Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кептіру процесі 4 страница




Сурет 1.24. Өндірістік сужабдықтаушының аралас жүйесі.

І-температурасы 4-150С судың контуры; ІІ-айналымды су жабдықтаушының котуры; АХ-аммиактың мұздатқыштық цехы; НС- насостық станция; П- өндіріс; К- қосымша суды қабылдау камерасы; О-суды салқындатқыш. Q-өңделген судың саны; Qn -өндіріске берілетін судың саны; Qnu- өндірісте жоғалған судың саны; q жоғ –салқындатқыштан судың жоғалуы; Qқос- жүйедегі қосымша судың саны;

Кейбір өнеркәсіпте технологиялық процестің талабына байланысты тұзды немесе жұмсақталған су қажет. Бұл жағдайда аралас жүйені қолданады, тұзсыздалған немесе жұмсартылған су жабық жылу алмасқышта судың айналымымен салқынданады, ал айналымды су градирняда.

Градирнядағы айналымды судың температурасының төмендеуі оның ауамен байланысы есебі бойынша өтеді. Градирнядағы судың теориялық салқындану шегі – қоршаған ортаның температурасына байланысты және оның салыстырмалы ылғалдығына байланысты. Температура мәнін анықтау үшін арнайы диаграммалар бар. Мысалы, қоршаған ауаның температурасы 300С кезінде және салыстырмалы ылғалдылығы 60%, яғни судың салқындану температурасы t – 240С. Қазіргі соңғы желдеткіш градирняларда температура қыздырғышы t және салқынданған су

∆t =t – tм = 670С- ға жетеді.

Айналымды су жабдықтаушы жүйеде су градирняда булану арқылы шығындалады (V1 санында); Жоғалғанның орындарын ауыз суының

Vдв = V1+ V2 + V3

мөлшерімен толықтырады. Булану кезінде судың шығындалуын мына теңдеумен анықтауға болады:

V1 = К1∆ t V0

мұнда К1- ауа температурасына байланысты коэффицент; ∆t –ыстық және салқынданған су температураларының айырмасы; V0 –айналымды судың шығыны;

К1 коэффиценті градирня үшін келесі мәнге ие:

Ауа температурасы, 0С....0 1,0 20 30 40

К1...........0,0010 0,0012 0,0014 0,0015 0,0016

 

V3 жүйесін үрлеуге кететін судың шығыны айналымды су жабдықтаушы жүйенің өндірістігіне байланысты, қосымша судың карбонаттың қаттылығына, судың айналымының 1-3%-ін құрайды.

Айналымды су жабдықтаушының тиімділігі екі көрсеткішпен анықталады. Айналымды суды қолдану коэффиценті:

Коб = V0/(V0+ Vдв);

қосымша суды қолдану коэффиценті

Кдв = (Vдв - V)/Vдв;

мұндағы V0- айналымды судың саны, м3/с; Vдв – қосымша судың саны, V– ағынды судың саны; V0+ Vдв - шығынды судың жалпы саны м3/с.

Химиялық өндірістік кәсіпорындарда айналымды суды қолданудың толық коэффиценті Коб 0,83 мәніне тең, мұнай өндіруші және мұнай химиялық өндірістерде Коб = 0,9+0,95-ке тең.

Технология деңгейінен шыға келе, айналымды суды максималды пайдалану мүмкіндігін бағалауда болады. Химиялық өнеркәсіпте 25% қолданылатын судың 0,90-0,92 мәніне сәйкес ерітінді және экстрагент ретінде қолдануы мүмкін.

Химиялық өнеркәсіпте суды қайтадан қолдануды өзінде де орташа алғанда 1т өнімнің 50-130 м3 –да мөлдір таза судың саны ауқымды, ал целлюлозды-қағазды өнеркәсіпте -150-500м3.

Ағынсыз химиялық өндіріс. Ағынсызға су жабдықтауға тұйық бірлікке тең таза суды қолдану коэффициентімен жүйелік өндірісі кіреді. Су жабдықтаудың жабық жүйесін химиялық кәсіпорындарда құруда келесі негізгі ережелерді қолдану қажет:

1) кәсіпорынның су жабдықтауы мен канализациясы біріңғай жүйе ретінде қарастырылуы қажет, ағынды сулардың тазалығы, оларды екінші рет қайта қолдануды қамтамасыз ету;

2) су жабдықтауда судың негізгі қайнар көзі болып тазарған ағынды сулар болуы қажет, ал таза сулар, яғни су тазалағыштан шыққан сулар белгілі бір мақсатқа сәйкес қолданылуы қажет;

3) ағынды суларды тазалауда технологиялық ерітінділердің регенерацияға жіберу қажет;

4) технологиялық ерітінділер мен суларды регенерациялық әдістерін қолдану қажет, бір уақытта бағалы компоненттерді қамтамасыз етеді және материалдық, энергиялық шығындарға қолдануға болады.

Ішкі технологиялық циклда су өндіріліп жатқан өніммен байланысқа түседі. Айналымдағы су локальды тазалағыш құралдарда жүзеге асады, олар технологиялық қондырғылардың жалғасы болып табылады. Локальды қондырғыларда ағынды сулар тазаланады, яғни тазаланбастан қайталанбалы немесе айналымды су жабдықтаушыға бағыттала алмайды. Бұл қондырғыларда ереже бойынша ағынды сулардан регенерациялық тазалау әдістерін қолданумен бағалы қоспалар шығады: шөгінделу, флотация, экстракция, ректификация, дистилляция, адсорбция;

 

Сурет 1.25. Ішкі технологиялық су айналу кестесі.

1- газ тазалау скруббері; 2- циркуляциялық насос.

 

Ішкі технологиялық су айналымы қосымша капиталды және эксплуатациялық шығынды талап етеді. Алайда бұл шығындар жалпы ортақ шығындарды суға дайындау және бағалы компоненттерді шығарумен есептелінеді.

Бақылау сұрақтары.

  1. Химиялық өңдеуде суды қолданудың негізгі бағыттары.

Мысал келтіріңіз.

  1. Химиялық өңдеуде су ресурстарын тиімді қолданудың негізін түсіндіріңіз.
  2. Су құбыры дегеніміз не, ол не үшін қолданылады?
  3. Техникалық қойылатын талаптар қандай?
  4. Техникалық суды даярлаудың негізгі операцияларын атаңыз
  5. Судың кермектілігі дегеніміз не, оны төмендету үшін не істелінеді?
  6. Ионды алмасу әдісін суды жұмсарту процесінде қолданудың негізі неде?



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1240; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.007 сек.