КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 3 страница
Ыдыс материалдарын үнемдеудің ең ірі қоры жүктерді ыдыссыз тасымалдау болып табылады. Оларға арнаулы жылжымалы құраммен, әмбебап және арнаулы контейнерлермен, жәшікті астаулармен тасымалдау, полимер жабындарды пайдаланып, аласа астауларға бумалап салып тасымалдау жатады. Ыдыссыз тасымалдаудың экономикалық мақсатқа сәйкестігі әдістемесі техникалық әдебиеттерде жеткілікті жақсы сипатталған техника-экономикалық есептеулермен негізделеді. Көпайналымды ыдыстар және оларды пайдалану салалары Көпайналымды ыдыстар ыдыстардың ең ілгерінді әрі үнемді түрі болып табылады. Оны қолдану материалдардың және жүкті тасымалдау мен сақтауға жұмсалатын еңбек қорының шығынын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Көпайналымды ыдыстың экономикалық артықшылығы оның пайдалану жағдайларымен және бірінші кезекте жылдық айналымдар санымен айқындалады. Тәжірибе көрсеткендей, көпайналымды ыдыстар жылдық айналымдар саны 5 және одан астам болатын көптеген өнім түрлері үшін біржолғы ыдыстармен салыстырғанда, айтарлықтай үнем береді. Көпайналымды ыдысты ұтымды пайдалану салалары: көпшілік тұтынатын өнімді қала ішіндегі және облыс ішіндегі тасымалдар, сонымен қатар өнімді жеткізушілер мен оны тұтынушылар арасындағы тұрақты кооперацияланған немесе шаруашылық байланыстар шегіндегі тасымалдар. Ондай байланыстар болмаған жағдайда, көпайналымды ыдысты жеткізу көлемі аса үлкен болған жағдайларда ғана, яғни жүкпен бірге жеткізілген ыдыстың саны жиюлы немесе бүктеулі күйінде ыдысты жөнелтушіге қайта жөнелту кезінде жиынтықтау үшін жеткілікті болған жағдайларда қолдануға болады. Көпайналымды ыдысты жасау үшін ағаш, металдар, полимерлер т.с.с. материалдар қолданылады. Қазіргі кезде жиылмалы және бүктемелі жәшіктер және арнаулы жәшікті астаушалар түріндегі көпайналымды ағаш ыдыстар кеңінен қолданыс тапқан. Бұл ыдыс пайдалануға қолайлы және оның өзіндік салмағы шағын болып келеді (15-20%). Машина жасауда әдетте арнаулы және стандартты жәшікті астаулар түріндегі көпайналымды металл ыдыстар қолданылады, олар зауыт ішіндегі тасымалда және қоймаларда қатарлап сақтауда жақсы қолданылады. Сонымен қатар көпайналымды металл ыдыстар жекелеген кәсіпорындар арасындағы кооперацияланған байланыстар бойынша жүк тасымалдауда қолданылады. Бұл ыдыс түрі жоғары төзімділігімен, сенімділігімен және ұзақ мерзім қолдануға болатындығымен ерекшеленеді. Қазіргі кезеңде әсіресе азық-түлік өнімдерін тасымалдау үшін көпайналымды қатты полимер ыдыстар кең қолданыс табуда. Бұл ыдыс түрінің жетістіктеріне олардың өзіндік салмағының кем болуын (2-3%-ға дейін), сондай-ақ, қайталап пайдалану кезінде оған санитариялық тазалық жүргізудің қолайлылығы мен қарапайымдылығын жатқызуға болады. Көпайналымды ыдыстарды пайдаланудың мақсатқа сәйкестігі және жүктерді осы ыдыс түріне салып тасымалдаудың ұтымды қашықтықтары бос ыдысты қайтаруға жұмсалатын рауалы көлік шығындары негізінде анықталады. ΔС рауалы көлік шығындары шамасы жаңа біржолғы ыдысты жасау құны мен көпайналымды ыдысты жасаудың бір айналымға келетін құнының айырмасы ретінде анықталады, бұл орайда жөндеуге жұмсалатын шығындар есепке алынады:
ΔС = Ср – тг (34)
мұндағы Ср, Смн – тиісінше біржолғы және көпайналымды ыдысты жасау құны, тг.; αо – біржолғы және көпайналымды ыдыстардың көлемдерінің ара қатынасына тең түзету коэффициенті; β – көпайналымды ыдысты бір айналымнан кейін жөндеуге жұмсалатын шығынның өсуін есепке алу коэффициенті.
Сонымен, егер ΔС≤0, онда көпайналымды ыдысты пайдалану мақсатқа сәйкес келмейді. Ал ΔС>0 болған жағдайда жүктерді көпайналымды ыдысқа салып тасымалдаудың экономикалық негізделген қашықтығын анықтау мәселесі туындайды. Бұл проблема ΔСайн бос ыдыстар партиясын тасымалдауға жұмсалатын жалпы рауалы көлік шығындары және қолданыстағы тасымал түріне қолданылатын тарифтер негізінде шешіледі. Бұл орайда партиядағы (жөнелтімдегі) бос ыдыстар бірлігінің жалпы саны жылжымалы құрамның сыйымдылығына байланысты болып келеді. Бос ыдыстар партиясын тасымалдауға жұмсалатын жалпы рауалы көлік шығынын мына ара қатынасқа негізделіп анықтауға болады:
ΔСайн = ΔС Mж тг (35)
мұндағы Mт – жөнелтімдегі ыдыстар бірлігінің саны.
Ыдыс материалдарын үнемдеудің едәуір қоры пайдаланылған, бірақ жүктің сақталымдығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті төзімді біржолғы ыдыстарды қайта пайдалану болып табылады. Қайтарымды ыдыстарға ағаш және фанера, жұқа бүйірлі картон көлік ыдысының көптеген типтері жатады. Ағаш жәшіктердің көптеген типтерін айтарлықтай жөндеусіз 2-3 рет пайдалануға болады. Алайда ағаш ыдыстардың бірқатары тасымалдау кезінде зақымдалатындықтан, оны қайта пайдалану үшін жөндеу немесе басқа өлшемді ыдыс етіп қайта өңдеу (қайта жасау) қажет болады. Көпайналымды және қайтарымды ыдыстарды тиімді пайдаланудың негізгі шарттары мүдделі тараптардың айқын өзара әрекеттестігі, ыдыстардың айналымдығы нормативтерін қатаң орындау, бақылау мен есепке алуды жақсы ұйымдастыру болып табылады. Көлік ыдыстарын қайта пайдалануды әрі қарай жақсарту үшін, ыдыстарды қайта өңдеу мен жөндеу қуаттарын өсіру қажет. Келешекте орамдалатын өнімдердің саны көбейсе және бос ыдысты қайтаруды ұйымдастыру жұмысы жақсы жолға қойылса, оны қайта пайдалану көлемі өсе түседі, ал қайтарымды және көпайналымды ыдыстардың қызметі бір-біріне барынша жақындамақ. Ілгерінді ыдыс материалдары және құрылғылары Материалдық қорды үнемдеу тұрғысынан ағаш материалдары тобының ішінде ең қолайлы ыдыс жасайтын материалдар: жұқа бүйірлі тақтайшалар, фанера, картон, ағаш талшықты тақталар, сондай-ақ, әртүрлі материалдар үйлесімдігі болып табылады. Қалыңдығы 4-5мм-лік жұқа бүйірлі тақтайшалар жиылмайтын немесе жиылмалы-құрастырмалы құрылғылы біржолғы ыдысты жасау үшін қолданылады. Тігілген немесе сыммен арматураланған жұқа бүйірлі ыдыстардың артықшылығы олардың шағын салмағы, беріктігі және жоғары ылғалдыққа төзімділігі болып табылады. Сондықтан оны барынша тиімді қолдану аясы жеміс-көкөніс өнімдерін үлкен қашықтықтарға тасымалдау болып табылады. Ондай ыдыстарды өндіру дәстүрлі ағаш тақтайшалармен салыстырғанда, ағашты 40%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ыдыстың көлемдік көрсеткіштері де жақсарады да, соның арқасында көлік құралдарының сыйымдылығын пайдалану көлемі де ұлғаяды әрі ыдыстың құны, сондай-ақ, ыдысты жинақтау үрдісін механикаландыру есебінен оны жасауға жұмсалатын еңбек сыйымдылығы төмендейді Жұқа бүйірлі ыдыстың жиылмалы-құрастырмалы құрылғысы оны қатарынан 2-3 рет қайтарымды ыдыс ретінде қолдану мүмкіндігін туғызады. Ағаш талшықты тақталар қаңқалы және қаңқалы-қалқанды құрылғылы ірі көлемді ыдыстардың қабырғаларын және бүйірлерін қаптау үшін ағаш тақтайлардың орнына қолданылады. Ыдыстың бұл типін салмағы 10т дейін жететін машина жасау өндірісі бұйымдарын тасымалдау үшін қолданған қолайлы болып табылады. Қалыңдығы 3-4 мм құрайтын ағаш талшықты тақтаның мың шаршы метрін пайдаланған кезде шамамен 14 м3 кесілген ағаш материалдары үнемделеді. Экспортқа жасалған ірі көлемді ыдыстарды жасау үшін сүргіленген тақтайлардың орнына ағаш талшықты тақталарды пайдаланса, үнем бұдан да көп болады, себебі ыдыстың үстіңгі қабатының өңделуіне жоғары талап қойылады. Ыдысқа арналған картон әртүрлі жүктерді орап, тасымалдауда күннен-күнге кең қолданыс табуда. Картон ыдыстар өндірісі механикаландырудың жоғары деңгейімен ерекшеленеді, ал оны қолдану жүктерді орамдау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді. Ағаш ыдыспен салыстырғанда, картон ыдыстар салыстырмалы өзіндік салмағы, пайдалы көлемі, материал сыйымдылығы, құны және жасау еңбексыйымдылығы сияқты көрсеткіштер бойынша неғұрлым үнемді болып табылады. Ыдыстарды жасау үшін табақталған, нығыздалған, желімденген және бүдір картон қолданылады. Картон ыдыстардың кемшіліктеріне оның ылғал тартқыштығы мен беріктігінің жеткіліксіздігі жатады, бұл қасиеттер оны пайдалану аясын тарылтады. Картон ыдыстардың беріктігін ұлғайту үшін әртүрлі қосымша парақтар, картон парақтар, төсемдер қолданылады, бұл картон шығынын арттырады. Қазіргі кезде физика-механикалық қасиеттері жоғары болып табылатын, ылғалға төзімді және өзіндік салмағы барынша кем картон өндірісі игерілуде. Ылғалға төзімді картонның тәжірибелік партиялары өндіріліп, сынақтан өтті. РФ БЫОЭКҒЗИ-тың эксперименттік-өнеркәсіптік зауытында әзірленген рецепт пен технология бойынша жасалған ылғалға төзімді картонның сапасы көптеген шетелдік үлгілердің сапасынан артық келеді. Қазіргі кезде картон ыдысқа деген сұраным оның өндірісінен асып отыр. Сондықтан картон ыдысты барыша үнемді пайдалану үшін оны үлестіру ка алмастыру коэффициенті негізінде жүргізіледі, бұл коэффициент дөңгелек ағаштың текше метрімен өлшенетін Nкрp ағаш шығынының тоннамен өлшенетін Nтк немесе шаршы метрмен өлшенетін Nмк бір тонна өнімді орамдауға жұмсалатын картон шығыны нормасына қатынасы ретінде анықталады: ка = (36)
к'а = (37)
Сонымен қатар картон құрғақ күбі ыдыстардың орнына қолданылатын арнайы өрме картон барабандар өндірісінде де қолданылады. Тәжірибе көрсеткендей, осындай ыдыстардың әрбір мың бірлігін ағаш күбілердің орнына пайдалану ағаш материалдарының 23м3 үнемделеді екен. Капрен мен резофан – көлік ыдысын жасауға арналған жаңа ілгерінді материалдар. Капрен картон, қағаз және картонға механикалық жүктемелерді көтеру үшін қажетті қаттылық әрі беріктік беретін көбіктендірілген полимерлердің қосындысы болып табылады. Резофан – қатпарлы материал. Ол төмен сұрыпты екі қабат шпоннан (жұқа ағаш табақша) және олардың арасына нығыздалып салынған аралық резина төсемнен құралған. Аралық төсем резина-корда өндірісінің қалдықтарынан жасалады, оның құрамын аралық төсемнің және жалпы резофанның қажетті қасиеті пайда болатындай етіп таңдауға болады. Резофанды ыдысты қаптау үшін табақтық материал ретінде де пайдалануға болады, сонымен қатар бұл материалдан жарамдылық мерзімі үлкен болатын көпайналымды бүктемелі ыдыс жасауға болады. Резофаннан жасалған ыдысқа жүк салып тәжірибелік тасымалдау оны қолданудың мақсатқа сай келетінін көрсетті. Полиэтилен, поливинилхлорид, полистирол, полипропилен т.б. сияқты Полимер материалдар тұтынушылық және көлік ыдыстарын жасауда кең қолданыс табуда. Полимер ыдыстар бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда, оларға: салынған жүктің салмағынан 0,5-2,0% құрайтын өзіндік салмағын, жоғары беріктігін, созылғыштығын, саңылаусыздығын, химиялық төзімділігін, кәдеге жарату оңайлығын жатқызуға болады. Полимер ыдыстар қатты, жартылай қатты және жұмсақ болады. Қатты полимер ыдыстар негізінен көпайналымды ыдыс ретінде қолданылады, оның төзімділігі мен беріктігі аса жоғары болып келеді әрі оны қолдану оңай, түр-пішінін әртүрлі етіп жасауға болады. Жартылай қатты ыдыстарға негізінен тұтынушылық ыдыс ретінде қолданылатын әртүрлі жұқа бүйірлі шөлмектер, құтылар, банкалар жатады. Азық-түлік және кейбір басқа да өндіріс салаларында тұтынушылық ыдыстарды жасау үшін қағазбен, қабыршық қағазбен және тағы басқа материалдармен үйлестіріліп полимер жабындар қолданылады. Бұл полимер жабындардың қолданыс аясын едәуір кеңейтеді. Қазіргі кезде әртүрлі қаптамалар, қаптар, пакеттер, сонымен қатар көлік пакеттерін бекітуге арналған жабындар түріндегі жұмсақ полимер ыдыстар кең қолданыс табуда. Жұмсақ полимер ыдыстар әртүрлі полимерлерден жасалады, қазіргі кезеңде олар 20-дан астам атаудан құралады және бұдан әрі қарай олардың саны өседі деп күтілуде. Жалпы полимер ыдыстар өндірісінде жабындардың салыстырмалы мөлшері 75%-ды құрайды. Ыдысқа салынатын дара жүктерді көлік пакетіне салып бекіту үшін полимер жабындардың екі түрі қолданылады, олар: термоотырғызғыш және созылмалы жабындар. Бірінші түрі жылу әсерімен кішірейеді. Сондықтан алдымен пакетті жабынмен орап, содан соң ысытады, жабын созылып, пакетті қатты бекітеді. Пакеттерге екінші түрлі жабынды жабар алдында жабынды сыртқы күшпен тартып созып, содан соң пакетке кигізеді. Сыртқы күштің шамасы жабынның 20%-дан асырмай созылуын қамтамасыз етуі тиіс, себебі осындай түрде созылған жабында қалдық деформация болмайды. Сыртқы күшті қолдану тоқтатылған соң, жабын қысқарып, пакетті бекітеді. Пакеттерді бекітуге арналған полимер жабындар жеткілікті дәрежеде берік, оптикалық мөлдір болуы тиіс, сондай-ақ, таңбалау жасау үшін оған баспаханалық бояу жұғатын болуы тиіс. Пакеттерді бекітуге арналған жабындардың өлшемдері жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде туындайтын ең үлкен бойлық инерциялық күштердің шамасына, жүктің фрикциялық қасиеттеріне, пакеттің салмағына және жабынның өзінің қасиеттеріне қарай анықталады. Термоотырғызғыш жабынмен бекітілген көлік пакетіне әсер ететін күштердің принциптік сызбасын қарастырайық. Жеке жүк орындарынан тұратын, салмағы Q тең болатын пакетке Fбл бойлық инерциялық күші әсер етеді:
Fбл = αQ Н (38) мұндағы α – қозғалыс жылдамдығы күрт өзгерген жағдайда туындайтын жеделдеу, м/с2; Q – пакеттің салмағы, т.
Бойлық инерциялық күш пакетті астаудың ішінде қозғалтуға тырысады, бұл орайда астау вагонның бойымен жылжымайды, деп санаймыз. Жабын пакетке біркелкі Р қысым көрсетеді, Н/см2. Осы қысымға тең әсер ететін РS күші пакетті астауға қарай қысады, ол пакеттің жоғарғы жазықтығының S ауданына тәуелді болып табылады. Пакеттің бүйір жақ жазықтықтарына жабынның тарту күштері әсер етеді, олардың шамалары тең, бірақ бағыттары әрқилы болып келетіндіктен, олар есепке алынбайды. Qд ауырлық күшінің және PS тең әсер ететін күшінің әсер етуі нәтижесінде Fүйк үйкеліс күші пайда болады, ол мына формула бойынша анықталады:
Fүйк = (Qд + PS)·fо (39)
мұндағы fо – астау мен пакет арасындағы үйкеліс коэффициенті.
Fбл > Fүйкболса, онда жүк пакеті астаудың ішінде жылжиды да, жабын деформацияланады, яғни пакет бүйірлерінің тік бұрыштарындағы жабын созылады.
Жабында пайда болатын R күшейтуі рауалы шектен аспауы тиіс:
R ≤ [σ] δ Нв Н (40)
мұндағы [σ] – жабынды созатын рауалы кернеу, Н/см2; δ – жабынның қалыңдығы, см; Нв – жабынның жыртылған жерінің, яғни пакеттің тік бүйіріндегі пакеттің биіктігіне тең болатын жыртығының қимасы, см.
Сондай-ақ, жабынның күштер әсерінен өзгеруін пакетке әсер ететін күштер теңдігінен де есептеп шығаруға болады (2-сурет):
2-сурет. Күштердің әсер етуінің принциптік сызбасы
Fбл – Qд fо – PS fо – 2 R = 0 Н (41)
Бұл жағдайда жабынның қалыңдығы мына ара қатынастардан анықталады:
см (42)
Қозғалыс барысында пакетке діріл күштері әсер етіп, жабынның керілуін әлсіретеді, сондықтан оның қалыңдығы Р = 0 жағдайында есептеледі:
δ = см (43)
Негізгі сипаттамалары 5-кестеде көрсетілген термоотырғызғыш жабындар қолданылады.
5-кесте Термоотырғызғыш жабындардың сипаттамалары
Егер есеп бойынша жабынның қалыңдығы стандартты қалыңдықтан астам болса, онда жабынның жалпы қалыңдығы есептеп шығарылған қалыңдыққа тең немесе одан астам болуы үшін, пакетті жабынмен бірнеше қабат етіп орап бекітеді.
Көлік ыдыстарын стандарттау және біркелкілеу Әртүрлі өнімдер өндірісінің көлемі өскен сайын және олардың ассортименті кеңейген сайын көлік ыдысына деген сұраным да артуда. Көптеген салаларда көлік ыдысы жасалады, және де ыдысты өндірудің нормативтік-техникалық құжаттары ретінде МемСТ, жекелеген салалардың және жекелеген кәсіпорындардың техникалық шарттары (тиісінше ССТ және ТШ) қолданылады. Соның нәтижесінде көлік ыдыстарының көптеген типтері мен өлшемдері айналымға түсіп отырады, қазіргі кезде олардың саны 2500-ден асады. Бір типті өнімді салып орауға арналған ыдыстардың типтері мен өлшемдерінің осыншама алуан түрлілігі материалдық қордың артық жұмсалуына әкеліп соғуда. Қазіргі кезде біркелкілеу деңгейі ағаш ыдыстар үшін 25%-дан, ал картон ыдыстар үшін 37%-дан аспайды. Ыдыстар мен орамдар саласындағы халықаралық стандарттау және республикалық біркелкілеу мен стандарттау бірінші кезекте көлік ыдысының өлшемдерін біркелкілеуге бағытталған. Біркелкілеу ыдыстардың типтері мен өлшемдерінің санын азайту, оны қайталап және өзара алмастырып пайдалану мақсатында жасалады. Бұл орайда ыдыстарды сериялап жасау және оны өндіруді механикаландыру және автоматтандыру мүмкіндігі туындайды, Ыдыстардың өлшемдерін біркелкілеу бір модуль негізінде жүзеге асырылады. ИСО стандарттау мәселелері жөніндегі халықаралық ұйымның кеңесіне және Еуропалық Орам федерациясының, Халықаралық Теміржол одағының т.б. ұйымдардың шешімдеріне сәйкес көлік ыдысының өлшемдерін біркелкілеу үшін астаудың өлшемі 800´1200 мм деп қабылданды. Қабылданған модульдің өлшемдерінің ортақ бөлгіштері көп, бұл көлік ыдыстарының өлшемдерін біркелкілеуге қолайлы жағдай туғызады. Көлік ыдысының барынша жағымды сыртқы өлшемдері базалық модульдің ұзындығы мен енін бүтін сандарға бөлу жолымен алынады. Бір-біріне жақын өлшемдердің арасындағы аса үлкен айырманы жою үшін және экономика мұқтаждықтарын ескеріп, негізгі қатар базалық модульге сеелі сандармен толықтырылды.көлік ыдысының сыртқы өлшемдерін есептеп шығаруға арналған біркелкіленген бүтін сандар қатары 6-кестеде келтірілген.
6-кесте Ыдыстардың сыртқы өлшемдері қатары, мм
Осы алынған шамалар негізінде астаудың ауданын 100% алып отыратын тік төртбұрышты қималы ыдыстың ұзындығы мен енінің үйлесімдері құрылады. Ондай үйлесімдердің саны 32-ге тең. Тәжірибе ыдыстардың типтері мен өлшемдерінің бұл санының барлық тұтынушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екендігін көрсетті. Сондықтан астаудың ауданын кемінде 80% алып отыратын өлшемдердің үйлесімдіктері қосымша енгізілді. Ыдыстың биіктігі де модульды қатар сандарынан қабылданады. Жалпы алғанда, 21140-75 МемСТ-на ауданы бойынша тік төртбұрышты қималы ыдыстардың 114, ал биіктігі бойынша 52 типі мен өлшемі енгізілген. Дөңгелек қималы көлік ыдыстарының бірқатар ең үлкен біркелкіленген сыртқы диаметрлері оларды модульді астаудың ауданын барынша, бірақ 60%-дан кемітпей пайдаланып өлшеп, диагональді және ортогональді тәртіппен үлгілеу жолымен алынады. Осы мақсатпен бірқатар арьықшылықпен қолданылатын диаметрлер белгіленді. Өлшемдері біркелкіленген немесе кез келген өзге көлік ыдыстарын орналастырудың ұтымды сызбаларын РФ БЫОЭКҒЗИ-да әзірленген алгоритммен және бағдарламамен ЭЕМ-да үлгілеу жолымен алуға болады. Өлшемі 800´1200 мм болып келетін астауға арнап РФ БЫОЭКҒЗИ әзірлеген біркелкіленген ыдысты орналастырудың жекелеген ұтымды сызбалары МемСТ 21140-75 енгізілген. Ыдысқа мұқтаждықты жоспарлау және нормалау ерекшеліктері Ыдыс материалдарын үнемдеудің бірден-бір негізгі қоры ыдыстар мен ыдыс материалдарын өнімді орауға жұмсалатын шығынының техникалық негізделген нормалары болып табылады. Ыдыс жасайтын материалдар шығынының қолданыстағы нормаларын үнемі қайта қарау және жаңа нормаларды әзірлеу қажеттілігі өндірілетін өнімдер ассортиментінің үнемі өзгеріп және кеңейіп отыруына байланысты болып отыр. Өнімдерді орамдауға арналған ыдыстар мен ыдыс материалдарының шығынын есептеу екі кезеңге бөлінеді: – бір ыдыс бірлігіне шығындалатын материалдар нормасын есептеу;
Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 746; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |