Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница




Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз ету логистиканың компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып, дайын өнім өндіруде жүйеге енуде сапасын анықтайды.
Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар, материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық (кесуші немесе есептеуші құрал), жаңа көлік құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, мұнай, газ, энергия, су т.б. Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде түсіндіретін барлығы өндіріс материалдық – техникалық қамтамасыз ету элементтері жатады.Өндірістік кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субьектілер тобын айтады.Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу керек.

Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы кәсіпорынның қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Транспорттық операциялар өндірістік операцияның маңызы құрамдық бөлігі болып табылады. Жүк тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.

Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс өндірістік кәсіпорынның материалдық-техникалық жабдықтау мен оның технологиясын талдау жайлы болмақ.

Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынды материалды-техникалық қамсыздандырудың рөлін бағалау және жетілдіру, қызмет көрсету шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру және оның өнімінің сапасын жақсарту және экспортқа шығару, жылдам дами беретін ғылыми-техникалық революцияның нәтижелерін пайдалана отырып ел экономикасын дамыту болып табылады.

 

I.Кәсіпорында материалды – техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың экономикалық мәні

1.1.Кәсіпорындаматериалды–техникалыққамтамасызетумақсаттары мен қызметтері

Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз ету логистиканың компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып, дайын өнім өндіруде жүйеге енуде сапасын анықтайды.Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар, материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал – жабдықтар және технологиялық (кесуші немесе есептеуші құрал), жаңа көлік құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, энергия, су т.б. Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде түсіндіретін барлығы өндіріс материалдық – техникалық қамтамасыз ету элементтері жатады.Кәсіпорынның өндірістік және нарықтық байланыстары. Қазіргі нарықтықкезеңдерінде кәсіпорынның негізгібуын болып саналады.Өндірістік кәсіпорын болып өндірістік-техникалық бірліктерден тұратын ұйымдастыру - әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын өз бетінше жүргізе алатын өндірістік бірлік саналады.

- Кәсіпорынның өндірістік-техникалық бірлігі деп белгілі бір аумақта өнім өндіруге қажетті өндіріс құралдарының топтастырылуын айтады.

- Кәсіпорынның ұйымдастыру жұмыстары құрал-жабдықтарға деген меншік түрін анықтаумен қатар, жұмыскерлер ұжымын құру және ұйымдастыру, сыртқы-экономикалық байланыс қызметін қамтиды.

-Кәсіпорынның шаруашылық жұмыстары алдын ала анықталған өндірістік бағдарламаны орындау барысында ҚР-ғы бекітілген заңдарға сәйкес, өз бетінше жұмыс істеуін және әлеуметтік бағыттылығын көрсетеді.ҚР-да кәсіпорын иесі болып оның азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, олардан құралған заңды тұлғалар.

Өндірістік кәсіпорын дегеніміз - өнім өндіру және қызмет түрлерін халыққа көрсету арқылы тұтынушылықты қанағаттандыру және табыс табуды мақсат тұтқан кәсіпкерлер немесе олардың бірігуінен құралған жеке немесе дербес шаруашылық жүргізуші субьектілер тобын айтады.Кәсіпорынның басты мақсатына халықтың тұтынушылығын қанағаттандыру және табыс табу жатады.

Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары:

- технология бойынша нарықта жетекші орынды иелену;

- кәсіпорын бөлімшелерін қажетті сапа және көлемде ресурс түрлерімен қамтамасыз ету;

- өз өнімдері үшін нарықтың көп үлесін жаулап алу;

- ресустарды тиімді пайдалану - өндірісті еңбекті жақсарту, қор қайырымдылығы, өнімді өндірудің ұзақтық циклын қысқарту, айналым қорларының айналымдылығын азайту, қайталама ресурстарды толық пайдалану, инвестицияның тиімділігін арттыру;

Басты мақсатқа жету үшін кәсіпорын бірқатар міндеттерді шешуге тырысады:

- қандай тауар немесе тауарлар номенклатурасын өндіру және сату керек

- бұл тауармен қандай нарықтарға шығу керек және нарықта өз позицияларын қалай нығайту керек

- өндірістің қолайлы технологиясын қалай таңдау керек

- қандай материалдарды алу және оларды қалай қолдану керек

-қолда бар қаржы ресурстарын қалай бөлуге болады

- өндірілетін өнім, оның сапасы, өндіріс тиімділігінің техникалық сипаттамалары бойынша кәсіпорын қандай көрсеткіштерге жету керек.

Егер кәсіпкерліктің ұжымдық түрін таңдаса онда кәсіпорын бойынша жауапкершілікті серіктестерімен бөліседі. Кәсіпкерге өндірістік және қойма үйлерін, құрал-жабдықтарын, станоктар мен құрал-саймандар, шикізат пен материалдар, жартылай фабрикаттар, коплект бұйымдарын дайындау, жұмыс күшін тарту қажет болады. Жылдам дами беретін ғылыми-техникалық революциясының нәтижелерін пайдалану, экономиканы дамытудың жинақтылығы, мамандандыруды тереңдету және қоғамдық еңбек кооперациясын кеңейту, бір мезгілде халықтың игілігін арттыра отырып материалдық-техникалық база құрудың негізгі байланысы нарықтық экономиканың маңызды ерекшеліктері болып табылады.

Осыған байланысты тарату процесстерін жоспарлау және ұйымдастыру жүйесінде және өндірістің қаржы айналымында елеулі өзгерістер орын алды: өнімдерді таратудың және айырбастаудың салааралық функциялары едәуір күшейді және өндірістің қаржы айналымы саласын басқаруда ұйымдастырушылық және методологиялық бірлікті әрі қарай нығайту қажеттігі едәуір байқалды.

Халық шаруашылығының барлық салаларының материалдық ресурстарға деген сұранысын анықтау тәсілі, негізінен ұзақ мерзімді перспективаға, түпкілікті өзгерді, бұдан ғылыми негізделген нормативтік базаның ролі едәуір артты.Жоспарлаудың баланстық әдісіне негізінде жаңа талаптар туындады, бұл материалдық баланстар жүйесінің және олардың аумақтық, салалық және халық шаруашылық резервтердегі салааралық және тиімді баланс аралық негізгі байланысын бұдан да гөрі толығырақ өзара үйлестіру үшін туындады.

Өндірісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің жинақтылығына қойылатын талаптар көбейді (көбінесе шикізаттардың, материалдардың, отын мен жабдықтардың прогрессивті түрлеріне), өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді шапшаң енгізуге байланысты өндірістің динамикалық жағдайына толығырақ сәйкес келетін жабдықтаудың икемді формаларын дамыту қажеттігі өсті.

Өндіріс қаржысының айналымы саласының өзіне техникалық прогресс жасауға, жабдықтау және сату органдарының материалдық-техникалық базаларын қайта жарақтандыруға, қаржы айналымы саласындағы кәсіпорындарда еңбек өнімділігін шұғыл көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған қойма кешендерін құруға және қоймаларды өнімдермен жабдықтауды уақытында оны өндірістік тұтыну циклымен тікелей байланыстыруға негізінен жаңа тәсіл қолдану қажет болды.

Экономикалық-математикалық аппараттарды, қазіргі заманғы электронды-есептеу және ұйымдық техникаларды қолдана отырып, жабдықтауды және сатуды басқарудың ғылыми әдіс-тәсілдерін енгізуге қойылатын талаптар анағұрлым өсті.

Бірлестіктің өндірістік бірліктерін, цехтарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді басқару кәсіпорындар мен ұйымдарды жабдықтауды ұйымдастырудың құрамдас бөлігі болып табылады.Зауыт ішіндегі жабдықтау процессіне өндірістік бөлімшелердің материалдық құндылықтарды босату жоспары, оларға шикізатты, материалдарды, сатып алынған бұйымдарды жеткізуді ұйымдастыру және беру кіреді, сонымен бірге материалдық ресурстар шығынын есепке алу, оларды пайдалануды бақылау және талдау жасау кіреді.Зауытішілік жабдықтауды жоспарлау, негізінде, өндірістің материалдармен қоректенуін лимиттеу жолымен жүзеге асырылады. Цехтарды жабдықтауды лимиттеу материалдарға, сатып алынған бұйымдарға деген нақты мұқтаждықты аяқталмаған өндірістің көлемі мен құрылымын ескере отырып анықтауға мүмкіндік жасайды.Есептеу кезінде жоспарланған мерзімге арналған өнім шығару жөніндегі өндірістік тапсырмаға және әрбір номенклатуралық позиция бойынша өткен мерзімдегі жоспардың нақты іс жүзіндегі орындалысына сүйене білу қажет. Бұл жағдайда материалдардың жоспарланған және нақты қағаз жүзіндегі қалдығы ескеріледі.Жабдықтаушы-сатушы ұйымдардағы жабдықтау процессін басқару сапасының артуына, олардың тұтынушыларға көрсететін қызметтерінің ұлғаюына байланысты бұл ұйымдардың базасынан, жалпызауыттық қоймаларға соқпай-ақ, тікелей кәсіпорын цехтарына материалдарды орталықтан жеткізужүйелі түрде кеңейеді. Тұтынушыларға қызмет көрсетудің бұл формасы өндірісіне бұқаралық сипат тән және тұтынатын материалдардың тұрақты номенклатурасы тән кәсіпорындарды жабдықтау кезінде қолданылады. Бұл өндірістік запастарды едәуір азайтуға, тиеу-түсіру жұмыстары мен қойма операцияларына жұмсалатын тұтынушылар шығындарын азайтуға мүмкіндік береді[1].

 

1.2. Материалдық жағынан қамтамасыз етуді жоспарлау

Жоспарлау және оперативтік реттеу жабдықтау жоспарларының жүйелі түрде анықталып отыратынына байланысты және мұнда іс жүзінде пайда болатын нақты жағдайлар ескеріледі. Материалдық-техникалық базаларды жоспарлауды және реттеуді неғұрлым тығыз байланыстыру үшін көптеген кәсіпорындарда үздіксіз оперативті-күнтізбелік жоспарлау жүйесі қолданылады.Өндірісті қамтамасыз етудің бөлек алдын ала және оперативті баланстары жасалатын жоспарлаудың дискреттік әдісінен айырмашылығы, бұл жүйе жабдықтауды басқару процессінің барлық элементтерін үздіксіз байланыстыра алады: материалдық ресурстарға қажеттілікті анықтау, оларды бөлу, қорларды сатуға және материалдардың шығындалуына т.б. бақылау жасау.Сонымен, нақты өндіргіш жағдай ескеріліп, өнімдерді сырттан әкелу жоспарларын үздіксіз анықтау, запастардың мөлшерін анықтау жүзеге асады, бұл жабдықтаудағы ол қылықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Материалдық-техникалық жабдықтаудың үздіксіз жоспарлау процессі айлық (тоқсандық) өндіру бағдарламасын орындауға қажетті материалдардың, ауыспалы запастарды жасауға керекті, аяқталмаған өндірісті толтыруға қажетті материалдардың ерекше сұраныстағы есебін қарастырады; кәсіпорынға сырттан әкелінетін материалдардың жоспарын жасауды, материалдық ресурстарға бөлінген қаржы қорларының жүзеге асуын есепке алуды қарастырады.Цехтарды материалдармен жабдықтауды жоспарлау және реттеу.

Материалдық-техникалық жабдықтауды оперативті-үздіксіз жоспарлаудың негзгі формасы мен әдісі болып материалдардың (жинақтаушы бұйымдардың) бәсекелестік атаулары жөніндегі карта-баланс есептеледі.Карта-балансқа материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлауға қажетті бастапқы мәліметтер ғана кірмейді, сонымен бірге олардың тоқсандар және айлар бойынша жасалған жоспарлары бар бүкіл жыл бойындағы өзгерістері кіреді. Онда барлық негізгі жоспарлар мен есептік көрсеткіштер шоғырландырылған, бұл жұмыскерлерді жабдықтау қызметінен босатады, өндірісті жабықтаудың бір немесе бірнеше мәселелерін шешкен кезде сансыз көп нормативтерді, жоспарлы және есептік құжаттарды үнемі атқара бермеу қажеттілігенен босатады [2].

Қаржықорларынигеру;

· Тапсырыснемесекелісім-шартбойыншаалынадыдепқарастырылған;

· Нақтыісжүзіндегітүсірілгенжүк;

· Жылбасынанберіигерілгенқаржықорларыныңнәтижесі;

· Материалдардың оймаданбосатуғабелгіленгеншек (лимит);

Лимиттіңөзгеруі:

· Аяқталмағанөндірістітолықтыруға;

· Жоспардыартығыменорындауға;

· Ақаулардыңорнынжабуға;

· Өзге де өзгерістер;

· Өзгерістерескерілген лимит;

· Қоймаданнақтыберілгені;

Өндірісті материалдармен қамтамасыз ету есебі тәулік-позициялармен жүргізіледі. Бұл кәсіпорынның аталған материалмен қандай мерзімге дейін қамтамасыз етілгенін, қанша және қандай уақытқа дейін әкелу қажет екенін дәл анықтауға мүмкіндік береді.Өндірістің тәулік – позицияларда қалай қамтамасыз етілгенін анықтау үшін (карта баланстың артқы теріс беті), зауытқа түскен материалдардың мөлшері орташа тәуліктік мұқтаджыққа бөлінеді. Мысалы, 15-ші наурыздағы жағдай бойынша, зауыт (жыл басынан бастап) 18 ХГТ маркалы 60 щеңбермен 80 тәулікке қамтамасыз етілген (10-бағана); 15-ші наурызда бұл профильден 26 т. түсті. Орта тәулікітік мұқтаждық 2 т. болғанда, өндіріс тағы 13 тәулікке қамтамасыз етілетін болады және бұл профильмен қамтамасыз етілу 93 тәулікті құрайды (3-ші сәуірге дейін).Осылайша материалдарды жөндеу-эксплуатациялық мұқтаждыққа, басқа жаққа және тағы басқа босатқан жағдайда негізгі өндірістің қамтамасыз етілуінің азаю шамасы анықталады.Жабдықтаудағы үздіксіз оперативтік-күнтізбелік жоспарлау жүйесінің маңызды элементі болып, өндірістік бағдарламаны қамтамасыз етудің картотека-графигі саналады. Оның көмегімен өндірісті бәсекелес материалдармен қамтамасыз етуді көрнекі түрде көріп қана қоймай, бөлінген қаржы қорларын игерудің барсын да айқын көре аламыз [3].

 

1.3.Материалды – техникалық қамтамасыз етудің құрылымы мен бөлімдерінің міндеттері

Материалды – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай блоктардан тұрады:

· ресурстарды жеткізу маркетингі;

· өндірісті ресурспен қамтамсыз етуді нормалау және жоспарлау;

· запастарды басқару;

· жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету;

· ресурстарды тиімді пайдалануды басқару;

Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына, ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және басқаларды белгілеп алу керек.Баланстарды толтырудың бірыңғай методологиясы өндірісті материалдармен қамтамасыз етуге байланысты барлық мәселелер шешімін жасауға, жоспарлау әдісінде бірінғай құрылуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Барлық бөлімдірден топтастырылған картаның көрсеткіштері:

- Бірінші бөлім өндірістік бағдарламаны орындауға қажетті материалдық ресурстар мұқтаждығының көрсеткіштерінен, қоймадағы ауыспалы запастарды жасауға қажетті және аяқталмаған өндірісті толықтыруға қажетті материалдық ресурстар мұқтаждығының көрсеткіштерінен тұрады. Онда материалдардың нақты іс жүзіндегі қалдығы және жинақтаушы бұйымдардың әр айдың бірінші күніне қалған, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің жыл басына қалған қалдықтары туралы мәлеметтер бар (тиісті материалдарға аударыла отырып). Бұл бөлімде нақты іс жүзіндегі наряд бойынша бөлінген материалдық ресурстар туралы мәліметтер ескрілген (1-8 жолдар).

- Картаның екінші бөлімінде материалдық ресурстармен қамтамасыз етілудің нақты іс жүзіндегі көрсеткіштері бар (9-10 жолдар), бұл көрсеткіштердің үздіксіз жасалған есебі өндірістік бағдарламаның таяуырағы перспективада (ағымдағы тоқсан, жартыжылдық) қалай қамтамасыз етілгенін күнделікті көріп, біліп отыруға мүмкіндік береді.

- Үшінші бөлім — өндіріс жоспарлары мен жабдықтау жоспарларын орындау процессінде пайда болған ресурстар мұқтаждығының өзгерісі (11-17 жолдар).

- Төртінші бөлім – наряд бойынша бөлінген қаржы қорларын игеру барысы (18-20 жолдар).

- Бесінші бөлім – зауытқа түскен материалдық ресурстарды пайдалану, цехтарға берілген лимиттерді өзгерту, қоймадан нақты қағаз жүзінде алынған материалдар мен жинақтаушы бұйымдар (21-28 жолдар).

- Алтыншы бөлім – айдың басында қоймаларда қалған материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың нақты қағаз жүзіндегі қалдығы (29 жол).

- Жетінші бөлім (артқы беті) – материалдардың зауытқа түсуін ескереді; олардың басқа жаққа босатылуын жөндеу-эксплуатациялық мұқтаждыққа, стандартты емес жабдықтарды жасауға босатылуын және т.б. ескереді, және ең соңында негізгі өндірістің қамтамасыз етілуін ескереді. Бұл бөлімнің мәліметтері қойма есебінің негізінде толтырылады[4].

 

 

1.4 Транспорттық шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру

Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы кәсіпорынның қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Транспорттық операциялар өндірістік операцияның маңызы құрамдық бөлігі болып табылады. Жүк тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді, еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.

Транспорт және қойма шаруашылығын: транспорт-қойма цехтары мен участоктарын бірыңғай қызмет аясында біріктіру кәсіпорындардағы материалдардың толассыз ағынын ұйымдастыруды жақсартудың және осы ағындарды басқаруды жақсартудың маңызды шарты болып есептеледі.

Бұл бөлімше жалпы зауыттың тиеу-түсіру, транспорт және қойма жұмыстарын орындау кезіндегі технологиялық процесстер бірлігін қамтамасыз етуге ең төменгі еңбек шығындары кезіндегі материалдардың толассыз ағынын ұйымдастыруға жұмылдырылған. Соңғысы қосымша жұмыстардағы еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді

өндірістік өнеркәсіптер әртүрлі транспорттық қондырғыларын қолданады. Олардың құрамы өдірістің типіне және масштабына, шығарылатын өнімге, технология мен цехтардың орналасуына байланысты болады. Қызмет түріне байланысты траспорт келесі түрлерге бөлінеді: темір жол, өзендік, автомобилді, авиациялық, механикалық, құбыр өткізгішті, пневматикалық және т.б.әрекетінің сипатына байланысты транспорт үзіліссіз және жиілігі бойынша жұмыс істейді.Жасалатын жұмыстардың түрлеріне байланысты олар келесіге бөлінеді:

· цех аралық транспорт, ол өнеркәсіп территориясы бойынша цехтар мен қоймалар арасында жүктерді тасымалдауға арналған;

· цех ішіндегі трранспорт, технологиялық процестің орындалу қызыметіне байланысты жұмыс орындар мен аспаптар арасында еңбек қондырғларын тасымалдау. өнеркәсіптіңтранспорттық қызыметінұйымдастыру дегеніміз транспорттық шаруашылығының жұмысындарезервтарды қолдану және анықтауға ағытталған траспорттық жұмысшылар еңбеі мен жүк ағындарын, траспорттың тиімді жәнерационалды жұмысын, олардың сапалық көрсеткіштерін көбейтуді көрсететін шаралар жүйесін айтамыз.Ірі және орташа өнеркәсіптерде траспорттық шаруашылықты траспорттық бөлім басқарады. Олар тасымалдау мен жүктерді тию мен түсіру жұмыстарының көлемін жоспарлайды, тасымалдау құрылыстарын пайдалануды басқарады, траспорттың және тасымалдау жолдарының жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады, жасалған жұмыс көлемін есептейді және өндірістік-шаруашылық әрекетілігінің нәтижелерін талдауды. Оның құрамында траспорттық қондырғылар түрлері бойынша арнайы цехтар орналасқан.Траспорттық шаруашылықтың жұмыстарының жоспарын жасау келесі анықтау негізінде жүргізіледі:

а)жоспарлы номенклатура мен топ бойынша жеткізілген жүктердің санын ескеру;

ә)жүктерді тию және үсіру жұмыстары бойынша пунктар арасында ішкі өнеркәсіптерде жүктің тасымалдануы;

б) түрлері ойынша траспорттық қондырғылардың қажеттілігі;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 3871; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.011 сек.