КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Кіріспе 1 страница. Автомобиль көлігі еліміздегі өндірістік кешенінің жұмысын атқаруда маңызды роль атқарады
Автомобиль көлігі еліміздегі өндірістік кешенінің жұмысын атқаруда маңызды роль атқарады. Автомобильдердің маневрлілігінің арқасында жүктерді көліктің бір түрінен екінші түріне тиемей-ақ, жөнелтушінің қоймасынан тікелей қабылдап алушының қоймасына дейін тасымалдауға болады. Толық жетілдірілген жолдар жолаушыларды, жүктерді бағытталған пунктілерге жоғары жылдамдықтағы қозғалыспен жеткізуге мүмкіндік береді. Автомобиль тасымалының әуе, су және теміржол сияқты көлік түрлеріне қарағандағы ерекшелігі оның тасымалдық қабілетінің ауқымдылығы, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы шапшаңдығы мен жақын аралыққа тасымалдаудағы құндылығының аздығы болып табылады. АКК бизнес жоспары транспорттық қызмет көрсетуді және оның болашақ дамуын белгілейді: өнімді өткізу мүмкіндігін; шығындарды бағалау және оларды нарықтық жағдайдағы кәсіпорынның потенциалды пайдасын түсірмейтін тарифтармен және бағалармен салыстыру; кәсіпорын қызметінде ойда болмаған қауіп-қатерлерді табу; транспорттық қызмет көрсетуде жемісті табысқа жететін және кәсіпорын қызметінің нәтижесін анықтайтын, өндіріс-қаржы әрекетінің негізгі көрсеткіштерін белгілеу. Бизнес-жоспарына кәсіпорын ішінде нарықта және жалпы экономикада болып жатқан құбылыстарға байланысты өзгерістер енгізіледі. Ауыспалы нарыққа байланысты кәсіпорын қызметінің нақты нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бизнес-жоспарына өзгерістер енгізіледі. Өткен жылғы бизнес-жоспар кәсіпорын стратегияларының қайсысы пайдалы, қайсысы пайдасыз болғанын және оларды іске асыруға бағытталған әртүрлі әдістерінің нәтижелерін көрсетеді. Орындалған жұмыстың нақты нәтижелерін зерттеп, оны бизнес-жоспармен салыстырған кезде өндіріс қызметінің күштілігі және әлсіздігі көрінуі мүмкін. Бизнес-жоспарының титул парағында кәсіпорын атауы, оның координаттары, жоспарды жасаушы адамы және жасаған күні көрсетіледі.
Курстық жұмысты орындауға арналған мәліметтер Жұмыстың мақсаты: Курстық жұмыстардың мақсаты «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәндері бойынша дәріс сабақтарында студенттердің алған білімдерін бекіту және кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрінетін кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін есептеуді орындау тәжірибесі мен әдістемесін алу болып табылады. Жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыстарды орындау уақытын қысқарту үшін әдістемелік нұсқаулықта оңайлатылған нормативтер мен анықтағыш материалдар берілген. Кейбір салыстырмалы көрсеткіштер, проценттік қатынастар мен орташа мәнге жақын алынған коэффициенттер кәсіпорында қолданылатынға жақын, сондықтан тек оқу мақсаттары үшін арналған. Қаржылық жоспардың барлық бөлімдері қолданылып жүрген анықтамалықтарды және түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, әдістемелік нұсқаулықтардың деректерін қолданғанда есептеледі. Әрбір курстық жұмыс кестемен аяқталады, оның атауы мен реттік номері болу керек. Кестелерді құру алдында әдебиеттер тізіміне сілтемелер мен сәйкес түсіндірулермен қатаң тәртіпте барлық есептеулерді орындау қажет. Есептеулер автомобильдің немесе автопоездың бір маркасы бойынша жасалады, ал басқа маркалары бойынша қажет барлық мәліметтер мен түсінік жазбасының беттерінде есептеулерді көрсетпей-ақ есептеу нәтижелері енгізіледі. Қысқаша теориялық мәліметтер Қаржылық жоспар – бұл өндірістік қуаттарды аса толық пайдалану, өндірістің тиімділігін бұлжытпай арттыру кезінде жоспарлық тапсырыстарды табысты орындауға бағытталған, автокөлік кәсіпорнының өндірістік-қаржылық қызметінің кеңінен ашылған бағдарламасы. Қаржылық жоспарда автокөлік кәсіпорнының өндірістік және қаржылық қызметінің барлық кешенін сипаттайтын, қажетті сандық және сапалық көрсеткіштер анықталған. Қаржылық жоспардың барлық бөлімдері өзара тығыз байланысқан және жөндеу жұмысшылары мен жүргізушілердің озық тәжірибелерін есепке ала отырып, ілгері нормалар мен нормативтерге базаланатын, толық техника-экономикалық есептеулер негізінде құрылады. Курстық жұмыстарды орындауға арналған бастапқы деректер мына көрсеткіштер болып есептеледі (қосымшаны қараңыз): 1) Жүктерді тасымалдаудың жылдық көлемі Qгод, млн.т; 2) Автопаркті пайдалану шартының санаты; 3) Бір жыл ішіндегі АКК жұмыс күндерінің саны (жұмыс режимі) күндер. Курстық жұмыстарды орындауға арналған бастапқы деректер
Қосымшаның жалғасы
Қосымшаның жалғасы
Қосымшаның жалғасы
Қосымшаның соңы
1 бөлім. Жүктерді тасымалдау жоспарын есептеу Жүктерді тасымалдау жоспары бизнес-жоспарды әзірлеу үшін бастапқы тарау болып табылады. Ол жүктердің саны мен жіберілген жүктің атау тізімін, тасымалдау қашықтығы мен көлік құралдарын пайдалана отырып, көрсеткіштерін есептеу мен жылжымалы құрамның үлгісін таңдап алуға негіз болып табылады. Жүктерді тасымалдау жоспары 1 және 2-кестедегі үлгі бойынша құрылады. 1-кесте
2-кесте
2-кестенің жалғасы
1-кесте жеке жүк түрлерінің тасымалдану көлемі мен берілген атау тізімінің негізінде құрылады (қосымшаны қараңыз). Жүктердің класы № 13-01-05 [6] прейскурантына сай жеке жүк түрлері бойынша анықталады. Жүктерді тасымалдау қашықтығы мына формуламен анықталады:
мұнда lср – жүкті тасымалдаудың орташа қашықтығы, км; Ргод – жылдық жүк айналымы, ткм; Qгод – жылдық тасымалдау көлемі, тонна.
2-кестеде автомобильдердің жеке маркалары бойынша тасымалдау жоспарының деректері көрсетілген.
Автомобильдердің маркаларын студенттер жүк түрі мен тиеу-түсіру жұмыстарының ұйымдастырылу тәсіліне қарай өздері таңдап алады. 3-4 автомобиль маркасын қолдану ұсынылады. Жүк көтергіштікті пайдалану коэффициентінің шамасы жүк класына қарай алынады.
Автоцистерналарда 1,0 аз емес салыстырмалы салмақпен жүк тасымалдағанда жүк көтергіштікті пайдалану коэффициентінің шамасы автоцистернаның сыйымдылығы мен жүктің меншікті салмағына (бензиннің) байланысты есептеледі. Жүкпен жүрілген жолдардың саны мына формуламен анықталады: мұнда q – автомобильдің орташа (номинал) жүк көтергіштігі, тонна; γс – жүк көтергіштікті пайдалану коэффициенті (статистикалық).
Жүрілген жолды пайдалану коэффициентінің шамасы мен тиеу мен түсіру кезінде автомобильдің бос тұру ұзақтығы жылжымалы құрамның типі мен жүктің салмағы, тасымалдау орташа қашықтығына қарай алынады. Автомобильдің жүріп өткен жолын пайдалану коэффициентінің есептелінген мәндері
Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 1471; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |