Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница. в)механизацияланған және қолмен жұмыс істелінетін жұмыстарды бөлу арқылы жүктерді тию мен түсіру




в)механизацияланған және қолмен жұмыс істелінетін жұмыстарды бөлу арқылы жүктерді тию мен түсіру жұмыстарының көлемі.

Траспорттардағы негізгі жоспарлы бірліктеріне келесілер жатады:

· жүктер ағаны – екі таратқыш пунктар арасындағы уақыт бірлігінде тасымалданатын жүктердің көлемі;

· жүктердің айналымы – белгілі уақыт ішінде өнеркәсіптің ішінде тасымалданатын жүктердің көлемі [5].

Сыртқы жүк айналымын жопарлау кезінде материалды-техникалық қамтамасыз ету жоспарларын, сонымен бірге өндірстің қалдықтарын шығару жөнінде соңғы жылдардың есептік мәліметтерін қолданылады.Ішкі жүк айналым жоспары өнеркәсіп пен оның цехтарының өндіріс жоспарына, материалды-техникалық қондырғыларды кіргізу жоспарына, жоғарғы монтажды жұмыстар көлеміне және қондырғыларды тасымалдаудың жалпы арақашықтықарына, жұмыс орындарына жұмысшыларды тасымалдау көлеміне және т.б. негізделген. Өнеркәсіптердің ішінде тасымалдау жұмыстарын орындау үшін траспорттық қондырғыларында қажеттілігі жүк ағындарына байланысты анықталады. Жүк ағыны үшін траспортты қондырғылардың тәулдік қажеттілігі келесі формула бойынша анықталады:

А=Qt/qТRR (1)

мұндағы, Q – тасымалдаудың тәуліктік көлемі, т;

q – транспорттық қондырғылардың номиналды жүк көтергіштігі, т;

T – бір тәулік ішінде тасымалдау жұмыстарының уақыты, сағ;

R – траспорттың жүккөтергіштігін ескеретін көрсеткіш (R = 0,74÷0,9);

R' – жұмыс күні ішінде әртүрлі қызыметтерді және жанармаймен толтыру уақытын ескеретін көрсеткіш (.R'= 1,1÷1,5);

t– траспорттың бір рейсіне кететін уақыт; сағ;

t=l/υ+l/υ+tп+tр (2)

мұндағы, l– белгілі орынға дейінгі жолдың ұзақтылығы, м;

υ, υ' – жүкпен немесе жүксіз машиналардың жылдамдығы, м/мин;

tп, tр – жүктерді тиюжәне түсіру жұмыстарына кететін уақыт, мин.

Жүктерді тассымалдау жоспарының тиімді нұсқасын анықтау мақсатында тұтынушыларды өнімдермен қамтамасыз ету үшін тиімді жолды таңдауға көрсететін экономикалық-математикалық әдістер қолдану кеңінен қолданылды[6].

 


II.«ҚазМұнайГаз» кәсіпорынының материалды – техникалық қамсыздандыруға қызмет көрсету шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру

2.1.«ҚазМұнайГаз» компаниясыныңматериалды-техникалықжабдықтауды ұйымдастыру.

«ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ Президентінің 2003 жылғы 14 наурыздағы № 80 бұйрығына сәйкес құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 100% еншілес кәсіпорны болып табылады.Компанияны болашақ дамуы халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы өсуінің ұзақ мерзімді стратегиясын айқындайды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. Акцияларының 100%-і «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясын және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру арқылы құрылды.

Компания міндеті – ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан Қазақстан Республикасы үшін барынша көп пайданы қамтамасыз ету:

• Компанияның құнын барынша арттыру, табыстылығын арттыру, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

• халықаралық нарықта бәсекеге қабылетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы ретінде қалыптасу;

• отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерді қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.

«ҚазМұнайГаз» - өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін халықаралық сыныптағы жоғары тиімді мұнай-газ компаниясы.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай мен газды барлау және өндіру, газ тасымалдау және маркетинг, мұнай тасымалдау, мұнай өңдеу, мұнай-химия және мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі секторларында интеграцияланған өсу, сондай-ақ мұнай-газ саласына арналған сервистік қызметтер секторында стратегиялық маңызды активтерді іріктеп дамыту стратегиясын жүзеге асыратын болады.«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мақсаты — 2015 жылға қарай әлемнің отыз ірі мұнай-газ компанияларының қатарына кіру.«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі мәні ретінде мыналар белгіленген:

· мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;

· республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеруді қамтамасыз ету;

· мұнай және газ ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және одан әрі арттыру стратегиясын әзірлеуге қатысу;

· келісім-шарттарға міндетті үлестік қатысу арқылы мұнай- газ операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;

· Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ операцияларына арналған байқаулар ұйымдастыруға қатысу;

· корпоративтік басқару және көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай-газ құбырларын және мұнай-газ кәсіпшілігі инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша мониторинг;

· заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының мұнай-газ операцияларын жүзеге асыру жөніндегі ішкі және халықаралық жобаларына қатысу.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%,газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын «ҚазТрансОйл» АҚ, газ тасымалын «ҚазТрансГаз» АҚ, танкерлік тасымалдарды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жүзеге асырады.«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобы бойынша 2013 жылы мұнай мен газ конденсаты өнімінің шоғырландырылған көлемі 22 млн (1 сурет). 630 мың тоннаны құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 5,8%-ға артқан.Қазақстанда өткен жылы 81,8 млн. тонна мұнай өндірілгенін есепке алғанда, «ҚазМұнайГаздың» жалпы республикалық мұнай өндіру үлесі 27,7%-ға жетті.

 

1 сурет. 2006-2012 жылдар аралығында өндірілген мұнай көлемі

Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады («Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС; «Павлодарский МӨЗ» ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайды, мұнай мен газ өңдеу өнімдерін өздігінше сатумен айналысады және осы өнімдерді сату саласындағы экспорттық саясатта мемлекеттің мүдделерін қорғайды.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ: өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті интеграцияланған мұнай-газ компаниясы[7].

ҚМГ мақсаты – дербес шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында таза кіріс алу. Мұнай-газ саласының тұрақты әрі тиімді дамуын жүзеге асыратын «ҚазМұнайГаз» инновациялық-технологиялық қызметі, ағымдағы жылдың басында ҚМГ Директорлар кеңесінің бекіткен шешімімен 2014-2018 жылдарға арналған инновациялық-технологиялық даму Стратегиясына негізделген, ал ол өз тарапынан «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың индустриялық-инновациялық саясаты мен 2022 жылға дейінгі ҚМГ корпоративті даму стратегиясына сәйкес әзірленген. ИТД Стратегиясының негізгі басымдықтары ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бағыттарын күшейтуге бағытталған; жаңа және алдыңғы технологиялардың трансферті; инновациялық инфрақұрылым құру; әлемдік үздік тәжірибелерін ескере отырып, өзіндік технологиялық шешімдерді тәжірибеге енгізу үшін кадрлық әлеуетті дамыту. ИТД Стратегиясының сәтті жүзеге асуы үшін ҚМГ Басқармасының ИТД және 2014-2018 жылдарға арналған еншілес тәуелді кәсіпорындардың Шаралар жоспары әзірленіп бекітілген. Бұдан басқа, мұнай-газ саласындағы барлық сегменттердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін сервис блогына ауыр салмақ түсетіндігін ескертсек, ҚМГ компаниясы жаңа технологияларды енгізіп, осы қызметтерге айрықша көңіл бөледі. Осылайша, қазіргі таңда ұлттық компания мұнай-газ жобаларын тиімді жүзеге асыру үшін инфрақұрылымдарды құру бағытын алға тартуда. Соның ішінде жекеменшік бұрғылау компаниясын дамыту, СКЭБР жобасын, кеме жасайтын орын/құрғақ док құрастыру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын күшейту мен дамыту бар.Былтыр ҚМГ компаниясының құрамына енетін, СКЭБР құрастырған «КМГ-Транскаспий» ЖШС аталған нысанды 10 жылға жалға Қашаған операторы саналатын NC Production Operations Company B.V компаниясына берген еді. Каспийде қалыптасқан бұрғылау қуаттылығының тапшылығы мен теңіз операцияларын өзінің жеке бұрғылау құрылғыларымен қамтамасыз ету мақсатымен «ҚазМұнайГаз» өзінің еншілес компаниясы «ҚазМұнайТеңізден» «Теңіз Бұрғылау» ЖШС-нің жарғылық капиталдағы 100% үлесін сатып алды.Өзі көтеретін қалқыма бұрғылау қондырғылары құрылысын 2015 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарда бар. Қондырғы құрылысы кезеңінде жергілікті халықтың жұмыспен қамтылу мәселесін шешуге мүмкіндік беретін 1000 жұмыс орнына дейін, ал пайдалану кезеңінде – 120 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Eni S.p.A италиялық компаниясымен бірлескен түрде Маңғыстау облысының Құрық ауылында кеме құрылысы/кеме жөндеу зауыты жобасы іске асырылуда. Дәл қазір жобаның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Ескере кететін жайт, «ҚазМұнайГаз» түрлі жобаларды орындау арқылы тауарлар, жұмыс пен қызмет түрлерінің қазақстандық қамтуының дамуын қадағалайды.

Ұлттық компанияның көмек көрсетуімен көптеген жылдар аралығында мұнай-газ машина жасау жұмысын дамыту бағдарламасы іске асырылуда. Соған байланысты, Қазақстан зауыттарында бұрын-соңды өндірілмеген мұнай-газ жабдықтары, техникалар мен материалдар шығарылуда.

Мәліметтерге сәйкес, 1998 жылы бірінші бағдарламаның жүзеге асуының басынан бастап отандық зауыттар мұнай-газ машина жасау өнімдерінің 400-ден астам түрін шығаруды игерген. Бұдан өзге, «ҚазМұнайГазда» жетекші шетелдік ұйымдармен БК үлгісіндегі 6 жаңа өндірісті құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл өндіріс орындары тек қана бірінші кезеңде шамамен 300 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған жобаларында жергілікті қамтуды арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Компания активтері мен кен орын­дарының едәуір бөлігі Атырау облысында орналасқандықтан, жыл сайын мұнда жергілікті инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына айтарлықтай көп қаражат бөлінеді. Былтыр ғана жүзеге асырылған маңызды жобалардың бірі – Мақат ауданының Қошқар, Комсомол, Ескене, Байшонас ауылдары тұрғындарының Атырау қаласына қоныс аударуы болды. Барлық көшіп келген адамдар қалада бой көтерген жаңа тұрғын үйлерден баспанаға ие болды. Бұдан өзге, жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық жекеменшігіне берілген өңірдің көптеген әлеуметтік нысандарының құрылысы жүргізілді.

Өткен жылы ҚМГ БӨ мұнайының өсімі бойынша шоғырландырылған мұнай өнімі 12 млн. 397 мың тоннаны, ал ТШО өніміндегі ұлттық компания үлесі – 5 млн. 421 мың тоннаны құрады.Бұдан өзге, 2013 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялары тобындағы табиғи және ілеспе газдың шоғырландырылған өнімі 6 млрд. 924 млн.текше метрді құрады, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 25,3 %-ға асты.(2 cурет) Кәсіпорынның 2006-2013 өнім көрсеткіштері[8].

2 сурет. 2006-2013 жылдар аралығындағы өндірілген өнім көрсеткіштері

 

2014 жылдың бірінші жарты жылдығындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобындағы мұнай мен газ конденсатының шоғырландырылған көлемі 11,1 млн.тоннаны құрады

2013 жылы бұл жерден 17,5 млрд. текше метр газ өндірілді (олардың 8,6 млрд. текше метрі шайқаудан тұрды), бұл жоспардан 6,2%-ға жоғары көрсеткіш және 10,5 млн. тонна сұйық көмірсутек өндірілді, бұл жоспардан 3,2%-ға жоғары.Каспий теңізінің қайраңында орналасқан Қашаған жайлы айтатын болсақ, «ҚазМұнайГаз» компаниясының жоспарлауынша, қажетті жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін және өнімді қайта жаңғырту бойынша шаралардан кейін бұл кен орны жыл сайын жалпы республикалық мұнай-газ қорын айтарлықтай көлеммен қамтамасыз ете алатын болады.

АО ҚМГ БӨ компаниясы негізгі құрамы АО ӨзенМұнайГаз (ӨМГ) және ЕмбаМұнайГаз (ЕМГ) активтерінен тұрады. ӨМГ-нің үлесіне, ӨМГ және ЕМГ- нің мұнай қорларының 74% (2011 аяғындағы мәлімет бойынша) тиеді және 2012-ші жылдың ӨМГ және ЕМГ мұнай өндіру көлемінің 64% тиді. Казіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Мұнай өндіруді арттыру технологиясы қолданылады.

ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады [9].

1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.

2010 жылғы қорытынды бойынша ҚМГ компаниялар тобында жалпы сатып алулар көлемі 1 595,2 млрд. теңгені құрады, соның ішінде сатып алулардың қазақстандық қамтуы 51 % немесе 811млрд. теңгені құрады.Сонымен қатар, жалпы 777 млрд. теңгеге сатып алынған тауарлар көлемінен қазақстандық жеткізушілердің үлесі 244,7 млрд. теңге немесе 31 % құрады.Жұмыстарды орындауға бекітілген шарттардың жалпы көлемі 393 млрд. теңгені құрады, бұл ретте қазақстандық қамту 63 % немесе 248 млрд. теңгені құрады.Барлығы 425 млрд. теңгеге қызметтер сатып алынды, сонымен қатар қазақстандық жеткізушілерде 317 млрд. теңге, қазақстандық қамту 75 % құрады.

2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылғы көрсеткіштердің төмендеуі қазақстандық қамтуды есептеудің жаңа әдістемесінің енгізілуімен және «ПМХЗ» АҚ-ның қайта өңдеуге ресейлік мұнайдың едәуір көлемін сатып алуымен байланысты.Ресей мұнайын сатып алуды есептемеген жағдайда қазақстандық қамту сатып алулардың 65 % -ын құрайды.Сатып алу үдерісі барлық он төрт облыста және Астана, Алматы қалаларында жүзеге асты.(3сурет)

3 сурет. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания топтарының республиканың өңірлеріне бөлгенде сатып алулары (барлығы 1,5 теңге)

Бұдан басқа, отандық тауар өндірушілерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында оларға 2011-2015 жылдары сатып алынатын тауарлар каталогы және импортталатын тауарлардың тізімі электрондық түрде берілді.

Сонымен қатар осы каталог «ҚазМұнайГаз» компаниясының сайтында орналастырылды.Бұдан басқа ҚМГ тобындағы барлық команиялардың сайттарында 2011 жылға арналған сатып алулар жоспары ілінді.

2010 жылғы қарашада ҚР ИЖТМ және ҚМГ арасында мұнай-газ жабдығы жаңа түрлерінің өндірісі бойынша технологиялық келісімге қол қойылды. Осы технологиялық келісімге сәйкес ИЖТМ «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ базасында құрылған мұнай-газ саласындағы машина жасау конструкторлық бюросы мүдделі ҚМГ компания топтарының өнімді игеруі үшін және тәжірибелі үлгілерді дайындаған соң сынақтан өткізу үшін қазақстандық машина жасау кәсіпорындарын техникалық және технологиялық құжаттармен қамтамасыз етеді[6].

ҚазМұнайГаз бағынысты ұйымдары отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттарды бекітуге ден қойды.

Қазір 2010-2012 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бағдарламалар бекітілді және қолданысқа енгізілді:

· «Интергаз Орта Азия» АҚ және "Казтурборемонт" сервис орталығы» ЖШС 2 909 млн. теңгеге ГТК-10-04 типіндегі ГАА толық жөндеуден өткізуге;

· «Интергаз Орта Азия» АҚ және "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" арасында 1 187 млн. теңгеге ГТК-10И типіндегі ГАА толық жөндеуден өткізуге.

2010 жылғы 7 сәуірде «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ насихаттау жұмыстарымен өткізілген «Ұзақ мерзімді ынтымақтастықтан тұрақты дамуға» конференциясының шеңберінде жаңа ұзақ мерзімді шарттар бекітілді:

· 2012 -2015 жылдарға «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ және «Мұнаймаш» АҚ штангалы терең насостарды жеткізуге 8 млрд. теңгеден астам қаржыға;

· 2011- 2015 жылдарға «Интергаз Орта Азия» АҚ және «КазПетроМаш» ЖШС (Алматы қ.) дөңгелек және түтіктер өткізетін арматураның крандарын жеткізуге 401 млн. теңгеге,

· кейінірек тағы бір ұзақ мерзімді шарт бекітілді:

· 2011 -2013 жылдарға «Атырау МӨЗ» ЖШС және «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АВО секцияларын жеткізуге 134 млн. теңгеге.

· Сонымен бүгінгі күнге дейін 12 634 млн. теңгеге ұзақ мерзімді шарттар бекітілді.Ұзақ мерзімді шарттар бекіту жалғастырылатын болады.

Қазгермұнай компаниясы Қазақстан Республикасына Германиядан инвестициялар тарту мақсатында 1993 жылы құрылды. Қазгермұнайдың Құрылтай шартына сәйкес, ол Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында 2024-жылдың 1-наурызында бітетін 30 жыл мерзімге барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған эксклюзивті құқықтар мен лицензиялар алды.Қазгермұнай компаниясы өзінің қызметін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады. Қазгермұнайдың мұнай кен орындары 897 шаршы километр алаңды алып жатыр. 2011 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың дәлелденген және болжамды қорлары 21 миллион тонна (160 миллион баррель) мұнай құрады, 2012 жылы Қазгермұнайдың өндіру көлемі 3,1 миллион тонна (тәулігіне 66,0 мың барр.) мұнай құрады [10].

CITIC Канада Петролеум Лимитед (бұрынғы Nations Energy Company Ltd) бүкіл дүниежүзі бойынша мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі халықаралық жобаларды сатып алуға арналған жеке канадалық компания ретінде 1996 жылы құрылған. 1997 жылы Nations Energy Company Ltd Қазақстан Үкіметінен «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы 100% бақылауды білдіретін 94.62% акционерлік капиталды сатып алды.«Қаражанбасмұнай» АҚ-ға 2020-ға дейін компания деректеріне сәйкес дәлелденген және болжамды қорлары 2011 жылдың 31 желтоқсанда, 61 млн. тоннаны (416 млн. барр.) құраған. Компанияға Қазақстанның батыс бөлігіндегі Қаражанбасмұнай кен орындарын игеруге арналған 100% құқық тиесілі. 2012 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ 2,0 млн. тоннаға (тәулігіне 37 мың барр.) мұнай өндірді.

 

2.2.«ҚазМұнайГаз» компаниясының транспорттық шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазақстан бар жағынан дерлік құрылықпен қоршалған, сондықтан да экспорттың өсіп келе жатқан көлемі жағдайында көліктік инфрақұрылымдарды жетілдіру мәселесі маңызды болып қалады. Соңғы жылдары бұл саладағы қызмет айтарлықтай жанданып келеді.Бас Компаниямен тығыз қарым-қатынас ҚМГ БӨ-ге құбыр желісі инфрақұрылымына сенімді қол жеткізуді қамтамасыз етеді. ӨАС және КҚК мұнай желілері компания үшін негізгі экспорттық бағыттар болып табылады. Мысалы Қазақстанның шет мемлекеттерге мұнай тасымалдау (экспорттың) көлемі 2012 жығы көрсеткіші көрсетілген.(4 сурет)

ҚМГ БӨ Атырау МӨЗ-ге ірі өнім беруші болып табылады. Қазгермұнай Қазақстан-Қытай құбыр желісі бойынша мұнай береді.Ұзақтығы 1 500 км болатын Өзен-Атырау-Самара құбыр желісі (ӨАС) Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қара теңіздің Новороссийск портына дейін созылып жатқан ұзақтығы 1 500 км Каспий Құбыр желісі Консорциумы мұнай құбыры ҚМГ БӨ мұнайын жеткізудің неғұрлым пайдалы бағыты. Сондықтан да ҚМГ БӨ ол арқылы мұнай беру үлесін арттыра түсуге ұмтылып отыр.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1765; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.038 сек.