Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Тапсырма




1. 1. мәтінді оқып, дәптерге жазу

2. Тест құрастыру

3.гидробионттардың қатысуымен қоректік тізбек құрастыру

4. терминдерді сөздікке көшіру

Гидробионттардың экологиялық жіктелуі.

Гидробионттар – су ортасын мекендейтін ағзалар. Суда тіршілік ететін ағзалар нектон, планктон және бентос болып бөлінеді.

Нектон (грек тілінен аударғанда nektos - жүзетін) – су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орнын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Бұл жануарлар өте үлкен арақашықтыққа орын ауыстыруға қабілетті және қатты ағыстарға төзімді болып келеді. Олардың дене пішіні сүйірленіп келген және қозғалу мүшелері жақсы дамыған.

Нектонды ағзаларға балықтар, кальмарлар, ескек-аяқтылар, киттер жатады. Тұщы суларда балықтардан басқа, нектонға қосмекенділер мен белсенді орын ауыстыратын бунақденелілер жатады.

Планктон (грек тілінен аударғанда planktos - жалықтаушы) – негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Олар жылдам және белсенді орын ауыстыруға қабілетсіз. Негізінен бұлар ұсақ жануарлар – зоопланктон және өсімдіктер – фитопланктон. Планктонды ағзалар су бетінде, терең жерлерде, тіпті су түбінде де таралады. Плейстон (грек тілінен аударғанда plein – кемеде жүзу) – денесінің бір бөлігі суда, екінші бөлігі судың бетінде жүретін ағзалар (фезалия, сифонофора). Нейстон (грек тілінен аударғанда neusteon – жүзуге қабілетті) – су бетінде жүзіп жүретін ағзалар (бактериялар, қарапайымдылар, су қандаласы, балдырлар).

Фитопланктон – су қабатында тіршілік ететін және су ағсытарының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктердің жиынтығы (диатомды және жасыл балдырлар, өсімдіктекті талшықтар және т.б.).

Зоопланктон мен бактериялар барлық тереңдіктерде кездеседі. Теңіз зоопланктонында ұсақ шаянтәрізділер, қарапайымдылар, медузалар, жүзетін гребневиктер, сальпылар, кейбір құрттар басым. Тұщы суларда ірі шаянтәрізділер, коловраткалар мен қарапайымдылар таралған.

Бентос (грек тілінен аударғанда benthos - тереңдік) – су қоймаларының түбінде (грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Ол фитобентос, зообентос және бактериобентосқа бөлінеді. Теңіздердің фитобентосы негізінен бактериялар мен балдырлардан (диатомды, жасыл, қоңыр, қызыл) құралған. Әсіресе су түбінің жартасты, тасты бөліктері фитобентосқа бай.

Тұщы сулардың фитобентосы бактериялардан диатомды және жасыл балдырлардан тұрады. Зообентос негізінен бекінген немесе баяу қозғалатын, грунтты қазып тіршілік ететін жануарлардан тұрады.

Су ағзалардың экологиялық жағынан бейімдеушілік қабілеті құрылық ағзаларына қарағанда төмен. Себебі, су – анағұрлым тұрақты орта, оның абиотикалық факторлары салыстырмалы түрде аз өзгереді.

Су ортасының тағы бір ерекшелігі – онда детриттің (латын тілінен аударғанда detritus – бөлшектенген) көп болуы. Детрит дегеніміз - өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзілген ұсақ органикалық заттың бөлшектері. Детрит көптеген су ағзалары үшін қорек болып табылады. Арнайы микропоралы құрылымдардың көмешімен сүзіп қоректенетін жануарларды биофильтраторлар деп атайды. Мұндай қоректену типін фильтрация дейді. Биофильтраторларға қосжақтаулы былқылдақденелілер, отырықшы тікентерілер, асцидиялар, планктонды шаянтәрізділер жатады.

Топырақ ағзалары мекен ету ортасымен байланыс дәрежесіне қарай келесідей топтарға бөлінеді:

1) геобионттар – топырақта тұрақтыы тіршілік ететін, бүкіл даму циклы топырақта өтетін жануаарлар (жауын құрттары, көптеген алғашқы қанатсыз бунақденелілер);

2) геофилдер – даму циклінің бір бөлігі топырақта өтетін жануарлар. Бұларға көптеген бунақденелілер: қанатты шегірткелер, бірқатар қоңыздар, ұзынаяқталар масалар жатады. Геофилдердің дернәсілдері топырақта дамиды, ал ересек формалары жер бетін мекендейді;

3) геоксендер – топырқты уақытша баспана ретінде пайдаланатын жануарлар (тарақан тәрізділер, жартылай қатқылқанаттыылар, кемірушілер, індерінде өмір сүретін сүтқоректілер).

Қозғалғыш, құмды топырқта мекендейтін ағзалардың ерекше тобын бөліп көрсетуге болады. құмда өсуге бейімделген өсімдіктерді псаммофиттер деп атайды (грек тілінен аударғанда sammos - құм), мысалы: құм жусаны, ақ сексеуіл, жүзгін, құм қарағаны. Псаммофилді жануарларға – кесірткелер, жіңішкесаусақты сарышұнақ, түйе жатады.

Ылғал жетіспейтін белдеулерде, негізінен далалар мен шөлдерде тұзды топырақтар кең таралған. Бұл құбылыс құрғақ және ыстық климат жағдайында топырақтың жауын суымен толық шайылмауына байланысты. Мұндай топырақтарға, жоғарғы горизонтқа еритін тұздарды көтеретін жоғарғы ағыстың басым болуы тән. Натрий хлориді, кальций хлориді және т.б. тұздармен қаныққан, үнемі ылғалды топырақтарды сор деп атайды. Кепкен кезде оның бетінде кристаалданған тұздардан қабыршақты қабық түзіледі.

Тұзды топырақтарда өсетін өсімдіктерді галофиттер деп атайды (солерос, сарсазан, сода және калий сораңы, потаашник және т.б.). галофиттердің осмостыық қысымының өте жоғары болуы, олрға топырақ ертіндісін пайдалануға мүмкінді береді. Кейбір гаалофиттер тұздардың артық мөлшерін жапырақтары арқылы сыртқа шығарады немесе өзінің ағзасында жинайд.

Тұзды топырақтарда тіршілік ететін жануаарларда галофилдер деп атайды (кейбір шөлдің қараденелі қоңыздарының дернәсілдері).

СОӨЖ № 3

Жұмыстың мақсаты:тірі ағзалардың қоректену типтерімен танысу

Тапсырмаларды орындау:

1 мәтінді оқып, дәптерге жазу

2. Тест және слайд құрастыру

3. трофтық құрылым дегеніміз не?

 

Тірі ағзалардың қоректену типтері мен энергия өзгерту механизмдері. Қоректену әдісіне байланысты барлық ағзалар автотрофтар және гетеротрофтар болып бөлінеді.

Автотрофтар (грек тілінен аударғанда autos - өзі) – бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асырады (жасыл өсімдіктер мен ккейбір организдер).

Гетеротрофтар (грек тілінен аударғандаheteros- әр түрлі) – дайын органикалық заттармен қоректенеді (жоғары сатыдағы паразит-өсімдіктер, саңырау-құлақтар, кейбір микроорганизмдер, барлық жануарлар мен адам).

Аралас қоректену әдісі тән тірі ағзаларды ІІ. Пфеффер миксотрофтар (ағылшын тілінен аударғанда mix – араластыру) деп атады. Бейорганикалық заттарды органикалық затқа айналдыру механизмі бойынша автотрофтар мен хемотрофтарға бөледі.

Фототрофтар (фотосинтез) – жасыл өсімдіктер, көк жасыл балдырлар.

Хемотрофтар (хемосинтез) – күкірт бактериялары және т.б.

Дж. М. Андерсонның қазіргі кездегі жүйеленулеріне сай гетеротрофтарды үш категорияға бөледі: некротрофтар, биотрофтар мен сапротрофтар.

Некротрофтар (грек тілінен аударғанда nekros - өлі) – қоректену объектісін өлтіреді (адам, жыртқыш).

Биотрофтар (грек тілінен аударғанда biosis - тірі) – басқа тірі ағзалар есеьінен қоректенетін ағзалар (паразиттер, қансорғыштар).

Сапротрофтар (грек тілінен аударғанда sapros - шірік) - өлген органикалық затпен қоректенеді.

Жерде пайда болған алғашқы ағзалар гетеротрофтар болған, егер автотрофтар пайда болмағанда олар өзін-өзі жойып жіберетін еді. Осы топтардың пайда болуы қарапайым зат алмасудың болуына мүмкіндік берді:

Автотрофтар Гетеротрофтар

 

Автотрофтар органикалық затты синтездейді, ал гетеротрофтар оларды пайдаланады. Бұл процестің барысында органикалық заттың ыдырауы жүреді. Егер ыдырау өнімдерін кайтадан автотрофтар пайдаланса, онда экожүйедегі ағзалар арасында зат пенэнергия айналымы түзіледі. Күн энергиясын пайдалана отырып атмосфера, су және топырақ заттарынан өсімдіктер органикалық қосылыстар түзеді. Бұл қосылыстар өсімдіктер үшін құрылыс материалы болып табылады. Олардан өсімдіктердің ұлпалары құралады және олар өсімдіктердің тіршілік функцияларын қамтамасыз ететін энергия көзі болып табылады.

Гетеротрофтар органикалық заттарды бастапқы компоненттерге: көмірқышқыл газы (IV), су, нитраттар, фосфаттар және т.б. дейін ыдырата отырып, оларда қорға жиналған химиялық энергияны босатып шығарады.

 

СОӨЖ №4




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1933; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.016 сек.