Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Популяция динамикасы. 2 страница




Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік қүрылысы мен қүрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе м ен биогеоңеноз

арасында айтарлъщтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» үғымы кең қолданылады. Экожүйе – зат айналымы журе алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы,

Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шеқара жоқ бір экожүйе біртіндеп екінші эқожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіщі экожүйелерден қүралады. Мысалы, қүмыреқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімең: (миқрожүйе); бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) қүрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа эқожүйелермен (шалғындық, су айдыңы, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер қүрамына. еңеді. Жер бетіндегі; барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мүхит арқылы байланысып - биосфераңы түзеді.

Экожүйелерлің қүрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер -продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мүхит тереңдіктері, биік тау мүздықтары) мүндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиги немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл - шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттару жағалаулар, батпақтар, машралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, санналар, таудар, аралдар және т.б. болып табылады.

Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады:

- микроэкожуйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі);

- мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ);

-макроэкожүйе (континент, мүхит);

- ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).

Ю.Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т.б.), түщы еу (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашықммүхит; өзен қүйылыстары) экожүйелері. Бүл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйееі үшін - өсімдіктер жам ылғысы, түщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр.

Пысықтау сұрақтары:

1) Экожүйе компоненттерін атандар

2) Құрлық экожүйелері

3) Су экожүйелері

 


 

Дәріс 8.

Экологиялық сукцессия .

Дәрістің жоспары

1) экологиялық сукцессия

2) бірінші реттік сукцессия, екінші реттік сукцессия

Белгілі бір уақыт ішінде қауымдастықтар құрылып және өзгеріп отырады. Олардың түрлік құрамы, әр түрлі топтағы организмдердің молдығы, трофикалық құрылымы, өнімділігі және басқа да көрсеткәштері өзгеріп отырады. Бір биоценоздың екінші биоценозбен жүйелі түрде ауысуын экологиялық сукцессия (латынша succesion — ауысу) деп атайды. Жалпы биоценоздардың бірін-бірі ауыстыру тізбегін сукцессиялық қатар немесе серия дейді. Сукцессияға мысал ретінде кішігірім көлдің батпаққа, одан орманға айналуын келтіру болады.

Экологиялық сукцессия биоталық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепе-тендік орнайтын экожүйенің реттелген дамуы, оны болжауға болады. Экологиялық сукцессия бірнеше кезеңнен өтеді, солардың барысында биоталық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады. Сукцессия кезінде түрлердің алмасуының себебі, популяциялар қоршаған ортаны қзгертуге ұмтыла отырып, өзге популяциялар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Экологиялық сукцессия барысында организмдердің түрлік популяциялары және олардың арасындағы функциялық байланыстардың түрлері бірін-бірі белгілі зандылыққа сәйкес кезенді түрде және қайталанып алмастырып отырады.

Сукцессия — өсу, тұрақтану, климакс сатыларынан тұрады. Экологиялық сукцессияның автотрофты, гетеретрофты, аутогенді, аллогенді, фитогенді, зоогенді, ландшафты, алапатты, антропогенді түрлері бар.

Қазіргі таңда сукцессияның экзогенетикалық және эндогенетикалық түрлерін ажыратады. Экзогенетикалық сукцессия сыртқы абиотикалық немесе антропогендік (батпақтарды құрғату, сулардың ластануы) әсерлерден болуы мүмкін.

Жалпы сипаты бойынша сукцессия біірнші реттік (алғашқы) және екінші реттәік соңғы болып бөлінеді.

Бірінші реттік (алғашқы) сукцессия тіршілік иелері жоқ жерде: лава үстінде, сусымалы құмдарда, жастастарда, тасты жерлерде басталады. Бұл жерде алғашқы қоныстанушылрдың бактериялар, қыналар, балдырлар ролі зор. Олар тіршілік ету барысында, аналық жынысты бұзып өзгертеді, топырақтың түзілуіне себеп болады. Өлген, шіріген организмдер біріндеп жиналуы және үлгілу әсерәнен тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде мүктер өсетін топырақтың түзіліуне алып келеді. Мүктердің өсіп дамуы кезінде де топырақ түзілу процессі жалғаса береді. Қолайсыз жағдайлар кезінде де тіршілік ете беретін қарапайым қауымдастықтар түзіледі. Сөйтеп, организмдердің алуан түрлілігі береді.

Екінші реттік (соңғы) сукцессия бұрын жақсы дамып жетілген биоценоз орнында жүреді. Мысалы, өртенген орман, құрғатылған батпақ немесе бұзылған қауымдастықтар орнында. Әдетте мұндай жерлерде тіршілік ресурстарының бай қоры сақталады. Мысалы, өртенген жерде жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер), олардың көлінкесінде факультативті гелиофиттер, сциофиттер өсе бастайды, өсімдіктер жабыны жаңа түрлер өсетін топырақты құнарландырып, құрылымын жақсарта түседі. Екінші реттік сукцессия топырақ түріне байланысты тез немесе баяу жүруі мүмкін. Бұл процесс климаксты қауымдастықтың (толық жетілген) пайда болуымен аяқталады (27 сурет). Екінші реттік сукцессия кезіндегі өзгерістер жылдамдығы алғашқы сукцессиямен салыстырғанда әлдеқайда тез жүреді.

Қоңыржай климаттағы екінші реттік сукцессия процессі кезәндегі негізгі стадияларының ұзақтығы:

- бірінші — шөптесін өсімдіктер жамылғысы стадиясы — шамамен 10 жылға созылады;

- екінші - бұталы өсімдіктер стадиясы — 10-25 жылға созылады;

- үшінші — жапырақты ағаштар стадиясы -25-100 жылдан асады.

Сукцессия — барлық қауымдастықтарға тән, белгілі бір стадияларға жүретін, жалпы өзгерістерді қамтитын бағытталған және заңды процесс.

Сукцессиялық өзгерістердің негізгі типтері мынадай:

- сукцессия процессі кезіндк өсімдіктер мен жануарлар түрлері үнемі өзгеріп отырады;

- сукцессиялық өзгерістер нәтижесінде организмдердің түрлік алуантүрлілігі артады;

- органикалық заттардың биомассасы артады.

Пысықтау сұрақтары:

1. Биоценоздың түрлік құрылымы дегеніміз не?

2. Доминант және эдификатор түрлер дегеніміз не?

3. Ярустылық дегеніміз не және олардың саны неге байланысты?

4. Биоценоздағы организмдердің қарым -қатынасының қандай түрлері бар?

5. Биотикалық қарым-қатынастардың қандай типтері бар? Мысалдар келтір

6. Экологиялық қуыс ұғымын қалай түсінесің?

7. Алғашқы және соңғы сукцессиялардың қандай ерекшеліктері бар?

 


Дәріс 9.

Биосфера туралы түсініктер және зат айналым

Мақсаты: биосфераның пайда болуы мен дамуын, және оның қазіргі жағдайға өтуіндегі жаңаша атауын студенттерге түсіндіру.

Енгізілген сөздер: биосфера, биомасса, биоценоз, биогеоценоз, ноосфера.

Дәрістің жоспары:

1. Биосфера туралы түсініктер, оның пайда болуы

2. «Ноосфера» - ң қалыптасуы

3. Биосферадағы процестер

4. Тірі ағзалардың ролі

Барлық тірі организмдердің жиынтығы тірі затты немесе планета биомассасын құрайды. Геологиялық уақыт ішінде организмдердің тіршілік әрекеті жер қыртысы мен атмосфераны сапалық және сандық өзгерістерге ұшыратып отырды. Биомассаның өсімдік бөлімі миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегімен байытты, және әктас, тас көмір мен мұнай да көміртегі қабаттарының түзілуіне мүмкіндік берді. Жер шары айналасында тірі организмдер өмір сүретін ерекше қабықша немесе сфера түзілді. Осы тіршілік аймағы биосфера (грекше «Биос - тіршілік, Сфера - шар) деп аталды. Алғашқы болып бұл терминді 1875 ж.Австрия геологы Эдуард Зюсс Альпі тау сілемдерінің шығу тегін зерттеу барысында пайдаланды. Бірақ бұл концепция В.И. Вернадский еңбегі пайда болғанға дейін ғылымда елеулі орыны болмады. Э. Зюстің бұл ғылыми ашуы елу жылдан соң пайда болса да қазіргі биосфера концепциясы Вернадскийдің идеяларына негізделген. Биосфераның пайда болғанына 3.5 млн.жыл, осы уақыт ішінде табиғи процестердің дамуы күрделеніп отырды: бірі пайда болса, екіншісі жойылып отырды. Палеонтологтар эволюциялық даму кезінде бір түрдің санының күрт артып, екіншісінің аз уақыт ішінде жойылып кеткенін анықтаған. Мысалы, Кембрийдің басында теңіздерде омыртқасыз жануарлардың көбеюі, Палеозойдың соңында папоротник тәрізді өсімдіктердің қырылуы, Бор кезеңінің ортасында жабық тұқымдастардың пайда болуы, Палеогеннің басында сүтқоректілердің артуы сияқты деректер дәйек бола алады. Осылайша жер қыртысы сияқты биосфераға да циклдық даму тән.

Сонымен, биосферадағы эволюциялық жағдай бірнеше рет секірмелі түрде жүріп отырды: Кайнозой эрасында жердің геологиялық дамуының соңғы кезеңі; жалаңаш тұқымды өсімдіктердің орнына жабық тұқымды өсімдіктер; ал салқын қанды жануарлардың орнына құстар мен сүтқоректілердің түрлері жер бетінде кеңінен таралып, биосфераның қазіргі жағдайының қалыптасуына ықпалын тигізді. Осылайша әртүрлі табиғи ортада бір - бірімен тығыз байланысы бар сан алуан биогеоценоздар пайда болды. Тірі заттар биосферадағы зат алмасуға, шашыранды элементтердің жинақталуына, тотығу және тотықсыздану реакцияларының жүзеге асуына септігін тигізді. Мұның бәрі эволюция барысында жер бетіндегі биомассаның бірте - бірте қазіргі деңгейіне жетуіне тікелей әсер етті.

В.И. Вернадский өз еңбегінде Ноосфера қабатына ерекше көңіл бөлді. Ноосфера - биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл - ойы табиғаттағы барлық әрекеттерді айқындайтын негізгі фактор болып табылады. Ноосфера - грекше «Саналы қабықша» деген мағына береді. Ғалымдар биосфераның ауадағы шекарасы жер бетінен 15 км., суда 12 км тереңдікте, жер қыртысында 5 км. тереңдікке дейін таралады деп есептейді.

Қазіргі замандағы биосфера өзіне литосфераның жоғарғы жағын және атмосфераның төменгі жағын толығымен, гидросфераны да енгізеді.

Гидросфера – жер ғаламшарындағы барлық су айдындарын құрайды.Оған жер бетін алып жатқан мұхиттар мен теңіздер, өзендер мен көлдер, жерүсті және жерасты суларын жатқызады.Гидросферада тірі ағзалар массалары біркелкі орналаспаған.Негізгі масса,фитопланктондар су үстінің (50-80 мертлік қабаттарында) күн сәулесі түсетін,соның нәтижесінде фотосинтез процесі жүретін қабаттарында кездеседі. Тірі ағзалар сондай- ақ 11 км. тереңдікте де кездеседі (Мариан қазаншұңқырында погонофорлар кездескен).

Литосфера – (грекше –«литос» - тас) жер шарындағы құрлықтың беткі қыртысты қатты қабығы. Литосфера қабатында тірі ағзалар 2-3 км.тереңдікте де таралған.

Жердің ауа қабаты атмосфера деп аталады.Құрлықтың үстіңгі 100км биіктікке дейінгі бөлігіндн атмосфера қабаты орналасқан. Оның шеті жер бетіндегі тірі ағзалардың тіршілігін Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайтын ерекше қабат- озон қабатымен шектеседі, оның тіршілік үшін маңыздылығына байланысты «озон қорғаны» деп те атайды.

Сонымен, биосфера жердің үш қабатындағы (гирдросфера, литосфера, атмосфера) тірі ағзалар тіршілік етеді (В.И.Вернадский бойынша,тірі денелер).

Биосферадағы тірі ағзалар биомассаының ең көп тараған аймағы құрлық пен мұхит бетінде, яғни литосфера мен атмосфераның, гидросфераның және атмосфераның, литосфера мен гидросфераның түйіскен шекарасында байқалады. Бұл жерлерде тіршілікке өте қолайлы жағдайлар: температура, ылғалдылық, оттегі және ағзалардың қоректенуіне қажетті заттар және басқада элементтер жеткілікті түрде кездеседі.

Биосферада екі түрлі эат айналымы жүзеге асырылады:

Үлкен – геологиялық – тірі және өлі табиғат атомдары арасындағы биогендік миграция.

Кіші – биологиялық – тірі ағзалар атомдары арасындағы биогендік миграция.

Биосферада кейбір активті химиялық элементтер атомдар күйінде бір ағзадан екіншісіне немесе өлі табиғатқа және қайтадан үздіксіз өтіп отыру нәтижесінде тұрақты болады.

Соңғы 600 млн.жылда кембрийден бастап, Жер бетіндегі негізгі айналымдар өзгерген жоқ. Биосфераның тұрақтылық жағдайы ең алдымен олардағы тірі табиғат жағдайына, күн энергиясының фиксациясына және атомдардың биогендік миграциясына тікелей байланысты.

Бірақ бұл тұрақтылықтың да шегі болады, оның бұзылуы үлкен келеңсіз жағдайларға әкеліп соғады.

Жер бетінде биосфераның тұрақтылығын бұзатын биосфералық емес энергия көздері пайда болды (атомдық, сутектік).

Қазіргі заманда адамзат баласының өзі де қоршаған ортаға өз өмірлеріне қауіп туғызатын көптеген залалдар келтіріп отыр. Бұл залалдарды әзәрше қалыпқа келтіруге болады. Сондықтанда экология ғылымының да алданда тұрған ең елеулі міндеттердің бірі – биосферадағы болып жатқан процестерді реттеу және бұзылған ортаны қалпына келту жұмыстарын қолға алу.Биосфераның заңдарының негізі орындалуда, бірақ барлық дүние жүзі елдерінің экологтарының қосылуымен үлкен іс тындыруға болады.

Пысықтау сұрақтары:

1. Биосфера ұғымы ғылымға қалай енді

2. Ноосфера қабығының пайда болуы немен байланысты

3. Биосферадағы процестердің бар болуын түсіндіріңіз.


Дәріс 10-11.

Қазақстанның су қоры.

Дәрістің жоспары:

1. ҚР сумен қамтамасыздануы және су ресурсының сипаты (судың сапасы)

2. Судың әртүрлі жолмен ластануы және халық денсаулығы

3. Құрғақшылық (қуаңшылық)

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

- биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және ашбейімді заттар;

- химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;

- физикалық ластану: жылу - қызу, электромагнитті өріс, радиоактивті заттар.

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал, Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады.

Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен - көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

- тұрғын - үй коммуналдық шаруашылықтар;

- өнеркәсіп орындары;

- ауыл шаруашылығын химияландыру;

- халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.

Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 %, минералдық заттар 42 %-тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс - жидек, бау - бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық - түлікпен адам организіміне кері әсерін тигізеді.

Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.

Негізгі ластаушы көздері мыналар:

- өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;

- химиялық заттар және тыңайтқыштар;

- тұрмыстық қалдықтар;

- жер асты суымен жалғанатын құбырлар;

- ірі құрылыс учаскелері;

- сүзгіалаңдар, бұрғы-скважиналар болып табылады.

Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.

Қазақстан жағдайында өзен - көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай - газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Жалпы, Қазақстан аумағында шамамен ұзындығы 10 км асатын 8290 өзен және 76 мыңдай шағын суағарлар (водоток) бар.

Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап, т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.

Іле - Балқаш бассейіні суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар - ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Әсіресе, "Балқашмыс" өндірістік бірлестігі, "Балқаш балық өнеркәсібі", "Сарышаған ракета полигондары", т.б. кен рудаларын байыту комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Іле өзенінің ортаңғы ағысы, жалпы өзен экожүйесі, күріш алқаптары "Ақдала, Шарын массивтері" және Шеңгелді массивтерін игеруге байланысты минералды тыңайтқыштар мен химиялық препараттар өте көп қолданылуына байланысты сапалық құрамы төмен. Оның үстіне Іле өзені арқылы мұнай тасымалдау, Қапшағай су қоймасы, Қытай жеріндегі судың ластануы ондағы экологиялық жағдайды ұшықтыра түсуде.

Сырдария, Шу, Талас, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Тентек, Көксу өзендерінің сулары біршама таза деп есептелінеді. Соның ішінде Сырдария, Шу, Талас өзендері ауыл шаруашылығын химияландыру мен дренажды сулармен ластануда. Әсіресе, Арыс, Келес өзендері күріш пен мақта егісінде жиі қолданылатын пестицидтермен ластанып отыр.

Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс - тіршілігін шиеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі жүздеген мұнай бұрғы - скважиналарын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер, коммуникациялар, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның үстіне Еділ және Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Мәселен, 1995 - 2000 жылдар аралығындағы кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20 - 30 мың итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының көрсеткіші — биоиндикаторы болса керек. Қазір Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді дүрліктіріп, шетелдік инвестрлер теңіз "қара алтынын" игеруге ұмтылуда. Ал, олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы күмән туғызып отыр.

Атырау, Маңқыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы - скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың т. мұнай қалдығы, 40 мың т. көмірсутегі жинақталған.

Ақтөбе облысындағы су айдындарының да экологиялық жәйі нашар. Мәселен, Елек өзені амин өнеркәсібі есебінен және бормен ластануда.

Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Алакөл, Зайсан көлдерінің экологиялық жағдайы біршама тәуірлеу деп есептелінеді. Десе де су айдындары Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстандағы өнеркәсіп орындары, полигондар есебінен ластануда.

Қарағанды металлургия комбинатының және Теміртау қаласындағы "Карбид" өндірістік бірлестігінен шыққан сулар Нұра өзенін барынша ластауда. Жамбыл фосфор зауытының сарқынды лас сулары Талас, Асы өзендері мен оның алқаптарын фтор және сары фосформен ластап отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысында ең көп ластану Бадам, Сайрам кен орындарында байқалуда. Әсіресе, Бадам өзені бойындағы қорғасын, фосфор, химия өнеркәсіптерінен бөлінетін қорғасын, мырыш сынап кей жерлерде шекті мөлшерден 50 есеге дейін асып кететіні тіркелген.

Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда жиірек ұшырасуда.

Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген игі істер жүргізілуде.

пысықтау сұрақтары:

1) қазақстаның су ресурстарының сапасын жақсарту үшін қандай шаралар қолданылады

2) суды ластаушы негізгі көздер

3) гидросфераға антропогендік әсері


Дәріс 11.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 2021; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.01 сек.