Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Ала экологиясы




Дәрістің жоспары:

1)Қала экологиясы.Ірі қалалар.

2)дүние жүзіндегі халықтың саны

3) шағын қалалар

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық қүрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мелшері 6 млрд3 деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі - оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.

Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған түрмыстық-коммуналдық суы 70км жердегі Жаманқүм және Сорбүлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.

Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай суқоймасына қарай ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбүлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбүлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті. Суды азайтатын каналдар қалыпты жүмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60км артып, ұзындығы - 15км, ені - 8км, тереңдігі - 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі -1 млрд м3-ға жетіп отыр.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келді. Қазақстан республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым кепшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды, ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200-ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болуды.

Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті; 1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қажетті.

Қазақстанда - 14 облыс, 84 қала және 210-дай қала типтес елді мекендер бар.

Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп қана қоймай, қазіргі қалалар бір-бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса зор аймақтар пайда болуда. Оларды - мегаполис (қосылып кеткен) деп атайды. Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мүхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның үзындығы 850км, халық саны 35 миллион. Тынық мұхит жағасында ұзындығы 120км, ені 60км Лос-Анджелес-Сан-Франсиско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам адам тұрады. Ресей мемлекетінде де - Москва, Владимир, төменгі Новгород қалалары бір-біріне қарай "жылжып", аралары жақындап келеді.

Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр соңына қарай халықтың 3/4 белігі өнеркәсіп орындары шоғырландырылған қалалар –

мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы қалаларды мекендейтін болады. 1 млн-ға жуық халқы бар қала, сөткесіне өте үлкен су қорын, азық, жанар-жағар май қорларын пайлалану нәтижесінде, көптеген газ, сұйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған ортаға келіп қосылады.

Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады. Оларда, өндірістік және өндірістік емес салалардың, көліктің, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан.

Қаланы адамдарды қоршаған ортаның басты формасы ретінде қарастыру, әлемдік және аймактық модельдермен салыстырғанда, қаланың экологиялық блок модельдерінің өзіндік ерекшелігін айқьшдайды. Қалаларда, бірінші кезекте қоғамның сонымен, қоса әлеуметтік және табиғи (биологиялық) ресурстың басты рөлі ретінде, тікелей адамдар проблемасы қойылады. Сондықтан да мұнда экологиялық функция ең әуелі әлеуметтік тұрғыда және олардың өмір сүруін қамтамасыз етуде, әрі қала ортасының дамуына орай өркендетуге бағытталады.

Тыныс-тіршіліктің әлеуметтік бағытына, әсіресе Дүниежүзілік ден-саулық сақтау ұйымының жарғысына (уставына) сәйкес қалада адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаладағы қоршаған ортаның тазалығы үнемі басты назарда болады.

Шағын қалалар, поселкелер, ауылдар маңында шоғырланған өндірістік және тұрмыстық қалдықтар да жеткілікті. Олардың көбі сол мандағы көл, өзен және шұңқырларға шығарылады. Ал оның одан арғы айналымға түсіп, екінші бір елді мекенге тигізетін зардабы есепке алынбайды. Қалдықтардың ішінде пластикалық заттар мен пластмасса бүйымдарын жою өте қиын. Ал оларды жағу ауаға зиянды көміртек оксидтерін көптеп шығарады. Олардың табиғи шіру мүмкін емес. Біз зат алмасу заңдылығын білеміз. Табиғатта көптеген қалдықтарды, әсіресе жануарлар сүйегін, кейбір темір қалдықтарын шірітіп жіберетін саңыраукүлақтар бар. Осылайша табиғатта өздігінен тазалану процесі жүріп жатады. Яғни, органикалық қалдықтар далада ешуақытта үйіліп жатпайды. Бүл миллиондаған жылдардың жемісі. Осы заңдылықты адам өзінің іс-әрекетімен бүзып отыр. Адамның ақыл-ойымен жасалған өнеркәсіп қалдықтарын шірітетін тірі организм (бактериялар, саңырау-қүлақтар, т.б.) табиғатта жоқ. Сондықтан адам баласы өзі жасаған зиянды қалдықтарды өзі жоюға міндетті.

Мысалы, Жапонияда қалдықтарды өңдеудің бірнеше сатылы жүйесі бойынша жүмыс істейтін зауыттар бар. Олар қалдықсыз немесе аз қалдықты технологиямен жүмыс істейді. Өңдеудің соңғы өнімі құрылыс материалдары немесе тыңайтқыш. Міне, осындай деңгейге жету барлық мемлекеттердің алдағы жоспары. Біздің республикамызда бұл бағытта біраз жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Алматы қаласында біраз зауыттар өндірістік қалдықтардан шлакты белоктар, құрылыс материалдары және жол төсемдерін жасауда. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (Өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға қолайсыз әсерін азайту жөнівдегі шаралары туралы) және (Қоршаған ортаны қорғау туралы) заңдары еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту барысында жасалынып жатқан игі істердің бастамасы деп білеміз.

Қазіргі заманда жер шарындағы халық санының еселеп артуы заңды құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең маңызды факторлар - қоршаған ортаның сапасы. Бүл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс-салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісе түсуі жер шарының кептеген аймақтарында экологиялық дағдарыс, апат әкелуде. Әлемдік экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.

Қоршаған ортаға қауіпті заттардың қатарына улы заттар, ауыр металдар, нитраттар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бүл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте қауіптісі -бензапиррн. Бүл заттармен ластану әсіресе Алматы, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Бүл заттар адам организміне ауаның қүрамы, су және азық-түлік арқылы түседі. Мұндай улы Заттар көбіне тыныс органдарын - өкпе мен қолқаның қызметін бүзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000л ауа өткізсек, онда ауаның қүрылымындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Сондықтан болар Арал, Атырау, Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарында түрғындардың өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, өкпе ісіктері, ентікпе ауруларына шалдыққандары басым.

пысықтау сұрақтары:

1) Қазақстандағы қалалардың экологиялық жағдайы

2) Қазіргі заманда жер шарындағы халықтың саны

 

Дәріс 12.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1334; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.009 сек.