КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Деканаттар 2 страница
Білім берудің кредиттік технологиясында оқу үрдісін ұйымдастыру
Кредитті технология негізінде білім беру саясатының басты міндеті болып ұлттық білім беру бағдарламалардың халықаралық мойындауы, білім алушылардың және оқытушылардың мобильдігін, сонымен қатар білім берудің сапасын жоғарлату және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз етуі. Осы жүйенің мақсаты - - дүниежүзілік стандарттарға сәйкес болу, Болон декларациясына қатысушы мемлекеттермен академиялық дәрежені мойындау және аккередитацияланған жоо біреуімен басқасына кредиттермен ауысу/өзаразачеттер мүмкіншіліктер. Кредиттік технологиямен білім беруде кредиттер маңызды құрылымы, ал линиялық білім беру жүйесінде – сағаттар. Ағымдағы семестрде екі аралық бақылау өткізіледі кредиттік білім беру бойынша(8-15 апта); линиялық білім беру бойынша(9-18 апта). Білімалушы әрбір пәнді табысты игерген жағдайда өзінің білім жинағына алдын ала бекітілген кредиттер санын «жинайды», олардың жалпы қосындысы оған сәйкес бакалавр және магистр дәрежесін алуға мүмкіндік береді. Бакалавриаттағы білімін аяқтау үшін білімалушы 128 кредиттер (4 жыл білім алу) және 160 кредиттер (5 жыл білім алу) міндетті талап болып табылады. Білім алатын жылдар бойғы білімалушының алатын кредит саны 32 кредиттті (1440 сағат) және одан да көпті құрайды. Білім беруде кредиттік технологиялар типтік оқу бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: - жалпы білім пәндер (ЖБП), ол өзіне 34 кредитті құрайды; - базалық пәндер (БП) – 62 кредит; - профильді пәндер (ПП) – 33 кредит.
ТОБ негізінде мамандықтар бойынша кредиттерді бөлу:
МЖБС барлық талаптарын орындаған және барлық білім алу кезеңінде міндетті компоненттер бойынша тұрақталған кредиттер және таңдау бойынша компоненттер санын жинаған білімалушы қорытынды мемлекеттік аттестацияға (мемлекеттік емтиханға) жіберіледі. ББКЖ енгізудің ерекшелігі – ол жазғы семестрді ұйымдастыру. Екі семестрдің қорытындысы бойынша академиялық қарыздарды және оқу бағдарламасындағы айырмашылықты жою үшін жазғы семестр өткізіледі, ал сонымен бірге қосымша білім алу үшін. · ағымдағы айда «бж» өтелмегендері бар болған жағдайда, журналдағы «бж» қасына «0» қойылады, ал электронды журналда «бж» орнына 0 қойылады. · негізсіз себептермен оқу семестрінде босатылған дәрістеріне және 25% өтелмегеніне және оқу пәндері бойынша дәріс сабақтарының сағат көлемі артық болса, білімалушылар емтихан сессиясына жіберілмейді. Білімалушылар академиялық кезеңде (семестрде) барлық босатылған дәрістерді ақылы негізде өтеуге міндетті.
2012 -2013 оқу жылына арналған «Жалпы медицина» және «Тіс емдеу» факультетінің білімалушыларының академиялық күнтізбесі
2012 -2013 оқу жылына арналған несие жүйесінде «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Фармация», «Мейірбике ісі», «Медициналық - алдын алу ісі» мамандықтары бойынша оқитын білімалушылардың академиялық күнтізбесі.
Пән саясаты Пән саясаты – кафедраның білімалушыға берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, білімалушыға оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен білімалушылар (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған. Білімалушылар міндетті: · Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және құзырлықтарды толық көлемде игеруге; · Бірінші курстан бастап таңдаулы білім траекториясы бойынша құзырлықтарға жету үшін «Портфолио» жинақтауға; · Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға; · Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге, сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға; · Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады; · Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, профессордың және доценттің бақылауына, дәрігерлік консилиумдерге міндетті түрде қатысуға тиісті; · Кафедраның ОБӨЖ (оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы) қатысуға арналған талаптарын сақтауға; · Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, ОБӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға; · Білімалушылар клиникалық кафедраларда сабаққа қатысу үшін санитарлық кітапшаларында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет рұқсатнамасының болуына; · Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға; үстелдер үстіне жазбауға, мүлікті бұзған жағдайда жөндеуге; · Білімалушыларға шпилька аяқ киім киуге тыйым салынады. · Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға; · Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға; · Кафедра жұмысына белсенді қатысуға (СҒІ үйірмесіндегі жұмыс, кафедрада өткізілетін шараларға және т.б.); · Мамандығы бойынша ғылыми – практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялар жұмысына қатысуға; · Оқу, дәріс уақытында ұялы телефондарды сөндіруге; · Ұялы телефондарды, i-Phone, i-Pad емтихандарға бірге алып кіруге тыйым салынады. Оларды пайдаланған жағдайда білімалушы емтиханнан қуылады және «Ғ» баға қойылады. Ал емтихан барысында көмекші қағаздар қолданса, онда қорытынды баға: «Ғ» қанағаттанарлықсыз; · Егер білімалушы бір ғана сабақ босатса, деканаттан рұқсат қағазы қажет етілмейді, бірақ сабақ міндетті түрде өтелуі керек. Электрондық журналда әр босатылған сабақ өтелмесе, автоматты түрде балы төмендетіледі. · Кафедраларда және курстарда өтелулер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге, клиникаларда түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі. · Білімалушы сабақтарды себепті босатқан жағдайда (стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраға болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар ауру туралы анықтама қағазын әкелуге тиісті. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады. · Сабақты себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың тапсырады, егер деканаттан растайтын құжатпен бірге рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін. · Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Білімалушы бір уақытта 2 сабақты өтеуіне болады. · Сабақты себепсіз босатқан жағдайда білімалушы бір уақытта 1 сабақты өтеуіне болады. · Босатқан сабақты өтегенде «ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады; · Себепсіз босатқан сабақты өтегенде білімалушы 3,33 ден жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады. · Бір айда сабақты екі рет, не одан да көп сабақ босатқан білімалушы аттестаттаудан өтпейді. Білімалушы себепсіз босатқан сабақтары үшін 1 айда, себепті босатқаны үшін 2 айда өтеулерді өткізуге тиіс. · Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепсіз босатқан жағдайда білімалушыға деканаттарда өтеулерді орындауға рұқсат жоқ, білімалушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өтпейді. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады. Білімалушы жазғы (ақылы) семестрде өтуге тиіс. · Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепті босатқан жағдайда білімалушы жеке кесте бойынша барлық сабақтарды өтеуі керек. · Деканаттан рұқсат қағаздар оқу топтарының журналдарында сақталады. · Аралық бақылау кезінде себепті не себепсіз босатқан сабағын бір ай ішінде өтемеген жағдайда «ж» орнына «0» қойылады. · Егер «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4,5,6,7 курстарының интеграциясының бір пәнінен не шектес пәннен білімалушы «Ғ» алса, жазғы (ақылы) семестрді «Ғ» баға алған пән бойынша ғана өтеді. · Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және білімалушы кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды. Қорытында баға мынадай жағдайда: егер білімалушыда рұқсат алу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы болған жағдайда есептелінеді. Мұндағы жақсы бағаға 50% тен 100% -ке дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз баға 0 ден 49% -ке дейінгі бағалар кіреді. · Тесттік емтиханның үлес салмағы 10%. · Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда білімалушының Рұқсат алу рейтингі бағасы төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді. · Емтиханда алған қорытынды бағаны көтеру үшін қайта емтихан тапсыруға рұқсат жоқ. · Сынақ кітапшасының оң жағына Рұқсат алу рейтингі бағасы қойылады. Дифференциалдық сынақ бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді. · Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес семестрдің барлық пәндері бойынша сынақтарды тапсырып, Рұқсат алу рейтингі бағасын алған жағдайда ғана білімалушылар емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен рәсімделеді, білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады. · Білімалушылар үлгерім орташа баллы (GPA) негізінде курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. · (GPA) үлгерім орташа балы курстан курсқа өту баллының қажетті мөлшерін ала алмаған жағдайда, білімалушы білім грантынан айрылады, курсты қайта оқиды немесе өз қалауымен оқудан шығарылады. · Курстың бағдарламасын толық көлемде орындап, бірақ GPA өту баллын ала алмаған білімалушы жазғы (ақылы) семестрде пәнді (мемлекеттік емтихан «Қазақстан тарихынан» басқа) қайта оқуға, қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік алады. Қайта алынған жақсы баға шәкіртақыға әсер етпейді. · Білімалушылар (академиялық демалыстан кейін) курстың пәндерін толықтай өтуге және емтихан тапсыруға міндетті. Оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі ережелері
Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 552; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |