Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Excel кестелік процессоры




Компьютердегі кестелік есептеулер

23 – сабақ
Сабақ тақырыбы Деректерді кескіндеудің кестелік түрі. Электрондық кестелерде деректерді өңдеу. Деректердің типтері. Формула жазу ережесі. Компьютерде кестелік есептеулерді өңдеу технологиясы.
Программалық- дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені Оқулық. Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушылардың тіктөртбұрышты кестелер туралы түсінігін қалыптастыру. Оларды электрондық кесте ұғымымен таныстыру. Электрондық кесте ұяшығының, ұяшықтар диапазонының ұғымын беру. Оқушыларды электрондық кестедегі жолдарды, бағандарды және ұяшықтарды белгілеуге үйрету. Оларды электрондық кестелерде деректерді өңдеумен таныстыру. Дерек типтері туралы түсінік беру. Формула және оларды электрондық кестеде жазу ережесі ұғымдарын қалыптастыру. Компьютерде кестелік еспетеулерді өңдеу технологиясымен таныстыру.
Сабақтың типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: кестенің не екенін; қандай кесте тіктөртбұрышты деп аталатынын; электрондық кестенің не екенін; электрондық кестелерді, олардың міндеттерін, типтері мен негізгі мүмкіндіктерін; электронды кестенің ұяшығы деп нені атайтынын; ұяшықтар диапазонының не екенін; электрондық кестелердегі формулалар деп нені атайтынын; формулада, электрондық кестеде, ұяшықтарға жазу ережелерін; абсолюттік және салыстырмалы адрес айырмашылықтарын Оқушының меңгеруі тиіс білігі: тіктөртбұрышты кестеге мысал келтіруді; көрсетілген ұяшықтардың адресін анықтауды; бөліп алынған ұяшықтар диапазоны адресін анықтауды; электрондық кестелерге мысал келтіруді; мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, ормулаларды жазуға мысал келтіруді; мәтіндік деректерді, сандық мәндерді, формулаларды жазуға мысал келтіруді; күнді, уақытты жазуға мысал келтіруді; формуланы абсолюттік және салыстырмалы адрестерде жазуды.

Электрондық кесте

Электрондық кесте дегеніміз – дерек жазылған ұяшықтардан тұратын кәдімгі кестенің компьютерлік бейнесі.

Электрондық кестелердегі деректердің өңделуі

Электрондық кестелердегі мәтіндік жазбалар әріптердің, цифрлардың және арнайы символдардың кез келген тізбегі түрінде болады.

Мәтіндік ақпарат енгізгенде мәтін ұяшықтың сол жақ шекарасына тураланады.

Сандық дерек дегеніміз – бұл цифрдан, санның «+» немсе «-» таңбасынан, ондық үтірден бастала латын цирлар тізбегі.

Сандық деректерді енгізгенде сандар ұяшықтың оң жақ шекарасына тураланады.

Дата типті деректерді енгізгенде ғасырдың басынан бастап күнді енгізгенге дейінгі күндердің реттік нөміріне түрлендіріледі.

24 – сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушыларды Excel – дегі негізгі ұғымдармен және амалдармен таныстыру. Жұмыстық кесте элементтерімен таныстыру. Жұмыстық беттермен әрекет жүргізуге, жұмыстық кесте беттері бойынша, жұмыстық беттер қосуға, кесте таңбаларының аттарын өзгертуге, бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге үйрету. Excel – де деректермен жұмыс істеуге үйрету. Дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларымен таныстыру. Деректерді өңдеу ормулаларын қолдануды үйрету.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Excel – дегі негізгі ұғымдар мен әрекеттерді; Жұмыстық кесте элементтерін; Дерек енгізу, сақтау және қорғау операцияларын; Оқушының меңгеруі тиіс білігі: жұмыстық беттермен әрекет жүргізуді; жұмыстық кестенің беті бойынша, жұмыстық кестенің беттері арасында орын ауыстыруды; жұмыстық беттер қосуды; кесте таңбаларының аттарын өзгертуді; дерек енгізуді, сақтауды және қорғауды; деректерді өңдеу үшін формулаларды қолдану.
25 – сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессорында деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен оқушыларды таныстыру.Деректердің орнын ауыстыруы және көшірмелеуді үйрету. Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету. Диаграммалар салу.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушыларды Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі әдістерімен таныстыру. Деректерді жылжытуға көшірмелеуге үйрету. Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін көрсету, диаграмма құру.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Excel – де деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерін; Электрондық кестелер көмегімен деректердің орын ауыстыру және көшірмелеу технологиясы; Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін; Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Электрондық кестелерді құруды және толтыруды; Деректердің орнын ауыстыруды және көшірмелеуді; Диаграммалар сызуды.
26 – сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессоры. Деректерді электрондық кестеде өңдеу. Деректерді өңдеу формулалары. Сызықтық функциялардың графиктерін салу.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Деректерді Excel электрондық кестесінде өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. Деректерді өңдеу формулаларын пайдалануды үйрету. Сызықтық функциялардың графиктерін салуды үйрету.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Электрондық кестелермен сандық ақпаратты өңдеу технологияларын; Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Электрондық кестелерді құруды және толтыруды; Дерек өңдеу үшін формулалар құруды; Сызықтық функция графиктерін салуды.
27 – сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессоры. «Абсолютті сілтеме» ұғымын енгізу.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушыларды Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен, «абсолютті сілтеме» ұғымымен таныстыру. Деректерді электрондық кестемен өңдеу кезінде абсолюттік сілтемені пайдалануды үйрету.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Ақпаратты электрондық кестемен өңдеу технологиясын; «Абсолюттік сілтеме» ұғымын; Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Электрондық кестелерді құруды және толтыруды; Электрондық кестелерде деректерді өңдеу үшін абсолюттік сілтемені қолдануды.
28 – сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессоры. МИН, МАКС, Сумм, СРЗНАЧ функцияларын енгізу.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушыларды Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру. МИН, МАКС, Сумм, СРЗНАЧ функцияларымен таныстыру. Оларды деректерді өңдеу кезінде пайдалануға үйрету.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Электрондық кестені пайдаланып, ақпаратты өңдеу технологиясын. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Электрондық кестелерді құруды және толтыруды; Деректерді өңдеу кезінде МИН, МАКС, Сумм, СРЗНАЧ функцияларын функцияларын пайдалануды.
29 – сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессоры. Excel электрондық кестесіне салып автоматтандырылған тексеруі бар кроссворд құру.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушыларды Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру, Excel электрондық кестесіне салып автоматтандырылған тексеруі бар кроссворд құру бойынша практикалық шығармашылық жұмыс жүргізу.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Электрондық кестені пайдаланып, ақпаратты өңдеу технологиясын. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Электрондық кестелерді құруды және толтыруды; Электрондық кестені ақпарат өңдеу үшін қолдануды.
30– сабақ
Сабақ тақырыбы Excel кестелік процессоры. Оқушылардың электрондық кестелерде деректерді өңдеу бойынша практикалық жұмысы.
Программалық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық Жұмыс дәптері.
Сабақ мақсаты Оқушыларды Excel электрондық кестесінде деректерді өңдеудің негізгі тәсілдерімен таныстыру.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті.
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Электрондық кестені пайдаланып, сандық ақпарат өңдеу технологиясын. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Электрондық кестелерді құруды және толтыруды; Электрондық кестені ақпарат өңдеу үшін қолдануды.

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1. «Кестелік процессорлар» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1. Кестелік процессорлар тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3. «Кестелік процессорлар» тақырыбының мақсаты?

4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5. Сабақ қандай типте өтеді?

6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар

 

№9 өздік жұмыс

Тақырыбы: «Мәліметтер қоры» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Мәліметтер қоры тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Мәліметтер қоры» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 8 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 8 сыныпта 31-ші, 32-ші, 33-ші және 34-ші сабақ болып ІV оқу тоқсанында өтіледі.

31-сабақ
Сабақ тақырыбы Деректер базасы. Деректер базасын басқару жүйелері. Деректер базасымен орындалатын амалдар.
Программалаық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық, Жұмыс дәптері.
Сабақтың мақсаты Оқушыларды деректер базасы ұғымымен, деректер базасын басқару жүйелерімен таныстыру. Деректер базасын класстарға бөлуді түсіндіру. Оқушыларды реляциялық деректер базасы өрістерінің ұғымымен, құрылымымен және типтерімен таныстыру. Деректер базасындағы операциялармен, компьютерде деректер базасын өңдеу технологиясымен таныстыру.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Деректер базаларын класстарға бөлуді; Реляциялық деректер базалары құрылысын; Реляциялық деректер базасы өрістерінің типтерін; Жоба, жазбалар өрісінің не екенін; Жазба түйінінің не екенін; Деректер базаларындағы операцияларды. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Деректер базасын жобалауды; Деректер базаларын өңдеу схемасын құруды.

 

Деректер базасының ұғымы

Деректер базасы дегеніміз – қандай-да бір тасығышта (қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде) сақталатын, арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы.

Реляциялық деректер базасының құрылымы

Реляциялық деректер базасы дегеніміз – құрамдас бөліктерінің өзара қатынастарында құрылған деректер базасы. Олар көбінесе бір тіктөртбұрышты кесте түрінде болады.

32-сабақ
Сабақ тақырыбы Excel-дегі деректер базасы. Деректер базасын өңдеу бойынша Excel мүмкіндіктері. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеу. Деректер базасын сұрыптау.
Программалаық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық. Жұмыс дәптер.
Сабақтың мақсаты Оқушыларды Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізілетін операциялармен таныстыру. Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуге үйрету. Біртүйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауға үйрету.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Excel кестелік процессорында деректер базасымен жүргізуге болатын операцияларды; Деректер базасын жасау мен өңдеу технологиясын. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Деректер базасын жасау мен құрылымын өңдеуді; Деректер базасындағы жазбалармен жұмыс істеуді; Біртүйіндік өріс бойынша деректер базасын сұрыптауды.

 

33-сабақ
Сабақ тақырыбы Excel-дегі деректер базасы. Деректер базасын бірнеше түйінді өрісі бойынша сұрыптау.
Программалаық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық. Жұмыс дәптер.
Сабақтың мақсаты Деректер базасын бірнеше түйінді өрістері бойынша сұрыптауға үйрету.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Деректер базасын жасау мен редакциялауды; Деректер базасын бірнеше түйінді өрістері бойынша сұрыптауды. Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Деректер базасын құруді және құрылымды өңдеуді; Деректер базасын бірнеше түйінді өрісі бойынша сұрыптауды.

 

 

34-сабақ
Сабақ тақырыбы Excel-дегі деректер базасы. Деректерді фильтрлеу.
Программалаық дидактикалық қамтылуы Оқу есептеуіш техника кешені, Excel кестелік процессоры. Оқулық. Жұмыс дәптер.
Сабақтың мақсаты Excel-де деректер базасын өңдеу. Деректердіә фильтрлеу.
Сабақ типі Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілік
Білім мен білікке қойылатын талаптар Оқушы білуі тиіс: Деректер базасын жасауды және өңдеу технологиясын; Деректерді фильтрлеу операциясын; Оқушының меңгеруі тиіс білігі: Деректер базасын құруды және құрылымды өңдеуді; Берілген параметрлері немесе шарт бойынша деректерді фильтрлеуді жүргізуді.

 

Тапсырмалар:

Мектеп оқулығы мен дидактикалық материалдар жинағын пайдалана отырып, келесі тапсырмаларды орында.

1. «Мәліметтер қоры» тақырыбы бойынша сабақ жоспарының үлгісін дайында.

2. Көрнекі – дидактикалық материалдарын дайында.

3. Оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды анықта.

Бақылау сұрақтары:

1. Мәліметтер қоры тақырыбы мектептің қай сыныбында оқытылады?

2. Осы тақырыпқа бөлінген сағат көлемі қандай?

3. «Мәліметтер қоры» тақырыбының мақсаты?

4. Осы сабақты қандай программалық және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етуге болады?

5. Сабақ қандай типте өтеді?

6. Оқушылардың білімі мен біліктіліктеріне қойылатын талаптар

№10 өздік жұмыс

Тақырыбы: «Программалау тілдері» тақырыбын оқыту әдістемесі

Мақсаты: Программалау тілдері тақырыбын оқытуды ұйымдастыру. Тақырыптық үлгі жоспармен танысу. Оқушы біліміне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақ жоспарын жасау.

Теориялық түсініктеме

«Программалау тілдері» тақырыбы мектептегі информатиканың базалық курсының 9 сыныпта қарастырылады. Күнтізбелік жоспар бойынша 9 сыныпта 6-18-ші сабақ болып I -ІI-III оқу тоқсанында өтіледі.

1. Программалау тілдері. Тілдің алфавиті.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар Паскаль программалау тілінің алфавитін және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін білуі тиіс.

Жоспар:

1.Тілдің алфавиті

2.Тілдің ерекшеліктеріне қарай символдардың жіктелуі

3.Символдарды жазу ережесі.

2. Паскаль программасы және оның құрылымы.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль прогаммалау тілінің құрылымымен және орындалу ретімен таныстырып, программа бөліктерінде қолданылатын міндетті түрдегі түйінді сөздердің орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар программаның құрылымын, оның орындалу ретін және программада қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын білуі қажет.

Жоспар:

1.Паскаль тіліндегі программаның құрылымы.

2.Паскаль программасының жазылу ерекшеліктері.

3.Бақылау сұрақтары.

3. Мәліметтердің типі. Мәліметтердің стандартты типі. Стандартты типтердің сипатталуы. Шамаларды сипаттау.

Мақсаты: Оқушыларды мәліметтер типімен және стандартты типтермен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар есеп шығару процесіндегі мәліметтердің типтерін анықтап, оларды программада сипаттай алуы керек.

Жоспар:

1. Мәліметтердің типтері

2. Стандартты типтердің сипатталуы

3. Стандартты типтерге қолданылатын амалдарға сипаттама

4. Бақылау сұрақтары, жаттығулар

4. Өрнектер. Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар. Арифметикалық өрнектер. Логикалық өрнектер. Символдық өрнектер. Операторлар. Меңшіктеу операторы. Стандартты функциялар.

Жаңа ұғым: Өрнектер, операторлар, меншіктеу операторы.

Мақсаты: Оқушыларға өрнектердің математикалық жазылуы мен программалау тілінде жазылу ерекшелітерін терең ұғындырып, берілген өрнекті программалау тілінде жазуды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар кез келген математикалық өрнекті программалау тіліне қажетті шарттарды сақтай отырып, жылдам аударып, жаза білуі тиіс.

Жоспар:

1.Арифметикалық өрнектер

2.Логикалық өрнектер

3.Стандартты функциялар

4.Өрнектерді Паскаль тілінде жазу мысалдары.

5.Бақылау сұрақтары мен жаттығулар

5. Мәліметтерді енгізу және шығару операторлары. Сызықтық алгоритмді программалау.

Мақсаты: Оқушыларға мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылу ережесін түсіндіріп, сызықтық алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар мәліметтерді енгізу және шығару операторларының жазылуын біліп, сызықтық алгоритмге программа құра алатындай дәрежеге жетуі қажет.

Жоспар:

1.Мәліметтерді енгізу, шығару операторлары

2.Сызықтық алгоритмді программалау.

6. Таңдау және шартты операторлар. Өту операторы. Бос оператор.Тармақталу операторы.

Мақсаты: Оқушыларды таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру. Тармақталған алгоритмдеді программалауды түсіндіру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар таңдау және шартты операторлардың жазылу тәртібін біліп, тармақталған алгоритмдерге программа құра білуі керек.

Жоспар:

1. Тармақталу операторы

2. Таңдау операторы

3. Өту операторы

7. Циклдік алгоритмді программалау. Циклдің түрлері. Циклдік операторлар. While-Do. Repeat-Until. For –Do, For – Downto.Қайталау және тармақталу операторларының сатылы орналасуы

Мақсаты: Оқушыларды циклдың түрімен таныстырып, оларды ұйымдастыруға қолданылатын операторлардың жазылу ережесін түсіндіріп, циклдік алгоритмдерді программалауды үйрету.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар берілген есептің шартына қарай цикл ұйымдастырудың қандай операторын қолданған тиімді екенін анықтап, оны программалай алуы керек.

Жоспар:

1. Циклдік алгоритмдерді пограммалау.

2. Циклдік операторлар

3. Циклдік операторлардың жазылу ережесі, мысалдар

8. Графиктік режим. Экранның координаталық жазықтығы.

Мақсаты: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын экранның координаталар жазықтығымен таныстыру.

Оқушылардың біліміне қойылатын талаптар: Оқушылар экранның координаталар жазықтығын дұрыс ұғынып, графиктік суреттерді шығару үшін режимді инициализациялауды меңгеруі қажет.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 1697; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.