КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 3 страница. «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бензовоздар паркі газовоздардың есебімен 211 бірлікті құрайды
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бензовоздар паркі газовоздардың есебімен 211 бірлікті құрайды. 4сурет. 2012 жылғы мұнай экспортының көлемі Компания меншігінде қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі барлық талаптарға толық жауап беретін жанар-жағар май станцияларына мұнай өнімдерін жеткізу үшін Ресейде шығарылған ең үздік деген замануи бензовоздары бар.Автоцистерналар тығыздығы 0,83 т/м3 аспайтын, ақшыл мұнай өнімдерін тасымалдауға, уақытша сақтауға және құюға арналған. Цистерналардың көлемі — 4–40 м³ аралығында. Цистерналар МАЗ, КАМАЗ автомобильдерінің шассиіне орнатылады.Цистерналардың стандарттық жинақтамасына Sening, БРС Elaflex сұйықтық түбіне жететін қақпақшасы, қылтаның алюминийден жасалған қақпақтары [11]. Автоцистерналар 1 және 4 аралығындағы оқшауланған герметикалық отсектерді қамтитын көпсекциялы сыйымдылықтармен жабдықталған.Бұл мұнай өнімдерінің төрт түрін біруақытылы жеткізу мүмкіндігін береді. От қауіпті жүктерді тасымалдау үшін автоотынжағармай құюшылар өрт қорғау құралдарымен жабдықталған. ЖКЖ барысында тұтанудан қорғау үшін цистернаның ішінде толқынкескіш және арнайы бөлгіш орнатылған. Бензин тасушылар үшін бензинді тасу немесе құю барысында цистернаның қабырғаларына жиналуы мүмкін статикалық электр үлкен қауіп туғызады. Шағын ұшқын бензин буларын тұтантып, апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Осыны болдырмау үшін бензин тасуға арналған автоцистерналар Cтатикалық зарядты түсіруге мүмкіндік беретін арнайы жерге қосылған жүйемен жабдықталуы керек. Барлық бензин тасушылар гидрофицирленген, қауіпті жүктерді таситын автокөлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес, және жүргізушілердің еңбек пен демалыс режимдерін тіркеудің бақылау қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықталған. Қауіпті жүктерді тасуды жүзеге асыратын жүргізушілердің кәсіби өтілі 3 жылдан жоғары. Барлық жүргізушілер арнайы дайындық бойынша курстарда оқыған және қауіпті жүкті тасуға жүргізушінің рұқсат куәліктері бар. Бензин тасушыларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қазіргізаманғы технологиялық жабдықпен,саймандар және материалдарыбар, сондай-ақ жоғары кәсіби персоналы бар «Автоцентр КамАЗ» сияқты мамандандырылған жөндеу кәсіпорындарында жүзеге асырылады. Магистралы мұнай құбырымен мұнай тасымалы «ҚазТранс Ойл» АҚ жүйесі бойынша еншілес ұйымдармен іске асырылады (жалпы ұзындығы 5323 км). Теңіз көлігімен мұнай тасымалдау «Қазмортрансфлот» ҰТКК еншілес ұйымымен іске асырылады (Каспий теңізінде 12 000-13 000 тонна тасымалдайтын 6 танкер, сондай-ақ Қара теңізде «Aframax» типті кемелермен қорғалған). Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Каспий құбыр желісі консорциумында 20,75%. Бүгінгі таңда қазақстандық мұнайдың негізгі тасымал бағыты мыналар: · Атырау-Самара құбыры(«ҚазТрансОйл» АҚ - 100%); · КҚКқұбыры («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-20,75%); · Атасу-Алашанькоуқұбыры(«ҚазТрансОйл» АҚ-50%); · Ақтаутеңіз терминалы. Қазақстандықмұнайдыңкөпбөлігі 2013 жылы КҚКқұбырымен 28,7 млн. тонна экспортталдыжәне Атырау-Самара құбырымен 15,4 млн. тонн тасымалданды. Қытайбағытында– 11,8 млн.тоннатасымалданды. Теңізкөлігімен 6,3 млн.тоннатасымалданды. (5сурет)
5сурет. Компания қолданыстағыкөліктікбағыттары 2005 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Қытайдың арасында ұзындығы 1 000 км. Атасу-Алашаңқай құбыр желісі іске қосылды. Құбыр желісінің өткізу қабілеті жылына 10 миллион тоннаны (тәулігіне 202 мың баррелді) құрайды және таяудағы болашақта екі есеге арттырылуы мүмкін.2006 жылдың шілдесінде Каспий және Жерорта теңізін тікелей жалғастыратын, өткізу қабілеті жылына 50 млн. тонна (тәулігіне 1 млн. баррель) тұңғыш құбыр желісі пайдалануға берілді. Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр желісі Әзірбайжандағы Бакуден Түріктің Джейхан айлағына дейін барады. Бұл Қазақстанда өндірілетін мұнай үшін транзиттік мүмкіндіктерді кеңейте түсетін тағы бір бағыт.Келтірілген мысалдар көрші елдерге тәуелділікке қарамастан Қазақстан мұнайдың экспорттық рыноктарына кіруді диверсификациялауға және ұдайы үдете түсуге ұмтылып отырғанын көрсетеді. Бұл ретте КМГ БӨ-нің өзінің бас компаниясымен қарым-қатынасы Компанияға ҚМГ ҰК-ге тиесілі көлік инфрақұрылымдарына кепілдікті қол жетімділігі болуға мүмкіндік береді.2012 жылы ҚМГ БӨ, ОМГ және ЭМГ активтерінде өндірілген бүкіл мұнай өнімнің 78 %-ын экспортқа шығарды. Осы кезең ішінде, Компанияның толык (ОМГ және ЭМГ активтерінен) мұнай сату көлемінің 33% КҚК құбыр аркылы және 46% ӨАС құбыр аркылы сатылды.(6 сурет) Болашақта Компания қолданыстағы көліктік бағыттарды пайдалануды оңтайландыра түсуді, ішкі рынокқа берудің экономикалық тиімділігін арттыруды жоспарлап отыр.Қолданыстағы экспорттық күштер Қазақстанның мұнай өндіру саласының қазіргі қажеттіліктерін қамтуға жеткілікті. «ҚазМұнайГаз» елімізде өндірілетін мұнайдың негізгі көлемін тасымалдауды «ҚазТрансОйл» АҚ (КТО) мен Каспий құбыр консорциумы (КҚК) магистралды мұнай құбырлары арқылы жүргізеді. 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан аумағында жобаны жүзеге асыру аясында 116-дан бастап 204 км-ге дейін мұнай құбыры учаскесін ауыстырудың барлық құрылыc-монтаж жұмыстары, Атырау мен Теңіз мұнай айдау бекеттерін қайта қалыпқа келтіру мен жаңғырту жұмыстары және т.б. аяқталды. Ұлттық компанияның әртараптандырылған саясатының арқасында қазіргі таңда Қазақстанда өзге де экспорттық бағыттар, әсіресе Шығыс бағыты дамуда [12].
1 кесте. 2010 жылғы "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ компания топтарының сатып алудағы қазақстандық мазмұны 2013 жылдың желтоқсанында екі жаңа №8 және №10 мұнай айдау бекеттерінің пайдалануға берілуімен – Қазақстан – Қытай экспорттық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын және «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС-ға тиесілі Атасу – Алашаңқай мұнай құбырында осы жүйенің жылдық өткізу мүмкіндігі шамамен екі есеге – 12 млн.тоннадан 20 млн.тоннаға дейін өсті.Осы қуаттылықты арттыру арқылы Қазақстан шығыс бағытында мұнай экспорты бойынша өзінің жеке мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қойған жоқ, сонымен қатар, сәйкес үкіметаралық келісімге қол қоюмен осы желіге транзиттік Ресей шикізатын да тартуға мүмкіндік алды.(1кесте) Қазіргі жағдай таңдалған әртараптандыру стратегиясының дұрыстығын дәлелдейді. Бүгінде Кеңқияқ – Атырау және Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейту бойынша мемлекеттік сараптаманың оң нәтижесі алынды. Осы объектілерді жүзеге асырудың мөлшерлі мерзімі мұнай құбырларының ресурстық базасымен анықталатын болады. Ұлттық компания мұнайдың теңіздік тасымалын арттыру арқылы «Қазтеңізтрансфлот» ұлттық теңіз кеме компаниясы» ЖШС (ҚТТФ) еншілес құрылымына тиесілі – Каспий теңізінде танкерлік флот арқылы мұнай тасымалдау көлемін ұлғайтады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша ҚТТФ Ақтау портынан Махачкала мен Баку порттарының бағытына тұтастай 8,9 млн.тонна мұнай тасымалдады. Болашақта Каспий кен орындарында өндірістік өнімнің басталуымен тасымалдау көлемдері тек қана ұлғайтылатын болады. Экспорттық мұнай құбыры жүйелерінің өткізу мүмкіндігі жылына 101 млн.тонна мұнайға дейін, ал ұлттық сауда флотының кезеңдік дамуы (Қазақстанда да, шетелде де) – жылына 13 млн.тонна мұнайға дейін арттырылады деп күтілуде. Газ маркетингі және тасымалдау.Қазіргі уақытта Өзбекстан мен Түркменстаннан Батыс Қазақстан арқылы өтіп және ресейлік газ тасымалдау жүйелерімен жалғанып жатқан «Орта Азия-Орталық» (ОАО) магистралдық газ құбыры негізгі газ тасымалдау бағыттарының бірі болып табылады.
2.3. Өнімнің сапасын жақсарту жолдары «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС компаниясының (бұдан әрі — Қоғам) мақсаты — теңізді барлау және көмірсутек ресурстарын өндіру саласында алдыңғы қатардағы қазақстан компаниясы болу.Қоғамның сапа саласындағы саясаты — Қоғамның жалпы саясаты мен стратегиясының аса маңызды құрамы. Сапа менеджментінің жоғары деңгейі Қоғамның бәсекеге қаблеттілігінің қажетті шарты, тиімді қызметі мен қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Сапа саясаты саласындағы мақсатқа қол жеткізу мынадай принциптерді орындаумен қамтамасыз етіледі: Қоғамның қызметін халықаралық және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес сапа менеджментінің тиімді жүйесі шеңберінде, оның нәтижелілігін ұдайы жетілдіріп отыру және көтерумен, ұйымдастыру және жүзеге асыру. Қоғамның мәселелерді шешуге тек кешенді және жүйелі көмегімен Сапа менеджментінің талап етіліп отырған деңгейін қамтамасыз етуі. Қоғам шешім қабылдаған және оны жүзеге асырған кезде клиенттер мен серіктестердің бірінші дәрежеде қанағаттануының маңыздылығын басшылыққа алады. Қоғам өзінің серіктестерімен қарым-қатынасын өзара ынтымақтастық негізінде құрады. Қоғамның қаржы-экономикалық және өндірістік көрсеткіштері жалғыз акционер – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның үмітіне сәйкес. Сапаның тиімді менеджментінің шешуші факторы ретіндегі Қоғам басшыларының белсенді көзқарасы. Құрылымдық бөлімшелердің өзінің функциясын тиімді жүзеге асыру мен орындалатын процестерді жүйе ретінде басқаруға мүмкіндік беретін қоғамның ұйымдастырушылық құрылымын оңтайлы құру. Қоғамның барлық қызметкерлерін сапаны басқару процесіне саналы түрде тартуға жағдай жасау, процестердің ұдайы жақсаруына жұмылдыру. Қоғамға жеткізілетін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтерді ұйымдастырудың заң талаптарына және сапа менеджменті саласындағы стандарттарға сәйкес болуы.Қоғам басшылары өзіне: сапа менеджментінің нәтижелілігін анықтау, талдау және ұдайы көтеріп отыруға және Қоғамның барлық қызметкерлері оны іске асыруы үшін қажетті ресурстармен және жағдаймен қамтамасыз етуге жауапкершілік алады. Сапа саласындағы саясат қоғам мен оның еншілес ұйымдары және тәуелді қоғамдары үшін ортақ болып табылады және оның Қоғамның қызметіне қолдануға келетіні мен бірдейлігі мәнінде тұрақты түрде талдау мен қайта қарау тақырыбы болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық және түсінікті болып табылады. Сапаны жақсарту – барлық қызметтің дамуына, жақсаруына әкелетін саясаттың негізі болып табылады. Сапа деңгейі – экономика дамуы деңгейінің сенімді индикаторы. Сапа жақсаруы ғылыми-техникалық прогреске және қоғамдық өндіріс тиімділігіне әсер етеді. Кәсіпорынды басқарудағы әлемнің ең соңғы тенденциясы ретінде ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18001:1999 сериялы халықаралық стандарттарды басқарудың ең тиімді құралы ретінде енгізу және сертификаттау қызығушылық тудыруда. Менеджмент жүйесін сертификациялау – ішкі және сыртқы нарықта өнімнің және қызметтің бәсеке қабілеттілгің қамтамасыз ететін, қазіргі кездегі кәсіпорын дамуындағы ең қажетті деңгейі болып табылады.Уақыт талабына сай АҚ “ҚазМұнайГаз” басқару құрылымына ISO 9000, ISO 14000, OHSAS 18001:1999 сериялы халықаралық стандарттарды енгізу туралы стратегиялық шешім қабылдады [14]. Бұл жүйені іске қосу және енгізу бірнеше стадияға бөлінген. Қазіргі кезде бұл жүйе АҚ “ҚазМұнайГаз” орталық аппаратында және “МаңғыстауМұнайГаз”, “ҚұлсарыМұнайГаз” және “ӨзенМұнайГаз” өндірістік еншілес компанияларының басқару аппараттарында енгізілу стадиясында. Алға қойылған жоспарларды орындау үшін елшілес компанияларда кәсіби мамандар және озық технологиялары бар сапаны басқару бөлімдер құрылған. “ҚазМұнайГаз” компаниясының технологиясы жабдықтаушы қызметінің сапасын жақсартуға бағытталған. Аталған технология – бұл әрдайым сапаны жақсартуға бағытталу арқылы қызметті және материалдарды сатып алу жүйесін жақсартуға болатын құрал ретінде қарастырылады. Ал қызметке үлкен талаптар қойылған. “ҚазМұнайГаз” жеткізу сапасын көтеру программасы сатып алуды және қызметті жақсартады, өйткені ол сапаны үнемі көтеруге және сатып алынған өнімдердің жалпы құнын төмендетуге бағытталған. Осы программаны орындау үшін тұтынушылардан, жабдықтаушылардан, материалдық-техникалықжабдықтау мамандарынан тұратын арнайы топтар құрылған.Программаның негізгі этаптары: материалдарды таңдау, товармен жұмыс істейтін топтарды құру, сатып алынған өнімнің жалпы құнын талдау. Жабдықтаушыларды таңдау және бағалау. Бағдарлама деңгейлері: Товарды таңдау 1. Бұл жағдайда келесілерді ескерген жөн: қызметтің және товардың жалпы сапасы; қабылданған мақсат; қызметкерлердің қызығушылық деңгейі; тұтынушыларға, қызметкерлерге және қоршаған ортаға әсері. Өнімді сатып алу бөлімін құру: Топты құру барысында келесі талаптарды ескеру керек: ұқсас құрылым; көп бағыттылық; қиын қарым-қатынас; эксплуатация; объектіні жобалау; мат. техникалық жабдықтаумен басқару; сапаны бақылау; ізденіс және жобалау; қаржыландыру.Материалдық-техникалық жабдықтау тобының бөлімі тауар санының көп болуына талпыну керек. Сатып алынған өнімнің жалпы құнына талдау жасау:Сатып алыңған өнімнің жалпы құны әдетте кейбір жағдайларда анықауға қиын бірнеше тіке және жанама шығындардан құрылады. Бірақ бұған қарамастан анализді дұрыс жасағанда шығатын бөлек алынғандағы сома, алынған өнім және қызмет пен таурды пайдалану кезінде тура дәлдікпен шығуы мүмкін. 2. Жабдықтаушыны бағалау кезінде қойылатын критерилер келесідей: · Тауарсапасы; · Жабдықтаушыменжұмысістеутәжірибесі; · Жабдықтаушыныңөзқызметсаласындағыжағдайы; · Қаржылықтұрақтылық; · Патенттіңжәнеғылыми-зертеупотенциалының бар болуы; · Техникалықжабдықтаукезіндесапалықызметжасау. 3. Қарымқатынастысапасынжақсартутобыкелесіфакторлардықамтиды: · Жабдықтаушыменүнеміқарым-қатынасжасау, үнемікездесу; · Компанияғажақсартуларенгізужәнебағалау; · Жабдықтаушысертификациясынаталпыну; · Сапаныңүнеміөсуінжәнебақылаудықамтамасызету[15]. III.Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруын жаксарту жолдары
Әдебиеттертізімі:
Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 2359; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |