Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Семинар жоспары 15 4 страница




Тауар қатынастарының дамуының нәтижесінде айырбас сферасында ақшаның ролін асыл металдар- алтын мен күміс атқаратын болды. Себебі, жалпы эквивалент ролі осы асыл металдарға көшуі, олардың табиғи қасиеттерімен, яғни сандық бөлінуінің, сапалық жағынан біртектілігімен, қолайлығымен, ұзақ уақыт сақталатындығымен байланыс ты болды. Есептеу бірлігі ретінде олардың салмағы негізге алынды. Бұл, әрине, басқа тауар- эквиваленттеріне есептеу, санауға қарағанда, әрі қолайлы, әрі тиімді болды.

Кездесетін металл және оны өндіру өте көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан, оны құны жоғары болады және осығпн байланысты басқа тауарлардың құнын бейнелей алатын тауар айналысының маңызды элементіне айналды. Алтынның ақша ретіндегі ерекшелігі тікелей жалпы айырбасталу формасына не болуынан көрінеді.

Ақшаның мәні оның атқаратын қызметтерінен айқын және толық көрінеді. Ақшаның металдық теориясынан өкілдері ақшаның үш қызметін көрсетті: құн өлшеуші, қазына жинауқұралы және дүниежүзілік ақша. К. Маркс ақша теориясын дамыту негізінде, оның бес қызметін қарастырады: құн өлшеуші, тауар айналысының құралы, қазына жинау құралы және дүние жүзілік ақша.

Қазіргі экономикалық әдебиеттерде ақшаның үш қызметіне ғана көңіл бөлінеді. Олар мыналар: айналыс құралы, құн өлшеуші және қор жинау құралы.

Ақшаның пайда болуымен байланысты жалпы тауар фйналысын Т-А-Т моделі түрінде көрсетуге болады. Бұл процесте ақша делдалдық ролін және айырбас құралы қызметін атқарады. Бұл моделдегі ақшаның қозғалысын екі актіге бөлуге болады: сату Т-А және сатыфп алу А-Т. Тауар айырбасында сатып алу миен сату бір уақыт болуы керек, егер осы процестің бір актісі баяуласа немесе тоқтап қалса, онда экономикада дағдарыс болуы мүмкін.

Ақша айырбас құралы қызметін атқару үшін нақты ақша қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей айырбасқа түседі. Бүл жағдайда ақша сатып алушылар мен сатушылар қолына ұзақ тұрмайды, қолдан – қолға көшіп отырады.

Ақша айналыс құралы ретінде айналыс зағы негізінде анықталады, оны былай деп тұжырымдауға болады:

, мұндағы

АК – айналысқа керекті ақша саны;

БС – тауарладың бағаларының сомасы;

АС – ақша айналымының саны

Қазіргі барлық елдерде тауар айналасында қағаз ақшалар қолданады. Егер мемлекет айналыс сферасына оған қажетті ақша санынан көп қағаз ақша шығарса, онда қағаз ақша құнсызданады, инфляция пайда болады, яғни ақшаның сатып алу қабілеті төмендейді

Қазіргі экономикалық теорияда баға деңгейінің ақша массасына тәуелділігін анықтау үшін американ экономисі Фишер И. Ұсынған математикалық формула пайдаланылады:

 

М х V = Р х Q, мұндағы

М – ақша массасы;

V – ақша айналымының жылдамдығы;

Q – айналыстағы тауарлар саны;

P – тауарлар бағаларының деңгейі;

 

Осы формула бойынша айналыстағы ақшаның санын мына қатынас арқылы есептеуге болады:

Тауарлар бағаларының деңгейін мына формула арқылы анықтауға болады:

Ал ақша айналымының жылдамдығын төмендегі формуламен анықтаймыз:

Ақшаның айырбас құралы қызметін қарастыру барысында мына жағдайға назар аудару керек.

Егер сатушы немесе тауар өндіруші тауардан өндіруші тауардан алынған ақшаны жұмсамаса, онда айналым процесі үзіліп қалады. Ақша дербес қозғалысқа ие болады да айналыс сферасынан тыс шығып қазына жинау қоры қызметін атқара бастайды. Ақшаның бұл қызметін толық бағалы (алтын және күміс) ақшалар ғана атқара алады. Қазына жинау алтын кесек, алтын монеталар, алтын немесе күмістен жасалған зергелік бұйымдар түрінде қорланады. Ал қағаз ақшалар ақшаның бұл қызметін атқара алмайды.

Ақшаның қор жинау немесе қазына жинау қызметі ақша айналысын реттеуде маңызды рөл атқарады: тауар айналысы азайғанда ақшаның кейбір бөліктері қазынаға айналады, ал тауар айналысы жандану кезеңінде қазына айналыс құралына қайта айналады – осылай қозғалыстар арқылы ақшаның қазыналық жинау қызметі айналыстағы тауарлар және ақша көлемінің тепе – теңдігін реттеп отырады.

Қазіргі экономист – ғалымдардың назарында ақшаның тағы бір қызметі ол құн өлшеуші қызметі. Мұнда ақшаның жалпылама эквивалент ролі тікелей көрінеді. Оның мәні барлық тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Ал тауар құнының ақшалай көрінісі баға болып табылады. Тауардың бағасын анықтау үшін қолма – қол ақшаның қажеті жоқ, оны ойда топшыланған ақша атқара алады. Әр түрлі тауарлардың бағаларын салыстыру үшін оларды (бағаларды) бірдей өлшемге келтіру керек, яғни бір масштабқа түйістіру керек. Баға масштабы дегеніміз барлық тауарлардың бағасын өлшеу үшін және белгілі бір елде ақша өлшемі етіп алынған алтынның белгілі салмақ мөлшері.

 

 

 

 

Тақырып: Қазақстан Республикасында меншік қатынастарын қайта құрудың негізгі бағыттары

Өткен тарихымыз көрсетіп отырғандай, өндіріс құрал-жабдықтарын жеке меншіктен мемлекет иелігінен алу (национализациялау) процестері айтарлықтай оң нәтиже бермеді.Өндірушілер өндіріс құрал-жабдықтарына иелік етудің орнына олар алшақтанып қалды. Срның салдарынан өндіріс ресурстарын тиіміз пайдалануы, тауар өндрісі монополиялануы, өндірушілердің тұтынушыларға үстемдігінің өсуі, алыпсатарлық, арқа сүйеушілік, арамтамақтық орын алады.

Мемлекеттік меншікті мемлекет иелелігінен алу деп мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылығын басқару қызметін тікелей шаруашылық субъектілеріне беру негізінде қайта құруды айтамыз.

Жекешелендіру- бұл мемлекеттен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншітің объектілерін немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын ақыға немесе тегін жеке меншікке беру. Жекешелендіру мемлекеттің экономикада билігін шектеу болып табылады.

Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің түбегейлі айырмашылығы мынада: егер жекешелендіру процесінде мемлекеттік меншіктің субъектісі міндетті түрде өзгерсе, мемлекет иелігінен алу процесі олай болмайды.

Жекешелендіру, дүние жүзі экономикасына тән процесс. Оның негізгі мақсаты екі мәселені шешуге бағытталған:

1) бюджет тапшылығын кеміту;

2) ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру;

 

Қазақстан Республикасы дүние жүзілік тәжірибені ескере отырып, 1991 жылы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процестерін бастады. Бұл процестер төрт кезеңді қамтыды.

Жекешелендіру мен мемлекет елігінен алу процестерінің I кезеңі 1991-1992 жылдар аралығын қамтыды. Бұл кезеңде Республикада жекешелендіру процестерінің алғы шарттары және бағдарламасы жасалады.Бұл бағдарлама бойынша мемлекеттік кәсіпорындар жеңілдетілген талаптармен еңбек ұжымдарына берілді, ал сауда және қызмет көрсету объектілері сату негзінде жекешелендірілді.

Жекешелендірудің II кезеңі (1993-1995 ж.ж.) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 наурыз айындағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы» негізінде жүзеге асырылды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты- орталықтанған- жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға қажетті жағдайлар жасаудың және мемлекеттің иелігіндегі өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді ақылы немесе ақысыз негізінде республика халқына қайтаруды көздеген.

Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі негізгі міндеттерді орындау көзделген:

· мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу арқылы нарыққа бағытталған шаруашылық құрылымдарын қалыптастыру, мемлекет меншігінің шағын объектілерін жекешелендіруді, қалың бұқара топтарының жекешелендіру процестеріне қатысуларына жағдай жасайды;

· тиімді шаруашылық субъектілері ретінде жеке меншік иелері қалыптастыруды;

· шағын және орта бизнесті дамытуды және т.б.

Бағдарламада мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің келесі негізгі бағыттары анықталған:

· ірі және бірегей мүлік кешендірін жеке жобалар бойынша жекешелендіру;

· жұмысшылар саны 200-ден 5000-ға дейін жететн орташа кәсіпорындардың көпшілігін инвестициялық жекешелендіру купондары арқылы жаппай жекешелендіру;

· 200-ге жуық жұмысшылар бар кәсіпорындарды, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамқтандыру, коммуналдық шаруашылық, бөлшек сауда шағын кәсіпорындарын жекешелендіру;

· Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды жекешелендіру.

1996 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру туралы ІІІ бағдарлама қабылданды.Жаңа бағдарламаны жүзеге асыру мына шараларды өткізуді көздеді:

· Жартылай жекешелендірілген кәсіпорындардың мемлекеттік акциялар пакетін, сондай-ақ, шағын жекешелендіру шеңберінде ІІ кезеңде сатылмай қалған объектілерді жекешелендіруді (ақшаға сату арқылы) аяқтау;

· Жеке жоболар бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруді жүзеге асыру;

· Бұрын жекешелендірілмеген кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне енгізу;

· Экономиканың кейбір секторларын жекешелендіру жоспарларын жасау және жүзеге асыру жолдарын қарастыру;

· Шетел капиталының қатысуын ұлғайтуды.

Жаңа бағдарламаның негізгі бағыты жеке жоба арқылы жекешелендіру:

· Жеке иевесторларға келісілген шарттар негізінде сатуды;

· Аукцион және конкурс негізінде сатуды;

· Басқару туралы келісім-шарт жасауды;

· Акцияларды ашық түрде сатуды көздеді.

ІV кезең 1999-2000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 1-маусымдағы 683-қаулысымен бекітілген «1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудің тиімділігін арттыру туралы» бағдарлрмасына сәйкес жүзеге асырылды.

1991-2000 жылдары Республикада 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілері, соның ішінде 1991-1992 ж.ж. 6,2 мың объектілері ресей рубліне жекешелендірілсе, 28 мың 1993-2000 ж.ж. аралығында ұлттық валютаға сатылды.Осы кезеңде жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге алынды.

 

Тақырып:. Нарықтық шаруашылықтың жалпы сипаттамасы.

Кез –келген қоғам, ең басты проблеманы – яғни, адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін сирек кездесетін, шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану проблемасын үнемі шешіп отыру тиіс.Ол үшін қоғам экономиканың негізгі түш сұрағын: нені өндіру керек? Деген мәселелерді шешуі керек. Нені өндіру керек деген мәселені шешу үшін қандай тауарларды, қандай мөлшерде өндіру керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар, қандай технологияны, шаруашылықты ұйымдастыруың қандай әдістерін, ресурстардың қай түрін пайдаланғанда ғана ең жоғары әлеуметтік және экономикалық тиімділікке жетуге болатындығын анықтау қажет. Сондай – ақ, қоғам өндірілген өнімдерді, табыстарды кімдердің мүдделері үшін және қалай бөлінетіндегін де ескеруі керек.

Міне, осы күрделі және көп жақты проблемаларды шешу барысында қоғам экономикалық өсуді, халықты толық жұмыспен қамтуды, баға тұрақтылығын, экономиканы еркіндікті, табыстарды әділдікпен бөлуді, ауруларға, қарт адамдарға, халықтың әл – ауқаты нашар бөлігіне әлеуметтік көмек көрсетуді мақсат етеді.

Енді, осы проблемалардың қазіргі нарықтық экономикада қалай шешілетіндігіне қарамастан бұрын, біз ең алдымен нарық ұғымына жалпы анықтама берейік. Себебі, нарық көпжақты, сщған байланысты оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады. Сондықтан да, экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

Олардың біріне мына анықтамаларды келтіруге болады. Нарық тауар өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы қатынастарды қамтитын процесс немесе нарық сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекет ететін сферасы.

Үшіншілері, нарықты шаруашылық субектілерінің арасындағы қоғамдық байланыс формасы ретінде көрсетеді.

Нарықтық қатынастардың мәнін анықтау барысында, нарық ұғымының мағынасы екі жақты екенін ескері керек. Біріншіден, нарық айналыс, айырбас сферасындағы тауарлардың өтімін жүзуге асыру процесі, ал екіншіден, нарық – ал адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбас, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынвстар жүйесін білдіреді. Нарық қаржы – несие формаларын пайдалануға негізделген экономиканың күрделі механизімі ретінде әрекет етеді.

Нарықтық қатынастарға айналыс сферасындағы құбылыстардан басқа мыналар кіреді:

— кәсіпорындарды жалға берумен байланысты қатынастар;

— бірлескен кәсіпорындардың шетел фирмаларымен алмастыру процестері;

— еңбек биржасы арқылы жұмыс күшін жалдау және пайдалану процесі;

— белгілі бір процентпен несиелерді беру кезіндегі несие қатынастары;

— тауар, қор, валюта биржалары мен басқа да сфераларын қамтитын нарық инфрақұрылымының басқару процесі;

Нарықтық экономика өзін - өзі реттеуші жүйе ретінде әрекет етеді. Ол жеке тұлғаның тәуелсіздігіне, кез—келген табыс әкелетін кәсіпкерлік қызметті жүзуге асыраудағы өндірушінің еркіндігіне, еңбек түрлерін таңдаудағы жұмысшының еркіндік принциптеріне негізделген.

Нарықтық экономика жүйе ретінде бәсекелестік және монополизмді байланыстыруда белгілі бір оптималды тепе—теңдікке қол жеткізеді, сондай –ақ өндіріс құрлымымен сәйкестендіреді, жаңа техника мен технологияны енгізуді ынталандырады т.б.

Тақырып: Нарықтық экономика тауар өндірісі дамуының нәтижесі.

 

Нарықтық экономиканың да, тауар шаруашылығының да пайда болу шарттары – тауар өндірушілердің оқшалануы мен технологияны енгізуді ынталандырады т.б.

Әр түрлі елдер нарықтық экономикаға түрлі жолдармен жетті. Соған қарамастан оларға нарықтық экономиканың қалыптасуының ортақ заңдылықтары тән. Оларға мыналар жатады: тәуелсіз тауар өндірушілердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі мен әр түрлі экономикалық субектілердің меншік құқына кепілдік берілуі; сұраныс пен ұсынысты теңестіретін еркін нарықтық баға; тауар өндірушілердің бәсекелесуі; қаржы, бағалы қағаздар, валюта еңбек нарығы; экономиканың дүниежүзілік интеграция процестеріне қатысуы және т.б.

Сондай-ақ, әр мемлекет экономиканы нарық арқылы басқаруда әр түрлі әділ-тәсілдерге сүйенеді. Мысалы: АҚШ-та нарықты, экономиканы басқаруда әр адамның іскерлік қасиеті негізіндеалынады және тұрмыс жағдайы төмен, әлеуметтік жағынан қорғалмаған халықтың бөлігінде белгілі уақытқа дейін жәрдем беріледі. Ал, Голландияда нарықты жүйенің. Дамыған елдерде нарықтық жүйенің әр түрлі модельдері қолданылады.

Қазіргі нарықтың еркін бәсеке дәуіріндегі нарықтан елеулі айырмашылығы бар. Өйткені, қазіргі нарық тауарлардың өтіміне кепілдік береді, мемлекет ақша және қаржы – несие саясатын белсенді жүргізеді, халықты әлеуметтік қорғау мәселесін шешеді. Қазіргі цивилизацияланған нарық теңгермешілікке және арқа сүйеушілікке жол бермейді.

Нарықтың мәні оның атқаратын қызметтерінен көрініс алады және ең маңызды қызметтеріне жататындар:

- тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі. Ол тауарға сұраныс өскенде тауар өндірушілердің өндіріс көлемін ұлғайытқаннан және бағаны өсіргенінен көрінеді.

- Ынталандыру қызметі-фирмалар үстеме пайда табу мақсатында жаңа техника мен технологияны енгізу, еңбек процесін тиімді ұйымдастыру арқылы қосымша мүмкіндіктерді іздестіреді.

- Реттеуші қызметі. Нарықтың көмегімен экономикада микро және макро ээкономикалық тепе-теңдік қалыптасады,шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принципін жүзеге асыру арқалы экономикадағы зиянды, тиімсіз өндірістерді біртіндеп жояды және перспиктивалы өндіріс орындарына жол ашады.

Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Нарықтың артықшылықтарына жататындар:

- әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілетті;

- өндірушілер мен тұтынушылардың дербестілігі;

- экономикалық жағдайлардың өзгеруіне тез бейімделуі;

- ресурстарды тиімді бөлуді қамтамасыз ететін қабілетті, нарық тұтынушыларға аса қажетті тауарларды өндіретін өндіріске қарай бағыттауды қамтамасыз етеді.

Нарықтық кемшіліктеріне мыналар жатады:

- нарықтың тек ақша төлей алатын адамдардың сұраныстарарын қанағаттандыруға бағытталуы;

- нарықтың әлеуметтік маңызы бар қызметтер мен тауарларды (жол, білім және денсаулық сақтау жүйесі, қоғамдық көлік, ғылым т.б.)

- нарықтың қоршаған ортаны қорғау, қалпына келмейтін ресурстарды сақтаудағы өте төмен қабілеттілігі;

- нарық коньюнктурасының тұрақсыз болуы инфляцияны және т.б. келеңсіз құбылыстарды туғызуы.

Нарықтың мұндай жағымсыз жақтары абсалютті түрде болмайды, олар қоғамдағы нарықтың ішкі құрлысымен және тағы басқа да жағдайлармен байланысты.

 

Тақырып: Нарық құрылымы және нарық механизімі. Өндіріс факторларының нарықтары.

Нарықтың қызметтері оның құрлымымен тығы байланысты болады. Оған өндірісті тікелей қамтамасыз ететін элементтер, сондай-ақ материалдық және ақша айналысының элементтерікіреді. Нарықтың құрлымы көп жақты болады. Тауарлар мен қызметтер нарығы, нарық қатынастарының тарих бірінші объектісі болып табылады.

Еңбек бөлісінің дамуы барысында тауар және қызмет көрсету нарығы біршама өзгерістерге ие болады. Тауар және қо биржалары, көтерме және бөлшек сауданың әртүрлі формалары, маркетингтік ұйымдар пайда болып, дами бастады.

Тауарлар мен қызметтер нарығына- тұтыну тауарлар нарығы – азық – түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызмет көрсету нарығы – тұрмыстық, коммуникалдық, көліктің,тұрғын үй және өндірістік ғимараттар нарығы жатады.

Объективті экономикалық жағдайларлың пісіп жетілуіне байланысты, бұл нарықтан жер, еңбек, капитал, яғни өндіріс факторлары нарығы бөлініп шықты.

Өндіріс факторлар нарығы деп өндіріс құрал-жабдықтарын(капиталды), жұмыс күшін, жерді сату және сатып алуды жүзеге асыратын нарықты айтамыз.

Жер нарығы – тек жердің өзі ғана емес, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін фермелер пайдаланылатын жерлер, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар, құрылыстар, ғимараттар орналасқан жерлерде жатады.

Жұмыс күші нарығы – еңбек биржасы формасында ұйымдастырылады. Бұл арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, жұмыссыздары әлеуметтік қорғау, даярлау және қайта даярлау жүзеге асырылады.

Капитал нарығы – өндіріс құралдарын, ғимараттарды, құрал – жабдықтарды сату мен сатып алуды ұйымдастырумен айналысады.

Қаржы нарығы – бұл нарықта сату және сатып алу объектілеріне ретінде қаржы құралдары, ақшалар, облигациялар, вексельдер және басқа да бағалы қағаздар жатады. Бұл бағалы қағаздар қор және валюта биржаларында сатылады. Олар нарықтың тепе-теңдік нақты барометрі болып табылады және тауар өндірісіндегі кез –келген өзгерістерге әсер етеді.

Осы аталған нарықтың үш түрі бір – бірімен өзара байланыста болады. Егер олардың арасында тепе – теңдік орын алса, онда экономикада макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жетеді.

Шаруашылықтың жеке субъектілері экономиканың негізгі үш проблемасын шешумен айналыспайды, онда нарықтық тепе – теңдік қандай жағдайда орын алады деген сұрақ туады. Нарықтың жеке субъектілерінің іс-әрекеті экономиканың жалпы тиімді.жұмыс істеуі емес, жеке мүдделіріне бағытталған. Бұл жағдайда нарық қатынасының барлық экономикалық субъектілерінің іс-әрекеті нарық механизімі арқылы сатушылар мен сатып алушылардың тауар жөнінде қабылданған шешімдері баға жүйесі, бәсеке, сұраныс пен ұсыныс арқылы үлестіріліп отырылады.

Нарық механизімі, ең алдымен баға арқылы нарық жүйесінде белгілі бір тәртіп орнықтырады бағалар қызмет көрсету мен тауар өндірісінің өсуін немесе төмендеуін ынталандырады. Мысалы: егер де, қандай да бір тауар қажеттілік өсетін болса, онда сатушы шектеулі ұсынысты сәйкеністендіру үшін тауар бағасын өсіреді, ал жоғары баға тауар ондірушілерді өнімді көп өндіруге. Егер сатушыдағы тауарлар тұтынушылардың сатып алғысы келетін тауарлардан көп болатын болса, онда сатушылар тауарларды артылып қалмауы үшін, бағаны төмендетуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда тұтынушылар тауарларды көптен сатып ала бастайды, ал өндірушілер өнімді өндіруді азайтады. Осының нәтижесінде өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы қарама –қатынас тұрақтанады.

Мұндай нарықтың тепе-теңдік, нарықтың экономиканың маңызды элементі сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс негізінде жүзеге асырылады. Дәл осы сұраныс пен ұсыныс арқылы өндірушілер мен тұтынушылар арасында тұрақты байланыс қалыптасады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-07; Просмотров: 404; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.