Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма. 1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру




1. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру

Биотикалық факторлар - бір организмдердің тіршілік етуі барысында басқа организмдерге әсері. Биотикалық қарым­­­­­­-қатынастардың негізгі типтері: бәсекелестік, жыртқыштық, комменсализм, мутуализм, симбиоз, синойкия, паразитизм.Биоценозда әртүрлі түрлер арасында белгілі бір қарым­­­­­­-қатынастар қалыптасады. Оның негізі қоректік тізбектерде байланысты екені белгілі.Десе де, организымдер арысындағы кеңістіктік қарым­­­­­­-қатынастар да негізгі роль атқарды. Қоректік тізбектер, өсімдік, құстар және жануарлар арасында болады.

Бәсекелестікө бір немесе бірнеше түрге жататын организымдердің өзара қорек,тұрағы, т.б. ресурстардың көрінісі Кезінде Ч.Дарвин түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік ушін күрестіңмаңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған.Бұл көрініс өсімдіктер мен жануарлар арасында жиі байқалады.Мысалы, кәдімгі шыршалардың өздігінен сиреуі немесе құмырсқалардың қырылу арқылы популяциясынын реттеуі жатады.

Түраралық бәсекелестік әр түрге жататын түрлер арасында болады.Ол бірде айқын білінсе, бірде онша байқаламдайды. Сондықтан эколог Г.Ф.гаузенің зерттеулері бойынша екі түрге жататын популяциялар еш уақытта бір жерде өмер сүрде алмайды. Оның біреуі белсенді түр ретінде басымдылық көрсетіп, екіншісін ығыстарады немесе жойып жібереді. Бұл эрине қоректік ресурсқа тэуелді болған жағдайда іске асады.кейбір жағдайда бәсекелестік қоректек фактор арқылы емес басқа да факторлардың жетіспеуінен де болады.

Жыртқыштық – қорек,аумақ, т.б. ресурстар үшін бірін-бірі өлтіру,қуу,жеу арқылы көрініс береді. Жыртқыштық турлер арасында болатын қарым қатынастардың ең жоғарғы формасы.

Жыртқыштық организмдер үшін оңайға түспейді. Ол үшін жыртқыш жемтігі алдымен іздеп тауып, ұстауы қажет. Ал жемтік өз кезенгінде жауынан қорғану үшін жоғары бейім делушілік қасиетке ие болады. Бұл кұбылыстар ғасырлар бойы дамым,организм бойында морфологиялық, физиологиялық,биохимиялық т.б. өзгерістерге алып келді. Олар өсімдіктерде тікен,қабық,жағымсыз иіс түрінде білінсе, жануарлар дүниесінде улы бездер,панцирлер, қорғаныс түстер,мінезқұлкының өзгеруі, түрін өзгерту, денесінің кейбір мүшестін бөліп тастау,қашып кету, жасырыну т.б.құбылыстар арқылы жүзеге асады. Тіпті құстар, түз тағылары сес көрсептіп, қарсы шабу, қатты дыбыс шығаруға дейін бейімделген, эволюция барысында кейбір жыртқышштар жемтігін таңдам жеуге, екіншілері көпқоректіклерге айналған. Мәселен, қасқыр көпқоректі болса, ал кейбір құстар тек балыкпен қоректенуге бейімделген. Тіпті кейбір қустар тек балықпен қоректенуге бейімделген.Тіпті кейбір ірі жырткыштар қорегін таңдаумен қатар өзіне тэн агресивте,баяу, кейде пассивті.

Сондай ақ табиғатта жәндіктермен қоректенетін де автотрофты өсімдіктер болады. Олар жәндіктерді өлектіріп, қармап алады да органикалық қышқылдар мен ферменттердің көмегімен қоратады.Жәндіктермен қоректенетін 500-ге жуық өсімдіктер белгелі.Әдетте мұндай өсімдіктер топырақта азот, фосфор, калий, элементтері жеткіліксіз жерлерде. Жәндіктерді еліктірудің жолдары да әртүрлі біреулерінде су асты жапырактарарының қапшық сияқты мүше түзүі, екіншілерінде жапырак сағағының жоғарғы жағы құмыра тәріздіболады. Беті жылтыр болғандықтан жәндіктер одан тайып кетіп отырады. Альдрованда өсімдігінің жапырағы жабасқақ сұйықтық бөлетін қызғылт түкті болып келсе, дионея өсімдігінің жапырақтары қақпан сияқты жабылады. Кейбір өсімдіктер күніне бірнеше ондаған жәндіктермен қоректенеді.

Адам баласы жыртқыштар мен құстары байқап олардыңмінез құлқына ат қойып, колға ұйретіп, мәдени формаларып шығаруға ұмтылып отырған.

Паразитизм - бір түр өкілінің екінші бір түр өкілін қорек немесе тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік етуі. Паразиттік құбылыс организмдер арасында тікелей жанасу арқылы бірте-бірте пайда болған. Бұл процестер бактериядан бастап жоғары сатыдағы организмдер арасында кездеседі. Әсіресе бұл қарым-қатынас вирус, бактерия, саңырауқұлақ, қарапайымдылар, құрттар арасында жиі кездеседі. Сол сияқты өсімдік пен өсімдік, жануар мен жануар, өсімдік пен жануар арасында да паразиттік құбылыс жақсы дамыған. Паразиттердің қоректі пайдалануына, бейімделуіне қарай монопаразиттер, олиго-полипаразиттер болып жіктеледі. Кейбіреулері сыртқы (эктопаразиттер) және ішкі (эндопаразиттер) паразиттер болып бейімделген. Олардың ішінде пайдалы да немесе өте қауіпті ауру тарататын түрлері де баршылық. Бірақ, олардың қай түрі болмасын табиғатта орны толмас ролі бар. Мәселен, біздің жерімізде кездесетін зиянкес жәндіктердің паразиттері олардың табиғаттағы санын реттеп ауыл шаруашылығына мол пайда әкеледі. Бір ғана құм тышқанының үстінен немесе ішкі мүшелерінен паразиттің 19 түрі табылған. Ал адамның ішек-қарын, өкпе, бауырларында кездесетін аскарида, эхинококк, т.б. оргаттизмдер паразиттер қатарына жатады.

Паразиттердің көптеген түрлері жұқпалы, тіптен қатерлі аурулар (сүзек, тырысқақ, безгек, энцефалит, оба, т.б.) таратады. Олардың қатарына Қазақстан аумағында жиі кездесетін маса, сона, бүрге, кенелер жатады. Әсіресе республикамыздың шөлейтті аймағында кездесетін маса, бүрге, кенелердің биологиясын білу олармен күресті, сақтануды жеңілдетері сөзсіз. Көптеген жануарлар (түлкі, қоян, жыртқыш құстар, қарсақ, т.б.) паразиттерді таратушылар ретінде роль атқарады. Ал Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы алқаптарында кең таралып отырған жапон энцефалитінің қауіпті паразит екенін бәріміздің білгеніміз жөн.

Симбиоз - екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше селбесіп пайдалы тіршілік етуі. Мәселен, құмырсқа мен өсімдік биті, шаян мен актиния, акулалар мен жабысқақ балықтар арасындағы селбесіп тіршілік ету осы қарым-қатынасқа жатады. Қыналар - балдыр мен саңырауқұлақтың селбесіп тіршілік етудің көрінісі болып табылады. Өсімдіктердің тамыр жүйесінде, ағашты өсімдіктерде майда тамырлардың сыртын орап (эктомикориза), шөптесін өсімдіктерде тамырлардың ішіне өніп (эндомикориза) селбесіп тіршілік ететін саңырау құлақтар бар. Олар өсімдіктерді ылғалмен, минералды заттармен қамтамасыз ете отырып, өз кезегінде олардан өздеріне қажетті органикалық заттарды алады.

Комменсализм - бір түрдің қоректік қалдығымен екінші организм қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі. Бұл симбиоздың бір формасы ретінде белгілі. Ал кейде екінші организм біріншісін қозғау құралы немесе қорғанысы ретінде де пайдаланады. Мәселен, ірі балықтардың желбезегінде ұсақ балықтар еркін тіршілік етуге бейімделген. Егер де комменсалдар бір-біріне зиян келтіре бастаса оның біреуі паразиттік немесе бәсекелестік жолға түседі.

Мутуализм - әр түрге жататын организмдердің бір-біріне қолайлы жағдай туғыза отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен, тақуа шаян (рак отшельник) мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының мысалы.

Зоохария - жануарлардың орын ауыстыруы арқылы өсімдіктер тұқымдарын кеңістікке тарату құбылысы. Зоохария - өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бір тобының ұзақ жылдар бойы бірлестікте тіршілік етуінің жемісі нәтижесінде өсімдіктер тұқымында жабысқыш ілгектер пайда болып олар құстар, сүтқоректілердің және басқа да жануарлардың денесіне жабысуға бейімделіп осы арқылы алыс кеңістіктерге тарауы. Өсімдік тұқымдарының мұндай жолмен таралуын - пассивті "(эктозоохория) дейді. Ал кейбір өсімдіктердің тұқымдары жануарлардың соңғы өнімдері (экскременттері) арқылы таралады. Оларды - активті (эндозоохориялық) таралу жолы деп атайды.

Аллелопатия - организмдердің денесінен өзіне тән химиялық заттар шығару арқылы қарым-қатынас жасау жолы. Яғни, өсімдіктерден бөлінген заттар басқа жануарларға теріс немесе жағымды әсерін тигізетін қасиетке ие болады. Мәселен, кәдімгі жусан иісі көптеген өсімдіктерге (жүгері, картоп, томат, т.б.) теріс әсерін тигізсе, ал лобия өсімдігі бидайдың өсуін тежейтін көрінеді.

Өсімдіктерден бөлінетін заттар жануарларға еліктіргіш (аттрактивті) немесе жиркенішті (репеллентті) түрінде әсер етеді. Бұл қасиеттер әсіресе, біртекті қоректілер және паразиттер үшін өте маңызды. Жануарлар да өзінен жағымды кейде жағымсыз "келетін әр түрлі белсенді заттар бөлігі өзінің жауына қарсы немесе еліктіргіш сигнал беру қасиетіне ие болады. Биологиялық белсенді заттарды көп организм де бөледі. Мәселен, көпке белгілі антибиотиктер: пенициллин, стрептомицин, гиббериллин медицинада жиі қолданылады.

Организмдерге теріс ықпалын тигізу арқылы қарым-қатынас жасаудың тағы бір түрін - аменсализм деп атайды.

Кейбір организмдер екіншілер үшін шектен тыс агрессивті болып келеді. Мәселен, кейбір құмырсқалар көршілес құмырсқа илеулерінен жұмыртқа мен личинкаларды тартып әкеліп иелік жасайды. Бұл құбылыс организмдерде болатын инстинктің жоғарғы деңгейдегі көрінісі болса керек.

Организмдер арасындағы қарым-қатынастардың кейбір түрлерін 6 кестеден де көруге болады

Биотиқалық қарым-қатынастар түрлері

Байланыс типтері Байланыс түрлері Анықтама Мысалдар
Бір-біріне пайдалы қарым-қатынастар Симбиоз (++) (грекше симбиоз – бірге тіршілік ету) Симбионттар үшін бір-біріне пайда әкелетін, бірақ, кейбір паразиттік элементтері ар қарым қатынастар Саңырауқұлақ пен балдырлардың бірге тіршілік етуі (қыналар). Саңырауқұлақ пен жағары сатыдағы өсімдіктер тамыр жүйесі (микориза). Түйнекті бактериялар мен бұршақ тұқымдастары тамыр жүйесі
  Мутуализм (++) (латынша мутуо – өз ара) Паразиттік элементтері жоқ, бір-біріне пайдалы қарым қатынастар Энтомофилия. Зоохория (өсімдіктер тұқымдарының жануарлар арқылы таралуы)
Пайдалы-нейтралды қарым-қатынастар Комменсализм (+0) (латынша кум – бірге, менса - тағам) Бір организм пайда көріп, екіншісіне зиян тигізбейді Ағашта өсетін эпифиттер. Акулалар мен жабысқақ балықтар
Синойкия (+0) (латынша син – бірге, ойкос - баспана) Бір организм үшін пайдалы, екіншісі үшін немқұрайлы қарым-қатынас Құстардың ағаштарда ұя салуы
Пайдалы-зиянды қарым-қатынастар Жыртқыштық (+-) Бір организм екінші организммен қоректенеді Фитофагтар-өсімдіктер, қасқыр-бұғы, түлкі-тышқан
Паразитизм (+-) Бір организм екіншісі (иесі) есебінен қоректенеді Ішкі және сыртқы паразитизм, кездейсоқ паразитизм
Аменсализм (+-) (латынша а – емес, менса - тағам) Бір организм үшін пайдалы, екіншісі үшін зиянды қарым-қатынастар Химиялық заттардың әсері (фитонцидтер, антибиотиктер)

 

Қоршаған ортаның ластануы

Тапсырма

Берілген сұрақтар бойынша дайындалу, тестер құрастыру

1.Қоршаған ортаның ластану түрлері

2.қышқылдық жамбырлар

3.озон қабатының бұзылуы

4парниктік эффект

5 топырақ, өсімдіктер, жануарлар деградациясы

 

Қоршаған ортаның ластануы

Тапсырма

Берілген сұрақтар бойынша дайындалу, тестер құрастыру

1.Қоршаған ортаның ластану түрлері

2.қышқылдық жамбырлар

3.озон қабатының бұзылуы

4парниктік эффект

5 топырақ, өсімдіктер, жануарлар деградациясы

 

СОӨЖ № 5




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1576; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.022 сек.