Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Шымкент, 2014




 

№1 ЛЕКЦИЯ. Кіріспе. Маңызды технологиялық түсініктер мен анықтамалар

Технология - өнеркәсіп өнімдерін табиғи шикізаттан өндірудің нәтижелі әдістері мен процестері жайлы ғылым. «Технология» сөзі (гректің «techosр және «logos» -ілім, оқыту) өз мазмұнына сай: тиімді оқыту, қазба байлықтарынан пайдалы өнім өндіру өнері, әдісі.

Өндіріс әдісі - шикізаттан дайын өнім алу үшін жасалатын барлық операциялардың жиынтығы. Бұл операциялар тиісті машиналар мен аппараттарда жүреді. Ал операциялардың жиынтығы химия-технологиялық жүйені көрсетеді. ХТЖ-ны жазып сипаттау технологиялық үлгі деп аталады. Операциялар бір немесе бірнеше аппараттарда (машиналарда) жүреді, және ол түрлі технологиялық процестердің жиынтығы болып табылады. Химиялық аппараттарда - реакторларда көбінесе бір мезетте гидравликалық, жылулық, диффузиялық және таза химиялық (реакциялар) процестер қатар жүреді. Технология механикалық, биохимиялық және химиялық деп бөлінеді.

Материалдардың сыртқы түрі, формасы және физикалық қасиеттері өзгеретін процестерді - механикалық технология оқытса, ал химиялық технология - заттың қасиеттері, ішкі құрылысы және түгелдей құрамы қалай өзгеретіндігін қарастырады. Бұлайша бөлу айтарлықтай шартты болып табылады, өйткені заттың сыртқы түрі өзгергенде көп жағдайда оның химиялық қасиеттері мен құрамы да өзгеруі мүмкін. Мысалы, металдарды құю процестері механикалық технологияға жатады, бірақ та металдарды құйғанда химиялық процестер де жүреді. Химиялық процестер, қай жағдайда болса да барлық өндірістерде де механикалық процестермен қатар жүреді.

Химиялық технология - өнім өндіру процесі, әдісі жайлы нақты, қолданбалы ғылым, ол техникалық, экономикалық және мақсатқа негізделген химиялық өңдеу. Ғылым ретінде химиялық технология: зерттеу обьектісі - химиялық өндіріс; мақсаты - тұрмысқа қажетті заттарды өңдеуде тиімді әдісті пайдалану; зерттеу әдісі - эксперименттік, модельдеу, жүйелік анализ.

Бейорганикалық және органикалық заттар технологиясы жалпы принциптер мен заңдылықтармен біріктірілсе де, тарихи химиялық технологияны шартты түрде бейорганикалық және органикалық заттар технологиясы деп бөледі.

 

Бейорганикалық заттар технологиясы:

1. Негізгі химиялық заттар өндірісін (қышқылдар, сілтілер, тұздар, тыңайтқыштар және т.б.);

2. Нәзік бейорганикалық өнімдер өндірісін (реактивтер, сирек кездесетін элементтер, жартылай өткізгіштер, дәрі-дәрмектер және т.б.);

3. Электрохимиялық өндірісін (хлор, сілтілер, оттегі, сутегі және т.б);

4. Металлургия (қара, түрлі-түсті, бағалы және сирек кездесетін металдар металлургиясы және т.б.);

5. Силикаттар өндірісін (шыны, цемент, қыш және т.б.);

6. Минералды бояу және пигменттер өндірісін енгізеді;

 

Органикалық заттар технологиясы:

1. Негізгі (ауыр) органикалық синтезді (спирттер, қышқылдар, эфирлер, СН4, СО, Н2, С2Н4 және т.б. өңдеу);

2. Жартылай өткізгіштер және бояғыштар өндірісін;

3. Нәзік органикалық синтезді (дәрі-дәрмектер, кино-сурет реактивтері т.б.);

4. Жоғары молекулалық заттар өндірісін (пластикалық масса, жасанды және синтстикалық талшықтар, каучук және т.б.);

5. Жаңғыш материалдарды өңдеуді (мұнай, көмір, газ, сланецтар және т.б.);

6. Тамақ өнімдері өндірісін (қант, майлар және т.б.) енгізеді.

Химиялық өндіріс - химиялық технологияда зерттеу объектісі болып табылады.

Химиялық өндіріс - шикізаттан керекті өнімді химиялық, физико - химиялық жолмен арнайы машиналармен аппараттарда өндіру процесі.

Химиялық өндіріс талаптары:

- өндірісте қажетті өнім алу;

- экологиялық қауіпсіздік;

- эксплуатация қауіпсіздігі және сенімділігі;

- шикізат және энергия қолдану;

- еңбек өндірісі;

Химиялық өндірістің негізгі мақсаты - химиялық өндіріс көп функционалдық болған жағдайда өнім алу.

Өндіріс қалдық құрамында қоршаған ортаға зиянды компоненттер және пайдалы компоненттер де болады. Сол себебті химия өндірісінде санитарлық тазалау және өндіріс қалдықтарын сүзу жұмыстары жасалынады. Қалдық шығаруды азайту үшін негізгі өндіріс қалдықтарынан қосымша пайдалы өнім алу жұргізіледі.

Химиялық өндіріс көп энергияны қажет етеді, шикізаттан өнім өндіру үшін барлық энергоресурстың 15 % - ті осы технология аймағында жұмсалады. Сонымен қатар, энергия бөле жүретін химиялық өзгерулерде жүреді.

Сол себебті энергетикалық жүйе өнім өндіруде энергияны жұмсап қоймай, мүмкіндігінше шикізат өңдеуден кейін қайтару да қарастырылады.

Химиялық өндірістің компоненттері:

Ауыспалы компоненттер. Әрдайым қолданылады және өндірісте жасалынады.

- өндіруге жіберілетін шикізат;

- қосымша материалдар;

- өнімдер - негізгі және қосымша шикізат өндірудің қорытындысы ретінде өндіріс қалдығы;

- өндірісті функциялауды қамтамасыз ететін энергия;

Тұрақты компоненттер. Өндіріске тікелей қатысады.

- аппаратура (машина, аппараттар, арматура т.б.)

- басқаратын және қадағалайтын құрылғы.

- құрылыс конструкциялары.

- технологиялық қызмет көрсету персоналы.

Енді химиялык өндірістің құрамын қарастырамыз.

- химиялык өндіріс орны;

- шикізат және басқада материалдар қоймасы;

- шикізат, өнім, өнім қалдығын тасымалдау;

- өндіріс бөлімінің қызмет көрсету персоналы;

- басқару, қамтамасыз ету және қауіпсіздік жүйесі.

№2 ЛЕКЦИЯ. Негізгі бөлім. Химиялық технологиядағы заңдылықтар мен әдістер

2.1 Химиялық технологияның негізгі заңдылықтары.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1323; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.