Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ндірістік кооперативтер 2 страница




Технологиялық қор — материалдарды өндірістке даярлау уақыты.

АҚ нормативы келесі түрде табылады

Нақ = Р* На.ос (3.5)

мұндағы Р — АҚ орташа күндік шығыны; На.ос — АҚ нормасы. Келесі формуланы да қолдануға болады

(3.6)

мұндағы В — мерзім ішінде АҚ элементі бойынша шығын (шығару) көлемі (теңге; Т — мерзім ұзақтығы (күн); На.ос — АҚ элемент бойынша нормасы (күндер). Аяқталмаған өндіріс бойынша АҚ нормативы

(3.7)

Мұндағы Пц — өндірістік цикл ұзақтығы; К — шығындардың өсім коэффициенті, біркелкі өсу жағдайында ол келесі формула б-ша табылады:

(3.8)

мұндағы Фе — біруақыттық шығындар; Фн — өсіп жатқан шығындар; С/С — өзіндік құн. Біркелкі емес өсу жағдайында

К = С/П (3.9)

мұндағы С — бұйымның аяқталмаған өндірістегі орташа құны; П — бұйымның өндірістік өзіндік құны.

Басқа формуласы:

К – шығыны өсімі коэффициенті, М – өнім өзіндік құнындағы материалдық шығындар, С – өнімнің өзіндік құны.

Болашақ мерзімдер шығындарының нормативы

(3.10)

мұндағы П — болашақ мерзімдер шығындарының жоспарлы жылдың басына өтетін сомасы; Р — сметалар бойынша көзделген келесі жылдың болашақ мерзім шығындары; С — келесі жылдың өнімінің өзіндік құнына қосылатын болашақ мерзім шығындары.

Сондай-ақ келесі формула қолданылады:

мұндағы αб.п. – болашақ өнім өзіндік құнында болашақ мерзім шығындарының алатын үлесі; Ст.п. – болашақ мерзімнің тауарлық өнімінің өзіндік құны.

Дайын өнім нормативы

3. АҚ пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер

1. Бір айналым ұзақтығы о)

(3.11)

мұндағы Со — мерзім ішінде АҚ қалдықтары; Тпер — мерзімдегі күндердің саны; Vреал — өткізілген өнім көлемі.

2. Айналымдылық коэффициенті белгілі бір мерзім ішінде АҚ жасаған айналым саны

(3.12)

3. АҚ тиеу коэффициенті, өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы АҚ сомасын көрсетеді

(3.13)

Айналымдылықты өсірудің нәтижесінде АҚ белгілі бір сомасы үнемделеді.

Абсолютті үнем келесі жағдайда болады

(3.14)

мұндағы Со.факт — АҚ іс жүзіндегі қалдықтары; Со.план — жоспарлы көлемі; Vреал — өткізу көлемі. Абсолютті үнем келесі формула бойынша анықталады

(3.15)

АҚ салыстырмалы үнемі айналымдылықты өндіріс көлемін өсіру арқылы пайда болады

 

4. Айналым капиталын басқару

Қорларға оңтайлы басқару жүргізу үшін мыналар қажет:

· жоспарлы мерзімге шикізаттағы жалпы қажеттілікті анықтау;

· шикізатқа тапсырыс берудің оңтайлы партиясын және тапсырыс жасау мерзімін мерзім сайын түзетіп тұру;

· шикізатқа тапсырыс беруге және оны сақтауға кеткен шығындарды мерзім сайын түзету және салыстырып тұру.

· Қорларды сақтау жағдайларын бақылап тұру;

· Жақсы есеп жүргізу жүйесін қолдану;

Қорларға талдау жасау үшін айналымдылық көрсеткіштері және факторлық модельдер қолданылады. Аяқталмаған өндіріске оңтайлы басқару жүргізгенде келесі факторлар есебке алынады:

· Аяқталмаған өндіріс көлемі өндіріс ерекшелігіне және көлеміне тәуелді болады;

· Тұрақты қайталанатын өндірістік процестер үшін айналымдылықтың стандартты көрсеткіштерін қолдануға болады;

· Аяқталмаған өндіріс өзіндік құны үш бөліктен тұрады: а) шикізат пен материалдардың тура шығындарынан; б) тірі еңбек шығындарынан; в) үстеме шығындарының бір бөлігінен.

Дайын өнімге оңтайлы басқару жүргізу үшін келесі факторларды есебке алу керек:

· өндірістік цикл аяғы жақындаған сайын дайын өнім өсе береді;

· ажиотажды сұраныстың болу мүмкіндігі;

· маусымды тербелістер;

· жатып қалған және сұранысы аз тауарлар.

Жиһазға қаржы салу екі түрлі тәуекелмен байланысты болады:

а) бағалардың өзгеруі;

б) моральды және табиғи тозуы.

«Дәл уақытында» жеткізу жүйесі (just-in time) келесі жағдайда тиімді болады:

· ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі жақсы ұйымдастырылған болса;

· жабдықтаушылардың сапаны және жеткізуді бақылаудың жақсы жүйелері бар болса;

· компанияда қорларды басқарудың жақсы ұйымдастырылған жүйесі болса.

Сатып алушылармен тиімді қарым-қатынас жасау жүйесі келесіні көздейді:

· несие беруге болатын клиенттерді сапалы түрде таңдау;

· оңтайлы несие беру шарттарын анықтау;

· арызды берудің нақты процедурасы;

· клиенттердің келісім шартты орындауын бақылау жүйесі.

Әкімшілік жасаудың тиімді жүйесі келісіні көздейді:

· дебиторларға барлық сұрақтар бойынша мерзім сайын мониторинг жүргізу;

· жұмыстарды аяқтау, өнімді жіберу, төлем қағаздарын беру арасындағы уақыт интервалдарын ең аз етіп жасау;

· төлем құжаттарын қажет мекен-жайларға жіберу;

· клиенттердің төлем жасау жөнінде сұрауларын тыңғылықты қарастыру;

· есеп-айырысу және төлемді алудың нақты процедурасын анықтау.

Кредиторлық қарыздылықты басқарудың алтын ережесі: іскерлік қарым-қатынасқа нұқсан келтірмей қарыздылықты төлеу мерзімін максимальды ұзарту. Ақшаның және оған эквивалентті қаржының көлемі үш фактормен анықталады: ағымдылықпен (ағымдағы операцияларды қамтамасыз ету), алдын-ала сақтану (кенет пайда болатын төлемдерді жабу үшін), алып-сатарлық (кенет пайда болған тиімді жобаға қатысу үшін). Ақшаны тиімді басқару үшін банкілермен қарым-қатынастарды жақсарту қажет. Ақшаның айналымнан алу уақыты деп аталатын қаржы циклы, қаржы менеджментінің аса маңызды сипаттамасы болып табылады. Ақша қозғалысын талдау арқылы ақша ағынының сальдосын ағымдағы, инвестициялық, қаржы және басқа операция нәтижесінде анықтауға мүмкіндік береді. Ақша ағынын болжау үшін келесі көрсетікштерге баға беру керек: өткізу көлемі, табыстың ақшалай үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздылық, ақша шығындарының көлемі және т.б.

5. Қорларды басқару модельдері

Басшылар келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: а) ақшаның және оның эквиваленттерінің жалпы көлемі қандай болу керек? б) олардың қай бөлігі есеп шотында, қай бөлігі тез өткізілетін бағалы қағаздарға аударылу тиіс? в) қашан және қандай көлемде ақша мен тез өткізілетін активтер арасында өзара трансформация жасалыну керек.

Батыста ең кең таралған модельдерге Баумол моделі және Миллер — Орр моделі жатады. Біріншісі В. Баумол (W. Baumol) 1952 жылы, ал екіншісін — М. Миллер (М. Miller) және Д. Орр (D. Оrr) 1966 жылы құрастырды. Бұл модельдерді отандық экономикаға енгізуге келесі факторлар кедергі болып жатыр: инфляция, пайыздық ставкалардың үлкен болуы, бағалы қағаздар нарығының нашар дамуы және т.с.с.

Баумол моделі

Кәсіпорын мақсатқа сай және оңтайлы ақша қорымен жұмыс істей бастайды да оны біртіндеп шығындайды. Тауар өткізуден түсетін ақшаны кәсіпорын толығымен қысқамерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшаның қоры біткеннен кейін, яғни нольге немесе алдын ала белгіленген қауіпсіздік нүктесіне тең болғанда кәсіпорын бағалы қағаздардың бөлігін сатып қайтадан бастапқы ақша көлемін қамтамасыз етеді. Сонымен, ақша динамикасы “ара” тәріздес графикке ұқсайды

Толтыру сомасы (Q) келесі формула бойынша анықталады

  (3.17)

мұндағы V — мерзім ішінде ақшадағы болжанатын қажеттілік мөлшері (жыл, тоқсан, ай);

с — ақшаны бағалы қағаздарға конвертация жасау шығындары;

r— қысқа мерзімді бағалы қағаздардың кәсіпорынға оңтайлы, жеткілікті табыс пайызы, мысалы, мемлекеттік бағалы қағаздарға.

Сонымен, ақшаның орташа қоры Q/2 тең, ал бағалы қағаздарды ақшаға айналдыру келісімдерінің жалпы саны (k) былай табылады: к = V: Q

Ақшаны басқарудың бұл саясатын іске асырудың жалпы шығындары (ОР) былай табылады:

OP= ck + r Q/2

Бұл формуладағы бірінші қосылғыш тура шығындар болса, екіншісі ақшаны бағалы қағаздарға салудың орнына оны есеп шотқа салу нәтижесінде болатын ұтылыс мөлшері.

Миллер — Орр моделі

Баумол моделі көбінесе, ақша шығындары тұрақты және болжанатын кәсіпорындарда қолдануға болады. Іс жүзінде ондай кәсіпорындар сирек кездеседі, есеп шоттағы ақша кездейсоқ түрде өзгеру мүмкін, және шамамен үлкен тербелістер жасауы мүмкін.

Миллер және Орр құрастырған моделі қарапайым және іс жүзіне сай деп айтуға болады. Ол келесі сұраққа жауап беруге мүмкіндік жасайды: егер ақшаның кірісін және шығысын дәл болжауға болмаса, кәсіпорын ақшаны қалай басқара алады? Миллер және Орр модель құрастырғанда Бернулли процесін қолданды — бұл стохастикалық процесс, мұнда мерзімнен келесі мерзімге ақшаның түсімі және шығыны тәуелсіз кездейсоқ оқиғалар ретінде саналады.

Қаржы менеджерінің іс-әрекеттері сурет 2-де көрсетілген. Ақшаның шоттағы қалдығы кездейсоқ тұрғыда өзгереді, бірақ егер оның мөлшері белгілі бір жоғарғы шекке жеткен кезде кәсіпорын ақшаны қалыпты мөлшерге жеткізу үшін (қайту нүктесі) сәйкес көлемде бағалы қағаздар сатып алады. Егер ақша көлемі төменгі шекке жетсе, кәсіпорын сәйкес көлемде бағалы қағаздарды сатады.

Тақырып 4. Еңбек өнімділігі және еңбекті төлеу

Дәріс жоспары:

  1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы
  2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері
  3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

Практикалық сабақ

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыптың 3.1., 3.3 тапсырмаларын орындау, тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

Әдебиет

1.Дәрістер

2.Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 220-230 б.

3.Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.: «Банки и биржи», 1999 г., 203-218 б

4.Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова, М.: «Инфра-М», 1997 г., 208-223 б.

10. 5. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 36-44 б

6. «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша практикалық сабаққа арналған есептер

жинағы /Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М., Қалдыбаев М.М.: 2005, 33-35 б

Студенттің өздік жұмысына арналған бақылау тапсырмалар

Есеп жинағы бойынша берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс есептерін шығару (№1, №2, №3), сұрақтарға жауап беру.

1. Фирманың еңбек қорларының құрамы және құрылымы

 

Кәсіпорынның барлық жұмыскерлері өнеркәсіпті-өндірістік персоналға (ӨӨП) – өндірісте істейтін және оған қызмет көрсететін адамдарға және өнеркәсіптік емес персоналға– өнім өңдіруге қатыспайтын адамдарға бөлінеді. Кәсіпорынның адам санын және еңбек өнімділігін есептеуде тек ӨӨП көрсеткіші қолданылады. ӨӨП-ның жалпы саны келесі бөліктерден тұрады:

 

Жұмысшылар – еңбек затына тікелей әсер ететіндер – негізгі және көмекші болып бөлінеді.

ИТЖ – инженерлі-техникалық жұмыскерлер –кәсіпорынға ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық басқарумен айналысатын адамдар.

Қызметкерлер – Құжаттармен айналысатын, есепті, есеп жүргізу, талдау жұмыстармен жұмыскерлер.

КҚП – кіші қызмет көрсетуші персонал.

Оқушылар – Кәсіпорында оқитын және оның тізімінде тіркелген адамдар.

Қорғау бөлімі – қорғаудың барлық түрлері.

Қазіргі кезде ӨӨП саны келесі формула бойынша табылады:

 

ӨӨП құрылымы деп жұмыскерлердің белгілі бір категориясының жалпы санындағы пайыздық үлестерін айтады.

, мұндағы чi –i-й топ жұмыскерлер саны.

Жұмыскерлер сондай-ақ, мамандығына, кәсіби мамандығына және біліктілігіне қарай бөлінеді. Нарықтық жағдайларда жаңа пайда болған мамандықтар: мысалы, брокер, дилер, маклер, дистрибьютор, коммивояжер, т.с.с.

2. Жұмыс күшінің қажеттілігін анықтау әдістері

Жұмыскерлер санын анықтағанда олардың келу және тізімдік санын есептейді.

Жұмыскерлердің келу саны – өндірістік бағдарламаны орындауға қажет жұмыскерлердің саны.

Жұмыскерлердің тізімдік саны – кәсіпорынға қабылданған, оның кадрлық тізімінде тіркелген жұмыскерлер саны (іссапарларда, демалыстарда, мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді атқаратын, сырқатқа байланысты келмеген жұмыскерлерді есебке алғандағы).

Жұмысшылардың саны келу және тізімдік саны бойынша табылады, қалған жұмыскерлер категориялары тек тізімдік саны бойынша табылады.

Жұмысшылар саны үш әдіспен анықталады:

1. Уақыт нормасы бойынша:

 

ti – i-й бұйымды өңдірудің еңбек сіңіргіштігі, нормо-сағат.

Ni –i-й бұйымды өңдіру жоспары.

- бір жұмысшының нәтижелі уақыт қоры.

Квн – нормаларды орындау коэффициенті

 

2. Штаттық жұмыс орындары бойынша:

 

- жабдықтың нәтижелі жұмыс уақыт қоры.

Ri – i-й жабдыққа қызмет көрсететін жұмысшылар нормасы, саны.

 

3. Қызмет көрсету нормалары бойынша:

Но – бір адам қызмет көрсететін агрегаттар саны, қызмет көрсеті нормасы.

S – сменалар саны.

ИТЖ саны жұмысшылардың жоспарлы саны және басқару нормасы негізінде анықталады. Мамандар және қызметкерлер саны штаттық кестеге қарай анықталады. КҚП саны қызмет көрсету нормалары арқылы табылады. Оқушылар саны кадрларды даярлау жоспарына сәйкес есептейді. Қорғау бөлімінің адам санын қорғалатын территория ауданына, пост санына, жұмыс смендылығына, жергілікті қалыптасқан криминальды жағдайға қарай анықталады. ӨӨП жалпы саны барлық жұмыскерлер катеорияларды қосу арқылы табылады.

3. Еңбек өнімділігін өсіру мәселелері

Еңбек өнімділігі - тірі еңбектің нәтижелігін сипаттайды. Еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру – өндірісті кеңейтудің және ішкі жалпы өнімді өсірудің бірден-бір қайнар көзі болып табылады.

Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

өңдірумен (ПТ) – уақыт бірлігінде шығарылған өнім көлемі:

еңбек сіңіргіштікпен – өнім бірлігін шығаруға қажет уақыт:

 

Іс жүзінде еңбек өнімділігін келесі формула бойынша есептейді:

Еңбек өнімділігін келесі үш әдіспен есептейді:

1) Натуралдық: Nt – өнім натуралдық өлшем бірліктермен анықталады. Артықшылығы – қарапайымдылығы, көрнекілігі. кемшілігі – бір түрлі өнімге ғана қолдануға болады.

 

2) Ақшалай: өнім ақшалай түрде анықталады.

Nч – таза өнім. артықшылығы – Есептеуі оңай, барлық өнім түрлерін және жағдайларды есебке алады. Кемшілігі – инфляцияның әсерінен еңбек өнімділігінің өзгеруін дәл анықтауға болмайды.

3) Еңбекті: орындалған жұмыстарды еңбек-сағаттармен есептейді.

мұндағы Qi – i-й жұмыс түрінің көлемі

ti – i-й жұмыс түрінің еңбек сіңіргіштігі.

Артықшылығы – барлық өндіріс түрлерінде қолданылады, өнім өңдіру нормасын есептеуге болады, бірақ көрнекі емес.

Жұмыс уақытының қолданылатын бірлігіне қарай еңбек өнімділігі келесі болуы мүмкін:

¨ Сағаттық:

, мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-сағат саны

 

¨ Күндік:

, мұндағы Т – жұмыс істелінген адам-күндерінің саны

¨ Жылдық:

 

 

Еңбек өнімділігінің өсуін анықтау үшін үнемделген жұмысшылар санын табады:

 

Еңбек өнімділігіне көптеген факторлар әсер етеді: экономикалық, ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық, басқарушылық, психологиялық. Осы факторларды кез келген өндірісте кәсіпорын жетекшілері қолдануға тиіс және олардың ішінен ең тиімдісін анықтап, іске асыруы қажет.

Еңбек ақының экономикалық мағынасы

Еңбек ақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытына кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.

Еңбек ақы қажетті өнімнің негізгі формасы болып табылады. Қажетті өнімді еңбек бойынша берілетін төлем (мемлекеттік сектор); жұмыс күші құны бойынша берілетін төлем (кооператив, акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорын); акция дивидендтері; жеке еңбек қызметінен түсетін табыс; тұтынудың қоғамдық формалары, сақтық және мейірімділік қорлары ретінде қарастыруға болады.

Еңбек ақы тікелей еңбек нәтижелерімен байланысқан. Оңтайлы ұйымдастырылған еңбекті төлеу жүйесі жұмыс нәтижелеріне жақсы әсер береді, яғни жұмыскерлердің ынтасын көтереді.

Еңбек ақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады және жұмыскерлер арасында істеген еңбек көлеміне және сапасына, салған капитал үлесіне тәуелді бөлінеді.

Еңбекті төлеу қорын қалыптастырудың әртүрлі әдістері бар, оның ішінде әсіресе қолайлы әдіс – нормативті әдіс болып табылады. Бірақ, оны қолданудың бірқатар шарттары бар: 1) нормативтер тұрақты, ұзақ мерзімді болу керек, өндіріс көлемінің өзгеруі ұжымның еңбек жағдайларымен байланысты болмайтын факторлар әсерінен ғана болады. 2) нормативтер жеке емес топтық болу керек.

Экономикасы дамыған елдерде еңбек ақыны ұйымдастырудың икемді тәсілдері қолданылады, яғни еңбек ақы мөлшері шаруашылық қызмет нәтижелеріне, өндіріс нәтижелігіне тәуелді болу керек. Оны ұжымды келісім шарт арқылы іске асыруға болады. Бұл келісім шартта еңбекті төлеу ережелері, еңбек ақы деңгейі мен еңбек нәтижелері арасында тура тәуелділікті белгілеу қажет.

Еңбекті төлеудә ұйымдастыру келісіні көздейді:

* кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбегін төлеу формаларын және жүйелерін анықтау;

* кәсіпорын жұмыскерлерінің жеке жетістіктері үшін қосымша берілетін төлемдердің шарттарын және көлемін анықтау;

* қызметкерлердің лауазымдық жалақылар жүйесін құрастыру;

* жұмыскерлерге сый-ақы берудің көрсеткіштерін және жүйесін дәлелдеу.

Еңбекті төлеу қағидалары:

- шығындар және нәтижелер бойынша төлеу қағидасы;




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1906; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.126 сек.