Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 1 страница




О -64 Приз В.Н., Мукашева Г.Б., Шайхина Ж.К., Ботченко Л.Н.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайы мен дене дамуын зерттеу және бағалау әдістемесі мен ұйымдастырылуы

– Оқу - әдістемелік құрал – Қарағанды – 2009ж – 53 б.

 

ББК 57

Осы әдістемелік құралда балалар мен жасөспірімдер арасында жасына байланысты, бір уақытта кезекті медициналық тексеріс өткізетін мерзімі және ұйымдастырылуы көрсетілген. Шкала регрессия және центильдік интервал бойынша баланың дене дамуын жекелей бағалау, ұжымдағы балалардың дене дамуы, денсаулық жағдайы, индивидуумның денсаулық топтарын анықтау әдістемелері берілген. Медициналық-профилактикалық, педиатрия факультеттерінің студенттері, сонымен қатар санитарлық-эпидемиологиялық қызметі дәрігерлеріне, мектепке дейінгі және мектеп, жасөспірімдер мекемелерінің дәрігер педиатрлары мен медициналық қызметкерлеріне арналған.

 

 

ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-нан кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік секциясымен бекітіліп, типографиялық тәсілмен басып шығаруға рұқсат берілді.

Хаттама № 8. 30.04.2009 ж.

© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Негізгі шартты қысқартулар тізімі

АҚ – артериалық қысым

АҚЖ – ас қорыту жүйесі

Ахқолтық астындағы түктердің пайда болуы

V – дауыс ырғағының өзгеруі

ДД – дене дамуы

ДДСҰ – дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ДЕЛ – демалу мен енбек лагері

ЖАБ – жиі ауыратын балалар

ӨТС – өкпенің тіршілік сиымдылығы

КТМ – кәсіптік-техникалық мектебі

L – қалқанша шеміршегінің өзгеруі

МЕСТ – мемлекеттік стандарт

МДМ – мектепке дейінгі мекеме

Ма – сүт безінің дамуы

Ме –етеккірдің болуы немесе болмауы

М – орташа арифметикалық шама

Р– шап аймағында түктердің пайда болуы

Rу/х – регрессия коэффициенті

СҚО – студенттік құрылыстық отряды

С – вариация коэффициенті

СШО – студенттік шаруашылық отряды

F – бетінде түктердің пайда болуы

δ – сигма

δ r – сигма регрессии

 

Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер денсаулығын қорғау баланың туылған сәтінен бастап, мектеп, КТМ бітіргенге дейін квалификацияланған дәрігерлік бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйе болып табылады. Бұл жүйе динамикалы болып келеді. Уақыт өтуімен зерттеу тәсілдері және денсаулық көрсеткіштері де өзгеріп отырады, осының барлығы тәжірибедегі дәрігер жұмысын ұйымдастыруда және дайындығында көптеген қиыншылықтарға алып келеді. Бұл балалар контингенті арасында бүкіл сауықтандыру жұмысының тиімділігін төмендетеді.

Қазіргі оқу-әдістемелік құралда осындай кемшіліктерін жоюға және онда біздің республикамыздағы балалардың медициналық қамтамасыздандыру дағдыларының мазмұны бар.

Антропометриялық зерттеулерді жүргізу кезіндегі кемшіліктері болып,

олардың қатаң кезеңділігін сақтамау және медициналық қарау мерзімінің қойылмауы табылады (кейбіреулерінде тек айы мен жылы ғана қойылады). Балалардың даму тарихында бала анасының ұлтын тіркеу қарастырылмаған, ол аралас некелердегі баланың антропологиялық ұлтын анықтауды қиындатады.

Балалардың денсаулығын бағалаудың және зерттеудің бүкіл жүйесінің басты табалдырығы болып, осы екі процестің ажырауы табылады. Көбіне антропометриялық зеттеулерді жүргізуге мейірбике жауапты, ал оларды бағалауға дәрігер – педиатр жауапты болып келеді. Бұл өз жұмысының нәтижесін көрмеген, соның нәтижесінде осы зерттеулердің маңыздылығын түсінбегендіктен, мейірбике жұмысының сапасы төмендейді.

Барлық көрсетілген кемшіліктер жеңіл жойылады және балалар денсаулық жағдайын зерттеу және бағалау сұрақтарына балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің барлық медициналық звеноларының жауапты және саналы қарым – қатынасын талап етеді. Осы арқылы қазіргі оқу - әдістемелік құралдың мақсаттылығы анықталады.

 

1. Денсаулық - бала ағзасының қоршаған ортамен өзара қатынасының сәйкес адекваттылық критерийі ретінде

Балалар мен жасөспірімдер дене дамуында және денсаулықты жақсарту жұмысындағы соғысқа дейінгі жылдармен салыстырғанда маңызды прогресс, “дені сау бала” түсінігін қайта қарастыру қажеттілігін көрсетті. Егер осы түсінік тек ағзада ауыр созылмалы аурулардың жоқтығы және баланың дене және ақыл – ой дамуында айқын артта қалу дәрежелерінің жоқтығы деп түсінілсе, қазіргі кезде ол түсінік мүлдем өзгеше.

Денсаулық анықтамасын қалыптастыру және оны сандық бағалу үшін, критерийлерді іздеу қазіргі кезде социологтардың, гигиенисттердің, экономисттердің, демографтардың, клиницисттердің, социал – гигиенисттердің және т.б.назарында қалып отыр. 1942-1986 жылдар аралығында әртүрлі шет ел және отандық мамандармен денсаулықтың 40-тан астам анықтамалары берілді. Барлық ұсынылған анықтамалар кәсіптік көзқарастарға тәуелді денсаулықты көрсетеді:

- ағзаның функционалдық жағдайы ретінде;

- ағзаның морфо-функционалдық жүйелерінің қасиеті ретінде;

- статистикалық сипаттамалар жиынтығы ретінде;

- ағзаның биологиялық және әлеуметтік қызметтерді орындай алу қабілеттілігі ретінде;

Денсаулық 3 әртүрлі принципті мағыналарда қарастырылады:

- Денсаулық – ағзаның оңтайлы жағдайы ретіндеОсы түсініктің анықтамасы “ең жақсы”, “оңтайлы”, “ең толық”, “максимальді” т.б. терминдерімен беріледі.

- Денсаулық – функционалдық норма ретінде, бұл кезде денсаулық ауру мен патологияға қарама – қарсы түсінік ретінде қарастырылады. (“норма - патология”, “денсаулық - ауру”).

- Денсаулық – ол ағзаның азды – көпті дәрежеде, яғни оңтайлы сәйкестігінен бастап, экстремальды сырқатына дейінгі жағдайы. Мұнда қолданылатын “денсаулық деңгейі”, “денсаулықтың жақсаруы”, “денсаулықты балдық бағалау” сөз тіркестерімен түсіндіріледі.

Барлық келтірілген мағыналарды денсаулық ағзаның өмір сүру қабілеттілігі ретінде қарастырылған.

Денсаулықтың келтірілген белгілердің бірігуі келесі кең таралған анықтамалармен беріледі:

- денсаулық – бұл адамға өзінің әлеуметтік қызметтерін және кәсіптік міндеттерін орындауға мүмкіншіліктерімен қамтамасыз ететін азаның өмір сүру қабілеттілігінің оңтайлы эффективті деңгейі;

- денсаулық – бұл адамның әртүрлі салада қызмет ету мүмкіншіліктерін қамтамасыз ететін салыстырмалы психосоматикалық жағдайлардың жиынтығы, ағзаның оңтайлы өзіндік реттелу жағдайы және оның ортамен динамикалық тепе – теңдігі;

- денсаулық – аурулар мен зақымдардың жоқтығына қарағанда,одан да жоғары. Бұл толық еңбектену, дем алу, адамға тәне биологиялық және әлеуметтік қасиеттерін орындау, еркін және қуанышты өмір сүру.

Гигиена жағынан қызығушылықты қоршаған ортада ағзаның оңтайлы қызмет етуін қамтамасыз ететін денсаулық тудырады. Сондықтан гигиенисттерге жақын анықтама болып, 1949 жылы (Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы) ДДСҰ қаулысымен қабылданған анықтама табылады:

“ Денсаулық – ағзаның қоршаған ортамен динамикалық тепе – теңдігін сипаттайтын, денесінің, жан дүниесінің және әлеуметтік сәттілігі, сонымен қоса сырқаттың, кемістіктің болмауы.”

Денсаулық ағзаның оңтайлы қызмет ету қабілеттілігі ретінде, тек клиникалық айқын симптомдардың жоқтығы ғана емес, сонымен қатар олардың бастапқы көріністерінің жоқтығы.

Демографиялық зерттеулер нәтижесінде анықталатын “денсаулық” көрсеткіштері бұл тек айсбергтің көрінетін бөлігі ғана, ал су астындағы бөлігін патология алды жағдайлар құрайды. Осы жағдайларды дені сау баланың “деңгейін ” анықтау негізі ретінде гигиеналық диагностика пәні болып табылады. Ұжым денсаулығы бұл жағдайда нозологияға дейінгі диагностика критерийі болып табылады.

Біздің қоғамның мәдениетінің, ғылымының және денсаулығының қазіргі сатысындағы баланың денсаулық жағдайы мен даму сипатын жан – жақты бағалау ағзаның функционалдық ерекшеліктерін ескергенді талап етеді. Толық денсаулықты нығайтудың бірінші сатысы дене дамуы және жүйке жүйесінің дамуының үйлесімділігін және дәрежесін бағалауын талап етеді. Екінші саты – анықталған патология формасы мен сипатын бағалау. Сондықтан баланың дене дамуы және функционалдық жағдайы қазіргі күнде тікелей, ал сырқаттанушылық және т.б.демографиялық көрсеткіштер жанама денсаулық көрсеткіштері ретінде қарастырылады.

Патология алды жағдайлар диагностикасы тәсілдерінің саны, осы процестердің дәрежесін сандық бағалау, алдын-алу шараларының ғылыми негізі болуы мүмкін. Олар бірінші реттік және екінші реттік алдын-алу шараларымен сәйкес келуі тиіс. Осыдан келе, алдын-алу шаралары нақты аурулардың алдын алуға емес, олардың даму мүмкіншілігін төмендетуге бағытталған.

2. Дене дамуы – тұрғындар денсаулығының маңызды

көрсеткіштерінің бірі

Балалар контингенті үшін дене дамуының көрсеткіштерінің маңызы зор. Ол көрсеткіштер әр баланың дамуының жеке ерекшеліктерін бағалауға, оның қалыпты гармониялық дамуынан ауытқуын уақытында анықтауға және өз уақытында қажетті сауықтандыру шараларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дәрігер, индивидумның дене дамуының көрсеткіштерін стандарттармен салыстыра отырып, ағзаның дене даму жағдайын, дене салмағын, тығыздығын, дене пішінін, ағзаның құрылымдық-механикалық қасиетін бағалайды, бірақ жастық даму жолында толық ақпарат бере алмайды. Даму процесін, бойдың жылдық өсімін талдау жолымен бағалау, сүт тістерінің ауысу жолымен, екінші жыныстық белгілердің даму жолымен бағалау мүмкін болады, ал жеткен деңгейді «биологиялық жасты» паспорттық жаспен салыстыра отырып, бағалауға болады. «Биологиялық жас» дегеніміз онтогенездің әр этабында баланы сипаттайтын морфо-функционалдық көрсеткіштерінің дамуының нақты деңгейі.

Антропометриялық жағынан дене дамуын ағзаның физикалық күш қорын анықтайтын морфо-функционалдық қасиеттерінің кешенін түсінуге болады. Дене дамуы денсаулық деңгейін анықтайды, немесе денсаулық деңгейі дене дамуын анықтайды. Осы екі көрсеткіштің арасында тығыз байланыс бар, денсаулық көрсеткіші жоғары болған сайын, дене дамуының деңгейі де жоғары болады.

Дене дамуы – әр нақты сәттегі ағзаның жетілу процесін сипаттайтын, қоршаған орта жағдайына бағынышты және онымен өзара байланыста болатын морфологиялық, функционалдық белгілердің жиынтығы.

Сонымен дене дамуы, даму процесінің биологиялық жасқа сәйкестігін ғана емес, уақыттың әр бөлігінде морфо-функционалдық жағдайын сипаттайды.

Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы биологиялық заңдылықтарға бағынады және организмнің өсуінің және дамуының жалпы заңдылықтарын бейнелейді:

- бала ағзасы жас болған сайын, ондағы өсу және даму процестері қарқынды жүреді;

- өсу және даму процестері біркелкісіз өтеді және әр жас кезеңіне нақты анатомо-физиологиялық ерекшеліктер тән;

- өсу және даму процестерінің жүру барысында жыныстық айырмашылықтар байқалады.

 

3. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуы мен денсаулық жайдайын зерттеу әдістемесі

Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуын зерттеу медициналық байқаудың ажырамас бір бөлігі. Медициналық байқау өткізу мерзімдері бірқатар әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстармен реттеледі.

Балалар мекемелерінде кезеңді медициналық байқауларды балалардың жасына сәйкес, белгілі бір мерзімде дәрігер –педиатр жүргізеді.

- 1 жасқа дейінгі балалар- ай сайын, айдың соңғы бес күндігінде;

- 1-3 жас – квартал сайын, 20-30 наурыз, маусым, қыркүйек және желтоқсан;

- 3-7 жас – жылына 2 рет, 20-30 мамыр, қараша;

- 7- жастан жоғары – жылына 1 рет, тұрақты график бойынша 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін.

1. Бала -бақшалардың дайындық топтарында және мектепте медициналық байқаулар әрқашан кешенді сипатта және құрамында педиатр, окулист, отоларинголог, невропатолог, хирург, стоматолог кіретін дәрігерлер бригадасымен жүргізіледі.

2. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды медициналық байқаудан МДМ медбикесі өткізеді. Антропометриялық тексерістер жүргізе отырып, дене дамуының дәрежесін бағалайды.

3. Міндетті антропометриялық зерттеулер көлемі, баланың жасына қарай белгіленеді: 3 жасқа дейін бойы тікесінен, дене салмағы, кеуде клеткасының аумағы тыныштық жағдайда, бас аумағы; 3-7 жас – бойы тікесінен, дене салмағы және кеуде клеткасының аумағы тыныштықта; 7- жастан жоғары – бойы тікесінен, дене салмағы, кеуде клеткасының аумағы тыныштықта, максимальды тыныс алғанда, тыныс шығарғанда.

МДМ медициналық кабинеттің ауа температурасы 22 градус С кем емес, мектептерде 20 градус С, 1 күнде байқаудан өткізілген балалар саны 60-80 адамнан көп болмауы керек. Басты антропометриялық көрсеткіштер: бойы, салмағы және тыныштық кезінде кеуде клеткасының аумағы, ал бас аумағы мен тыныс алғандағы және тыныс шығарғандағы кеуде периметрінің терапиялық ақпараты бар.

4. Дене дамуы туралы П.Н.Башкировтың «Адамның дене дамуы туралы оқу» атты классикалық еңбегінде көрсетілген. ХІХ ғ. Соңында А.Д.Доброславин, Ф.Ф.Эрисман, Р.Н.Рума спирометрия және динамометрия дұрыс жетілмеген деп есептеген, ол зерттеушісінің еріктік және эмоциялық жағдайына байланысты деп көрсеткен, ал В.И.Сергеев (ӨТС) өкпенің тіршілік сиымдылығы дене дамуы жақсы адамдарда әрқашан жоғары бола бермейді деп көрсеткен. Сондықтан дене дамуын зерттеу бағдарламасына ӨТС және динамометрияны енгізудің мәні жоқ.

1 жасқа дейінгі балалардың дене ұзындығын өлшеу, көлденең ағаш бой өлшегішке жатқызып өлшенеді. Басы көз қиығы құлық ұшымен бір тік жазықтықта болатындай орналастырылады. Тізелері бүгілмейтіндей етіп, бой-өлшегіштің жылжымалы планкасын табанын тік бұрышпен орналастырып, өкшесіне тірейді. Дәлділігі 0,5см.

7 жастан жоғары балалардың бойын өлшеуде вертикальді бой өлшегіш қолданылады. Бала тік бой өлшегішке өкшесін, жамбасын, жауырындарын тигізіп тұрады, басы көздің төменгі қиығы, құлақ ұшымен көлденең бір жазықтықта болатындай орналастырылады. Жылжымалы планка бастың жоғары нүктесіне тигенше түсіріледі. Дәлділігі 0,5 см. Бойды өлшеу күннің бірінші жартысында жүргізіледі, өйткені күні бойы дене ауырлығының нәтижесінде омыртқааралық дискілер қысылып, табан ойығы жалпаяды, сөйтіп баланың бойы күн соңында өзгереді.

5. Бір жасқа дейінгі балалардың дене салмағы (массасы) табақшалы таразыда өлшенеді. Дәлділігі -10г. 1 жастан асқан балаларды Фербенкс түріндегі медициналық таразыда өлшейді. Дәлділігі -50г. Өлшену уақытында бала тарзының ортасында тұру керек. Балаларды өлшеу аш қарында немесе тамақ қабылдағаннан 1,5-2 сағаттан өткеннен кейін жүргізіледі.

6. Кеуде клетка аумағы резиналы сантиметрлік лентамен өлшенеді. Лентаны арт жағынан жауырынның төменгі бұрышының астына (ол қолды жоғары көтергенде жақсы анықталады), алдыңғы жағынан төменгі сегмент емізікше маңына қойылады (жоғарғы сынып оқушыларының пубертатты кезеңде аралық деңгейінен сүт безінің жоғарғы шетінен өтеді). Өлшеу кезінде жұмсақ тіндерді шамалап қысып, лентаны тарту керек. Лентаның санақ басы жағы әрқашан оң жақта болу керек. Кеуде аумағын өлшеуде үзіліс кезінде зерттеуші дауыстап санау немесе сөйлеу керек. Үзілісте өлшегеннен кейін, лентаны қозғамай зерттеуші максимальді дем алу керек және көрсеткішті жазып алу үшін, демін ұстап тұру керек, содан кейін максимальды тыныс шығарады, өлшеудің дәлділігі – 0,5см.

7. Бас аумағын өлшеу үшін лентаны артынан шүйде төмпешігіне, ал алдынан- қас үстілік бұрыш бойынша маңдай төмпешігіне қояды. Өлшеу дәлділігі – 0,5см.

8. Педиатр мен хирургтың баланы тексерудің дәрігерлік зерттеу бағдарламасына белгілерді сипаттау кіреді.

- көрінетін шырыш қабаттары мен терінің жағдайы –түсі, тазалығы, тері серпімділігі, шырыштың бояуы және т.б.

- май жинауының айқындылығы және сүйек рельефінде жиналуы үш балдық шкаламен бағаланады (аз, орташа, үлкен немесе сәйкесінше 1-2-3 баллмен). Май жиналудың «аз» кезінде сүйек рельефі анық көрінеді, «орташа» сүйек рельефі айқын емес, «үлкенде» сүйек рельефі тегіс, контуры жұмсақ, дөңгелектенген.

- бұлшықет рельефінің айқындылығы және оның тонусы 3 балдық шкала бойынша анықталады. Бұлшықет дамуының «аз» дәрежесінде еттердің рельефі әлсіз анықталады, серпімділігі төмендеген, «үлкен» рельефі айқын және еттердің серпімділігі жоғары, «орташа» осы екі бағаның ортасындағы жағдай.

- сүйек жүйесі – сүйек жағдайы бойынша бағаланады (ірі, жіңішке), рахиттан кейінгі сүйек белгілерінің болуы (қабырғада рахиттің белгілері, кеуде клеткасының, аяқтың формасының өзгеруі), омыртқаның дұрыстығы немесе оның формаларының функционалды бұзылыстарының болуы.

Дұрыс мүсін кезіндегі көрсеткіштер мойын тереңдігі және омыртқалық бүгілістері сәйкес және кішілерде 3-4см, орташа және үлкен жастағыларда 4-4,5см ауытқиды, денесі тік ұсталады, бас көтерілген, иықтары бір деңгейде тұрады, іші тартылған, аяқтары тік.

Бүкірейген мүсін кезінде мойын бүгілуі тереңдейді, омыртқа тегістеледі, басы алға иілген, иықтары төмен түскен.

Лордоз типті мүсін кезінде омыртқа бүгіледі, жоғарылайды, мойын тегістеледі, іші шыққан, дененің жоғарғы бөлігі артқа шалқайған.

Кифоз типті мүсін кезінде мойын және омыртқаның бүгілулері үлкейген, арқа дөңгелек, иықтары төмен түскен, басы алға иілген, іші шыққан.

Тік мүсін – екі бүгілудіңде тегістелуімен сипатталады, арқасы тік.

Сурет 1.

а) А – қалыпты; Б – бүкірленген; В – лордоз типті; Г – кифоз типті; Д –тік мүсін.

9. Табан – қалыпты, тығыздалған және жалпақ болып бөлінеді. Табанның жағдайы визуальды және пальпация арқылы анықталады. Белгісіз жағдайда плантография әдісі қолданылады. Плантограф биіктігі 2 см, ағаш рамкадан тұрады және өлшемі 40х40, бетінде полиэтиленді пленка, төменгі жағы авторучка үшін 1:1 ерітілген сиямен боялады. Плантографтың боялған жағына еденге таза парақ қояды. Табанның ізін алу үшін зерттеуші бір немесе екі аяғында плантографтың полиэтиленді пленкаға қояды, боялған ткан иіліп және қағазға аяқ қондырады. Алынған ізге (2 сурет) өкше ортасынан бірінші саусақ ортасына және екінші саусақ аралық аралыққа сызық жүргізіледі. Егер табан ізінің контуры сызықты жаппаса, онда табан – қалыпты болып есептелінеді, ал егерде сызық бірінші линияны жапса – ол жалпақтау табан, екінші сызықты жапса – жалпақ табан. Жалпақтау және жалпақ табанды балаларды ортопедке жіберу керек.

 

Сурет 2.

Плантограмма түрлері.

А –қалыпты табан; Б –жалпақтау табан; В –жалпақ табан (майтабан).

10. Жыныстық жетілу деңгейлері формула түрінде көрсетіледі, екінші жыныстық белгілер балмен бекітіледі.

1. Шаптағы түктердің дамуы.

- түктің болмауы Р0

- бірнеше қысқа түктер- РI

- шаптың ортасында, қалың, ұзын түктер – Р2

- шаптың барлық үшбұрышында қалың ұзын түктер Р3

- түктер шаптың барлық аймағында орналасқан, жамбасқа, іштің ақ сызығы бойымен шыққан – Р4

2. Қолтық астының түктерінің дамуы.

- түк болмауы – Ах 0

- сирек түктер – Ах I

- ортасындағы түктер – Ах 2

- барлық жерде, толық түктер – Ах3

3. Бет жамылғысында түктердің дамуы.

- түктердің болмауы – F0

- сирек ұзын түктердің пайда болуы немесе беттегі айқын «шоғыр» - ҒI

4. Дауыс ырғағының өзгеруі.

- дауыс мутациясының болмауы – V I

- дауыс мутациясының пайда болуы – V2

5. Жұтқыншақтағы қалқанша шеміршегінің өзгерісі.

- өзгерістің болмауы – L0

- жұтқыншақта қалқанша шеміршегінің ұлғаюы –LI

6. Сүт безінің дамуы

– балалық кезең – Ма 0

- без байқалмайды, емізікше маңайындағы дөңгелекте емізікшенің көтерілуі – Ма I

- емізікше маңайындағы дөңгелек ұлғайған, емізікшемен бірге конус тізілген. Без байқалады – Ма 2

- без үлкен көлемде көтерілген, емізікше конус тәрізді – Ма3

- емізікше маңы дөңгелегі, без үлкендердікіндей – Ма4

7. Етеккірдің болуы немесе болмауы.

- оның пайда болу жасы- Ме13

Денсаулық жағдайын жалпы скрининг- тесті негізінде бақылау.

І – этап – балалар мекемесіндегі медециналық бике скрининг- бағдарламасымен барлық балаларға зерттеу жүргізеді.

ІІ – этап – балалар мекемесінің дәрігері балаларды скрининг тесті бойынша зерттейді.

ІІІ – этап- балалар емханасының қысқа мамандарымен жүргізіледі. Медициналық қараулар балалар денсаулық жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

Скрининг – бағдарламаға кіреді.

1. Анкеталық тест – оқушының өзін немесе ата-анасын арнайы анкета арқылы сұрау жүргізу. Анамнездік мәліметтерге және шағымдарға, жүйке, жүрек тамыр, ас қорыту жолдары, зәр шығару жолдарының өзгеруімен сипатталады, және де сонымен қатар мұрын- жұтқыншақ аурулары және аллергиялық аурулар жағдайларының бар жоқтығына сұрау жүргізуі бағытталған (қосымша).




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 3173; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.