Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Стандарттау 2 страница




Негізге алынатын стандарт – белгілі-бір салаға арналған жалпы және жетекшілік жағдайларды қамтитын нормативтік құжат. Әдетте, ол стандарт ретінде немесе әдістемелік құжат ретінде қолданылады. Бұл стандарт негізінде басқа да стандарттар дайындалуы мүмкін. Негізге алынатын стандарт ретінде: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің «ҚР СТ 1.0-2006. Негізгі ережелер» стандартын келтіруге болады.

Терминологиялық стандарт – терминдердің анықтамасы мен оларды қолдану мысалдарын қамтитын нормативтік құжат.

Өнімнің, қызметтің, үрдістің бақылау әдістеріне арналған стандарт – өнімге, қызметке, үрдіске қатысты әрекеттерді (мысалы, тексеру үшін үлгілерді таңдау) және әртүрлі бақылау әдістерінің процедураларын, ережелерін, әдістерін орнататын нормативтік құжат.

Өнімге арналған стандарт – өнімнің тағайындалуына сәйкестілігін қамтамасыз ететін өнім талаптарын қамтитын нормативтік құжат. Бұл стандарт толық немесе толық емес болуы мүмкін. Өнімге арналған толық стандарт сынауды жүргізудің реттілігін, сынау үшін үлгілерді таңдау ережелерін және т.с.с мәліметтерді бекітеді. Өнімге арналған толық емес стандарт өнім талаптарының бөлігін (мысалы, тек жеткізу ережелеріне талаптар және т.б) қамтиды.

Үрдіске (қызметке) арналған стандарт – қызметке (мысалы, білім, банк қызметтерін көрсету, автотранспорт және т.с.с салаларда қызметтердің көрсетілуі) немесе үрдіске (мысалы, өндіріс технологиясына) сәйкес талаптарды қамтитын нормативтік құжаттар болады.

Үйлесімділікке арналған стандарт – бұйым мен оның жеке бөлімдеріне талаптар қоятын нормативтік құжат. Стандарттың бұл түрі толық жүйеге де дайындалуы мүмкін (мысалы, ауаны тазалау, дабыл жүйесіне және т.б).

Ашық мағыналы стандарт – келісімшарттық қатынастарда нақтыланатын сипаттамалар тізімінен тұратын нормативтік құжат (себебі кейбір жағдайларда талаптар жеткізіп берушілермен, ал басқа жағдайларда тұтынушылармен анықталады).

Әдістемелік жағдайлар – нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестілікке қол жеткізуге болатын операциялар мен үрдістерді жүргізу тәсілдерін, әдістерін қамтитын нормативтік құжат.

Сипаттау ережелері – құрылымның, шикізат материалдарының құрамының, бұйым бөліктері мен бөлшектердің өлшемдерінің сипаттамаларынан тұратын нормативтік құжат.

Қазақстанның стандарттау жүйесі халықаралық ережелер мен нормаларға, стандарттаудың практикаларына және халықаралық тәжірибелерге барынша сүйенеді.

Қазақстанда ҚР “Техникалық реттеу туралы” заңымен бекітілген стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға:

1. ҚР СТ Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;

2. Техникалық – экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктегіштері - ТЭА МЖ;

3. ТМД елдерінің мемлекетаралық стандарттары – ГОСТ (бұл негізінен әлі күнге дейін қолданылып келе жатқан бұрынғы КСРО стандарттары, егер олар Қазақстан Республикасының заңына және техника мен ғылымның дамуына қайшы келмесе қолданылады);

4. Құқықтық нормаларға сай қолданылатын халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттардың жіктегіштері, техникалық шарттар, ережелер, нормалар және стандарттау бойынша ұсыныстар;

5. Стандарттау бойынша ұсыныстар;

6. Бірлестік стандарттары, оның ішінде өнеркәсіп стандарттары (фирмалық стандарттар, бұл термин қазіргі уақытта қолданылмайды), ғылыми-техникалық, инженерлік және басқа да қоғамдық қауымдастықтардың стандарттары кіреді.

Мемлекеттік стандарттар қажеттіліктердің Республикалық сипатынан тұратын, өнімге, жұмысқа және қызметке қойылатын талаптарды қамтиды. Бұл стандарттарды Қазақстанның Мемстандарты қабылдайды. Мемлекеттік стандарттар міндетті және ұсынылатын талаптардан тұрады. Стандарттардың міндетті талаптары уақыт өте келе техникалық регламетке өтетін болады.

Міндетті талаптарға:

- өнімнің, қызметтің, үрдістің адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, мүліктерге қауіпсіздігі және де өндірістік қауіпсіздік пен тазалық нормалары;

- техникалық және ақпараттық сәйкестілік пен бұйымдардың өзараауыстырымдылығы;

- бақылау әдістері мен таңбалаудың бірыңғайлығы жатады.

Ұсынылатын талаптарға:

- өнім мен оны бақылау әдістерінің негізгі тұтынушылық сипаттамалары;

- өнімді қаптауға, сақтауға, тасымалдауға және жоюға қойылатын талаптар;

- эксплуатация мен өндіруге қатысты нормалар мен ережелер;

- техникалық құжаттамаларды рәсімдеу ережелері кіреді.

Ұйым стандарттары өндіріс ішінде қолдану үшін кәсіпорынның өзінде дайындалады және қолданылады.

Бұл стандарттар:

- ұйымның құрама бөліктерінің қызметін;

- өндірісті басқаруды;

- шығарылып жатқан өнім сапасын;

- өнімді өндіру үрдісінің жалпы технологиялық нормаларын, регламенттейді.

Қоғамдық қауымдастықтардың стандарты (ғылыми техникалық қауымдастық, инженерлік қауымдастық және т.б.) тек жаңа өнімдерге, үрдістерге, қызметтерге, жаңа сынау әдістеріне, дәстүрлік емес технологияларға және өндірісті басқару әдістеріне дайындалады.

Нормативті құжатты қолдануда негізгі:

- өзіндік сәйкес салада тікелей қолдану;

- оны басқа нормативтік құжатқа енгізу сияқты екі әдіс ұсынылады.

2.2 Стандарттау және метрология

Метрология – бұл өлшеулер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар туралы ғылым. Жаңа заман шарттарында метрологиялық қамтамасыздандыру – бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшеулердің талап етілген дәлдігі мен бірыңғайлығына қол жеткізу үшін қажетті нормалар мен ережелердің, жиынтығы.

Метрологиялық қамтамасыздандыру өзінің көкейтесті мақсатын тек стандарттаумен тығыз байланысу арқылы төмендегіқағидалар арқылы себептерді тиімді шеше алады:

1. Тиімді стандарттау стандарттаудың обьектілері туралы нақты және обьективті ақпаратсыз жүзеге асырыла алмайды.

2. Метрологияның өміршеңдігі стандартталған нормалар, ережелер және өлшеу әдістеріне тығыз байланысты.

Бұл мәселемен Мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесі айналысады.

Метрологиялық қамтамасыздандыру өнімді сынау және бақылау әдістері сияқты стандарттаудың обьектілерімен өте тығыз байланысты. Бұл негізінен өлшеу дәлдігінің оптималды нормалары мен өлшенетін параметрлердің номенклатураларын қою, талап етілген дәлдікте өлшеуді орындау әдістерін дайындау және енгізу болып табылады.

Өнімді бақылау және дайындаудың типті технологиялық үрдістерінің стандарттауы қолданылатын өлшеу құралдарына (ӨҚ) қажетті метрологиялық қызмет көрсетуді талап етеді.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың стандарттаудың ғылыми-техникалық деңгейін, өнімнің сапасы мен оның қолданылу тиімділігін жоғарылатуда маңызды орын алатынын есепке ала отырып, ҚР Мемстандарты негізгі стандарттардың жиынтығына метрологиялық қамтамасыздандырудың негізгі жағдайларын регламенттейтін Мемлекеттік өлшем бірліктерін қамтамасыз ету жүйесін (ӨМЖ) бекітті және енгізді.

Жалпы айтқанда ҚР СТ 2.0-2001 стандарты бойынша метрологиялық қамтамасыздандыру деп өлшеудің талап етілген дәлдігі мен бірліктеріне қол жеткізуге қажетті нормалар мен ережелерді, техникалық құрал жабдықтарды, ғылыми және қалыптасқан негізгі қағидаларды қолдану арқылы жетуді айтады.

Өлшенетін ақпараттарға келесі талаптар қойылады: өлшеудің нәтижелері заңдастырылған бірліктермен берілуі тиіс, өлшеудің қателігі белгілі болуы тиіс және бұл қателік орнатылған шақтамадан асып кетпеуі керек.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың негізгі мақсаттары:

1. Метрологияның негізгі даму бағыттары мен ондағы ғылыми және техникалық жетістіктерді тиімді қолданудың жолдарын анықтау, метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырылу негіздерін дайындау.

2. Физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру.

3. Өлшеу құралдарын мемлекеттік сынауды жоспарлау және жүргізу, ҚР-да қолданысқа өткізілген өлшеу құралдарының типтерін бекіту.

4. Өлшеу құралдарын мемлекеттік бақылау, олардың өндірісіне, жағдайына, қолданылуы мен жөндеуден өткізілуіне және метрологиялық ережелердің сақталуына бақылау жүргізу.

5. Метрология саласында стандарттаудың дамуы мен жетілдірілуі.

6. Метрология саласында халықаралық ынтымақ жұмыстарын ұйымдастыру.

2.3 Стандарттау және экология

Соңғы уақытта экологиялық ақуалдар, қоршаған ортаны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр. Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негізгі орынды иеленуде, оның бір бөлігі Киот хаттамасын дайындауда келтірілген, яғни барлық қол қойған елдер өндірістік газдардың шығуын 8%-ға төмендетуді жоспарлауды көздеп отыр. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің, шулардың, газдардың шығу деңгейі қатаң шектеледі.

Бұлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда, әсіресе, олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.

Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса директивтер қабылданған. Бұл директивтердің бағыттарына:

1. Еуропалық Одақтың (ЕО) басты саясаты бойынша – өнеркәсіптерде ластануды бақылау құндылығын бағалау әдістері, табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау;

2. Су бойынша – өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа су ұңғымала-рын ластанудан қорғау, ауыз су сапасы және өндіріс қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері, су флоралары мен фауналарын қорғау бойынша іс-шаралар;

3. Ауа мен өндірістік тәуекелділіктерде – кейбір заттардың қолданылуын шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы зиянды заттардың нормаларын анықтау;

4. Өндіріс қалдықтары бойынша қолданылған суларды тазалау, қоқыс-тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау;

5. Шу бойынша тұрмыстық құралдардың, транспорт құрылғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады.

ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің белгісі енгізілген. Ол тұтынушыны бұйымның экологиялық қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады. Белгі қолдануға қауіпсіз, бірақ рұқсат етілген дозадағы қауіпті заттар болуы мүмкін дәрілерге, сусындарға және азық–түлік тағамдарына қойылмайды. Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО алады. 1993 жылы оның құрылымында «экологиялық басқару» техникалық комитеті құрылды.

Оның жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардан тұратын ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар қабылданды.

Соңғы нұсқадағы негізге алынатын стандарттар ИСО 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолданылуы бойынша талаптар және нұсқаулар» және ИСО 14004:2004 стандарты «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Пайдалануды қамтамасыз ететін қағидалар, жүйелер және құрылғылар бойынша жалпы жетекшілік нұсқаулар». Экологиялық басқару жүйесі қоршаған орта жағдайының үзіліссіз жақсаруын қарастырады. Экологиялық басқару жүйесін енгізу бірнеше кезеңдерден тұрады:

1. Ұжымдар саясатын құру қоршаған орта жағдайының жалпы көрсеткіштеріне қатысты қызметтерінің қағидалары мен бағыттары туралы өтініш білдіру. Қағидалар қоршаған ортаны қорғау саласында ұжымдардың әрекеттері және анықталған тапсырмалары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін анықталған шекті қарастыруы тиіс. Өтінішке қажетті қағидалар мен бағыттар, ұжымдық міндеттемелер, қызығушылық танытқан жақтарға байланысты жан-жақты жақсару, мониторинг, құжаттандыру мен бірлесушілік қырлары кіреді. Экологиялық бағыттағы саясат айқын (ашық) болуы тиіс. Қағидалар мен мақсаттар орнықтырылған өтініш фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және қоғамға таныстыру мақсатында ашық түрде басылымға шығарылады. Бұл кезең «Біз қай жаққа жеткіміз келеді?» деген сұрақпен бейнеленеді. Мұнда ұмтылуға қажет мақсаттар мен нәтижелер нақты көрсетілуі керек.

2. Белгіленген нәтижелер мен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін нақтыланған іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл бағытта өндірістің жоғарғы экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізуі үшін, бірлестіктің барлық қызметтерін регламенттейтін қажетті құжаттамалар қоры құрылады.

3. Бірлестік экологиялық басқару жүйесін функцияландырудың басына жақындай түсе, жүйе жұмысының реті мен барлық қызметтердің жұмысын реттеу бойынша және олардың жаңа шарттарда тиімді де тұрақты жұмыстарға қол жеткізуі үшін іс–шаралар жүргізу қажет.

4. Экологиялық басқару ісінің жағдайына, оның қабылданған бағдарла-маға сәйкестілігіне дүркін-дүркін бағалау жүргізіледі, ауытқулар болған жағдайда түзетулер енгізіледі.

5. Бірлестік жұмыстарының қазіргі күнгі талаптарға сәйкес келіп, жаңа заманға сай деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін басқару саясатын, мақсаттары мен шешетін мәселелерін ылғи талдап отыру керек.

2.4 Стандарттау және сапа

 

Сапа және бәсекеге қабілеттілік бір-бірімен өте тығыз байланысты. Қазіргі таңда нарықта сенімді түрде бекінуді өзінің мақсаты етіп қойған бірлестіктер мен өнеркәсіптер үшін сапа өнім мен қызметті алға жетелеу жетістікке жетудің маңызды факторы болып тұр. Бірақ, қажетті сапаға жету лездік үрдіс емес, ол жүйелілікті талап етеді. Бұл қиын істе отандық бірлестіктерге бұрынғыдай Қазақстанның Мемстандарты мен оның бірлестіктері қажет көмектер көрсетуде. Сапаны жақсарту бойынша жұмыстардың бірлестіктерде жүйелі түрде жүргізілуі бұрынғы КСРО-да 50 жылдардың (қалдықсыз өнім дайындаудың саратовтық жүйесі) ортасынан бастап дамығанын айта кету керек, содан кейін КАНАРСПИ (1960 жыл, бірінші бұйымдардан бастап сапа, сенімділік, ресурс) және басқа да жүйелер жұмыс жасай бастады. 70-ші жылдардың басында өнім сапасын басқарудың кешендік жүйесі ӨСБ КЖ дайындалды.

Бірақ, өндірістің жоспарлық жүйесі, көп көлемге ұмтылу, өнімге кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыстар өндірісте сапаны жоғарылатуға жетелемеді, керісінше бұрынғы КСРО-да өндірілетін тауарлардың сапасына кері әсерін тигізді.

Сапаны басқарудың әлемдік тәжірибесі ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда жинақталған. Сапаны қамтамасыз ету қазіргі таңда стандарттаудың басты тапсырмаларының бірі болып табылады. Бұл халықаралық тауар айналымының ұлғаюымен, жаһандандыру саясатымен, әлемдік өнеркәсіптік өндірістің көлемімен, адамдардың барлық қызметтерінің салаларына ғылым мен техниканың жетістіктерінің енгізілуімен түсіндіріледі.

2.5 Стандарттау және денсаулықты қорғау, еңбек қауіпсіздігі

Стандарттау мәселесі адамдардың денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігін қорғауда әрқашан ақтуалды. Стандарттардың жеткілікті көлемдегі бөлігі ток күшінің, шудың, шаңның, сәулеленудің жарықтандырудың және т.б. көрсеткіштердің қажетті деңгейлерін анықтады.

Соңғы уақытта отандық өнеркәсіптер жұмыстарының тәжірибесінде денсаулықты қорғау мен еңбек қауіпсіздігі стандарттарының мәні артуда. Бұл Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қадам басуымен, мемлекеттің дамуы мен жаңа экономика талаптарымен айқындалады.

Қазақстандық өнеркәсіптердің көптеген шетелдік серіктестіктері ИСО 9000 сапа жүйесінің халықаралық сертификатын алу талаптарымен қатар OHSAS 18001:2007 (Occupational health and safety management systems) халықаралық стандарттың талаптарына жауап беретін денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесінің халықаралық сертификатының бар болуын талап етуде. Бұл стандарт бірлестіктерде келеңсіз жағдайлардың орын алуын азайтатын, яғни жабдықтар сынуының, қызметкерлер жарақаттануының және денсаулығына қауіп төндіретін оқиғалардың алдын алып отыратын жұмыс жүйесінің құрылуына әсер етеді.

Мұндай халықаралық стандарттың қажеттілігі күмән тудырмайды. Бұл келесі қағидалармен айқындалады: жаһандану үрдісі мемлекеттердің экономикалық байланыстарын кеңейтуде, өнімнің өндірісі мен тауарайналымының көлемін жоғарылатуда, жаңа технологиялардың қуаты мен жылдамдығын тұрақты түрде өсіруде, осының барлығы жабдықтардың авариялық жағдайларға ұшырап, адамдар мен қоршаған ортаға экологиялық жүктемелердің түсуін көбейтіп, ұзақ уақытқа дейін ұмытылмастай ететін оқиғаларға жеткізуі мүмкін. Мысал ретінде, Чернобыльдегі атом электр станциясының, алып мұнай құятын танкерлердің, ірі әуе кемелерінің жарылыстырын келтіруге болады. Жаңа әлем өндіріс обьектілерімен қаныққан, бұл әсіресе, Жапония, АҚШ, Еуропа сияқты жоғары деңгейде дамыған өңірлерге тән сипат. Бұл өнеркәсіптік елдер қазір экономикада жаңа белестерге көтерілуде, олар өздерінің жетістіктерін жоғары қояды және өз ауқымында, сол тәрізді көрші елдерде де ешқандай техногенді жағдайлардың болмауын қалайды. Өндірістегі апаттардың негізгі себебі «адамдық» фактор болып табылады, ешқандай автоматтандыру өндірістің толық қауіпсіздікте болуына кепілдік бере алмайды. Адам бұрынғыдай соңғы шешімді қабылдайтын, басты фигура болып қалады. Өндірістік ортада адамның әрекеті көптеген: кәсіби білім, тәжірибе, көңіл-күй, физикалық қалып және т.б. факторларға негізделеді

Кейбір жағдайларда адамның іс-әрекетін болжау өте қиын. Нәтижесі қандай жағдайға әкелетінін анықтау қиын әрекеттерді болжауды болдырмау үшін, адамның өндірісте барлық іс-әрекетін толығымен жазып отыратын іс-әрекеттер жүйесінің халықаралық стандарттары, әсіресе, оның түсініксіз іс-әрекеттерін штаттық емес жағдайларда болдырмау үшін енгізілуде. Бұл ИСО 9000 сапа жүйесінің стандарттары мен OHSAS 18001 стандартында қамтылған жалпы қағида.

Соңғы уақытта стандарттау өз қызметтерінің саласын кеңейтуде, ол жеке түрде әлеуметтік қатынастарға енгізілуде. Бұл үрдіс БҰҰ-ның «тұрақты даму» жаңа концепциясының қабылдануымен, экономиканың жаһандануымен негізге алынды.

1997 жылы Кеңестің аккредиттеу бойынша агенттігімен экономикалық бағыт бойынша SA 8000:1997 «Әлеуметтік жауапкершілік» (Social Accountability) халықаралық стандарты дайындалды және енгізілді. Стандарт 2001 жылы жаңартылды.

SA 8000 стандарты кез келген бірлестікте оның көлеміне, меншіктік пішініне және қызмет түрлеріне қарамастан қолданылады. Ол бала еңбегіне, қажетті еңбекке қатысты, тәртіптік әдістердің, еңбек ақысының кепілдігі мен әлеуметтік қамтамасыздандырудың, жұмыс күнінің ұзақтылығының, денсаулық пен қауіпсіздіктің, қауымдастықтар бостандығының, ұжымдық келіссөздердің, сонымен бірге басқару жүйесінің мониторингтерінің бағдарламалары мен стандарттар қатарын қамтиды. Бұл стандарттың талаптары географиялық орналасуға, қызметтің саласына, компанияның көлемі мен меншіктік пішініне тәуелсіз қолдануға ыңғайлы.

SA 8000 стандарты ерікті сертификаттауды жүргізу үшін үшінші жақтың қатысуымен әлеуметтік жауапкершіліктің бақыланып отыратын, реттелген стандартын орнатуға бағытталған. SA 8000 стандарты Бала Құқығы бойынша БҰҰ-ның Конвенциясына, Адам Құқығының Жалпы Декларациясына және Халықаралық Еңбек Бірлестігінің (ХЕБ) конвенциясының 11 қағидасына негізделеді.

Бұл стандартқа келесі талаптар енгізілген:

1. Дамымаған елдерде 14 жастан, дамыған елдерде 15 жастан кіші балаларды жұмысқа алуға болмайды.

2. Қамауға алынғандар мен әкімшіліктік жауапкершілікке тартылғандардың еңбегін қоса алғанда, жұмысшыларды өз еріктеріне қарсы жұмыс істетуге болмайды.

3. Жұмысшылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар қабылдау қажет. Жұмыс істеу қауіпсіз және қоршаған ортанның тазалығын қамтамасыз ету, техника қауіпсіздігінің барлық талаптарын орындау, жұмысшыларды толық көлемді оқыту, сапалы тұрмыстық ауыз суға қол жеткізу сияқты іс-шаралар атқарылуы тиіс.

4. Жұмысшыларды жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуде бостандықпен қамтамасыз ету қажет. Кәсіподақтардың, ассоциациялардың және басқа да жұмысшылар қауымдастықтарының бостандығы.

5. Кез келген шектеулерге тиым салу. Жыныстық, діни, денелік шектеулер, жас мөлшері және т.б. белгілер бойынша бөлулерді болдырмау.

6. Жұмыс берушілер тәртіптік қалыптандырылған әсерлерді қолданбау керек, ең кем дегенде, жұмысшылар мемлекетпен бекітілген минималды мөлшердегі еңбек ақы алуы тиіс. Жұмысшыларды масқаралауға, денелік жазалауға, денелік немесе ойлық қысым көрсетуге толығымен тыйым салу.

7. Жұмыс уақыты аптасына 48 сағат болуы тиіс, ал жоғары нормалы жұмыс аптасына 12 сағаттан аспауы тиіс.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-10; Просмотров: 1641; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.065 сек.