Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Kepi есептермен таныстыру. 2 страница




1. Tipeк білімдерін белсендіру

Ауызша жаттығулар:

- Екі-екіден 20-ға дейін, үш-үштен 30 ға дейңн, төрт төрттен 40-қа дейін тура және кері тәртіппен есептеу.

- 2 санымен көбейту кестесін қайталауға армалған «Үндемес» ойыны

2. Оқулық бойынша жұмыс.

Оқулықтағы №1 тапсырма ауызша орындалады, белгісіз бөлінгіш туралы сұрауға болады. Бөлгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлінгішке көбейту қажет.

№2 құрама есеп түсіндіріле отырып тақтада орындалады немесе өздік жұмыс ретінде беруге болады. Бұл оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты.

№3 жаттығуда есептер бойынша өрнек құрастырырып, міндетті түрде жазу керек. Балалар амалды таңдауын негіздеуі қажет.

№4 тапсырманы балалармен бipre орындау керек. Алдымен өрнектердегі амалдар тәртібі қайталанады. Оқушы қандай өрнекті шешкенін қай бала таба алатынын анықтап көріңіз. Егер ондай балалар болмаса, талдылауды былай бастау керек:

Егер сыныпта бұл тапсырманы өз бетінше орындайтын мықты балалар болса, осындай тапсырма қурастыру тапсырыңыз.

№5 (l-шi және 2-жолдар) теңдеу түсшдіріле отырып шешіледі

№6 тапсырманы орындауда жарыс балалардың уақытты жазуымен басталады. Сағат тақта алдына ілінеді.

 

 

30-31-сабақтар

Сабақтың тақырыбы: 3 ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.3 санымен көбейту және бөлу кестелерін бекіту.

Сабақтың мақсаты: практикалык амалдарды қолдана оты­рып 3 санын көбейту және бөлу кестесін құрастыру; есептерді шешу барысында кестені пайдалана білу дағдыларын дамыту.

1. Tipeк білімдерін белсендіру.

Екі –екіден 20-ға дейін тура және кepi бағытта санаңдар.

Көбейту амалын қолдана отырып көбейтіндінің мәнін табыңдар.

4х3 7х3 9х3 5х3

2. Жаңа тақырыппен таныстыру.

Окулықтағы №1 тапсырма орындалады. Балаларға үнемi бірдей қосылғыштарды қоса отырып, көбейтуді орындау ыңғайлы eмecтiгi түсіндіріледі.

Жаңа тақырыпты бекіту.

Кестелерді есте сақтау маңыздылығына тағы бip рет тоқтала кеткен жөн. Балаларға кестелерді есте сақтау міндеті жүктеледі

№2 (31-сабақ) жай есептердің шeшyiн балалар 3 санын көбейту және бөлу кестесіне сүйене отырып орындайды. 3 са­нын көбейту және бөлу кестесін беккіту үшін №5 тапсырма түсіндіріле отырып орындалады.

№4 (31-сабақ) тапсырманы орындау үшін балалар пери­метр және көпбұрыштардың периметрін табу тәсілдерін еске түcipeдi.

Берілген сандарды нәтижемен ауыстыра отырып балалар кepi есептерді тез құрастыра алады.

№7 тапсырма мен оған қосымша берілген сурет балаларға 5 жұмыртқаны бip уакытта пicipyгe болады деген тұжырым жасауға

 

32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Өткен тақырып материалдарын пысықтау

Сабақтың мақсаты: кестелік есептеу дағдыларын қалыптастыру жұмысын жалғастыру; түрлі есептер шешуге уйрету.

1. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жаттығуға көбейту мен бөлу кестесін бекітуге арналған «Аңшылық», «Үндемес», «Қай қатар жылдам?» ойындары енгізіледі Ойындарға сондай-ақ қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін қамтуға болады. №7 тапсырма мен №8 логикалык тапсырманы да ауызша жаттығу ретінде алуға бо­лады. Осыған ұқсас логикалық тапсырмаларды балалар бұрын орындаған.

Математикалык диктант ұйымдастырылады.

Оқулықтағы №1 тапсырма ауызша орындалады, белгісіз бөлінгіш туралы сұрауға болады. Бөлгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлінгішке көбейту қажет.

№2 құрама есеп түсіндіріле отырып тақтада орындалады немесе өздік жұмыс ретінде беруге болады. Бұл оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты.

№4 тапсырманы балалармен бipre орындау керек. Алдымен өрнектердегі амалдар тәртібі қайталанады. Оқушы қандай өрнекті шешкенін қай бала таба алатынын анықтап көріңіз. Егер ондай балалар болмаса, талдылауды былай бастау керек:

Егер сыныпта бұл тапсырманы өз бетінше орындайтын мықты балалар болса, осындай тапсырма қурастыру тапсырыңыз.

№5 (l-шi және 2-жолдар) теңдеу түсшдіріле отырып шешіледі

№6 тапсырманы орындауда жарыс балалардың уақытты жазуымен басталады. Сағат тақта алдына ілінеді.

 

33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды өлшеміне қарай салыстыру.

Сабақтың мақсаты: балаларды фигуралардың ауданымен таныстыруға

35-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Еселік салыстыруға берілген есептерді шығару.Kepi есептер

Сабақтың мақсаты: еселік салыстыруға берілген есептер туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту және бөлудің кестелік жағдайын қайталау.

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Tipeк білім, бiлiк, дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есепті алдыңғы сабақта берілген ойындар түрінде жүргізуге болады, сонымен қатар №1 тапсырма орындалады.

3. Жаңа сабақ.

Жаңа сабақ практикалық жұмыс негізнде түсіндіріледі.

Бекіту.

Бастапды бекіту үшін№ 3 жаттығу орындалады. Оқушылар ecenтi шығарады және есеп шартын, сұрағын, шешуі мен жауабын салыстыра отырып, бұл кері есептер екендігі жөнінде тұжырым жасайды.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

№5 тапсырма амалдардың орындалу тәртібін қайталауға арналган.

3 бағанды 3 қатарға бөліп беріп орындатуға бола­ды. Оқушылар соңынан қандай амалды бірінші орындағанын айтады. №6 салыстыруға берілген тапсырманы өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.

№7 тапсырма күнделікті өмірде есептеу дағдыларын қолдана білуге дағдыландырады. Ауызша есеп түрлерше құрастырады. Қайтаратын ақшаны есептеп табады.

5. Сабақты қорытындылау.

№4 тапсырма үй жұмысы ретінде беріледі, еселік салыс­тыруға есептер құрастыру тапсырылады.

 

36-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Kepi есептер шығару

Сабақтық мақсаты: көбейту мен бөлуге арналган кepi есеп­тер құрастыру және шешу дағдыларын қалыптастыру; кестелік көбейтудің өтілген жағдаилары тура бiлiмдepiн бекіту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Tipeк білім,білік дағдыларын жетілдіру.

Үйде шығармашылық тапсырма орындаған балалар бүкіл сынып болып шешуге өз тапсырмаларые ұсынады.

№3 тапсырма негізіндеде кері есептер туралы түсінік қалып- тастырылады. Оқушылар есепті шығарып, салыстырады, ұқсастык пен ұқсастық пен айырмашылығын табады.Бұл кepi есептер деген қорытынды жасайды.

4. Бекіту.

Алғашқы бекіту үшін оқушылар №5 тапсырманы орындайды. (а және ә) тапсырманы балалар мұғалімнің басшылығымен жан-жақты түсіндіре отырып орындайды.

5. Өткен тақырыппен жұмыс.

№4 (а және ә) тапсырманы ұжым болып орындайды. Eceптi шығарғаннан кейін мұғалңм бұл кepi есептер ме, соны сұрайды. Оқушыларға мәліметтері бірдей есептер үнемі кepi есептер бола бермейтінін көрсету керек.

№8 тапсырманың шешуін сағат үлгісімен иллюстрациялауға болады.

6. Өздік жұмыс.

Өздік жқмыс ретінде №7 тапсырма бағанмен орындалады және тексеріледі №6 тапсырманы да өздері шығарады.

7. Сабақты қорытындылау.

Үйге №5 (б, в) тапсырма беріледі.

37—39-сабақтар.

Сабақтың тақырыбы: 4-ке көбейту және бөлу кестесін құрастыру.

4-ке көбейту және бөлу кестесін пысықтау.

Сабадтың мақсаты: практикалық амалдар негізінде 4 санымен көбейту және бөлу кестесін құрастыру; тапсырмаларды орындау барысында кестелер туралы білімін бекіту 4 санымен көбейту және бөлу кестесін құру және жаттауға байланысты 37-38-сабақтар 2 санымен кесте құру жөніндегі сабақтарға ұқсас құрылады. «Жылдам, бірақ шатаспа» секілді ауызша жаттығуларға екі екіден 20-ға дейін, 30-ға дейін, төрт-төрттен 40-қа дейін тура және кері тәртіппен санау дамытылады.

Осы сабақтың барлық тапсырмалары 4 санымен кестелік көбейту мен бөлуді пайдаланумен байланысты.

№8 тапсырма оқушылардан логикалық пайымдауларды қажет етеді егер оң жақ табақта 3 кг-дық 4 кip тасы болса, барлығы 12 кг. Ал сол жақ табақта кәді және 2 кг-дық кipтасы бар. Егер eкi жақтан 2 кг-нан алып тастасақ кәдінің салмағы шығады. 12 - 2 = 10кг.

Осындай сипаттағы тапсырмаларды балалар кейінгі сыныптарда да шешеді

39-сабақ осыған ұксас жүргізіледі. Тапсырмалардың барлығы оқушыларға таныс болғандықтан өздік жұмыс ретінде бepiп, соңынан тексеруге болады.

 

 

40-сабақ

Сабақтың тақырыбы: 5-ке көбейту және бөлу кестесі

Сабақтың мақсаты: 5 санымен көбейту және бөлу амалдары туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін кұру кезіндегі көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдалануға үйрету; кepi есептер құрастыру және шешу дағдыларын жетілдіру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

- Табиғатта күн cәyлeci бар. Ол жер бетіне жарық шашып, тіршілік береді. Күнді өзіміз жасап көрейік. Көздеріңді жұмып, жүректеріңде кішкентай жұлдызша бар деп сезініңдер. Оған оймен жақындық сезімін әкелетін күн сәулесін бағыттайық. Жұлдызша үлкейіп барады. Сәулесі бейбітшілікке бағыттайық.

Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№6 тапсырма негізінде ауызша есептеуді ұйымдастыруға болады. Бұл 100 көлеміндегі сандарды ауызша есептеу дағды­ларын арттыруға көмектеседі.Сонымен катар №5 тапсырманы да ауызша орындайды. Алдын ала уақыт бірліктері арақатынастарын (тәулік - сағат, ай - тәулік, сағат - минут, жыл - ай) қайталап алған жөн.

Таза жазу минутын №8 логикалык тапсырма негізінде ұйым­дастыруға болады.

Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №4 және №7 (1-баған) тапсырмалар беріледі

Сабақты қорытындылау.

Мұгалім сабақты қорытуды алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізеледі. Балаларға өткен тақырыпты жақсы меңгеру үшін уйге қандай тапсырма берілген дұрыс екендігі туралы сурақ қойылады.

 

41-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Құрама кepi есептер шығару

Сабадтың мақсаты: 5 санымен көбейту және бөлу кecтeci ту­ралы білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; құрама есептер шешуді үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тipeк білім, білік, дағдыларын белсендіру алдыңғы сабақтағыдай жүргізіледі №1 және №7 тапсырмаларды ауыз­ша орындауға болады.

«Компьютер» ойыны. Мақсаты: кестелік көбейту және бөлу туралы алған білімдерін бекіту.

Мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, ал балалар карточканың көмегімен нетижесін көрсетеді.

Бұл жерде амалдар тәртібінің орындалу peтi бойынша емес, тізбек бойынша жылдам орындалатыны ескеріледі

2х2х5-2:2х3 + 3:5

16:4х8-2:5 + 2х 3

21:7х9-7:5х4 + 2:2

Сондай-ақ тадтаға жазылған кестелерді толтыру ұсынылады:

Көбейткіш                  
Көбейткіш                  
Көбейтіндінің мәні                  

 

Бөлгіш                
Бөлінгіш                  
Бөліндінің мәні                

№1 тапсырма ауызша орындалады.

Жаңа сабақты түciндipy.

№3 тапсырма негізінде кepi құрама есептермен таныстырылады. Kepi құрама есептер үшін қысқаша жазу үлгілері беріледі.

3. Алғашқы бекіту үшін № 4 тапсырма ұсынылады. Оқушылар есеп шығарады.

4. Өткен тақырыппен жұмыс.

Есептеудің тиісді тәсілдерін түсіндіру үшін №5 (а және ә) тапсырмасы беріледі. №8 тапсырманы орындау оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналады. Балалар сурет бойынша кажетті сөздерді таңдайды.

5. Сабақты қорытындылау

- Сабақтың мақсаты не болды?

Сабақта тапсырмаларды орындау арқылы мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?

Сабақта не ұнады?

Қандай тапсырма қиынырақ болды?

Қай тапсырма ең жеңіл болды?

Сабақ барысында өз жұмысыңа баға бер.

Үйде орындауға №7 тапсырма берілеледі.


42-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау

Сабадтың мақсаты: 2-5 сандарының көбейту және бөлу кecтeci туралы алған білімдерін қайталау; еселік салыстыруға, санды бірнеше есе арттыруға, кемітуге берілген есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тірек білім,білік, дағдыларын белсендіру.

«Компьютер», «Шифр шешкіштер», «Кім жылдам?» деген дидактикалық ойындар негізінде ауызша есептеулер ұйымдастырылады. «Жауабын тап» ойынын ұйымдастыруға болады. Ойынның мақсаты: есептеу дағдыларын дамыту.

№1, №8 тапсырмалар ауызша орындауға арналган. Логикалык eceптiшешу кезінде балалар логикалық тұжырым жасап үйренуі тиіс: 5 кг-дық қорап тіктөртбұрыш пішінді көк қораптан ауыр болса, шаршы пішінді сары қорап 5 кг-дық қораптан ауыр: Сонда ең ауыры - шаршы пішінді қорап.

Оқушылардың білім деңгейін бақылау мақсатында кестелік көбейту және бөлуге математикалық диктант жүргізіледі

9 • 3, 4 • 5, 8 • 5, 45: 5, 12: 2, 20: 4, 18: 6, 10: 2, 21: 3, 4 • 3, 24: 4,

7 • 3. Одан соң балалар бір-бipiн тексереді

Математикалық диктант жылдам орындалады. Мұғалім тапсырманы eкi реттен артық оқымауы тиіс.

3. Білімдерін бекіту.

Eceптi шығармас бұрын еселік салыстыруға, санды бірнеше есе арттыруға, кемітуге берілген ауызша есептер шығарылады:

Сабақтың тақырыбы: Білімді тексеру (43- сабақ)

Сабақтың мақсаты: 1-5 сандарының көбейту және бөлу кестесін орындау, бірнеше есе артық (кем) сандарды табуға берілген есептерді, еселік салыстыруға берілген есептерді шығару, жақшалы және жақшасыз өрнектерді есептеу, тіктөртбұрыш салу және оның периметрін есептеу дағдыларын тексеру.

Бақылау жұмысы

1.Есепте 35:5 24:4 7х4 9х3 4х3+8х3 60+9:9 1.Есепте 36:4 32:4 7х5 8х5+8х4 9х4 40+8:8
2.Теңдеуді шеш Хх3=20+4 Х:3=171-162 6:х=9:3 2.Теңдеуді шеш Хх5=40+5 Х:2=154-145 8:х=16:2
3.Есепті шығар Анам 54л компоты банкаларға құюы керек. Ол үш литірлік 6 банкаға компот құйды. Неше литр компот қалды? 3.Есепті шығар Жұмысшы 95 шырша ойыншығын қораптарға салуы тиіс. Ол әрқайсысында 5 ойыншықтан 8 қорыпты қаптап қойды. Енді қанша ойыншық қалды?
4. Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 2 см, ал екіншісі қабырғасы 4 есе артық. Периметрін тап. 4. Тіктөртбұрыш сал, оның бір қабырғасы 3см, ал екіншісі қабырғасы 2 есе артық. Периметрін тап.
5. Амал таңбасын қой. 9□3□20=47 9□3□20=7 9□3□20=23     5. Амал таңбасын қой. 8□2□15=31 8□2□15=1 8□2□15=19  

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (44-46 сабақтар)

Сабақтың мақсаты: Бақылау жұмысынан жіберген қателерді талдыу; алдыңғы сабақтарда алған білім, білік, дағдыларын жетілдіру.

Сабақтарды мұғалім бақылау жұмысында іберілген қателерді ескере отырып құрастырады.

Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу дағдыларын жетілдіру мақсатында алдыңғы сабақтардағыдай дидактикалық ойындар өткізуге болады.

Математикалық диктант өткізуге болады. Өрнектеп жазып, мағынасын табуға тапсырылады.

v 37 санын 5 пен 3- тің көбейтіндісін қос;

v 71 санынан 3 пен 5- тің көбейтіндісін азайт;

v 8 бен 2 сандарының көбейтіндісіне 83-ті қос;

v 4 пен 3-тің көбейтіндісінен 12санын азайт;

Бекіту.

Оқулықтағы ессепті шығармас бұрын ауызша жұмыс бірнеше есеп ұсынуға болады.

Өткен сабақты қайталау.

Теңдеу мұғалімнің жетекшілігімен тақтада орындалады. Мұғалім есепті шешу барысында сұрақ қояды: «Қандай компонент белгісіз? Белгісіз бөлінгішті қалай табуға болады?»

Өздік жұмыс.

№7 тапсырманы оқушылар уақыт бойынша өздері орындап, соңынан тексереді.

Сабақты қорытындылау.

Үй жұмысын бақылау жұмысындағы жіберілген қателеріне қарай саралап беруге болады.

Математика 2тоқсан (35сағат)

Кестелік көбейту және бөлу (жалғасы)

Сабақтың тақырыбы: 6-ға көбейту және бөлу кестесі. (47 сабақ)

Сабақтың мақсаты: 6санымен көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру; көбейту кестесін құрастыруда көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана білуге үйрету.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2. Тірек білім, білік,дағдылрын белсендіру.

1000 көлеміндегі есептеу дағдыларын бекіту мақсатында ауызша есептеуге №6 және №7 тапсырмалары беріледі. Ұсақ ақша үлгілерімен тақтада әртүрлі жұмыстар ұйымдастыруға болады.

Кестелік көбейту мен бөлуден алған білімдерін қайталау үшін «Компьютер» ойынын ұйымдастыруға болады. Мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, ал балалар карточканың көмегімен жауап береді.

5х5-1:4+2х4-5х0 т.с.с.

7х4-1:9х5+3:2+0 т.с.с.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

6 санын көбейту және бөлу кестесін енгізу үшін сергіту сәті ретінде төмендегідей жаттығуды жүргізуге болады: оқушылар тұрады және еңкейген сайын 6-дан қосып отырады: 6,12,18,24 және т.б. Содан кейін балалар отырып-тұрып, 6-дан кемітіп отырады:60,54,48, т.б.

6 санын көбейту мен бөлу кестесін құру №1 тапсырма негізінде алдыңғы сабақтарға ұқсас жүргізіледі. Оқушылар кестенің неге 6х6-дан басталғанын түсіндіреді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту.

Алғашқы бекіту жұмысын №2 (а,ә) мұғалімнің жетекшілігімен орындалады. Содан соң оқушылар көбейту мен бөлу кестесіне сүйене отырып теңдеулерді салыстырады. (№5 тапсырма).

5. Өткен материалмен жұмыс жүргізу.

№3 тапсырма ауызша орындалады. Бұл жаттығу балаларға бір санның екінші саннан неше есе артық (кем) екенін анықтау тәсілдерін салыстыруға мүмкіндік береді.

Осыдан кейін балаларға өздік жұмыс ретінде №4 тапсырма ұсынылады және соңынан тексеріледі.

Сыныпта шығару үшін мұғалім мынадай есептерді береді: «Гүлзарда 5 қызғалдақ өсіп тұр, ал нәркес гүлі одан 6 есе артық. Гүлзарда барлығы наша қызғалдақ және нәркес өсіп тұр?»

 

 

Оқушылар есепті талдап, мұғалімнің көмегімен есепті шығару жоспарын құрады және шығарады. Екінші есепті балалар қысқаша жазылу бойынша құрастырады және өз беттерінше орындайды.

 


Қарағаш-6

Терек-? есе артық? ағаш

 

6.Сабақты қорытындылау.

Мұғалім өткен сабақты жақсы игеру үшін үй тапсырмасы қандай болу керектігін балалармен талқылайды.6санын көбейту және бөлу кестесін еске сақтау керектігін оқушылар түсіну тиіс. №2 (б.в) тапсырма үй жұмысы ретінде беріледі.

Шығармашылық деңгей: математикалық шифр ойластыру.

 

Сабақтың тақырыбы: Пысықтау (48сабақ)

Сабақтың мақсаты: 6-ны көбейту және бөлу кестесі туралы алған білімдерін бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; санды бірнеше есе арттыруға (кемітуге) берілген есептерді шығарып үйрену.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Тірек, білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Кестелік көбейту мен бөлудің өтілген жағдайларын бекіту үшін алдыңғы сабақтарында көрсетілгендей дидактикалық ойындарды ұйымдастыру және №1 тапсырманы орындату. «Көбейту немесе бөлу» ойыны пайдалы болады.

Ойынның мақсаты: 6 санымен көбейту және бөлу кестесі туралы білімдерін бекіту (ойында әртүрлі сандарымен өткізуге болады).

Мұғалім қатырмақағаздан ұйып алынған дөңгелектен бір жағын жасыл, екінші жағын сарыға бояйды.

Содан кейін өздерін тексеріп баға қояды.

1-нұсқа 2-нұсқа
2х3 15:5
7х6 4х5
9х0 36:6
16:4 5х9
5х5 7х0
12:4 45:5
30:6 25:4
6х6 12:3
6х1 9х1
5х8 5х7
4х3 8х6

 

3.Бекіту жұмысы

Көбейту мен бөлудің өзара білімідерін бекіту мақсатымен оқушылар мұғалімнің басшылығымен №3 тапсырманы орындайды

4. Өткен сабақ материалдарымен жұмыс.

№4 тапсырманы өз беттерінше орындайды немесе сынып оқушылары мұндай тапсырманы орындауда қиналатын болса, ұжым болып шығаруға ұсынылады. Ол үшін мұғалім есептің берілуін оқуды тапсырады және сигналды карточкалардың көмегімен өздерінің есепті шығаруға дайындығын көрсетеді.

5. Өздік жұмыс ретінде балаларға №2 және №5 (1-ші және 3-бағандар) тапсырмалар беріледі.

6. Сабақты қорытындылау.

Үйде орындауға №5 (2, 4- бағандар) тапсырма арналған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1967; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.