Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Емтихан 1 семестр 2 страница




2.Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Капитал ұғымына байланысты түрлі көзқарастардың тұжырымын және оның ауыспалы айналымдылығының заңдылықтарын, сондай ақ негізгі капитал тозығы мен амортизациясын білу қажет. Инвестиция және оған қажеттілік туралы ілімді менгеру.

 

Тақырып 9. Кәсіпорынның шығындары мен табысы.

 

Сабақтың мақсаты: Кәсіпорының өндірістік шығындары жіктелімінне сәйкес түрлеріне талдау жасап, оны төмендету негізінде пайданы арттырудың механизмін қарастыру.

Семинар сабағы: (1 сағат, 9апта)

1. Шығындар түсінігі. Айқын және айқын емес шығындар.

2. Өндіріс шығындарының классификациясы.

3. Пайда түсінігі және түрлері.

4. Фирманың тепе теңдігі.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2.Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Фирманың өндірістік шығындары классификациясына сай түрлерін ажыратып, ерекшеліктерін түсіну, оны төмендету негізінде пайданы артырудың жолдран қарастыру керек.

4. Бағаны, шекті шығындарды және шекті табысты салыстыру әдісін білу қажет.

 

Тақырып 10. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар.

Сабақтың мақсаты: Экономикалық жүйенің типтеріне сай өндіріс факторлар нарығының қызмет ету механизмін сипаттау.

Семинар сабағы: (1 сағат, 10 апта)

1. Өндіріс факторлар нарығындағы баға белгілеу.

2. Еңбек ақы мәні және нысандары

3. Капитал нарығы және пайыздық табыс.

4. Кәсіпкерлік табыс және пайда.

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2.Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Экономикалық жүйенің типтеріне сай өндіріс факторлар нарығының қызмет ету механизмі де ерекшеленетінін және оның себептері қандай факторлармен анықталатынын айқындау маңызды.

4. Нарықта өндіріс факторлары мен табыс арасындағы байланысты қарастыру арқылы табысты молайту механизмін үйрену.

 

Тақырып 11. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

Сабақтың мақсаты: Ұлттық экономика жұйе ретіндегі мәнін ашу және Ұлттық есеп жүйесідегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ерекшелігін, есептеу маңыздылығын түсіндіру.

Семинар сабағы: (1 сағат, 11 апта)

1. Ұлттық экономика және оның өндірістік құрылымы.

2. Ұлттық есеп жүйесі түсінігі.

3. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және оларды есептеу әдістері.

4. Номиналды және нақты ЖҰӨ, дефлятор.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Ұсынылған әдебиеттерді қолдану арқылы семинар сабағының сұрақтарын реттік жүйесімен қысқаша мазмұндап конспектілеу.

4. Ұлттық есеп жүйесіндегі негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің ерекшеліктері қандай белгілері мен денгейіне байланысты ажыратылатынын анықтау.

 

Тақырып 12. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Экономикалық дамудың циклдылығы

 

Сабақтың мақсаты: Ұлттық экономикадағы макроэкономикалық тепе-теңдік пен жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа әсер ететін факторларды және моделдерді талдау. Экономикалық дамудың сатылары: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу үдерістерінің себептері мен салдарын, әсер етуші факторлардың мәнін ашу.

Семинар сабағы: (1 сағат, 12апта)

1. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары.

2. Экономикалық цикл және оның сатылары.

3. ҚР экономикалық дағдарыстан шығудың кешенді әс шаралары мен нәтижелері.

4. Мультипликатор және акселератор түсінігі.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің класикалық теориясы мен Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен қаражат жинаудың кейнстік талдауын білу қажет.

3. Тұтыну бейімділігі мен каражат сақтау бейімділігі. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. (АD-АS) моделіндегі макроэкономикалық тепе-теңдіктің жүзеге асу жолдарын көрсету қажет.

4. Экономикалық цикл себептерін, түрлерін, әлеуметтік экономикалық салдарын талдау, сондай ақ цикл сатыларының ерекшеліктерін түсіндіру керек.

5. Қазақстандағы дағдарыстардың себеп салдары және оған қарсы күресу шараларын қарастыру.

Тақырып 13. Жұмыссыздық және инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде

Сабақтың мақсаты: жұмыссыздық пен инфляцияның әлеуметік экономикалық мәнін, себептері мен салдарын анықтау, олардың ерекшеліктерін білу, бұл мәселелерді шешудің тиімді тәсілдері мен мемлекеттік шараларымен танысу.

Семинар сабағы: (1 сағат, 13 апта)

1. Жұмыссыздық пен инфляция түсініктері мен пайда болу себептері.

2. Жұмыссыздық пен инфляцияның түрлері.

3. Мемлекеттің жұмыспен қамту және инфляцияға қарсы саясатының негізгі құралдары мен бағыттары.

Әдістемелік нұсқаулықтар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Жұмыссыздық пен инфляция туралы экономикалық көзқарастармен танысу, қазіргі кезде көрініс тауып отырған ерекшеліктеріне мән беру.

4. Оукен заңы және Филлипс қисығына экономикалық тұжырымдар беру.

5. Бұл мәселелерді шешудің отандық және шетелдік тәжірибелерінен қысқа үзінділер, статистикалық мәліметтер келтіріп, баяндама жасау (бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде).

6. ҚР мемлекеттің жұмыспен қамту саясатымен танысу, өзіндік ұсыныстар беру.

 

Тақырып 14. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты, құралдары.

 

Сабақтың мақсаты: Рыноктың «көрінбейтін қолы» әрдайым өзінің қызметін атқаруда кемшіліктер жіберетінін тәжірибе дәлелдегеніндей шаруашылықты мемлекеттік реттеу объективті қажеттілік болып табылады.Сол себепті экономиканы мемлекеттік реттеудің әртүрлі құралдарын теориялық және тәжірибелік тұрғысында түсіндіру.

Семинар сабағы: (1 сағат, 14 апта)

1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі моделдері

2. Ақша несие саясатының құралдары.

3. Несиенің мәні және түрлері

4. Мемлекеттік бюджет: түсінігі және құрылымы.

5. Салықтар: мәні, принциптері мен салық салу нысандары. Лаффер қисығы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, қүралдарын және моделдерін өткен және қазіргі ғылыми теориялар негізінде баяндап беру.

4. Қазақстан Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеудің тәжірибелік мәселелерін және қандай құралдар қолданатынын даму үдерісімізге сай нақты мәліметтер мен деректер келтіру керек.

Тақырып 15. Экономикалық өсу және экономикалық даму

Сабақ мақсаты: Ұлттық экономиканың уақыт және кеңістік бойынша экстенсивті және интенсивті, сондай-ақ интегралды өсуі мәселесі өзекті болады. Сол себепті экономикалық өсу типтерін, факторларын және үлгілерінің сипатын ашу. Қазақстан ның экономикалық өсу жолын түсіндіру.

Семинар жоспары: (1 сағат, 15 апта)

1. Экономикалық өсу түсінігі, оның өлшемдері.

2. Экономикалық өсу типтері мен факторлары.

3. Экономикалық өсу модельдері.

 

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Дәріс материалы мен, негізгі және қосымша әдебиеттер мен жұмыс жасау арқылы семинар сабағының тапсырмасын меңгеру, әр сұрақ бойынша шағын конспекті әзірлеу.

2. Тақырыптың түйінді ұғымдарын, анықтамаларын, формулаларын әр түрлі кесте, график, диаграмма, және «дұрыс немесе дұрыс емес тұжырымдар» тәсілімен бекіту.

3. Экономикалық өсудің түсінігі, типтері мен факторларын және моделдерін меңгеру тиіс. Ресурстарды үнемдеуші экономикалық өсуге өту жолдарын қарастыру керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2030" жолдауындағы қазақстандық экономиканың дамуының приоритетті бағыттары білуге тиіс

 

F2F, on-line, off-line режимінде өткізілетін консультацияларының

күнтізбелік - тақырыптық жоспары

 

Консультация тақырыптары Сағат саны F2F on-line, off-line
Сағат саны Апта
1. 1 тақырып.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, әдістері және қызметтері Экономикалық теорияның экономика ғылымдар жүйесіндегі орны мен рөліне сипаттама беру      
2. 2 тақырып. 2 тақырып. Қоғамдық өндірістің негіздері. Өндіріс және оның қоғамдағы ролі, ресурстар және өндіріс факторлары туралы студенттерге түсініктеме беру 2.Экономикалық жүйе түсінігі, оның жіктемесі туралы түсінік      
3. 3 тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі. Меншіктің экономикалық категория ретіндегі ролі. ҚР жекешелендіру кезеңдерін түсіндіру, жекешелендірудің батыстық модельдеріне түсінік беру.      
4. 4 тақырып.Нарық инфрақұрылымының негізгі элементтері мен нарық механизміне сипаттама.      
5. 5 тақырып. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері Ұсыныс пен сұраныс икемділігін график арқылы түсіндіру. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі турасында студенттерді дискусияға шақыру.      
6. 6 тақырып. Жеке-дара ұдайы өндіріс теориялары. Нарықтық экономикадағы кіші, орта, ірі фирмалардың ролі. Кәсіпкерліктің ұйымдық формалары: олардың артықшылықтары мен кемшіліктері      
7. 7 тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және толық айналымы. Негізгі капиталдың табиғи және экономикалық құнсыздануы. Амортизация. 3.Инвестиция өндіріс қорларын қаржыландыру көзі ретінде      
8. 8 тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы. Балама шығын, айқын және айқын емес шығындар. Фирма пайдасы. Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда.      
9. 9 тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы Өндіріс факторы рыногындағы тепе-теңдік. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде. Жер рентасы – жер иелерінің факторлық табысы.      
10. 10 тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде. ЖІӨ және ЖҰӨ ортақ белгілері, айырмашылығы. Номиналды және нақты ЖҰӨ. ЖҰӨ дефляторы. Таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, жеке табыс және қолда бар табыс.      
11. 11 тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік. Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен қаражат жинаудың кейнсшілдік талдауы. Мультипликатор. Туынды инвестициялар және акселератор.      
12. 12 тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде. Нарықты экономиканың ауытқымалы түрде дамуы. Экономикалық цикл және оның түрлері: қысқа мерзімдік (Китчиннің циклы), орта мерзімдік (Жуглар циклы) және ұзақ мерзімдік (Кондратьевтің ұзын толқындары).      
13. 13 тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде. Толық жұмыспен қамтылу, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты      
14. 14 тақырып. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Қоғамның қаржылық жүйесі, құрылымы және қызметтері. Мемлекеттік бюджет - қаржылық жүйенің орталық түйіні ретінде. Салық, салық салудың қағидалары және формалары.      
  Барлығы:      

Студенттердің білімін бақылау және бағалау материалдары

 

№ 1аралық бақылау сұақтары

Экономикалық теория негіздері пәні бойынша тест сұрақтары:

1. Экономикалық теория ғылым ретінде қашан пайда болды:

1. XVІғ. аяғы -XVІІғ. басы

2. XVІІғ. аяғы

3. XІXғ.

4. XІV-XVғғ.

5. XVІІІғ. аяғы -XІXғ. аяғы

2. Экономикалық теорияның пайда болуы:

1. капитализмнің дамуымен байланысты

2. мануфактураның дамуымен байланысты

3. қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты

4. рыноктың кеңеюімен байланысты

5. барлық жауап дұрыс

3. Экономикалық заң мен табиғат заңы арасындағы айырмашылық:

1. экономикалық заңдар адам қызметінің заңы болып табылады. Табиғат заңдары адам қоғамынан тыс та әрекет ете береді;

2. экономикалық заңдардың ашылуы мен қолданылуы белгілі бір күшті қажет етеді;

3. табиғат заңдары мәңгілік, экономикалық заңдар тарихи өтпелі;

4. Жоғарыдағы жауаптардың барлығы орынды;

5. Дұрыс жауап жоқ.

4. Ерекше экономикалық заңдар дегеніміз:

1. Өндірістік қатынастардың дамуын білдіреді;

2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға байланысты;

3. Шаруашылықты жүргізуге байланысты туындайтын заңдар.

4. Шаруашылық жүргізудің нақты-тарихи формаларының заңы

5. Дұрыс жауабы жоқ.

5. Классикалық феодалдық қоғамның ерекшелігі:

1. ру-тайпалық қоғам, натуралды шаруашылық

2. жерге жеке меншік, басыбайлы шаруалар,

3. натуралды шаруашылық

4. ұлттық оқшаулану құбылысы

5. екінші, үшінші

6. Ортағасырлық қолөнершілер цехтары қандай өндірістік сипатта болды:

1. қауымдық

2. құлдық

3. феодалдық

4. қарапайым тауарлы өндірістік

5. капиталистік

7. Ұдайы өндірістің жай өндірістен өзгешелігі неде:

1. өзгешелігі жоқ

2. қоғамдық өндірісті қарастыру әдістері өзгеше

3. өндірістің үздіксіз қайталану процесі

4. экономика салаларының өзара байланысы ретінде

5. бір өнім партиясын өндіріп шығару нәтежиесі

8. Өндіргіш күштердің элементтері:

1. еңбек заттары

2. өндіріс-құрал жабдықтары мен жұмыс күші

3. басқару және ақпараттық жүйелер

4. табиғи және қорланған материалдық игіліктер

5. барлығы

9. Бағаға рынок қандай жағдайда әсер етеді:

1. сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатынас жағдайында

2. рыноктық жүйелердің алмасуы жағдайында

3. құн мен айырбас құнының көрініс беру жағдайында

4. барлық жауаптар дұрыс

5. жауаптар дұрыс емес

10. Тауар шаруашылығының пайда болуының материалдық шарты:

1. өндіріс құралдарына жеке меншік

2. тауар өндірушілердің оқшаулануы

3. айырбастың дамуы

4. өнімді рынок үшін өндіру

5. барлық жауаптар дұрыс

11. Еңбек құралдары:

1. техникалық жабдықтар

2. табиғи заттар

3. өңдеуші құралдар, техникалық құрал-саймандар

4. энергетика көздері

5. материалдар

12. Еңбек заттарына не жатады?

1. шикізат, материал

2. полуфабрикат

3. энергия құралдары

4. тасымал құралдары

5. күш беруші механизмдері

13. Экономикалық теория төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:

1. рационалды қызмет;

2. тарихи-әдістемелік;

3. танымдық, тарихи, әдістемелік;

4. танымдық, тәжірибелік, болжаулық-прагматикалық;

5. бағыттылық, қағидаға негізделген, айқындаушы.

14. Құнның еңбектік теориясын негізің жасаған экономистер.

1. А. Смит, Д. Рикардо.

2. К. Маркс, Ф. Энгельс.

3. А. Маршалл, Дж. М. Кейнс.

4. П. Самуэльсон, М. Фридмен.

5. К. Менгер, М. Тодаро

15. Ұжымдық меншік дегеніміз не?:

1. еңбек ұжымы өндіріс құралдары мен өнімдерін ортақ иемденуі;

2. жеке меншіктің мемлекет меншігіне көшірілуі;

3. меншік нысандарын мемлекеттік билік өкілдерінің басқаруы;

4. ұлттандырылған меншіктерді мемлекет меншігіне беру;

5. мемлекет меншігін ұйымдастыруы

16. Рынок дегеніміз:

1. жеке тауарлар және қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларды бірге кездестіретін механизм;

2. Өндірушілер мен тұтынушыларды байланыстыратын орын;

3. Ұсыныс пен сұраныс әсеріне байланысты баға құру механизмі;

4. Сатушылар мен сатып алушылар кездесетін мекеме;

5. дұрыс жауап жоқ

17. Материалды өндіріске жататындар:

1. ауыл шаруашылығы;

2. денсаулық сақтау;

3. білім беру;

4. спортпен шұғылдану;

5. барлығы да дұрыс.

18. Материалдық емес өндіріске жататындарды атаңыз:

1. университеттегі оқытушы қызмет;

2. ғимарат тұрғызу;

3. өнеркәсіп тауарларын өндіру;

4. тіс дәрігерінің қызметі;

5. бірінші және төртінші жауап дұрыс.

19. Экономикалық заңдар дегеніміз не?:

1. қоғамның экономикалық өмірінде тұрақты, үнемі қайталанып отыратын құбылыстар мен процестер;

2. қоғамдық дамуды ғылыми болжамдармен бағдарлау;

3. мемлекеттік заңдардың жиынтығы;

4. адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды баяндаудың формасы;

5. жеке тұлғаның заңы.

20. Қазіргі заманғы тиімді экономикалық жүйе:

1. аралас;

2. әміршіл-әкімшіл;

3. рыноктық;

4. дәстүрлі.

5. жоспарлы

21. Тауардың шекті пайдалылығы қалай анықталады?

1. Адамның қандай да болмасын қажеттілігін қанағаттандыру қабілетімен.

2. Белгілі бір игіліктің әрбір қосымша бірлігін тұтынудағы тұтынушының әсерімен.

3. Пайдалылықтағы барлық өзгерістермен

4. тұтынылған көлемдегі өзгерістер қорытындысымен.

5. Сандық өлшем ретінде.

22. Өндіріс тиімділігі дегеніміз не?

1. Өндірістің түпкі нәтижесінің оның шығындарына қатынасы

2. Еңбек қолдарының техникалық тиімділігі.

3. Қоғамның тұтынуын қанағаттандыру дәрежесі.

4. Шығындар құндылығының нәтижеге қатынасы.

5. Пайданың айналмалы қорларға қатынасы.

23. Жеке меншіктің қайшылығы неде?

1. жеке мүдденің қоғам мүддесіне қарсы әрекет етуі

2. қоғам деңгейіндегі әлеуметтік жіктелудің шамадан тыс күшеюі

3. жалдама еңбектің ауыртпалығының шектен тыс артуы

4. әлеуметтік қорғау шараларының шектеулігі

5. барлығы да

24. "Еңбек бөлінісі" терминінен не түсінесіз:

1. еңбек нәтижелерін оған қатысушылар арасында бөлуді

2. өндірушілердің белгілі бір қызметтерді атқаруға мамандандыруды

3. кәсіпкерлер арасындағы экономикалық қатынасты

4. еңбек нәтижелерінен туындайтын өндіріс тауарлары

5. еңбекті жынысына, жасына қарай бөлу




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-16; Просмотров: 700; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.013 сек.