Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БЕКІТЕМІН 7 страница




15.Қылмыстық құқық реттеу қызметімен қоса қорғау қызметін де атқарады. Бұл мәжбүрлеуден,ықпал ету шараларын қолданудан, кінәлі болса жауапқа тартудан тұрады. Қылмыстық құқықтың қайнар көзі- қылмыстық кодекс.Бұл сұрақтарға жауапты «ҚР қылмыстық құқығы» жалпы бөлімінен 26-29,110-120,123-132, 144-148, 247-255 беттерінен толық мәлімет алуға болады. Азаматтық істерді қарау мен шешу барысында: азаматтық, отбасылық,еңбек,тұрғын үй,қаржы,салық мәселесіне байланысты туындайтын дауларды шешеді. ҚР қылмыстық іс-жүргізуде сот, алдын ала тергеу,анықтау прокуратура органдары қылмыс жөнінде заң қолданып іс жүргізеді,сотқа дейін және соттаөтетін кезеңдері болады. Сондықтан бұл сұрақты толық ашу үшін Азаматтық іс- жүргізу кодексінен, Қылмыстық іс-жүргізу кодексін басшылыққа алыңыз немесе Н. Ағыбаевтың, Е. Алаухановтың оқулықтарынан және әдебиеттер тізімінде көрсетілген әдебиеттерді басшылыққа алыңыз.

 

Глоссарий

 

N Ұғымы Мазмұны
  Авторитарлық Саяси бостандықтар,оның ішінде опозициялық ұйымдардың ақпарат құралдарының әрекеттерінің бостандығы жоғары деңгейде шектеледі. Билік бір немесе бірнеше тұлғаның қолына шоғырланады
  Әкімшілік акт Мемлекеттің басқару органдарының нақтылы құқықтық қатынасты тудыруға,Өзгерту немесе жоюға бағытталған актісі
  Аккредитив Бір немесе бірнеше мекеменің біреуге белгілі сама төлегені жөніндегі басқаға жарлығы туралы құнды құжат
  Акцепт Шарт жасасу туралы қарсы жақтың ұсынысын қабылдау
  Апатрид Отансыз адам-азаматтығы жоқ азамат
  Апартенд Нәсілдік келістуге негізделген бөлу,жіктеу саясаты.Адамзатқа қарсы бағытталған халықаралық қылмыс
  Вето (латынша тиым салу) Мемлекетте қандай да болсын органның шешімін күшіне енгізбеу орындалуын тоқтату. (Парламент заңын тоқтату президентке,корольге беріледі)
  Виндикация (латын-қорғаймын,талап етемін) Меншік өз мүлкін басқа біреудің заңсыз иемденуінен қайтарып алуы иесінің
  Вердикт Жоғарғы сот шешімі
  Құқықтық нормалар болжамы Құқықтық режимді қолдану шарты
  Әрекет қабілеттілігі Адамның өз әрекетімен құқық алу және оны жүзеге асыру,өзі үшін міндеттер тудырып,оны орындау қабілеті
  Демпинг ҚР аумағына өзінің қалыпты бағасынан төмен баға мен сатылатын тауар әкелу
  Де - факто 1мемлекетті 2-ші мемлекеттің ресми түрде толық мойындалуы
  Де- юре 1мемлекетті 2-ші мемлекеттің ресми түрде толық мойындауы
  Құқықтық норманың диспозициясы Онда азаматтардың мемлекет органдарының құқықтары мен міндеттерімен мазмұны баянды етіледі
  Дотация Мемлекеттік жәрдем қаржының түрі
  Заң Ең жоғарғы күші бар нормативтік акт
  Диверсификация Зейнетақы активтерінің жоғалып кетуі қатерін азайту мақсатымен оларды орналыстыру жөніндегі бағалы қағаздар рыногын реттеу туралы міндетті талаптар
  Кассация (қайта қарау)төменгі инстанцияның сот ісін жүргізу заңын бұзуына байланысты жоғарғы инстанциялардың сот шешімін өзгертуі
  Конфедерация Одақ,қоғамдық, бірлестік
  Лизинг Мүлікті жалға алу
  Кворум Мәжіліс шешімінің заңды болуы үшін қатысушылар санының жеткіліктілігі(әр палата депутаттарының 2/3 қатысса өткізіледі)
  Конституциялық кеңес ҚР Конституцмясын қорғауға арналған ерекше орган.Өкілеттілігі-6 жыл,төрағасын, 2-санат төрағасы тағайындайды.
  Лоббизм Жоғарғы органдарға белгілі бір топтың немесе жеке бір адам атынан жүргізілетін қысым
  Құқық нормасы Мемлекет органы қабылдап, бекіткен жалпыға міндетті мінез – құлық ережесі
  Оферта (ұсыныс) шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше жақтарға жасалған нақты ұсыныс
  Нормативтік-құқықтық акт Референдумда қабылданған өкілетті орган немесе лауазымды адам қабылдаған,құқықтық нормаларды белгілейтін,тоқтатып жазбаша ресми құжат
  Опцион Келісілген баға бойынша және шартта белгіленген мерзімі ішінде бағалы қағаздардың белгілі бір түрінің белгілі бір мөлшерін тараптың сатуға 2-ің сатып алуға міндеттемесін белгілейтің 2 жақты шарт
  Плагиат Біреудің ғылыми,әдеби өнерге арналған шығармасын қасақана иемдену
  Регламент Қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін ережесі. 1) Жиналыс,мәжілісті жүргізу тәртібі 2) Халықаралық конгрестің бір қатар актілерінің атауы
  Репатриант 1 мемлекетте тұратын, бірақ әртүрлі жағдайға өзге мемлекетке тап болған адам
  Реквизия   Мүлікті мемлекеттің өз қарауына алуы
  Референдум Бүкілхалықтық сайлау
  Репатриация Әскери тұтқындардың, қоныс аударылғандардың.Отанға қайта оралуы
  Менталитет Тұлғаның ішкі әлемі,оның руханилығы,жеке адам мен топтарға тән ойлау тәсілі,ақылы,дүниені қабылдауы
  Секвест 1. Қаражат жұмсауға шек қою 2. Даулы заттарды сақтау
  Сервитут Адамның жеке меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскелерін шектеулі нысаналы пайданалу құқығы
  Тоталитаризм Әкімшіл-әміршіл мемлекеттік басқару формасы қоғамның бар саласында бақылау орнату
  Унитарлы мемлекет Өз ішінде қандай да бір мемлекеттік құрылымы жоқ,аумағын әкімшілік – аумақтың бөліністерге бөлген мемлекеттің құрылымдық
  Факторинг Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (1 тарап ақшаны басқа тараптың белгілі билігіне беруі)
  Федерация Автономиялардың бірігіп одақтық мемлекет құруы
  Цензива Орта ғасырда Францияда шаруалардың жерді мұра ретінде иемденуі
  Цессионарий   Меншілік құқығы берілетін тұлға
  Эмитент Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асыратын және бағалы қағазды иеленушілері алдында өз атынан міндеттемелері болатын тұлға.
  Этатизм Озбырлық теориясы мемлекеттің қоғамның әлеуметтік – экономикалық және мәдени өміріне шексіз араласуы
  Юрисдикция   Заңды бұзуға байланысты істі қарау өкілеттілігі
  Узурпазия Зорлық, озбырлық-өкілеттің немесе басқа адамның белгілі бір құқықтарын заңсыз тартып алу
  Эмбарго 1.Тауарды,бағалы затты шетелге шығаруға немесе әкелуге тиым салу 2 Шет мемлекеттің мүлкін ұстап қалу.

 

Дәрістер кешені

1- дәріс. Мемлекет туралы негізгі түсінік

1.Мемлекет және мемлекеттің пайда болу себептері

2.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар

3.Мемлекет ұғымы мен белгілері

4.Мемлекеттің функциясы, нысаны.

5.Құқықтық мемлекет. Азаматтық қоғам

Негізгі ұғымдар: мемлекет, теориялар, мемлекеттің нысаны.

Мемлекет - халықты белгілі бір аумақ шеңберінде өз ырқына көндіретін, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, халыққа міндетті заңдар шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын саяси ұйым.

Қоғам- адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, оның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп тұтынылады. Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады, қоғамның дамуының белгілі кезеңіндегі нәтижесі.

Мемлекеттің пайда болу себептері: еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, мүлік теңсіздігінің пайда болуы, қоғамның әлеуметтік қабаттарға бөлінуі, тап шиеленісінің күшеюі, қосымша құнның пайда болуы.

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар:

1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық құдайдың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. (А.Августин, Ф. Аквинский, Ж. Маритен)

2. Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжіридесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. (Аристотель, Михайловский, Фильмер)

3. Келісім шарт теориясы – қоғамның табиғи жағдайының мемлекеттілікке ауысуын келісім жолымен байланыстырады: халық өз еркімен билікті мемлекеттің қолына береді; мемлекет халық мүддесін қорғайды. Теориясы (Г. Гроц, Д. Локк, Д. Дидро,Ш. Монтескье)

4. Органикалық теория – адамзат қоғамының мемлекеттілігіне ауысуын эволюциялық дамумен байланыстырады.(Платон, Блюнчли, Спенсер, Вормс)

5. Күштеу теориясы - күшті тайпалар әлсіздерге зорлық, зомбылық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады – деп түсінеді(Гумплович, Каутский, Дюринг)

6. Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деп түсіндіреді (Петражецкий, Фрезер)

7. Диалектикалық-материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы,т.б.(К,Маркс, Ф.Энгельс, В.Ленин).

Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.

Мемлекеттің негізгі белгілері: Арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуы, салық жүйесі, халықтың аумақтық бөлінуі, егемендігі, тәуелсіздігі.

Мемлекеттің функциялары ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі: экономикалық, әлеуметтік, қаржы реттеу, мәдениет бағытындағы, экологиялық, құқықтық тәртіпті реттеу жатады. Сыртқы қызметтеріне: шет мемлекеттермен екі жақты пайдалы қарым-қатынастарды дамыту, мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту, мәдени және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру, дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру, мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және т.б. жатқызуға болады.

Мемлекеттің нысаны үшке бөлінеді:

І. Басқару нысаны:

1. Монархиялық (биліктің мұрагерлік жолмен берілуі): абсолюттік монархия – монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді(Египет, Вавилон, Қытай, Жапония); конституциялық монархия – монарх билігі басқа бір органмен немесе заңмен шектеледі(Ұлыбритания,Үндістан).

2. Республикалық (биліктің сайлау жүйесі арқылы қалыптасуы): парламенттік республика – мемлекетті басқару нысанында билік парламенттің қолына жиналған(Италия, Германия); президенттік республика – мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады, президент – республика бірлігінің тұтастығының символы(АҚШ, Франция, Ресей, Түркия, Қазақстан); аралас (президенттік- парламенттік).

ІІ. Құрылымдық нысаны:

1. Унитарлы («унитас» деген сөз – бір, жалғыз деп латын тілінен аударылады) – жері тұтас, бөлінбейді, қол сұғуға болмайды, тек қана әкімшілік-жергілікті аудандарға ғана бөлінеді.

2.Федерация («федус» деген сөз-одақ деп латын тілінен аударылады) – құрама мемлекет,бірнеше автономиядан тұрады.

3.Конфедерация - белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің уақытша одағы.

ІІІ.Саяси режимі:

1.Демократиялық-биліктің қайнар көзі – халық.

2.Антидемократиялық (демократияға қарсы): Авторитарлық (жеке адамның билігіне негізделген саяси тәртіп); Тоталитарлық (әкімшілдік- әміршілдік жүйе)

Құқықтық мемлекет - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі тең саналатын, жеке адамның құқықтары қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылыс.

Азаматтық қоғам – жеке тұлғаның емін – еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі.

 

2-ші дәріс. Құқық және құқықтық құбылыстар туралы негізгі түсінік.

1.Құқықтың ұғымы және белгілері. Құқықтың пайда болуы

2.Құқық нормалары, белгілері, түрлері

3.Құқықтың функциялары

4.Құқықтың қайнар көздері. Нормативтік құқықтық актілер.

5.Қазақстандық құқықтың негізгі салалары.

6.Құқықтық тиым салу. Құқықтық мәдениет.

7.Құқық бұзушылық, белгілері, түрлері.

Негізгі ұғымдар. Құқық, норма, заң.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады:

1. Құқық - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі.(еңбек ету, білім алу, денсаулығын сақтау)

2. Құқық – құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы (адамның еркіне байланысты емес)

3. Оқу пәні ретінде қолданылады. (конституциялық, азаматтық,әкімшілік және т.б.)

4.Тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады (құқық жүйесі деген түсінік қалыптасады)

Құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа ресми құжаттарда анықталған құқытық норма ережелердің жиынтығы.

Негізгі белгілері: Жүйелілігі, нормативтік сипаты (ереже, қағида, рәсімдерден тұрады), формальдық анықтылық (құқықтың мемлекетпен байланыстылығы), мемлекеттің күшіне сүйенуі, адамдардың еркін білдіруі.

Қоғамдық қатынастарды реттеу тәртіптеу ереже, қағида нормалар негізінде болады. Норма – жүріс- тұрыстың, мінез –құлықтың үлгісі, мөлшері, эталоны. Құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.

Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетілген.

Құқықтың қайнар көзі – нормативтік құқықтық актілер. НҚА – мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған жалпыға бірдей міндетті құжат.

ҚР қолданылатын нормативтік құқықтық актілер: ҚР Конституциясы, Конституциялық заңдар, заңдар, кодекстер, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Парламенті мен палаталарының қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР Конститутциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының қаулылары, ҚР Министрлері мен Мемлекеттік орган басшыларының бұйрықтары, мәслихаттар мен әкімдердің шешімдері.

Нормативтік - құқықтық актілерді жүйелеу. Инкорпорация – Нормативтік актілерді белгілі бір тақырыпты қамтитын нышандарына қарай жүйелейді.

Кодификация – нормативтік актілерді жүйеге келтіру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ескірген нормаларды өзгерту, жою.

Консолидация - бірнеше нормативтік актілерді бір ірі құрамаға біріктіру.

Құқықтық норманың үш элементі болады: Диспозиция (мінез-құлық ережесі)

Гипотеза (жорамал); Санкция (шара, жаза),

Құқық нормалары реттеуші және қорғаушы болады. Реттеуші құқық нормалары: міндеттеу; тыйым салу, құқықты белгілеу.

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау. Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Заңдық айғақтар (фактілер) - нақтылы өмірлік мән- жайлар.Сипатына қарай: құқық құратын (еңбек шартын жасасу), құқық тоқтататын (үйді сату), құқық өзгертетін (үйді айырбастау).

Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы,қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.

Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері: нормативтік актілерді дұрыс орындамау, қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-әрекет, қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.

Құқық бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады.

Объективтік жағы – нщрмативтік кесімге келетін қарсы – іс-әрекет және оның зияны; теріс қылық пен зиянның арасындағы байланыс.

Субъективтік жағы – теріс қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі болуы.

Құқық бұзушылық теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді.

Теріс қылық – құқықтың саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тәртіптілік теріс қылық.

Қылмыс - өте зиянды, қауіпті құқық бұзушылық. Сондықтан оған қарсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады.

Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі. Заң бойынша жауаптылықтың екі түрі бар: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу – жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.

Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана туындайды. Жауапқа тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ған мойын ұсынуға құқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың процессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.

3-дәріс. ҚР Конституциялық құқығы. Қоғамдық құрылыстың Конституциялық негіздері.

1.Конституциялық құқық туралы түсінік. К.қ. нормалары.

2.ҚР Конституциясы. Негізгі белгілері.

3.Жеке тұлғаның мәртебесі

4.ҚР конституциялық құрылымы түсінігі. ҚР – егеменді, демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет.

5.ҚР Президенті. ҚР Парламенті

6.ҚР Конституциялық Кеңесінің мәртебесі

7.Сот билігінің Конституциялық негіздері

8.Үкімет.

 

Конституциялық құқық - құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар және оның пәнін құрайды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды, мемлекеттік билікпен тікелей байланысты. «Конституция» деген сөз латынның «құрылғы», «жарғы», «заң» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ- та қабылданды. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынастар аясы мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды.

Конституциялық құқықтық нормаларға құқықтық нормалардың барлығы тән. Оларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Олар қоғамдық қатынастарды ретке келтіретін құрал болып табылады. Олар басқа да заң нормалары сияқты, екі: реттеушілік және қорғаушылық қызметті атқарады. Реттеуші нормаларға - құқықтық қатынас мүшелеріне субьективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субьектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбірлеу шүараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 589; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.082 сек.