Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Коэффициент безработицы 1 страница




Коэффициент занятости

Коэффициент занятости показывает соотношение числа занятых человек в экономике к числу экономически активного населения.

Занятые лица включают:

§ наемных работников в трудоспособном возрасте

§ лиц, работающих на себя

§ работников семейных предприятий (включая работу без оплаты)

§ работодателей

§ членов кооперативов

§ колхозников и лиц занятых в домашнем хозяйстве

§ наемных работников пенсионного возраста

§ работающих лиц младше трудоспособного возраста

Соотношение количества безработных к числу экономически активного населения.

Сумма коэффициента занятости и коээффициента безработицы равна единице

 

1.3 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Макродеңгейдегі еңбекке сұраныс және ұсыныс экономика жағдайына тәуелді және мемлекеттік деңгейде қабылданған әлеуметтік-экономикалық даму концепцияcына сәйкес реттеліп отырады. Нарықтық экономиканың дамуының әртүр- кезеңдерінде еңбек рыногының әлеуметтік- экономикалық теорияларының өзіндік позициялары болды. Классикалық теория өкілдері болып табылатын А.Смит,

Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, сонымен бірге неоклассиктер А. Маршал, А.Пигу, нарық жүйесі мемлекеттің экономикалық процестерге араласпаған жағдайында толық жұмыспен қамтамассыз ете алады деп дәйектеді. А.Пигу өзінің “Жұмыссыдық теориясы” еңбегінде (1993ж.) жұмыссыздықтың басты себебі ретінде еңбек ақының жоғарғы деңгейін: еңбек ақыны өсіру, өндіріс шығындарын көбейтеді және жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі деп есептеді.

Жұмыссыздықтың белгілі бір деңгейінің болуы еркін экономикаға тән қасиет. Нарықтық экономикаға өту кезеңдегі негізгі мәселе – жұмыссыздықтың өсуін баяулату және оны белгілі бір деңгейде ұстап тұру. Мемлекеттің араласуының негізгі шаралары – жұмыссыздықты болдырмау және жұмыс орындарын ұйымдастыру / 3,178-179б /.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауында барлық қазақстандықтардың өмірін жақсартуға, экономикалық өркендеуге әкелетін саясатты жасау қажеттілігі аталады. Осыған байланысты қазіргі негізгі мәселе еңбек нарқындағы жұмыссыздықпен, кедейлікпен күресу. Мемлекет бағдарламалары жасалуда. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында іс жүзінде асып жатқан жұмыспен қамтудың белсенді көмек көрсету бағыттарына мыналар жатады:

· Жұмысты іздестіруге көмектесу және жұмысқа орналастыру арқылы қызмет көрсету;

· Кадрларды қайта даярлау және біліктілікті жоғарлату;

· Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

· Жұмыспен қамтуды субвенциялау;

· өзін-өзі жұмыспен қамтуға метериалдық көмек көрсету;

· өзін-өзі жұмыспен қамтуға микрокредиттер беру немесе кішігірім кәсіпорындарды құру және т.б.

Бұл бағдарламалар іске асып жатқанымен, өз деңгейінде тиімділігі әлі төмен және нәтижелері де мардымсыз болып келеді. Оның басты себебі – бұл бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылып, менеджмент негізінде іске асырылмауы болып отыр/5,168-169бб./.

Еңбек нарқы, жұмыссыздық тек бір саланы ғана қамтитын саясат емес, ол барлық салаларды, барлық адамдарды қамтитын саясат. Еліміздің әл-аухаты, экономикалық жағдайы мемлекеттің ұстанған саясатына және жүргізіліп жатқан реформаларына, саяси-экономикалық басым бағыттарына тікелей байланысты. Еңбек нарығының қалыптасуы және дамуы азаматтарды қорғау, оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша экономикалық, құқылық және ұйымдастыру шаралары жүргізілуі қажет/6,171б./.

Қазақстан жағдайында нарықтың инфрақұрылымы, оның ішінде еңбек нарығының институттары мен ұйымдары, жеткілікті дамымағандықтан мемлекет әлі де зор роль атқару керек. Еңбек нарығы толық құнды бәсекелесті болған сайын қызметкерлер де, кәсіпкерлер де елдің еңбек ресурстарын барынша көп өнімді пайдалануға ынталанады. Жеке меншікті сектордың даму дәрежесі өскен сайын, еңбек нарығының инфрақұрылымы кемеліне жеткен сайын мемлекет әлеуметтіқатынастарына өзінің рөлін, кірісу дәрежесін мен формасын өзгертеді/2,156/.

1.1 Инфляцияның түрлері

Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%- ке дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болады.

Инфляция балансталған, тепе-тендіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитын инфляциядан ажырата білу керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны “жоспарлайды”, мысал ретінде Ресей федерацияның, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылпды. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі “инфляцияны күту ” басталмаған экономикада орын алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе-тендік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.

Инфляция ерекшелігі. Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақты экономикалық жағдайдар да әсер етеді. Ақша әсерінен тыс тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артыуна цикілдік және маусымдық толқуларға ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге салықтың жаңа ствкаларын енгізуге ақша өлшемінің девалвациялануы мен ревальвациялануына рынок конъюнктурасының өзгеру мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. Конъюктураның циклдік толқуынан болатын бағаның өскін инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ – ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен дипресия фазасында төмендеп жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төменденуіне әкелу тиіс. Циклдық толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек, өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезегінде баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық су басып кеткен аймақтардағы құрылыс материалдарының бағалары өседі. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында баға төмендеуі тиіс. Сонымен баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктерімен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефецит орталық эмисия банкісінің заем арқылы қаржыландырылса басқаша айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді.

Екіншіден, осындай жолмен әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландыру мен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен өамтамазыс етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгңейінің жалпы өсуі қазіргі арықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигопиялық нарық. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны бірініші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында “импорттық”инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарла бағасының қымбаттауына әкелді. “Импорттық” инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбататады, ал бұл дүнмежүзілік нарықта бәсекелестік қабілетті төмендетед.

Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол “инфляция ны күту” нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.

Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне жоғары баға бермейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикі зат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар-көкек 1992ж) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жбдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдынала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгеінде ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдердің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада 2-ші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден клуі және т.б. факторлар себепші болды.

Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді.

  2007 жылдың қазанына 2007 жылдың қантар -қазанына 2006 жылдың қаңтар-қазанына
2007 ж қыркүйегіне 2006ж желтоқсанына 2006 ж қазанына
Бралық тауарлар мен қызметтер 4,4 13,4 15,3 9,2
Азық түлік тауарлары 6,5 18,6 21,2 9,5
Азық түлік емес тауарлар 2,5 7,3 8,4 7,3
Ақылы қызметтер 4,2 11,9 13,3 11,0

 

1-есте- 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/.

1.2 Филлипстің қисық сызығы

Инфляция жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етеді. 1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “с9раныс инфляциясы” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді. Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.

Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.

И
Р          

Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі И1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) төтнше жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін бюджеттік және ақша – несие шаралары қолданады, олар өз кезегінде сұранысты күшейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәлсол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды. Мұндай жағдайлар экономиканың “қызып” кетуіне, дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін, сондықтан үкімет несие беруді тежеу, мемлекеттік бюджеттің шығыстарынкеміту және т.б. шаралар жүргізеді. Нәтижесінде бағаның өсу қарқыны Р3 деңгейіне төмендеп, ал жұмыссыздық өсіп, оның нормасы И3 болады.

Экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді. Өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді, мұның бірталай себептері бар.

Бұлардың ішіндегі жиынтық сұранысты ынталандыру міселесін бөліп көрсеті керек. Үкімет инфляция арқылы жұмыссыздықтың төмен деңгейін тұрақтандыру үшін еңбекшілерді “жалған күту” дегенге сендіре алса діттеген мақсатына жетеді. Мысалы, жалдамалы жұмысшылар номиналды жалақы ставкасының өсуін байқап, еңбек ұсынысын көбейтеді. Мұнда Филлипстің концепциясы бойынша инфляцияның өсуі (мұнымен байланысты номиналды алаөының өсуі) жұмыссыздықты азайтуы мүмкін. Бірақ, бір кезде халық номиналды жалақының жоғары ставкасының шын бағасын біледі. Өйткені, инфляция тұсында нақты жалақының жоғарылауы оның номиналды дәрежесінің өсуімен бірдей емес, оған сәйкес келмейді. Егер адамдар алған ақшаларына қызмет пен тауар сатып алуды бірте-бірте азайтса, үміттің үзілгені, онда ешкім де жалақының өсуіне қарамастан еңбегін ұсынбайды.

Мұндай өзара тәуелділікке 60-шы жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше назар аударды. Ол жұмыссыздықпен күресуде жиынтық сұранысты инфляциялық шаралармен “толтыру” тиімсіз деп көрсетті. Халық өзінің “жалған күтуін ” сезіп, номеналды ставканы жоғарылату жалақыны сатып алу қабілетін жоғарылатумен сәйкес еместігін түсінгенде ғана инфляцияның өсуі еңбіктік ұсынудың өсуімен жүрмей оның азаюы, яғни жұмыссыздықтың өсуімен жүреді.

Филлипстің қисық сызығын экономикалық талдау үшін тек қарқыны төмен, баяу инфляцияға ғана қолдануға болады деген де сөздер бар. Күтпеген экономикалық күйзелісте инфляцияның қарқыны кенеттен өседі және ол жұмыссыздықтың көбеюімен қабаттасады. Басқа сөзбен айтқанда Филлипстің қисық сызығы көрсететін статистикалық қатынас, ұзақ уақытқа тұрақты экономикалық заңдылық бола алмайды.

Мұның орнына жұмыссыздықтың табиғи деңгейі деген теория шықты. Ол 1679 жылдан АҚШ-тың (рейган мен Дж. Буштың республикалық әкімшілігі) және Англияда (М. Тетчер үкіметі) экономикалық талдауында қолданылды.

Бұл теориның мәні мынада: қарқыны баяу, орта, яғни қоғамға қолайлы инфляция деңгейі тек жұмыссыздықтың табиғи дәрежесінде ғана мүмкін болады. Ал табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі әр түрлі кәсіп иелерін жұмыспен қамту жөніндегі ақпараттарға сүйене отырып, олардың фрикциондық және құрылымдық түрлерін есептеу арқылы анықталады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен инфляция қарқынын баяулатуға, тұрақтандыруға бағытталған экономикалық саясат мақсатына жете бермейді. Оның оңды нәтижелерімен қатар (80-ші жылдардың 2-ші жартысында АҚШ-та инфляция қарқыны едәуір төмендеді), мынаны атап өту керек, жұмыссыздық табиғи деңгейіне жеткенде инфляция біраз уақыт энерциямен қозғалады да содан кейін оның қарқыны жедел төмендейді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі соңғы он жылдықта барлық батыс елдерінде дерлік өсті.

ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ АРАҚАТЫНАСЫ

Негізінен инфляция елдегі баға деңгейінің өсуімен байланысты, оған экономикалық энергетикалық жағдайда еңбекшілер жалақыларын көбейтуін талап етеді. Өндірушілер өз өнімдерін өте жоғарғы бағаға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материалдар, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Атап айтсақ, Ресей экономикасында(қаңтар-көкек 1991ж) инфляцияның жоғарғы қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтап, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын жоғарыла- тады. Нәтижесінде ресей экономикасындағы басқа ТМД елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 596; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.045 сек.