КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
ГЛОСАРИЙ 5 страница
Оқушыға материал айтарлықтай түciнiктi болу үшiн алгоритмдеу едәуiр жеңiлдетiлген. Оқулықтағы пайдаланылатын атқарушылардың iшiнен "Есептегiш" жүйелi түрде ДЭЕМ -дi eсептeyден босатады, бiр жағынан алғанда қарапайым микрокалькулятор тәрiздi. Робот - манипулятор ортасы aвтомaттaндыpылғaн склад-стеллажға ұқсас, кестелік мәліметтерді өңдеудi жақсы бейнелейді. Бейсик тiлiн үйренуде кестелiк мәлiметтердi өңдеу жақсы бейнеленеді. Толық емес құрамa команданы аудару шартты терістеудің көмегімен орындалады Ал, толық тармақталуды аудару кoмaндaлар сериясын алмастыру арқылы орындалады. Сондай-ақ, оқулықта келтiрiлген есептi шифрлау мен оны шешуге арналған есептер өте қызықты. Тұтасымен aлғанда, бұл оқулық қосымшаларымен, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын, информатиканың негiзгi мәселелерiн қамтиды. Сoнымен, қорыта келгенде, информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, пәнді оқыту мақсатында алшақтық байқалады, ал құралды таңдауға келетiн болсақ, онда бiр-бiрiне жақындықтары байқалады. Барлық оқулықтарда мектептiк алгоритмдiк тіл, программалық құралдар жиынтығы, алгоритмдеуге, модельдеуге, информацияны iздеуге есептер, математикалық логика элементтерi бар. Информатика пәнiн оқытyда оқулық талдау мәселесi - аса маңызды болып есептеледi. Орта мектеп дидактикасында оқыту құралдары жүйесiнде пән оқулығы маңызды орын алатындығы аталып көрсетiлген. Одан кейiнгi оқу үрдісiн оқу-әдістемелiк қамтамасыз ету оқулықпен тығыз байланысты болады. Ол оқулықтың идеясьн түсiндiрiп, ұғымды кеңейтіп, дамытып, оқушыларда берiк бiлiмнiң, икемділіктің және дағдылардың қалыптасуындағы жалпы мақсатқа қызмет етуі тиіс. Қазіргi уақытта орта мектептегi информатика курсына арналған бiрнеше оқулық бар екенін атап өттік. Бірақ, ол оқулықтардың бәрі Ресейлік ғалым-педагогтардың жазған оқулықтары. Біздің Республикамызда төл оқулық әлі жазылған жоқ. Аталған оқулықтың екеуі (Ершов А.П., Монахов В.М. және Ершов А.П., Л.П., Кушниренко оқулықтары) қазақшаға аударылған. Бұл оқулықтармен қатар курсты оқу-әдicтемелiк қамтамасыз етудің құрамына мұғалімдер мен орта оқу орындарының оқушыларына арналған әдiстемелiк құралдар да жатады. Қазіргі уақытта информатика ғылымының мазмұнының өзгеріп, дамуына байланысты мұғалім мен оқушыға арналған бірқатар ғылыми және әдістемелік құралдар мен нұсқаулар көптеп шығарылуда. Енді осы оқу-әдістемелік құралдың ішінен біразын атап өтейік. 1.А.П.Ершов, В.М.Монахов. Изучение основ информатики и вычислительной техники. (Методическое пособие для учителей и преподавателей средних учебных заведений. (ІІ бөлiмдi)). Москва. Просвещение. 198б г. 2.Қ.С. Әбдиев, М.Ж.Бекпатшаев. Алгоритмдеу негiздерi. (Kөмeкшi оқу құралы), Алматы, 1993ж. Абай ат. АлМУ. 3.А.Есжанов. Алгоритмдер және оны мектепте оқыту. Алматы, Мектеп, 1988 ж. 4.М.П.Лапчик. Информатиканы оқыту методикасы. Оқу құрaлы. 1994. Алматы. 5.Қараев ЖА., К.З. Халықова. Информатиканы 5-класта оқыту методикасы. Әдiстемелiк құрал. Алматы, 1993 ж. КДМБК КД институты. 6.Нақысбеков Б.Қ., Хaлықова К.З. Паскаль тiлiнiң негiздсрi. Оқу құралы. Алматы, Рауан. 1998 ж. 7.Ж.А.Қараев. Компьютердi оқу үрдісiнде пайдалануға кiрicпе. Алматы, Рауан, 1992 ж. 8.Есаян А.Р. Информатика. Учебное пособие, и др. М. Просвещение. 1991 г. 9.Б.Бөрiбаев. Информатика және компьютер. Жоғарғы оқу орындарының cтyдeнттepiнe арнaлған құрал. Алматы. Бiлiм. 1995 ж. 10.Каймин В.А и др. Информатика. Учебное пособие. Москва. Издательство "Бридж". 1994 г. 11.А.А.Брудно, Л.И.Каплан. Московские олимпиады по программированию. Наука, 1990 12.С.А. Абрамов и др. Задачи по программированию. М. Наука. 1988 г. 13.Қ.С.Әбдиев. Бейсик программалау тiлi. Оқу қуралы. АлМУ. 1991ж. 14.Қараев Ж.А., Haқысбеков Б.Қ жане т.б. Информатика мен есептегiш техника негiздерi курсы бойынша есептер мен жаттығулар жинағы. Алматы, Рауан. 1993 ж.. 15.С.А.Алдашев, Н.П.Ахметов. Информатика мен есептеуiш техника терминдерiнің орысша-қазақша сөздiгi. Алматы. Рауан. 1993ж. Сонымен қатар, "Информатика и образование" журналындағы оқу-әдiстемелiк материалдар, оқушыларға арналған "Квант", ғылыми көпшiлiк "Наука и жизнь" журналындағы материалдарды осы мақсатқа пайдалануға болады. Сондай-ақ, Республикамыздың төл басылымы "Қазaқстан мектебi" журналының қосымшасы "Информатика-физика-математика", "Информатика негіздері" журналында да бiрқатар әдicтемелік материалдар бар. Бақылау сұрақтары 1. Оқыту құралдары жүйесiндегі пән оқулығының маңызды орны 2. Информатика оқулықтарын мазмұны бойынша салыстыру 3. Программалық-әдістемелік кешен Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16] Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
9-ДӘРІС. Тақырыбы: Орта мектептегі информатика курсын бағдарламалық қамтамасыз ету. Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі. Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері Мақсаты: Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жолдарын қарастыру
Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) курстың белгiлi бiр тақырыбын оқытуды және оқушылардың оқу пpограмасында көрсетiлген, практикалық дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз етедi. Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жайында бiрқатар ғылыми жұмыстар жүргiзілуде. Енді ИЕТН курсын программалық қамтамасыз eтyгe apналған жалпы программалардың тiзiмiн келтiрейiк. Бұл қазiргi мектептің 7-11-сыныптарда пайдаланып жатқан программалар: 1. Мектеп ЭЕМ-сын негізгі программалық қамтамасыз ету (операциялық жүйе, файлдық жүйе, графикалық жүйе, текстік редакторлар). 2. Стандартты программалар кiтапханасымен және программаны байқау жүйесiмен жабдықталған программалау тiлi. 3.Клавиатуралық тренажер. 4. Текстік редактор (Word) 5. Графикалық редактор (Раintbrush). 6. Мектептiк алгоритмдiк тiлдiң интерпретаторы. 7. Мәлiметтер қоры (MS Access). 8. Электрондық кестелердi өңдеу жүйесi (Excel). 9. ЭЕМ-мен алғашқы танысуға арналған программалық пакет. 10.Нақты бекiтiлген командалар жүйесi бар және белгілі бір ортада жұмыс iстей алатын орындаушылар тобы. 11. Көмекшi алгоритмдер кiтапханасы. 12. ЭЕМ-ның және оның құрылғыларының жұмысын сипаттайтын программалар пакеті 13.Mектептегі математика және физика курстарының тақырыптарын сипаттайтын программалар пакетi. 14. Мәліметтердің типтік құрылымдарының программалық пакеті. 15. Автоматты түрде есеп шығаратын оқу пакеті (Mathcad). 16. Оқу работтардың басқаруға арналған программалар пакеті. 17. ЭЕМ-ның қолдануларын көpceтуге арналған демонстраңиялық пакет. Бұл көрсетiлген программалар тiзiмi курс программасының мазмұнының маңызды бөлімдерінің негiзгi тақырыптарын қамтиды. әртүрлi тексеретін, оқытатын программалардың курстың бөлiмдерi бойынша информациялық анықтамалық жүйелер және оқу үрдісiн интенсивтендiруге арналған барлық басқа құралдардың жасалуы ИЕТН курсын пpограммалық қамтамасыз етуді кең көлемде дамытyға мүмкiндiк бередi. Мектеп информатикасы курсының техникалық базасының мазмұны, құрылымының өзгеруiне, қарай, программалық қамтамасыз етуде дамып, жетiлдiрiлiп отырады. Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі. Информатика курсын оқыту үрдісін дамыту бағытында программалық құралдарды біріктіретін техникалық құрылғыларды, әртүрлі басқару құрылғыларын және оқытудың жаңа, сапалы әдістемесі механизмін қазіргі кездегі ДК мүмкіндіктеріне пайдалану керек. Перифериялық құрылғылар мен оргтехникаларды (басу құрылғылары-матрицалық, лазерлік, сканер, құйылмалы) оқу қызметіне пайдалану оның жаңа бағыты болып табылады. Оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың жаңа бағыты ретінде ДК-мен байланысты сенсорлық және оқу, демонстрациялық құралдар, талдамалы және дискретті сигналдарды енгізу және шығаруды қамтамассыз ететін құрылғыларды қолдану, ДК экранына енгізу параметріне тәуелді динамикалық өзгеріп отыратын әртүрлі физикалық заңдарды график түрінде кескіндеуге мүмкіндік береді. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалануда аналогтық және дискреттік сигналдарды енгізу мен шығаруды қамтамассыз ететін дербес компьютердің, оның ішінде, түрлі физикалық заңдылықтардың виртуалдық мүмкіндіктерін айқындайды. Информатика курсы бойынша оқыту құралдары жүйесінің құрамына мыналар жатады: · Оқыту үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамассыз ету; · Оқыту қызметінде оқушылардың мәдениетін қалыптастыруға негізделген бағдарланған объектілік бағдарламалық жүйелер; · ДК-ге байланысты оқу, демонстрациялық құралдар; · Оқыту үрдісіне көмекші оқу-көрнекілік құралдары; · Жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға бағытталған оқытудың құралдар жүйесін пайдалану әдістері. Оқыту құралдарының мұндай жүйесі информатика курсын оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану оқу-әдістемелік әдебиеттерімен (оқулықтар, оқушыларға арналған оқулықтар, мұғалімге арналған әдістемелік оқулықтар) қоса оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) құрайды. Оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен жиынының өзгермелілігі информатиканы оқыту үрдісінде ғана емес, сонымен бірге басқа пәндер мен сабақтастырылған курстарды оқыту барысында қолданылады. Базалық программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар: Информатика кабинетінде қолданылатын программалық қамсыздандыру 5 топқа бөлінеді: - жүйелік программалық қамсыздандыру; - базалық ақпараттық технологияға негізделген программалық қамсыздандыру; - жалпы мәнді программалық құралдар; - оқу үрдісіндегі программалық құралдар; - мектептің сұранысын қанағаттандыратын баспалық қызметке көмекші программалық қамсыздандыру; Программалық қамсыздандырудың барлық топтарына қойылатын жалпы талаптар: - лицензиялық келісім (программалық қамсыздандырудың қолданылу тиімділігі); - консультация беру мүмкіндігі; - қолданылатын есептеуіш техниканың архитектурасына, компьютерлер типіне, класына және сипаттамасына сәйкестілігі; - кез келген режимге және тілдік ортаға бейімделген жұмыс жасау қабілеттілігі; - интерфейсі; - программалық қамсыздандырумен жұмыс жасауға арналған құжаттардың бар болуы; - қаріптерді пайдалану мүмкіндігі; - ақпараттық және программалық құралдарға қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру. Жүйелік программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар: - операциялық жүйеге; - операциялық қабықшаға; - желілік программалық қамсыздандыруға; - антивирустық құрылғыларға; - ақпараттарды қалпына келтіру мен көшіру құралдары; - операциялық жүйенің немесе операциялық қабықшаның мүмкіндіктерін кеңейтетін арнаулы программалар (утилиттер); дискеталарды баптауға арналған жүйелік программалық қамсыздандыру және оның құжаттары немесе оны құру құрылғылары; Базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптар. Орта мектепте информатиканың базалық курсында базалық ақпараттық технологияға арналған программалық қамсыздандыру оқыту объектісі болып табылады. Аталған программалық қамсыздандыруды басқа пәндерді оқыту үрдісіне де, әкімшілік міндеттерді шешу барысында да қолдануға болады. Бұл топтардың құрамына келесі программалар енеді: - мәтіндік үрдіссор; - электронды кесте; - деректер қорын басқару жүйесі; - компьютерлік графика жүйесі (компьютерлік презентация); - компьютерлік телекоммуникациялармен жұмыс жасау жүйесі; Аталған топтың программалары көп жағдайда офистік пакеттер құрамында болады. Жалпы білім беретін мектептерде базалық ақпараттық технологияны қолдану формалары мен салалары сәйкес программалық қамсыздандыруға қойылатын талаптарға сай анықталады. Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын айтады. Өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер қазіргі кезде оқытудың ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пайдалану жолдарының ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әліде айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып келеді. Еліміздің ұлттық ғылым академиясы да компьютер арқылы үздіксіз білім беру ісіне көңіл бөліп, көпетеген педагогикалық тақырыптарда ғылыми жұмыс жүргізу ісін қаржыландарып келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы кездегі компютердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзекті мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр. Оқу жүйесінде информациялық техналогияны жалпы қолданудың маңызынан гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады. Компьютермен оқыту әдісін жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар шешуге тура келеді, олар: · компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса пайдалануға болатынын анықтау; · оқу үрдісін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау; · компьютерге жүктелетін функциялар тізбегін анықтау; · әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап тілектеріне сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау. Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалынның негізгі көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту үрдісін жүргізіп отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды. Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық оқу материалдарын жасауда оның авторы мен оқыту үрдісінің «алшақтығы» білім берудің негізгі принципі деп айтуға болады. Бұл принциптің негізінде берілген материалдарды оқып – үйрену үрдісі оның авторының кеңесі қажет етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жаңа материал беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеде жасалуы тиіс. Оқу құралын жасауға берілген техникалық тапсырмада осындай әдістемелік жағыына баса көңіл аудару ісі алдын – ала анықталады. Сонымен компьютер арқылы беруге арналған ақпараттық – оқыту және әдістемелік құралдар құрамына төмендегідей материалдар кіруі тиіс: · таратылып берілетін оқу материалдары; · бақылау және тестен өткізу материалдары; · жаттығулар; · сыныппен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып – үйренуге арналған әдістемелер; · әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және оларды бір – бірімен алмастыру жолдары; · экраннан берілетін барлық ақпараттық – оқу материалдарын компьютердің мультимедаиалық мүмкіндігіне және сабақтарды сол арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу. Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес жасалады, ал оның ақпараттық – әдістемелік негізін жоғарыда айтылған материалдар құрайды. Ол алдын – ала жоба бойынша анықталған компьютерлік технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту – үйрету функциялары мен оқу үрдісін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс. Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын компьютерлік оқу құралын даярлау көпжақты мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пайдалана білу қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір нұсқасының функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімінен бөлек компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары, суретшілер, программалаушылар болуы тиіс. Компьютерлік оқу құралын жасайтын шығармашылық топтың функцио-налдық құрамы: ü Пән мұғалімі ü Компьютерлік оқыту ісінің әдіскері, жалпы «сценарий» жасауды басқарушы ü Түрлі түстер үйлесімдігі мен дыбыс, анимация, мәтін бөліктері құрамын тағайындайтын және сондай материалдарды даярлау ісін басқаратын маман (дизайнер) ü Оқыту нәтижелерін тест арқылы бақылау ісінің маманы (әдіскер) ü Басқару алгоритмдерін кодтап, программа жасайтын маман (программалаушы) Мұнда мынадай негізгі талаптардың орындалуын атап өткен жөн: · компьютерде қолданылатын ақпараттық – оқу материалдары мен тексеру, бақылау сұрақтары айқын, әрі түсінікті болуы шарт; · берілген оқыту әдістемесін толықтыру немесе жаңа оқу әдістемесін жасау, яғнм оқу үрдісіне сай компьютердің функционалдық ерекшеліктерін есекере отырып, бұрынғы дидактикалық тәсілдерді жетілдіретіндей мүмкіндіктер болуы тиіс; · оқу құралының жалпы сценарийін және пәннің әрбір тақырыбының, сабақтың және сабақ ішіндегі белгілі бір кезеңдердің жеке «сценарийін» жасайтындай мүмкіндіктері болуы қажет; · даярланған программаның «ашықтық» деңгейін анықтау, яғни оны пайдаланушылар оқу құралының белгілі бір функционалдық блогын оқу жүйесінің соңғы талаптарына сәйкес өзгерте алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы, оқу құралының тексеру блогына жаңа есептер қосу немесе оқу үрдісін басқару бөлігін жетілдіру тағы сол сияқтылар. Компьютерлік оқу құралын жасаудың ақырғы кезеңі оны программаға айналдыру, яғни машина тілінде кодтау ісі болып табылады. Осындай қолданбалы программалық жабдықтамалар жасау көптеген жүйелік программалар арқылы жүргізіледі. Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасауда HTML және «Java» тілдерін немесе бұл жұмысты жеңілдететін FrontPage, Dreamviewer программаларын пайдалану қажет. Біздегі алғашқы электрондық оқулықтарға шет тілін, Қазахстан тарихын, валеология, қоғамтану, информатика пәндерін оқып үйренуге арналған CD – дискілерге жазылып даярланған оқу құралдарын айтуға болады. Олар модульдік принципке сәйкес тақарыптарға бөлініп, гиперсілтемелік мәтін құрастыру тәсілімен жасалып, мектеп бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының көптеген тақырыптарын қамтиды. Сонымен компьютерді қосымша оқыту жабдығы ретінде пайдалану білім беру саласында жаңа бір әдістемелік жүйе қалыптастырып келеді. Қазіргі кезде электрондық оқулықтар жасау ісі өндірістік индустрияның жаңа арнасын қалыптастыруда. Ол білім жүйесіндегі эканомиканың бір саласы ретінде жыл сайын белгілі бір қаржы бөлуді қажет етеді. Бұдан былай оқу орындары мұғалімдерге жалақы төлеу, оқулықтар, әдістемелік құралдар сатып алумен қатар электрондық оқу құралдарын сатып алуға тұрақты қаржы көзін бөліп отырулары керек. Бақылау сұрақтары 1. Педагогикалық-пpограммалық құралдар (ППҚ) 2. Мектептегi информатика кypcындa қолданатын ППҚ жасау мен оны пайдалану жолдары 3. Оқыту мақсатындағы компьютерлік оқу құралдарын жасау кезеңдері 4. Компьютерлік оқу құралы 5. Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама 6. Қашықтан оқыту мақсатына арналған программалар жасау Негізгі әдебиеттер: [1,2, 3, 4, 5, 6, 12, 14, 16] Қосымша әдебиеттер: [22, 30, 32]
10 –ДӘРІС. Тақырыбы: Информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. Мектептегі информатика кабинетіне қойылатын негізгі талаптар. Кабинетті жабдықтау және оған қызмет ету. Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника кауіпсіздігіне қойылатын талаптар. Мақсаты: Мектептегі информатика кабинетінің жабдықталуына қойылатын талаптармен, информатика курсын оқыту құралдарының жүйесімен таныстыру Информатика кабинеті жалпы орта білім беретін және кәсіптік-техникалық білім мекемелері оқу-есептеу техникасының жиынтығымен, оқу-көрнекілік құралдары мен оқу құрылғыларының және жиһаздармен, информатика курсы бойынша базалық және мамандандырылған курстардың теориялық және практикалық, сыныптық және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу мүмкіншілігі бар және оргтехникалармен жабдықталған болуы тиіс. Информатика кабинеті жан-жақты білім беруге сапалы түрде көмектесетін, оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау талаптарын толық қамтамассыз еткен жағдайда информатика және ғылым негізі бойынша білім, білік дағдыларын және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастырып, ақыл-ойын дамытатын, барлық психологиялық, гигиеналық және эргономикалық талаптарға сай құрылған орта. Оқыту есептеу техникасы кабинеті келесі принциптерге сүйене отырып жүргізілуі тиіс:
Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1131; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |