qн· т (25)

 

мұндағы Qк, Qн – тиісінше жүктің бастапқы және ақырғы жағдайлардағы салмағы, т; Wк, Wн – жүктің бастапқы және ақырғы жағдайлардағы ылғалдығы, %.

 

Құылмалы жүктердің көлемі құйылған сұйықтық цистерналардың калибрлеу кестелері бойынша өлшенгеннен соң анықталады. Штабельдеп жиналған кейбір жүктердің жалпы көлемі жекелеген жүк орындарының – бөренелердің, діңгектердің, тақталардың т.с.с. көлемдерінің жалпы көлемі ретінде анықталады. Ағаш жүк пен отынның салмағын жүк жөнелтуші шартты түрде анықтайды.

 

3. Жүктердің сапасын бағалау

Сапа дегеніміз – жүктің өнімді мақсатты арналымы бойынша пайдалануға жарамдылығы дәрежесін айқындайтын қасиеттерінің жиынтығы. Әртүрлі материалдардың сапалық көрсеткіштері стандарттық және техникалық шарттарда белгіленеді. Жүктердің қасиеттерін зерттеп, сапасын анықтау үшін, тәжірибе жүзінде үш әдіс қолданыс тапқан, олар: органолептикалық, зертханалық және заттай зерттеу әдістері.

Органолептикалық әдісте адамның сезім мүшелерінің көмегімен, яғни көзбен көріп, сезу, дәмін сезу және есту арқылы ғана жүктің сапалық қасиеттерін айқындау көзделеді. Бұл жүктің немесе оның ыдысының сыртқы көрінісін бағалап, сондай-ақ, оның гранулометриялық құрамын, түр-түсін, қаттылығын, икемділігін, бұжырлығын, ластануын, зиянкестермен зақымдалуын, бөгде иістердің бар-жоғын және өнімнің тағы басқа да сапалық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді. Органолептикалық әдісті қолдануда бақылау үшін барынша ұтымды жағдай жасау көзделеді, атап айтқанда: күндізгі жарық, өнімнің белгілі бір температурасы, өнімнің әрбір сұрпының үлгілерінің болуы тиіс.

Жүк сапасын бағалаудың бұл әдісінің келесі артықшылықтары бар: оның кеңінен қолдану мүмкіндігі, орындау қарапайымдылығы, зерттеу кезінде өнімнің қосымша шығынын қажет етпейтіндігі. Ал оның кемшіліктеріне бағалаудың субъективтілігін және жүк қасиеттерінің сандық сипаттамасын беруге мүмкіндігі жоқтығын жатқызуға болады.

Зертханалық зерттеу өткізу үшін әрбір партиядан сынама алынады. Сынамаларды алу мен сақтау МемСТ талаптарына сай жүргізіледі. Содан соң әртүрлі аспаптар мен реактивтер көмегімен жүк сынамаларын зерттеу жүргізіледі.

Жүктерді зертханалық зерттеудің келесі түрлері болады:

– физикалық зерттеу – өнімнің тығыздығын, ылғалдығын, табиғи еңіс бұрышын, тұтқырлығын, от алу және тұтану, мұздану температурасын және тағы басқа механикалық қасиеттерін анықтау үшін қолданылады;

– механикалық зерттеу – өнімнің серпімділігін, созылымдығын, ауытқытуға, бұрауға кедергісін, оның төзімділік және өзге де механикалық қасиеттерін анықтау үшін қолданылады;

– оптикалық – микроскоптар көмегімен заттардың табиғаты мен ішкі құрылысын зерттеу үшін қолданылады;

– химиялық – заттың химиялық құрамын анықтап, оның әртүрлі орталардағы белсенділігін зерттеу үшін қолданылады;

– биологиялық – өнімнің құрамында оның бүлінуін туғызатын тірі ағзалардың бар-жоғын тексеру үшін қолданылады.

Көлік жұмыскерлеріне қажетті болатын жүктердің зертханалық зерттеулері нәтижелері олардың төлқұжаттарында, сапа туралы куәліктерінде, малдәрігерлік куәліктерде, сертификаттарда және өзге де құжаттарда келтіріледі.

Заттай зерттеу әдісі өндірістік жағдайда өнімнің немесе оның ыдысы мен орамының сыртқы жай-күйін тексеру үшін және оның көлем-салмақ көрсеткіштерін, сондай-ақ, температурасын, ылғалдығын, табиғи еңіс бұрышын т.с.с. анықтау үшін қолданылады. Бұл әдісте адамның сезім мүшелерімен қатар ұзындық өлшеуішті, бұрыш өлшеуішті, таразыларды, термометрлер мен барометрлерді және басқа да құрал-аспаптарды қолдану көзделеді.

Дәріс 3

 

ЫДЫС ЖӘНЕ ОРАМА. ТАҢБАЛАУ

Жоспар:

1. Ыдыстар мен орамалардың тағайындалуы және жіктелуі. Ыдыстың және ыдыс материалдардың құрылымы, түрлері, тағайындалуы. Жүктерді таңбалау.

2. Көпайналымды ыдыс және оларды қолдану өрістері. Көпайналымды ыдыстың жіктелуі. Қайтару ыдыс. Көпайналымды және қайтару ыдыстың қолдану жөнділігі.

3. Көліктік ыдысты стандарттау және унификациялау. Ыдысты жасау үшін нормативті-техникалық құжаттау. Көліктік ыдысты халықаралық және республика аралық стандарттау және унификациялау. Көліктік ыдысты унификациялау модульді принципі.

Ыдыстар мен орамдардың арналымы мен жіктелуі

Тасымалданатын жүктердің сақталымдығын қамтамасыз етуде ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындау көзделеді, және де бұл орайда ыдыс пен орамды дұрыс таңдаудың мәні зор.

Жүктер мен қоршаған ортаны зақымданудан, бүлінуден, ластанудан қорғауды қамтамасыз ететін және өнімді өткізу процесін оңайлататын техникалық құралдар орам деп аталады. Орамның құрамдас бөлшектері:

– ыдыс – өнімді орналастыруға арналған арнаулы бұйым;

– өнімді қоршаған ортаның агрессиялық факторларынан оқшаулауға арналған орамдау материалдары;

– ұзақ уақыт бойы сақтау кезінде өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін әртүрлі консервілеу құралдары.

Арнайы қасиеттеріне және айналым кезінде қорғау қажеттілігіне қарай жүктерді тасымалдауға мына аталған түрде береді:

– барлық немесе жекелеген элементтерін қолдана отырып, орамға салып;

– жекелеген тораптары мен бөлшектерін жартылай қорғай отырып; жартылай қорғауды консервілейтін майлар, лактарды жағу немесе ингибирленген қағаздың көмегімен, артынан су өткізбейтін материалдармен орап, ағаш қалқандар мен шатырлар жасап немесе ағашпен қоршап жүзеге асыруға болады;

– орамсыз – сол жүк түріне арналған жылжымалы құрамға үйіп, төгіп салып немесе құйып.

Орам қолданыстағы стандарттарға немесе тараптардың (жүк жөнелтуші мен жүк қабылдаушының) белгіленген тәртіппен ресімделген келісіміне сәйкес келуі тиіс. Стандарттар белгіленбеген және келісім жасалмаған жүктердің орамы тасымалданатын өнімнің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс және жарамды болуы тиіс.

Ыдыс пен орамның стандарттарын сақтау міндеті жүк жөнелтушіге жүктеледі. Алайда станцияның жалпы пайдалану орындарында қабылдау кезінде темір жол ұсынылған тасымалдау ыдысының қолданыстағы стандарттарға сәйкестігін тексере алады. Ыдыс қолданыстағы стандарттарға сай келмеген және жүктің тасымалдау кезінде сақталуын қамтамасыз етпеген жағдайларда темір жол жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда бас тартудың негізгі себебі ыдыстың жеткілікті сенімді болмауы болады.

Ыдыстардың келесі түрлері болады: тұтынушылық, топтық, көліктік.

Тұтынушылық ыдыстар бұйымдар мен тауарларды тұтынушыға ыңғайлы көлеммен және салмақпен бастапқы орамдауға арналған. Бұл ыдыс тауармен бірге тұтынушының меншігіне, ал оның құны тауардың құнына қосылады. Тұтынушылық ыдыстарға: шөлмектер, құтылар, тубалар, банкалар, бумалар, пакеттер, қораптар т.с.с. жатады. Тұтынушылық дыыстың материалы өнімнің сақталу кезінде барынша сақталуы шартына жауап беруі тиіс.

Топтық ыдыс әсіресе алдын ала тұтынушылық орамға оралған немесе оралмаған ұсақ дара бұйымдардың партияларын жиынтықтау мен ірілеуге арналған. Топтық ыдыс кейде тауарларды сыртқы агрессиялық факторлар әсерінен қорғау қызметін атқарады, ал кейде амортизациялау қасиетін иеленеді. Ондай ыдыстарға қораптар, қаптамалар, қаптар, картон жәшіктер т.с.с. жатады.

Көліктік ыдыстар дербес көлік бірлігін немесе іріленген көліктік бірлік бөлшегін құрайды. Ол алдын ала тұтынушылық, топтық адасқа салынып оралған немесе бастапқы орамы жоқ тауарлар мен бұйымдарды орамдауға арналған.

Пішініне қарай көліктік ыдыстардың келесі түрлері болады: жәшіктер, күбілер, барабандар, флягтер, канистрлар, баллондар, қаптар. Әрбір ыдыс түрі жасалған материалына және құрылысына қарай әртүрлі типтерге жіктеледі. Ыдыстарды жасауға арналған материалдар ретінде ағаш, картон, қағаз, металл, мата, полимерлер және осы аталған материалдардың әртүрлі үйлесімдері қолданылады.

Механикалық жүктемелерді көтеру қабілеті бойынша ыдыстардың келесі типтері болады:

– қатты, яғни жүк салынған және бос күйінде тасымалдау мен сақтау кезінде өз пішінін сақтайтын; ыдыстың бұл түрінің механикалық беріктігі зор болады;

– жартылай қатты, яғни шағын механикалық әсерлер тиген жағдайда өзінің бастапқы пішінін сақтай алатын ыдыстар, бұл орайда жүктеменің бір бөлігін жүктің өзі көтереді;

– жұмсақ, яғни толтыру дәрежесіне қарай әртүрлі пішінге енетін ыдыстар; жұмсақ ыдыстардың негізгі арналымы – көбінесе сусымалы және талшықты материалдарды сақтау және тасымалдау; ол аз орын алады, оның өз салмағы кем болады және қолдануға қолайлы болып келеді.

Құрылысына қарай ыдыстар мына түрлерге бөлінеді:

– жиналмайтын жабық немесе ашық

– жиылмалы, ондай ыдыстардың жекелеген қалқандары мен бөлшектері бір-бірінен оңай ажырап, жеткізушіге қайтарып беру үшін ықшамды бумаларға жиналады; бұл ыдысты бос түрінде тасымалдау шығынын едәуір кемітеді;

– бүктемелі, бұл орайда ыдыстың барлық қалқандары (қабырғалары) бір-біріне топса арқылы жалғастырылып, оңай бүктеледі; бұл құрылғы ыдысты жинақтау мен ажыратуға шығындалатын еңбек қорын едәуір үнемдеу мүмкіндігін береді; бос ыдыс бүктелген күйі қайтарылады, бұл ыдыс бөлшектерін ажыраудан сақтауға мүмкіндік береді әрі тасымалдауға жұмсалатын көлік шығынын төмендетеді.

Пайдалану ерекшелігіне қарай көліктік ыдыс келесі түрлерге жіктеледі:

– біржолғы ыдыс, ол бір рет қана пайдалануға арналған; оны ұтымды пайдалану саласы – өнімді жетуі қиын таулы аймақтарға, ұзақ сақтау базаларына жеткізу, сондай-ақ, ол өнім жеткізушілері мен тұтынушылары арасында тұрақты байланыс болмаған жағдайларда қолданылады;

– қайтармалы ыдыс дегеніміз – шамалы жөндеуден соң немесе жөндеусіз қайта пайдаланылатын біржолғы ыдыс;

– көп рет қолдануға арналған көпайналымды ыдыс.

Көліктік ыдыс типін таңдау жүктердің физика-химиялық қасиеттерімен, оларды тасымалдау жағдайларымен, климат факторларымен және экономикалық тиімділікпен айқындалады. Бұл орайда көліктік ыдысқа келесі талаптар қойылады:

– құрылғы жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде, тасымалдау және қоймада сақтау кезінде жүктің сақталуын қамтамасыз ететіндей берік әрі сенімді болуы тиіс;

– жүк операцияларын жүк тиеу-түсіру жұмыстарын механикалындыру және автоматтандыру құралдары көмегімен орындау мүмкіндігі;

– жылжымалы құрамның, контейнерлер мен стандартты астаулардың жүк көтерімділігі мен сыйымдылығын барынша пайдалану;

– жасаудың қарапайымдылығы және төмен бағасы;

– жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау, ыдысты ашу, бұйымдарды орамдау және орамын ашу кезінде күзет жағдайын қамтамасыз ету.

Ыдыстың әзірленген құрылғысының сапасы мен үнемділігін ыдыстың өз салмағын, көлемін, құнын және материалсыйымдылығын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі арқылы бағалауға болады.

Берілген беріктік пен сенімділік жағдайында ыдыстың өз салмағы барынша кем болуы тиіс. Ыдыстың өзіндік салмағын бағалау үшін ксм салыстырмалы салмақ коэффициенті қолданылады, ол ыдыстың абсолютті салмағының сол ыдысқа салынған (немесе құйылған) жүктің салмағына және оның ішкі көлеміне ара қатынасы ретінде анықталады:

 

км = (26)

 

ксм = (27)

 

мұндағы qт – ыдыстың абсолютті салмағы, кг; qгр – жүктің таза (нетто) салмағы, кг; V – ыдыстың ішкі көлемі, м3.

Осы аталған коэффициенттер неғұрлым кем болған сайын, ыдыстың құрылғысы соғұрлым жетілген болып саналады. Жылжымалы құрамның, котейнердің, қойманың жүк орналастырылатын жайының сыйымдылығын барынша толық пайдалану үшін, ыдыстың өз көлемі барынша кем кеңістік алып жатуын қамтамасыз ету керек. Ыдыс құрылғысының оның өз көлемі тұрғысынан тиімді болуы ккөл пайдалы көлем коэффициентімен сипатталады, ол бірлікке жақын болуы тиіс:

 

ккөл = (28)

 

мұндағы Vв – ыдыстың сыртқы көлемі, м3.

 

Жиылмалы және бүктемелі ыдыстың құрылысын кбүк коэффициенті көмегімен бағалауға болады, ол бүктелген ыдыс көлемінің жұмыс кезіндегі ыдыс көлемінің қандай бөлшегін құрайтынын көрсетеді:

 

кск = (29)

 

мұндағы Vсл – ыдыстың жиылып, бүктелген күйіндегі көлемі, м3.

 

Ыдыстың сыртқы көрсеткіштері астаудың көрсеткіштеріне барынша сай келуі тиіс, бұл әсіресе жылжымалы құрамның сыйымдылығы мен жүк көтерімділігін бумаларды тасымалдау кезінде барынша пайдалану үшін маңызды болып табылады. Астаудың көлемін пайдалану толықтығы кбум бумалау коэффициентімен анықталады:

 

кпак = (30)

 

мұндағы Fт – астаудың ыдыс қойылған алаңы, м2; Fпод – астаудың толық ауданы, м2.

 

Көлік ыдысының экономикалық тиімділігін бағалау үшін құн көрсеткіштерінің маңызы да аса зор. Оларға өнім бірлігіне келетін ыдыс құны Қбір және жалпылама көрсеткіш – өнім құнының бір теңгесіне келетін Қы ыдыс құны жатады.

 

Қбір = тг (31)

 

Қы = тг (32)

мұндағы Су – ыдыс құны, теңге; Nсл – ыдыстың қызмет ету мерзімінде жасайтын айналымдары саны; Сгр – бір ыдыс бірлігінде орналастырылған жүктің құны, тг.

 

Көлік ыдысын жасауға жұмсалатын материал шығыны Мсал салыстырмалы материалсыйымдылық коэффициентімен сипатталады:

 

Mсал = (33)

 

мұндағы Нт – бір ыдыс бірлігін жасауға жұмсалатын материал шығыны, м3, см2, кг.

 

Келтірілген көрсеткіштер көлік ыдыстарының жекелеген түрлерінің құрылысы сапасын бағалау үшін және ыдыстардың ілгерінді түрлерін енгізу тиімділігін анықтау жөніндегі техника-экономикалық есептеу жүргізу үшін қолданылады.

 

Ыдыстар мен ыдыс жасалған материалдардың құрылымы

Ыдыстар мен ыдыс материалдарын өндіру мен тұтынудың қазіргі жағдайын талдау көрсеткендей, ыдыстың құны оған салынған жүктің құнына ара қатынаста алғанда, азық-түлік өнімдері мен парфюмериялық тауарлар үшін 10-15%-ды, ал машина жасау өндірісінің бұйымдары үшін 3%-ға жуықты құрайды екен.

Ыдыс жасау материалдарын тұтыну құрыымында қазіргі кезде ағаштар тобы басым болып келеді, ал осы аталған топтың ішінде негізгі орынды қайта пайдаланылуы қанағаттанарлықсыз болуы салдарынан тиімділігі аз ағаш тақтайшалар иеленеді. Біздің елімізде көлік ыдыстарын өндіруге жұмсалатын материалдар ішінде 50%-ға жуығын ағаш ыдыстар мен орамдар алады. Салыстыру үшін олардың АҚШ-та 4%-ды, ал Финляндияда бар-жоғы 1,5%-ды құрайтынын атап өткен жөн. Шет елдерде ыдыс жасайтын материалдар ретінде негізінен ыдысқа арналған картон (50%-ға жуығы) және полимер материалдары (35%-ға жуығы) қолданылады.

Мына аталған шараларды қолдану нәтижесінде ыдыс материалдарын өндіру мен тұтыну құрылымын жақсартып, көлік ыдыстарының материалсыйымдылығы мен құнын төмендетуге болады:

– ыдыссыз тасымалдау көлемін ұлғайту;

– көпайналымды және қайтарымды ыдыстарды пайдалану салаларын кеңе йту;

– полимер материалдарды, ыдысқа арналған картонды, сондай-ақ, ағаш ыдыстардың жетілдірілген құрылғыларын пайдалану;

– ыдыстарды біркелкілендіру және стандарттау негізінде материалдарды дұрыс жоспарлау және нормалау.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 953; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.085 сек.