Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Дебиеттер тізімі. 2 страница. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай инфрақұрылымдар элементінің өзін құру инновациялық




Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай инфрақұрылымдар элементінің өзін құру инновациялық белсенділіктің өсіміне әкелген жоқ. Осыған байланысты Ұлттық инновациялық жүйені (ҰИЖ) қалыптастыруға, оның элементтерінің (инновациялық қолдаудың «тізбегіндегі» жеткіліксіз буындарды толықтыруды қоса алғанда) тиімділігін арттыруға, сондай-ақ түпкі мақсаттарға қол жеткізу үшін бұл элементтердің өзара іс-қимылын күшейтуге және үйлестіруге арналған жаңа әдістерді әзірлеп, іске асыру қажет болады.

2. Аталған саланың (сектордың) күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлерге талдау жасау.

Жүргізілген SWOT талдау нәтижесінде ҰИЖ-ні дамытудың мынадай факторлары анықталды:

 

Күшті жақтары Әлсіз жақтары
1. Саяси тұрақтылы 2. Табиғи ресурстардың бар болуы 3. Орта және жоғары білім берудің қамту кеңдігі 4. Ел басшылығының ҰИЖ тиімділігін арттыру бойынша араларды саяси қолдауы 5. Мемлекеттік органдарда қатаң субординация мен тәртіпке негізделген биліктің мықты тігі 6. Инновациялық және қаржылық инфрақұрылымның бар болуы 7. Инновациялық жобаларды венчурлік және жобалық қаржыландыру тәжірибесінің болуы 1. Ғылым, технология және инновация саласында мемлекеттік саясатты іске асырудың жеткіліксіз дәйексіздігі 2. ҰИЖ-нің ұлттық, өңірлік салалық деңгейлерін үйлестіретін жүйесінің болмауы (өңірлік деңгейдегі жұмыста нақты қалыптасқан тәсілдердің болмауы) 3. Кәсіпорындардың төменгі бастапқы технологиялық және басқару деңгейі 4. Жоғары білікті кадрлардың тапшылығы 5. Инновацияны енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктері туралы әлсіз хабардар болу (әлсіз инновациялық мәдениет) 6. Шағын ішкі тұтынушы нарық 7. Ғылым мен өндірістің арасындағы қалыптасқан алшақтық 8. Өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге арналған сақтау құжаттарын алудың ұзақ мерзімдері 9. Өнертабыстарға арналған қазақстандық өтінімдердің 1% азы Әлемнің басқа елдерінде патенттеледі 10. Бизнес пен ғылыми қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-әрекетті тиімді тетігінің болмауы 11. Технологиялар трансферті саласындағы білікті персоналдың жетіспеушілігі
Мүмкіндіктер Қауіп-қатерлер
1. Өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-әрекетті жақсарту есебінен ҰИЖ тиімділігінің өсуі 2. Технологиялар трансферті есебінен еңбек өнімділігінің анағұрлым артуы 3. Анық бәсекеге басымдылықтар және ғылыми дайындамалар болуы есебінен перспективті жоғары технологиялық салалардың қатарындағы көшбасшылық 4. Ықпалдастыру үдерістері есебінен жоғары технологиялық тұтыну нарығының өсуі (Кеден Одағы, ДСҰ және т.б.). 5. Зияткерлік ресурстарды қайтару үшін жағдайлар жасау 1. Дамушы елдер арасындағы инновациялық даму саласында бәсекелестіктің нығаюы 2. Дамушы елдердің ғылыми-технологиялық және өндірістік деңгейде үлкен ауытқуы 3. Шикізатқа арналған бағаның жоғары өсуінен экономиканың шикізаттық бағытталуын бекіту 4. Экономиканың жоғары шоғырлануы 5. Мемлекеттік саясатта басымдылықтарды ауыстыру 6. Жеткіліксіз қаржыландыру 7. Зияткерлік ресурстардың кетуі 8. Білім сапасының төмендеуі 9. Инженерлік-техникалық мамандықтардың салыстырмалы төмен танымалдығы 10. Шетелдік жоғары технологиялық компаниялар тарапынан ұлғаймалы бәсекелестік

 

3. Тиісті саланың (сектордың) негізгі проблемалары, үрдістері және дамуының алғышарттары

ҰИЖ-нің дамуын тоқтататын негізгі факторлар ретінде мыналар көрсетілген:

1. Инновацияларды дамудың бірыңғай стратегиясының болмауы;

2. Инновациялық даму институттары және шешімдер мен жауапкершіліктің бірыңғай орталығы арасындағы үйлестірудің болмауы;

3. Кәсіпорындардың төмен инновациялық белсенділігі және инновацияларға сұраныстың болмауы;

4. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктері мен нақты іске асырылатын стратегияны жасауды есепке алмағанда, инновациялық инфрақұрылымның ретсіз дамуы;

5. Ғылым мен бизнестің әлсіз байланысы;

6. Инновациядағы инвестицияларды ұстап тұратын капиталдың жоғары құны, сондай-ақ инновациялық шағын компанияларды қаржыландыру үшін венчурлік капитал нарығының дамымағандығы;

7. Әлемдегі алдыңғы қатарлы технологиялардың іс жүзінде талдауының мен олардың Қазақстан Республикасында пайдалану мүмкіндіктерінің болмауы.

Инновациялық даму секторындағы жоғарыда аталған себептер салдарларынан мыналар байқалады:

шетелдік мектептермен салыстырғанда отандық ғылымның әлсіз бәсекеге қабілеттігі, жеке сектор үшін ҒЗТКЖ-ны өткізудің жоғары қатері (шығындарды ішінара өтеу) және мемлекет тарапынан қолданыстағы қатерлерді бөлудің болмауы;

ұзақ мерзімді технологиялық жоспарлаудың ғылыми-негіздемелік жүйенің болмауы;

технологиялар трансферті бойынша қызметтердің дамымауы;

зияткерлік меншік құқығының әлсіз қорғанысы мен технологияларды коммерциялау бойынша кәсіби қызметтердің болмауы;

- зияткерлік меншік объектілерін патенттеу мерзімдерінің ұзақтығы;

- шетелде патенттелген индустриялық-инновациялық даму саласындағы отандық зияткерлік меншік объектілерінің жеткіліксіз саны;

өңдеуші өнеркәсіптегі тікелей шетелдік инвестициялардың төмен деңгейі;

жаңа өнімді әзірлеу және үдерістер саласындағы білікті техникалық кадрлардың тапшылығы;

қоғамның (әсіресе жастардың) инновациялық және ғылыми-техникалық тақырыпқа қызығушылығы мен оның инновациялық салаға тартылуының төмендігі және өнімділікті арттыруға бизнесті әлсіз ынталандыруы.

Аталған мәселелердің шешу экономиканың тиісті секторы дамуының алғышарттары ретінде қарастыруға болады.

4. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі индустриялық-инновациялық даму саласындағы саясатты әзірлеу мен іске асыруға жауапты уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады, оның функцияларына мыналар кіреді: инновациялық қызметінің басым бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстарды енгізу; инновациялық гранттарды бөлу; инновациялық гранттар есебінен жүзеге асырылатын инновациялық жобаларды іске асыру мониторингін жүргізу және орындау тиімділігін бағалау; инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын орындауды, оның ішінде инновациялық дамудың шаралар кешенін атқаруды мемлекеттік бақылау.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі елде жүргізілетін барлық іргелі және қолданбалы зерттеулерді қалыптастыруға, іске асыруға және үйлестіруге, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымның жағдайы мен дамуына, ғылыми кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруына, сондай-ақ, мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын ғылыми жобалар мен бағдарламалардың Мемлекеттік ғылыми-зерттеу сараптамасын жүргізуге жауапты болып табылады.

Елдегі инновациялық қызмет Қазақстан Республикасының «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» мен «Ғылым туралы» Заңдарымен реттеледі.

Инновациялық қызмет саласындағы қолданыстағы заңнаманың кемшілігіне елдің инновациялық-технологиялық дамуы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға жауапты орталықтың болмауы және тиісінше мемлекеттік органдар мен институттар, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен экономиканың нақты секторлар кәсіпорындары арасындағы бірыңғай инновациялық және үйлестіру стратегиясының болмауы жатады.

5. Индустриялық-инновациялық дамудың шетелдік жағымды тәжірибесіне шолу

Инновациялық-қабілетті бизнестің сындарлы көлеміне қол жеткізу индустриялық дамыған елдерде маңызды рөл атқарады. Салыстыру үшін Қазақстанмен экономика құрылымы мен өзге де факторлар бойынша ұқсас елдер Канада мен Австралияда компаниялардың жалпы санынан инновациялық-белсенді бизнестің үлесі тиісінше 65% және 50% құрайды, Канадада бұл ретте олардың ішінде шамамен 12,2% әлемдік деңгейдегі бір жаңалықты жасайтын болатын.

Экономикалық дамыған елдердің тәжірибесі жаһандық экономикалық бәсекелестіктегі экономиканың тұрақты өсуі өндіріске жаңа технологиялар мен әзірлемелерді енгізудің жоғары деңгейімен негізделген. Әр түрлі бағалар бойынша дамыған елдердің 70-тен 100%-ға дейін өсуі бүгінгі күні инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.

Экономистердің бағалауы бойынша ҒЗТКӘ-ге арналған шығындардың 0,1% өсуі ЖІӨ-ні ұзақ мерзімді перспективада шамамен 1,2% ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Әлемдік тәжірибеде жеке секторда ҒЗТКӘ-ны ынталандырудың екі негізгі әдісі қолданады: гранттар мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы тікелей қаржыландыру және салық жеңілдіктері арқылы жанама субсидиялау.

Өнеркәсіпті дамыған елдерде мынадай салық жеңілдіктері анағұрлым жиі пайдаланылады:

жаңа жабдықтар мен құрылыстарға капитал салу көлеміндегі табысқа жеңілдік;

жиі ұлғаймалы коэффициентті қолдана отырып, ТҚЖ-ға шығындар мөлшерінде табыс салығына жеңілдік;

әдетте ғылыми зерттеулерде пайдаланылатын жабдықтардың жеке арналған шығыстарды ағымдағы шығындарға жатқызу;

салық салынбайтын және ҒЗТКӘ-ны жүргізуге жіберілетін пайданың есебінен арнайы мақсаттағы қорларды құру;

зияткерлік меншіктен кірістерге төмендетілген ставкалар;

төмендетілген ставкалар бойынша табысқа салық салу (шағын кәсіпорындар үшін);

ҒЗТКӘ-ны жүзеге асыратын кәсіпорындарға салық кредиттері мен каникулдары.

Бұдан басқа шетелде зерттеулердің перспективалық бағыттары үшін ұзақ мерзімді кредиттер беру жолымен ТҚЖ-ы үкіметтік кепілдігімен ынталандыру тәжірибесі кең пайдаланады. АҚШ-та ресми үкіметтік құжаттарда ғылыми-технологиялық салаға капитал салу тіптен «болашаққа инвестициялау» деп аталады, ал ТҚЖ саласы стратегиялық ұлттық мақсаттарды жүзеге асырудың тиімді тетіктері ретінде қарастырылады.

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаттың өңірлік құраушысын пайдалану үрдісі үлкен маңызға ие болып отыр, бұл жекелеген өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының тең емес деңгейлерімен түсіндіріледі.

Бұдан өзге, индустриялық-инновациялық қызмет және тауарлық белгілерді қорғау саласындағы зияткерлік меншік объектілерін патенттеу жүйесі әлемдік практикада инновациялық белсенділікті жоғарылатудың құралдарының бірі болып табылады.

Канада, Швейцария, Қытай, Германия, Франция, Ресей және басқа да сияқты экономикалық дамыған елдерде индустриялық саладағы зияткерлік меншік объектілерін тиісті өнеркәсіптік ведомстволар патенттейді.

Қазіргі уақытта, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы өңірлік халықаралық ұйымдар жоқ. ТМД елдерінің Еуразиялық кеңістіктегі тығыз ықпалдасуына байланысты (Кеден Одағын құру, Бірыңғай экономикалық кеңістік) тауарлық белгілерді қорғауды реттеу саласында проблемалар одан сайын туындайтын болады, өйткені тауарлық белгілердің аумақтық сипаттағы қорғауы бар.

Осыған байланысты, тауарлық белгілерді қорғау саласындағы Еуразиялық ұйымды құру қажет. Қазақстан Республикасы болжамды ұйымның орналасу орны болуы мүмкін. Мысалы, Мәскеу қ., Ресей осындай Еуразиялық патенттік ұйымның (патенттерді қорғау саласында) орналасқан орны болып табылады.

3.Жаңа технологияларға ұсынысты қалыптастыру

Жаңа технологияларға тұрақты ауқымды ұсынысты қалыптастыру технологиялық сараптама мен аудит жүргізу жолымен, сондай-ақ технологияларды енгізу мен таратудың қаржылық ынталандыру шараларымен тұрақты мониторинг пен өнеркәсіп салаларының технологиялық қажеттіліктерін анықтай отырып, жүйелі түрде байланысты болуы тиіс.

Алға қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді іске асыру қажет:

технологиялық сараптаманы жүргізу нормативтік құқықтық базаны қалыптастыру;

технологиялық аудиттің нәтижелері негізінде жаңа технологияларда (сұраныс) өнеркәсіп қажеттіліктерінің тізбесін қалыптастыру;

жаңа технологиялар мен әзірлемелер (ұсыныстар) туралы ақпаратқа қол жетімділігін, оның ішінде технологиялар трансферті жүйесінің дамуы арқылы да қамтамасыз ету;

конструкторлық бюроны, инновацияларды (білім) тарату орталықтарын, коммерциялау орталықтарын және т.б. құруды қоса алғанда, ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту;

инновациялық гранттарды, оның ішінде, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ, оның тиімділігін (өнімділігін) арттыруға бағытталған бизнестің қолданбалы зерттеулерге шығындарды ішінара өтеу бағдарламасын іске асыруға инновациялық гранттарды ұсыну.

1. Технологиялық сараптама құны он мың есептік көрсеткіштен асатын және мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру алуға үміткер (инновациялық және ғылыми гранттарды қоспағанда) немесе мемлекеттік бағыныстағы ұйымдардың қаражаты есебінен инновациялық жобалар мен бағдарламалардың мемлекеттік сараптаманың ажырамас бөлігіне айналуы тиіс.

Технологиялық сараптама ережелері, объектілері, өлшемдері мен тәртібі және басқа да байланысты нормативтік құқықтық актілерді индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі салалық ведомстволармен бірлесіп әзірлейді және белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Технологиялық сараптаманың құрылатын нормативтік-құқықтық базасы атап айтқанда, ұсынылған технологиялық жобаларды қаржыландыру негіздемесін, болашақта ескірген немесе перспективалы емес технологиялар трансфертін болдырмау, сондай-ақ мәлімделген іс-шараларды қаржыландырудың қайталануын болдырмауды қамтамасыз етуі қажет.

Технологиялық сараптаманы жүргізуді Технологиялық даму жөніндегі ұлттық оператордың қолдауымен индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын болады.

2. Жаңа технологиялар жөніндегі ұсынысты қалыптастыру ақпараттық ресурстармен толығымен қамтамасыз етуі қажет. Осыған байланысты, жаңа технологиялардағы өнеркәсіп қажеттілігінің тізбесін қалыптастыру өзекті болып табылады. Аталған тізбеге өндірістік кәсіпорындардың технологиялық аудит нәтижелері, сондай-ақ, технологиялық міндеттерді шешуге арналған олардың өтінімдері енгізілетін болады.

Тізбе индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның, инновациялық даму институтының ақпараттық ресурстарында орналастырылады, бұл жаңа технологиялар мен инновацияларды өндірушілер мен тұтынушыларының ауқымды ақпарат алмасуын қамтамасыз етуге, технологиялардың өркениетті нарығын дамыту және ғылыми әзірлемелерді коммерциялау үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.

3. Перспективада ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды дамыту жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдерді енгізуге, инновациялық жобалар мен қолданбалы зерттеулерді коммерциялауға жәрдемдесе отырып, байланыстырылады.

Бұл ретте, ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық инфрақұрылымын жетілдіру, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Отандық ғылыми ұйымдарды жоғары деңгейге шығару мақсатында олардың жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс күшейтілетін болады, олар нарыққа бәсекеге қабілетті және талап етілетін әзірлемелерді, технологияларды, қызметтерді шығара алады.

Бұл үдерісте ЖОО әлеуетін тарту ерекше рөлге ие болады. Жетекші жоғары оқу орындары базасында өз даму бағдарламалары бойынша жүзеге асыратын зерттеу университеттері құрылатын болады.

Инженерлік пәндерге ерекше назар аудара отырып, профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми деңгейін тұрақты арттыру үшін жағдай жасалатын болады.

Технологиялық шешімдер туралы ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылымды дамытуды алу. Аталған қызмет инновациялар, технологиялар мен білім трансферттері бойынша қызмет көрсетуге, қазақстандық және батыс әріптестермен бизнес-кооперцияларды белгілеуге, жаңа технологияларды, патенттер мен конструкторлық-технологиялық құжаттамаларды және т.б. сатып алуға байланысты болады.

Кәсіпорындардың жаңа талап ететін өнімдерді жетелдетіп игеруі мамандандырылған конструкторлық бюро (КБ) желілерін құруға ықпал ететін болады. Бірінші кезеңде аталған ұйымдар сұраныс нарығын және машина жасау өнімдерінің ұсыныстарын талдау, ірі тұтынушылардың тапсырыстарына ықпалдасу, осы тапсырыстарды қазақстандық машина жасау кәсіпорындарында орналастыру және оларға бұйымдардың жаңа номенклатурасын игеруге қаржылық және қаржылық емес көмек көрсету мәселелерімен айналысатын болады.

Бұл ретте, қаржылық көмек бірінші кезекте, жетіспейтін жабдықтарды сатып алуды қоса алғанда, конструкторлық құжаттамалар мен өзге де зияткерлік меншіктерді, сертификаттауды сатып алу мен пысықтауға және қазақстандық және басқа да тауар нарығына шығуға байланысты өзге де шығындарға, өндірістік желілердің техникалық дайындығына бағытталатын болады. Қаржылық көмек игерілетін номенклатуралар шығындарының барабарлығы, шығындарды ішінара өтеу және бөлінетін қаржының қайтарылу принциптеріне берілетін болады.

Кейіннен, КБ өндірілетін өнімдердің сипаттамасын жақсартуда (өзіндік құнын төмендету, сапасын арттыру, тұтынушылық ерекшеліктерін жақсарту және т.б.) кәсіпорындарға жәрдемдесуге шоғырланады. Аталған екі кезеңді ойдағыдай өткеннен кейін КБ қағидаттық жаңа өнімді әзірлеуде машина жасаушы кәсіпорындарды қолдау орталығы болады.

2014 жылдың соңына дейін жоғарыда көрсетілген қағидаттарға жұмыс істейтін мынадай 5 салалық бюроны құру болжануда: мұнай-газ жабдықтары, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, тау-кен металлургия жабдықтары, аспап жасау және көліктік машина жасау.

Жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлескен зерттеу және инжинирингтік орталықтар құрылатын болады. Атап айтқанда, 2010 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында салалық металлургия орталығы құрылады, ал 2011 - 2013 жылдары мұнай-газ саласы мен агроөнеркәсіптік кешенде салалық орталықтар құрылатын болады.

Бұдан өзге, аталған саладағы уәкілетті мемлекеттік орган жүйесінде Инновациялық жобаларды коммерциялаудың әдістемелік орталығын құру жоспарлануда. Ол технологияларды коммерциялау процестеріне қажетті нормативтік-құқықтық базаны, инновациялық қызмет субъектілеріне кеңес беру және оқыту бойынша жүйелік жұмыстарды, технологияларды коммерциялау тетіктеріне қатысты ауқымды мәселелері бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, коммерцияландырудың өңірлік және жеке офистерін қолдаудың бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді.

Елдің маңызды өңірлерінде және технологиялық дамытудың басым салаларында технологияларды коммерциялаудың коммерциялық орталықтарын құруға жәрдем көрсетілетін болады. Жиынтығында бұл инновациялық қызметті үйлестіру мен жандандыруды, технологиялар трансферті кезінде шағын инновациялық компаниялар мен ірі кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Коммерцияландыру орталықтары индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне әртүрлі қызметтерді (консультациялық, ақпараттық, маркетингтік, құқықтық, патенттік, білім және басқалары) көрсету жолымен инновациялық тізбектің барлық сатылары бойынша инновациялық өнімнің жылжу үдерісін нақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік Банктің «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Коммерцияландыру офисі құрылатын болады.

Нақты зерттеулер мысалында ол әуелден талап етілетін нәтижеге және зерттеулердің коммерциялық маңыздылығына бағытталған қазақстандық ғылымды шетелдік мамандардың тәжірибесін пайдалана отырып, қалай ұйымдастыруға болатыны белгіленген.

Технологияларды енгізуге және таратуға жәрдемдесу

Технологияларды енгізуді және таратуды қаржылық ынталандыру жүйесін құру. Қаржылық ынталандыру инновацияларға өнеркәсіптік сұранысты жасаудың басты тәсілі болып табылады. Технологиялық жаңғыртуды жүргізетін немесе инновациялық зерттеулерді жүргізетін өнеркәсіптік кәсіпорындарды қаржылық қолдау жабдықтарды сатып алуға арналған салықтық жеңілдіктерді беру жолымен көрсетілетін болады.

Инновациялық гранттар беру бағдарламасы шеңберінде технологиялар мен жаңа өндіріс желілерін жобалау және іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша инжинирингтік қызметтерді сатып алуды қоса алғанда, кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға жәрдем көрсетілетін болады.

Инновациялық гранттар жүйесі мақұлдау рәсімінен және «Өнімділік-2020» бағдарламасына енгізуден өткен кәсіпорындардан түскен өтінімдерді бағалаудың артықшылықтық режимін көздейтін болады.

Жобалық және венчурлік қаржыландыру. Инновациялық дамуды жобалық және венчурлік қаржыландырудың тиімділігін арттыру үшін 2010 жылдан бастап экономикалық қызметі түрлерінің жалпы (ЭҚТЖ) сыныптауышына сәйкес, инновациялық даму үшін басым болып табылатын, жоғары технологиялық және орташа технологиялық өнім түрлерінің тізбесі мерзім сайын жаңартылып, бекітілетін болады. Осылайша, инновациялық салаларға инвестициялар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс көздерден бөлінетін қаражатты шоғырландыруға қол жеткізіледі.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 676; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.238 сек.