КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Дебиеттер 4 страница
Жобалау шарттарын орындау үшін кенішті толығымен меңгеру керек (геологиялық-өндірістік зерттеулер жүргізу жүргізу). Жобалау мәселелерін шешу үшін, алдымен кенішті толығымен меңгеру қажет (геологиялық-өндірістік зерттеулер жүргізу). Бірақ, кеніш туралы бастапқы геологиялық-өндірістік мәліметтер болғанымен, игерудің тиімді жүйесін орнату мүмкін емес. Бастапқыда әртүрлі игеру жүйесін қолданып кенішті пайдалану көрсеткіштерін тауып, оны өзара салыстыру қажет. Жобалауда бұл көрсеткіштер гидродинамикалық есептеулер немесе игеру процессін моделдеу арқылы табылады. Технологиялық көрсеткіштер анықталғаннан кейін ғана қаралып жатқан жүйеге экономикалық бағалауға болады. Кеніштің геологиялық сипаты, мүмкін игеру жүйесінің технологиялық және экономикалық көрсеткіштерін біліп, тиімді жүйенің талаптарына сай жүйені таңдауға болады. Жобалаудың негізгі мәселелері – игерудің тиімді жүйесін тұрғызу. 2. Игеруді жобалаудың сатылығы Кез келген мұнай және газ кеніштерін игеру әдетте ондаған жылдарға созылады. Бұл уақытта кеніштің құрылымы жаңа ақпараттарды алуға байланысты өзгереді, сонымен қатар кеніш жағдайы, яғни қордың алынуы мен қабаттың әртүрлі сұйықтармен қанығуына байланысты. Сондықтан кенорында игерудің жобалау құжатын дайындағанда, бірінші рет қабылданған технологияны жақсартуға бағытталған жаңа шешімдер қабылданады. Бұл өзгерістер, қажетті ақпараттардың жиналуына байланысты жобалау құжатында негізделеді. Жобалау құжатының кезеңдері, жобалау сатысы тәрізді қарастырылады. Жобалау құжатының негізгі мынадай түрлері бар: 1. Барлау жобасы 2. Сынақтық пайдалану жобасы 3. Игерудің технологиялық схемасы 4. Сынақтық-өндірістік пайдалану жобасы 5. Игеру жобасы 6. Бекітілген игеру жобасы 7. Авторлық бақылау Жобалау құжаттарының негізгі мазмұны. 1. Кенорынды барлау жобасы. Бұл белгіленген кенорынды барлауда шешілетін мәселелермен жағдайлар әдістемелік негізделген құжат. Барлау ұңғыларын құрудың топтық техникалық жобасында белгіленген топ немесе ұңғы бөлігі орналасуы анықталған тау-геологиялық жағдайы, зерттеу жұмыстарының көлемі мен реті, белгіленген кеніш бөлігіндегі технологиялық схема жағдайы мен қорды есептеуге қажет мәліметтерді алу мақсатында жасалады. Кез келген ұңғыны тұрғызуда геологиялық-техникалық наряд жасалады. Мұнда сынаманы алу арақашықтығы, гидродинамикалық және басқа зерттеу түрлерінің көлемі белгіленеді. 2. Сынақтық пайдалану жобасы. Кенішті игеруге дайындау сатысында, мұнай кеніштерін және оның бөліктерін, мұнайды барлау ұңғыларын сынақтық пайдаланудың жеке жобасы негізінде уақытша динамикалық жағдайға өткізу жүзеге асады. Сынақтық пайдалану – бұл уақытша, 5 жылға дейін барлау ұңғыларын, кей жағдайда арнайы бұрғыланған айдау және өндіру ұңғыларын пайдалану. Сынақтық пайдалану кезінде ұңғының өндіру қабілетін, құрылымы мен қабат сұйықтарының физикалық-химиялық қасиеттерін анықтауға бағытталған жұмыстар жиынтығы жүргізіледі. Сынақтық пайдалану жобасында негізделеді: 1. Пайдалануға енгізілген барлау ұңғыларының санымен орналасуы, кей жағдайда озып кеткен өндіру және айдау ұңғыларының санымен орналасуы. 2. Ұңғыдағы тәжірибелік жұмыстармен зерттеулер, сынақтық пайдалануға енгізілген және солардың айналасында бұрғыланған сынақтық ұңғылардағы жұмыстар жиынтығы. 3. Сынақтық пайдалану кезеңінде мұнай мен газ өндіру деңгейі, су айдау уақыты мен бағдары. Сынақтық пайдалануда кеніштіөнеркәсіптік игеруге енгізу, барлау кезеңінде ақпарат алу жүзеге асады. Бұл ақпарат қорды анықтауға және өндірістік игеруге арналған бастапқы жобалық құжаттардың негізі болып табылады. 3. Игерудің технологиялық схемасы. Өндірістік мұнай кенорындарын игеруде бірінші жобалық құжат болып технологиялық схема табылады. Бұл схемаға негізделетіндер: 1. Игеруге пайдалану объектін енгізу және оның реті. 2. Игеру объектінің алдын-ала жзасалған жүйесі, соның ішінде өнімді қабатқа әсер ету әдістері мен агенттері, өндіру және айдау ұңғылары торының тығыздығымен орналасу тәртібі. 3. Жобалық мұнай алу коэффициенті. 4. Мұнай, газ және сұйықтық өндірудің динамикасы, темпі және деңгейі, ығыстыру агенттерін айдау. 5. Игеру процессін реттеуге және бақылауға бағытталған шаралар. 6. Кенорынды барлау алды жұмыстарының түрлері және көлемі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. Егер мұнай кеніштерін игерудің жаңа технологиясын, яғни мұнай алуды арттыру мақсатында өнімді қабаттарға әсер етудің жаңа әдістерін қолдану немесе кеніш бөлігіне немесе объектте қолданылатын суландыру жүйесінің сынақтық-өндірістік жұмыстарының технологиялық схемасын жасау. 4. Сынақтық-өндірістік пайдалану жобасы. Газ және газконденсатты кенорындарды игерудің бірінші кезеңі, сынақтық-өндірістік пайдалану жобасына негізделіп пайдаланылуы. Бұл құжат игеру жүйесі, өндірістік газ көлемі, игеруді реттеу шаралары, сынақтық-өндірістік пайдалану процессін бақылауды қажет ететін зерттеу жұмыстарының көлемі мен түрлеріне негізделеді. 5. Игеру жобасы. Жоғарыда аталған құжаттарды мұнай және газ кенорындарын игеруді жобалауда қолданылады. Игеру жобасы дегеніміз – мұнай және газды алуға, игеру процессін бақылауға, жер қойнауымен қоршаған ортаны қорғауға арналған технологиялық және техникалық шаралар жиынтығы. Бұл жобада, қолданыстағы игеру жүйесі, әсер ету әдістері, пайдалану объектін таңдау, тор тығыздығы және негізгі қордағы ұңғылардың орналасуымен резервтегі ұңғылар саны, жобалық мұнай алу коэффициенті жайында нақты шешімдер қабылданады; кенішті пайдаланудың соңына дейін мұнай, газ және сұйықтық өндірудің динамикасы мен деңгейі анықталады. 6. Игерудің анықталған жобасы. Игерудің аяқталу сатысында, қажет жағдайында игерудің ерте сатысында алдын қабылданған шешімдердің анықталған игеру жобасы жасалады. Кенорынның игерілу қорытындысы үнемі орындалуы қажет. Қолданыстағы игеру жүйесі мен мұнай алу процессін басқаруды жетілдіру игеруді қорытындылауда орындалады. 7. Авторлық бақылау. Бұл жобалық құжатта жобалық шешімдердің іске асуы мен факттік, техникалық-экономикалық көрсеткіштердің жобалық мәліметтермен сәйкестігі бақыланады. Сәйкес келмеушіліктері анықталып, оларды жоюға ұсыныстар беріледі. Жобалық технологиялық көрсеткіштердің факттік мәліметтермен сәйкес келмеуі жағдайында игеруді реттеу мен жетілдіру шаралары, кейбір жағдайларда игеру жүйесін өзгерту шарасы қолданылады.
Өзін - өзі бақылау сұрақтары: 1. Жобалаудың негізгі мәселесі неде? 2. Жобаның қандай негізгі құжаттары бар? 3. Кенорынды барлау жобасының негізгі мазмұны неде? 4. Сынақтық пайдалану дегеніміз не? 5. Сынақтық пайдалану жобасының негізгі мазмұны неде?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Крылов А.П. Проектирование разработки нефтяных и газовых месторождений. Гостоптехиздат, 1969г.
Тақырып 10: «Кенорынды игерудің тиімді жүйесін таңдау» Дәрістің мақсаты: студенттерді жобалауда игерудің тиімді жүйесін таңдауды үйрету. Маңызды сөздер: ұңғы торыныңгеометриясы, тегіс тор, тегістелмеген тор, ұңғылардың орналасуы. 1. Тиімді жүйені таңдау реті мен әдісі. Мұнай кенорнын игеру жүйесін жобалағанда барлық мүмкін кәсіпорын және мұнай өнеркәсібінің машиналары мен материалдарын ескеріп ең жақсы нұсқасын таңдау керек. Тиімді жүйені таңдау реті мынадай: бірінші ұңғы торының геометриясын таңдау керек, содан кейін орналасу схемасын, пайдалану объекттерін бөлу, әр объектке қатысты тиімді ұңғы торының тығыздығын, ұңғы торының бастапқы және базалық тығыздығын, объекттердің базалық торы арқылы кенорынның базалық торын анықтау (және бұл базалық торда объекттердің базалық торын бөлу), және соңында бастапқы ніктесі мен бұрғылау бағытын және кенорынды игеру жүйесін құру. Мұнайлы қабаттардың әртектілігі мен үздіктілігін және мұнайлылық контуры формасының дәл анықталмағандығын ескере отырып, кенорынды игеру жүйесін ортадан периферияға қарай, жұмыс жасайтын ұңғы бөлігін қосып, өнеркәсіптік игеру мен барлауды үйлестіре отырып құру қажет. 2. Ұңғы торының геометриясын таңдау. Ұңғы торы бір тегіс емес немесе кеніштің не блоктың бөлігінің ортасына қарай тор тығыздығының қалыңдауы мүмкін. Тегіс тор – үшбұрышты немесе төртбұрышты болады. Тегіс тордың тегіс емес торға қарағанда артықшылығы көп. Тегіс тор қабаттың үздіктілігін толығымен жасырады. 3. Айдау ұңғыларының орналасу тәртібін таңдау. Өндіру ұңғылары арасында айдау ұңғыларын орналастыру: қатарлық немесе өндіру ұңғылары айналасында орналасуы мүмкін. Өндіру ұңғылары арасында айдау ұңғыларының орналасу схемасы және өндіру ұңғылары мен айдау ұңғыларының қатынасын ұңғының максимум дебитінің жобаласы шартымен анықталады. 4. Пайдалану объектін таңдау. Өндіру және айдау ұңғыларының жеке торы бар пайдалану объектін бөлу, бір ұңғыға максимум орташа мұнай дебитін және қабаттың мұнайбергіштігінің белгіленген уақыт ішінде жасалады. Мұнайдың орташа дебиті амплитудалық дебитті алынған суммалық сұйықтың мұнайының орташа бөліміне тең. Орташа мұнай дебиті амплитудалық дебитті сұйықтықтың суммалық алынуынан мұнайдың орташа бөлігіне көбейту арқылы табылады. Пайдалану объектін тиімді бөлу бір ұңғының орташа дебитін көтеру керек, яғни қабаттарды объекттерге біріктіру технологиялық және экономикалық жағынан тиімді және техникалық жағынан қол жеткізу мүмкін болу керек. 5. Ұңғының тиімді жүйесін анықтау. Кенорынды тиімді игеру жүйесін таңдаудың басты бөлігі бөлінген әр пайдалану объектінің тиімді ұңғы торын анықтау болып табылады. Бұл экономикалық, техникалық, технологиялық көрсеткіштерді ескере отырып жасалады. Тиімді деп – қарастырылып жатқан пайдалану объектін игеруде жалпы ұңғы санымен салыстырмалы таза экономикалық эффектке қол жеткізілген жүйені айтамыз.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1. Тиімді жүйені таңдау реті? 2. Тегіс емес ұңғы торы дегеніміз не? 3. Қандай ұңғы торы тегіс деп аталады? 4. Амплитудалық дебит дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Крылов А.П. Проектирование разработки нефтяных и газовых месторождений. Гостоптехиздат, 1969.
Тақырып 11. «Қабатқа әсер етудің принципиалдық схемасын таңдау» Дәрістің мақсаты: Студенттерді принципиалды схеманы дұрыс таңдауға үйрету. Маңызды сөздер: схема, айдау, қысым, игеру уақыты, ұстау, су, газ, әсер ету. Мұнай кенорнын пайдалану энергияның табиғи көзін пайдалану және қабатқа әр түрлі әсер ету әдісін пайдалану арқылы жүзеге асады. әсер ету арқылы игеру процессі қарқынды жүреді, кейде мұнай қоры толығымен игеріледі. Схеманы таңдау үшін кеніштің сыртқы облысын және болған жағдайда газ бүркемесін білу керек. Қабаттың сыртқы облысының негізгі көрсеткішін, оның созылуын және энергияның табиғи көздерін анықтау керек. Кеніштің сырт облысының сипаттамаларын әртүрлі мәліметтермен анықталуы керек, яғни зерттеліп жатқан кеніш қана емес, соған көрші жатқан кеніштерді барлау мәліметтері қолданылуы керек. Бірақ, сыртқы облыс сипатын толығымен кеніштен сұйықтықты алу кезіндегі қысымның түсуін бақылау арқылы алуға болады. Кенішті тәжірибелік пайдалану кезінде қысым Рпл жағдайының анализі негізінде сыртқы зонаның кеңейтілген сипатын Крылов енгізген Z коэффициенті түрінде алуға болады. Z коэффициенті орташа депрессияның теориялық формуламен анықталған депрессияға қатынасы арқылы анықтауға болады: (14) Бұл анализден темпі бір-бірінен өзгешеленетін игерудің үш нұсқасын байқауға болады. Мысалы, көлемі кіші кеніштің игеру ұзақтығын 7-15-25 жыл деп қарауға болады. Үлкен кеніштерді 10-20-30 жыл, ұзақ игеру уақыты негізінен есептеу анализі қорытындысы дұрыстығын анықтау үшін алынады. Егер кенішті газ бүркемесі болса, онда осы энергия есебінен игеру мүмкіндігін анықтау қажет. Газ бүркемесінің серпімді кеңею энергиясы арқылы алынған мұнай көлемі: , (15) мұндағы Vo – газ бүркемесінің бастапқы көлемі - қабат қысымының өзгерісі Р – бастапқы қабат қысымы Барлық жағдайларда есептеулер ең қысқа және ең ұзақ игеру уақытына жасалады. Орташа ұзақтыққа есептеу қажет болған жағдайда ғана жасалады. Есептеу арқылы алынған қорытындыны 3 топқа бөлуге болады. 1. Ең кіші игеру кезеңінің соңына қарай қысымның мүмкін түсуіненде төмен Рпл түсуі. Бұл жағдайда ҚҚҚЖ ұстаусыз игеруге болады. 2. Аз уақыт аралығындаигеру темпі мүмкін төмен қысымнан Рпл да төмендейді. Бұл жағдайда ҚҚҚЖҰ игеру бастауынан жоспарлайды. 3. Белгіленген уақыт аралығында Рпл мүмкін түсуіне сәйкес төмендеуі. Бұл жағдайда қарастырылған мәселені зерттеу керек. Сол себепті есептеу нұсқаларын қысымды ұстау шараларынсыз және де су немесе газ айдауда қолданғандағы анық және дәл гидродинамикалық есептерді шығару үшін қолданылады.
Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1. Қабатқа әсер етудің принципиалды схемасын таңдағанда қандай мәселелерді шешу керек? 2. Гидродинамикалық есептеулердің қорытындысын қандай топтарға бөлуге болады? 3. Контур сыртымен суландыруды қандай жағдайда қолданады? 4. Контур ішімен суландыруды қандай жағдайда қолданады? 5. Қандай жағдайда газ айдау қолданылады?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Крылов А.П. Проектирование разработки нефтяных и газовых месторождений. Гостоптехиздат, 1969.
Тақырып 12: «Есептеу нұсқаларын таңдау және негіздеу» Дәрістің мақсаты: студенттерді есептеу нұсқаларын таңдауға және негіздеуге үйрету. Маңызды сөздер: ұңғы, ұңғының жұмыс режимі, айдау сызығы, есептеу нұсқалары. 1. ҚҚҚЖҰ қолданбайтын нұсқа. Кенішті ҚҚҚЖҰ қолданбай игеруде, есептеу нұсқаларын ұңғы саны әр түрлі жағдайларға жасайды. Ең алдымен, ұңғыларының арақашықтығы тиімді нұсқаны, яғни орталық нұсқаны таңдау керек. Осы негізгі нұсқаға қосымша ұңғы торы сирек, ұңғы саны аз 1-2 нұсқа және ұңғы торы тығыз 1-2 нұсқа жасалуы қажет. Әрі қарай ұңғының жұмыс режимінің бір-бірінен ерекшеленетін есептеу нұсқасын белгілеу керек. Нақты шарттарына қарай ұңғы жұмыс режимінің 1-3 нұсқасын таңдау керек. 2. Контур сыртымен суландыру нұсқасы. Контур сыртымен суландыруды қолданғанда өндіру ұңғысының жұмыс режимінің әртүрлі 1-3 нұсқасы, жалпы ұңғы саны бойынша 3-5 нұсқа қарастырылуы керек. Сонымен қатар, айдау ұңғылары санымен орналасуына қатысты әртүрлі мүмкіндіктерді және айдау сызығындағы реттелетін қысымды зерттеу керек. Айдау сызығын келесі факторларға қатысты белгілейді: a. Кеніштің барлану дәрежесі; b. Айдау ұңғыларының болжамдық арақашықтығы; c. Мұнайлылықтың сыртқы және ішкі контуры арақшықтығы; d. Мұнай мен су тұтқырлығының қатынасы. Кеніштің барлану дәрежесі жақсы болған сайын, мұнайлылықтың сыртқы контурының орналасу жағдайы дәл анықталуы, қабат дөңгелек болған сайын айдау сызығын контурға жақын белгілеуге болады. Айдау ұңғылары арақашықтығы алшақ болса, мұнайлылық контуры мен айдау сызығы арақашықтығы алшақ болуы керек. Мұнайлылықтың сыртқы және ішкі контуры арақашықтығы алшақ болса, айдау ұңғылары арақашықтығын соғұрлым алшақ орналастыруға болады. Мұнай мен судың тұтқырлығы жоғары болған сайын, мұнайлылық контурынан айдау сызығына дейінгі арақашықтықты үлкейту керек. 3. Контур ішімен суландыру нұсқасы. Айдау ұңғыларының орналасуын жоспарлағанда келесі мақсатты ұстану керек: 1) Мұнайлы кеніштің барлық жерінде тиімді ҚҚҚЖҰ керек. Сондықтан айдау ұңғылары бүкіл өнімді қабатшаларды және қабаттарды ашуы керек және бір-бірінен оқшауланған барлық бөлімшелерді қамту қажет. 2) Максимал мұнайбергіштікті алу. Бұл жағдайда мұнайды сумен ығыстыру қабаттың әр бөлігін кезекпен қамтуы, яғни өнімді қабаттың сумен жуылмаған бөлімшелері қалмауы керек. 3) Бөлек бөлімше аумағы немесе ауданын, және толығымен кенішті игеру ұзындығы экономикалық негізделген талаптардағы уақытқа дәл келуі керек. 4. Қабатқа газ айдау. Табиғи және жасанды газ бүркемесінің қысымын қалыпты жағдайда ұстау үшін газ айдау кішкентай кеніштің контур сырты облысының төмен өткізгіштігімен контур ішімен суландыруға жақын. Сондықтан газ айдаудың есептеу нұсқасы контур сыртымен немесе контур ішімен суландыру тәрізді болады. Яғни өндіру ұңғыларының 3-5 нұсқасы, ұңғының жұмыс режимінің 1-3 нұмқасы, ҚҚҚЖҰ интенсивтілігінің 2-3 нұсқасы, мұнда газ бүркемесіне айдалған газдың газдың көлеміне қатысты белгіленеді. Айдау ұңғыларын газ бүркемесі маңына тегіс орналастырады. Бұл олардың бір-біріне әсер ету мүмкіндігін төмендетеді. Айдау ұңғыларының саны гидродинамикалық есептеулер мен анықталады. 5. Қабатқа аудандық әсер ету нұсқасы. Қабатқа аудандық әсер ету нұсқасында су айдау мен газ айдау нұсқаларын есептелуі өзгешеленеді: 1) пайдалану және айдау ұңғыларының өзара орналасу схемасы – ұңғы торымен сипатталады; 2) ұңғылардың арақашықтығы; 3) пайдалану ұңғыларының жұмыс режимімен; 4) айдау ұңғыларының жұмыс режимімен. Өзін - өзі тексеру сұрақтары: 1. ҚҚҚЖҰ-ды қолданбаған жағдайда кенішті игеруде қандай нұсқа белгіленеді? 2. Контур сыртымен суландырған жағдайда кенішті игеруде қандай нұсқа белгіленеді? 3. Контур ішімен суландырған жағдайда кенішті игеруде қандай нұсқа белгіленеді? 4. Қабатқа газ айдаған жағдайда кенішті игеруде қандай нұсқа белгіленеді? 5. Аудандық әсер етуде қандай нұсқа белгіленеді?
Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Крылов А.П. Проектирование разработки нефтяных и газовых месторождений. Гостоптехиздат, 1969.
Тема 13: «Игеру жағдайын схематизациялау» Дәрістің мақсаты: студенттерді кеніш схемасы, мұнайлылық контуры және қанығу контурымен таныстыру. Маңызды сөздер: қабаттың иілуі, келтірілген қысым, схема, геометриялық форма, кеніш. 1. Шартты жазық түрге келтіру: қабаттың иілуін ескеру, өйткені мұнай кеніштері түгелдей жазық күйде орналаспайды, яғни қысым мен сызықтық параметрін анықтағанда қабаттың иілуін ескеруге тура келеді. Есептеу қысымын анықтағанда қабаттың иілуінде келтірілген қысым жасау арқылы жүреді. Келтірілген қысымды келесі формуламен анықталады: РПР= h *γ/10, ( 16) Мұндағы, Р – қабаттың берілген нүктесіндегі нағыз қысым; h – берілген қабаттың нүктесінде шартты есептік жазықтықтан көтерілуі. Есептік мұнайлылық контуры. Кенішті пайдалануда екі контурда әртүрлі жылдамдықпен және ұңғыға қарай созылу уақыты әртүрлі болып жылжиды. Ұңғының жұмыс уақытының ұзақтығын анықтау үшін мұнайлылық контурының өзгерісін бақылау керек. Гидродинамикалық есептеулерге есептік мұнайлылықтың ойдан алынған контурын енгізеді. Есептеу контурының орналасуы ұңғылардың сыртқы қатарларының берілген сулылық пайызымен тоқтатылған кездегі мұнай және су бөліктерінің қалыңдығының қатынасы арқылы анықталады: Һн/Һв=(100/ҺВ-1) КЭФ/К*µН/μВ , (17)
Дата добавления: 2014-12-24; Просмотров: 1288; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |