Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Кіріспе 2 страница. Осы анкета белгілі жүйе бойынша балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайының ауытқуы пайда болған кезде




Осы анкета белгілі жүйе бойынша балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайының ауытқуы пайда болған кезде, негізгі «кілттік» шағымдары топтастырған қарапайым сұрақ түрінде.

Мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларын тексерген кезде, анкетаны ата-аналары толтырады, ал 5 сыныптан бастап – оқушылар өздері толтырады.

1-7-ге дейінгі сұрақтар жүйке жүйесінің ауытқуларына бағытталған, ал 8-9 аралығындағы сұрақтар жүрек –тамыр жүйесінің ауытқуларына бағытталған, және де 10-12 дейінгілері мұрын-жұтқыншақ жағынан, ал 13-19 аралығы ас қорыту жолдарына арналған, 20-21 –ге дейінгісі бүйрек ауытқуларына, 22-24 аллергиялық сұрақтарға бағытталған.

Сұрап біткен анкетаның нәтижесін медбике тексереді, ол жауап берілген сұрақтарды (+) белгілерімен белгілейді, оң жауап алған сұрақты санмен белгілейді. Осыдан кейін оның нәтижесін балалар дәрігері тексеріп, қай балаға көңіл аудару керек екендігін және қандай арнайы және қосымша тексерулер жүргізу керектігін шешеді.

2. Регрессия шкаласы бойынша дене дамуына баға беріледі.

3. Артериялық қысымды өлшеу (төменгі сынып оқушыларын жастарына байланысты, стандартты манжетке байланысты), яғни гипертоникалық және гипотоникалық жағдайларына байланысты.

8—12 жастағы балалардың артериялды қысымын өлшеу, тек «үлкен» кездегі манжетті немесе қосымша есепті баланың иық аумағының көлемін білуімен және тығыз дене салмағымен салыстыра отырып жүреді. Баланың дене дамуын бағалау жеке стандарттармен салыстырылуы қажет. І –ші кестеде көрсетілгендей.

1 кесте

Стандартты манжет өлшеулері кезінде алынған систолалық

қысымның өлшеулерінің (мм.сынап бағанасы бойынша) жөндеулері

(8-12 жастағы әртүрлі дене салмағындағы балалар).

Жасы (жыл бойынша) Дене салмағы стандарт бойынша
қалыпты дефицит артық
  +10 +15 +5
  +10 +15 +5
  +10 +15  
  +5 +10  
    +5  
13 хх      

 

Ескерту: Х-саны диастолалық қысымды қарастырғанда жүргізіледі және де диастолалық қысымды стандарттық және манжеттік өлшеулермен ажыратылады.

ХХ – 13 жастағы және үлкен жастағы балаларда (дене салағына тәуелді болмай-ақ) артериялық қысымдардың нақты сандарын стандарты үлкен жаста манжет бойынша өлшемдері ажыратылмайды.

4. Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстарын визуальді-инструмент көмегімен зерттеу.

4.1. Мүсіннің бұзылуын анықтау үшін тест картасы

Сұрақтар Жауап
  Қимыл мүшелерінің зақымдануы, жүректің ақаулары, жарақаттар. Иә жоқ
  Мойынның, бастың ортаңғы сызықтан ауытқулары; иық, жауырын, жамбас сүйектері симметриялы емес. Иә жоқ
  Кеуде клеткасы «етікші», «құс төс», деформирленген. Иә жоқ
  Омыртқаның физиологиялық қисаюының, мойын лордозы, кеуде кифозы, бел лордозының үлкейуі және кішірейуі. Иә Жоқ
  Жауырынның шамадан тыс қалуы. Иә жоқ
  Шамадан тыс іштің шығып тұруы. Иә жоқ
  Аяқтардың осьтерінің бұзылуы (О-тәрізді және Х-тәрізді). Иә жоқ
  Бел үшбұрышының тегіс еместігі. Иә жоқ
  Өкшенің вальгусты болуы (өкше ортасының сыртқа ауытқуы) тұрған кезде. Иә жоқ
  Жүрістің өзгеруі: ақсап жүру, «үйрек» сияқты. Иә Жоқ

 

Тексерулер келесі түрде жүргізіледі:

1. Алдынан қарау – қолдарын дене бойында ұстап тұру. Аяқ, бас, мойын, иықтарының симметриялары, бел үшбұрышының түзу пішінін анықтайды. Қалыпты жағдайда үшбұрыштар біркелкі пішінде болуы керек. Кеуде клеткасының деформациясы, жамбастың бірқалыпты деңгейде болуы.

2. Қырынан қарағанда – қолдарын дене бойында ұстап тұру. Кеуде клеткасының пішіні, іштің, жауырынның шығып тұруы, арқа пішіні анықталады.

3. Артынан қарағанда – қолдарын дене бойында ұстап тұру. Жауырын бұрышының симметриясы, омыртқа пішіндері, аяқ пішіні, табанның ортасын анықтау (вальгусты және жоқ).

4. Соңғы тексеруде балаға бірнеше қадам жасатқызып көреді, оның жүрісінің бұзылысын байқайды.

Тексеріс кезінде тестік карта (2 кесте) толтырылады, және де мүсінінің бұзылысына баға береді.

- қалыпты мүсін – барлық сұрақтарға теріс жауаптар

- кейбір ауытқулар, мектеп, мектепке дейінгі балалар дәрігерінің қадағалауын талап етеді – бір немесе бірнеше сұрақтардан 3 –тен 7- санға дейін оң жауап болса.

- Мүсіннің қалыптан айқын ауытқуы, ортопедке кеңеске бағыттама беру -1,2,8,9,10 сұраққа оң жауап болса.

4. 2. Шынайы сколиозді анықтау тесті

Шынайы сколиоздарға омыртқа бейнесіне жүретін немесе омыртқаның өзінің тік өсіне қатысты айналуымен жүретіндер, осы кезде омыртқаның сүйекті өсіндісін ортаңғы жазықтықтан денені бүкірейткенде көрінетін, төмпек түзе отырып, орта жазықтықтан қисаюы жүретіндер жатады.

Шынайы сколиозды анықтау үшін, омыртқаны иілтіп және денені алға еңкейтіп қарау.

- Дененің еңкеюі ақырын жүреді, қолдары төмен салбырап бос тұрады, аяқтары түзу тұрады.

Омыртқа жотасының бейнесін (қисаюын) анықтаған кезде нақты тексеруді екі түрде жүргізеді: алдынан және артынан.

Артынан қараған кезде (бала дәрігерге артымен тұрады), баланы алға қарай енкейтіп, омыртқа жотасының бейнесін кеуде-белдік және бел омыртқа бөлімінде анықталуы мүмкін.

Алдынан қараған кезде (бала дәрігерге алдымен қарап тұрады), баланың кеудесінің еңкеюі, жоғарғы-кеуде омыртқа жотасының бейнесі (торси) және кеуде бөлімінің омыртқа жотасының бейнесінде өзгеріс бар екенін анықтауға болады.

4.3. Плантография – майтабанды анықтау тестісі

А.А.Малиновский тестісі бойынша миопия алды көріністі анықтау.

Бұл тест мектепке дейінгі мекемеде 6 жастан және 1 сыныптарда қолданылады. Сивцев –Годовина кестесі бойынша арнайы көру өткірлігін зерттеу қажет. А.А.Малиновскиий тестісі балаларда миопия алды орналасуды анықтайды. Бұл тест 2 этап бойынша анықталады:

1. Көру өткірлігін анықтау (жалпы әдіс бойынша).

2. Қалыпты көру өткірлігінің орташа контингентін балалардағы миопияны алдын-ала анықтау.

Тексеру әдістері: көру өткірлігін анықтағаннан кейін, қалыпты көру өткірлігін анықтауға линза қолданылады; әрбір көзді жеке-жеке тексереді, бір көзін щитпен жауып тұрып. Линзаны қолдану тестісі бойынша + 1,0Д баланың көз әйнегінді, көзінің ара қашықтығы 56-58мм болғанда.

Нәтижеге баға беру.

- бала линзаны киіп кестенің 9-10 жолдарын оқыса – тест теріс болып шығады (қалыпты жасты рефракция);

- бала линзаға қарап, кестенің 9-10 жолдардағы әріптерді оқи алмаса және де оларды бір-бірінен ажырата алмаса – тест оң болып шығады (миопия алды жағдайдағы рефракцияның жас бойынша күшеюі).

Миопия алды балалар «қауіпті топ» миопия ауруы ретінде қарастырылады. Бұндай балалар офтальмологқа бағыттама алып, кезеңділік бақылаудан өніп отыруы тиіс.

Балалар мекемесінің медбикесі Малиновский тестісімен зерттеу жүргізеді. Малиновский тестімен көздің өткірлігін зерттеген уақытта, теріс нәтиже берілген балалар 3 жылда 1 рет тексерістен өтеді, яғни 4-7-10 сыныптарда.

б. Түрлі- түстің бұзылуын анықтауға көзге тест жүргізіледі (мектеп оқушылары). Түрлі –түсті сезудің бұзылысы көбіне мамандық таңдаған уақытта маңызды роль атқарады (жүргізуші, аппаратшы т.б.) әсіресе ұл балаларда жиі тұқымқуалаушылық сипатынан байқалады. Көзді түрлі-түсті зерттеуде арнайы полихраматикалық Рабкин кестесі қолданылады. Бұл кестеде дөңгелектер әр түстес, бірақ белгілері мен сандардың бойы интенсивті бірдей, оларды қалыпты түсті көруді жеңіл ажыратуға болады. Зерттеуге тек 1-ХШ полихраматикалық кестесі қолданылады. Зерттеу табиғи жарықпен жүргізіледі, зерттеулуші арқасымен терезеге қарап отырып, ал зерттеуші терзеге бетімен қарап отырады. Кесте көлденең көрсетіліп ара-қашықтығы 1м 5-6 секундты құрауы керек. Нәтиженің бағалануы: жеке кестелердің дұрыс емес айырмашылығы – көздің түстік аномалиясы болып есептелінеді. Оқушы офтальмологқа консультацияға жіберіледі. Көздің түстік зерттелуі 4 сыныпта жүргізіледі.

Лабораторлық скрининг – скрининг тесті протеинурия мен глюкозурияны анықтауға арналған.

Балалар мекемесінде медбике көмегімен арнайы диагностикалық реактивті сызықпен зәрдегі белокпен глюкозаны анықтайды. Түстің өзгерісі бойынша зәрдегі концентрациясына қорытынды жүргізіледі. Зәрде белок анықталған балалар протеинурияның себебін зерттеуге жіберіліп, ал зәрде глюкоза анықталса, эндокринологқа кеңеске жіберіледі. Жоғары сапалы және медициналық тексерістің ақпараттығын алдын-ала лабораторлық тексерісті балаларға жүргізіледі. Жалпы қан анализі, нәжіс (медициналық тексеріске дейін 2-3 апта дейін). Қазіргі уақытта қалауы бойынша ешқандай кемшіліктері функциясында ауытқулары жоқ балалар жатады.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайын кешенді бағалаудың төрт критерийлері бар:

1. тексеру кезінде созылмалы сырқаттың бар – жоқтығы;

2. ағзаның резистенттілігінің дәрежесі;

3. негізгі жүйелердің функционалды жағдайы (жүрек – тамыр, дем алу т.б.);

4. дене және жүйке – психикалық даму деңгейі және оның гармониялық дәрежесі.

Осы критерийлерді пайдалана отырып, денсаулықтың бес тобын бөлеміз.

Денсаулықтың І тобы -бұл топқа дене және жүйке – психикалық дамуы жақсы, дендері сау, ағзасында ешқандай кемістіктері, функционалдық ауытқулары жоқ балалар жатады. Бірен – сараң тіс кариесі, туберкулездік интоксикация байқалмайтын Пирке реакциясы оң және І дәрежедегі аденоидтар мен бадамша бездерінің гипертрофиясы және де функциясы өзгермеген қалқан бездері ІІ дәрежелі ұлғайған балаларды денсаулықтың І тобына жатқызуға ешқандай кедергі жоқ.

Денсаулықтың ІІ тобы - созылмалы сырқаттары жоқ, бірақ кейбір функционалдық ауытқулары бар дендері сау балар жатады. Бұл топқа эндокриндік патологиясы жоқ, дене дамуы нашарланған, қан құрамындағы гемоглобині азайған, гипер және гипотониялық реакциялар, вегетативтік тұрақсыздық, невротикалық, астеникалық және аллергиялық реакциялар, етеккір циклының бұзылуы, ішек пен өт қабының дискинезиясы, интоксикациясыз гельминтоз. ІІ дәрежелі аденоидтар мен миндалина гипертрофиясы, мұрын аралығының қисаюы, скалиозды мүсін, төменгі дәрежедегі (3,0 Д дейін) рефракция сияқты функционалдық ауытқулары бар балалар жатады.

Денсаулықтың ІІІ тобы- компенсаторлық фазадағы, функционалдық мүмкіншіліктері сақталған, созылмалы сырқатпен ауыратын балалар жатады (созылмалы тонзилит, ревматизм, холецистит т.б.). Сол сияқты дене кемістіктері бар, еңбек және оқу қабілетін жоғалтпаған елеулі зақымдық салдары бар балаларды жатқызуға болады.

Денсаулықтың ІV тобы -функционалдық мүмкіншіліктері төмендеген, емдеуді қажет ететін, субкомпенсаторлы фазадағы (созылмалы аурулардың өршуінен кейінгі реконвалесценттер, созылмалы процестер жиі асқынатын) балалар жатады.

Денсаулықтың V тобы- декомпенсациялық фазадағы, ауыр түрдегі созылмалы сырқаттармен ауыратын балалар және І – ІІ топтағы кәріптер (инвалидтер) жатады.

«Даму тарихы» денсаулық жағдайын қорытындылау мен қоса, қысқаша көрсеткіштерді, анықтаушы. Мысалы:

- денсаулықтың ІІ тобы (ЧБД, ФР (ІІ));

- денсаулықтың ІІІ тобы (созылмалы тонзилиттің жай формасы, кариес);

- денсаулықтың ІҮ тобы (созылмалы тонзилиттің токсико-аллергиялық формасы, анемия).

- Денсаулық Ү тобы (гидроцефалия, декомпенсация формасы).

Денсаулық І тобындағы балаларға - сау балаларға өткізілетін медициналық тексеріс тәрізді жүргізіледі.

Денсаулықтың ІІ тобындағы балалар «қауіпті тобы» арнайы әрбір балаға бекітілген, патологияның қауіптілігіне байланысты, инфекциялық процестің айқындылығы резистенттілігіне. Жиі ауыратын балалар – пневмония, Боткин ІІ топқа жатады, бірақ реконвалесценция кезінде диспансеризацияға Ф№30 алады.

ІІІ, ІҮ, Ү топқа жататын балалар олар № 30Ф диспансеризацияға алынады да, мед.тексеріс арнайы әдістемелік нұсқаулармен өткізіледі.

Бағалаудың нәтижелері бойынша, дене дамуына, физикалық дайындығына байланысты – медициналық тұрғыдан келесі топтарға бөлінеді. Медициналық топты құруда дәрігер келесі сұрақтарға жауап беру керек.

- Дене тәрбиесіне;

- зерттелетін балаға қойылатын талаптарды орындауға шамасы бар ма;

- дене шынықтыру жаттығуларын емдік мақсатпен жүргізу керек пе (коррегирлік гимнастика т.б.);

- спорт секцияларында, жарыстарда, қатыса ала ма, қандай жағдайда;

- сонымен қатар баланың денсаулық тобын анықтау.

ІІІ еңбек семестрінің маңызы зор, қазір шартты түрде 3 формасы бар:

1. Студенттік құрылыс отряды (СҚО). Отряд қатысушылары ауыл аймақтарында құрылыс жұмыстарымен айналасады, жұмыс механизирленген бұл жұмыспен айналысатындарға физикалық дайындық және жоғары талаптар қойылады.

2. Студенттердің ауылшаруашылық отряды (САШО) немесе еңбек ету және демалу лагері (ЕДЛ). Ондағы балалар шаруашылық алаңдарында жұмыс істеп, мәжбүрлі қалыпта болады, ауыр және орташа ауыр жұмыстарды орындайды.

3. Жеңіл еңбек (ЖЕ). Бұл отрядтағы балалар қосымша жұмыстарды орындайды және көп физикалық күшті қамтамасыз етпейді.

 

4. Балалар мен жасөспірімдердің дене дамуының жекелей әдістемесі

Көп жылдар бойы дене дамудың индекстер әдісін кең қолданады. Индекстер: бөлек антропометриялық белгілердің, көрсетілген математикалық формуладағы бейнесі. Осы әдістің қателігі болып – белгілі баланың кез-келген өсу көрсеткіштердің ауытқуын ескермеу.

Индекстік әдістің орнына дене даму профилі келеді. 1910ж орыстың санитарлық дәрігері И.И.Моллесонмен ұсынылған. Осы әдістің артықшылығы, осы формулаға кіретін көрсеткіштер бір бірімен байланыста болмайды.

Индекс және Моллесон ұсынған формуланы 1929ж В.Г.Штефко әдісі алмастырды. Осы әдісте зерттелетін баланың мәліметтері осы бала жататын топтың мәліметтері (стандарт бойынша) салыстырылады. Осыған байланысты арнайы бағалаушы кестелер құрылады. Олар белгілі физикалық көрсеткіштерге байланысты әрбіреуі (Мартин бойынша 7), (Штефко бойынша 5) бағалаушы категориялары төмен, ортадан төмен, орташа (норма), орташадан жоғары. Градацияның негізі болып, орташа квадратты ауытқу δ алынады. Бірақ осы әдістің де кемшілігі болады. Белгілер арасындағы ауытқумен көрсетті, ал δ тек қана бір-бірімен байланыспаған белгілер ауытқуын бағалайды.

Қазіргі кезде дене дамуды бағалаудың корреляция әдісі (регрессия шкаласы) центильдік талдау.

5. Дене дамуы регрессия шкаласы бойынша бағалау әдістемесі

Осы әдістің негізі – тәуелді белгіні табу, бұл белгі болып – бой көрсеткіші табылады. Салмақ және кеуде клетка аумағы қосымша болды. Осы көрсеткіштер бір-бірімен жұп корреляция арқылы байланысады. Өлшеу ауытқулары бойынша – бой ұзындығы бойынша қорытынды орташа квадраттық ауытқу δ, салмағы мен кеуде клетка аумағы орташа квадраттық ауытқуы δ Алынған регрессиялық талдаудың коэффициенті болып

Біртұтас жүйе болып, балалардың дене дамуын бағалау, ҚР –да денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен бекітілген. Ұсынылған сызба бойынша дене дамуының 5 дәрежесі бар, ондағы І,ІІ,ІІІ топтар корреляциялық қатынастар бойынша анықталады, ал ІҮ, Ү дәрежеде тек қана бой көрсеткіші арқылы. Айта кету керек коррекцияланатын белгілер дұрыс бөліну керек, яғни, бөліну қисығы белгінің орташа арифметикалық өлшеміне қатысты симметриялы.

а) мектепке дейінгілер б) мектеп оқушылары

 

Дене даму дәрежелеріне берілетін анықтама

1 - Жақсы, гармониялық дене дамуы (1 дәреже) 2-3-4-5 бой класындағы индивид, кеуде клеткасының аумағы мен салмағы:

М+- -Ι –М +2

2- Нашарланған, дисгормониялық дене даму (ΙΙдәр.) +2-3-4-5 бой қиылысындағы индивид, кеуде көлемі мен салмақтары бойынша Ι дәрежесі шекарасынан асатын көрсеткіштер.

3- Нашар, дисгормониялық дене дамуы (ΙΙΙдәр.) – 2-3-4-5 бой класындағы индивид, кеуде көлемімен салмақтары бойынша ΙΙΙ дәреженің шекарасынан асатын көрсеткіштер.

4- Жалпы тежелу (қалып дамыған) дене даму (ΙVдәреже).

Бой көрсеткіштері (Ιкласс) «өте төмен» (Ι класс) кеуде көлемі мен массасына тәуелді емес.

5- Оза дамыған (Vдәреже) – бой көрсеткіштері (V кластан жоғары), кеуде көлемі мен массасына тәуелді емес.

 

Сурет 4а. Белгілердің қалыпты үлестірілуінің қисығы. Сурет 4 б. Балаларда антропометриялық белгілерді үлестіру қисығы.
   

Балалар арасында антропометриялық көрсеткіштеріне байланысты даму әдеттегідей, себебі ағза жас және өсу кезеңінде, әртүрлі уақыт кескінінде әр түрлі дамиды (гетерохронды). Егер уақыт кескініндегі даму ұзақ болған жағдайда, онда көрсеткіштер де әртүрлі болады. Осы тұжырымнан келесі сұрақ туындайды: Баланың биологиялық жасы паспорттық жасына сай келе ме? Осы сұраққа Д.И. Арон, М.И. Карсонский, М.В. Иматьев оң жауап қайтарды.

Осы қателіктерді болдырмау үшін – стандартта берілген жастық диапозондардағы қысқарту керек, яғни интервалды бір жылға емес бөлшекті түрде құру: 1 жасқа дейін әрбір ай, 1-3 жастан – 3 ай сайын, 3-7 жастан – 6 ай сайын, оқушыларда 1 жыл.

Оқушылардағы – ассиметриалды түзету мақсатында – салмақ пен кеуде клеткасының аумағы бойынша: Му +2 dR қолданылады.

Дене дамуын бағалау үшін тиімді және қарапайым формада 3 кесте берілген. Балалар мекемелерінің медбикесі дене дамуын зерттеу және бағалау үшін қолданады.

Дене дамуын бағалау үшін дене дамуының дәрежесін бойдың ұзындығына салмақтың және кеуде клеткасының аумағының қатынасын анықтап, жалпы түрде қорытынды береді, яғни ауытқу көрсеткіші бағаланады.

Берілген стандартқа сәйкес, дене дамуының индивидуумы II-III дәрежесінде салмақ пен кеуде клеткасының артта қалуы немесе оза жүруі байқалады. Символ түрінде дене дамуының дәрежесін артта қалуы мен оза жүруін салмақ бойынша санның алдында "-" немесе " + " (+II; +III), ал кеуде клеткасының көрсеткіші бойынша артта қалуы мен оза жүруі "-" немесе " + " санның артыннан қойылады (II+; III+).

Егерде кеуде клеткасымен салмағы қарама-қарсы белгіде болса (біреуі артта қалып, екіншісі – оза жүрсе) дене дамуы дисгамониялық түрде бағаланады.

Дисгармониялық – антропометриялық көрсеткіштердің біреуінің стандарттқа сәйкес еместігі, сондықтан дене дамуының II және III дәрежелері әрдайым дисгармониялық болады.

Мысалы дене дамуын бағалау. Тыныштыкпаев Олег, 5,5 жаста, анасының ұлты - украин. Антропометриялық көрсеткіштері: бойы - 112 см, салмағы - 16,4 кг, кеуде клеткасының аумағы - 50,6 см.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1239; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.08 сек.