Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

БЕКІТЕМІН 8 страница




Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларына тоқталайық.

Өкілеттік беруші конституциялық құқытық нормалар субьективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Қысқасы субьектіге қандай да бір жағымды әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Тыйым салушы адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді.

Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді. Мысалы: Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.

Қазақ тарихында конституция 1926,1937,1978,1993,1995 жылдары қабылданды.

ҚР 1995 ж. 30 тамыз Конституцияның ерекшелігі:

- бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданды (референдум)

- заң қабылданған күн демалыс- мемлекеттік мереке

ҚР Конституциясы кіріспеден (преамбула), негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады(9 бөлім, 98 бап). 1998 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда, 2011 жылы 2 ақпанда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі қоғамның мемлекеттік ұйымының толыққанды мүшесі ретінде жеке адамның заңдар мен өзге де құқықтық актілерде белгіленген құқықтарының, бостандықтары мен міндеттерінің жиынтығы тұрғысында көрінеді.

(азаматтықпен тікелей байланысты)

ҚР азаматтарының құқықтары мен бостандықтары:

1. Жеке басының құқықтары (өмір сүру, ар-ождан, еркін жүріп- тұру, діни сенім бостандығы, жеке қаражатқа құпиясы)

2. Әлеуметтік – экономикалық құқықтары (білім алу, денсаулығын сақтау, демалу, тұрғын үй, шығармашылықпен айналысу т.б.)

3. Саяси құқықтар (сайлау және сайлану, мемлекеттік басқару ісіне қатысу, мемлекеттік қызметке кіру, жиналыстар мен шерулерге қатысу).

Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік –экономикалық ұйымын мұндағы жеке адамдардың Ата Заң нормаларымен бекітілген қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз.

ҚР Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау Конституцияға (41 бап) және Президенттің «Сайлау туралы» Жарлығына сәйкес белгіленген. Конституция Президенттікке кандидат алдына қойылатын негізгі талаптарды белгілеп берді. Мемлекеттің басшысы және жоғарғы лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірибе жинақтаған болуы керек. Президенттікке ҚР кемінде 40 жасқа толған азаматының сайлана алатындығы, мемлекеттік тілді еркін меңгере алатын, кез келген ұлт өкілі сайлана алады. Өкілеттілігі 5 жыл, 2 мәрте сайлана алады, бірақ бұл тұңғыш Президентке қолданылмайды.

Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды; Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа 15 депутатты тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады; Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды; Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады; Парламент Палаталарының кез келген бірлескен және жеке өткізілетін отырысында қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы;

ҚР мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді:

1. Заң шығарушы - Парламент – екі палатадан: Сенат(жоғарғы палата, 47 депутаттан), Мәжіліс(төменгі, 107 депутаттан тұрады) Парламент Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, заңдар қабылдайды,соғыс және бітім мәселелерін шешеді,

2. Атқарушы – Үкімет Атқарушы органдардың жүйесін басқарады. (министрліктер, агенттіктер,ведомстволар) Мемлекеттің әлеуметтік- экономикалық саясатының, қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің негізгі бағыттарын әзірлейді және жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

3. Сот билігі (жоғарғы және жергілікті сот жүйесі) ҚР сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады.ҚР Жоғарғы соттың төрағасын, алқа төрағаларын президенттің ұсынысымен сенат сайлайды.Аудандық (қалалық) сотты Әділет министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады.аудандық сотты жалпы санын Президент белгілейді. Облыстық және оған теңестірілген соттар әр облыста Президент арқылы құралады. Әр облыстық сот үшін судьялар санын да Президент белгілейді.

Конституциялық кеңес - ҚР Конституцияның жоғары тұруын және Қазақстан аумағында тұтас қолданылуын қамтамасыз ететін, Конституцияға ғана бағынатын дербес орган. Өкілеттілігі 6 жыл. Жеті мүшеден тұрады. Төрағасы мен екі мүшесін Президент, екі мүшесін Сенат төрағасы, екі мүшесін Мәжіліс төрағасы тағайындайды.Экс-президенттер Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойғы мүшесі болады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Конституциялық кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады: олар ҚР азаматы болуы тиіс; жасы 30-дан төмен болмау керек; Қазақстан аумағында тұруы тиіс және жоғары заң білімі болуы тиіс, заң мамандығы бойынша кем дегенде 5 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.

4-дәріс. ҚР Сайлау құқығы.

1.Сайлау және.Сайлау жүйесі туралы түсінік

2.Сайлау органдары

3.Сайлау дайындық

4.Референдум.

5.Сайлау қорытындылары

Азаматтардың ең маңызды саяси құқықтарының бірі - олардың сайлау құқығын жүзеге асыруы. Сайлау- дауыс беру көмегімен мемлекет органдарын, қоғамдық бірлестікті құру тәсілі. ҚР Конституциясы бойынша президентті парламенттің мәжіліс депутаттарын, жергілікті өкілетті орган депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Сайлау жүйесі мемлекеттік құрылыстың негізі элементі болып табылады. ҚР-да сайлау жүйесі мен сайлау құқығы халықтық егемендіктің бір белгісі ретінде көрінеді, соған байланысты Президент сайлау, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті Мәслихат – сайлау жүргізіледі.

ҚР 1995 ж. 28 қыркүйектегі шыққан «Сайлау туралы» заңына сәйкес:

Жалпыға бірдей сайлау құқығы - Республиканың 18 жасқа жеткен азаматтарының тегіне,әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне қарамастан сайлауға қатысуға құқылы.

Бәсең сайлау құқығы- Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен президент, парламент мәжілісінің және мәслихат депутаты болып сайлану құқығы.

Тең сайлау құқығы – Республика президенті, парламенті, мәжілісі мен мәслихат

Жанама сайлау құқығы – Парламент сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар - мәслихаттың депутаты болып табылатын республика азаматтары қатысуы.

Дүние жүзі мемлекеттерінде сайлаудың екі жүйесі: тең сайлау (сайлаушылар даусының тепе-теңдігі)

Мажорлық сайлау жүйесі (сайлаушылардың 50 пайызынан астамы қатысқан болса)

Сайлау органдары: Республикалық орталық сайлау комиссиясы, Аумақтық сайлау комиссиясы, Округтік сайлау комиссиясы, Учаскелік сайлау комиссиясы болады.

Қазақстан Республикасында Парламентке депутаттарды төте және жанама сайлау құқығы белгіленген. Төте сайлау құқығы принципі Республика Президентін, Парламент Мәжілісінің және маслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауынан көрінеді.

Президент пен Парламент депутаттарын сайлау кезінде дауыс беруді есептеудің мынадай жүйесі қолданылады:

1. егер дауыс беруге сайлаушылардың не Парламент Сенатының депутаттарын сайлаған кезде таңдаушылардың елу проценттен астамы қатысса, сайлау өткен болып есептеледі;

2.дауыс берудің бірінші турында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50 проценттен астам дауысын жинаған;

3.басқа кандидатпен салыстырғанда қайтадан түскен кезде сайлаушылардың 50 проценттен астамы болуға тиіс беруге қатысқан сайлаушылардың көп санын алған;

4.бір ғана кандидат дауысқа түскенде қайтадан дауыс беру кезінде дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу проценттен астам дауысын жинаса ол кандидат сайланған болып сайланған.

Мәслихат депутаттарын сайлаған кезде дауыстарды есептеудің мынадай жүейесі қолданылады:

1. егер дауыс беруге сайлаушылардың елу проценттен астамы қатысқан болса сайлау өткен болып есептеледі;

2. егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу прценттен астамы қатысса, ал қайтадан дауыс берген кезде – басқа кандидатпен салыстырғанда сайлаушылардың елу прценттен астамы болуға тиісті сайлаушылардың көп санын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі;

3. егер сайлауға бір кандидат дауысқа түссе, егер оның кандидатурасына дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың кемінде елу прценті қатысса, ол сайланған болып есептеледі.

Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлау құқығындағы тепе-теңдік принципі сайлаушылардың Президент, Республика Парламентінің Мәжілісі мен маслихаттары депутаттары сайлауына тепе-теңдік негізде әр сайлаушының бір дауысты ғана иеленіп қатысу құқығын білдіреді.

Сайлау алдындағы үгіт- насихат жұмыстары:

Үгіт - кандидатты тіркеумен басталып сайлау алдындағы күні жергілікті уақыт бойынша түнгі 12 –де аяқталады. Үгіт жүргізуге әскери бөлімдерге, әскери мекемелерге, сайлау комиссиясының мүшелеріне тыйым салынады.

Кандидаттар сенімді өкілді болуға құқылы: Президент 25 адамға; мәжіліс депутата 7 адамға; жергілікті мәслихат депутаты 3 адамға сенім білдіре алады.

Сайлауға қаражат: мемлекеттік органнан; депутаттың өз қаражатынан; сайлануға кандидаттардың демеушілерінің қаражаттарынан бөлінеді.

Референдум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тікелей қатысу. Қазақстан Республикасының Конституциясының, коституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешеімдердің жобалары бойынша бүкіл халықтық дауыс беруге қатынасу.

Референдумның түрлері

- императивтік - халықтың тура еркін білдіру жолымен референдум кезінде қабылданған шешімнің міндетті заңдық күші болатындығын білдіреді.

- заң шығарушы - халықтың дауыс беруімен заң шығаруға байланысты өткізіледі.

- міндеттеуші - конституцияда қайсібір мәселені шешу үшін көзделген.

- консультативтік – референдум кезінде мемлекеттік билік органдары қайсы бір маңызды мәселе бойынша шешім қабылдаған кезде халықтың пікірі айқындалады.

- факультативтік – құзыретті органның заңды көзделген мәселелер бойынша өз қалауымен референдум тағайындай алатындығын білдіреді.

- конституциялық - референдум кезінде конституцияның немесе оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын өзгертулер мен тоглықтырулар жобасын ұсынады

- жергілікті референдум болып бөлінеді.

Референдумға он сегіз жасқа жеткен, мемлекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ.

Референдумға әзірлену және өткізуге байланысты шығындарды мемлекет өз мойнына алады.

 

5-дәріс. Құқық қорғау органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің негіздері және сот.

1.Құқық қорғау органдары жүйесі.

2.ҚР Конституциялық Кеңесі.

3.ҚР Ұлтық қауіпсіздік органдары

4.Әділет министрлігі

5.ҚР Прокуратурасы,адвокатура

6.ҚР сот жүйесі, функциясы. сот органының құрылымы.

7.Кедендік бақылау

8.Қаржылық қадағалау

9.Президенттің күзет қызметі.

 

ҚР құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет құқық қорғау қызметі деп сипатталады.

Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:

1. Құқық қорғау міндетінің болуы

2. Ықпал ететін арнаулы заңдық шараларын қолдану

3. Қатаң түрде заңмен регламенттеу

4. Белгіленген рәсім іс-жүргізу тәртібінің болуы

Құқық қорғау қызметінің мақсаты- Құқық пен міндетті қорғау – олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау, олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану.

ҚР құқық қорғау органдарының жүйесі:

1.ҚР Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында конституцияның және басқа да нормативтік құқықтық актілердің үстемдігін қамтамасыз етеді. Оны 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Конституциялық Кеңес туралы» Президенттің жарлығына сәйкес Конституциялық Кеңес атқарады.

2. ҚР Әділет органдары құқықтық нормалардың қалыпты жұмыс істеу режимін сақтауды жүзеге асырады, сот шешімдерін орындау мәселелерін шешеді. Жекелеген қызметтері мен бөлімшелері куәләндырумен, тіркеумен айналысады.

3. ҚР Прокуратурасы. Прокурорлық қадағалау Республика аумағында заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын, жедел іздестіру қызметін, алдын - ала тергеу, әкімшілік және атқарушы іс жүргізу заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Республика прокуратурасының құзіреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі «ҚР прокуратурасы туралы» Заңымен белгіленеді.
Бас Прокурордың өкілеттігінің мерзімі 5 жыл.

Прокурутура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды: 1)Прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. 2)Прокуратура іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. 3)Прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадағалайды. 4) ҚР Ішкі істер органдарының қызметі құқық бұзушылықтың ең қауіпті түрлері - қылмысқа қарсы күреске бағытталған. Қылмыстарды табу мен ашу, кінәлілерді әшкерелеу, қылмыстық жауапқа тарту, қоғамдық тәртіпті сақтау шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары - еліміздің заңдарына сәйкес анықтау,алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай–ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік органдары: жеке адамның мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Шет мемлекеттердің, олардың азаматтарының ҚР аумағында барлау және дұшпандық қызметпен айналысуын ашу және оған жол бермеу бағытында жұмыс жүргізеді. Шекара тұтастығын және террорлық әрекеттерді ашуды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары – республиканың қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.

ҚР Президенттік күзет қызметі - Мемлекет басшысының қауіпсіздігін және ішкі, сыртқы іс сапарының күзетін қамтамасыз етеді.

ҚР Президенттік күзет қызметінің міндеті:

1)күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қол сұғатын қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылыққажол бермеу және оларды тыйып тастау; бұлардың жасалу ықтималдығына ықпал ететін жағдайларды анықтау, әрі мұндай қылмыстарды бодырмау үін өз құқығының шегінде шаралар қолдану:

2) Қылмыстан, әкімшілік құқық бұзушылықтан және жазатайым оқиғадан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз күйге не болмаса денсаулығы мен өміріне қатерлі өзге де жағдайға ұшыраған күзетілетін адамдарға көмек көрсету;

3)күзетілетін адамдардың жеке басының қауіпсіздігіне немесе күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық қауіпсізікке қатер төндіретін дайындалып жатқан қылмыстар, әкімшілік құқық бұзушылықтар мен оқиғалар жайында келіп түскен мәлімдеулерді, хабарларды және өзге де ақпаратты қабылдап алу; заңдарда көзделген шаралард уақытында қолдану;

4) күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиеті мен меншігіне қарсы қылмыс жасаған адамдарды анықтап, іздестіруде;

5)күзетілетін адамдардың күзетілетін объектілерде және олар болатын басқа да жерлерде қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

6) авариялар, аппатар, өрт, табиғат зілзалалары және басқа төтенше жағдайлар кезінде күзетілетін адамдарды құтқару және оларға алғашқы медициналық көмек көрсету жөнінде, сондай-ақ күзетілетін адамдардың жеке мүлкін және күзетілуге тиіс әрі қараусыз қалған өзге де мүлікті күзету жөнінде шұғыл шаралар қолдану; Қазақстан Республикасы аумағында немесе жекелеген жерлерде, немесе әскери жағдай енгізілетін ретте заңға сәйкес күзетілетін адамдарға қатысты содай-ақ эпидемия мен эпизоотия кезінде күзетілетін адамдарға қатысты каранитндік шаралар жүргізілуіне қатысу;

7)мемлекет Басшысының ақпараттан оқшау қалуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

8)азаматтарға, кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге олардың байланыс құралдарын, көлігі мен үй-жайларын қызмет мақсатында пайдалануға байланысты келтірілген зиянды белгіленген тәртіппен өтеу.

ҚР Қаржы полициясы агенттігі криминогенді жедел жағдайларды талдау және болжамдау, қаржылық және басқа да экономикалық қылмыстар жасауға себеп болатын жағдайларды зерттеу, оларды болдырмау шараларын жасау, жедел іздестіру мәселелері бойынша міндеттемелерді орындайды.

ҚР Кеден органдары ҚР аумағында контрабандамен және қылмыстармен кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кеден және салық ережелерін бұзушылықпен күрес, есірткі, қару-жарақ, көркемсурет, археологиялық жәдігерлер, құрып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктердің заңсыз айналымына тосқауыл қояды.

ҚР сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады.

6-шы дәріс. ҚР Әкімшілік құқығы. Мемлекеттік басқару.

1.Мемлекеттік басқару жүйесі. Субьектісі. Обьектісі.

2.Әкімшілік құқық туралы түсінік. Ә.қ. нормалар. Субьектілері. Заңды тұлға. Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құқықтық реттеу.Әкімшілік құқықтық қатынастар түрлері

3.Атқарушы билік органдары

4.Жергілікті атқару органдары

5.Мемлекеттік қызмет.

6.Әкімшілік – саяси аяны басқару.

 

Әкімшілік құқық –ҚР құқық жүйесінің үлкен бір саласы. Қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік басқару процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдің бірі

Әкімшілік құқық –мемлекеттік қызметке қатысушылардың құқықтық және ұйымдық нысанын бекітеді, өкілетті органдар, лауазымды адамдар үшін мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Құқықтық мемлекет құру ісін жүзеге асырады. Әкімшілік құқық –атқарушы билік аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы басқаша атауы басқару құқығы.

Мемлекеттік басқару –мемлекеттік билікті жүзеге асыру, билікті іске асыру жөніндегі ҚР мемлекеттік органдар қызметінің түрлерінің бірі. Мемлекеттік биліктің мәні мен құрылымы Конституция мен конституциялық заңдарда көрсетілген.

Атқарушы билік органдары:

Қызмет сипатына қарай: салалық құзіретті органдар, сала аралық құзіретті органдар, бақылау, қадағалау, мандандырылған мемлекеттік органдар.

Салалары мен қызметінің сипаты бойынша:

Экономика саласы бойынша: экономика және бюджеттік жоспарлау, индустрия және сауда, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникация, қаржы т.б.

әлеуметтік – мәдени сала бойынша: білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, туризм және спорт т.б

Әкімшілік- саяси қызмет саласы бойынша: әділет органдары, ішкі істер, қорғаныс, кедендік бақылау т.б.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 837; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.093 сек.