Деректерді ЭЕМ – де кескіндеу түрлері. ЭЕМ – нің техникалық сипаттамалары мен оларда шешілетін мәселелердің өзара байланысы. ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базалары.
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің архитектурасымен, оның құрылғыларының міндеттерімен таныстыру.
Сабақтың типі:
Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
компьютерлердің айрықшаланатындай негізгі техникалық параметрлерін;
ЭЕМ – нің буындары мен элементтік базасын.
Оқушылар меңгеруі тиіс білігі:
әр буын компьютерлеріне мысал келтіруді және сипаттамалық ерекшеліктерін айтып беруді.
5. ДЕРБЕС КОМПЬЮЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ
№9 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымы және жұмыс істеуі. Басқарудың программалық принципі.
Бағдарламалық – дидактикалық қамсыздандыру
Оқулық.
Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымымен, программалық басқару принципімен таныстыру.
Сабақтың типі:
Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
қазіргі дербес пайдаланылатын компьютердің құрылымын;
компьютердің негізгі тораптарын және олардың өзара байланысын;
компьютердің автоматты жұмыс істеу принципін.
Оқушылар меңгеруі тиіс білігі:
кез – келген шығыстық құрылғыны компьютерге қосуды және оны орналастыруды іске асыруды;
дискілерді пішімдеуді.
Тапсырмалар:
Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.
1. «Компьютер құрылымы» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.
2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.
3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.
Бақылау сұрақтары:
1. Компьютер құрылымы тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?
2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?
3. «Компьютер құрылымы» тақырыбының мақсаты?
4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?
5. Сабақ қандай типте өтеді?
6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар.
№6 өздік жұмыс
Тақырыбы: «Компьютерлік графика» тақырыбын оқыту әдістемесі
Мақсаты: Компьютерлік графика тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.
Теориялық түсініктеме
«Компьютерлік графика» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 7-8 сыныптарында қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 7 сыныпта 19-ші, 20-шы, 21-ші, 22-ші, 23-ші, 24-ші және 25-ші сабақ болып ІII оқу тоқсанында және 8-сынып бойынша 13-14 сабақ болып өтіледі. 7 сынып бойынша 7 сағат, ал 8 сынып бойынша 2 сағат көлемі берілген.
ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өңдеудің қарапайым құралы стандартты WINDOWS’98 операциялық жүйесі болып табылады. Paint графикалық редактор дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі түсті нүктелерден – пиксельдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады. Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.
7 – сыныптар үшін «Графикалық редактор» тақырыбы 7 сабаққа бөлінген.
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
№19 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Paint графикалық редактор.
Негізгі түсініктер. Арналуы. Іске қосу.
Жұмыс өрісі. Құрал – саймандар тақтасы.
Палитра. Сурет салу кезеңдері.
Редакторда тәжірибелік жұмыс.
Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:
ОЕТС. ОЖ WINDOWS’98.
Суретті файлдар. Оқулық.
Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Графикалық ақпаратты жасау туралы түсінік беру
Сабақтың типі:
Практикум элементтері бар, көрсете- түсіндіру.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылар білуі тиіс:
графикалық редактор не екенін;
графикалық редакторды не үшін қолданылатынын;
Paint редакторының терезесі неден тұратынын;
редактор терезесінде тақталарды қалай баптау керек екенін.
Оқушылар үйренуі тиіс:
графикалық редакторда іске қосуды;
сурет салуды және оларды редакциялауда.
Paint графикалық редакторының құралдары
№20 сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Paint графикалық редакторының құралдары.
Тік сызықтарды салу. Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу. Редакторда практикалық жұмыс орындау.
Бағдарламалық- дидактикалық қамсыздандыру:
ОЕТС. WINDOWS’98 ОЖ
Оқулық.
Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты:
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.
Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың типі:
Практикум
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушы білуі тиіс:
редакторда сурет салу техникасын;
Оқушы үйренуі тиіс:
графикалық редакторды іске қосуды;
суреттерді салуды, редакциялауды;
сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;
тікбұрыштарды салғанда сызықтардың қалыңдығын, түсін өзгертуі;
тікбұрыштың түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді;
эллипстер, шеңберлер және қисық сызықтар салғанда, олардың түсін, қалыңдығын өзгертуді;
эллипс пен шеңбердің түрін, контуры мен құюының түсін өзгертуді.
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Қисық сызықтарды салу дағдысын қалыптастыру. Көпбұрыштарды салу дағдысын қалыптастыру.
Құю құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі:
Практикум
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушы білуі тиіс:
редакторда сурет салу техникасын;
Оқушы үйренуі тиіс:
графикалық редакторды іске қосуды;
суреттерді салуды, редакциялауды;
қисық сызықтар салу;
көпбұрыштар салғанда сызықтың түсі мен қалыңдығын өзгертуді;
тұйық контурларды құю үшін палитраны қолдануды.
Графикалық редактормен жұмысқа үйрету. Қылқаламмен сурет салу дағдысын қалыптастыру. Бүріккіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.
Өшіргіш құралын қолдану дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі:
Практикум
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушы білуі тиіс:
редакторда сурет салу техникасын.
Оқушы үйренуі тиіс:
графикалық редакторды іске қосуды;
суреттерді салуды, редакциялауды;
қылқалам түрін өзгерту;
бүріккіштің дағының өлшемін өзгертуді;
өшіргіштің өлшемін өзгертуді.
Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет
studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав!Последнее добавление