Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Стандарттау 1 страница




 

Стандарттаудың негізі Еуропаның дамыған елдерінде 18 - ғасырдың аяғы мен 19 - ғасырдың басында өнеркәсіп революциясының басталуының негізінде пайда болған. Үлкен мөлшерде бұйымдар мен тауарларды шығаратын ірі фабрикалар мен зауыттардың пайда болуы өзара ауыстырымдылықты, өнімнің бір нұсқалылығын, өлшемдік реттілікті жүргізуді талап етті.

Ресейде 1715 жылы 1 Петрдің тұсында Туланың зауыттарында қару жарақтар өндірісіне өлшемдік тұрақтандыруды енгізу жұмыстары жүргізілген болатын (өзараауыстырымдылық, калибрлер).

1856 жылы Лондонда өткен реттік халықаралық өндіріс қызметкерлерінің съезінде қатысушылардың бірі: «кез келген шамды әрдайым шам қойғышқа диаметрі бойынша тура келетіндей етіп жасау мүмкіндігіне қол жеткізуге болады ма?» деген сұрақ қойды.

1926 жылы бұрынғы КСРО-да елдерінде бірінші рет мемлекеттік стандарттар азық - түлік тауарларына бекітілді. Отызыншы жылдары көптеген стандарттар ет және сүт консервілері, тауық және т.б. азық-түлік өнімдерін қамтыды. Олар тұтынушыға өнім құрамында судың, қанттың, тұздың, майдың белгіленген үлесінің бар екенін кепілдейтін. Бірінші мемлекеттік стандарттар өнім сапасын жақсартуда үлкен рөл атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдары азық - түлік тауарларының жаңа түрлеріне стандарттар енгізілді. Қолданыстағы стандарттардың көбісі соғыс уақытының талаптарына сай өзгертілді. Ал соғыстан кейінгі жылдары өнім сапасына көп көңіл бөліне бастады. Соған байланысты 1955 жылдан бастап 1960 жылға дейін 200 - ден астам стандарт қайта қаралды.

Ал 1975 жылдан бастап Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің (оның құрамына КСРО-дан басқа социалистік лагерь елдері Румыния, Польша, Болгария, Венгрия, Германия Демократиялық Республикасы, Чехословакия, Моңғолия, Куба кірген) халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес халықаралық стандарттары енгізіле бастады.

Ірі өндірістік өнеркәсіптің дамуы стандарттауды жаһандандыруды қажет етті және кез келген мемлекеттің гүлденуі мен алдағы уақытта экономикасының дамуының негізгі элементіне айналды. Мысал ретінде ТМД, Еуроодақ пен Қытайдың теміржол стандарттарының сәйкессіздігін келтіруге болады. ТМД елдерінде теміржол бөлшегінің ені 1520 мм, ал Еуропа мен Қытайда 1435 мм. Бұл стандарттардың сәйкессіздігі казіргі таңдағы халықаралық сауданың дамыған уақытында көптеген киыншылықтар тудырып, артық шығындарға әкеледі, сонымен қатар тасымалдаудағы түрлі кедергілер мен жүктердің шекаралық бекеттерде көп уақыт тұруының себепкері болды. Қытаймен шекаралас Достық бекетінде жылына 15 млн. тоннадан астам жүк өтеді және жыл сайын олардың көлемі арта бермек. Бөгде елдердің теміржолымен жүре алмағандықтан, жүктерді бір вагонннан келесі вагондарға көшіру немесе вагондарды өзара алмастыру орындалды.

Жақын уақыт аралығында еуропалық теміржол өлшемімен сәйкес келетін Трансқазақстандық Достық Ақтау теміржолын салу жоспарлануда, бұл теміржол Қазақстанды Шығыстан Батысқа қарай кесіп өтеді және Еуразиялық Қытай Батыс Еуропа теміржол магистралінің бөлігі болмақ.

Әртүрлі физикалық өлшем бірліктерін қолдану көптеген елдердің экономикасына кең көлемде шығын әкелуде. Мысалы: АҚШ-та әлі күнге дейін ескірген британдық өлшем бірліктер жүйесі пайдаланылады, ал бұл жүйе Ұлыбританияның өзінде өте аз қолданылады. 1965 жылдан бастап, Ұлыбритания бүкіләлемдік СИ өлшем бірліктер жүйесіне өтуді бастады. АҚШ-та ішкі қолданысқа шығарылған құрылымдық құжаттар, өндірістік бұйымдар алдынала бейімдеулерсіз СИ жүйесін қолданатын елдердің тұтынушыларына жарамайтын болды.

Өнеркәсіптік өндірістердің көлемінің ұлғая түсуі, ғылым және техниканың қарқынды дамуы өнімдердің бір нұсқалы болуы мен олардың бөлшектерінің өзараауыстырымдылық қасиеттері жөніндегі проблемаларды күрделендіре түсті. Осы салада жүргізіліп жатқан іс - шаралар өнімнің арзандауына, өнім сапасының жоғарылауына, өнімнің шығарылу көлемінің өсуіне, сату аумағының үлғаюына әкелетін болды.

Жаһандандыру үрдісі бұл тенденцияны күшейтіп, стандарттаудың бұрын болмаған мәнге ие болуына себеп туғызды. Тек өнімді, тауарды, қызметті жалпылай стандарттау арқылы жаһан елдері мен олардың экономикасын интеграциялау мүмкіндігін тудыруға болады. Әлемде интеграциялау үрдістері күшеюде. Мысалы Еуропаның 27 елі Еуроодаққа бірікті. Дүниежүзілік сауда ұйымы құрылды, жақын уақыт аралығында Қазақстан да осы ұйымға кіруді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы іс - әрекеттер техникалық реттеу деп аталады. Техникалық реттеу бұл орнатылған талаптардың сақталуын бақылау, мемлекеттік бақылау және аккредиттеу мен сәйкестілікті бекіту бойынша бағыттарды қоса алғанда, өнімдерге, қызметтерге, үрдістерге міндетті және ерікті талаптардың орындалуымен, қолданылуымен, орнатылуымен, анықталуымен байланысты қатынастарды нормативтік және құқықтық реттеу болып табылады.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттарына:

1. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қоса алғандағы қоршаған орта және адам денсаулығы мен өмірі үшін өнімдердің, қызметтердің, үрдістердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3. Қызметтердің, өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға алып баратын әрекеттерді ескертіп отыру;

4. Саудада техникалық кедергілерді жою;

5. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жатады.

Техникалық реттеу негізіндегі қағидаларға:

1. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің біртұтастығы мен бірыңғайлығы;

2. Бірыңғай терминдерді қолдану, өнімге, қызметке, үрдіске талаптарды қою ережесі;

3. Мемлекет пен қызығушы жақтардың үміттері бірдей болып, техникалық реттеу мақсаттарының қолжетімді және мақсатты болуы үшін, техникалық реттеу үрдістеріне қатысуға екі жақты тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;

4. Отандық және сырттан әкелінетін өнімдерге, қызметтерге және олардың қойылған талаптарға сәйкестілігін бекіту жұмыстарына талаптардың теңдей болуы;

5. Стандарт пен техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындауда өңірлік және халықаралық бірлестіктердің стандарттарын, ғылым мен техниканың жетістіктерін ұтымды пайдалану;

6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекеттің ғылыми-техникалық дамуы мен материалдық- техникалық базасына, экономикасының даму деңгейіне сәйкес келуі;

7. Мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және оларды дайындау, бекіту, басылымға шығару реттері мен олар туралы ақпараттардың қолжетімді болуы;

8. Қолдану мақсатында стандарттарды ерікті түрде таңдау;

9. Сәйкестікті бекітудің бірыңғай жүйесі мен ережесі;

10. Бір органда аккредиттеу функциялары мен сәйкестік құжаттарын бақылауды және беруді орналастыруға жол бермеу;

11. Сәйкестікті бекіту органдарының тұтынушылар мен дайындаушылардан тәуелсіз болуы;

12. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстарда бәсекелестікті шектеуді болдырмау кіреді.

2004 жылы қараша айында Республикада “Техникалық реттеу туралы” заң қабылданды, ол 2005 жылдың 9 маусымынан бастап күшіне енді. Онда еліміздегі стандарттау саясатын жүргізу стратегиясының жаңа бағыттары құқықтық негізде бекітілген. Бұл заңның енуімен экономиканы басқарудың ескі жүйесіндегі стандарттау мәні толығымен өзгерді. Стандарттаудың жаңа концепциясы стандарттарды ерікті түрде орындауға негізделген.

Мемлекет техникалық регламенттер арқылы тұтынушылардың талаптарын қорғау бойынша өзінің саясатын жүргізеді, ал регламенттердегі негізгі және бір ғана шектеу критерийі бұл тұтынушы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі.

Басқа жағдайларда өндірушілер өздерінің көзқарастары бойынша әрекет ете алады, мемлекет олардың жұмыстарына мүлде араласпайды.

Стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптары ұсыныс сипат ретінде қолданылады және өнімнің орнатылған нормаларға сәйкестігін бекіту үшін дәлелдеу базасы саналады.

Стандарттау техникалық реттеу үрдісінің маңызды құрамының бірі болып табылады.

Стандарттаудың мақсаты – көбінесе, жоспарланатын немесе туындаған тапсырмаларды шешуге арналған нормаларды, талаптарды, орнатылған жағдайларды кеңінен және қайтара қолдану арқылы қандай да бір салада реттілікті жүргізудің оптималды дәрежесіне қол жеткізу.

Стандарттау – туындаған, көбінесе, тапсырмаларға қатысты жалпылай, көп қайтара және ерікті қолдану үшін жағдайларды орнату арқылы өнімге, қызметке және үрдіске деген талаптарды реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған сала.

Стандарттау бойынша бағыттағы жұмыстардың негізгі нәтижелері-функционалдық тағайындалуы бойынша өнімнің, қызметтің, үрдістің сәйкестілік деңгейін жоғарылату, халықаралық сауда айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми техникалық прогрестерге әсер етіп және әртүрлі салаларда бірлесе жұмыс істеу.

Стандарттау обьектісі – өнім, өндіріс, үрдіс, қызмет және олар үшін талаптар, сипаттамалар, параметрлер, ережелер.

Стандарттау саласы – өзара байланысты стандарттау обьектілерінің жиынтығы.

Стандарттау:

1. Халықаралық;

2. Өңірлік;

3. Ұлттық;

4. Әкімшілік-аумақтық сияқты әртүрлі деңгейде орындалады.

Қазіргі таңдағы стандарттау жүйесі стандарттау обьектілерінің сапасын бағалау мен оны бағалаудың әдістерін бірінші орынға қояды.

 

2.1 Стандарттау бойынша нормативті-құқықтық және нормативтік құжаттар мен стандарттар түрлері

 

Техникалық регламент нормативті - құқықтық құжат болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, үрдістің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген.

Техникалық регламент (ТР) – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат. Регламентті стандарттау органдары емес, билік органдары қабылдайды, мысалы Үкімет немесе Парламент (Қазақстанда Мәжіліс қарастырады, Сенат келісім береді және Президент бекітеді). Техникалық регламент – бұл техникалық заң. Регламентте мемлекеттің ауқымындағы шаруашылықпен айналысатын барлық субъектілерге орындауға міндетті талаптар, шарттар беріледі. Қазіргі таңда Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» заңның талаптарына сәйкес техникалық регламенттерді дайындау және қолданыстағы стандарттарды қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

2010 жылдың қазанында 71 техникалық регламент қабылданды және 20-дан аса регламенттер бекітілуге дайындалуда. 180 - нен аса техникалық регламент жасау және 30 мыңнан аса стандарттарды қайта қарау жоспарлануда. Бұл жұмыстарды 2012 жылда аяқтау көзделіп отыр.

Жұмыстар:

- өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік;

- ғимараттарды, құрылыстарды және олардың территорияларына жататын нысандарды пайдаланудағы қауіпсіздік;

- өрт қауіпсіздігі;

- биологиялық қауіпсіздік;

- электромагнитті сыйымдылық;

- экологиялық қауіпсіздік;

- ядролық және радиациялық қауіпсіздік;

- химиялық қауіпсіздік;

- электрлік қауіпсіздік;

- ақпараттық қауіпсіздік;

- токсикологиялық қауіпсіздік;

- өлшемдердің бірыңғайлығы;

- азық-түлік тағамдарының қауіпсіздігі;

- балалар тағамының қауіпсіздігі;

- механикалық қауіпсіздік бағыттары бойынша жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында қабылданған Техникалық регламенттерге:

1. Геофизика, геологиялық зерттеу, мұнай-газ және бұрғылау саласының жабдықтарының қауіпсіздігіне арналған талаптар;

2. Қазақстан Республикасының территориясында қолдануға шығары-латын автокөліктік құрылғылардың зиянды заттарына (ластаушы) арналған талаптар туралы;

3. Автомобиль жолдарын жобалаудағы қауіпсіздік талаптары;

4. Автомобиль жолдарын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптары;

5. Автокөліктік құрылғылардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

6. Өндіріс обьектеріндегі дабылдық түстерге, ескертулерге және қауіп-сіздік белгілеріне арналған талаптар;

7. Өрт болған жағдайда адамдарды көшіруде басқаруға, автоматтан-дырылған өрт дабыл қаққышының және автоматты өрт сөндіру жүйесінің ғимараттарының, қоймаларының жабдықтарына арналған талаптар;

8. Баптауға, таңбалауға, этикеттеуге және олардың дұрыс салынуына арналған талаптар;

9. Ғимараттарға, аумақтарға және оларға енетін территорияларға арналған талаптар;

10. Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрылымдарының қауіпсіздігі;

11. Тұрмыстық химиялық тауарлар мен синтетикалық жуғыш заттардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

12. Еріткіш заттар мен бояу материалдарының қауіпсіздігіне арналған талаптар;

13. Парфюмерлік - косметикалық өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

14. Дәндердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

15. Ветеринарияда қолданылатын биологиялық препараттардың және дәрілік құрылғылардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

16. Улы химикаттардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

17. Сәйкестікті бекіту процедуралары;

18. Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

19. Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

20. Крахмал және крахмал өнімдерінің, ұнтақтық өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

21. Жем және жемдік қосылыстардың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

22. Тұрғындар қолданатын ауыз судың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

23. Шырын және шырындық өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

24. Көкөністердің, жемістердің, тамырлық өнімдердің және оларды өңдеуге арналған өнімдердің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

25. Мұнай базалары мен жанармай құю бекеттерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

26. Емдік-профилактикалық, диеталық және балаларға арналған азық-түлік тағамдарының қауіпсіздік талаптары;

27. Белгілі бір сыйымдылыққа құйылған ауыз судың қауіпсіздігіне арналған талаптар;

28. Кондитерлік, нан және нан өнімдерінің қауіпсіздігіне арналған талаптар;

29. Тағамдық қосылыстардың, олардың өндірісі мен айналымының қауіпсіздігіне арналған талаптар;

30. Жылу электр станцияларының қазандықтарында әртүрлі жанармайды жаққандағы қоршаған орта эмиссияларының талаптары;

31. Балаларға арналған бұйымдар мен өнімдердің қауіпсіздік талаптары;

32. Жол салуға арналған құрылыс материалдарының қауіпсіздік талаптары;

33. Обьектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникаларының қауіпсіздік талаптары;

34. Желдету жүйелерінің қауіпсіздік талаптары;

35. Газ шығындарын есептейтін құрылғылар мен газ құю бекеттерінің қауіпсіздік талаптары;

36. Металлургиялық өндіріс үрдістерінің қауіпсіздік талаптары;

37. Метрополитендердің қауіпсіздік талаптары;

38. Мұнай операцияларымен байланысты жердегі және теңіздегі өндірістік обьектілер құрылысының қауіпсіздік талаптары;

39. Кернеуі төмен жабдықтардың қауіпсіздік талаптары;

40. Ыстық су және бу құбырларының қауіпсіздік талаптары;

41. Автоматтандырылмаған салмақ өлшеу құралдарының қауіпсіздік талаптары;

42. Темір бетондық және бетондық құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;

43. Металдық құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;

44. Ағаштық құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;

45. Басқа да материалдардан жасалған құрылымдардың қауіпсіздік талаптары;

46. Балық және балық өнімдерінің қауіпсіздік талаптары;

47. Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының тракторларының, машиналарының қауіпсіздік талаптары;

48. Ферроқорытпаларды өндірудегі қоршаған орта эмиссияларының қауіпсіздік талаптары;

49. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздік талаптары;

50. Май өнімдерінің қауіпсіздік талаптары;

51. Тағамға арналған биологиялық активті қосылыстардың қауіпсіздік талаптары;

52. Байерлік пісіру әдісі арқылы саздарды өндірудегі қоршаған орта эмиссияларының қауіпсіздік талаптары;

53. Шахталық көтергіш құрылғылардың қауіпсіздік талаптары;

54. Ашық әдіспен шашыранды, кенді және кенді емес ошақтарды дайындау үрдістерінің қауіпсіздік талаптары;

55. Көтергіш көліктік құрылғылардың қауіпсіздік талаптары;

56. Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздік талаптары;

57. Мұздатқыш компрессорлы стационарлы құрылғылардың қауіпсіздік талаптары;

58. Су ысытатын және бу қазандықтарының қауіпсіздік талаптары;

59. Газбен қамту жүйесінің қауіпсіздік талаптары;

60. Өрт қауіпсіздігіне арналған жалпы талаптар;

61. Мазуттың, дизельдік жанармай мен бензиннің қауіпсіздік талаптары

62. Тыңайтқыштардың қауіпсіздік талаптары;

63. Медицинаға тағайындалған бұйымдар мен медициналық техникалардың қауіпсіздік талаптары;

64. Автомобильдік транспорт құрылғыларына арналған арнайы сұйықтықтар мен майлардың қауіпсіздік талаптары;

65. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздік талаптары. Мал шаруашылығының өнімдері;

66. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуге арналған жабдықтардың қауіпсіздік талаптары. Өсімдік өнімдері;

67. Зерттеуге арналған ядролық құрылғылардың ядролық және радиациялық қауіпсіздігі;

68. Атомдық станциялардың ядролық және радиациялық қауіпсіздігі;

69. Көмір мен оны өндірудегі өндірістік үрдістердің, қайта өңдеудің, сақтаудың және тасымалдаудың қауіпсіздік талаптары;

70. Теміржол транспорттары арқылы жолаушыларды, пошталық жөнелтулерді, багаждары, жүк багаждарын, жүктерді тасымалдаудағы қауіпсіздік талаптары;

71. Алкогольдік өнімдерге арналған қауіпсіздік талаптары кіреді.

Cтандарт негізгі нормативтік құжат болып табылады.

Стандарт (СТ) – бұл келісімдер негізінде дайындалған, құзыретті органдармен бекітілген және белгілі-бір салада реттіліктің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған нормативтік құжат.

Стандартта әртүрлі қызмет түрлері мен олардың нәтижелеріне қатысты жалпылай және көп қайтара қолдануға арналған жалпы қағидалар, ережелер және сипаттамалар бекітіледі. Стандарт жалпы практикалық тәжірибелерге, техникалық жетістіктерге және ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген болуы тиіс.

Стандарттардан басқа, сонымен қатар стандарттау бойынша ұсыныстар, стандарттаудың ережелері нормативтік құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің нормативтік құжаттарына ерекше талап қойылады.

Стандарттарды дайындаудың негізгі қағидалары: келісім, еріктілік, қолжетімділік, экономикалық мақсаттылық.

Стандарттар құжаттар секілді ұсыныстық сипатқа ие, яғни олардың орындалуы міндетті емес.

Бұдан нарықтық экономиканың қағидаларының бірі көрінеді таңдау бостандығының қағидасы, яғни тиым салудың санын мейлінше төмендету ұсталуы тиіс. Өндірушілерге әсер ету жанама әдістермен, әсіресе, экономикалық өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.

Міндетті стандарттау арқылы әкімшілік жетекшіліктің жоқтығы өнеркәсіптердің өз жұмыстарына жауапкершілігін жоғарылатады, олардан өнеркәсіп ішіндегі ассоциацияларда, одақтарда және бірлестік ішінде қолдануға арналған өздерінің жеке стандарттарын дайындауын талап етеді. Өнеркәсіптер өз бизнестерінің бағыттарын жетекшілікке ала отырып, өздерінің шаруашылық қызметтерін өз алдына реттеуге мүмкіндік алады, ол үшін саны мақсатты түрде өсіп тұратын өздерінің жеке стандарттарын, нормативтік құжаттарын құра білуі қажет.

Ерікті стандарттау барлық мүмкіндікке қол жеткізгендікті білдірмейді, мүлде олай емес. Көптеген өндірісі дамыған елдерде бұл жүйе бұрыннан бері жұмыс істеп келеді, онда мемлекеттік әкімшіліктік стандарттау мүлде болмаған, мысалы, АҚШ-та. Нарықтық қағидаларға негізделген стандарттау әкімшіліктік стандарттауға қарағанда, өте қатаң болып табылады. Нарықтың заңдары өндірушілерге стандарт талаптарынан ауытқуға жол бермейді, яғни тұтынушылар талап ететін өнім құрамының төмендеуіне алып келетін жағдайларға, ал осындай жағдайлар орын алса, компания қаржылық қиындықтардан құтыла алмайды.

Стандарттардың түрлері негізгі стандарт, терминологиялық, бақылау әдістеріне, өнімге, үрдіске, қызметке, әдістемелік жағдайларға, суреттейтін жағдайларға арналып, бөліне береді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1199; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.101 сек.