Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 3 страница




Индекстерді құру және нәтижеге факторлардың абсолюттік әсерін анықтау үшін төмендегі кесте қолданылады:

Агрегатты индекстер формасын құру мен нәтижелі көрсеткішке факторлар әсерінің абсолюттік сомасын анықтау

Нәтиже   1 фактор (сандық)   2 фактор (сапалық)
   
Тауар айналымының жеке индексі = бағаның жеке индексі * тауар айналымы физикалық көлемінің жеке индексі
   
Тауар айналымының жалпы индексі = Бағаның жалпы индексі * Тауар айналымы физикалық көлемінің жалпы индексі
   
Барлық факторлар әсерінен тауар айналымының абсолюттік өсімі = Бағаның өзгеруі әсерінен тауар айналымының абсолюттік өсімі + Физикалық көлемнің өзгеруі әсерінен тауар айналымының абсолюттік өсімі

Шартты белгілер:

p0 - базалық кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы,

p1 - ағымдағы кезеңдегі тауар бірлігінің бағасы,

q 0 – базалық кезеңдегі тауар айналымының физикалық көлемі (саны),

q1 - ағымдағы кезеңдегі тауар айналымының физикалық көлемі,

p0q0 - базалық кезеңдегі тауар айналымы,

p1q1 - ағымдағы мерзімдегі тауар айналымы.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

 

10 тақырып. Қоғамдық құбылыстардың өзра байланыстылығын статистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы

Мақсаты: Статистикалық зерттеудің мәнін ашу және оның қолданылуымен танысу.

Міндеттері:

j. Өзара байланыстың түрлері мен нысандары.

k. Баланс әдісі.

l.Атрибутивтік белгілер арасындағы байланысты зерттеу әдістері.

m.Параллель қатарларды салыстыру әдістері.Ранг корреляциясы.

 

Бір құбылыстың екінші құбылысына тәуелділік сипаты бойынша байланыстың екі түрін ажыратып көрсетеді: функционалдық және корреляциялық. Функционалды байланыс кезінде факторлық белгі нәтижелі белгінің мөлшерін толығымен анықтайды, яғни белгінің нақты мәніне – барлық жағдайларда факторды нәтижелі белгінің бір қатаң нақты мәні сәйкес болады.

Функционалды байланыстар баланстық және индекстік әдістермен зерттеледі.

Сандық белгілер арасындағы өзара байланысты зерттеу әдістерінің ішінде корреляциялық-регрессиялық талдау маңызды орын алады.

Бұрмалаушы факторлардың әсер ету дәрежесі байланыс тығыздығының көрсеткіштерін есептеу жолымен анықталады (байланыстың сызықтық және сызықтық емес формалары үшін сәйкесінше корреляция коэффициенті немесе корреляциялық қатынастар).

Байланыс теңдеуін құру үшін, мысалы сызықтық байланыс:

келесі формула бойынша оның параметрлерін есептеу қажет:

Байланыс тығыздығын сипаттау үшін сызықтық корреляция коэффициенті қолданылады:

Бұл коэффициент – 1 ден 1 дейінгі мәнді қабылдайды. Егер 0,3-ке дейін – байланыс әлсіз, (0,3-0,67) – байланыс орташа, (0,67-1) – байланыс күшті. (+ немесе -) белгісі байланыстың бағыты туралы айтады, яғни тікелей немесе кері.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

11 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

Мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздерінің мәнін ашу.

Міндеттері:

1.Қазіргі заманғы статистикалық жүйенің жағдайы.

2.ӘЭС түсінігі және міндеттері.

3. Статистикалық көрсеткіштер. ӘЭС көрсеткіштер жүйесі.

4. ӘЭС маңызды жіктеулер мен топтастырулар.

Әлеуметтік экономикалық статистика сапасы анықталған жалпы әлеуметтік экономикалық құбылыстарды санлық жағынан зерттейді, олардың үйлесімін, экономикадағы және әлеуметтік салалардағы даму зөаңдылықтарын көрсетеді. Зерттеу объектісі барлық деңгейлерде орын алған жаппай әлеуметтік экономикалық құбылыстар мен процестер:

- микродеңгей – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

- мезодеңгей – экономика саласы, секторы, өңірі;

- макродеңгей – жалпы елдің экономикасы.

Әлеуметтік экономикалық статистика ұлттық экономиканың жай күйі мен оның дамуын көрететін статистикалық көрсеткіштер жүйесінің қалыптасуын зерттейді. Әлеуметтік статистикалық көрсеткіштерге сыналар жатады:

- еңбек және халық туралы көрсеткіштер;

- ұлттық байлық көрсеткіштері;

- шығын және аралық тұтыну көрсеткіштері;

- өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері;

- баға, тауар және ақшалай айналыс көрсеткіштері;

- экономикалық қызмет нәтижелерінің тиімділігінің көрсеткіштері;

- ҰШЖ баланстық құрылымдарының көрсеткіштері;

- әлеуметтік статистика көрсеткіштері.

Көрсеткіштер жүйесі:

- зерттелетін әлеуметтік экономикалық құбылыстың деңгейін, құрылымы мен динамикасын;

- еңбек, материалдық, қаржы ресурстарының факторлары мен олардың тиімді пайдаланылуын;

өндіріс пен тұтыну арасындағы, тұтыну мен жинақтаудың әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар арасындағы, экономикалық секторлардың арасындағы пропорциялар;

- жалпы ұдайы өндіріс процесі мен оның жекелеген сатыларының заңдылықтары мен байланыстары;

экономиканың барлық салаларындағы байланыстарды жеке қарастырып, статистикалық баға беру.

 

12. тақырып. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы

Мақсаты: Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасының мәнін ашу және қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1. Экономикалық потенциял түсінігі

2. Экономикалық потенциялдың жіктелуі

3. Экономикалық потенциял көрсеткіштері

 

Демографиялық статистика – халықтың ұдайы өндірісі жөнінде ақпараттарды жинау, өңдеу және талдаумен айналысатын ғылым, демография бөлігі.

Статистикалық ақпарат көзі – халық санағы және ішінара бақылаулар.

Тұрақты халық – берілген территорияда тұрақты мекендейтін халық.

Бар халық – санақ кезінде берілген территорияда болған халық.

Миграция – ол ел территориясында немесе елдер арасында халықтың механикалық қозғалысы. Миграцияның негізгі көрсеткіштері: П – берілген территорияға келгендер саны, В – берілген территориядан кетендер саны. Бұл көрсеткіштердің айырмасы механикалық өсім деп аталады: Dмех.. = П - В

Бұл көрсеткіштер бойынша келу және кету коэффициенттерін есептеуге болады: К п = П / S ср, К в = В / S ср, К мех. = (П-В) / S ср. немесе Кп – К в.

Халықтың табиғи қозғалысы – ол туу және өлу процестеріне байланысты халық санының өзгеруі. Көрсеткіштері:

N- туылғандар саны,

M- өлгендер саны,

Dт.ө. = N – M– халықтың табиғи өсімі.

Қатысты көрсеткіштер (промилльиен):

К туу = N / S ср. * 1000

К өлу = M / S ср. * 1000

К т.ө. = (N-M) S ср. * 1000 немесе К т.ө. = Ктуу - К өлу

Халықтың жалпы өсімі = Dт.ө. + Dмех

Халықтың табиғи қозғалысын сипаттайтын жалпылама көрсеткіштермен бірге ішкі процестер өлім мен тууду сипаттайтын жеке коэффициенттер қолднылады.

Арнайы туу коффициенті:

К арнайы туу = N / S ср. жен. (15-49) * 1000.

1 жасқа дейінгі балалардың (нәрестелердің) өлу коэффициенті:

К нәрест. өлу =(N10/ M0 + N11/ M1) * 1000,

Мұндағы: N10 - - число умерших до года в текущем году из поколения родившихся в предыдущем году, N11 - агымдагы жылы туығандардың ағымдағы жылы өлгені, M0 и M1- алдыңғы және ағымдағы жылы туылғандар саны. Еңбек нарығы статистикасының негізгі түсініктері мен көрсеткіштерін 23.01.01ж. ҚР «Еңбек туралы» Заңы және Жұмыс бастылық статусының халықаралық жіктемесінде анықталған. Олардың өзара байлансын келесі түрде беруге болады:

Елдің халық саны = Еңбекке жарамсыз жастағы халық (балалар мен зейнеткерлер) + Еңбек жасындағы халық.

Еңбекке жарамсыз жастағы халық (балалар мен зейнеткерлер) = Жұмыс істемейтін халық + Еңбекке жарамсыз жастағы халықтың ішінде жұмыс істейтіндер.

Еңбекке жарамды халық = Еңбек жасындағы халық - 1 және 2 топтағы мүгедектер.

Еңбек ресурстары = Жұмыспен қамтылғандар + Жұмыссыздар + Еңбек жасындағы жұмыс істемейтіндер (күндізгі бөлімде оқитын студенттер, үй шаруасындағы әйелдер).

Экономикалық белсенді халық = Жұмыспен қамтылғандар + Жұмыс іздеген жұмыссыздар.

Жұмыспен қамтылғандар жалдамалы жұмыскерлер және өз бетімен жұмыспен қамтылғандар болып бөлінеді.

Жалдамалы жұмыскерлер = Азаматтық халық + Әскери қызметкерлер.

Өз бетімен жұмыспен қамтылғандар = Жеке негізде жұмыс істейтіндер + Жұмыс берушілер + Жеке кәсіпорындарда ақы алмайтын жұмыс күші + Ұжымдық кәсіпорындар мүшелері.

Еңбек ресурстары құрылымының көрсеткіштері

Халықтың экономикалық белсенділік көрсеткіші: жалпы халықтағы экономикалық белсенді халық үлесі.

Жұмыссыздық деңгейі: экономикалық белсенді халықтағы жұмыссыздар үлесі.

Экономикалық белсенді еңбекке жарамды халықтың деңгейі: жалпы еңбек ресурстары санындағы экономикалық белсенді еңбекке жарамды жастағы халық үлесі.

Халықтың еңбекке қабілеттілік коэффициенті: еңбекке жарамды жастағы халықтың барлық халық санының қатынасы.

Жұмыс бастылық коэффициенті: жұмыспен қамтылғандардың жалпы халық санына қатынасы.

Потенциалды орын басу коэффициенті: еңбек жасына дейінгі халықтың еңбек жасындағы халыққа қатынасы.

Зейнеткерлік жүктеу коэффициенті: зейнеткерлік жастағы халық санының еңбек жасындағы халық санына қатынасы.

Жұмыс уақыты, жұмыс күші.

1. Жұмыс бастылар көрсеткіштері.

Жұмыспен қамтылғандардың жалпы көрсеткіші: жұмыскерлердің тізімдік саны – ол белгілі бір күнге есептелінетін сіттік көрсеткіш. Жұмыскерлердің орташа тізімдік саны – кезеңнің әрбір күніндегі жұмыскерлердің тізімдік санын өзара қосып, сол кезеңдегі календарлық күндер санына бөлу арқылы есептелінеді. Бұл жағдайда демалыс және мейрам күндеріндегі жұмыскерлер саны алдыңғы күндегі санымен алынады.

2. Жұмыс уақыты құрылымының көрсеткіштері.

Еңбек шығындарын жұмыскерлердің нақты жұмыс істелінген уақытының санымен дәлірек сипаттауға болады. Тірі еңбек шығындарының жалпы көлемі жұмыс істелінген адам-сағат немесе адам-күнмен өлшенеді. Жұмыс уақыты құрылымының бірнеше көрсеткіштер бар:

Жұмыс уақытының календарлық қоры = жұмыскерлердің орташа тізімдік саны * есепті мерзімдегі календарлық күндер саны.

Табельдік қор = календарлық қор – демалыс, мейрам күндері

Максималды мүмкіндік қоры = табельдік қор – кезекті демалыс.

Жұмыс уақытының жұмысқа келу қоры = Максималды мүмкіндік қоры - жұмысқа түрл себептермен келмеу. Ол жуықтап календарлық қордың 50% құрайды.

Нақты жұмыс істелген уақыт = жұмысқа келу қоры – күн бойы бос тұру.

Нақты жұмыс істелген уақыт бойынша жалпы еңбек шығындары анықталады.

3. Еңбектің құндық бағасы

Ақшалай түрде өлшенген – еңбек шығындары – бұл еңбек бағасы. Ол 1 адамға бір адам-сағатқа есептелінеді.

4. Жұмыс уақыты мен жұмыс күшін пайдалану көрсеткіштері.

Жұмысшылардың ауысым коэффициенті (жұмыс орындарын пайдалану көрсеткіші):

а) кәсіпорындар жұмыс істейтіндер саны / сәт көрсеткіші бойынша белгілі бір күнге есептелінетін толық ауысымда жұмыс істейтіндер саны.

б) жұмыс істелген адам-күндерінің жалпы саны / толық ауысымда жұмыс істелген адам-күні саны.

Еңбек өнімділігі-уақыт бірлігіне белгілі бір өнім көлемін өндіру мүмкіндігі. Еңбек өнімділігі деңгейі уақыт бірлігіне өндірілген өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен жұмыс уақытының санымен өлшенеді. Тәжірибеде еңбек өнімділігі деңгейінің тура және кері шамаларын есептелінеді:

Тура шама:

Q

W = ---------,

T

мұндағы, W – уақыт бірлігінде өндірілген өнім көлемі.

Q – өндірілген өнім көлемі

T – жұмыс уақытының шығындары.

Кері шамасы:

T

t = -----------,

Q

мұндағы, t – еңбексыйымдылығы.

Жұмыс уақытының қолданылатын бірліктеріне байланысты: орташа сағаттың, күндік, айлық және жылдық еңбек өнімділігін ажыратады.

Еңбек өнімінің деңгейі мен динамикасын зерттеу үшін келесі әдістер қолданылады: табиғи, еңбек, құндық.

Еңбекақы – жүйелі түрде өндірілген өнім немесе көрсетілген қызмет, жұмыс істелген уақыт үшін алынатын сыйақы немесе жыл сайынғы кезекті демалыс пен заңнамаларда көрсетілген басқа да жұмыс істелінбеген уақытқа төленетін төлемдер.

Еңбекақы қорының құрамына кіреді:

1. Жұмыс істелінген уақытқа ақшалай және натуралды формада кәсіпорындар мен ұйымдардың есептлеген еңбекақы сомасы.

2. Жұмыс істелмеген уақытқа анықталу.

3. Ынталандырылатын қосымша төлемдер мен үстемелер, жұмыс тәртібі мен жағдайларына байланысты өтемдік қосымша төлемдер мен үстемелер.

4. тамақтануға, тұрғын үйге, отынға берілетін жүйелі төлемдер.

Еңбек ақы қорын зерттегенде келесі түрлерін бөледі: сағаттың, күндік, айлық және жылдың еңбекақы қоры.

Негізгі әдебиеттер: 4,5,7

Қосымша әдебиеттер: 5,6,8

 

13 тақырып. Шығын және аралық тұтыну статистикасы

Мақсаты: Шығын және аралық тұтыну статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1. Шығынның түсінігі. Шығынның жіктелуі.

2. Аралық тұтыну түсінігі.

 

Кәсіпорын шығындары төмендегі белгілері бойынша жіктеледі:

а) Өзіндік процесіне қатыстылығына байланысты: өндірістік-өнім (жұмыс, қызмет) өндірумен тікелей байланысты және коммерциялық-өнім сатумен байланысты.

б) Өндіріс көлеміне байланысты: шартты-тұрақты – шығындар көлемі өндіріс көлемінің өсуіне байланысты өзгермейді (негізгі қорлардың тозуы, жылуға, жарыққа кеткен шығындар және т.б.) және шартты-айналымы - өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты шығындар да өзгереді (шикізат, материалдар, өндірістік жұмысшылар еңбекақысы). Аралас – шығындар өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты өзгереді, бірақ тура пропорцияда емес.

в) Өзіндік құнға қосуға байланысты: тура шығындар – олардың белгілі бір өнім түрінде (калькуляция объектісіне) тікелей қосуға болады, жанама (үстеме) – бірден бірнеше өнім түрімен байланысты. Бұл шығындарға машина мен құрал-жабдықтарды күту шығындары, негізгі құралдарды жөндеу шығындары және т.б. жатады. Яғни бұл шығындар кәсіпорында қабылданған пропорционалды базамен жанама түрде есептеледі.

г) Уақыт белгісі бойынша шығындар: ағымдағы, күнделікті және бір уақыттың шығындары – бір ретті – олар ұзақ уақыт мерзімі ішінде өндіріс процесінің жүруін қамтамасыз етіп отырады (өнімнің жаңа түрлерін игеру және дайындау үшін кеткен шығындар және т.б.)

д) Арналуы бойынша. Негізгі – онсыз өнім өндірісі жүзеге асырылмайды. Үстеме - өндірісті ұйымдастыру және басқарумен байланысты.

е) Орташалау деңгейі бойынша. Толық – шығарылған өнімнің барлық өзіндік құны. Үлестік – орташа есеппен 1 бұйымға кеткен шығындар.

Сонымен қатар, шығындар экономикалық элементтер мен калькуляция статьялары бойынша жіктеледі.

Өнімнің өзіндік құн көрсеткіштері мен өзіндік құн динамикасы:

а) z=З/q — өнім бірлігінің өзіндік құны.

б) z= å zq / å pq — өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындар деңгейі

в) сумма zq — бүкіл өнімнің өзіндік құны..

Бұлардың негізгі өзіндік құнның жеке және жалпы индекстері есептелінеді.

Корпоративті табыс (пайда) – нарықты экономика жағдайында кәсіпкерлік іс-әрекеттің тиімділігін көрсететін абсолютті көрсеткіш.

Рентабельділік - өндіріс тиімділігінің қатысты көрсеткіші, ол алынған табыс пен оны алуға кеткен шығындарды салыстыруға мүмкіндік береді. Рентабельділіктің негізгі 3 көрсеткішін бөліп көрсетеді: өнім рентабельділігі, өндірістің жалпы рентабельділігі, сату рентабельділігі.

Негізгі әдебиеттер: 4,5,7

Қосымша әдебиеттер: 5,6,11,12

 

14 тақырып. Өндіріс нәтижесінің статистикасы

Мақсаты: Өндіріс нәтижесінің статистикасының мәні мен қажеттілігін анықтау.

Міндеттері:

1.Тауар мен қызметтің өзіндік құнының статистикасы.

2.Экономикалық қызметтің нәтижесін статистикалық зерттеу.

3. Экономикалық қызметтің тиімділігін статистикалық зерттеу.

 

Өндіріс нәтижелерінің статистикасының міндеттеріне мыналар жатады:

1.Ақпараттар жинау және ҚР тауарлар мен қызметтер өндірісінінің микро және макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау;

2.Өндіріс нәтижелерін ұлттық шот, баланстық құрылым түрінде құрылған өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін әзірлеу және жинау.

3. Туарлар мен қызметтер өндірісінің құрылымын, динамикасын мына белгілер бойынша талдау: табиғи заттық құрамы бойынша; құндық, экономикалық қызметтің түрлері мен секторлары бойынша; республикалық өңірлер бойынша; меншік нысаны бойынша.

4. Тауарлар мен қызметтер өндірісінің өсу факторларын статистикалық талдау әдісінің көмегімен зерттеу.

5. Өндіріс көрсеткіштерін есептеу әдістемемсін ҰШЖ ұсынымдары бойынша жетілдіру.

Өндіріс нәтижелерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне мыналар жатады:

- Шығарылым;

- Экономикалық жалпы қосылған құн;

- Таза қосылған құн;

- Жалпы ішкі өнім;

ЖІӨ мынандай үш әдіспен есептеледі:

- Өндірістік әдіс;

- Бөлу әдісі;

- Түпкілікті пайдалану.

 

15 тақырып. Ұлттық есеп жүйесі

Мақсаты: Ұлттық есеп жүйесінің мәні мен мазмұнын ашу.

Міндеттері:

1.ҰШЖ түсінігі. ҰШЖ қолданылатын концепцияның негізі.

2.ҚР ҰШЖ шоттардың негізгі сипаты.

3. ЖІӨ түсінігі және оны есептеу әдістері. Тұрақты бағада ЖІӨ көрсеткіштерін есептеу.

4. МОБ. МОБ құру техникасы.

ҰЕЖ – макродеңгейде нарықты экономиканың дамуын сипаттау және зерттеу үшін барлық елдерде қолданылатын ақпараттар жүйесі. ҚР – ҰЕЖ-не 1993 ж. көшті. ҰЕЖ – бұл жыл ішіндегі табыстардың макроэкономикалық бухгалтерлік сандық көрініс алуы болып табылады.

ҰЕЖ маңызды элементі – ол шоттар. Шоттағы мәліметтер экономикалық операциялар топтарын (тұтыну, жинақ, экспорт және т.б.) ғана сипаттайтын жалпылама сандық сипаттама емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар нәтижесінде активтердің өзгеруін көрсетеді. Шоттағы салалар баланстық әдіспен есептелінеді, яғни ресурстар бөлігіндегі (шоттың оң жағы) сомасынан пайдалану бөлігіндегі (шоттың сол жағы) сомасын шегеру арқылы.

Жалпы қосылған құн = Жалпы шығарылған өнім – аралық тұтыну.

Шот формасы Т – формалы келеді және баланстық статьясы келесі шоттың алғашқы статьясы болады.

ҚР келесі шоттар қолданылады:

- өндіріс шоты;

- табыстың пайда болу шоты;

- алғашқы табыстырды бөлу шоты;

- табыстарды қайта бөлу шоты (ақшалай формада);

- қолда бар табысты пайдалану шоты;

- капиталмен операциялар шоты;

- тауарлар мен қызметтер шоты;

- қаржылық шот.

Шоттар көрсеткіштерінің байланысы келесі мысалда көрсетілген:

Өндіріс шоты:

Пайдалану Ресурстар
2. Аралық тұтыну 1. Жалпы шығарылған өнім
3. Жалпы қосылған құн (1-2)  
Барлық пайдаланғаны Барлық ресурстар

Табыстың пайда болу шоты:

Пайдалану Ресурстар
2. Еңбекақы 1. Жалпы қосылған құн
3. Өндіріс салығы  
4. Негізгі капиталды тұтыну  
5. Пайда /аралас табыс (1-2-3-4)  
Барлық пайдаланғаны Барлық ресурстар

ҰЕЖ негізгі көрсеткіштерінің бірі ЖІӨ, бұл резидент өндіруші бірліктерінің өндірістік іс-әрекетінің ақырғы нәтижесі болып табылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 1487; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.122 сек.