КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Тапсырма. 1. мәтінді оқып, дәптерге жазу
1. мәтінді оқып, дәптерге жазу 2. Тест құрастыру 3. Тірі материя мен биологиялық жүйелердің бірігу деңгейлері Тірі материя үшін сол жүйеге кіретін элементтердің, яғни элементарлы бөлшектерден (электрон, протон) бастап организмдер мен қауымдастықтар, биосфераға дейін иерархиялық бір-біріне бағыныштылығы тән. Сондықтан, биолониялық деңгейлер жоғарылаған сайын объектілер арасындағы қарым-қатынастар да күрделене түседі. Экология ғылымы организмдер мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды барлық деңгейлерде зерттейді. Материяны құрайтын элементтердің құрылымдық-функционалдық бірігуінің ерекшеліктері негізінде төмендегідей деңгейлерді бөледі (2 кеспе). Молекулалық деңгей. Биологиялық макромолекулалар: нуклейн қышқылдары, белоктар, полисахаридтер т.б. маңызды органикалық заттар деңгейінде бірігу. Клеткалық деңгей. Элементарлық тірі жүйе, барлық тірі организмдердің негізі құрылымдық-функционалдық бірлігі. Көп клеткалы жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар ұлпаларының құрамында немесе жеке организм ретінде (бактериялар, қарапайымдылар, кейбір балдырлар мен саңырауқұлақтар) тіршілік етеді. Ұлпалық деңгей. Ұлпа – құрылысы мен атқаратын қызметі жағынан ұқсас клеткалар тобы. Дануарларда – шығу тегі, құрылысы, организмдегі атқаратын қызмет ұқсас клеткалар жүйесі. Өсімдіктерде - әдетте шығу тегі ұқсас, құрылымдық және атқару қызметі бойынша бір-бірімен байланысты клеткалар жүйесі. Мүшелік деңгей. Бірнеше қызмет атқаратын әртүрлі типтегі ұлпалардың құрылымдық-функционалды бірігуі. Популяция – бір-бірімен және қоршаған ортамен байланыста болатын, өзіне ұқсас топтардан әртүрлі дәрежеде оқшау тіршілік ететін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Түр – белгілі бір ареалда тіршілік ететін генофоны ортақ, бір-бірімен шағылысып өнімді ұрпақ беретін, морфо-физиологиялық белгілері ұқсас популяциялар жиынтығы. 2 кеспе Тірі жүйелердің бірігу деңгейлері
Биоценоз (грекше bios - өмір, тіршілік, koinos –жалпы, ортақ) немесе қауымдастық – бір жерде тіршілік ететін, трофикалық (қоректік) және кеңістікте байланыста болатын әр түрге жататын организмдер топтары (5 тарау). Биогеоценология (грекше bios - өмір, тіршілік, geo – жер, koinos – ортақ) – биогеоценоз ішіндегі экологиялық компоненттердің қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Биогеоценоз – биоценозбен қарым-қатынаста болатын атмосфера, гидросфера және литосфера бөліктері кіретін, яғни белгілі бір жерде тіршілік ететін тірі организмдер мен зат және энергия алмасу бойыша біріккен жер беті учаскесі. Биогеоценоз биосфераның элементарлық бірлігі болып табылады. Биогеоценоз көбіне «экожүйе» терминінің синонимі ретінде қолданылады. Бірақ бұл ұғымдар бір-біріне сәйкес келе бермейді. Экожүйе (грекше oikos – үй, sistema - бірігу) – бір-бірімен қарым-қатынастары заңдылық деп қарастыруға болатын, бірге тіршілік ететін әр түрге жататын организмдер топтары мен олардың тіршілік ету жағдайларының жиынтығы (6 тарау). Тірі организмдер қарым-қатынаста болатын Жердің барлық экожүйелерінің (атмосфера, гидросфера, литосфера) жиынтығы жердің ең үлкен экологиялық жүйесін – биосфераны (грекше bios - өмір, тіршілік, sphaira - шар) құрайды (7 тарау). Экологияда көбіне бір-бірімен шатастырып жүретін қоршаған табиғи орта және қоршаған орта деген ұғымдар бар. Қоршаған табиғи орта - Жерде және оның айналасында болатын табиғи денелер (су, ауа, жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдер, топырақ, минералдар, тау, жыныстары, космос), құбылыстар (радиоактивтілік, гравитация, жылу, энергия, жарық, дыбыс) және табиғи (космостық, геологиялық, климаттық, биологиялық) процестер. Қоршаған орта – адамды қоршап тұрған табиғи орта, адам қолымен жасалған құндылықтар және тарихи дамуы бар әлеуметтік-экономикалық компонентер.
СОӨЖ №2
Дата добавления: 2014-12-26; Просмотров: 1399; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |