![]() КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер 1 страница
Негізгі 1.Желтов Ю.П. Разработка нефтяных месторождений. Учебник-М., Недра, 1986, 332 с. 2. Сборник задач по разработке нефтяных месторождений. Желтов Ю.П., Стрижов И.Н., Золотухин А.Б., Зайцев В.М., Недра, 1985, 296 с. Қосымша 1. Сургучев М.Л. Вторичные и третичные методы добычи нефти. М., Недра, 1985, 308 с. 2. Кричлоу Г.Б. Современная разработка нефтяных месторождений – проблемы моделирования. М., Недра, 1979, 303 с. 3. Справочное руководство по проектированию разработки нефтяных месторождений. /Под ред. Гиматудинова Ш.К. – М., Недра, 1983, 463 с.
2 БӨЛІМ.
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SYLLABUS
1. Жалпы мәлімет: - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті; - «Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану» кафедрасы;
- пән: «Мұнай және газ кенорындарын игерудің теориялық негіздері»
ПОӘЖ
- Пәннің өткізілу уақыты: кесте бойынша - Оқытушы жөнінде мәлімет (оқытушылар):
Курстың саясаты мен процедурасы: Студенттің міндеті: - Дәріс және тәжірибелік сабақтарға қатысу. СОӨЖ қатысуы студенттің дайындығына байланысты міндетті немесе еркін болуы мүмкін. Сабаққа қатысу жағдайы ағымдық рейтингке әсер етеді; - сабаққа кешікпеу керек; - сабақ кезінде сөйлеспеуі, газет оқымауы, ұялы телефонын сөндіруі және сағыз шайнамауы керек; - Сабақтан қалмауы керек, егер ауыруына байланысты келмесе, анықтамасын көрсетуі қажет; - оқу процессінде белсенді болуы керек; - үй тапсырмасын талаптанып орындауы қажет; - барлық сабақтарда кері байланысын ұстауы керек; - студенттің сырт келбеті этикалық талаптарға сәйкес болуы қажет. 2. Бағдарлама: - Пәннің сипаттамасы: «Мұнай және газ кенорындарын игерудің теориялық негіздері» курсы жоғарғы оқу орындарында техникалық мамандықта студенттерді дайындауда негізгі пән болып табылады, қазіргі таңдағы мемлекеттің мұнай мен газды ұзақ уақыт тұтынуын қажет ететін, мұнай және газ кәсіпшіліктерінің маңызды проблемаларын зерттеу. Кәсіби-дамыған мемлекеттер тәжірибесі әртүрлі кеніштерге әсер етуді қолдану және оның мұнай кенорындарын игеруде қолданылуының керектігін дәлелдейді. Мемлекеттің қазіргі таңдағы дамуы кәсіпорындармен мекемелер басқарушыларының қабат мұнайбергіштігін арттыратын жаңа әдістерді іздеуге, мұнай кенорнын игеруді реттеу процессінің тиімділігін арттырудың жаңа технологияларын енгізуді талап етеді. - Пәннің мақсаты: студенттерді мұнай және газ кенорындарын игерудегі комплексті жобалау мен анализдің әдістемелік негіздерімен таныстыру. - Пәнді оқытудың сипаты: 1. Студенттерді мұнай қабаттарын игеру объекті ретінде моделдеуді және жер қойнауынан мұнайды алу технологиясын, мұнай кенорындарын игеру жүйесін жасауды, кенорынды игеруді жобалаудың технико-экономикалық әдістерінің жиынтығын жасауға үйрету. 2. Пәнді оқытудың келесі сипаты, студенттердің оқытылып жатқан пәнді тәжірибеде кенорынды пайдалану, яғни оның жеке учаскесінде де, үлкен ауданды өнімді қабатшаларды да игергенде қолданып білуге үйрету. - Пререквизиті: студент мұнай кенорнын игеру және пайдалану тарихы, мұнай қорының алыну жағдайы және жобалау теориясы, мұнай кенорнын игерудегі математикалық әдістер және мұнай өндіру процессіндегі моделдеу әдістері сияқты пәндерден базалық білімі болуы керек. - Постреквизиті: постреквизиттер кең ауқымды теориялық (мұнай-газ ісі негіздері, ұңғыдан сұйықтық пен газды алу теориясы, мұнай кенорнын игеру, мұнай-газ ісінің техникасы мен технологиясы және т.б.) пәндермен анықталады. - Әдістері: дәрістер, ақыл-ес қызметін қалыптастыру, дискуссия. - Міндетті танысуға арналған материал: 1. Желтов Ю.П. Разработка нефтяных месторождений. -М.: Недра, 1986. 2. Абдулин Ф.С. Добыча нефти и газа. –М.: Недра, 1983. 3. Желтов Ю.П., Стрижов И.Н. Сборник задач по разработке нефтяных - Қосымша оқуға арналған материал: 1. Муравьев И.М. Разработка и эксплуатация нефтяных и газовых 2.Муравьев В.М. Справочник мастера по добыче нефти. –М.: Недра, 1975. 3. Крылов А.П. Проектирование разработки нефтяных и газовых месторождений. Гостоптехиздат, 1969. 4. Говорова Г.Л. Сборник задач по разработке нефтяных
Пәннің мазмұны Дәріс сабақтары Таблица 1.1
Тәжірибелік сабақтар Таблица 1.2
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТА Таблица 2
3 БӨЛІМ Глоссарий
В –сулылық
ПТВ - бу-жылулық әсер ету ВВГ – қабат ішінде ылғалдық жану СВГ- жоғары ылғалды жануе
РНМ - Мұнай кенорындарын игеру РНГМ - мұнай-газ кенорындарын игеру РК – аралық бақылау ПЗ – тәжірибелік сағат ППД - қабат қысымын қалыпты жағдайда ұстау БКНС – блоктық түптік сораптық станция КВД - қысымның қалыптасу қисығы КРД - қысымның таралу қисығы Rк – қанығу қысымының радиусы ΔР – перепад давления Рс – түптік қысым Рн – айдау қысымы ПАА - полиакраламид ПАВ – беттік- әсерлік заттар ВГ – ылғалдық жану Тпл - қабат қысымы
4 БӨЛІМ. Дәрістердің қысқаша конспекті
Тақырып 1: «Мұнай кенорындарын игеру - ғылым ретінде. Мұнай және газ кенорындарын игерудің қазіргі кездегі проблемалары және теориялық зерттеуледің даму перспективалары» Дәрістің мақсаты: Студенттерді «Мұнай кенорнын игеру» түсінігімен және МКИ ғылым ретінде даму тарихымен таныстыру. Маңызды сөздер: игеру, мұнай, кенорын, көмірсутектер, ұңғы. Мұнай кенорындарын игеру дегеніміз жер қойнауынан көмірсутекті және олармен бірге шығатын пайдалы қазбаларды шығару процессі.Бұл процесске кенорынды бұрғылау мен мұнай және газ қорын өндіру жатады. Мұнай кенорындарын игеру ғылымы тау ғылымдарына жатады. Тау ісі — адамзаттың ежелгі шаруасы. Пайдалы қазбаларды тауып, оны қолдануды адамдар тас және қола дәуірлерінде бастаған. Бұл дәуірлердің атауы да адамзаттың таспен қоланы өндіріп, құрал-жабдықтарды жасаумен, яғни тау ісімен байланысты. Ертеректе мұнай өндіру (XIX ғасырдың соңы) үшін ұңғылар құрастырыла бастады. ТМД шекарасында бірінші ұңғы соққылау әдісімен 1864 ж. орыстың жеке кәсіпкері А.Н. Новосильцев күшімен Кубаньның Кудако жазықтығында бұрғыланды. 1871 ж. механикалық әдіспен Баку аймағында бұрғыланды. Ресейде XIX ғасырдың 70 — 80 жж. XX ғасырдың басында ұңғыны механикалық бұрғылау мен мұнай өндіру өсе бастады. Бірақ, бұған қарамастан барлау және мұнай өндіру ұңғылары мен мұнай өндірудің өсуі XX ғасырдың басында кенорынды табиғи режимде игеруге байланысты болды. Сол кезеңдерде мұнай өндірудің негізі болмаған, бірақ мұнай өндірудің проблемалары, яғни мұнайдың шығу тегі, барлау мен геологиясы, тасымалдау, өңдеу және пайдаланумен Ресейдің ірі ғалымдары мен инженерлері, соның ішінде Д.И. Менделеев, А.М. Бутлеров, И.М. Губкин, В.Г. Шухов айналысқан. ХХ ғасырдың 20 ж. физика мен мұнайлы қабаттардың механикасы мұнай мен газ өндіру процессінде қолданылмаған. 1856 ж. француз инженері Анри Дарси фильтрацияның негізгі заңы су тазартқыш қондырғылардың фильтрлерінде су ағынын зерттеу арқылы ашылған. Соңдығымен, мұнайдың қалыптасқан және қалыптаспаған фильтрациясы XIX ғасырда ашылған физикалық математиканың Лаплас пен Фурье теңдеулерімен ұқсастығы анықталды. Мұнай кенорындарын игеруде бұл теңдеулер ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қолданылды. Теорияның ең басты жетістігі болып мұнай және газ кенорындарын игеруде мұнай мен газдың ұңғы түбіне ағуы, яғни, мұнай және газ кенорындарының режимдері туралы ұғым. Бұл ұғымның қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалымдар И.М. Губкин, Л.С. Лейбензон, И.Н. Стрижов, А.П. Крылов, С.А. Христианович, Ф.А. Требин, Б.Б. Лапук, И.А. Чарный, В.Н. Щелкачев, Маскет, Виков, Ботсет, Леверетт. 30 жылдардың ортасында мұнай кенорындары режимдерінің теориясының маңызды дамуы болды. Мұнай қабаттарының серпімді және еріген газ режимдері теорисының негізі қаланды. ХХ ғасырдың 20 жылдарында Л. С. Лейбензонның газ кенорындарын игеру теориясына бастама болған гадың фильтрациясының дифференциалды теңдеуі ашылды.
Дата добавления: 2014-12-24; Просмотров: 782; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |