Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БЕКІТЕМІН 10 страница




Міндеттеме - бір тұлға (борышкер) басқа тұлғаның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға құқығы.Оның субъектілері: борышкер және несие беруші. Түрлері: Міндеттемелік, үлестік, субсидиялық, ортақтас және т.б. Міндеттемелерді орындау: айып төлеу, кепіл, ипотека, кепілді ұстап қалу және т.б. Міндеттемелердің пайда болу негіздері. Міндеттемелер әртүрлі негізде туындайды.Бұл негіздер заңда көрсетілген, сондай-ақ заңда көрсетілмесе де, азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты азаматтар мен ұйымдардың құқықтарды және міндеттерді тудыратын әрекеттерінен пайда болады.

Мұрагерлік құқық – қайтыс болған адамның мүлкінің мұрагеріне көшу тәртібін белгілейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мұра заң бойынша және өсиет бойынша қалдырылады. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұра қалдырушының қайты болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады.

Заң бойынша мұрагерліктің алты кезегі бар:

1.балаларына, жұбайына, ата-анасына.

2. ата-анасы бір, бөлек інілері, апа – сіңілілері.

3. мұра қалдырушының немере туыстары.

4. Алтыншы атаға дейінгі басқа туыстары.

5. Отбасында кемінде 15 жыл бірге тұрған туыстары, өгей әке –шешесі.

6. Мұра қалдырушының асырауында болған адам алады.

Өсиет бойынша мұрагерлік дегеніміз – заңда көрсетілген ретпен жасалған азаматтың өз дүние мүлкін кімге қалдыру жөніндегі тірі кезіндегі жасалған ерікті тапсырмасы.Өсиет бойынша мұрагерлер мыналар болуы мүмкін:

1) заңға сай мұрагерлер;

2) заң бойыеша мұрагерлікке кірмейтін бөтен адамдар;

3) мемлекет пен жеке ұйымдар.

Мұрагерлікті қабылдау – бұл мұрагер жасайтын бір жақты мәміле.Азаматтық заңда мұраны қабылдаудың екі тәсілін қарастырады:

1) мұрагерлік мүліккенақты түрде билік етуге кірісу;

2) мұрагерлік ашылған жердегі нотариылдық орынға мұрагерлікті қабыдағаны жөнінде арыз беру арқылы.

Мұрагерліктен бас тарту. Алты ай мерзім ішінде мұрагер мұрадан бас тарта алады.Бұл жағдайда мұра дүний-мүлік басқа адамдар арасында тең бөлінеді.

Балаларына ата-аналық құқықтарынан айырылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналардың балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күру жөнінде өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ата-аналардың және кәмелетке толған балалардың заң бойынша мұраны алуға құқығы жоқ.

 

10-дәріс. Интеллектуалдық меншік құқығы.

1. Интеллектуалдық меншік түсінігі

2. Интелектуалдық меншіктің түрлері туралы түсінік

2.Авторлық құқық (ғылым, әдебиет өнер туындылары)

3.Өнертабыс, өндірістік үлгі, пайдалы моделге құқық.

4.Авторлық құқықты қорғау

Интелектуалдық меншік - кейбір елдердің заңдарында қолданылатын шартты жинақтау аталымы, ол әдеби бейнелік, ғылыми шығармаларға, әртістердің орындаушылық қызметіне, дыбыс жазбаларына, өнеркәсіптік меншіктің алуан түрлерімен байланысты ғылыми жаңалықтарға, өнертабыстарға құқық. Азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның жұмысының (қызметінің) өнімдеріне құқығы заңмен белгілеген реттер мен тәртіп бойынша орнатылады.

Интеллектуалдық меншікке құқықтар: 1. Осы құқықтарды қорғау белгілі бір заңдарға сүйенеді. 2. Шарттық міндеттемелер туралы ережелерге сәйкес анықталатын құқықпен реттеледі.

Интеллектуалдық меншік құқығының түрлері: авторлық құқық (төлиелік), сабақтас құқықтар, өнертабысқа, пайдалы моделге, өнеркәсіптік үлгіге құқық, селекциялық жетістіктерге құқық, интегралды микротәсімдер топологиясына құқықтар, ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқықтары, фирмалық атауға, тауар белгісіне, тауар шығаратын жердің атауын пайдалану құқығы жатады.

Интеллектуалдық меншік құқығының обьектілеріне интеллектуальдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушылар, тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер, дараландыру құралдары жатады. Бұларға қоса ғылым, әдебиет, өнер туындылары, орындау, фонограмма, хабар таратуды ұйымдастыру, өнертабыс, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер және ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау), фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және тағы басқа атауға болады. Интеллектуальдық шығармашылық меншік обьектісін, оның иесінің өз қалауы бойынша, кез келген әдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуальдық шығармашылық кызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып табылады. Айрықша құқық обьектісін басқа тұлғалардың пайдалануына тек меншік иесінің келісімімен ғана жол беріледі. Егерде заңда басқаша көзделмесе, интеллектуальдық меншік обьектісіне айрықша құқықтарды олардың құқық иелері шарт бойынша толық немесе ішінара басқа адамға беруі мүмкін, сондай-ақ мұрагерлік әмбебап құқықтың мирасқорлық тәртібімен және заңды тұлғаның (құқық иесінің) қайта құрылуының нәтижесінде басқа адамға ауысады.

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері: интелектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері, азаматтық айналымға қатысушылар, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер, дараландыру құралдары, ғылым, әдебиет, өнер туындылары, орындау, фонограмма, хабар таратуды ұйымдастыру, фирмалық атаулар, тауар белгілері, сабақтас құқықтың субъектілері: орындаушылар, фонограмма жасаушылар, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары.

Патенттік құқық - өнертапқыштық ұсыныстарды жасауға, пайдалануға, енгізуге, байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Патент 20 жыл бойы жарамды. Өнертабысына авторлықты мойындауды растайды. Өнертапқыштықты пайдаланудан өз өндірісінде пайда тапқан патент иеленуші кәсіпорын түсімінен және валюталық түсімнен үш жыл ішінде лицензияны сатудан салық төлемейді. Азаматтық кодексте, басқа да заң актілерінде белгіленген ретте және тәртіп бойынша азаматтардың немесе заңды тұлғаның шығармашылық нәтижелеріне, олардың жұмысының, қызметінің өнімдеріне ерекше құқығы танылады. (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету және т.б.)

Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік деп заңнамаларда белгіленген реттер мен тәртіп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметенің өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі және т.б.)

ҚР шығармашылықпен айналысу бостандығы берілген. Авторлық құқық дегеніміз- автордың мүлік және мүліктік емес жеке құқықтары. Авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысынына қарамастан қолданылады.

Заң авторлардың шығарма жетістіктеріне қол сұғылмауына кепілдік береді. Авторлық құқық - шығармаларды жасауға және пайдалануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл құқық 1996 жылы маусымда шыққан «ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға сәйкес реттеледі.

Авторлық құқық берілетін шығармалар: сөздер, дәрістер, баяндамалар, әдеби- ғылыми аудармалар. Авторлық құқық азаматтарға ғұмыр бойына немесе елу жылға беріледі. Авторлық құқықтың субъектісі бір адам болады. (бірнеше адам бірігіп қосалқы авторлық болады). Кинофильмдерді немесе телефильмдердің авторлық құқығы оларды түсірген кәсіпорынға тиесілі.

Өнертабыс, пайдалы кескіндерді, өнеркәсіп үлгілерін тағы басқа да зияткерлік меншіктің түрлеріне құқықтың пайда болу, бекіту және қарау тәртібін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын патенттік құқық дейміз.

Егер өнімде оны пайдалану күніне техниканың осы саласындағы белгілі формуланың тәуелсіз трмағында келтірілген өнертабыстар, пайдалы модельдердің әрбір белгісі немесе соларға теңдес белгілер пайдалану әдісі болса, өнім қорғалатын өнертабыс немесе пайдалы модель деп танылады.

Егер өнімде бұйымның ұсынылған кескіндерінде (макетінде) көрсетілген және негізгі белгілерінің тізбесінде келтірілген барлық негігі белгілері болса, қорғалатын өнеркәсіптік үлгісі болып танылады. Өнертабысқа және өнеркісіптік үлгіге құқы алдын ала берілген патентпен, ал пайдалы модельге патентпен куәландырылады.

Өнертабыс және өнеркәсіптік үлгіге алдын ала патент өтінімге үстірт сараптама өткізілгенне кейін беріледі. Өнертабысқа және өнеркәсіптік үлгіге патент өтінімге мәнә бойынша сараптама өткізілгенен кейін беріледі. Өнертабысқа алдын ала патент өтінім келіп түскен күннен бастап бес жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушісінің өтініші бойынша оның қолданылу мерзімі ұзартылуы мүмкін, бірақ ол үш жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтінім берегн күннен бастап жиырма жыл бойы күшін сақтайды.

 

11-ші дәріс. Отбасы құқығы.

1.Отбасы құқығы ұғымы,негіздері, қағидалары

.2Неке құру және тоқталу тәртібі. Неке шарты.

3.Ата-анамен балалар арасындағы құқықтық қатынастар.Бала асырап алу.

4.Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары.

 

Неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;

Жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;

Отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

Неке жасы – адамның некеге тұру құқығына жеткендегі жасы;

Балалық шақ – кәмелетке толмаған адамдардың құқықтық жай-күйі;

Мүліктің шарттық режимі – ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі;

Суррогат ана шарты – балалы болуды қалайтын адамдар мен бойға бала бітірудің жасанды әдісін немесе эмбрион имплантациясын қолдануға келісім берген әйелдің арасындағы келісім;

Патронат – уәклетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адамның жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны;

Алименттер – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты;

Отбасылық жағдай – некеде тұрғандағы немесе айырылысқандағы жағдайы балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы;

Материалдық жағдайы – жалақының, зейнетақының, басқа да табыстардың болуы немесе болмауы; олардың мөлшері; мүліктің болуы; еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі; отбасының басқа мүшелерінен материалдық көмек алуы немесе алмауы;

Неке және отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады.

ҚР неке отбасы заңдары

Еркек пен әйелдің некелі одағының еріктілігі;

Ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқытардың теңдігі;Некеге тұруы және отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық тіл және діни белгілері бойынша азаматтардың құқықтарын шектеудің кез келген нысандарына тйым салынады.

Некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танытудың шарты мен тәртібін белгілейді;

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасын жетуі қажет.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.

Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың біреуі азаматтық хал актілерін жазу органына келе алмайтын ерекше жағдайларда неке мұндай адамның тұратын жері бойынша қиылуы мүмкін.

Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Неке қиюды мемлекеттік тіркеу азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Азаматтық хал актілерін жазу органдарының некені тіркеуден бас тартуына некеге тұруға тілек білдіруші адамадар не олардың біреуі сотқа шағым жасай алады.

Неке шарты – некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім шарты.

Неке шарты некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін де, неке кезеңіндегі кез-келген уақытта да жасалуы мүмкін

Некені бұзу туралы істерді сот арқылы шешу. Сот жұбайларды татуластыруға шаралар қарастырады Сот істі қарауды кейінге дейін қалдырып, татуласу үшін 3 ай көлемінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқыл. Егер жұбайлардың бұдан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауға мүмкін емес екендігін сот анықтаса, неке бұзылады.

Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекет органдарының кітабына жазылады да, некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күнен бастап бір ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Төмендегідей істер жайында сот шешім қабылдауы қажет:

-ажырасқалы отырған ата-аналардың қайсысындада қай баланы қалдыруды анықтайды. Сондай-ақ баланы асырау асырау үшін ата-анасының қайсысынан және қандай мөлшерде алимент өндіріп алуды белгілейді;

-жұбайлардың немесе олардың біреуінің өтініші бойынша жалпы ортақ меншік болып табылатын мүлікті бөледі;

-жұбайынан күнелтуге қаржы алуға құқы бар екіншісінің өтініші бойынша өндіріп алынуға тиісті қаржы мөлшерін белгілейді;

- ажырату туралы куәлік берілгенде жұбайдың біреуі немесе екеуі төлеуге тиісті алым сомасын белгілейді.

Неке-отбасы заңдары:

- некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;

-отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата- аналар мен балалардың арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік немесе мүліктік емес қатынастарды зерттейді;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;

- азаматтық хал актілілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер негізінен ҚР «Неке және (ерлі-зайыптылық) отбасы» (26.12.2011.) кодексімен реттеледі. Отбасылық құқықтық қатынастарының субъектілері:

1. ерлі-зайыптылар;

2. балалар;

3.басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;

4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.

Объектілері: отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;

1.некені қиюдың тәртібі мен шаралары және оны жою;

2.ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б. болып табылады.

Отбасы некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы. Ата-аналар мен балалардың өзара құқықтары мне міндеттері баланың заңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.

12-ші дәріс. ҚР Қаржы құқығы.ҚР Бюджет құқығы. ҚР Салық құқығы.

 

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады. Осындай әдістердің бірі ақшалай қаржы жинау,яғни, жеке және заңды тұлғалардың табысының,пайдасының бір бөлігі заңда көрсетілген мерзім мен мөлшерде мемлекеттің бюджетіне түседі. Бюджетке аталған түсімдердің уақытында төленуін мемлекеттің арнайы органдары бақылап отырады. Белгіленген мөлшерде,бюджеттік емес қорларға да міндетті жарналар жіберіледі,мысалы зейнетақы жинақтау қорларын айтуға болады. Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әдістер. Қаржыландыру ол жоспарлары, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюжет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу.

Ал керісінше, несие беру банкілік қарыз түріндегі жоспары, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасыының Ұлттық банкідегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі сондай-ақ, материалдық емес активтерді қоспағанда, өз де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандандыру функцияларын жүзеге асырады. Жинақтау функциясы материялдық емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірісілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру фукциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.

Мемлекеттік мекемелердің халыққа көрсеткен қызметтері үшін алынатын мемлекеттік баждар мен алымдар да міндетті түрде мемлекеттік бюджетке түседі.

Қаржылық бақылау. Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің ақша-қаржы ағымын, бюджеттің қазынасынқатаң сақтау мен бақылауға бағытталған маңызды бір бөлігі. Қаржылық бақылау барынша күрделі жүйе және ол төмендегідей бірнеше бөліктерден тұрады: 1) бақылау субъектісі; 2) бақылау объектісі; 3) бақылау заты(тақырыбы); 4)бақылаудың мақсаты; 5) бақылауды іске асырудың әдістері.

Қаржылық бақылаудың субъектісі болып қаржылық бақылауды іске асыруға құзыреті бар арнайы мемлекеттік не мемлекеттік емес органдар,лауазымды адамдар табылады.Сондықтан,тікелей тексеруші қаржылық бақылаудың субъектісі,ал тексерілуші объектісі болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың объектісіне осы бақылаудың шеңберіне ілінген тұлғалар,нақты айтсақ: 1)мемлекеттік органдар; 2)мемлекеттік заңды тұлғалар; 3)мемлекетті емес заңды тұлғалар;4)азаматтар жатад.

Қаржылық бақылаудың мақсаты:біріншіден, қаржылық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өздерінің қызметтік міндеттерін сапасыз атқаруын және олардың қаржы саласындағы құқық бұзушылық фактілерін анықтау; екіншіден,кінәлілер мен айыптылардытауып,оларды заңнамаларда көрсетілген тәртіп бойынша жауапқа тарту; қаржылық қаржылық тәртіпті бұзушылықты және оның салаларын жою.

Валюталық реттеу. Ұлттық валюта – «теңге».Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасы ның тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан.Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін,бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Презтденттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды. Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да қолданылады. Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдениет-ағарту мақсатында шығарылған. Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 1028; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.055 сек.