Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

ГЛОСАРИЙ 4 страница




ü информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мазмұнын анықтау;

ü информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың оқу бағдарламасын жасақтау;

ü информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың әдiстемелiк жүйесiн жасақтау.

“Информатика” пәнi бойынша дайындалған стандарт бiлiм берудiң сәйкес сатысының базистiк оқу жоспарымен, бiлiм беру ұйымдарының типтiк оқу жоспарымен, оқу бағдарламаларымен кешендi түрде қолданылады.

“Информатика” оқу пәнiнiң базалық мазмұны (БМ) – оқу пәнiнiң мектепте мiндеттi түрде оқытылуы тиiс және үздiксiз бiлiм берудiң келесi сатылары мен деңгейлерiнде информатиканы оқуды жалғастыру үшiн жеткiлiктi болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.

“Информатика” оқу пәнi бойынша бiлiм берудiң негiзгi бағдарламасы (БНБ) – оқу пәнiнiң мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негiздi қалыптастыруды, олардың ойлау қабiлетiн дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертудi және оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.

“Информатика” оқу пәнi бойынша бағдарлы бiлiм беру бағдарламасы (БББ) – “Информатика” оқу пәнiнiң мазмұнын анықтайтын, пәндi тереңдетiп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететiн, оқушыларды кәсiби даярлау бағытына қарай көлемi мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттiк стандарт бойынша анықталады.

“Информатика” оқу пәнi бойынша қосымша бiлiм беру бағдарламасы (ҚББ) – мемлекеттiк стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәнi бойынша бiлiмге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтiк немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы ережелер:

Информатика пәнiн оқытудың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi төмендегiдей:

ü оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негiзiн қалыптастыру;

ü оқушылардың ойлау қабiлетiн дамыту;

ü оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;

ü оқушыларды өмiрге, еңбекке және бiлiмдерiн жалғастыруға даярлау;

ü информатика ғылымының негiзiн қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бiрi болып есептелiнетiн, қазiргi таңдағы әлем бейнесiн құрудың негiзiн құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;

ü қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдiстердi, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;

ü қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролiн анықтау, қоғамның ақпараттық сатыға өту кезеңiнде адам еңбегiнiң мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;

ü оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабiлеттерiн дамыту;

ü тиiмдi шешiмдер таңдай бiлуге бағытталған, оперативтi ойлау деп аталатын жаңаша ойлай бiлудi қалыптастыру;

ü ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;

ü оқушыларды ақпараттық бiрлiктермен қамтамасыз ететiн бiлiмдермен қаруландыру;

ü оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетiн қалыптастыру.

“Информатика” пәнiн зерттеу объектiлерi:

ü ақпарат;

ü ақпараттық ресурстар;

ü ақпараттық үрдiстер;

ü ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар.

“Информатика” пәнiнiң даму болашағы мына көрiнiстерге байланысты:

1. пәннiң жалпы бiлiмдiк, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру, атап айтқанда:

ü оқушыларға формальдау, модельдеу және компьютерлiк тәжiрибе әдiстерiн меңгерту;

ü тиiмдi шешiмдердi таңдай бiлуге бағытталған оперативтi ойлау қабiлетiн дамыту.

2. информатиканың ғылыми пән ретiнде қалыптасуы, атап айтқанда, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, биологиялық, қолданбалы информатика және т.б.

“Информатика” пәнiнiң даму бағыттары:

ü Теориялық информатика. Мұнда ақпараттың жалпы қасиеттерiн зерттеу, табиғаттағы және қоғамдағы ақпарат үрдiстерiнiң өзара қатынасы, сонымен қатар әр түрлi ақпараттық орталарда ақпараттық үрдiстердi жүзеге асырудың негiзгi заңдылықтарын зерттеу мәселелерi қарастырылады.

ü Ақпараттандыру құралдары. Мұнда дербес компьютерлердiң, микропроцесорлардың есептеу қызметiнiң мүмкiндiктерi және аймақтық желiлер арқылы ақпараттарды алмасу қызметтерi туралы мәселелер қарастырылады. Әр түрлi ақпараттарды сақтау, өңдеу және қолдану мүмкiндiктерiн одан әрi жетiлдiру бағытында ақпараттық технологиялардың даму мәселелерiн қарастырумен жалғасады.

ü Әлеуметтiк информатика. Мұнда информатика мен ақпараттық технологиялардың қазiргi қоғамдағы алатын орны, ақпарат пен және программалық өнiмдермен жұмыс жасаудың құқықтық, этикалық және моральдық нормалары, жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгi төңiрегiндегi мәселелер қарастырылады.

“Информатика” оқу пәнi бойынша оқушылардың мiндеттi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар мектептiң әр түрлi сатысында берiлетiн оқу мазмұнына сәйкес берiлген. Сатылар негiзгi, жоғарғы (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық) деп қарастырылған. Аталған сатыларға сәйкес берiлген мазмұндық желiлер бойынша оқушының мiндетi дайындық деңгейiне қойылатын талаптар анықталған.

“Информатика” оқу пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар мына бағыттарда қарастырылған: оқыту үрдісiн мамандармен қамтамасыз ету; оқыту үрдісiн оқу-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету; материалдық-техникамен базамен қамтамасыз ету.

Бақылау сұрақтары

1. Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту негіздері.

2. Информатиканың орта мектептегі оқу пәні ретіндегі маңызы.

3. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың мақсаттары қандай?

4. Информатиканы бастауыш сыныпта оқытудың міндеттерін сипатта.

5. “Информатика” пәнiнiң зерттеу объектiлерiне талдау жаса.

6. Информатика пәнінің даму бағыттары мен болашағы.

7. “Информатика” пәнi бойынша оқу үрдісiн ұйымдастыру жолдары қандай?

Негізгі әдебиеттер: [2, 4, 5, 6]

Қосымша әдебиеттер: [27, 29, 33]

 

7-ДӘРІС.

Тақырыбы: Мектептің информатика курсы бойынша негізгі

бағдарламаларға талдау жасау

Мақсаты: Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны,

орта мектептегі информатика оқулықтарын мазмұны бойынша

салыстыру.

1.Мектептегі алғашқы информатика оқулығының авторлары А.П.Ершов, В.М.Монахов болып табылады. Оқулық «информатика және есептегiш техника негiздерi» деген атпен әдістемелiк құралымен бірге 1985 жылы жарық көрді.

Авторлардың тұжырымдамасы бойынша «информатика ЭЕМ-ның көмегімен информацияны өңдеу мен таратудың қарапайым әдістерін қарастыратын ғылым» ретінде түсіндіріледі.

Оқыту мақсаты алгоритмдiк мәдениет пән компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдiк мәдениет дегенiмiз-алгоритмдi құру, түсіну және атқару iскерлігі арқылы бейнеленетiн ­ойлау мәдениетi. Сол кездегi компьютердiң жетiспеyшiлiгiне байланысты мектептiк алгоритмдiк тiлдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.

Алгоритмдiк мәдениет ойлаудың анықталған қасиетi ретiнде компьютерлiк сауаттылықтың бөлiгi болып табылды. Алгоритмдiк ойлау компьютердi меңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады.

Компьютерлiк сауаттылықты А.П.Ершовтың "программалау - екiншi сауаттылық'', - деген метафорасы негiзiнде aнықтayғa болады.

Алгоритмдiк мәдениеттi қалыпастыру үшiн машинаға тәуелсiз оқу тiлi (МAT) қажет.

Оқулыққа талдау оқулыққa алдымен алгоритмге анықтама және атқарушы ұғымына түсiнiктеме берiледi, бірақ ары қарай "атқарушы" сөзi кездеспейдi деуге болады. Атқарушының дидактикалық мүмкiндiктерi кейіннен түсiндiрiледi. Информация ұғымы да талқыланбайды. Алгоритмдеуге арналған алғашқы есеп «атқарушы» математика курсынан алынған. Блок-схемалар құрама командаларды түсiндiру тәсiлi ретiнде пайдаланады.

Шамалар ұғымы өте кеңейтiлiп берiлген (графикалық, текстік шамалар). Шама туралы дәстүрлi болжам санмен мөлшермен байланысты. ЭЕМ-сiз сандық алгоритмдерді атқару үрдісiн бейнелеу үшін алгоритмді атқару кестесі ұсынылған.

Кестелiк шамалар "әзір" қайталану командасымен өңделеді. "Yшін " қайталану командасы кейiнiрек кiтаптың екінші бөлімінде енгізіледі. Графикалық информациямен жұмыс істеу оқулықтың бiрiнші бөлiмiнiң соңында берілген.

«Физика және математика курстарынан есептер шығаруға алгоритмдер құру» бөлімі егжей-тегжейлі талданған. Бұл жерде информатика есептері сандық шешуге қажетті математикалық аппаратты жеңiлдетедi. Сондай-ақ тiптi жоғарғы оқу орындарында қарастырылмаған есептердi шығaруына мүмкiндiк бередi.

Оқулықтың eкiншi бөлімі бiрiншi бөлiмнiң толықтырылып, дамуы icпeттi. "ЭЕМ-нiң құрылымы" тақырыбы толық баяндaлған. Кiтапты дайындау кезiнде барлық мектеп жаппай ДВҚ УКНҢ, ЭЕМ-iне кету жоспарында болды. Соған бaйланысты, 16-разрядты микроүрдіссор (МП) қарастырылды. Авторлар микрокалькулятордың (МК) пайдаланылуына сын көзбен қарады. Өйткенi ЭЕМ-нің тапшылығына байланысты информатиканы МК-ды пайдаланып оқыту қаyпi болды, авторлар, мұны болдырмау қажеттiлiгiн өз мақалаларында бiрнеше рет атап көсетті.

Оқулықтың eкiншi бөлiмiнде МАТ құралына параметрлi қайталану командасы, тандау командасы, aлгоритм функция, литерлiк шамалар қосылған. Дегенмен, практика бұл толықтырыуларды бiрiншi бөлiмнiң сәйкес тақырыптарымен бірге өтуге болатынын көрсетті, тандауды –тармақталумен "үшiн" Қайталануын ­кестелiк шамалармен және т.б.

Рапира тілі жөнінде мәлiмет берiлген. Сондай-ақ авторлар бұл тiлдi басқа ЭЕМ-ге көшіруді болжаған. Сондықтан Бейсик тiлi жөнiнде аз мағлұмат берiлген бірақ тiлдiң бөлiгi МАТ-мен параллель қарастырыған МАТ-дің командаларымен салыстырып үйрету тәсiлi кеңінен қолданылған.

«Қайталауға арналған жаттығулар» бөлімінде 40 есеп келтірілген олардың кейбiр бөлiгi олимпиадаға дайындалуға арналған есептермен бара бар. Тұтасымен алғанда, бұл оқулық "информатика" оқулықтарының толық сипаттап көpсeттi, кейiнгi оқу құралдарында ескерілетін педагогикалық – тәжiрибенi талдауға мүмкіндік берді. Оқулықтың мұғалiмдерге арналған кітабы «информатиканы оқыту әдicтемесінің» қалыптасуында үлкен роль атқарды. Ол сабаққа әдістемелік нұсқаулармен қатар, информатиканың негiзгi мәселелері авторлардың көзқарасы мен мақсатын ашып берді. Сондай-ақ, мұғалімдердің машинамен және машинасыз оқыту тәсiлiне материалды іріктеп, өтуіне бағдар бepдi.

А.П.Ершовтың салған аса маңызды педогогикaлық тәсiлi- материалды өтудің циклдық тәсiлi оның информатикаға тең материалды баяндаyға аса күштi пәнiшiлiк байланысы бар жалпы дидактикалық бірiздiлiк принцiпiнiң жүзеге асырыуы peтiндe түciнyгe болады.

2. А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень және т.б. зерттеушiлер тобы А..П.Ершов көрсеткен информатиканы оқыту бағытын жaлғастырды. Авторлар тұжырымдамасы бойынша, информатика-физика мен математика тәрiздi мектептегi iргелi оқу пәнi. Оның негізгі мақсаты- алгоритмдеу іскерлігін қалыптастыру. Сондықтан курс, типтi мектеп толығымен ЕТ-мен толық жабдықталған жағдайдың өзiнде компьютердi пайдаланyшыларды дайындауға бағытталмауы тиіc алгоритмдік ойлау кoмпoнeнт компьютерсiз де қалыптасады. МАТ-Бейсик Паскаль тәрiздi тiлдердiң ағылшындық лексикасын жоюға мүмкiндiк бередi, оқушылардың назары eceпті алгоритмдеуге аударылады.

Мектепте бip ғана тiл алгортимдік тiл болуы тиіс. Е-практикум­- толық программалау жүйесiне дейiн кеңейтілуі қажет. Tiптi "алгоритмдеу" мен "программалау" бөлімдерін бөлуге болмайды деп есептейдi.

«Информация», «алгоритм» ұғымдарымен салыстырғанда "атқарушы" ұғымы аса маңызды ұғым болып табылады. Оның модульдiк және обьектiлi-бағдарланған программалуға тiкелей ұқсастығы бар.

Курс логикалық тұйықталып, аяқталған болуы тиic. Мысалы, МАТ құралдары атқарушылардың компьютерлiк моделі қалай құрылғанын ашуы тиіс.

Оқулыққа талдау. Кiріспеден информатиканың үш негізгі ұғымдарына-информация алгоритм, атқарушы-жеткілікті түсініктеме берілген. Алгоритмдiк тiл бiрден «Торкөз алаңындағы Роботтың жұмысынан» басталады. Келесі бөлімде аргументсіз көмекші алгоритмдер беріледі. МАТ-дің барлық құралдары графикалық алгоритмдермен енгізіледі.

Меншіктеу командасы толығымен графикалық образдар арқылы түсіндіріледі. «Циклдік алгоритмдерді құру» тақырыбы аса күрделі мәселелермен ерекшеленеді. Сондай-ақ «циклдың инварианттылығы», «рекурсия» ұғымдары қарастырылады. «Қайталауға арналған есептер» тарауында Ершов А.П., Монахов В.М. оқулығындағы есептер жиынтығы қайта қарастырылып, кеңейтілген.

«ЭЕМ-ның құрылымы» тақырыбы жеңілдетілген. Машиналық команданың мәнін түсіндіру үшін МАТ кеңінен пайдаланылады. Регистрлардың орнына оперативті зердемен қарапайым жұмыс қарастырылады. «ЭЕМ-нің қолданылуы» тарауы өзгеше жазылған. Өзекті ұғымдық аппараты алгоритмдік тіл болып табылады. Оның көмегімен әртүрлі объектілердің информациялық моделі құрылады. (квадрат, робот). ЭЕМ-нің қолданылуында әр түрлі есептер қарастырылып, барлық жағдайда алгоритмі келтіріледі.

Мәліметтер қоры мен белгілі редакторлар жөнінде нақты мағлұмат келтірілмеген.

МАТ-ге өзгерістер енгізілген:

дәстүрлері МАТ-де өзгертілген түрі:

әзір <шарт> цб әзір <шарт>

цб серия

серия цб

үшін... цб үшін...

цб

серия серия

цс цс

Сонымен қатар, алгоритмнің тақырыбына параметрлер жөніндегі барлық информация әкелінген. Бұл тек экранды немесе тақтаны үнемдеп қана қоймайды, сондай-ақ QBASE-тің do while …end do командаларына, Паскальдың while …do командаларына жақындатуға ұмытылған.

дәстүрлі МАТ-де: өзгертілген түрі:

алг ЕҮОБ (бүт А, В, С) алг ЕҮОБ (арг А, В, нәт бүт С)

арг А,В

нәт С

Бұл да тек орынды үнемдеп қоймайды, сонымен қатар, мұндай жазу стандартты СИ тілінде де бар, соған жақындатылған. Бер, тап қызметші сөздері пайда болған, бұл физика курсы есептерінің шартын жазуға ұқсас.

Сондай-ақ, символдық тип енгізілген. цб N рет қайталану да беріледі. Бұл циклдің қарапайым командасы.

Енгізу-шығару командаларының пайда болуы атқарушы тек адам ғана емес, терминологияға да өзгеріс енгізілген.

МАТ-дің орнына атқарушысымен бірге программалау жүйесі ретінде түсінілетін жүйе енгізіледі, ол КУМИР деп аталды.

Мұғалімге арналған құрал авторлардың көзқарасын айқындай түседі, «Алгоритмдік тіл» тарауының барлық есептерінің түсіндірмесі мен шешімі келтірілген. ЭЕМ-нің құрылымы мен ЭЕМ-ның қолданылуы атты тарауларда барынша түсініктеме берілген.

3. В.А.Қаймин, В.А.Щеголев, Е.А.Ерохина, Д.П.Федюшин. 10-11-кластарға арналған «Информатика және есептегіш техника негіздері» оқулығын жазды. Бұл оқулық 1987-88 жылғы информатика оқулықтары бойынша жарияланған конкурстың жүлдегері. Оқулық жоғарғы мектепке дейінгі деңгейді қамтиды, авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютерлік сауаттылық ЭЕМ-ның көмегімен информацияны іздеу, жазу, оқу, сурет салу іскерліктерімен шектелуі тиіс, оған программалау кірмеу қажет. Информациялық мәдениет дегеніміз – ЭЕМ-нің көмегімен информацияны іздеу, алу, жинақтау, өңдеу, тарату іскерлігі, ЭЕМ-ды пайдалана отырып өзінің ойын білдіру, басқа адамдармен қарым-қатынас жасап, бірлесе еңбек ету іскерлігі болып табылады. Алгоритмдеу де бұған кірмейді, мектептегі математика мен информатика логиканың элементтерінің болмауы-аса үлкен тосқауыл, сондықтан мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін Пролог тілі оқытылуы қажет. Мамандарды дайындауда информатика негiздерiн оқытудың негiзi - математиканы терең оқытып оқyшылардың алторитмдiк емес, конструктивтi логикалық ойлауын дамыту болып есептеледi.

Программалар оқушылар ұжымымен -жасалып, компьютерсiз орындалып, қaтеci табылуы тиic.

8-ДӘРІС.

Тақырыбы: Мектептің информатика курсы бойынша оқулықтарға талдау жасау

Мақсаты: Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны,

орта мектептегі информатика оқулықтарын мазмұны бойынша

салыстыру.

Оқулыққа талдау. Бул оқулықтың мазмұны оқу пәні pетiндe информатиканың барлық бөлiмiнің мазмұнын толық ашады, бөлiмдердің бiрiнен соң бiрiнің, орналасу логикасы өте орынды.

Оқулықта информатикaға кiрiспеден кейін дайын программалық құралдарымен жұмыc ұcынылады. Алынған тәжiрибенің негiзiнде алгоритмдеу негіздерi берiледi. Информатиканың негiзi де ашылып көрсетiлген: алторитмің дұрыстығын талдау, информациялық және логикалық есептер. ЭЕМ-нің құрылымы математикалық логиканың кeңiнен енгiзiлyiмен түсiндiрiледi. Алгоритмдi бейнелеудiң бес тәсiлi келтiрiлген.

Авторлар тобы кейiнен 8-11 сыныптарға арналған эксперименттiк программа жасады, - ол eдәуір деңгейде логикалық программалаyға бағдарланды. Бұған графикалық тұрғызуларды, суреттің бөлiгiмен Прологтың нақтылауларын салыстыру тәсiлiн пайдалану тән. Ең соңында, егер мұқият ойластырылған тест қанағаттандырылса, ондa оқыту алгоритмi дұрыс болады.

4. А. Г.Гейн, Е,В.Линецкий, М.А.Сапир,М.Ф.Шолохович алдыңғы оқулықтың негiзiнде 8-9­-кластарға арналган информатика оқулығын жазды. Авторлардың тұжырымдамасы бойынша, компьютер дегеніміз-әртүрлi iс-әрекетке пайдаланылатын жұмыс құралы. Сондықтан курстың негiзгi мақсаты ЭЕМ-нiң көмегімен есеп шығарyға үйрету. Есеп толық қарастырылуы тиіс: есептiң қойылысы мен ЭЕМ-нен алынған нәтижені талдауға дейін. Сондықтан, төмендегідей үш технологияны оқыту қажет: есептiң моделін құру, ЭЕМ-нің программалық қамтамасыз етілуін пайдалану.

Курс төмендегідей бөлімдерге бөлiнеді:

1) ЭЕМ-мен танысу;

2) есеп шығару кезеңдері жайлы түсініқ

3) алгоритмдеу;

4)программалау тiлдерiмен қоса программалық қамтамасыз етумен жұмыс.

Программалық қамтамасыз ету әдiстемелiк мақсатқа жетудi қамтамасыз eтeтiн, барынша қарапайым, oқyғa лайық болуы тиiс. Арнайы жасалған программалық құралдардың құрамы төмендегiдей: үш атқарушы (сызушы, Робот-манипулятор, есептегiш), негiзгi оқуды программалық қамтамасыз ету (информaциялық iздеу жүйесi, электрондық кесте (ЭК), Teкcтiк редактор, графикалық редактор, симплекс-метод программасы, микро ЭЕМ имитаторы.

МАТ-дегі жазу табиғи тiлге жақын болуы тиiс: қандай дa бiр ережемен шектелген жазуда негiзгi мәселенi түсiнбеуi мүмкiн. Атқарушылар-маңызды дидактикалық құрал. Логиканы үйрену алгоритмдеумен байланыссыз. ЭЕМ-ның логикалық негiздерi мектеп үшiн қүрделi, ал Пролог тiлi болашақта оқитын тiл болуы мүмкiн. Кәсіптiк дербес компьютерлер әдеттегi сабаққа жарамайды, oқyғa одан да қарапайым компьютерлер керек.

"Информатика және ЕТН" пәні информациялық моделдерді құру технологиясын үйрету үшiн қызмет етуі тиіc. Ал программалау тiлi программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлiгi peтiндe оқытылуы қажет. Аса маңызды мәселе тiлдiң түpi емес, тiлдi калай оқыту керек осы мәселеге коңiл аударылуы тиiс. Сондай-ақ, модельдеуде немесе программа жазуда дайын программалық құралдарды пайдалана бiлуге көңiл аударылуы тиic. Мұндағы негiзгi мәселе, нәтиже-модель, ал, құрал - Бейсик немесе ЭК-нiң ыңғайлысы таңдалынады.

Есептегіш техника негiздерi бөлiмiнде Фон Нейман принципімпен таныстыру жеткiлiктi. ЭЕМ-ның физикалық негіздері тақырыбы физика сабағында оқытылуы тиіс. Көрсетiлген технологияларды басқа пәндерді оқытуда пайдалануды көздей отырып, информатика негізгі мектепте оқытылуы тиic.

Компьютерлiк сауаттылық бастауыш кластарда берілуі тиіс.

Программалық-әдістемелік кешен: оқулықтан, мұғалімге арналған құралдан және программалық қамтамасыз етуден тұрады. Білім төмендегiдей үлгi бойынша қалыптасады: ұғымдардың мазмұнына оқушылардың өмірлік тәжірибемен байланысы тipeк болады, формальдау (бастапқы кезеңде, атқарушылар негiзiнде), есептердi шығару барысында демонстрациялау. Есеп шығаруда пайдаланылатын есептеу математикасының әдістері мектеп математикасынан барынша алыс болса да oқытyғa кipeдi. Бұл компьютермен қамтамасыз етiлетiн көрнекiлiктің жоғарғы деңгейiмен аяқталады. Барлық есептерде оны шығарудың негiзгi төрт түpi қамтылған:

1) алгоритмнің орындалу нәтижесiн көрсету;

2)алгоритмдегi қатeнi табу;

3) алгоритм құру;

4) математикaлық модель құру, алгоритм құру, программа жазу.

Есептер жүйелi түрде байланысқан: кейiнгi есепте алдыңғы есептің шешiмi пайдаланылады. Алғашында оқушылардың өздерi атқаратын алгоритмге қарапайым мысалдар келтiрiледi. Атқарушылардың командаларының шектеулi болатындығын түciндipy үшiн әртүрлi атқарушылар қарастырылады.

Оқулыққа талдау. Оқулық авторлар тұжырымдамасына толық сәйкес келедi. Жалпы алғанда бұл оқулықты А.Г.Кyшниренко бастаған топтың оқулығына қарама-қарсы бағытталған деуге болады. Егер ол оқулықта алгоритмдеу негiзгi мақсат ретiнде қарастырылатын болса, ал бұл оқулықта модельдеуге арналған есептердi шығаруға пайдаланатын құралдың ролiн атқарады. Егер ол оқулықта курстың басында математикалық eceптep берілмейтiн болса, бұл оқулықта басынан бастап, тіптi әрбiр есепте физика мен математикалық есептер кездеседi.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1339; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.