Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

КІРІСПЕ 4 страница. Тура және жанама өлшеулерде дара физикалық шамалардың өлшемдері алынады




 

ρ₌m/0.25πdh (16)

 

Тура және жанама өлшеулерде дара физикалық шамалардың өлшемдері алынады. Көпгеген физикалық шамаларды өлшегенде, өлшеніп отырған шамалардың біртектілігі және әртүрлілігі бойынша жіктейміз. Сондықтан жиынтықты және бірлескен өлшеулерді ажыратамыз.

Жиынтықты өлшеу - бұл шамалардың іздепіп отырған мәндері теңдеулер жүйесін шешу арқылы анықталатын, бірнеше аттас шамаларды бір уақытта өлшеу. Жиынтық өлшеулерге бірнеше біртекті шамаларды өлшеуді жатқызуға болды. Мысалы, ұзындықтарды өлшеу, L1, L2,L3,және т.б. Мундай өлшеулер бірнеше геометриялық өлшемдерді қатарынан бір уақытта өлшеуге арналған арнайы құрылғыларда орындалады.

Бірлескен өлшеу - арасындағы тәуелділікгі анықтау үшін екі немесе бірнеше аттас емес шамаларды бір уақытта өлшеу. Бұл өлшеу екі немесе одан да көп шамалардың арасындағы өзара тәуелділікті анықтауға арналған өлшеулер. Бірлескен өлшеулер, әдетте, өзара тәуелділігін анықтауды қажет етпейтін бірнеше әртекті X,Y,Z (және т.б.) шамаларды өлшеу болып табылады. Мысалы, электроқозғалтқыштың электрлі, күш және термодинамикалық өлшемдерінің кешенді өлшемдерін, көлік құралының жағдайы және қозғалыс өлшемдерінің (қозғалыс, жанармай қоры, қозғалтқыш температурасы, т.с.с) өлшемдерін жатқызуға болады.

Статикалық өлшеу - өлшеу уақыты мерзімінде өзгермейтін нақты өлшеу тапсырмасына сәйкес жүргізілетін физикалық шамаларды өлшеу

Динамикалық өлшеу - физикалық шаманың өлшемі бойынша өзгеретін өлшеулер.

Бір шаманың бірнеше қайталап өлшеу кезіндегі нәтижелердің дәлдігіне және таралу дәрежесіне байланысты дәлме-дәл және дәлме-дәл емес, тең таралған және тең емес таралған өлшеулср болып белінеді.

Дәлме-дәл өлшеулер - кандай да бір шаманы бірдсй жағдайларда және дәлдігі бірдей өлшеу құралдарымен өлшеулср қатары.

Дәлме-дәл емес өлшеулер - қандай да бір шаманы әртүрлі

жағдайларда және дәлдігі әртүрлі өлшеу құралдарымен өлшеулер қатары.

Дәлме-дәл деп 1 және 2 өлшеулерде қателіктерді ∆1 және ∆2 бірдей болады:

 

(∆1 ≈ ∆2) (17)

 

ал дәлме-дәл емес өлшеулерде кателіктер әр түрлі болады:

 

(∆1 ≠ ∆2) (18)

 

Салыстырып отырған 1 және 2 серияларының өлшеу қателіктерінің сәйкестігі мен әртүрлілігі бойынша өлшеу сериялары тең шашыраңқы немесе әртүрлі шашыраңқы болып бөлінеді. Формалды түрде былай көрсетуге болады: (∆1 ≈ ∆2) немесе (∆1 ≠ ∆2)

Жоспарланған дәлдігі бойынша өлшеулерді т ехникалық және метрологиялық деп екіге бөледі.

Техникалық өлшеулерге алдын ала белгіленген дәлдікпен орындалатын өлшеулерді жатқызамыз. Яғни, техникалық өлшеу кезінде өлшеу қателігі ∆ алдын ала белгіленген [∆] мәнінен көп болмауы тиіс:

 

∆≤ [∆], (19)

 

мұндағы [∆] - жіберуге болатын өлшеу қателігі. Техникалық өлшеулер атына сай өндірісте өте жиі қолданылады.

Метрологиялық өлшеулер — минималды өлшеу кателігіне ∆ жету мақсатымен максималды дәлдікпен орындалатын өлшеулер.

 

∆→О

 

Бұндай өлшеулер біртекті эталонданған кезде, бірегей зерттеулер жүргізген кезде қолданылады, Бұл өлшеулердің ортақ касиеті ретінде кез келген өлшеулерде нәтижелердің шынайы бағасын беретін ∆ мәні анықталады.

Өлшеу кезіндегі бақылау -өлшеу жүргізгенде, есептеулердің Уақытында және дұрыс жасалу мақсатында өткізілетін операциялар.

«Бақылау» терминін «өлшеу» терминімен алмастыруға болмайды.

Өлшеу құралдарының көрсеткіштерін есептеу - берілген уақыт ішінде өлшем кұралдың шама мәнімен немесе сан мәнімен бекітілуі.

Мысал - дәл осы кездегі электр есептеуішінің көрсеткіш тақтасы бойынша мәні 505,9 кВтч тең, алынған мән оның осы кездегі бекітілген көрсеткіші болып табылады.

Өлшем сигналы — өлшенетін физикалық шаманың сандық мәлімет туралы ақпарат құрайтын сигнал.

Өлшем нысаны - бір немесе бірнеше физикалық шамалармен өлшенетін дене (физикалық жүйе, үдеріс, құбылыс және тағы баскалар).

Мысалы, өлшеу нысандары, геометриялық өлшемдерін өлшейтін; технологиялық үдерісте қысым және температураларды өлшейтін бөлиіек болып табылады.

Өлшем аймағы - өз ерекшелігімен айқындалатын, ғылыми немесе техниканың қандайда болмасын аймағының физикалық шамалар өлшемдерінің жиынтығы.

Ескерту: өлшемдер аймақтарға: механикалық, магнитті, акусгикалық, иондаушы сәулелер өлшемдері және тағы басқаларға бөлінеді.

Өлшемдердің түрі - өлшемдердің, өлшенетін шамалардың біртектілік айырмашылығы болатын өз ерекшелігі болатын саласының бір бөлігі.

Мысалы, электр және магнитті өлшемдер те ңірегінде келесі өлшемдерді ң түрлері: электр кедергісін, тоқ күшін, электр жүргізу күшін, электр кернеуін, магниттік индукцияның өлшемі және тағы басқалар ерекшелене алады.

Өлшем түрлерінің классификациясы:

01 Геометриялық шамалар өлшемі:

02 Масса өлшемі;

03 Күш және қапылық өлшемі;

04 Қысым өлшемі;

05 Вакум өлшемі;

06 Қозғалыс параметрлеріні ң өлшемі;

07 Газдар мен сұйыктарды ң іпыгын және мелшер өлшемі;

08 Тығыздық және жұғу өлшемі;

09 Физикалық-химиялық өлшемдер;

10 Геплофизикалық және гемгіерагура өлшемі;

11 Оптико-физикалық өлшем;

12 Акустикалык өлшем;

13 Электрлік шамалар өлшемі;

14 Магнитті шамалар өлшемі;

15 Уақыт пен жиілік өлшемі;

16 Радиөтехникалық өлшем;

17 Иондану сәулелер өлшемі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1240; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.