Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жер- ауа ортасы




Эволюция кезінде жер-ауа ортасы сулы ортадан кейін тірі ағзалармен игерілді. Бұл орта үшін температура, жарық, ылғал, ауа құрамы маңызды факторлар болып табылады. Бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктері- ылғалдылығының төмен болуы, тығыздығы мен қысымның төмен болуы, оттегі мөлшерінің жоғары болуы. Жер ауаның тіршілік ортасында әсер ететін экологиялық факторлардың бірқатар ерекше белгілеріне мыналар жатады- жарықтың әсер ету интенсивтілігі жоғары, температураның ауытқуы күшті, географиялық жағдайына, маусым мен тәулікке байланысты ылғалдылық өзгеріп отырады. Құрғақ ауаның құрамы (78% азот6 21% оттегі, 0,03% көмірқышқыл газы, 1% инертті газдар. Оттегі көптеген ағзалардың тыныс алуына қажет. Көмірқышқыл газын өсімдіктер фотосинтез процесінде пайдаланады. Жарықтың әсерінен хлорофиллдердің түзілуі және биосферадағы аса манызды процесс- фотосинтез жүреді.

Топырақ – тіршілік ортасы

Топырақ- литосфераның жоғарғы ауа қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ тану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В. Докучаев қалады. Топырақ жеке әр түрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден тұрады. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады.Топырақ жер-ауа қабатымен бірге пайда болған. Топырақ қабаты терендеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмірқышқыл газымен органикалық заттардың ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады. Топырақтың жоғарғы қабаттарында өсімдікке қажетті фосфор, калий, азот, кальций, және басқа заттар жинақталған.Топырақтың әртүрлі қасиетіне (қышқылдығы, тұздылығы, ылғалдылығы) байланысты өсімдіктерді көптеген экологиялық топтарға бөлуге болады.Мысалы, қышқылдығына байланысты-

1) рН≤6,7-ден төмен қышқыл топырақта өсетін ацидофитті түрлер (сфагналы батпақ өсімдіктері)

2) рН 6,7-7,0 топырақта өсетін нейтрофиттер (көпшілік мәдени өсімдіктер)

3) рН 7,0 –ден жоғары топырақта өсетін базифитті өсімдіктер(аққурай)

Топырақ – көптеген тірі ағзалардың мекені. Негізінен топырақ ішінде төменгі сатыдағы ағзалар – бактериялар, санырауқұлақтар, құрт- құмырсқалар тіршілік етеді. Олар топырақ құнарлығына көп әсер етеді.Олардың дене тұрқысы кілегейлі-жылтыр болып келедіТопырақта басқа да ағзалар мекендейді, мысалы кемірушілер, олардың аяқтары және бұлшық еттері жақсы дамыған. Топырақта тіршілік ететін ағзаларды эдафобионттар немесе геобионттар деп атайды.

Тірі ағзалар – тіршілік ортасы

Гетеротрофты ағзалардың көпшілігі бүкіл өмір бойы немесе тіршілік циклының бір бөлігінде басқа ағзаларды орта ретінде пайдаланады. Бір ағзалардың басқа бір ағзаларды тіршілік ортасы ретінде пайдалануы өте ертеден келе жатқан және табиғатта кең таралған құбылыс. Паразитизм- кең таралған табиғи құбылыс. Көп клеткалы ағзаларда ішкі паразитизм кездеседі. Микроағзалар, көп клеткалы және қарапайым клеткалы ағзалар арасында паразиттер көп, ал иелері – омыртқалы жануарлар мен гүлді өсімдіктер болып табылады.Барлық паразиттер екі топқа бөлінеді- 1) эктопаразиттер- иесінің беткі денесінде мекендейді. 2) эндопаразиттер- иесінің денесінде тіршілік ететін, ішкі паразиттер.(гельминттердің көпшілігі, бактериялар, вирустар т.б.).Паразиттердің өмір сүруінің бір артықшылығы- клеткалар мен ұлпалардағы, иесінің ішегіндегі қоректің мол болуы.Иесінің ішкі ортасының өзіндік ерешеліктеріне байланысты паразиттер бір жағынан экологиялық артышылықта, екінші жағынан экологиялық қиыншылықта өмір сүреді. Экологиялық артықшылыққа- иесі арқылы қоректену, көбеюдің жоғары мүмкіншілігі, сыртқы ортадан қорғаныс жатады. Паразиттерде кездесетін экологиялық қиыншылықтарға – тіршілік кеністігінің шектеулі болуы, оттегінің тапшылығы, жарықтын жоқтығы, иесі ағзаның паразитке қарсы қорғаныс реакциясы жатады.

Тексеру сұрақтары:

1. Тіршілік орта дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

2. Тіршілік орталардың бір-бірінен айырмашылығы қандай

3. Су тіршілік ортасының қандай ерекшеліктері бар.

4. Гидробионттарға, геобионттарға сипаттама беріндер

Дәріс 3.

экологиялық факторлар

Дәрістің жоспары

1) экологиялық факторлардың жіктелуі

2) абиотикалық факторлар- жарық, температура, су

3) ағзалардың экологиялық топтары

Енгізілген сөздер – гидатофиттер, гидрофиттер, гигрофиттер, мезофиттер, ксерофиттер, гелиофиттер, сциофиттер, криофиттер, термофиттер ж/е т.б.

Организмге әсер ететін кез-келген орта жағдайларын н/се орта компонентерін экологиялық факторлар деп атайды. Экологиялық факторлар тірі организмдердің тіршілігіне, санына, географиялық таралуына тікелей н/се жанама әсер етеді.Экологиялық факторлар табиғаты бойынша және тірі организмдерге әсер етуі б-ша әр түрлі. Факторларды үш топқа бөледі: абиотикалық, биотикалық, антропогендік.

Абиотикалық ф-ар-тірі организмдерге тікелей н-се жанама әсер ететін өлі табиғат ф-ры. Оларға:

Климаттық (тем-ра, ауа қысымы, жел, ылғалдылық, жарық т.б.)

Атмосфералық (күн энергиясы, жел энергиясы,атмос-ың хим-ық құрамы)

Эдафикалық

Гидрологиялық

Орорграфиялық және т.б. жатады.Биотикалық факторлар- тірі организмдердің бір-бірінің тіршілігіне және тіршілік ететін ортасына әсері.Олар түр іші және түр аралық болып бөлінеді.Түр іші фак-на –демографиялық, этологиялық (мінез- құлық, бәсекелестік ж/не т.б. жатады.) Түр аралыққа популяциялық деңгейдегі әр түрлі теріс әсерлер (бәсекелестік, амменсализм), және оң әсерлер (комменсализм, мутуализм, симбиоз, нейтрализм) жатады. Екі топқа да жататың (жыртқыштық, паразитизм). Антропогендік ф-ар- адамның қатысуымен қоршаған ортаға, организмдегдің тіршілігіне немесе өсімдіктер мен жануарларға тікелей әсер ету. Соңғы кездері антроп-к ф-ың әсерінен биосферада күрделі эколог-қ проб-р пайда болды (биоәртүрліктің азаюы, парникті эффект т. Б. Антроп-к ф-ар организмге тікелей немесе жанама әсер ету болып бөлінеді (ағаштарды кесу, ортаның ластануы т.б.). Организмдер үшін судың эколог-қ фактор ретінде маңызы зор Онсыз тіршілік үшін қажетті биох-қ процесстер жүрмейді. Ыллғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға бөледі:

Гидатофиттер (грекше hydor –су) – көп бөлігі н-се толығымен суда өсеті өсімдіктер- элодея, көзшелек, балдырлар).

Гидрофиттер (грекше hudros –ылғалды, сулы) – жартылай суда, яғни өзен, көл, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс т. Б.)

Мезофиттер (грекше mesos -орташа) – ылғалдылығы орташа ортаның өсімдіктері бұларға орман өсім-рі ауыл шаруашылық дақылдары арам шөптер т. б.).

Ксерофиттер (грекше xeros –құрғақ) құрғақ жерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер сукулленттер мен склерофиттер болып бөлінеді

Суккуленттер (латынша sukkulentus –жуан, шырынды) –ылғалды тапшы аймақтарда, ылғал қорын сабағында немесе жапырағында сақтап өсетін өсімдіктер (сабағы – кактус, сүттіген, жапырағы – алоэ, агава).

Склерофиттер (грекше skleros –қатты) – жапырақтары мен сабақтары қатты, құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер.

Тірі организмдер үшін әсіресе көруге болатын (орта толқынды) жарықтын манызы зор. Жарықтың әсерінен хлороф-ің түзілүі және биосферадағы аса маңызды процесс – фотосинтез жүреді. Орган-ің жарықтың тәуліктік ырғағына реакциясы, яғни тәуліктің жарық (күн ұзақтығы) және қараңғы (түн ұзақтығы) мезгіліне ара қатынасы фотопереодизм деп аталады. Жарыққа байланысты өсімдіктерді үш экологиялық топқа бөледі: гелиофиттер – жарық сүйгіш өсімдіктер, сциофиттер- көлеңке сүйгіш өсімдіктер және факультативті гелиофиттер- көлеңкеге төзімді өсімдіктер. Гелиофиттер- күн сәулесі жақсы түсетін ашық кеністікте өсетін өсімдіктер.Сциофиттер – жарық аз түсетін жерде өсетін өсімдіктер. Жасыл мүктер плаундар жатады.факультативті гелиофиттер – жарықтың көп мөлшерінде де және аз мөлшерінде де өсе беретің өсім-ің үлкен тобы. Жануарлар үшін күннің жарығы жасыл өсімдіктердегідей аса қажетті емес. Осыған байланысты жануарларды фотофилдер және фотофобтар деп ажыратады. Темп-ра – күннің ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерінен бөлінетің және организмдер үшін аса қажетті тіршілік иелері үшін маңызды эколог-қ фактор. Көптеген тірі организмдер темпер-ың 00 С және 500 С арасында тіршілік ете алады. Өсу және тіршілік ету үшін қолайлы темп-ра (-10 + 30) оптималды деп аталады. Бірақ кейбір организмдер жоғары температурада тіршілік етуге бейімделген. Мысалы ыстық су көздеріндегі цианобактериялар +800 С –қа дейн; бактериялар +880 С –қа дейн тіршілік ете береді. Салқын жерде тіршілік ететін организмдерді криофилдер тобына жатады.Олар белсенділігін клеткалардың темп-сы -80 С -100С жағдайдада жоғалтпайды. Оптимум аймағы жоғары темп-да орналасқан түрлерді термофилдер деп атайды.(бұларға микроор-р мен жануар-ң көптеген топтары; мысалы немотодтар жәндіктер личин-ры, кенелер т.б.) Жылудың жекіліксіздігіне бейімделуіне байланысты өсімдіктер үш топқа бөлінеді:

1) суыққа төзімсіз өсім-ер- 00- -30 арасында өсім-ер жарақаттанады. Мысалы тропикалық орман өсімдіктері мен теңіз балдырлары. Судың қату темп-да бұл өсім-ер өле бастайды

2) аязға төзімсіз өсімдіктер – біршама төмен темп-ға шыдайтын, бірақ ұлпаларында мұз түзіле бастаған кезде тіршілігін тоқтататың өсімдіктер.Мұндай өсімдіктер температураның -50С -70С –қа тіршілігін жоймайды. Бұларға субтропиктік өсімдіктер жатады.

3) Аязға төзімді өсімдіктер – маусымдық климатты және қысы суық жерлерде өсетін өсімдіктер.Қатты аяздарда ағаштар мен бұталардың жер үсті мүшелері тонғанымен өміршендігін сақтап қалады. -300 -400 . Жоғары температураға бейімделуге байланысты организмдерді мынадай топтарға бөледі:

1) ыстыққа төзімсіз түрлер - +300 С +400 С температурада зақымданатын организмдер (кейбір балдырлар, суда өсетін гүлді өсімдіктер

2) ыстыққа төзімді эукариоттар- құрғақшылық аймақта өсетін (дала, шөл, саванна) өсімдіктер. Жарты сағат +500 С +600С темп-ға шыдайды

3) ыстыққа төзімді прокариоттар – термофилді бактериялар мен көк- жасыл балдырлардың кейбір түрлері. Ыстық су көздерінде +850 С +900 С температурада тіршілік ете алады. Сондай-ақ, организмдер денесінің температурасын бір қалыпты ұстап тұруына байланысты пойкилотермді және гомойотермді болып келеді. Пойкилотермді (грекше poikilos- әр түрлі, therme – жылу) немесе суық қанды организмдердің денесінің температурасы қоршаған орта температурасына байланысты.(бүкіл омыртқасыздар, өсімдіктер, омырт- дың кейбір түрлері.). Гомойотермді (грекше homoios- бірдей, therme – жылу) немесе жылы қанды организм-ің дене температурасы қоршаған орта температурасына байланысты болмай, үнемі бір қалыпта болады. Сүтқоректілерде дене темп-сы +350С +380 С, көптеген құстарда +410С +430 С-ны құрайды.Пойкилотермді организмдер мен гомойотермді организмдердің арасын гетеротермді организмдер алып жатыр. Белсенді кездерде оларда дене температурасы көтеріліп, тыныштық жағдайда төмендейді. Бұларға кірпі, жарқанат, колибри, суыр, аю және т. Б. Жатады. Жылдың қолайсыз жағдайларында ұйқыға кетеді.

Пысықтау сұрақтары:

1) Экологиялық факторлар дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

2) Суға байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарын атандар

3) Температураға байланысты ағзалардың экологиялық топтарын атандар

4) Антропогендік факторлар ағзаларға қалай әсер етеді?

 

 

Дәріс 4.

Экологиялық факторлардың әсер етуінің кейбір заңдылықтары

Дәрістің жоспары

1) оптимум ережесі (оптимум аймағы, пессимум аймағы)

2) Шелфорд заңы

3) Либих заңы

Енгізілген сөздер-( толерантылық, экологиялық валенттілік, эврибионттар, стенобионттар)

Организмге қатысты факторлардың әсерінен бірнеше жалпы заңдылықтарды бөліп көрсетуге болады. Ондай заңдылықтарға оптимум ережесі, шектеулі факторлар ережесі, факторлардың өзара әсері ережесі және т.б. жатады.

Оптимум ережесі. Кез-келген фактордың организмге оң әсер ететін шектері болады. Фактордың жоғары немесе төмен дәрежедегі әсері организмге теріс әсер етеді. Мысалы, ылғалдың тапшылығы немесе шектен тыс көп мөлшері өсімдіктің дұрыс өсуіне кері әсер етеді. Организм тіршілігі үшін аса қолайлы экологиялық фактордың белсенділігі оптимум немесе экологиялык фактордың оптимум аймағы дen аталады. Оптимум аймағынан тыс, организмнін тіршілігіне қауіпті немесе өлуіне алып келетін пессимум

аймағы жатыр (1 сурет).

Әрбір организм, түр үшін өзінің оптимум жағдайлары бар. Ол тек әр түрлі жағдайда орналасқан әр түрге жататын особьтар үшін ғана емес, бір организмнің әртүрлі даму стадияларында да әр қалай болады. Түр үшін оптимумның қандай деңгейі қолайлы болуына байланысты оларды жылу сүйетін және салқын сүйетін| ылғал сүйетін және қүрғақшылықты сүйетін және т.б. деп бөледі Әрбір түр үшін өзіне тән шыдамдылық шектері болады. ал организмнің белгілі бір орта факторының жағымсыз әсер ықпалға шыдамдылық қабілетін төзімділік дейді.

Белгілі бір факторға қатысты организмнің өмір сүре алатын төзімділік нүктелерінің арасын организмдердің экологиялық, валентгілігі (толеранттылығы) деп атайды.

Фактордың ең төменгі немесе ең жоғары мәндерінен асып, организмнің тіршілігін тоқтатуы туралы ұғымды ғылымға 1913| жылы американдық зоолог В.Шелфорд еңгізді. Бұл максимум заңында немесе толеранттың (төзімділік) заңында көрсетілген Кейде мұны Шелфорд ережесі деп те атайды:

- организмдердің белгілі бір ортада орналасуы немесе тіршілік етуі, организмнің белгілі бір шыдамдылық (толеранттылық латынша tolerantia - шыдам, төзім) шектері (диапазон) бар кешенді экологиялық факторларына байланысты. Организм тек осы минималды (ең төмен) және максималды (ең жоғарғы) мәндердің аралығында ғана өмір сүре алады.

Шыдамдылық немесе төзімділік шектерін экологиялы валенттілік деп те атайды. Экологиялык валенттілік организмдердің орта факторларының белгілі бір шамадағы өзгерісіне төзімділігі, яғни түрлердің қоршаған ортаға бейімделуі. Организм орта жағдайының ауытқуына неғүрлым төзімділік көрсетсе, оның экологиялық валенттілігі де соғұрлым жоғары болады.

В.Шелфорд заңының практикалық маңызы зор. Түрлердің тіршілігін сақтау үшін экологиялық факторларға шектен шығып кетуге мүмкіндік бермей оңтайлы белдемде ұстау қажет. Бүл заңдылықты адамның тірі табиғатпен қарым-қатынаста болатын барлық шаруашылық салаларында (әсімдік, мал, орман, т.б.) ұстаған өте дұрыс. Оптимум заңын қолдану кейде қиынға түседі, себебі әр фактордың, әр түрдің өзіне ғана тән оңтайлы мөлшері болады. Бір түрге жасалған жақсы жағдай екінші бір түр үшін пессимум болуы немесе тіпті шектен шығып, өте қиын жағдай тудыруы мүмкін. Мысалы, +20°С-та ыстық жақтың маймылы тоңатын болса, солтүстікте тіршілік ететін түлкі керісінше ыстықтайды. Күріш суда өсетін болса, бидай бүл жағдайда тіршілігін жояды. Табиғатта оптимум аймақтары бірдей екі түр кездейспейді. Бұл жағдай түрлердің экологиялык, жеке кажеттілік ережесін айқындайды. Жеке қажеттілік деп индивидтің (жеке особтың) тіршілік етуіне, дамуына, ұрпағын жалғастыруға қажетті жағдайларға мұқтаждығы. Егер түрлердің бір факторға тұрақтылықтары бірдей болса, басқа факторға олардың тұрақтылықтары міндетті түрде өзгеше болады В.Шелфордтың толеранттылық заңын кейін американдық ғалым Ю.Одум (1979 ж.) бірнеше ережелермен толықтырды:

 

- организмдер кейбір факторларға кең ауқымды (яғни, толеранттық диапазондары кең) және басқа факторларға тар ауқымды төзімділікте (ягни, басқа факторларға қатысты толеранттылық диапазоны аз) болуы мүмкін;

- экологиялық факторларға толеранттылығы жоғары (диапазондары кең) организмдер әдетте табиғатта кең таралған;

егер түр үшін бір экологиялық фактордын әсері оптималды болмаса, төзімділік шектері басқа экологиялық факторларға да өзгеріп, төмендеуі мүмкін. Мысалы, топырақ құрамындағы азоттың мөлшері аз жағдайда астық тұқымдастардың құрғақшылыққа төзімділігі төмендейді, сәйкесінше топырақта азот жеткілікті жағдайға қарағанда ылғалды көп қажет етеді

1. сүрет.


В.Шелфорд заңы ашылғаннан кейін көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп өсімдіктер мен жануарлардың, сонымен қатар адамдардың да тіршілік ету шектері анықталды.

Экологиялық толеранттылыққа байланысты организмдер екі типке бөлінеді.

Эврибионттар (грекше eurus - кең) - факторлардың кең диапазонында (әртүрлі айырмашылығы бар орталарда) тіршілік ете алатын организмдер. Мысалы, эвритермді түрлер температураның үлкен ауытқуына шыдамды организмдер. Эвригалинді түрлер - су тұздылығының үлкен ауытқуына шыдамды организмдер, эврибатты түрлер - қысымның қатты ауытқуына төзе алатын организмдер, эврифагтар - әртүрлі азықтармен қоректене беретін организмдер, эвритоптар - әр түрлі тіршілік орталарында кең таралған организмдер.

Стенобионгтар - (грекше stenos - тар) - тек белгілі бір орта жағдайларында ғана тіршілік ете алатын (ортаның шамалы ғана ауытқуларына төзе алатын) организмдер. Мысалы, стенотермді түрлер тек температураның аз ғана ауытқуына ғана шыдамды организмдер (теңіз маржандары, бахтах (форель)), стеногалинді түрлер - су тұздылығының өзгеруіне төзе алмайтын организмдер (ұлу), стенобатты түрлер - қысымның ауытқуына шыдай алмайтын организмдер (риф түзетін маржандар 40-50 метр тереңдіктен төмен тіршілік eтe алмайды, Vitjazaster djaronovi теңіз жұлдызы тек 4500-5100 тереңдікте ғана тіршілік ете алады), стенофагтар - азықтың белгілі бір түрлерімен ғана қоректенеді (жұмыртқа жегіш жыландар), стенотоптар - тек белгілі бір тіршілік орталарында ғана өмір сүре алады (мысалы, құмды шөлдегі ақ сексеуіл, құм жыланы немесе тек тұзды топырақта өсетін қара сексеуіл) және т.б.

Мысалы, теңіздерде тіршілік ететін организмдердің көпшілігі судың жоғары тұздылығына бейімделген, егер судағы тұздардың мөлшері аз ғана төмендейтін болса ол организмдер үшін қауіпті жағдай туады. Ал эврибионттар тұщы суда да, суы ащы теңіздерде де тіршілік ете алады. Тундрада тіршілік ететін, қасқыр тұқымдасына жататын ан Alopex lagopus (ақ түлкі) температураның 80°С (+35°С-тан -55°С-қа дейін) ауытқуына төзе алатын болса, жылы суларда тіршілік ететін Corilia mirabilis шаяны температура өзгеруінің 6°С-на ғана (+ 23°С - +29°С) төзе алады. Сондықтан эврибионтты организмдер стенобионттарга қарағанда жер бетінде кең таралған.

Түрдің бір факторға төзімділігі жоғары болғанымен, басқа факторларға төзімділігі нашар болуы мүмкін. Мысалы, температураның көп ауытқуына шыдайтын организм, ылғалдылықтың немесе тұздылықтың да көп ауытқуына шыдамды болуы міндет емес.

Эвритермді түрлер стеногалинді, стенобатты немесе керісінше болуы мүмкін. Әртүрлі факторға катысты түрдің экологиялық валенттілігі де әртүрлі болуы мүмкін. Бүл табиғатта көптеген бейімделушілік түрлеріне алып келеді. Ортаның әртүрлі факторларына қатысты экологиялық валенттіктердің жиынтығын түрдің экологиялык, спектрі деп атайды.

Организмдердің бір экологиялық факторға қатысты оптималды мәндері және төзімділік шектері басқа факторлардың қандай күшпен әсер етуіне байланысты өзгеруі мүмкін. Бүл заңдылық факторларның өзара әсері деп аталады. Мысалы, ылғалды ауамен салыстырғанда құрғақ ауада ыстықты жеңіл көтеруге болады. Қыстың күні желсіз даладағы ауа температурасын, қатты жел түрган көзбен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл көтеруге болады.

Әрбір фактор организмнің әртүрлі қызметіне де әрқалай әсер етеді. Кейбір процестер үшін оптимум әсер, басқа процестер үшін пессимум болуы мүмкін. Мысалы, ауа температурасының 40°С-45°С-ы салқын қанды жануарлардың организміндегі зат алмасу процесінің жылдам жүруіне әсер еткенімен, жануарлардың қозғалу белсенділігі төмендейді. Көптеген балықтар үшін жыныстық клеткаларының дамуына қолайлы су температурасы, уылдырық шашу үшін қолайсыз болады. Организм үшін тіршілік циклдерінің кейбір қызметтері (қоректену, өсу, көбею, қоныс аудару және т.б.) орта факторларының маусымдық өзгеруімен тікелей байланысты.

Жоғарыда айтылғандай индивидтің төзімділік шектері, оптималды және пессималды аймақтары бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл өзгергіштік особтардың тұқым қуалау ерекшеліктерімен қатар жыныстық, жастық және физиологиялық айырмашылықтарына да байланысты. Мысалы, кейбір астық дақылдары мен ұнның зиянкесі болып келетін көбелектердің құрттары үшін төменгі температура шегі -7°С, ересек особьтары үшін -22°С, ал жұмыртқалары -27°С-қа дейін тіршілік ете береді, яғни -10°С аязда қүрттары өлгенімен, ересек особьтары мен жұмыртқалары үшін мұндай температура қауіпті емес. сонымен, кез-келген фактор басқа фактормен бірге әсер еткенде нәтижесі де әртүрлі болады. керісінше, бір экологиялық нәтижені әртүрлі жолмен алуға да болады. мысалы, өсімдіктердің солуын топырақты ылғалдау арқылы да және булануды азайту үшін ауа температурасын төмендету арқылы да тоқтатуға болады.

шектеулі факторлар ережесі - бүл ереженің маңыздылығы сол, жеткіліксіз, тапшы немесе мөлшерден көп факторлар әсері организмге теріс эсер етеді, сонымен қатар басқа факторлардың да мүмкіндіктерін тіпті ол фактор оптимум жағдайда болса да төмендетеді.

Неміс ғалымы Ю.Либих (1840 ж.) топырақтағы әр түрлі химиялық элементтердің өсімдіктерге әсерін зерттей келе мынадай түжырым жасады: «Өнімділік ең аз мөлшердегі затка (факторға) байланысты». Бүл принципті минимум ережесі немесе Либих заңы деп атайды.

Либих өз заңын түжырымдай келе шектеулі мүмкіндіктер ретінде аса маңызды топырақтағы аз мөлшердегі химиялық элементтерді есептеді. Олар микроэлементтер деп аталады. Оларға темір, мыс, мырыш, бор, кремний, молибден, хлор, ванадий, кобальт, йод, натрий жатады. Мысалы, топырақта өсімдікке қажетті минералды элементтердің барлығы жетерлік, бірақ мырыш жетіспейді деп есептейік. Соған байланысты бүл элементтің өсімдікке қажеттілігі аз болғанымен өсімдіктің есуі нашарлайды. Мырыштың болуы шектеулі фактор болып есептеледі. Көптеген экологтар Либих заңының қолдану ауқымын кеңейтіп, шектеулі факторларға қоректік заттардан басқа жарық, температура, ылғал және басқа экологиялық факторларды да жатқызды.

Шектеулі фактор тек абиотикалық фактор болмауы да мүмкін. Мысалы, інжірдің отаны Жерорта теңізі, ал тозаңдатушы -Blastophaga psenes арасы болып табылады. Калифорнияға жереіндірілген інжір тозаңдатушы араларды алып келгенше жеміс бермеген.

Пысықтау сұрақтары:

1) Толерантылық терминің ашқан кім?

2) Стенобионттар, эврибионттар дегеніміз не?

3) Шектеулі факторлар ережесі дегеніміз

4) Оптимум және пессимум аймақтары дегеніміз не және олар ағзаларға қалай әсер етеді?


Дәріс 5.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 4323; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.061 сек.