Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ші Сурет 1-тротил, 2-ТЭН, 3-нитроглицерин, 4- аммонал, 5-гранитол 4 страница




– өнімді орамдауға арналған ыдыстар мен ыдыс материалдары шығынының жеке, топтық және іріленген нормаларын есептеу.

Бір ыдыс бірлігін өндіруге жұмсалатын материалдар шығыны нормалары ыдыстарға арналған нормативтік-техникалық құжаттама (МемСТ, ССТ, ТШ) негізінде есептеп шығарылады, бұл орайда бір ыдыс бірлігін жасауға жұмсалатын материалдар мөлшері, соынмен қатар ыдыс бөлшектерін жасау кезінде шығатын қалдықтар мен шығындарды есепке алатын шығыс коэффициенттері анықталады.

Жаңа ыдысты жасап шығару шығысы нормаларын әзірлеу кезінде конструктивтік, технологиялық және техника-экономикалық факторларды ескеру қажет. Бұл орайда ыдыстың сыйымдылығын дұрыс анықтауға баса назар аудару керек. 10, 20кг жүкке арналған жәшіктердің орнына 100кг және одан астам жүк сиятын ыдыстарды жасап шығарған жөн, алайда бұл орайда сол ыдысты көлік үрдісінің, яғни тасымалдаудың бастапқы және соңғы кезеңдерінде пайдалану технологиялылығын ескеру қажет.

Өнімді орамдауға арналған материалдар шығынының жеке нормалары ыдыс бірлігіндегі жүк салмағын есепке ала отырып есептеп шығарылады:

- біржолғы ыдыстар үшін:

 

Нб = (44)

 

- көпайналымды ыдыстар үшін:

 

Нкөп = (45)

 

мұндағы Нб, Нкөп – біржолғы және көпайналымды ыдысқа салып тасымалдау кезіндегі өнімді орамдауға жұмсалатын материалдар шығыны нормалары; Нт – бір ыдыс бірлігін жасауға жұмсалатын материалдар шығыны; кот – ыдысты жасау кезіндегі материалдардың қалдықтары мен шығынын ескеру коэффициенті; Ср – көпайналымды ыдыстың біржолғы жөндеуінің құны, тг.; n – қызмет мерзімі ішіндегі жөндеулер саны; Nсл – қызмет мерзімі ішіндегі айналымдар саны.

 

Біртипті өнімдердің сыйымдылығы әртүрлі болып келетін ыдыстарға орамдалуына байланысты (қабылдап алушылардың және орам МемСТ-ның талаптарына сай) өнімді орамдауға жұмсалатын материалдар шығынының топтық нормасын белгілеу қажеттілігі туындайды.

 

Ол жеке нормалардың орташа салмақты шамасы ретінде анықталып, 1000т өнімге жоспарланады:

 

Nр = Нсрр 106 (46)

 

Nмн = Нсрмн 106 (47)

 

мұндағы Np, Nмн – өнімді орамдауға жұмсалатын материалдар шығынының топтық нормалары.

 

Ыдыс материалдары шығынының топтық нормалары негізінде жекелеген кәсіпорындардың өнімді орамдауға арналған материалдарға деген мұқтаждығы жоспарланады.

Ыдыстар мен ыдыс материалдарының іріленген шығындау нормалары өнімдерді іріленген номенклатура бойынша орамдау үшін қажетті материалдар санын анықтайды және топтық нормалардың орташа салмақты шамалары ретінде белгіленеді.

 

Орамдау материалдары

Арналымына қарай орамдау материалдары оқшаулағыш, амортизациялағыш және сорғыш деп жіктеледі.

Оқшаулағыш материалдар жүктерді сыртқы агрессиялық факторлардан қорғауға арналған. Ондай материалдарға қағаздардың, қабыршық қағаздардың, полимер жабындардың алуан түрлері, сондай-ақ, осы аталған материалдардың әртүрлі үйлесімдері жатады. Қағаздан жасалған оқшаулағыш материалдар негізінен майлың сыртқы шығуын (пергамент, пергаментасты, пергамин) және ылғалдың өтуін болдырмау үшін қолданылады (парафинделген, су өткізбейтін, битумды және қарамайлы қағаздар; соңғы екі түрінің қолданысы шектеулі, себебі олар металды тотықтыру қасиетін иеленеді). Сонымен қатар биологиялық төзімді және тотығуға қарсы сияқты қағаздардың арнайы сұрыптары да қолданылады. Тотығуға қарсы қағаздың құрамында оттегіні байланыстырып, металдың үстіңгі қабатында қорғауыш жабынды туындататын ерекше заттар (ингибиторлар) болады. Бұл қағаз теңіз жағдайында тасымалданатын бұйымдарды қорғауға арналған оқшаулағыш материал ретінде қолданылады.

Өнімді бөгде иістерден, майлардан, ылғалдан оқшаулау үшін, мыстан, қорғасыннан, алюминийден, қалайыдан, тотықпайтын болаттан жасалған қабыршық қағаздар, бір қабат қағазға желімденген қабыршық қағаз және әртүрлі материалдар мен қабыршық қағаздың әртүрлі үлесімдіктері қолданылады. Сондай-ақ, оқшаулағыш материалдар ретінде полимер жабындар да қолданылады. Полимер жабындардан жасалған саңылаусыз қаптамалар металл бұйымдарды тем температура +600С, ылғалдық 100% жететін барынша қолайсыз жағдайларда тотығудан қорғайды. Саңылаусыздыққа орам тігістерін дәнекерлеу жолымен қол жеткізіледі, алайда температура ауытқуы орын алған жағдайда орамның ішіне ылғал тұрып қалуына тосқауыл қою үшін, бұйыммен бірге силикагель сияқты ылғал тартқыш материалдарды қоса орау қажет. Оқшаулағыш материалдар кейде амортизациялағыш материалдар қызметін де атқарады.

Сорғыш материалдар орамның ішіне енетін ауаның артық буларын сорып алу үшін немесе қазымданған ыдыстан ағып шыққан сұйықтықтардың орамның ішіне таралуын болдырмау үшін қолданылады. Ондай материалдарға: ылғал тартқыштығы жоғары болып табылатын белсендендірілген көмір және силикагель, сонымен қатар басқа да ылғал тартқыш материалдар жатады. Орамдалған жағдайда силикагельдің ылғалдығы 2%-ға дейін жетуі тиіс. Егер оның ылғалдығы осы аталған шамадан асып кетсе, онда материалды алдын ала кептіріп алып, содан соң силикагельді 1кг-нан мата қапшықтарға салып, содан соң ғана орамға салу қажет.

Амортизациялағыш орамдау материалдарының негізгі арналымы – бұйымдарды соққыдан, дірілден, бұйымның сыртқа шығып тұрған бөлшектерінің көлік ыдысының ішкі бүйірлеріне үйкелістен және тағы басқа да жүктемелерден қорғау. Амортизациялағыш материалдарға келесі талаптар қойылады:

– көлемдік салмағы шағын болуы тиіс;

– механикалық беріктігі жеткілікті болуы керек;

– механикалық жүктемелердің әсерінен пайда болатын қалдық деформациясы барынша кем болуы тиіс;

– ылғал тартпауы және химиялық тұрғыда дәртсіз болуы керек;

– абразивтік қасиеттері болмауы тиіс;

– құны төмен және жасалуы оңай болуы керек.

Амортизациялағыш материалдар ретінде көптеген материалдар қолданылады.

Ағаш жоңқа созылғыштығы жоғары болуының арқасында ауыр заттарды амортизациялауда қолданылады, алайда оның серпімділігі тұрақсыз, себебі ылғалдыққа тәуелді болып келеді. Ағаш жоңқаның ұтымды ылғалдығы 12-18%-ды құрайды. Ылғалдық бұдан артқан жағдайда жоңқаның созылғыштығы жойылады, ал бұдан кеміген жағдайда сынып, ауаны тозаңдандырады. Сонымен қатар ағаш жоңқаның құрамында тотығуды туындататын шайыр заттар болуы ықтимал.

Киіз бен жүннің серпімділігі жеткілікті, олар қайталама деформацияларға жақсы кедергі туғызады, бірақ олар ылғал тартқыш болғандықтан шіруге бейім келеді әрі жәндіктерді тартады.

Әйнек талшықтарының серпімділігі ең жоғары дәрежеде, ол ылғал тартпайды, жанбайды, бірақ абразивтілігі өте жоғары, сондықтан оның қолданыс аясы айтарлықтай шектеулі болып келеді.

Қағаз бен картон – амортизациялағыш материалдардың ішінде ең кең тарағандары; олар қажетті пішінге тез енеді, оларды өндіру құны салыстырмалы түрде төмен, олар жеңіл бұйымдарды жақсы амортизациялайды. Олар азық-түлік, парфюмерия, медициналық және тағы басқа жүктерді орау үшін қолданылады, бірақ олар ылғалды қатты тартатындықтан, қайа пайдалану кезінде серпімділігі жойылады.

Сонымен қатар амортизациялағыш материалдарға қылшықтар, резина жатады. Ал келешегі зор амортизаторлар көбікті полимер материалдар болып табылады. Оларға көбікті полистирол жатады, бұл – құрылымы микроұялы болып табылатын амортизациялағыш және жылу оқшаулағыш материал. Көбікті полистиролдың тығыздығы 25кг/м3, оның механикалық беріктігі аса үлкен, ол ылғалға, төмен температураларға төзімді болып келеді әрі тозаңдатпайды, бірақ қайта тиеу кезінде оның амортизациялық қасиеттері өзгереді. Сондай-ақ, көбікті полеуретан, көбікті полиэтилен, велофлекс және қазіргі заман талаптарына жауап беретін, бірақ қазірше құны аса жоғары болып отырған басқа да материалдар қолданылады. Көбікті амортизациялағыш материалдардың қасиеттері жақсы зерттелген, осы аталған материалдардан жасалған аралық төсемдерді есептеу әдістемелері әзірленген.

 

Амортизациялық материалдарды сынау әдістері

Әртүрлі көлікпен тасымалдау кезінде, қоймаларда штабельдеп сақтау кезінде, жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау кезінде «бұйым-орам» жүйесіне әртүрлі жүктемелер, соққылар мен дірілдер әсер етеді. Тәжірибе жүзінде өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу барысында «бұйым-амортизация-ыдыс» жүйесіне әсер ететін ең қауіпті жүктемелер жүк операцияларын орындау кезінде жерге түсу (құлау) кезінде туындайтын жүктемелер, яғни соққылар болып табылатыны көрініс тапты.

Тасымалдау мен қайта тиеудің әртүрлі жағдайларында жүк пен ыдысқа келтірілетін нормативтік әсерлер 7-кестеде келтірілген.

7-кесте

 

Тасымалдау мен қайта тиеудің әртүрлі жағдайларында жүк пен ыдысқа келтірілетін нормативтік әсерлер

Рет. саны Тасымалдау мен қайта тиеу жағдайлары Жүктеме шамасы үлеспен (д)
1. Темір жолмен 2,0
2. Автокөлікпен:  
3. Асфальт жабынмен 1,0-1,5
4. Топырақ жолмен 3,5
3. Теңіз көлігімен 1,0
4. Әуе көлігімен 2,0-5,0
5. Теміржол вагондардың соқтығысуы кезінде 3,0
6. Жүк операцияларын орындау кезінде 2,5-5,0
7. Түсу кезіндегі соққылар 25,0 және одан көп

 

Амортизациялағыш материалдарды таңдап, пайдалану кезінде олардың динамикалық және статикалық жүктемелер әсерімен қандай күйде болатынының сипатын ілу қажет.

Амортизациялағыш материалдардың қасиетіне жүктеменің шамасы мен әсер ету ұзақтығы, сонымен қатар тасымалдаудың климаттық жағдайлары мен жүкті сақтау жағдайларының маңызы елеулі болады.

Амортизациялағыш материалдардың қасиеттерін зерттеу үшін белгілі бір сынақ түрлері белгіленген.

Динамикалық сынақтар. Динамикалық сынақтарды жүргізу кезінде арнаулы құрылғыда салмағы ауыспалы жүктің (тоқпақтың) әртүрлі биіктіктерден амортизациялағыш материалдан жасалған, тиісінше, сынаққа дайындалған аралық төсемге құлату орындалады. Бұл жағдайда тоқпақтың үлгімен жанасу сәтіндегі жеделдеу шамасы тіркеледі (өлшеулер ауырлық күшінің жеделдеуіне еселі сандармен жүргізіледі), сонымен қатар үлгінің деформациялану шамасы тіркеледі. Амортизациялағыш материалдың сипаттамасы үшін жүкті лақтыру (құлату) биіктігін таңдаудың маңызы зор, ал ол жүк тиеу-түсіру жұмыстарының жағдайлары мен тәсілдеріне байланысты болып келеді.

Жүктің құлау биіктігінің ең жиі кездесетін шамалары 8-кестеде келтірілген.

8-кесте

 

Жүктің түсу биіктігінің шамалары

Жүктің салмағы, кг Жүк тиеу-түсіру жұмыстарын орындау жағдайлары Ықтимал құлау биіктігі, мм
0-8 Бір адам лақтырғанда  
8-20 Бір адам апара жатқанда  
20-100 Екі адам апара жатқанда  
100-400 Электрлі тиеуіш қолданылғанда  

 

Тасымалдау және қайта тиеу барысында «бұйым-амортизация-ыдыс» кешені бірнеше рет құлауы ықтимал. Үлгілерді сынау кезінде бұл жағдайды ескеру қажет. Қайтамала соққы әсерімен маетриалда қалдық деформация жиақталады, демек, оның амортизациялағыш қасиеттері жойылады.

Сынақтардың нәтижелері бойынша «соққыдан жеделдеу-статикалық жүктеме» тәуелділігі сызбасы жасалады. Бұл тәуелділік амортизациялағыш материалдың негізгі динамикалық сипаттамасы болып табылады, соның негізінде сол материалдың нақты жұмыс жағдайларына сәйкестігі тексеріледі. «Соққыдан жеделдеу-статикалық жүктеме» тәуелділігін көрсететін қисық сызыққа минимумы айқын көрініп тұрған өзіндік ойыстық тән болып келеді (3-сурет).

Мұны келесі жағдайлармен түсіндіруге болады. Салмағы аз болған жағдайда тоқпақ (динамикалық қисықтың сол жақ шеті) амортизаторға материалдың серпімді күштерін еңсеріп, оны едәуір шамаға деформациялау үшін қажетті жүктемеден кем жүктеме туғызады (кері секіру туындайды). Бұл орайда соққыдан едәіур жеделдеу пайда болады. Тоқпақтың салмағы артқан сайын маетриалдың деформациясы ұлғайып, ақыр соңында материал ең жақсы амортизациялық қасиетін көрсететін шамаға жетеді. Бұл жүктеме динамикалық қисықтың ең кіші шамасына сәйкес келеді. Тоқпақ салмағын одан әрі ұлғайту қалдық деформацияның өсуін туындатады. Қатты басу нәтижесінде материал өзінің амортизациялық қасиетін жоғалтып, соққыжан жеделдеу қайта өсе бастайды (қисық сызықтың оң жақ шеті).

Сонымен, қисық сызықтың (динамикалық сипаттаманың) ең кіші шамасы аймағы сынақтан өткізіліп жатқан материалдың ұтымды жұмыс жағдайларына сәйкес келеді.

 

 
 
К


 

           
 

           
 

           
 

           
 

         
Р,

0.12
0.10
0.08
0.06
0.04
0.02

 

3-сурет. Картонның динамикалық сипаттамасы

 

 

Статикалық сынақтар. Ұзақ уақыт әсер ететін статикалық жүктеменің әсерімен (қоймада штабельдеп сақтау кезінде) аралық төсем қабаты жұқарады, демек, оның демпфирлеу қасиеті кемиді. Сақтау жағдайларына ұқсас сынақтар барысында алынған нәтижелердің негізінде статикалық жүктемеден туындайтын деформациялар тәуелділігі сызбасы жасалады. Бұл тәуелділік амортизациялағыш материалдардың статикалық сипаттамасы деп аталады.

Климаттық сынақтар. Бұл сынақ түрі температура мен ылғалдықтың амортизациялағыш материалдардың негізгі қасиеттеріне әсерін анықтау үшін өткізіледі. Сынақ берілген материал үшін барынша қолайсыз жағдай жасалған климаттық камерада өткізіледі.

Көібкті материалдар үшін ол ыстық әрі құрғақ тропикалық климат жағдайы (температурасы +70°С, ұзақтығы 85 тәулік), сондай-ақ, ылғалды тропикалық климат жағдайы (температурасы +40°С, ылғалдығы 95-98%, ұзақтығы 85 тәулік). Картонды сынау үшін келесі өлшемдер қабылданады: температурасы +35°С, ылғалдығы 80-85°С, ұзақтығы – 15 тәулік.

Сынақтардың негізінде сынақтан өткізілетін үлгілерді пайдаланудың ең ұтымды жағдайлары белгіленеді.

Амортизациялағыш аралық төсемдердің материалын таңдау

және өлшемдерін есептеп шығару

Салмағы Q және тіреу ауданы S болатын бұйым жүк тиеу-түсіру жұмыстары барысында соққыдан қорғауды талап етеді делік. Және де бұйымның өзі кқос тең шамадан тыс жүктемені көтеретіні, ал оның құлайтын ең үлкен биіктігі Н құрайтыны белгілі болсын. Осы аталған бұйымды қорғау үшін динамикалық сипаттамалары мына өрнекпен суреттелетін амортизациялық материалдардан жасалған арнайы аралық төсемдер қолданылады:

 

K = (48)

 

мұндағы К – соққыдан келген шамадан тыс жүктеме, g үлесімен (ауырлық күшінің жеделдеуі); К =; αп – соққыдан жеделдеу, м/с2; Р – бұйымның аралық төсемге статикалық қысымы, Н/см2; Н – бұйымның құлайтын биіктігі, см; h – аралық төсемнің биіктігі, см; α0, α2 – материалдың соққыдан қорғау қасиеттерін сипаттайтын тұрақты өлшем шамалары, см2/Н; Н/см2; α1 – амортизация коэффициенті.

 

Амортизациялағыш материалды таңдау келесі шартпен анықталады:

 

Кmin ≤ Кқос (49)

 

мұндағы Кmin – белгілі бір түрдегі амортизациялағыш материал берілген жағдайда қамтамасыз ете алатын соққыдан келетін шамадан тыс жүктеменің ең кіші мәні.

Соққыдан келетін шамадан тыс жүктеменің ең кіші мәнін табу үшін (48) өрнегінің бірінші туындасын алып, оны нөлге теңестірейік:

 

= = 0 (50)

 

Осыдан келіп К функциясын барынша кемітетін статикалық қысым мәні мына шаманы құрайды:

 

P* = Н (51)

 

Ал соққыдан келетін шамадан тыс жүктеменің ең кіші мәнін (2.23) өрнегіне Р мәнінің орнына Р* мәнін қойю арқылы табамыз. Өзгерткен соң өрнек мына түрді иеленеді:

 

Кmin =, (52)

 

мұндағы С –амортизацияның жалпылама коэффициенті.

 

C = (53)

 

Сонымен, Кmin ≤ Кқос болса, амортизациялағыш материалдың осы түрін аралық төсем жасау үшін қолдануға болады.

 

Таңдап алынған материалдан жасалған амортизациялағыш аралық төсемнің геометриялық өлшемдері (49) және (49) өрнектерінің негізінде анықталады.

 

Аралық төсемнің қалыңдығы Кmin = Кқос жағдайында нақтыланады:

 

h = м (54)

 

Аралық төсемнің ауданы бұйым салмағынан аралық төсемге келетін статикалық қысымның ұтымды мәнін қамтамаыз ету шартынан анықталады:

 

P* = Н (55)

 

мұндағы Sпр – амортизациялағыш аралық төсемнің ауданы.

 

Сонда

 

м2 (56)

 

немесе, (2.29) өрнегін ескере отырып,

 

м2 (57)

 

мұндағы Ср – өлшемнің тұрақты шамасы, см2/Н, ол былайша анықталады:

 

см2/Н (58)

 

Кейбір амортизациялағыш материалдар үшін С және Ср шамаларының мәндері 9-кестеде келтірілген.

9-кесте

 

Кейбір амортизациялағыш материалдар үшін С және Ср шамаларының мәндері

№№ Материалы Тығыздығы, кг/м3 Шамаларының мәндері
С Ср, см2
1. Көбікті полиуретан   2,25 7,82
  3,02 2,49
2. Көбікті полистирол   3,54 1,28
  2,83 0,24
3. Латексті губка   5,09 2,38
  3,19 2,88
  5,15 0,54
4. Картон № 1 2,50 1,93
№ 2 3,37 0,60

 

Аралық төсемнің алынған Sтөс ауданы S жүктің сүйену ауданымен салыстырылады.

Егер S/2<Sтөс≤S болса, аралық төсемнің ауданы Sтөс етіп жасап, оны жүктің ауырлық орталығының астына орналастырады.

Егер S<Sтөс болса, онда бұйымның сүйену ауданын ұлғайту немесе басқа материалды таңдап, есептеуді қайта орындау қажет.

Жасалған есептеулер бойынша аралық төсемдерді құрастырып, бұйымдарды орамдап, 18424-73 МемСТ-да белгіленген тәртіппен сынама соққылар жасайды.

Тасымалдау кезінде орамға және бұйымға кең жолақты кездейсоқ діріл әсер етеді, сондықтан «бұйым-амортизатор» жүйесінің өз жиілігіне тура сәйкес келетін жиіліктің пайда болуы, яғни резонанс туындауы ықтимал. Резонанс туындаған кезде орамдалған бұйым дірілінің жеделдеуі рауалы мөлшерден асып, оны зақымдауы мүмкін. Осыған байланысты 19089-73 МемСТ бойынша есептелген амортизаторы орамның бар дірілден қорғау қасиеттерін бағалау жүргізілуі тиіс.

 

Дәріс 4

ҚАТТЫ ОТЫННЫҢ КӨЛІКТІК СИПАТТАМАСЫНЫҢ ТАСЫМАЛДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТУІ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-08; Просмотров: 635; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.098 сек.