Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ндірістік кооперативтер 5 страница




 

Тақырып 8. Сапа, бәсекелестік қабілет, стандарттау және сертификаттау

Дәріс жоспары:

  1. Өнім сапасы түсінігі
  2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер
  3. Өнім сапасын бақылау және басқару

Семинар

Семинар сұрақтары:

1. Өнім сапасы туралы түсінік беру

2. Өнім сапасы көрсеткіштері

3. Өнім сапасын бақылау әдістері

4. Стандарттау, сертификаттау жүйелері

5. Халықаралық стандарттар жүйесі

6. Тұтынушылардың құқықтары және оларды қорғау ерекшеліктері

Әдебиет

1. Дәрістер

2. Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.: «Финансы и статистика», 2000 г., 106-134 б.

12. 3. Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым», 2002 ж., 54-68 б

 

Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма

Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды. (7-8 бет).

Дәріс.

1. Өнім сапасы түсінігі

Өнім сапасы – өнімнің қолдану мақсатына сәйкес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған қасиеттерінің жиынтығы.

Кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі ретінде халық сұранысын жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету болып табылады.

Өнім сапасы оны құрастыру кезеңінен басталады, жасау кезеңінде қамтамасыз етіледі, айналыста болу және өткізу кезеңдерінде сақталынады және қолдану кезеңінде қажет деңгейде ұстауға күш сіңіріледі.

Қазіргі заманғы нарықтық экономика өнім сапасына мүлдем басқа талаптар қояды. Кез келген фирманың нарықтағы орнын сақтау және тұрақты етіп жасау үшін оның бәсекелестік қабілетін өсіру қажет. Ал фирманың бәсекелестік қабілеті екі көрсеткішпен байланысты болады — баға деңгейі және өнім сапасы. Аталған екінші фактордың дәрежесі бірінші орынға шықты. Тіпті еңбек өнімділігін өсіру, қорларды үнемдеу шараларының маңызы өнім сапасын өсіру жұмысынан төмен болып қалды.

Сапа — бұл фирма беделі, пайданың, дамудың қайнар көзі, барлық дерлік персоналға ең негізгі көрсеткішке айналды. Өнім сапасының өсу процесі кәсіпорынның нарық жағдайларында өз орнын сақтау қабілетін қамтамасыз етуге, ғылыми-техникалық прогрес қарқынын өсіруге, өндіріс нәтижелігін өсіруге негіз болады.

Бәсекелестік қабілет факторы ретінде болатын өнім сапасы бүкіл ұлттық экономикаға әсер етеді.

Өнім сапасының деңгейін төмендетудің негізгі салдары:

1. Экономикалық

1.1. Сапасы төмен өнімді шығаруға, тасымалдауға, сақтауға кеткен материалдық, еңбек шығындары.

1.2. Өндірістік инфрақұрылымдағы жоғалтулар.

1.3. Жөндеуге кеткен қосымша шығындар.

1.4. Халықтың жөндеуге кеткен қосымша уақыт шығындары.

1.5. Табиғи қорларды алу үшін қолданылатын төмен сапалы техниканы қолдану нәтижесінде осы табиғи қорлардың жоғалтулары.

1.6. Экспорттың төмен үлесіне байланысты алынбай қалған валюталық табыс.

1.7. Импорттауға байланысты қосымша валютаның шығындалуы.

1.8. Сапаны техникалық бақылау органдарының қосымша материалдық және еңбек шығындары.

2.Әлеуметтік

2.1. Отандық өнімнің дефициттілігі.

2.2. Ұлттық кәсіпорындарында шығарылатын өнім беделінің төмендеуі.

2.3. Қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмау.

2.4. Халықтың тұрмыстық жағдайының төмендеуі.

2.5. Халықтың тауар жасау дефектілерін жоюға байланысты өз бос уақытын тиімсіз жұмсау.

2.6. Ұжымдағы моральдық климаттың нашарлауы.

2.7. Кәсіпорын пайдасының азаюы.

3. Экологиялық

3.1. Ауа, су бассейндерін, жерді тазартуға кеткен қосымша шығындар.

3.2. Халық денсаулығын қалпына келтіруге байланысты қосымша шығындар.

3.3. Нашар экологияға байланысты ауыл шаруашылық өнімдерінің шығарылу көлемдерінің азаюы.

3.4. Ауаның нашар сапасына байланысты ғимараттар мен транспортты қосымша жөндеуге кеткен және тездетілген амортизация шығындары.

2. Өнім сапасын сипаттайтын көрсеткіштер

Өнімнің қасиеттері оның сапа көрсеткіштерінде айқындалады. Көрсеткіштердің келесі топтары бар.

Қолдану көрсеткіштері өнімді қолданудан болатын пайдалы эффектіні сипаттайды және қолдану шектерін көрсетеді. (мысалы машина өнімділігі)

Сенімділік көрсеткіштері өнімнің бұзылмаушылығын, сақталу дәрежесін (өз көрсеткіштерін сақтау қабілеті), қолдану мерзімін (өнімді қажет деңгейде сақтау үшін кеткен шығындар).

Технологиялылық көрсеткіштері өнімді шығарғанда немесе жөндегенде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін конструкторлық-технологиялық шешімдердің нәтижелігін сипаттайды..

Стандарттау және унификациялау көрсеткіштері — өнім құрамында стандартты, унификацияланған және бірегей құрамдас бөліктердің үлесін көрсетеді және басқа өнімдерге қарағанда унификация деңгейін сипаттайды.

Эргономиялық көрсеткіштер адамның өніммен әрекеттесуін сипаттайды (гигиениналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық қасиеттер).

Эстетикалық көрсеткіштер өнімнің ақпараттық көркемділігін, форманың тиімділігін, тұтастығын сипаттайды.

Тасымалдау көрсеткіштері өнімніңтасымалдауға бейімділігін сипаттайды.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштер өнімнің патентпен қорғалуын, патенттік тазалығын сипаттайды.

Экологиялық көрсеткіштер — өнімді қолдану, сақтау, тасымалдау нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ету қасиеттері.

Қауіпсіздік көрсеткіштері сатып алушыға және қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздігін сипаттайды. Сонымен қатар, өнімнің бағасы да өте маңызды көрсеткіштің бірі болып табылады.. Баға көрсеткішіне байланысты экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа мәселесі туындайды. Сатып алушы өнімді алғанда оның қасиеттері оның бағасын қайтаруға жеткілікті ме деген сұраққа жауап беруге тырысады. Бағамен қоса өнімнің эксплуатациялық сипаттамалары да маңызды орын алады, өйткені олар осы өнімді қолдануға және жөндеуге кеткен шығындарды айқындайды.

Экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа деп сапаның шығындарға қатынасын атайды:

Копт = Q (1)
C

мұндағы Копт – экономикалық тұрғыдан оңтайлы сапа;

Q – өнім сапасы;

C - өнімді шығаруға және қолдануға кеткен шығындар, теңге.

 

Осы формуланың алымын анықтау үшін квалиметрия ғылымы қолданылады. Бұл ғылым өнім сапасына сандық баға беру үшін қажет әдістер құрастырды.

3. Өнім сапасын бақылау, басқару

Қазіргі уақытқа дейін қолданылған сапаны бақылау жүйелері:

1. Саратов жүйесі (бірінші тапсырудан қабылдау)

2. Львов жүйесі (еңбекке қатысу коэффициенті)

3. Сапаға кешенді басқару жүйесі

4. Мемлекеттік қабылдау

 

Өнім сапасын жақсарту бағыттарына келесілер жатады.

1. Өнім сапасын бақылау деңгейін көтеру

Сапаны басқару мақсаты ретінде өнім сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету болады, сапасыз өнімнің алдын алу, нашар сапалы өнім шығаруды болдырмау. Өнім сапасына жауапкершілік барлық персонал алу қажет. Өнім сапасын бақылау органдарының саны және жұмыскерлер саны кәсіпорын өлшеміне және олардың орындайтын міндеттемелеріне тәуелді болады.

Сапаны бақылау құралдарына бақылау-өлшеу аспаптары, құрал-саймандар және автоматтандырылған бақылау құрылғылар кіреді. Әсіресе, технологиялық жабдыққа орнатылған автоматты бақылау құралдары үлкен нәтиже береді, өйткені нақты өндірістік процесті бақылайды.

Сапаны бақылау түрлері:

а) топтық — бөлшекті толық және жарым-жартылай өңдеумен байланысты шектес операциялар тобы бойынша;

б) операция бойынша - өте күрделі немесе дәлдікті талап ететін технологиялық процестерде қолданылады;

в) таңдамалы— жалпы көлемнен бірнеше өнім бірлігі таңдалады және бақылауға жіберіледі;

г) жалпылама— әр өнімге жасалынады.

д) қабылдау және аралық бақылау

е) соңғы бақылау.

ж) инспекциялық

з) өзін-өзі бақылау

и) жедел

Өнім сапасын бақылау әдістері: сыртқы қарау (бақылау), өлшемдерін тексеру, механикалық, физикалық қасиеттерін тексеру, экологиялық тазалықты тексеру. Жеке әдіс ретінде сапаға техникалық бақылаудың статистикалық әдісін атауға болады. Бұл әдістің математикалық негізі ретінде ықтималдылық теориясы қолданылады. Сонымен қатар эксперттік әдістер қолданылу мүмкін. Олар мамандардың жалпы тәжірибесіне, интуициясына негізделеді. Оларды басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі жоқ болған кезде пайдаланады.

Соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде сапаға тотальды бақылау жүргізу жүйесі кең өріс алды (TQC). Оның негізгі ерекшеліктері.

1. Сапаны басқару өкілеттілігі жоғарғы басқару бөлімінен төменгіге түсіріледі.

2. Шағын ұжымдар шектерінде «сапа кружоктары» сияқты қызметтің дамуы.

3. Клиент талаптарына артық қарау негізінде нарықта беделге ие болуға тырысу.

4. Өткен тәжірибені зерттеу арқылы тұрақты даму.

2. Өнім сапасын басқару

Сапаны басқару – өнімнің сапасын анықтау, қамтамасыз ету және сақтау мақсатында осы өнімді шығарғанда, қолданғанда немесе тұтынғанда жасалынатын іс-әрекеттер.

Сапаға әсер ететін факторлар:

· Машиналар құрамы;

· Жұмыскерлердің кәсіби білімі, дағдылары, тәжірибесі, денсаулығы.

Сапаны қамтамасыз ету шарттары:

өндірістік процесс сипаты, оның қарқындылығы, ырғақтылығы, ұзақтығы;

қоршаған ортаның климаттық жағдайы;

интерьер және өндірістік дизайн;

материалдық және моральдық стимулдар сипаты;

ұжымдағы моральды–психологиялық климат;

ақпараттық қызмет көрсетуді ұйымдастыру формалары мен жұмыс орындардың жабдықталу деңгейі;

жұмыскерлердің әлеуметтік-материалдық жағдайы.

Сапа бойынша тиімді және үнемді жұмысты ұйымдастыру үшін адамдар келесі схема бойынша іс-әрекет жасайды:

1) Қажеттілікті анықтау және өнім сапасына талаптарды белгілеу (жоспар, сапа бағдарламасы);

2) Бастапқы материалға қажет қасиеттер беру (жоспарды орындау);

3) Шыққан сапаның қойылған талаптарға сәйкестігін тексеру (ауытқуларды анықтау);

4) Ауытқуларды жоюға бағыталған әсер жасау (кері байланыс). Деминг циклы

Өнім сапасының берілген параметрлерден ауытқуы, көбінесе теріс жаққа болады және оның жалпы және жеке көріністері болуы мүмкін.

Жалпыға өнімнің моральдық тозуы, табиғи және моральдық ескіруі жатады, яғни өнімді қолданғанда және сақтағанда тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы.

Кейде жеке ауытқулар да болады. Олар алуан түрлі болуы мүмкін және олардың табиғаты экономикалық және техникалық сипатта болмайды, көбінесе сыртқы сипатта болатын шарттармен анықталады: қолдану ережесін және шарттарын бұзу, құрастырушылар мен жасаушылардың қателері, тәртіпті бұзуға, жабдықтардың бұзылуына және т.б. байланысты болады. Жеке ауытқулар кездейсоқ сипатта болады. Олардың пайда болуын белгілі бір ықтималдықпен анықтауға болады.

Сонымен қатар, өнім сапасына баға бергенде тұтынушылар талаптарының өзгеруін де есебке алу қажет.

3. Өнім сапасын өсіруді ынталандыру.

Ынталандыруды екі жақтан қарастыру керек: объектіні ынталандыру (кәсіпорынды) және субъектіні ынталандыру (жұмыскерді).

Жұмыскерлерді үш бағытта ынталандыруға болады: материалдық, моральдық және ұйымдастырушылық-техникалық.

4. Өнімді стандарттау және сертификаттау.

Стандарттаудың басты міндеті — әртүрлі қажеттерге керек өнімге прогрессивті талаптарды айқындайтын нормативтік-техникалық құжаттар жүйесін жасау және оның дұрыс қолданылуын бақылау.

ҚР стандарттау жүйесі келесі міндеттерді атқарады:

• тұтынушылардың, мемлекеттің сапа және өнім номенклатурасы бойынша мүддесін қорғау;

ғылым және техниканың, халық қажеттіліктерінің дамуына сәйкес өнім сапасын үнемі өсіру;

өнімнің өзара сәйкестігі мен өзара ауыстырғыштық қасиеттерін қамтамасыз ету;

• адам және материал қорларының үнемделуін қамтамасыз ету, экономикалық көрсеткіштерді өсіру;

әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар және жобалардың нормативтік-техникалық базасын құру;

өндірісте және саудада техникалық кедергілерді жою, отандық өнімнің бәсекелестік қабілетін өсіру;

әртүрлі апаттардың болу тәуекелін есебке алып шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін өсіру;

елдің қорғаныс қабілетін өсіру.

Жоғары сапалы өнімді шығару кепілі ретінде оны сертификаттау жүйесі болады.

Сертификаттау — өнімнің іс жүзіндегі қасиеттерінің халықаралық, отандық стандарттарға сәйкестігін күәландыратын шаралар мен іс-әрекеттер жиынтығы, яғни әр кәсіпкер өз өнімін үнемі жаңартып тұруға тырысады. Сыртқы экономикалық қызметтің дамуы фирмаларды халық аралық талаптарға сәйкес сертификаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мәжбүр етеді.

Міндетті сертификаттауға адамға немесе қоршаған ортаға теріс әсер жасай алатын өнімдер және сапа көрсеткіштері жіберіледі және үкіметтің арнайы актілерінде келтірілген басқа көрсеткіштер мен сипаттамалар (мысалы азық-түлік өнімдері).

Сертификаттау өнімге толық және дәл талап қоятын нормативтік құжаттардың болуын, өнім сапасын бақылаудың жоғарғы деңгейін, өңдірушінің толық жауапкершілігін және өңдірушінің сынау әдістері жөнінде ақпарат алуын көздейді.

Тақырып 9. Топографиялы-геодезиялық және картографиялық өндірістегі еңбекті ұйымдастыру және нормалау

Дәріс жоспары:

1. Еңбекті төлеу жүйелері және формалары

2. Еңбекті нормалау әдістері

3. Уақыт шығындарын зерттеу әдістері

Семинар

Семинар сұрақтары:

    1. Уақыт нормасы
    2. Нормалау әдістері
    3. Еңбек шығындарын анықтау әдістері
    4. Еңбекті төлеуді ұйымдастыру
    5. Жұмыс орындарын ұйымдастыру
    6. Еңбек жағдайларын оңтайландыру

Әдебиет

1. Дәрістер

2. Брыкин П.А. Экономика, организация и планирование топографо – геодезического производства: 3-е изд., перераб и доп. – М.: 1988..

Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырма

Студенттер берілген тақырыпқа арналған өздік жұмыс орындау қажет. Өздік жұмыс тақырыбын студент оқытушымен ақылдасып, өзі таңдайды.

1. Еңбек ақы түрлері, еңбекті төлеу формалары, жүйелері

Еңбек ақыны тарифтік және тарифсіз жүйелер бойынша ұйымдастыруға болады.

Тарифтік жүйе

Тарифтік жүйе келесі элементтерден тұрады:

1. Тарифтік-біліктілік анықтамалық (ТБА) – әртүрлі жұмыстардың сипаттамасы және осы жұмыстарды орындайтын жұмысшыларға қойылатын талаптар бар құжат. Әр жұмысқа сәйкес бііліктілік разряды көрсетіледі. Бұл құжатты жұмысшылар еңбегін тарифтеу, яғни нақты разрядты беру үшін қолданады.

2. Тарифтік сетка – бұл тарифтік разрядтар мен оларға сәйкес болатын тарифтік коэффициенттердің шкаласы. Тарифтік коэффициент – эберілген разрядтың ставкасы бірінші разряд ставкасынан қаншаға артық екенін көрсететін шама. Жалпы алғанда 21 разряд бар.

3. Тарифтік ставка – уақыт бірлігі үшін анықталған еңбекті төлеу шамасы. Тарифтік ставка минимальды еңбек ақы деңгейімен байланысты болады. Ол үкіметпен белгіленеді және инфляцияға байланысты мерзім сайын индексацияланады.

4. Аудандық коэффициент – жергілікті климаттық және басқа жұмыс шарттарын есебке алады.

 

Еңбек ақының құрылымы

 

Негізгі еңбек ақы Қосымша еңбек ақы

 
 

 

 


Тарифтік қорға қосымша төлемдерге ТБА мен көзделмеген жұмыс үшін берілетін төлемдер кіреді (түнде жұмыс істеген үшін, оқушыларды оқыту үшін, бригадаға басшылық жасау үшін, жұмыс зияндылығы және т.с.с үшін).

Сағаттық еңбек ақыға қосымша төлемдерге орындалмаған еңбек үшін емес, заңмен белгіленген жағдайлар үшін берілетін төлемдер (1 күн ішінде мемлекеттік, қоғамдық міндеттерді орындау үшін, 1 күн ішінде әкімшілік рұқсатпен алынған демалыстар үшін, кәсіпорын жауапты болған тоқтап қалулар үшін және т.с.с.).

Күндік еңбек ақыға қосымша төлемдер – бұл сағаттық еңбек ақыға берілетін төлемдер сияқты, бірақ бір күннен артық уақыт үшін.

Тарифсіз еңбекті төлеу жүйесі

Бұл жүйе, көбінесе жұмыс орындарға баллдық баға беруге негізделеді. Ол үшін эксперттер тобы берілген жұмыс орынға сипаттама және қойылатын талаптарды белгілейді, нәтижесінде оны баллмен бағалайды. Балл санына қарай жұмыс орындарды жеке класстарға бөледі. Кәсіпорынның жалпы балл сомасын тауып, еңбек ақының жоспарлы қорын есептейді және өнім бірлігіне немесе тауар айналымы бірлігіне саналған еңбек ақы мөлшерін есебке алатын коэффициентті анықтайды.

- бәсекелестің тауарлық өнімі.

Одан кейін бір баллдың құнын анықтайды:

Одан кейін әр жұмыс орны бойынша минимальды еңбек ақы мөлшерін анықтайды. Ол үшін бір жұмыс орын баллдарының минимальды сомасын бір балл құнына көбейтеді. Сосын еңбек ақының жоғарғы мөлшерін табады, ол үшін жұмыс орынның максимальды балл санын бір балл құнына көбейтеді.

Еңбек ақы пайда бөлігі ретінде анықталады. Әр жұмыскерге белгілі бір балл мөлшері беріледі тіркеледі. Барлық баллдар кәсіпорын бойынша қосылады да бір балға саналған пайда үлесін табады:

 

Еңбекті төлеудің айлықтар жүйесі.

Бұл кәсіпорында белгіленген лауазымдық айлықтар негізінде берілетін ақша. Кәсіпорындағы жылдық еңбек ақы мөлшері келесі түрде табылады:

 

Европада сыйақылар еңбек ақының 50% дейін құрайды, АҚШ-та - 400% ке дейін. Олар акциялар немесе басқа бағалы қағаздар пакеттері түрінде берілу мүмкін.

Еңбек ақы формалары және жүйелері.

Еңбек ақыны берудің 2 формасы бар:

- кесімді: еңбек ақы деңгейі шығарылған өнім көлеміне тәуелді болады. Бұл форма бойынша еңбек өнімділігін өсіру ынталандырылады, бірақ өнім өңдіру нормаларын және кесімді еңбек бағаларын есептеуді қажет етеді. Еңбек бағасы – бұл өнім бірлігі үшін берілетін еңбек ақы деңгейі.

 

 

Кесімді еңбек ақы формасының 5 түрлі жүйесі болуы мүмкін:

1) Тура кесімді: еңбек ақы орындалған жұмыс мөлшеріне тура пропорцоналды.

2) Кесімді-сыйлықты: қандай да бір шартқа байланысты қосымша сый-ақы беріледі. Сыйақы негізгі еңбек ақыдан пайыз түрінде белгіленеді.

3) Кесімді-прогрессивті: еңбек бағасы деңгейі прогрессивті шкала бойынша өсіп отырады.

4) Кесімді-жанама: бұл жүйе бойынша негізгі өндіріске қызмет көрсететін жұмысшыларға еңбек ақы беріледі. Еңбек ақы жұмысшының жеке еңбегіне қарай емес, ол қызмет көрсететін бөлімшенің жалпы нәтижесіне тәуелді болады.

5) Аккордты: келісім бойынша еңбек ақы жалпы орындалған жұмыс үшін беріледі. Көбінесе, ерекше немесе авариялық жағдайларда қолданылады.

- мерзімді: еңбекті істеген уақытқа қарай береді, яғни тарифтік ставканы істеген уақытқа көбейтеді. Екі жүйесі болады:

1) Қарапайым мерзімді;

2) Мерзімді -сыйлықты. Кесімді –сыйлықты сияқты негізгі еңбек ақыға сыйақы деңгейі қосылады.

 

Тақырып 10 Топографиялы-геодезиялық өндірісті ұйымдастыру

Дәріс жоспары:

1. Өндірістік процесс оның негізгі көрсеткіштері

2. Өндіріс түрлері

3. Камеральды өндіріс цехтарындағы процесті ұйымдастыру

4. Далалық бөлімшелердің камеральды цехтармен байланысын ұйымдастыру

Семинар

Семинар сұрақтары:

1 Өндірістік процесті және операцияны сипаттайтын көрсеткіштерді қалай табады?

2 Өндірістің қандай түрлерін сіз білесіз?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-25; Просмотров: 1549; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.008 сек.