Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Туралау параметрлері




<Р> және <Н*> тәгтерінде қолданылады, олардың мәндері:

ALIGN=LEFT – сол жақ шетке жақындатып туралау;

ALIGN=RIGHT – оң жақ шетке жақындатып туралау;

ALIGN=CENTER – ортаға жылжытып туралау.

Туралау тәгтері

<LEFT>... </LEFT> – сол жақ шетке туралау;

<RIGHT>... </RIGHT> – оң жақ шетке туралау;

<CENTER>... </CENTER> – ортаға жылжытып туралау.

Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәгтері

<В>... </В> – мәтінді (сөздерді, әріптерді) қалыңдатылған қаріппен ерекшелейді.

<I>... </I> – мәтінді қисайтылған курсив қаріппен (Italic) ерекшелейді.

<U>... </U> – аралығындағы мәтіннің астын сызады.

<BLINK>... </BLINK> – аралығындағы мәтін жыпылықтап назар аудартып тұрады.

<FONT SIZE=+n>... </FONT>

<FONT SIZE=–n>... </FONT> – қаріп көлемін өзгертетін тәгтер.

<FONT COLOR="#OOOOFF>... </FONT> қаріп түсін өзгертетін тәгтер.

Сырғымалы жолдар тәгтері

< MARQUEE>...мәтін...< /MARQUEE > – сырғымалы жол жасайды. Оның параметрлері:

DIRECTION=left – мәтін оңнан солға қарай сырғи отырып жылжиды;

DIRECTION=right – мәтін солдан оңға қарай сырғиды;

BEHAVIOR= scrol – мәтін стандартты түрде оңнан солға қарай сырғиды;

BEHAVIOR=slide – мәтін стандартты түрде оңнан солға қарай бір-ақ рет сырғиды да тоқтайды;

BEHAVIOR= alternate – мәтін оңнан солға қарай, содан соң кері қарай, т.с.с. шексіз сырғи береді;

LOOP=n – сырғу саны LOOP атрибутының мәні n- мен шектеледі;

WIDHT=n – сырғымалы аймақтың ені n- мен шектеледі, ол пиксельмен (n) немесе терезе енінің пайызымен де (n%) көрсетіле береді;

SCROLLAMOUNT=n – жылжудың бір қадамында мәтіннің қанша пиксельге жылжитынын анықтайтын бүтін сан;

SCROLLDELAY=n – екі сырғудың арасындағы интервалды миллисе­кунд­пен көрсететін бүтін сан;

BGCOLOR=”#FFFFFFF” – сырғымалы жол аумағынбасқа түске бояу, түс ағылшынша атымен немесе он алтылық кодымен көрсетіледі;

HEIGHT=n – сырғымалы жол биіктігін пиксельмен (n) көрсету;

<FONT SIZE=n><MARQUEE>...мәтін... </MARQUEE></FONT> – сырғымалы жол мәтінінің қаріп мөлшерін, типін, түсін әдеттегідей өзгертуге болады.

Тізім жасайтын тәгтер

<OL>... </OL> – нөмірленген тізімнің басын, аяғын белгілейді;

<UL>... </UL> – белгіленген тізімнің басын, аяғын белгілейді;

<LI> – тізім элементтерін бастайды;

<DL>... </DL> ­ түсініктемелердің ( глоссарий) басын, аяғын белгілейді;

<DT> – сол жақ шетке жақын орналасқанглоссарий терминін сипаттайды;

< DD > – сол жақ шеттен оңға ығысып орналасқанглоссарий терминін сипаттайды.

Мәтіндік емес мәліметтерді орналастыру тәгтері

<IMG SRC ="file.gif '> немесе <IMG SRC ="file.jpg"> – графикалық бейнелерді енгізу командасы.

<IMG SRC ="file.wav"> – дыбыстық фрагментті енгізу командасы.

<IMG SRC ="file.avi"> – бейнелік фрагментті енгізу командасы.

Графикалық бейнелерді енгізу тәгтерінің параметрлері

WIDHT=n – суреттің пиксельмен берілген ені.

HEIGHT=n – суреттің пиксельмен берілген биіктігі.

ALIGN – суретті туралау (ALIGN=LEFT – сол жақ шетке туралау, ALIGN=RIGHT – оң жақ шетке туралау, ALIGN=TOP – жоғарғы жаққа мәтін жолын туралау, ALIGN=BOTTOM – төменгі жаққа мәтін жолын туралау, ALIGN=MIDDLE не CENTER – мәтін жолын ортаға туралау).

HSPACE=n – графикалық бейнеден көлденең (горизонталь) бағытта қалдырылатын бос кеңістік (пиксель)

VSPACE=n – графикалық бейнеден тік (вертикаль) бағытта қалдырыла­тын бос кеңістік (пиксель)

ALT=”мәтін” – сурет шығарылмағанда көрсетілетін балама мәтін.

Басқа HTML-құжаттармен және Интернет мәліметтерімен гипербайланыс (гиперсілтеме) жасау командалары

<А HREF="fail.htm">... </А> немесе

<А HREF="http://www. kbtu.edu.kz">... </А> – гиперсілтеме жасау.

<ADDRESS><A HREF=mailto: [email protected]> [email protected] </ADDRESS> – электрондық пошта адресімен гипербайланыс жасау

Кестелер

<TABLE>... </TABLE> – HTML-құжатқа кесте енгізу тәгі, оның параметрлері:

BGCOLOR=”GREEN” – фон түсі, ағылшынша сөзбен немесе он алты­лық кодпен беріледі;

BORDER=n – жақтау (бордюр) сызығы ені, пиксельмен беріледі;

WIDHT=n – кесте ені, пиксельмен немесе пайызбен беріледі.

Кесте жасау тәгтері

<CAPTION>... </CAPTION> – кесте тақырыбы, оның параметрі VALIGN=TOP – кесте алдындағы тақырып және VALIGN=BOTTOM – кесте соңындағы тақырып.

<TR>... </TR> – кесте жолы, яғни бір қатары. Мынадай параметрлері болуы мүмкін: BGCOLOR – жолдың ішкі фоны түсі; ALIGN=LEFT, RIGHT, CENTER – жол мәтіндерін көлденең туралау; VALIGN=TOP, BOTTOM, MIDDLE – жол мәтіндерін тік бағытта –вертикаль туралау.

<TD>... </TD> – кесте бағанасы. Оның параметрлері BGCOLOR – бағананың ішкі фоны түсі; ALIGN=LEFT, RIGHT, CENTER – бағана ішіндегі мәтінді көлденең туралау; VALIGN=TOP, BOTTOM, MIDDLE – бағана ішіндегі мәтінді тік бағытта туралау; COLSPAN – бірнеше бағананы біріктіру, ROWSPAN – бірнеше жолды біріктіру.

<ТН>... </ТН> – бағана тақырыптары. Оның параметрлері BGCOLOR – осы бағананың ішкі фон түсі; ALIGN=LEFT, RIGHT, CENTER – көлденең туралау; VALIGN=TOP, BOTTOM, MIDDLE – вертикаль туралау; COLSPAN, ROWSPAN – бірнеше бағананы және жолдарды біріктіру; WIDHT – тақырып ені.

Фреймдер жасау тәгтері

Фреймдер немесе кадрлар терезені бірнеше бөліктерге бөліп, олардың әрқайсысында жеке web-құжаттар орналастырады.

<FRAMESET>... </FRAMESET> – фрейм жасау тәгтері. Оның параметрлері:

COLS – экранды бірнеше бағаналық (вертикаль) фреймдерге бөледі.

ROWS – экранды бірнеше қатар түріндегі (горизонталь) фрейм жолдарына бөледі.

BORDCOLOR – фреймнің жақтау сызығы түсі

ВОRDER – жақтау сызығы (бордюр) ені

FRAMEBORDER – жақтау шекарасы сызығы (FRAMEBORDER=YES – шекара сызығы бар, FRAMEBORDER=NO – шекара сызығы жоқ, FRAMESPACING=n – шекара сызығы ені)

<FRAME> – фреймді сипаттау тәгі (<FRAME SRC='file.htm">). Оның параметрлері:

SCROLING – жылжыту жолағын реттеу параметрі:

SCROLING=YES – жылжыту жолағы көрсетіледі

SCROLING=NO – жылжыту жолағы көрсетілмейді

SCROLING=AUTO – жылжыту жолағы қажет болғанда ғана көрсетіледі

MARGINWIDHT және MARGINHEIGHT – фрейм ішіндегі суреттерді ығыстырып орналастыруға қажет параметрлер

NORESIZE – фрейм көлемінің өзгертілмейтінін көрсететін параметр.

<A HREF="file.htm" TARGET="frame2"> file.htm</A> – фреймдер арасында байланыс жасау

TARGET – фреймдер арасында байланыс жасау атрибуты, оның бірнеше мәндері бар:

_BLANK – сілтеме көрсетіп тұрған парақты жаңа бос терезеге жүктеу;

_SELF – сілтеме көрсетіп тұрған парақты сол сілтеме тұрған терезеге жүктеу;

_PARENT – сілтеме көрсетіп тұрған парақты фреймдерді ашып тұрған негізгі терезеге жүктеу;

_ТОР – сілтеме көрсетіп тұрған парақты фреймдер құрылымы біріктірілген толық терезеге жүктеу.

Фреймдерді көрсету қабілеті жоқ броузерлер үшін:

<FRAMESET>

...Мұнда фреймдер орналасады...

</FRAMESEТ>

<NOFRAMES>

<BODY>...Мұнда фреймсіз мәтін орналасады...

</BODY>

</NOFRAMES>

Фреймдерді көре алмайтын тұтынушылар үшін арнайы тәг ішіне түсініктеме мәтін беріледі.


2-ҚОСЫМША. ҚҰЖАТТАРДАҒЫ ТҮСТЕР ЖӘНЕ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Web-құжаттарын безендіру кезінде атрибуттар мәндері ретінде әр түрлі объектілердің көлемдері мөлшерлерін көрсету керек және де объектілер элементтерінің түстерін анықтау қажет болады. HTML ортасында түстер мен өлшем бірліктерін анықтаудың стандартты ережелері бар. Түстерден бастайық.

Түстерді екі түрлі тәсілмен беруге болады: код арқылы және ағылшын тіліндегі түс атауын жазу жолымен (black, yellow, т.с.с.). Көбінесе түс мәні он алтылық RGB-кодтарымен беріледі. Кез келген түсті негізгі үш түс арқылы – қызыл, жасыл, көк түстерді белгілі бір мөлшерде араластыра отырып алуға болатынын текемет басатын, кілем тоқитын әжелеріміз ертеден-ақ білген болатын. Осы үш түсті пропорция бойынша аралас­тыра отырып, компьютер экранында 16 миллионнан аса табиғи түстер­ді бейнелеуге болады екен. Мұндай көп түс түрлері негізгі түс мәндері­нің әрқайсысының мөлшерін 0-ден 255-ке дейінгі ондық сандар аралы­ғында (немесе 00-ден FF-ке дейінгі он алтылық сандар аралығында) өз­гер­ту жолымен алынады. Сонымен түстер # таңбасынан басталатын алты разрядты он алтылық сандармен өрнектеледі, оның алғашқы екі разряды – қызыл, келесі екі разряды – жасыл, соңғы екі разряды – көк түс мөлшерлерін бейнелей­ді. Мысалы, color="#FF0000" қызыл түсті көрсетеді, яғни олар “#RRGGBB” түрінде беріледі, мұндағы RR – қызыл түстің он алтылық мәні, GG – жасыл түстің, ал BB – көк түстің он алтылық мәні. Web-палитраға кіретін 216 негізгі түстер алдын ала анықталған алты кодтың өз деңгейлеріне байланысты комбинациялық араласуынан шығады: 00, 33, 66, 99, CC, FF. Төмендегі кестеде түстер палитрасын пайдалану кезінде қолданылатын негізгі 20 түстің RGB форматындағы кодтары берілген,

Негізгі түстердің RGB форматында жазылу кодтары

Түс 16-­лық коды Түс 16-­лық коды
Қара – Black #000000 Жасыл – Green #008000
Күміс түсті – Silver #С0С0С0 Ақжасыл – Lime #00FF00
Сұр – Gray #808080 Олив түсті – Olive #808000
Ақ – White #FFFFFF Сары – Yellow #FFFF00
Қызылқоңыр – Maroon #800000 Қаракөк – Navy #000080
Қызыл – Red #FF0000 Көкшіл – Blue #0000FF
Күлгін – Purple #800080 Көкжасыл – Teal #008080
Қызғыш – Fuchsia #FF00FF Толқын түсті – Aqua #00FFFF
Қоңыр– Brown #996633 Қызғылтсары – Orange #FF8000
Көкжасыл – Azure #00FFFF Қызылкөк– Violet #8000FF

Енді ұзындықты өлшеу бірліктерін қарастырайық HTML тілінің ережелеріне сәйкес web-құжат объектілерінің көлемі екі тәсілмен көр­сеті­леді. Ұзындық нақты пиксель (экранның ең кіші нүктесі) мәнімен немесе негізгі аналық объект (терезенің) көлемінің пайызымен анықта­лады. Егер бір кесте жасап, оның енін 50% деп жазсақ, онда ол броузер терезесінің 50 пайызын алып тұрады. Ал егер кесте бағанасының ені пайыз­бен берілсе, ол осы бағана орналасқан кестенің жалпы енінің не­ше пайызын құрайтынын көрсетеді. Жалпы көрсетілген ұзындық тере­зе көлемі өзгертілген сәтте ішкі көлем сәйкестіктерін толық сақтап оты­­руы тиіс. Объект мөлшерін пиксельмен нақты көрсету кезінде алыс­тағы тұтынушы компьютерінің сипаттамаларының (экрандағы пиксельдер саны) әр түрлі болатынын есепке алып отыру қажет.

Белгілі бір элементтің көлемін пиксельмен беру кезінде оның мүмкін болатын ең кіші мәнін алған дұрыс. Егер бір объектінің ені отыз пиксель болатын болса, оны былайша жазып көрсету керек:

width="30"

Ал оның ені негізгі объекті енінің отыз пайызын құрайтын болса, онда былайша жазу қажет:

width="30%"

Бұл екі тәсілден бөлек тағы бір тәсіл қолданылуы мүмкін. Біз алдыңғы бір көрсетілген пиксельдер мәнін бірнеше есе үлкейтіп пайдалана аламыз. Мысалы, үш жолдан тұратын кесте тұрғыздық делік. Кестенің биіктігі әйтеуір бір тәсілмен тағайындалған болсын. Енді әрбір жолдың биіктігі отыз пиксельге еселеніп (30, 60, 90,...) берілуі қажет болса, онда әрбір жолды құратын тәгтер параметрлері ретінде мынадай мән жазуымыз керек:

height="3*"

Ұзындық мөлшерінің еселеніп өзгеру белгісі “жұлдызша” (*) символымен көрсетіледі. Жаңа мән есептелуі кезінде жұлдызшаның сол жағындағы сан онға (жиырмаға, отызға,...) көбейтіледі. Броузер осындай объектілерді барынша үлкейтіп бейнелеуге тырысады. Егер кестенің жалпы биіктігі 180 пиксель болатын болса, онда әрбір жол биіктігі 60 пиксель болып тағайындалады. Кесте биіктігі 200 пиксель болса да, осы мәндер алынып, 20 пиксель пайдаланыл­май қалады. Егер жолдар биіктігі бірдей болуы керек болса, онда height="*"

болып жазылады. Егер атрибутта екі мән көрсетілетін кездерде, олардың біреуі “жұлдызша” таңбасымен жазылса, онда ол объектінің алғашқысынан қалған бөлігін алып тұрады деген ұғымға сәйкес келеді. Мысалы, фреймдердегі:

cols=”30,*”

деп жазылған атрибут екі бағана түріндегі фрейм ашылып, оның алғашқысының ені 30 пиксель, ал екіншісі терезенің қалған бөлігін алып тұратынын көрсетеді. Жалпы алдын ала келісім бойынша да, мән көрсетілмеген жағдайда осы тәсіл қабылданған.

 

 




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1081; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.036 сек.