Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий. Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:




Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Глоссарий көлемі - 20-25 термин болуы тиіс.

2. Әрбір терминнің мағынасын нақты түсіндіру керек.

3. Таңдалған тақырып бойынша сөздерді түсіндіру мағыздылыңын көрсету керек.

4. Терминдерді жазғанда қатаң алфавиттік тәртіпті сақтау қажет.

5. Терминдердің барлық маңыналарын жазу керек.

6. А4форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

7. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

 

Науқасты қарау хаттамасы

Тапсырманы орындау критерийлері- бағаға әсер ететін жағдайлар:

1. Бөлімде науқасқа курация жүргізу керек. Науқасқа қажетті курация көлемі, сонымен қатар қараудың, зерттеудің, емдеудің және т.б. қосымша әдістері оқыту курсына тәуелді және оқытушы таңдайды.

2. Киликаналық синдромдарды /аураларды көрсету қажет.

3. Науқасты қарау, зерттеу хаттамасын жасау керек (оқыту курсына тәуелді жеке орындалады).

4. А4 форматты ақ қағазда, Times New Roman / KZ Times New Roman шрифтпен, 14 кегльде, біржарымдық интервалда орындалуы тиіс. Сол жақтан - 30 мм, оң жақтан - 10 мм, жоғарыдан, төменнен- 20 мм қалтыру қажет.

5. Белгіленген уақытта тапсыру. Сол уақыттан кеш өткізілсе БӨЖ бағасы 1,0 баллға төмендетіледі.

 

 


БӨЖ бағалар шкаласы (орындау критерийлеріне сәйкестігі)
Сапа критерийлері Қанағаттанарлық сыз F 0 ұпай Қанағаттанарлық D 1,0 ұпай Қанағаттанарлық D+ 1,33 ұпай Қанағаттанарлық C- 1,67 ұпай Қанағаттанарлық C 2,0 ұпай Қанағаттанарлық C+ 2,33 ұпай Жақсы B- 2,67 ұпай Жақсы B 3,0 ұпай Жақсы B+ 3,33 ұпай Өте жақсы A- 3,67 ұпай Өте жақсы A 4,0 ұпай
БӨЖ мазмұ ны тақырыбына және қойыл ған тапсырмаларға сәйкессізідігі Жұмыс тақырыпқа сәйкес келмейді   БӨЖ мазмұ ны тақырыбына жарты лай сәйкес келеді,бірақ қойылған тапсырмаларға сәйкес келмейді БӨЖ мазмұ ны тақырыбына және қойыл ған тапсырмаларға жартылай сәйкес келеді БӨЖ мазмұны тақырыбына және қойыл ған тапсырмаларға толық сәйкес келеді   БӨЖ мазмұ ны қойыл ған тапсырмаларға толық сәйкес келмейді     БӨЖ мазмұ ны тақырыбына және қойыл ған тапсырмалар ға негізінде сәйкес келеді БӨЖ мазмұ ны тақырыбына және қойыл ған тапсырмаларға сәйкес келеді   БӨЖ мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларға толық сәйкес келеді БӨЖ мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларға толық сәйкес келеді БӨЖ мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларға толық сәйкес келеді   БӨЖ мазмұны тақырыбына және қойылған тапсырмаларға толық сәйкес келеді  
Тақы рып толық ашылуы және әдебиеттер қолданылуы керек   Тақы рып ашылмаған   Тақы рып жарты лай ашыл ған, қолданылған әдебиеттер сәйкессіздігі Тақы рып жарты лай ашыл ған, аз әдебиеттер қолдан ған Тақы рып толығы мен ашылмаған, әдебиеттер аз қолдан ған   Тақы рып толығымен ашылмаған, негізгі әдебиеттер қолданған   Тақы рып толығымен ашыл маған, негізгі әдебиеттер толығымен қолданылма ған Тақы рып толығымен ашылмаған және кейбір ережелер түсініктемені қалай ды, негізгі әдебиеттер толығымен қолданылмаған Тақырып ашылған, бірақта БӨЖ -дің кейбір ережелері өте жан-жақты қарастырылғандықтан нақтылықты талап етеді   Тақырып толығы мен ашылған,бірақта кейбір ережелер жаңа әдебиет көздерің пайдалануды талап етеді, негізгі әдебиет көздері ғана қолданған Тақырып толығы мен ашылған, жаңа әдебиттер көздері жеткілікті мөлшердеқолданған.   Тақырып толығы мен ашылған, жаңа әдебиттер көздері жеткілікті мөлшердеқолданған.  
Материалды бірікті ру қабілеті және дәлелді қортындылар және ұсыныстар жасау Қорытынды жасалмаған, ұсыныстар жоқ. Мате риал біріктірілмеген, қорытындылар және ұсыныстар жок.   Мате риал жартылай біріктірілген, қорытындылар және усыныстар жоқ.   Мате риал жартылай біріктірілген, қорытындылар және ұсыныстар жоқ. Мате риал толық көлемде біріктірілген, қорытындылар және ұсыныстар БӨЖ тақырыбына сәйкес келмейді Мате риал біріктірілген, бірақ қорытындылар және ұсыныстар нақты, толық емес Мате риал біріктірілген, бірақ қорытынды толық жасалуын талап ету керек     Материал біріктірілген, бірақ қорытынды өте көлемді нақты емес   Материал біріктірілген, бірақ қорытынды өте көлемді нақты емес   Материал біріктірілген, дәлелді қортындылар және ұсыныстар жасалған Материал біріктірілген,нақты және анық қорытындылар, автордың өз ойы анық, оның мәселені шешуге бағыталған қатынасы көрінген
БӨЖ құрылымы және хаттауыорын дау критерийлеріне сәйкес тігі Сәйкес кел мейді   Негізгі талап тар сақталмаған Хаттау ға негізгі талап тар жарты лай сактал ған, құрылымы толық емес, мәтінде сілтеме жоқ Хаттауға негізгі талаптар толық емес сактал ган, библиографиясы қате хаттал ған Хаттау ға негізгі талап тар сакталган,бірақ БӨЖ -дің кейбір бөлімдерің хаттау бойынша ескертулер бар Хаттау ға негізгі талап тар сақтал ған   Хаттау ға негізгі талап тар сақтал ған   Хаттауға негізгі талап тар сақтал ған     БӨЖ хаттауы койылған талаптарға сәйкес келеді,бірақ манызды емес ескерту лер бар   БӨЖ хаттауы койылған талаптарға толық сәйкес келеді   БӨЖ хаттауы койылған талаптарға толық сәйкес келеді, жоғары сапалы ақпарат тық көрнекілік бар    

 

 


3. Білімалушылар білімін бақылауды ұйымдастыру

Кредиттік жүйе кезінде білімалушылардың білімін бақылау мен бағалау баллдық-рейтингілік жүйе (БРЖ) жолымен жүзеге асырылады БРЖ-де ағымдағы, аралық бақылау, өздік жұмыстың орындалуын бақылау және аралық аттестациялық бақылау жүргізіледі.

Аталмыш жұмыс түрін жүргізу мөлшерін жоо өзі белгілейді. Бұл жағдайда ағымдағы және аралық бақылауға 60% және қорытынды бақылауға жалпы бақылаудың 40% қалдырылады.

Білімалушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін бақылау мен аттестациялаудың әр түрі қолданылады. Бақылаудың барлық жиыны мен білімалушы білімін бағалауда ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау және қорытынды мемлекеттік аттестация жүргізіледі.

Білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі

Пайыздық мөлшері Баллдардың сандық эквиваленті Таңбалық жүйе бойынша баға Дәстүрлі жүйе бойынша баға
95-100 4.0 A өте жақсы
90-94 3.67 A-
85-89 3.33 B+ Жақсы
80-84 3.0 B
75-79 2.67 B-
70-74 2.33 C+ Қанағаттанарлық
65-69 2.0 C
60-64 1.67 C-
55-59 1.33 D+
50-54 1.0 D
0-49   F Қанағаттанарлықсыз

Ағымдағы бақылау — оқытушылар өткізетін ағымдағы сабақта білімалушылардың білімін жүйелі тексеру пәнді оқыту кезінде білімалушылардың ағымдағы білімін бақылаудың әр түрін қарастыруға болады.

1) ауызша сұрау – пән бойынша бір немесе бірнеше бөлімнің материалын өткеннен кейін сұрақтарға жауап және тақырыпты талқылау:

2) жазбаша сұрау — қойылған сұрақтарға, есептерді шешуге, жағдаятты талдауға жазбаша жауап, сондай-ақ курстың кейбір бөлімдері бойынша тәжірибелік тапсырмаларды орындау;

3) аралас сұрау — бір немесе бірнеше тақырып бойынша білімді бағалауды ауызша және жазбаша бақылау;

4) үй тапсырмасын қорғау мен тұсау кесер — үй тапсырмасы дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында жеке және топтарға бөлініп, үй тапсырмасын, өткен материалды тексеру, өткен тақырыпты қорытындылауға үйрету, курс тақырыптарын байланыстыра білуге үйрету;

5) дискуссия, тренингтер, дөнгелек үстелдер, кейс-стадтар және т.б. — мәселелік сипаттағы сұрақтарды көпшілік (топ) болып талқылау, өз ойы мен дағдыларын көрсету, дұрыс шешім қабылдауға дағдылау;

6) тесттілер — пән бөлімдері бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша түрі;

7) тәжірибелік дағдылар (ОҚПЕ, ОҚКЕ).

Ағымдағы бақылауды тьютор тәжірибелік және зертханалық сабақтар шегінде және білімалушының өздік жұмысын бақылау арқылы оқытушының басшылығымен жүзеге асырылады (Office Hours).

Аралық (рейтингілік) бақылау тьютор белгілеген кесте бойынша фармация факультетінде 8-ші (АрБ1) және 15(АрБ2) аптада өткізіледі. Ағымдағы және аралық бақылауды ұйымдастыруды деканат, оқу бөлімі жүзеге асырады.

Оқытушының ұсынысымен жүргізілетін аралық бақылау түрлеріне жазбаша бақылау жұмысы мен зертханалық жұмыс, тестілеу немесе ауысша тыңдау – коллоквиум, конференцияға қатысу және т.б. жатады.

Аралық бақылаудың нәтижелері «оқытушы жұмысын есептеу журналына» және «Рейтинг ведомосы» журналына жазылып, ол емтихан сессиясы басталар алдында Тіркеуші Офисіне тапсырылады.

Рейтингтік бақылаудан кейінгі бір-үш күн ішінде оқушы апелляцияға беруге құқылы. Апелляцияға өтініш деканның атына беріліп және кафедраның пәндік апелляциялық комиссиясы қарайды.

Алғашқы және екінші аралық бақылаудың қорытындылары бойынша

АрБ = (АрБ1+АрБ2)/2 50% кем болса, сондай- ақ оған себептері бойынша қатыспаған оқушы емтихан сессиясы басталғанға дейін оқу жұмысы бойынша проректордың рұқсатымен жеке кесте бойынша аралық бақылауды тапсыруға құқылы.

Университеттік күнтізбеге сәйкес күндізгі бөлімнің студенті бір оқу жылында 2 емтихан сессиясын тапсырады (қысқы және жазғы). Күндізгі оқу түрінің қорытынды бақылауын өткізуге екі апта беріледі. Емтихандар кестесін тіркеуші офисі жасайды.

Комплекстік емтихандарға дайындалу үшін кемінде үш күн беріледі.

Барлық пәндер бойынша қорытынды бақылау — емтихан, диф.сынақ өткізіледі. Емтихан өткізу түрлері: компьютермен немесе тест бланкісімен жазбаша немесе ауызша болады. Білімалушыға емтиханды қай тілде тапсыру таңдауы беріледі.

Емтихан кешенді түрде өтуі мүмкін, бір мезгілде өзара байланысты 2-3 пәннен.

Егер оқушы емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алса, онда оның қорытынды бағасы есептелмейді, ведомосқа F деген баға қойылады.

Барлық бақылау қорытындысы бойынша оқу үлгерімін бағалау:

Ағымдағы бақылау үлгерімі, аралық аттестациялау (емтихандар) және мемлекеттік қорытынды аттестациялау баллдық-рейтингтік жүйе бойынша жүргізіледі (ҚР білім беру мемлекеттік стандарты 5.03.006- 2006)

Білімалушылардың білімін бағалау белгісі

Білімалушылардың білімін, дағдысын, шеберлігін және терең білімін бағалау баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша жүргізіледі, сонымен қатар пропорционалды сәйкес болып табылады.

«Өте жақсы» деген баға А әріптік, 4,0 сандық және 95-100% пайыздық бағаға тең, ал А-, 3,67 сандық және 90-94% пайыздық бағаға тең.

Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды толық меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген жағдайда қойылады.

« Жақсы » деген бағаВ+ әріптік, 3,33 сандық және 85-89 % пайыздық бағаға тең, ал В, 3,0 сандық 80-84% пайыздық және В- 2,67 сандық 75-79% пайыздық бағаға тең.

Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 75 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болмаса, бақылау, зертхана жұмыстарын дер кезінде және дұрыс есептеп, өз ойларын жеткізе біліп, коллоквиумдарды уақытында, қатесіз, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысып, берілген пән бойынша өздігінен қосымша ғылыми әдебиеттер қолданса, бағдарламалық материалды бір жүйеге келтірген және негізгі қателіктерін студент өзі түзеткен жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» деген бағаС+ әріптік, 2,33 сандық және 70-74 % пайыздық бағаға тең, ал С, 2,0 сандық 65-69% пайыздық және С- 1,67 сандық 60-64% пайыздық бағаға тең, Д+ әріптік, 1,33 сандық және 55-59 % пайыздық бағаға тең, ал Д, 2,0 сандық және 50-54 % пайыздық бағаға тең.

Бұл баға білімалушы бағдарламалық материалды 50 % меңгерген және қате немесе дәл еместік болса, бақылау, зертхана жұмыстарын орындау кезінде оқытушының көмегіне жүгінсе және коллоквиумдарды орындау кезінде қателер жіберсе, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айланысқанда сылбырлылық танытса, берілген пән бойынша тек қана оқулықтарды қолданса, оқытушы берген бағдарламалық материалды бір жүйеге келтіргенде қиындықтар болса қойылады.

«Қанағаттандырарлықсыз» деген бағаҒәріптік, 0 сандық және 0-49 % пайыздық бағаға тең. Бұл баға білімалушы бағдарламалық негізгі материалды меңгермеген, пәндік бағдарламаның жартысын да меңгермесе, жауаптарында, аралық және қорытынды бақылаудардың кейбір тапсырмаларынан кателер жіберілсе, оқу бағдарламасына сай негізгі әдебиеттерден берілген материалды меңгермеген жағдайда қойылады.

Білімалушы қорытынды бақылаудың бағасымен келіспеген жағдайда аппеляцияға беруге болады.


Апелляция өткізу тәртібі

Апелляция емтиханнан кейін, ертеңгі күні сағат 13.00 – ге дейін білімалушылардың өз еркімен мына жағдайларда беріледі:

- тесттік тапсырмалар мен билеттер тұжырымдары түсініксіз;

- тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы жоқ;

- тесттік тапсырмалардың дұрыс жауабы бірнеше;

- тесттік тапсырмалар мен билеттер пәннің жұмыс бағдарламасында

Апелляцияны ұйымдастыру келесі тәртіппен жүргізіледі:

- пәннің қорытындысы және сұрақтың номері жарияланып, комиссиялық анықтауды қажет еткен жағдайда білімалушылар апелляция туралы өтініш береді;

- Офис Регистратор (ОР) өтінішті анықтайды және апелляцияны берудің қажеттілігі туралы шешім қабылдайды;

- Оқу бөлімі және Офис Регистратор апелляциялық комиссияның құрамын жариялайды, онда факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушісі және әрбір пәннен емтихан алатын оқытушы;

- ОР апелляцияға жіберілген білімалушылардың құрамы туралы жариялайды;

- ОР дайындаған апелляция қорытындысы емтихандық –рейтинглік ведомосқа енгізіледі;

- емтиханнан бұрынғы рейтингілерге өзгертулер енгізуге апелляция кезінде болмайды;

- апелляция қорытындылары сынақ кітапшасына енгізіледі.

Апелляция комиссиясының шешімі жағымсыз және сессия қорытындысында

қанағаттандырарлықсыз бағалар алса, білімалушы оқудан шығарылмайды.

Академиялық қарыздар жазғы семестр кезінде өткізіледі.

Жазғы семестрді ұйымдастыру туралы ереже

Білімалушылар үшін жазғы семестр академиялық өтеулерін жою және қосымша оқу үшін ұйымдастырылады.

Білімалушы келесі курсқа академиялық өтеулерсіз көшуі керек.

Жазғы семестрдің ұзақтығы 4 аптадан кем болмауға тиіс. Жазғы семестрге үш пәннен артық, 7 – 8 жалпы кредит санымен /360с/ болмауға тиіс. Жазғы семестрдің академиялық күнтізбесі білімалушылардың құрамына байланысты жыл сайын тұрақталады. Жазғы семестрдің басы туралы ақпаратты Тіркеуші Офисынан 10 мамырдан кейін білуге болады.

Келесі білімалушылар жазғы (ақылы) семестрді өтуге құқықтары бар:

-қосымша білім алам деушілер;

-рейтинг қорытындылары бойынша сессияға кіруге рұқсат алмағандар;

-курс бағдарламасын толық көлемде орындаған, бірақ көшу балын жинай алмағандықтан, өзінің үлгерім орташа балын (GPA) көтеру мақсатында, білімалушыға жазғы семестрде жеке пәндерді ақылы түрде оқуға (мемлекеттік емтихан тапсырылатын Қазақстан тарихы пәнінен басқа) және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі.

-сессия қорытындылары бойынша себептерге байланысты академиялық өтеулері барлар (ауырған, жүктілік, босану, туыстарының өлімі, табиғи апаттар);

Білімалушының жазғы семестрге қатысуы келесі білім алу қызметтері түрін жүзеге асыруды қарастырады:

-академиялық өтеулерді жою мақсатымен білімалушының кеңес алуы;

-мамандығы бойынша оқу жоспарымен қарастырылған оқу пәндерін студенттің меңгеруі.

жазғы семестрдің ұйымдастырылу тәртібі Регламентпен сәйкес келеді:

-жазғы семестрдің алдында білімалушы қатысу үшін өтініш тапсырады;

-офис тіркеушілер және деканаттар білімалушылардың өтініштерін қарастырады;

-офис тіркеушілер және деканаттар топтарды қалыптастырады;

ОӘТЖ проректорымен бекітілетін жазғы семестрдің кестесін оқу бөлімі құрастырады;

-кесте жазғы семестрде қызмет көрсететін тьюторлардың уақытына байланысты құрастырылады;

-кафедра меңгерушілері өз пәні бойынша өтуіне жауапкершілік танытады;

-білімалушы жазғы семестрді университеттің кассасына ақысын төлегеннен және деканаттың рұқсатнамасын алғаннан кейін жазғы семестрге жіберіледі;

-жазғы семестрдің ұйымдастырылуы баллдық-рейтингтік жүйесіне (БРЖ) сәйкес өткізіледі;

-білімалушылар өз уақытында жазғы семестрдің ақысын төлеуіне деканаттар жауапкершілік танытады.

Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі

Білімалушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау бақылаудьң барлық түрлері бойынша: үлгерімді ағымдағы бақылау,аралық аттестациялау (емтихандар) мен қорытынды мемлекеттік аттестациялау (мем. емтихан) балдық-рейтингілік таңбалық жүйе бойынша жүзеге асырылады.

Білімалушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтінгілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады:

Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:

ҚБ - қорытынды баға

РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға

ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)

Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ) 60% құрайды.

Қорытынды бақылау бағасы (ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының (ҚБ) 40% құрайды.

Рұқсат алу рейтингілік бағасы:

АғББ ∑ бағасы + БӨЖ ∑бағасы+ ОЖӨБ ∑ бағасы+ АБ ∑бағасы Барлық бағалардың саны

РРБ =, мұнда:

∑ - жиынтық белгісі

АғББағымды бақылаудың бағасы: Ағымдағы бақылау бағасы: АғҮБ=ағымдағы орташа баға (оның ішінде соңғы бақылау) + БӨЖ үшін орташа баға + тәжірибелік дағдылар үшін орташа баға + ауру сырқатнамасы үшін баға (клиникалық кафедраларда) + хаттамалар жазу үшін немесе альбомдар бейнелеу үшін баға (теориялық кафедраларда)+(ҒЗЖ) кәсіптік тәжірибе үшін баға (ҚР МЖБС. 5.03.006-2006, 7 бет);

БӨЖ – білімалушының өздік жұмысы;

ОЖӨБ - оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмысы;

АБ – аралық бақылау бағасы;

Рұқсат алу рейтингілік бағасы: академиялық уақыт (семестр) барлық алынған бағалар ортаарифметикалық жиынтығы бойынша есептеледі.

Егер білім алушының жіберу рейтингісі және қорытынды бақылау бойынша жақсы бағалары болса ғана қорытынды баға есептеледі. (ҚР МЖБС 5.03.006 – 2006).

- Қорытынды бақылаудың жақсы бағасын (көтермелеу мақсатында), бағаны қайта тапсыруда, сонымен қатар жаман бағаны түзетуге рұқсат етілмейді.

- Білімалушыларды курстан курсқа көшіру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестация) бойынша жазғы семестр және алған ауыстыру баллдарын ескере отырып жүргізіледі.

- Курстан курсқа көшіру үшін ауыстыру баллдарын жоо өзі белгілейді, ол университеттің Ғылыми кеңесінде бекітіледі және оқу жылында 1 ақ рет өзгертіледі.

Жазғы емтихан сессиясы келесі курсқа көшіруші емтихан болып саналады. Көшіруші орташа балды жоғары оқу орны өздері шешеді.

Егер білімалушы қажетті өтуші баллды алмаса, онда курсты қайта өтеді немесе оқудан өз қалауымен шығады.

Пәндерден академиялық қарызы бар білімалушы келесі курсқа өту үшін осы пәндерді белгілі мерзімде, ақылы түрде қайтадан оқуы керек.

Қайтадан оқуы үшін білімалушы ректордың атына өтініш жазуы керек.

Өтінішке факультет деканы пәннің МЖБС сәйкес сағат көлемін, дәріс сағаттары мен тәжірибелік, БӨЖ көрсетеді. Ректордың шешімінен кейін, өтініш кафедраға беріледі, кафедра меңгерушісі жауапты оқытушының ТАЖ көрсеткеннен кейін құжат қаржы-жоспарлау бөліміне түседі. Осыдан кейін білімалушымен ақылы пәнді қайта оқу туралы келісім шарт 2 – данада құрастырылады.

Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ)белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алды және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды. Қайта оқыту курсын бітіргеннен кейін, қорытынды бақылауға бағасымен жіберіледі.

Білімалушылар - мемлекеттік білім беру грантының иегері, курстан курсқа өту баллын алмаған және қайта оқу курсына қалтырылған болса, өзінің білімін ақылы негізде жалғастырады.

GPA (ҮОБ) (Grade Point Average):екіншісінен 2,0 кем емес; үшіншіге – 2,25 -2,5 тен кем емес; төртіншіге -2,5-3,0 кем емес болып белгіленеді.

Білімалушының оқу кезеңіндегі GPA (ҮОБ) тіркеуші офисінде білімалушының орташа жоғары деңгейі бойынша келесі формула түрінде анықталады:

 

 

онда; Қ1, Қ2, Қ3 — пән бойынша қорытынды сандық баға;

К1, К2, К3 — кредиттегі оқылған пәндер көлемі;

п – оқудың өткен кезеңіндегі оқылған пәндердің саны.

 

Тіркеуші Офисі – білімалушыны келесі курсқа көшіруді жүзеге асырады. Мемлекеттік қорытынды аттестация оқушының білім бағдарламасының аяқтаушы кезеңі болып табылады және олардың кәсіби жағдайын анықтау мақсатында өткізіледі. Егер білімалушы орташа балды GPA (ҮОБ)белгіленген деңгейден төмен алған жағдайда ол курсты қайталап өтуге қалады, сондай-ақ бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын қосымша орындауға құқық алады және белгіленген тәртіп бойынша жаңа оқу жоспарын жасайды.

Бітіруші курста өткізілетін мемлекеттік қорытынды аттестацияға белгіленген кредиттер санын алған GPA (ҮОБ) және мамандық бойынша оқу жоспары толық көлемде орындағандар жіберіледі.

Мемлекеттік қорытынды аттестация мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сай мемлекеттік емтихан түрінде тапсырылады.

Мемлекеттік қорытынды аттестацияны өткізген бітірушіге мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) шешімімен бакалаврлық академиялық дәреже беріледі.

Университеттік дәреже беру үшін бітірушінің орташа балы (GPA) 3,75 кем болмауы қажет және мемлекеттік қорытынды аттестацияны А; А- бағаға тапсыруы керек.

 

Ақпараттық – технологиялар орталығында емтихандарды ұйымдастыру және өткізу

· Емтихандар компьютерлік тестілеу формасында ақпараттық – есептеу зертханасында (АЕЗ) бекітілген кесте бойынша өткізіледі.

· Әрбір білімалушыға тестілік емтиханды орындау үшін 90 минут беріледі.

· Білімалушыларды емтиханға кіргізу кезінде кезекші оқытушы әрбір білімалушыны жеке сәйкестендіреді, зачет кітапшасындағы деканаттың емтиханға жіберілгені туралы мәліметті тексереді.

· Емтихан алдында кезекші оқытушы білімалушыларды емтихан процедурасының өтуі туралы ережесімен ақпараттандырады.

· Білімалушыларға емтихан кезінде ұялы телефон қолдануға тиым салынады.

· Тек қана компьютерге жалғанған калькулятор қолдануға рұқсат етіледі.

· Егер білімалушы осы талаптарды орындамаған жағдайда, шпаргалка қолданса, компьютермен рұқсат етілмеген жұмыстар жасаса, тәртіптік ережелерді бұзған жағдайда кезекші оқытушы оны аудиториядан шығарып жіберуге құқылы. Бұл жағдайда акт жасалады, емтихан қорытындысы жоққа шығарылады, рейтингісіне қарамай қорытынды «F» бағасы (қанағаттанарлықсыз) қойылады.

· Емтихан барысында қойылған сұрақтың дұрыстығы туралы білімалушылар ауызша өтініш жасауға құқылы. Бұл жағдайда кезекші оқытушы осы сұрақ берілген білімалушылардың тегін, сұрақтың нөмірін көрсетіп акт жасауға міндетті. Акт Оқу-әдістемелік орталыққа жіберіледі, олар білімалушылар өтінішінің негізділігін тексеруді ұйымдастырады.

· Осы сұрақта қандай да бір техникалық, әдістемелік және мазмұндық сипаттағы қателер табылған жағдайда осы сұрақтың жауабы дұрыс жауап ретінде саналады. Тестік базаларды құрастырушыларға оған өзгертулер енгізу тапсырылады.

· Емтихандардың компьютерлік тестілеу формасының техникалық дайындығымен, осы компьютер классына бекітілген оператор айналысады. Ол емтихан өткізу кезінде аудиторияда болуға құқығы бар.

· Емтихан өткізу кезінде компьютер залында бөгде адамдардың болуына тиым салынады.

РМК «Семей қ.ММУ» білімалушыларының этика және ар-намыс кодексі

1. Жалпы ережелер

2. Білімалушының тәртібінің жалпы принциптері

3. Университет білімалушылары, оқытушылар және әкімшілік арасындағы қарым-қатынас.

4. Құқықтар

5. Жауапкершілік

Осы моральды - этикалық кодекс - ережелер жиыны, білімалушының жеке тұлғасына және оның тәртібіне қойылатын талаптардың жиыны.

1. Жалпы ережелер

1.1.Этика кодексі Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және құқықтық принциптерінің нормаларына «Білім туралы», «Жемқорлық» және басқа және жалпы қабылданған моральды-этикалық нормалардың заңдарына сәйкес құрылған.

1.2.Нағыз Этика кодексі этикалық нормаларды, тәртіптің стандартын және негізгі қарым-қатынастың принциптерін бекітеді және Семей қ. ММУ студенттерінің барлығына міндетті болып табылады.

1.3.Әрбір білімалушының міндеті- өз елінің патриоты болу, ҚР Конституциясын орындайтын үлгі болуға, нормативті-құқықтық актілерді орындауға тұлғаларды қорғау және сыйлау олардың әлеуметтік, лауазымдық, мүліктік жайына, тіліне, ұлтына, дініне және басқа жағдайларына қарамастан қорғау және сыйлау керек.

2. Білімалушылардың мінез- құлқының жалпы принциптері

2.1. Білімалушылар міндетті:

Заңға, Конституцияға және номативті-құқықтық актілерге сәйкес өзіне міндеттелген әрекеттерді жауапкершілікпен орындауы керек, міндетті түрде этика кодексінің нормаларына бағыну керек.

2.2. Мемлекеттік медицина университетінің беделін нығайтуға әрекет жасап, ҚР халқының құқығын ұстану, мемлекеттің көзқарасын қорғау.

2.3. Өз- өзіне қатал болуға, объективті- және шынайы, сонымен қатар әрбір құқықбұзушылық және жемқорлық көріністері пайда болған жағдайда бодырмауға әрекеттер жасауы керек.

2.4. Өзінің дүниетанымын кеңейту, өз білімін жетілдіру, білімге деген жоғары ұйымшылдығын өзінің пікірін білдірушілігімен сәйкестендіруге.

2.5. Мемлекеттік медицина университетінің дәстүрін сақтау және көбейту, жас ұрпаққа өзінің дағдысын беру, жаңадан келген білімалушыларды бейімдеу, жоо беделін сақтауға.

2.6. Өзінің білімділігін көтеру үшін өзінің уақытын тиімді пайдалану, міндетті түрде оқу құқықтарын орындау, қолайсыз жағдай тудырмау.

2.7. РМК Семей қ. ММУ студентінің абыройын және қадір –қасиетін қолдау мақсатында болуы қажет:

-қарапайым, парасатты, моральдық жағынан таза;

-өзінің ойлары мен әрекеттері тұрғысынан әділ;

-сыпайы, әдепті, кішіпейіл, этикет және ар-намыс нормаларын сақтайтын;

-сынды дұрыс қабылдай біліп, өзінің қателерін мойындау,

-адал, ақниетті және тәуелсіз;

-басқаларға үлгі болу, ұстамдылықты сақтау, шыдамдылық пен өзі-өзін бақылауды таныту керек;

2.8. Білімалушы ұқыпты болуға және оқуға уақытында келуі керек;

2.9. Әрбір білімалушы салауатты өмір сүруге талпынуға, университеттің қоғамдық және спорттық өміріне белсене қатысуы; зиянды әрекеттерден толығымен бас тартуы тиіс.

2.10. Білімалушы университет құрал- жабдықтарына ұқыптылықпен қарауы қажет, барлық бөлмелерде тазалық пен тәртіп сақтауға тиіс;

2.11. Білімалушының киімінде іскер стилін қолдануға тиіс, өрескел киімдерден және макияждан аулақ болуға тиіс, әрқашан сыпайы және ұқыпты болып көрінуге тиіс;

2.12. Білімалушы академиялық жауапсыздықтың барлық түрлерімен күресуі тиіс: білімді бақылау кезінде басқа дамдардан көшіру және көмек сұрау; көлеміне қарамастан барлық дайын оқу материалдары: мәнжазбалар, курстық жұмыстар, бақылаулар, дипломдық және басқа да жұмыстарды, сонымен қатар, өзінің жеке еңбегінің нәтижесі ретінде интернет-ресурстарын дайындау; жоғары баға алу үшін өзінің туыстық немесе қызметтік байланыстарын қолдану; сабақ кезінде серуендеу, сабаққа кешігу және себепсіз оқу сағаттарын босату.

 

2.13. Семей қаласы ММУ» студенті ретінде және Мемлекеттік медициналық университеттің қызметін дискредитациялайтын іс- әрекеттер жасауға тыйым салынады.

 

3. Білімалушылар, оқытушылар, университет әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастар:

3.1. Қарым - қатынастар сыйласымдық және әріптестік, әдептілік және өзара көмек көрсетуге негізделуі керек.

3.2. Білімалушы басқа адамдардың намысына және арына тиетін, әдепсіз және біреудің намысына келетін сөздерді мінез –құлқында қолданбауы керек.

3.3. Оқытушылармен қарым-қатынаста білімалушы субординация сақтуға міндетті, басқа адамдардың жеке құндылықтарына, көз қарастарына және арақатынастарына құқылы екенін мойындауға міндетті.

 

4. Құқықтары

4.1. Оқу үрдісіне қажетті толық құнды ақпарат алуға.

4.2. Жоо әкімшілігіне тұрмыстық мәселелерін шешу мақсатымен жүгінуге (жатақханада тұру және т/б.)

4.3. Қоғамдық бірлестіктермен қарым- қатынас құруға және енуге, заңды және Қазақстан Республикасы Конституциясына және елдің мемлекеттік құрылымына қарама қайшы келмейтін заңды және физикалық тұлғалармен ешбір шектеусіз әріптестікте болуға.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-11-29; Просмотров: 755; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.156 сек.