Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Глоссарий 2 страница




Зерттелетін көрсеткіштердің есептелген және нақты мәндерінің арасында сәйкессіздік бақылау қатесі деп аталады.

Мәліметтердің дәлдігі – бұл статистикалық бақылауға қойылатын негізгі талап.

Бақылау қатесін болдырмау, анықтау және жою үшін төмендегі талаптарды орындау қажет:

- бақылауды жүргізетін адамдардың сапалы оқытылуын қамтамасыз ету

- статистикалық формулярды дұрыс толтырылуына жалпы немесе ішінара бақылау тексерулерін ұйымдастыру

- ақпарат жинауды бітісімен алынған ақпараттарға логикалық және арифметикалық бақылау жүргізу.

Пайда болу себептеріне байланысты тіркеу қатесі мен репризентативті қателер болады.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

 

4 тақырып. Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау және кесте құру

Мақсаты: Статистикалық мәліметтерді жинақтау тәртібімен танысу және топтау тәсілдерін анықтау. Статистикалық кестені құруды мегеру.

Міндеттері:

j.Салыстыру, оның мазмұны және міндеттері.

k.Статистикалық топтау. Топтау түрлері.

l.Сандық белгілер бойынша топты құрудың негізгі ережесі

m.Қайта топтау.

nСтатистикалық кесте. Оның негізгі элементтері.

 

Статистикалық материалдарды жинақтау және топтастыру статистикалық бақылау нәтижесінде алынған алғашқы мәліметтерді ғылыми өңдеудің негізі болып табылады.

Топтастыру дегеніміз, статистикалық жиынтықты сол жиынтықтың күйі мен дамуын көрсететін біртекті топтарға бөлетін, әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеу әдісі

Топтастыру көмегімен шешілетін мәселелерге байланысты топтастырудың келесі түрлері боладыі:

Типтік топтастыру – типтік топтастырудың басты міндеті әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды біртекті топтар мен жіктерге бөлу. Мысалы: кәсіпорын экономикасын топтастыру.

Құрылымдық топтастыру – қандай-да бір өзгермелі белгі бойынша жиынтық құрылымын сипаттайтын топтарға бөлу. Мысалы: тұрғылықты жері, жасы, жынысы бойынша халық құрамы; Жалпы қор құны, жұмыс бастылар саны бойынша кәсіпорындар құрамы; депозиттерді тарту мерзімі бойынша құрылымдар және т.б.

Аналитикалық топтастыру – зерттелетін құбылыстар мен олардың белгілерінің арасындағы өзара байланысты анықтайтын топтастыру болып табылады. Аналитикалық топтастырулар вариациаланатын белгілер арасындағы байланыстар мен (жинақ) көптеген тәуелділіктерді оқуға мүмкіндік береді.

Топтастыру белгісі – топтардағы жиынтық бірліктерінің біріктірілуі болатын вриациаланатын белгіні айтады.

Топтастыру кезінде топтар саны туралы сұрақ, сандық белгілері бойынша зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыс мәнінен шыға отырып шешімін таба алады. Бұл жағдайда Старджесса әдісін қолдануға болады.

Жиынтық бірліктерінің санына байланысты топтар саны.

IV 15-24 25-44 45-89 90-179 180-359 360-719 720-1489
k              

Сандық белгі бойынша топтастыру кезіндегі маңызды сұрақ болып интервалды анықтау болып табылады. Интервал деп оның жоғарғы және төменгі шекаралары арасындағы айырмашылықты айтады.

Топтастыру белгілерінің мөлшері бойынша интервалдар тең және тең емес болып бөлінеді. Тең интервалдар жиынтық ішінде топтастыру белгісінің өзгерісі тең шамада болған кезде қолданылады. Тең интервалдың мөлшерін есептеу келесі формула бойынша анықталады:

k- топтар саны

Xmax, Xmin – топтар саласына белгілердің сәйкесінше аз және көп мәндері

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиттер: 1,2,3,4.

 

5 тақырып. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс

Мақсаты: Абсолютті және қатысты шамалардың мәнін анықтау және қолданып үйрену. Статистикалық графиктерді құрып үйрену.

Міндеттері:

j.Абсолюттік шаманың түрлері, оның мәні және анықтау тәсілдері.

k.Өлшем бірліктер.

l.Қатыстық шамалар, оның мәні және анықтау тәсілдері.

m.Графикалық бейнелеу.

 

Абсолютті шамалар жалпы және жиынтықтың бірлігіне есептегенде қоғамдық құбылыстардың өлшемдерін көрсетеді, ал салыстырмалы шамалар қоғамдық құбылыстардың арасында сандық қатынастарды сипаттайды.

Абсолютті шамаларды тікелей статистикалық бақылаудың, мәліметтерді жинау мен топтастырудың, статистикалық көрсеткіштерді есептеудің нәтижесінде алады. Абсолюттік шамалар аталуы болып келеді, себебі олардың өздерінің өлшем бірліктері бар (заттай, шартты-заттай, еңбектік немесе құндық).

Салыстырмалы шама деп, құбылыстардың арасында сандық қатынасты сипаттайтын көрсеткішті айтады. Ол бір абсолютті шаманы 2-ші абсолютті шамаға бөлу арқылы алынады. Салыстырылатын шама салыстырудың негізгі немесе базасы деп аталады.

Салыстырмалы шамалар коэффициент, процент, промилль немесе прдецемилль түрінде берілуі мүмкін. Егер салыстыру базасы 100, 1000 немесе 10000 ретінде алынса, онда салыстырмалы көрсеткіш процент, промилль және продецимилльмен есептелінеді. Салыстырмалы шамалардың келесі түрлерін бөледі:

1. Динамикалық салыстырмалы шама - құбылыстың уақытта байланысты өзгеруін сипаттайды. Олар құбылыстың көлемі белгілі бір кезеңде қанша есе ұлғайғанын немесе азайғанын көрсетеді, оларды өсу коэффициентері немесе төмендеу коэффициенттері деп атайды. Бұл коэффициенттерді процентпен де есептеуге болады, ол үшін қатынасты 100-ге көбейтеді. Оларды өсу қарқыны немесе төмендеу қарқыны деп атайды.

2. Жоспарлық тапсырманың салыстырмалы шамасы – жоспар бойынша көрсеткіш шамасының (уж) алдыңғы кезеңде оның іс жүзіндегі шамасына (уо) қатынасы.

3. Жоспарды орындаудың салыстырмалы шамасы – көрсеткіштің іс жүзіндегі (есепті) шамасының (ул) сол кезеңге жоспарланған шамасына (уж) қатынасы.

4. Құрылымдық салыстырмалы шама - жиынтықтың жалпы көлеміндегі жеке бөлшектердің үлесін сипаттайды және үлеспен немесе процентпен есептелінуі мумкін.

5. Координациялық салыстырмалы шама – бір жиынтықтың 2 бөлігі санының қатынасын көрсетеді.

6. Интенсивті салыстырмалы шама - әр түрлі статистикалық көрсеткіштерді өзара салыстыру немесе бір белгі мәнінің сомасының осы жиынтықтағы басқа белгі мәнінің сомасымен салыстыру нәтижесін сипаттайтын шама.

7. Бейнелеу салыстырмалы шамасы - объектісі немесе территориясы әртүрлі, бірақ бір уақыт кезеңімен берілген көрсеткіштерді өзара салыстыру.

8. Бірінші және жоғары ретті салыстырмалы шамалар. Олар екі қатысты шамалардың бір-біріне қатынасы арқылы анықталынады.

Қатысты шамалардың кез-келген түрлерін есептеу кезінде басты талап – салыстырылатын шамалар әдістемелік есептеу бойынша бір-біріне сай болуы керек.

Статистикалық ақпараттарды ұсыну үшін статистикада кестелер мен графиктер қолданылады.

Статистикалық кесте зерттелетін объектілерді сандық тілмен көрсетеді. Ол бағаналар мен жолдар жүйесі болып табылады және онда әлеуметтік-экономикалық құбылыстар туралы статистикалық ақпараттар белгілі бір рет пен байланыста беріледі. Кестелер қарапайым, топтық және комбинациялық болуы мүмкін.

Кестеде екі элемент болады:

- бастауыш – жиынтық топтары немесе бірліктердің тізімі;

- баяндауыш – бастауышты сипаттайтын сандар.

Кестені толтырудың негізгі ережелері (талаптары):

1. Кесте өзіне жинақталған ақпараттардың көлемі бойынша шағын және түсінікті болуы қажет.

2. Бағандар мен жолдардың аттары нақты, түсінікті, қысқаша түрде болу қажет (сөздерді қысқартпау қажет). Өлшем бірлігі, объект, уақыт, территория, кестенің жалпы аты болуы міндетті.

3. Шартты белгілеуді қатаң ұсталуы қажет:

- егер мәліметтер жоқ болса немесе олар белгісіз болса, онда үш нүкте «...» қойылады, «мәліметтер жоқ» сирек жазылады,

- егер мәлімет жоқ болса немесе мәліметтер 0-ге тең болса онда сызықша «-» қойылады,

- егер көрсеткіштердің мәні 0-ге тең емес, бірақ бірінші мәнді санымыз нақтылынақтылы дәрежеге қабылдаған кейін болса, онда 0,0 жазылады (егер, мысал, 0,1 нақтылығы қабылданса).

4. Көрсеткіштерді дөңгелектеу айқындылықтың бірдей деңгейімен жүргізіледі, мысалы онғы дейін (0,1) немесе жүзге дейін (0,01). Және мұнда сандар разряды разряд астына орналасады. Санның толық бөлігі бөлшектік үтірмен бөлінеді: Мысалы 4,5 (4.5 емес).

5. Егер тек есеп беру мәліметтері ғана емес, сонымен қатар есептік мәліметтер берілген, бұл баяндауыш немесе бастауштыңтақырыпшаларында немесе қосымшасында көрсетілуі керек. Егер мәліметтер шартты болса, онда «шартты мәліметтер» жазылады. Мәліметтердің көзіне жіберу (ссылка) болу керек, мысалы, ҚР Статистика бойынша агенттігінің мәліметтері бойынша, ол көбінесе кесте астында көрсетіледі.

Статистикалық графиктерді әр түрлі белгілер бойынша жіктеуге болады: аты бойынша, құру тәсілі мен графикалық бейненің мінезі бойынша. Мазмұны немесе арнаулы бойынша кеңістікте салыстыру графиктерін, әр түрлі салыстырмалы шамалардың графиктерін,вариациялық қатарлар графиктерін, территория бойынша орналастыру графиктерін, өзара байланысты көрсеткіштердің графиктерін бөлуге болады.

Құру тәсілі бойынша графиктерді диаграммаларға және статистикалық карталарға бөлуге болады.

Графикалық бейненің сипаты бойынша нүктелік, сызықтық, жазықтық (бағандық, сағаттық, квадраттық, шеңберлік, секторлық, фигуралық) және көлемдік графиктерді бөледі.

Графикалық көріністі құру кезде бірнеше талаптарды орындау қажет. Ең алдымен, график толық көрінетін болу керек, өйткені графикалық көріністің барлық мәні статистикалық көрсеткіштерді толық көрсету болып табылады. Сонымен қатар, график айқын, түсінікті болу керек. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау үшін әрбір график бірнеше негізгі элементтерді қамту керек: графикалық бейне; графиктің алаңын; кеңістіктік бағыттушыларды; масштабты бағыттаушыларды; графиктік экспликациясын.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3.

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4.

 

6 тақырып. Орташа шамала және вариация көрсеткіштері

Мақсаты: Орташа шамалар мен вариациялардың мәнін анықтау жәнеоны қолданып үйрену.

Міндеттері:

j.Бөлу қатарлары және оның негізгі сипаттамасы.

k.Орта шамалардың мәні мен мазмұны.

l.Орташа арифметикалық шама және қасиеттері.

m.Өзге де орташа шамалар.

n.Вариация түсінігі. Вариацияның мөлшері мен интенсивтілік көрсеткіштері.

o.Топтастырылған мәліметтердің дисперсиясы. Дисперсияны қосу ережесі. Эмпириялық корреляциялық қатынастар.

 

Статистикада орташа шамалар дегеніміз – қоғамдық құбылыстардың типтік мөлшерін нақты тарихи жағдайларда сипаттайтын жалпылама көрсеткіш. Орташа шамаларды таңдауда сонымен қатар алдын-ала есептелген орта шамалардың орташаланатын көрсеткіштерінің мәнін түсіну, яғни қандай шамалар қатынасынан есептелгенін білу керек және оның қортынды мәліметтер соммасымен байланысын және бар бастапқы мәліметтерді қортындылау керек. Осыдан кейін ғана орташа шамаларды есептеудің әдістерін таңдауға болады. Бұл үшін орта шамалардың бастапқы қатынасының есебін қолданады, яғни көрсеткіштердің экономикалық мазмұнын көрсететін, логикалық формула, мысалы:

 

Еңбекақының жалпы қоры

Орташа еңбекақы = ---------------------------------------

Жұмысшылар санына

 

осыдан кейін орташаның түрін (формасын) анықтау керек:

 

- қарапайым арифметикалық орташа

 

- салмақтанған арифметикалық орташа

 

- салмақтанған гармоникалық орташа

мұнда:

- белгінің орташа мәні,

х – вариациалық қатардаға белгінің мәні,

n – жиынтық саны,

f – белгінің қайталану жиілігі

( = n), w - жиынтық көлемі (w=xf).

Тәжірибеде көп қолданылатын вариация көрсеткіштерінің есептелуіне көңіл бөлу қаже. Олар:вариация құлашы, орташа сызықтық ауытқу, дисперсия, орташа квадраттық ауытқу және вариация коэффициенті.

Вариация құлашы – белгінің максималды және минималды мәндер арасындағы әр түрлілікпен анықталынады.

Орташа сызықтық және квадраттық ауытқулар белгінің өзгеруінің абсолюттік шамаларын сипаттайды. Сол себептен осы көрсеткіштердің көмегімен әртүрлі жиынтықтағы статистикалық көрсеткіштердің өзгеру дәрежесін салыстыруға болады.

- орташа сызықтық ауытқу

 

- дисперсия

 

- орташа квадраттық ауытқу

- вариация коэффициенті

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

 

7 тақырып. Ішінара бақылау

Мақсаты: Ішінара бақылау тәртібін анықтау және оның түрлерімен танысу.

Міндеттері:

j.Ішінара бақылау түсінігі және оның түсінігі.

k.Іріктеу қателіктерін есептеу.

l.Іріктеу санын анықтау.

 

Ішінара бақылау жаппай бақылаумен салыстырғанда объектілерді зерттеуде терең және жан-жақты мәлімет алуға мүмкіндік береді. Іріктеп бақылаудың артықшылығы ол, уақытты, еңбекті және ақша қаражатын үнемдеу.

Ішінара бақылау мәліметтері негізінде жалпылама көрсеткіштер анықталады: орташа үшін немесе үлес үшін іріктеудің қатесін, іріктеудің шекті қатесін, содан кейін алынған нәтижелер бас жиынттыққа таратылады.

Шартты белгілер:

N – бас жиынтық көлемі (оған кіретін берліктердің саны).

n – іріктелген жиынтықтың көлемі (іріктеуге алынған бірліктер саны).

- бас жиынтық орташасы.

- іріктеуге алынған жиынтық орташасы

р – бас жиынтықтағы берілген белгіге ие бірліктер үлесі.

W – іріктелген жиынтықтағы берілген белгіге ие бірліктер үлесі.

(1-w) – іріктелген жиынтықтағы берілген белгіге ие емес бірліктер үлесі.

w(1-w) – іріктеудегі дисперсия үлесі.

- бас жиынтық дисперсиясы.

- іріктелген жиынтық дисперсиясы.

- бас жиынтықтағы белгінің орташа квадраттық ауытқуы.

- іріктелген жиынтықтағы белгінің орташа квадратық ауытқуы.

Іріктеудегі жалпы сипаттамалардың есебі: , , w алдыңғы тақырыптағы сізге белгілі формула бойынша анықталады.

Орташа үшін іріктеу қатесі келесідей анықталады:

қайталанатын іріктеуде:

қайталанбайтын іріктеуде:

Үлес үшін іріктеу қатесі келесідей анықталады:

қайталанатын іріктеуде:

қайталанбайтын іріктеуде:

Іріктеу қатесінің көлемі іріктеу көлемі мен іріктеудегі белгініңөзгеруіне байланысты. Іріктеудің шекті қатесін () анықтау үшін қажетті сенімділік ықтималдылығына байланысты іріктеу қатесін үлкейту қажет. Іріктеудің шекті қатесі мына формула бойынша анықталады:

мұндағы t – келесі кесте бойынша анықтауға болатын сенімділік коэффициенті:

Сенімділік коэффициенті,t 1,00 1,96 2,00 2,58 3,00
Ықтималдылық, Ф(t) 0,683 0,950 0,954 0,990 0,997

Экономикалық зерттеуде сенімділік коэффициенті 2,00 жоғары қолданылмайды. Берілген іріктеудің шекті қатесінің формуласы қайталанатын және қайталанбайтын іріктеу үшін, сонымен қоса іріктеу қатесін көбейту үшін және үлес үшін де, орташа үшін де қолданылады.

Іріктеудің шекті қатесін анықтағаннан кейін оны бас жиынтыққа тарату қажет. Ол үшін бас жиынтық сипаттамаларының шегі анықталады:

Бас жиынтық орташасы үшін:

=

Бас жиынтық үлесі үшін:

р = w

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

 

8 тақырып. Өсіңкілік қатарлар

Мақсаты: Өсіңкілік қатарладың мәнін анықтау және он қолданып үйрену.

Міндеттері:

j.Өсіңкілік қатарлар.

k.Өсіңкілік қатарлар көрсеткіші.

l.Өсіңкілік қатарлардың орташа мәні.

 

Бұл тақырыпты оқу кезінде, міндетті түрде динамика қатарының түрлеріне, олардың арасындағы айырмашылықтарға көңіл аудару қажет. Себебі динамика қатарын зерттегенде, оның қай түрге жататыны маңызды болып табылады.

Динамиканың сәттік және кезеңдік қатарлары міндетті түрде олардың өлшем бірлігі, территориясы мен уақыты бойынша салыстырмалылығы неізінде құрылуы қажет.

Динамика қатарының деңгейлерін салыстырмалы түрге келтіру үшін, кейбір жағдайларда «динамикалық қатарларды үздіксіздендіру» әдісі қолданылады.

Динамика қатарлары деңгейінің өзгеру қарқынын зерттеу үшін келесі динамика қатарының негізгі көрсеткіштері есептелінеді:

Абсолюттік өсім: а) базалық б) тізбектелген
Өсу қарқыны, %: а) базалық б) тізбектелген
Өсімше қарқыныа, %: а) базалық б) тізбектелген Т прц = Трц 100  
1% өсімнің абсолюттік мәні, : немесе α =∆уц / Тпрц

Интервалдық қатардағы деңгейдің орташасы мен орташа көрсеткіштерді есептеу үшін келесі формулалар қолданылады:

Қатардың орташа деңгейі
Орташа абсолюттік өсім
Орташа өсу коэффициенті: немесе немесе
Орташа өсу қарқыны
Орташа өсімше қарқыны немесе

Шартты белгілер: у – динамикалық қатардағы көрсеткіштің мәні немесе қатар деңгейі, - базалық деңгей, тұрақты салыстыру базасы ретінде алынған (көбіне бастапқы деңгейі), - кез келген кейінгі кезеңнің деңгейі (біріншіден басқасы), немесе ағымдағы кезең деңгейі, - ағымдағы кезеңге дейінгі кезең деңгейі, n – қатар деңгейінің саны.

Негізгі әдебиеттер: 1,2,3

Қосымша әдебиеттер: 1,2,3,4

9 тақырып. Индекстер

Мақсаты: Индекстердің түсінігін беру, мәнін және қолданылуын анықтау

Міндеттері:

j. Индекс туралы түсінік. Индекстік әдісті қолдану.

k.Агрегаттық индекс. Жеке индекстер.

l.Құрылымдық индекстер.

m.Көп факторлы индекстік үлгілерді құру.

 

Қатысты көрсеткіштер ретінде статистикалық индекстер түрлі мақсаттарда қолданылады: қоғамдық құбылыстардың динамикасын зерттеу, олардың кеңістікте арақатынасы, түрлі көрсеткіштер өзгерісі мен оларға әсер ететін факторлады зерттеу үшін қолданылады. Индекстер тек қатысты өзгерістерді ғана емес, сонымен қатар абсолюттік ауытқуларды көрсетеді.

Шартты түрді барлық факторлық көрсеткіштерді екіге бөлуге болады: сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштер ол: баға (p), өзіндік құн (z), еңбек өнімділігі(w), еңбек сыйымдылығы (t) және т.б. Сапалық көрсеткіштер ол: өндірістің физикалық көлемі (q), жұмысшылар саны (Ч) және т.б. Нәтижелі көрсеткіштерге келесілер жатады: тауар айналымы (pq), өнім өндіру шығындары (T) және т.б.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 1645; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.087 сек.