Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Коэффициент безработицы 2 страница




Экономикалық өсудің қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі бір мерзімді міндетті, нақты жиынтық ұлттық өнімнің өсуі.

Инфляция өсу қарқыны пайызбен өлшенетін белгілі-бір мерзімді баға деңгейінің өсуі. Инфляция мен жұмыссыздықтың арақатынасының себебін былай түсіндіруге болады, өндірістер тоқтайды сол себептен баға өседі, жұмыссыздар саны көбейеді.

Нарықтық жағдайда да міндетті түрде жұмыссыздық туады. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмысы жоқ, ізденісте жүрген жұмыссыздар. Жұмысқа жарамдының бәрін осы нарық заманыңда жұмыспен ету мүмкін емес.

Жалақы туралы келіссөз, шын мәнінде, жұмыс алушылар мен жұмыс беру- шілер арасындағы талас: жұмыс алушылар жалақыны көтеруге, ал жұмыс берушілер әрбір өнімнің жалақы сыйымдылығына және өнім өтімділігіне қарай бағаны өсіруге ұмтылады. Осы екі талап инфляция қарқынына негативті әсер етпеу үшін, екі жақтың бөлу мәселесін шешуде тепе-теңдік құратын механизм керек. Еңбек нарығындағы жұмыспен қамту жағдайы осы мәселенің дұрыс шешілуіне көмектесуі мүмкін, егер де жұмыс берушілер мен фирма талаптарын бір-біріне сәйкес келтіруге мүмкіншіліктер болса. Мысалы, экономика өсуінің қарқыны төмендегенде (рецессия кезінде) жалақы туралы кәсіподақ талаптары да төмендейді. Фирма да еңбек нарығындағы осы жағдаймен санасып, өнімді сату нарығындағы өзін осыған сәйкес ұстайды.

Осыны ескеріп, екі жақ талабын үйлестіргенде, инфляция қарқынын өзгертпей қалдыратын белгілі бір жұмыссыздық деңгейі бар екенін болжауға болады. Бұл тепе-теңдік жұмыссыздық не тұрақты инфляция жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі болып келеді. Оны NAIRU(Non - Accelerating Inflation Rate of Unemployment) - инфляция қарқынын үдетпейтін жұмыссыздық деп атайды; жұмыссыздықтың бұл деңгейінде бөлу туралы екі жақ арасындағы талаптар тепе-теңдікке жетеді.

Егер екеуінің біреуі, не екеуі де өз бетімен әлеуметтік өнімге қоятын талабын жоғарылатса, онда тепе- теңдік жұмыссыздығын өсіруге әкеледі. Ал егер бұл жағдайда инфляция қарқынын тұрақты қалдырамыз десе, онда бөлу үшін күрес жоғары жұмыссыздыққа әкеледі. Мысалы, кәсіподақ жұмысшылар үшін жоғары жалақы талап етеді; ал инфляция қарқынын тұрақты деңгейде сақтап қалу үшін кәсіпкер өз үлесінен айырылуы керек. Өмірде мұндай жағдайды кездестіру мүмкін емес, сондықтан жұмыс берушілер жауап ретінде жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.

Жалақы деңгейіне көп фактор әсер етеді. Осыдан жалақы емес, оған қоятын талап детерминаттары жұмыссыздық себебі ретінде қаралу керек. Мысалы, кәсіп- одақтың ереуілге дайындық өжеттілігі; 1974 және 1979 жылдары Батыс елдерінде

шикізаттарға деген күрт баға өсуі нәтижесінде өнімділік өсімі баяулады, ал бұл оқиға NAIRU көтерілуіне әсер етті. Инфляцияның тұрақты өсуін сақтап қалу үшін, жалақыны төмендету керек болды, өйткені шығарылған өнім бір бөлігі ел ішінде бөлінбей, шикізатты шығаратын шетелдерге бағытталды; жалақы ел ішінде қалыптасатынына байланысты инфляция қарқынын, тек жоғары жұмыс- сыздық арқылы, тұрақты жасауға болды.Жұмыссыздық себептерн талдауда келісім, тиімді жалақы, инсайдер теорияларының маңызы зор. Мысалы, жұмыстан босаудың белгілі ықтималдығын алдын-ала ескеріп, жалақыны тұрақты өсірсе – бұл ұтымды іс болар еді. Мүмкін осы себеппен адамдар кейде жалақысы жоғары жұмыс орнын іздегеннен гөрі, қысқа мерзімді жұмыссыздықты артық көреді. Дегенмен, барлығы бір жұмыссыздық себебін табу қиын. Тиімді жалақы теориясы, ұзаққа созылған жұмыссыздық қызметкердің ұтымды шешімімен қалайша келісетінін, көрсетеді. Бірақ осыдан жұмыссыздық қызметкерлерді тәртіпке келтіреді деген қорытынды жасауға болмайды, өйткені қысымды әлсіздіретін басқа құралдар бар екенін ұмытпау керек/2,153-154бб/.

Жалақы деңгейін және күтілген инфляцияны анықтау.

Жалақы деңгейін анықтауда фирмалар мен жұмысшылар еңбек нарығының жағдайын ескереді. Өндіріс және жұмыспен қамтылу деңгейі төмен болған жағдайда, жалақы мөлшері өспейді тіпті төмендеуі мүмкін. Жалақыға байланысты Филлипс қисығы, жалақы мөлшерінін жоғарылауынан пайда болған инфляция мен өнім шығару көлемінін арта қалуының арасындағы байланысты береді. Егер жалақы мөлшерінің жоғарылауынан пайда болған инфляция қарқыны

мынадай түрде берілсе, , ал жалақыға байланысты Филлипс қисығының формуласы:

(3)

Фридман және Фелпс жалақыға арналған Филлипс қисығынын бір заттай кемшілігіне назар аударды. (3) теңдік түрінде көрініс тапқан: ол күтілген инфляцияның жалақы қойылымына деген әсерін ескермейді. Жұмысшылар номиналды (ақшалай бірлікте) жалақыға қарағанда, нақты (олар сатып алалатын тауар көлемі) жалақы мөлшеріне қызушылық танытады.

Нақты жалақы мөлшерімен алаңдаушы жұмысшылар номиналды жалақының, ол белгіленген мерзім мен берілу мерзімінін арасында күтілетін инфляцияны ескеру керектігін қалайтыны түсінікті. Бақа сөзбен айтқанда, жұмыспен қамтылу деңгейінін жалақы мөлшері жайлы келісім сөзге әсеріне қарамастан, жұмысшылар күтілетін инфляцияның өтелуін қалайды.

Ал екінші жақ ше? Неліктен фирмалар жоғарғы бағаларды күтіп отырғанда да, жалақыны жоғарылатуға келіседі. Өйткені, егерде олар өзінің тауарларын жоғарғы бағамен саталса, өздеріне жоғарғы номиналды жалақыны төлеуге рұқсат ете алады. Негізінен, жалақы мен бағалар бірдей қарқынмен жоғарылағанда, фирмалар мен жұмысшылар инфляция болмағанда және тұрақты нақты жалақы болғанда бірдей жағдайға ие болады.

Егер инфляция күтілген болса, онда Филлипс қисығы мынадай болады: (4)

мұндағы, - күтілген инфляция қарқыны. Бұл күтумен толықтырылған жалақыға арналған Филлипс қисығы, дәлірек айтқанда күтілген инфляцияны ескерген алғашқы Филлипс қисығы/4,500-501бб/.

Қазақстандағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жұмыссыздық пен инфляция қарқыны арасындағы арақатынас өзгеруде. Уақыт өткен сайын инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі бір бағытта – төмендеуге - өзгергенін көруге болады. Бірақ қаншалықты сапалы түрде инфляцияны “жүгендеуге” әрекеттер жасалғаны туралы бір жақты айту қиын/2,155б /.

2.3 Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат

Ифляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт (қазіргі кейнсшілер қолдайтын шаралар) белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілетті бар сұранысқа ықпал жасайды.

Инфляциялық артық сраныс тұсында мемлекет өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарылатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді. Алайда, солармен бір мезгілде өндірісте қысқарып, экономикада дағдарыс пен тоқырау белгілері байқалады жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцины тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін, арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырыла бастайды, салықтардың діңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы 3 топтарға салынады, әдетте, олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге жіне тұтыну тауарларына сұранысты ұлғайтады. Сұранысты бюджеттік қаржылар арқылы ынталадыру, 80 – 90 жылдары көптеген елдердің тіжірибесі көрсеткендей, оны күшейтеді. Дегенмен, бюджет тапшылығыныңұлғаюы үкіметтің салық арқылы маневр жасау мүмкіндіктерін тарылтады.

Екінші бағыттың авторлары экономикада пайда болған кемшіліктерді ақша - несие саясаты арқылы реттеуді ұсынады. Реттеудің бұл түрі үкіметтің тікелей бақылауынан тыс, дербес орталық банк арқылы жүргізіледі. Ол айналымдағы ақша санын және қарыз процентінің ставкасын өзгертеді.

Инфляциға қарсы саясаттың формалары мен әдістері қайта өндірудің механизмдерімен қоса ақша-несие, бюджеттік, салықтық шаралардың кең көлемін көрсетеді. Ұлттық Банк инфляцияға қарсы шаралар сияқты ақша айналымын реттеуде ашық нарықтағы операцияларды, қайта қаржыландырудың мөлшерімен, міндетті резервтер нормаларын, пруденциалды нормативтердің бекітілуін өзіне қосатын ақша-несие саясатын қолданады. Ұлттық банк ақша жиынының өзгерісіне қатаң бақылау жасап отырады, оның тауар жиыны мен қызмет көрсетүінің сәйкестігіне тікелей және жанама әдістерімен әсер етеді/,15-16б/.

Ақша айналымының тұрақтылығы экономиканың тұрақты дамуын нақты білдіреді. Сондықтан неоклассикалық және экономиканың тұрақтылығы үшін ақша- несие және қаржылық шараларды қолдануға бағыттайды.

Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алыбақ. “Монополисттік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады.

Индустрия және сауда министірлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны әзірлеу тапсырылған. Бұл да маңызды құжат болғалы тұр.

Көптеген монополисттер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.

Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді/1,5б/.

Жұмыс күші

Жұмыс күші дегеніміз ел халқының жұмыс істеп жүрген, жұмыс іздеп жүрген, бірақ таба алмай жүрген еңбекке жарамды жастағы бөлігінің жалпы мөлшері. Жұмыссыздық деңгейін анықтау үшін жұмыссыздардың жұмыс күші мөлшеріне пайыздық қатынасын есептеп шығару керек.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздардың саны ÷ Жұмыс күшінің мөлшері.

Жұмыссыздық салдары

Жұмыссыздықтың салдары қандай болады және ол қоғамға несімен қауіпті: • Адам еңбегі дегеніміз капитал сияқты жинап қоюға, қордалауға келмейтін айрықша ресурс. Жоғалған жұмыс уақытын орынына келтіру мүмкін емес, сондықтан жұмыссыздық салдарынан шығарылмаған және көрсетілмеген тауар мен қызметтің орыны өтелмейді.

• Егер адам жұмысынан айырылса, сөйтіп жалақысыз қалса ол қалайда күнкөріс көзін іздейді.Бұл жағдайда мемлекет жұмыссызға жағдай жасауды өз моынына алады. Алайда жқмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы тауар шығарғаны, қызмет көрсеткені үшін берілген сыйақы бола алмайды, себебі жұмыссыз адам ешнәрсе шығармайды, демек елдің әл-ауқаты да жоғарыламайды.

• Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Халықтың табысының азаюы сұраныстың азаюының бір себебі екендігін ілгеріде көрдік. Тауаоға сұраныстың азаюы өз кезегінде өндірістің кемуіне және жұмыссыздықтың одан әрі өршуіне жол ашады, себебі өндірістің кемуі жұмыс орындарының қысқарып, жалақының кемуіне әкелетін жолдың басы.Сөйтіп қоғам өзі құрған тұзаққа өзі түседі.

• Елде жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе жағдайымыз жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге, шеруге, төңкеріске қатысуға даяр тұрады.

• Жұмыссыздық қылмыс, әсіресе жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.

Жұмыссыздықтың түрлері:

° Уақытша жұмыссыздық.' Бұл жұмыссыздық уақытша болдады, ол адамдардың жұмыс орнын ауыстыра бергісі келгеннен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір уақытты керек етеді, әсіресе жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Осы аралықта адамдар жұмыс істемейтін уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.

° Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандыөтар өшіп, олардың орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе біздің елімізде соңғы он жылда құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұранымның азайып, екінші мамандыққа өсуімен қатар жүрді. Мұндай жағдайда жұмыссыз қалған адамдардың жаңа жағдайға бейімделе білуі, еңбек нарғында сол сәтте сұранымға ие жаңа мамандық алуға құлшыныс таныта білуі маңызды.

° Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл әсіресе қысы мен жазы климат жағдайы бойынша күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.

° Циклдік жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 522; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.033 сек.