КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
БЕКІТЕМІН 5 страница
1. Мемлекет туралы семинар сабағында мемлекет туралы түсінік беріп, мемлекеттің пайда болу себептерін ашасыз, тарихты есіңізге түсіріңіз. мемлекеттің пайда болуы туралы теорияларды оқып, өкілдерін есте сақтау үшін конспект жасаңыз. Мемлекеттің белгілерін анықтап, мемлекеттің функциясына (ішкі, сыртқы) жеке-жеке тоқталыңыз. Мемлекеттің нысаны өте күрделі. Сондықтан олардың үшеуіне де жеке-жеке түсінік беріп, өзіңізге ыңғайлы болса, таблица түрінде жасап алыңыз. Құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам қоғам туралы тізімде көрсетілген «Құқық негіздері», «Мемлекет және құқық теориясы» оқулықтарынан қараңыз. Әдебиет: 1. Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері». - Алматы, 2009 2. Н.Дулатбековтің «Мемлекет және құқық негіздері».- Алматы, 2001 3. Қ.Жоламановтің «Мемлекет және құқық теориясы».- Алматы, 2004 4. Қ. Оспанов Құқық негіздері.- Алматы, 2009. 2. Құқық және құқықтың құбылыстар туралы негізгі түсінік туралы тақырыпқа дайындалу үшін қ ұқықтың ұғымы және белгілері, құқықтың пайда болуы, құқық нормалары, белгілері, түрлері, құқықтың функциялары (қорғау, реттеу), құқық бұзушылық, белгілері, түрлеріне жеке-жеке тоқталыңыз. Құқықтың қайнар көздері - нормативтік құқықтық актілерді тізіп жазып, есіңізге сақтаңыз. Бұл тақырыпқа әдебиеттер тізімінен «Мемлекет және құқық теориясы» оқулықтарын қараңыз. Әдебиет: 1. Қ.Жоламанов Мемлекет және құқық теориясы. - Алматы, 2004 2. Ғ. Сапарғалиев Мемлекет және құқық теориясы - Алматы, 2007 3. ҚР Конституциялық құқығы. Қоғамдық құрылыстың Конституциялық негіздері тақырыбына дайындалғанда ең бірінші конституциялық құқық туралы түсінік беріп, конституциялық құқық нормаларына тоқталыңыз. ҚР Конституциясы, негізгі белгілері, жеке тұлғаның мәртебесіне анықтама беріңіз. ҚР Конституциялық құрылымы түсінігінде Конституцияда көрсетілгендей ҚР – егеменді, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екендігін дәлелдеңіз. Сондай-ақ ҚР Конституциясынан ҚР Президенті, ҚР Парламенті, Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесін, сот билігінің Конституциялық негіздеріне түсінік беріңіз. Әдебиеттер: 1. Е.Баянов Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы, 2007 2. Н.Дулатбеков Мемлекет және құқық негіздері.- Алматы, 2001. 3. Қ. Оспанов Құқық негіздері.- Алматы, 2009. 4. Ғ. Сапарғалиев ҚР Конституциялық құқығы. Оқулық - Алматы: Жетi жарғы, 2008.- 480 б. 4. ҚР сайлау құқығы тақырыбында «ҚР Сайлау туралы» заңын қарап, сайлау және сайлау жүйесі туралы түсінік беріңіз. Сайлау органдары, сайлауға дайындық, референдум деген не, оның түрлеріне анықтама беріп, сайлау қорытындылары қалай шығарылатына тоқталыңыз. Әдебиеттер: 1. «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі конституциялық Заңы.- Алматы: «Юрист», 2011. 2. С.С. Тинистанова Құқық негіздері.- Талдықорған, 2012 3. Қ. Оспанов Құқық негіздері.- Алматы, 2009. 5. Құқық қорғау органдарын ұйымдастырудын және олардың қызметінің негіздері тақырыбына Құқық қорғау органдары жүйесі, белгілері, негізгі қызметіне анықтама беріп, құқық қорғау органдарының түрлеріне жеке-жеке тоқталыңыз (ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Ұлтық қауіпсіздік органдары, Әділет органдары, ҚР Прокуратурасы, адвокатура, ҚР сот жүйесі, функциясы. сот органының құрылымы, Кедендік бақылау, Қаржылық қадағалау, Президенттің күзет қызметі, т.б). «Құқық қорғау огандары туралы» заңды басшылыққа алыңыз, әдебиеттер тізімінен «Құқық негіздері» оқуылығын, сала бойынша заңдарды қараңыз. Әдебиеттер: 1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» ҚР 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық Заңы. - Алматы: «Юрист», 2005. 2. «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» 1995 жылғы 29 желтоқсандағы Заңы. - Алматы: «Юрист», 2005. 3. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.- Алматы: «Юрист», 2005. 4. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңы.- Алматы: «Юрист», 2005. 5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы.- Алматы: «Юрист», 2005. 6. «Қазақстан Республикасының Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы. - Алматы: «Юрист», 2005. 7. Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет туралы Заңы (2010 жылғы 1 ақпандағы өзгерістер мен толықтыруларымен). - Алматы: «Жетi жарғы», 2011. 8. Алауханов Е. Қазақстан Республикасындағы Адвокатура және адвокаттық қызмет. - Алматы, 2010. 6. ҚР әкімшілік құқығы. Әкімшілік жауапкершілік. Мемлекеттік басқару күрделі тақырыптардың бірі. Сондықтан м емлекеттік басқару жүйесі, субьектісі, обьектісі, әкімшілік құқық туралы түсінік беріп, Әкімшілік құқық нормалары, заңды тұлға, қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеу, әкімшілік құқықтық қатынастар түрлері, атқарушы билік органдары, жергілікті атқару органдары туралы конспект жасап, «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды қараңыз. Е. Баяновтың «Әкімшілік құқық» оқулығын қараңыз. Әдебиеттер: 1. Баянов Е. Әкімшілік құқық: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы, 2007. 2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. - Алматы: «Юрист», 2011. 3. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығы. - Алматы: «Юрист», 2011. 4. С.С. Тинистанова Құқық негіздері.- Талдықорған, 2012. 7. Азаматтық құқық туралы түсіну үшін «Құқық негіздері», «Азаматтық құқық» оқулықтарын қарап, анықтама беріңіз. Оқулықтардан азаматтық құқық туралы түсінік. Пәні, әдістері. азаматтық құқықтық қатынастар, азаматтық заңдар, объектілері мен субъектілері туралы ұғымды білу кере. Құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік қай кезден басталады, толық әрект қабілеттілік, ішінара әрект қабілеттілік, мәміле, оның нысаны туралы конспект жасаңыз. Азаматтық кодексті қараңыз. Әдебиеттер: 1. Дүсіпов Е.Ш., Қағазов О.К. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім). - Алматы, 2006. 2. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Оқулық. / Құрастырған Е. Баянов. 1-ші кітап.- Алматы, 2009. 3.Оспанов Қ. Құқық негіздері. Оқу құралы. - Алматы: «Жеті жарғы», 2006. 4. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Ерекше бөлім. 1-ші том: Оқулық /.- Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 264б. 5. Жайлин Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Жалпы бөлім. 2-ші том: Оқулық / Алматы: Заң әдебиеті, 2006.- 351б. 8. Нарықтық қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері тақырыбындағы ең басты мәселе – жеке кәсіпкерлік. ҚР Кәсіпкерлікті реттеуге бағытталған заңдар, кәсіпкерліктің дамуын құқықтық реттеу, кәсіпкерлік қызмет түсінігі, түрлері, жеке кәсіпкерлік сипаттамасы және оны мемлекеттік қолдаудың негізін іздеңіз. Әдебиеттер тізімінен «Кәсіпкерлік құқық» туралы оқулықты және «Жеке кәсіпекрлік туралы» заңды қараңыз. Әдебиеттер: 1. Мороз С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. - Алматы: «Бастау», 2009. 2.Қиздарбекова А. Кәсіпкерлік құқық. - Алматы, 2011. 3. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңы. - Алматы: «Юрист», 2006. 9. Меншік құқығы. Мұрагерлік құқығы. Міндеттемелер туралы. Бұл тақырыпты ашу үшін «Құқық негіздері» оқулығы мен оқу құралдарын, «Мұрагерлік құқық» оқу құралын, сондай-ақ азаматтық кодексті қараңыз. Меншік құқығы туралы түсіні, меншік нысандары,түрлері, ортақ меншік., түрлері, міндеттемелер, олардың орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері, шарт туралы түсінік, мұрагерлік құқықтың негізгі ережелері туралы қамтиды. Әдебиеттер: 1. Баянов Е. Әкімшілік құқық: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы, 2007. 2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. - Алматы: «Юрист», 2011. 3. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар Жарлығы. - Алматы: «Юрист», 2011. 4. С.С. Тинистанова Құқық негіздері.- Талдықорған, 2012. 10. Интеллектуалдық меншік құқығы. Интеллектуалдық меншік түсінігі, авторлық құқық (ғылым, әдебиет өнер туындылары), өнертабыс, өндірістік үлгі, пайдалы моделге құқық, авторлық құқықты қорғау тақырыптарын ашу үшін Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» (2012 жылы 12 қаңтардағы өзгерістері мен толықтыруларымен), «Азаматтық кодексті» қараңыз. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңы. - Алматы: «Юрист», 2010. 2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. 1999 жылғы 1шілдедегі № 409 - І. (Ерекше бөлімі). (2011 жылғы 02 тамыздағы өзгерістері мен толықтыруларымен). - Алматы, 2011. 11. Отбасы құқығы тақырыбында басты назарды заңға аударасыз.Себебі 2011 жылдың 26 желтоқсанында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» кодексі қабылданып, заңға өзгерістер енгізілді. Мысалы, «некеге тұруға 1 жыныстыларға тиым салынады» деген қосылды. Осы кодекстке сай отбасы құқығы ұғымы, негіздері, қағидалары, неке тұру және тоқталу тәртібі, неке шарты туралы конспект жасаңыз. Ата-анамен балалар арасындағы құқықтық қатынастар, бала асырап алу (құпиясын жария етсе қандай жаза қолданылатынын Қылмыстық кодекстің 135- бабын қараңыз). Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары қандай, қанша балаға алимент қалай төленетіндігін біліңіз. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» 2011ж. Желтоқсандағы №518-IV кодексі. - Алматы: «Юрист», 2012. 2. Ынтымақов С.А. Отбасы құқығы. - Алматы: «Литера», 2000.- электр. опт. диск. 3. Айтжан Б. Е. Отбасы құқығы: Оқу құралы - Алматы: «Жетi жарғы», 2006. 12. ҚР қаржы құқығы-құқық саласы ретінде. ҚР Бюджет құқығы. ҚР Салық құқығы. Қаржылық құқық ұғымы. Қаржылық құқығы жүйесі. Қаржы органдары. Қаржылық бақылау түрлері, әдістері. Валюталық реттеу. ҚР бюджет құқығы. Жүйесі, түрлері, деңгейі. Салық құқығы. Салықтар, төлемдер, салықтық бақылау туралы қарастырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тураы» Кодексі (Салық кодексі), Бюджет кодексін қарап, әдебиеттер тізімінен «Салық құқығы», «Бюджет құқығы» оқулықтары мен оқу құралдарын қараңыз. Әдебиеттер: 1. Джангабулова А.Қ. Қазақстан Республикасының қаржылық құқығы: Дәрістер курсы.- Алматы: «ҒБО КҚУ», 2007. 2 Найманбаев С.М. Салықтық құқық: Оқулық. - Алматы: «Жеті жарғы», 2005. 3. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер тураы» Кодексі (Салық кодексі). (2011 жылғы 02 тамыздағы өзгерістері мен толықтыруларымен). - Алматы: Юрист, 2011. 13. ҚР Еңбек құқығы тақырыбын ашу үшін әдебиеттер тізімінен «Еңбек құқығы» оқулықтарын және «Еңбек кодексін» басшылыққа алып, еңбек құқығы туралы түсінік, әдісі, еңбек құқығының қайнар көздері, еңбек шарты, еңбек қорғау, еңбек даулары, әлеуметтік қамсыздандыру туралы қарастырып, жұмыс уақыты, еңбек демалысы, кодекстің баптарын оқыңыз, себебі болашақта еңбек ету барысында қажет болады. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырда қабылданған Еңбек кодексі (2011 жылғы 02 тамыздағы өзгерістері мен толықтыруларымен). - Алматы: «Юрист», 2011. 2. Айымханова Н. Еңбек құқығы. - Алматы: «Жеті жарғы», 2002. 3.Ахметов А. Еңбек құқығы. - Алматы: «Заң әдебиеті», 2008. 4. Ахметова Г. Еңбек құқығы. - Алматы, 2009. - элект.опт.диск. 5. Қағазов Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. - Тараз, 2006. 14. ҚР экология және жер құқығы тақырыбын жеке-жеке қарастырыңыз. Әдебиеттер тізімінен Еркінбаева Л.Қ. ҚР Жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімін, Күлтелеев С.Т. ҚР Экологиялық құқығы. Жалпы және ерекше бөлімін басшылыққа алып, Экология, жер кодексін қарап, экология құқығы ұғымы, қоршаған орта туралы заңдар, Экология құқығының объектілері, заңмен қорғалатын аймақтар, жер құқығы, түсінігі, қайнар көздері, жерге меншік, жер санаттары туралы түсінік беріңіз. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасының 2007 жылы 9 қаңтарда қабылданған Экологиялық кодексі (2011 жылғы 02 тамыздағы өзгерістері мен толықтыруларымен). - Астана, 2011. 2. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодексі.- Алматы: «Юрист», 2005. 3. Қазақстан Республикасының 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі.- Алматы: «Юрист», 2005. 4. Қазақстан Республикасының 2010 жылы 25 маусымда қабылданған Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланушылар туралы Заңы. - Алматы: «Юрист», 2010. 5. Еркінбаева Л.Қ., Айғаринова Г.Т. ҚР Жер құқығы. Жалпы және ерекше бөлімі. Оқу құралы. - Алматы, 2010. 6. Күлтелеев С.Т. ҚР Экологиялық құқығы. Жалпы және ерекше бөлім.- Алматы, 2008. 15. Қылмыстық құқық. Қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу тақырыптарын түсіну үшін қ ылмыс түсінігі. Қылмыс жасау сатылары, қылмысқа қатысу қылмыстың құрамы, қылмыстық жаза, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, қылмыстық жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар, қажетті қорғаныс, жауапкершілікті ауырлататын, жеңілдететін мән- жайлар туралы әдебиеттер тізімінде берілген әдебиеттерден қарап, Қылмыстық кодексті оқу қажет. Әдебиеттер: 1. Алауханов Е.О. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім: оқулық. - Алматы: «ҚР Құқықтық сараптама және халықаралық ғылыми зерттеулер орталығы», 2009. 2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: оқулық.- Алматы: «Жеті жарғы», 2007. 3. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. – Алматы: «Нұр-Пресс», 2009.- элект.опт.диск. 4. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы. - Алматы, 2010. 5. Ерешев Е. Қылмыстық іс жүргізу. Жалпы бөлім: оқулық. – Алматы: «Өлке», 2006. ОСӨЖ сабақтардың күнтізбелік – тақырыптық жоспары
ОСӨЖ сабақтарын өткізуге әдістемелік нұсқау: 1. Мемлекет туралы түсінік - Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар - Мемлекеттің нысаны (ҚР мемлекеттік нысаны) - Мемлекеттің тарихи типтері туралы конспект жасаңыз. 1. Қ. Оспановтың «Құқық негіздері» еңбегінен Қ.Жоламановтың «Мемлекет және құқық теориясы» кітабынан 26-30 беттерінен табуға болады. Төменде көрсетілген әдебиеттерден қараңыз.
Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 621; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |