Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Постреквизиттер




Астана-2012

«Статистика» пәнінің бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен жоғары кәсіптік білім берудің Жалпыға міндетті білім беру стандартының дипломдандырылған мамандарды (бакалавр) дайындау деңгейіне және міндетті минимум мазмұны талаптарына (таңдау компоненті, профилдеуші пәндер циклы) сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңесінің «6» маусым 2006 жылғы шешімімен бекітілген, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті жанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясы ұсынған («25» мамыр 2006 ж. № 4 хаттама) «Экономикадағы математика» пәнінің оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес дайындалған

 

Бағдарлама «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

 

«__»___________2012ж. № _______ хаттама

 

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Омашева А.Б. ____________

 

 

Бағдарламаға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер

2012/2013 оқу жылы

Бағдарламаға келесідей өзгерістер енгізілді:

 

Бағдарлама «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының

«__»____ 2012 ж.

отырысында қаралып, бекітілді (хаттама №___)

 

Кафедра меңгерушісі: э.ғ.к., доцент Омашева А.Б. ____________

 

Енгізілген өзгерістерді бекітемін_____________

 

 

1.1. Оқытушы жөнінде мәлімет:

 

Солтыбаева Ляззат Сакеновна – аға оқытушы, математика магистрі

 

1.2. Ғылыми қызығушылығы:

 

Екілік интегралдар мен туындылар және олардың түрлендірулері

 

1.3. Тілді меңгеруі:

 

қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі- жалғастыру курсы

 

1.4. Пререквизиттер:

 

1. «Экономика теориясы»

 

2. «Экономикадағы математика»

 

 

1. «Бухгалтерлік есеп және аудит»

2. «Қаржы»

 

1.6. Оқу пәнінің сипаттамасы.

 

Нарықтық қатынастардың дамуы, әртүрлі меншік түрлерінің пайда болуы, статистикалық стандартқа көшуі. Республикадағы экономикалық жағдайды бағалайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеуге, сөйтіп статистиканы одан әрі дамытуға ықпал етеді. Демек әрбір кәсіпорын немесе мекеме өз экономикасы жағынан дербес түрде қалыптаса бастады. Мұндай жағдайда оны іске асыру үшін білікті мамандардың керек екендігі яғни олардың білімділігі іскерлігі арқасында көптеген үлкен мәселелерді шешуге болатындығы. Жоғарғы білімді мамандар даярлауда статистика ғылымының да атқаратын рөлі өте жоғары.

«Статистика» пәнін оқуда студенттерге мынадай талаптар қойылады: Статистика категориясының мәнін, атқаратын қызметін түсініп, қоғамдық қатынастарды статистикалық басқару мен бақылау әдістері мен қағидаларын тәжірибеде орынды қолдана білу. «Статистика» пәнін оқуға дейін студенттер оқитын пәндерге керек қосымша пәндердің саны мен тарауларын білулері қажет. Оларға мыналар жатады: элементарлық және жоғарғы математика, ықтимал теориясы, математикалық статистика, орта сандарды есептеу, экономикалық теория, микроэкономика және макроэкономика, ақша, несие, банк, кәсіпорын және шаруашылық субъектілер нарығының жағдайы мен нәтижелерін талдау және т.б.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде статистиканың алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Статистика пәнінің негізгі мақсаттары:

• Бұқаралық статистикалық құбылыстар мен процестердің сапалық қасиеттерін ескере отырып, сан жағынан сипаттауға қажетті теориялық білімді студенттерге қалыптастыру және оны тәжірибе жүзінде қолдануға дағдыландыру.

• Студенттерді ғылыми ұйымдастырылған жүйеде статистикалық әдістерді қолдану арқылы орталықтандырылған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өте кезеңіндегі статистиканың құбылыстары мен процестердің сандық өзгерістерін, салалық жағымен байланыстыра отырып, зерттеу жұмыстарын қалай жүргізу керек екендігін үйрету. Статистиканы оқып-үйрену кезінде студенттерге қоғамдық құбылыстар жайындағы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау және есептеу сияқты әр-түрлі тәсілдерді үйрету, яғни статистикалық әдістемелерді және басқа да көптеген сұрақтарды толығымен қамту қамтуды үйрету.

Статистикалық қатынастар мен процестерді жетілдіру, жақсарту мақсатында статистикалық кәрсеткіштер жүйесін зерттей, талдай білу үшін экономика мамандығында оқитын әрбір студентке қазіргі кезеңде келесі басты міндеттер жүктеледі:

• Халық шаруашылық салаларының статистикалық процестерінің даму дәрежесін, құрылымын, өсіңкілігін немесе кемуін зерттеу кезінде түрлі статистикалық есептеу әдістерін қолдана білу;

• Жиналған мәліметтерге талдау және болашаққа болжау жасай білу;

• Статистика туралы классиктердің, ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену және оны іс жүзінде тәжірибеде қолдана білу;

• Аудиториялық және өз бетімен сабаққа даярланғанда, яғни әртүрлі

• мәліметтерді есептеу кезінде электронды есептеу машиналарын, компыотерлерді пайдалана білуді үйренулері тиіс және есептелген статистикалық көрсеткіштерге қысқаша қорытынды жасай білуді үйрету;

• Статистикалық көрсеткіштер жүйесін құрудың теориялық негізін оқып үйрету;

• Статистикада қолданылатын ұғымдарды, категорияларды, жүктеулерді, топтастыруларды оқып-үйрету;

• Статистикалық дамудың қорытынды (жалпылама) көрсеткіштерінің жүйесін оқып-үйрету;

• Ұлттық шоттардың маңызын, құру әдістерін, саларалық байланысты оқып-үйрету;

• Статистикалық процестердің динамикасын зерттеуде өндіріс тиімділігі деңгейінің өзгерісіне әсер ететін факторларды бағалағанда статистика талдау әдістерін қолдана білуді үйрету;

• Дер кезінде шешім қабылдау үшін макродеңгейдегі статистикалық ақпаратты қорытындылап талдау әдісін меңгеруді үйрету.

Пәннің талаптары

- Сабаққа кешікпей келу, себепсізден сабақты жібермеу. Әр қалған сабақтары үшін оқытушының бос уақытында тапсырмаларды тапсыру, денсаулығына байланысты қалса, анықтамасын көрсету;

- Үй тапсырмасын орындау, сабаққа дайындықпен келу;

- Сабақта отырып сөйлеспеу, сағыз шайнамау, сонымен бірге ұялы телефонын сөндіру қажет;

- Сабаққа ұқыпты күйде таза киіммен келу, сабаққа жауанкершілікпен қарау.

Оқыту факторы

Оқыту элементтері – дәріс, семинар сабақтары, СОӨЖ, СӨЖ.

Бақылау түрлері – коллоквиум, компьютерлік тестілеу, кезендік бақылау.

Қорытынды бақылау түрі – емтихан.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-23; Просмотров: 755; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.02 сек.