Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 1 страница




1. Осы жылжымайтын мүлікке бастапқы және кейінгі мемлекеттік техникалық тексеру нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтары мемлекеттік тіркеуге жататын, құрылыстар мен олардың құрамдастарын, ғимараттарды техникалық тексерудің жүргізуін нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) арзан құнды құрылыс – күрделі құрылыстарда пайдаланылмайтын, уақытша сипаттағы, тозығы жеткен, жартылай бұзылған (тарихи және сәулеттік ескерткіштерден басқа) материалдардан салынған құрылыс; техникалық паспортқа енгізілмейді, алайда толық сипаттамасымен абристе көрсетіледі;
2) балкон – ғимарат қасбетінде орналасқан, тіреуіш қанаттармен қоршалған алаң;
3) вестибюль – үздіксіз келушілерді қабылдауға және бөлуге арналған, тұрғын және тұрғын емес құрылыстың ішкі бөлігіне кірер алдындағы үй-жай;
4) дәліз – тұрғын үйге тысқары салынған немесе оған қосарлана салынған, бөлігі 60 пайыздан аз емес әйнектелген ашық немесе әйнектелген жылытылмайтын жай. Сондай ақ көпқабатты құрылыстағы пәтердің құрамдас бөлігі, әдетінше жылытылмайды, терезелердің ашылатын желдетілетін, кейде күн көзінен сақтайтын құралдармен жабдықталады. Дәліз балалар, шипажай ұйымдарда, емханаларда кеңінен қолданылады;
5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалынатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу - жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқық ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және Құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттік тануы мен растауының міндетті рәсімі;
6) жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру – құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті ғимараттардың, құрылыстардың және олардың құрамдас бөліктерінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын белгілеу;
7) жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары - құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісі туралы мәліметтер оның ішіне кіретін, мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (болған жағдайда), жылжымайтын мүліктің түрі, кадастр нөмірі, меншік формасы, құрамдас бөліктерінің саны, жердің категориясы, бөлінуі, мақсатты пайдалануы, қабаттылығы, алаңы (жалпы, тұрғын, пайдалы) туралы мәліметтер;
8) жапсарлас салынған құрылыс - құрылысқа қатысты көмекші болып табылатын оның күрделі сыртқы қабырғаларынан тысқары салынған және онымен бір (немесе одан да көп) ортақ күрделі қабырғасы болатын немесе негізгі құрылыстың үстінен салынатын құрылыстың бөлігін айтады. Жапсарлас құрылыстың негізгі қабырғамен өзінің ішкі байланысы болады. Оған: жапсарлас салынған ас бөлмесі, тұрғын жапсарлас құрылыс, ауыз үй, тамбурлар, дәліз, кіру топтары және тағы басқалар жатады. Барлық жапсарлас салынған құрылыстар жылытылатын және суық (ауыз үй, тамбур, дәліз, және басқа да жапсарлас салынған құрылыстар) болып бөлінеді;
9) жер асты қабаты (подвал) – жер бетінің үйдің биіктігінің жартысынан асатын жердің беткі белгісінен төмен белгідегі қабаты;
10) жер үсті қабаты – жер бетінің жоспарланған жер деңгейінен жоғары тұрған белгідегі қабаты;
11) жапсарлау («қабыстыру» - біріктіру, жапсарлау) – сәулетте дөңгесті қисық сызықты бетінен құралатын ғимараттардың, құрылыстардың жабындысы немесе жабынды түрі. Жапсарлау қосымша аралық тіреуіштерсіз анағұрлым кеңістікті жабуға мүмкіндік береді, көбіне дөңгелек, көпбұрышты немесе тұрғын жайдың эллиптикалық жоспарында қолданылады;
12) шыға беріс - құрылыстан кіру және шығу үшін қызмет ететін сатылары бар жер үстіндегі ашық алаңы. Кіре беріс құрылыстың ажырамас бөлігі болып табылады.
13) кіре беріс - тікелей баспалдаққа, көшеге, тамбурға, суық жапсар жайға және жалпы пайдаланылатын дәлізге шығатын есігі бар үй-жайдың бөлігін айтады;
14) кадастрлық нөмір – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2013 жылғы 06 мамырда № 156 бұйрығымен(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8469 тіркелген) бекітілген бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастр нөмірлерін меншіктеу Ережелерімен белгіленген тәртіппен меншіктелетін жылжымайтын мүлік объектісінің Қазақстан Республикасының аумағында жеке, қайталанбайтын нөмірі;
15) көлік қою орны - ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан көлікті уақытша және тұрақты сақтау үшін арналған орын;
16) күмбез тірегі - қабырғаға немесе бағанаға тірелетін арканың, тіректің төменгі бөлігі немесе арка мен күмбез орналасқан тіректің жоғарғы тасы;
17) қысқы бақ - экзотикалық және қысқа бейімді емес өсімдіктерді орналастыру үшін табиғи жарық көзі бар жылытылатын жай;
18) қайта жасау – әдетінше өзгертілетін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жеке тұрғын жайлардың, ғимараттардың өзге бөліктерін немесе ғимараттың толығымен өзгеруі;
19) құрылыстың негізгісі - деп жер учаскесінде құрылысының күрделілігіне, сәулеттік белгісіне және өзінің мақсаты бойынша үстем болатын құрылысты айтады. Бір жер учаскесінде бір немесе бірнеше негізгі құрылыстар бола алады;
20) құрылыс - бір немесе бірнеше бөліктерден тұратын, бір тұтастықты құрайтын құрылыс. Іргетасының мақсаты мен оның материалына байланысты емес бөліктерінің арасындағы байланыстарымен бірге ортақ қабырғасы мен іргетасының біртұтастық белгісі. Бір құрылыстың бөліктерінің арасында байланыс болмаған жағдайда, құрылыстың жалпы мақсаты, қабырға материалының біртектілігі, ортақ баспалдақ торлары, бірыңғай сәулеттік безендендіру біртұтастық белгісі бола алады;
21) қызметтік құрылыс деп - жер учаскесінде негізгіге қатысты кейінгі орындағы маңызға ие құрылысты айтады. Қызметтік құрылыстарға сарайлар, гараждар, моншалар мен басқалар жатады;
22) лоджия – күрделі қабырғаларының үстіңгісінің үш жағынан шектелген және алдыңғы жағы ашық, жабындысы бар алаңша;
23) мансардтты қабат (мансарда) – қасбеті толығымен немесе жартылай еңкіс беттен (беттерден) немесе сынық төбеден пайда болған шатырдағы кеңістіктегі қабат;
24) тұрғын емес үй-жай – тұрақты тұруға қарағанда басқалай мақсат үшін пайдаланылатын (дүкен, дәмхана, шеберхана, кеңсе, және басқа) тұрғын үйді қоспағандағы жеке үй-жай;
25) техникалық паспорт – жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу нәтижелері бойынша құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті, бастапқы және кейінгі объектінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын, 2007 жылғы 24 тамыздағы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. № 235 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4937 тіркелген) нысанында құрастырылған құжат (бұдан әрі-Нысан);
26) техникалық қабаты - инженерлік құрал-жабдықтар мен коммуникация төсемдерін орналастыратын қабат, төменгі (техникалық астыртын орында) және/немесе жоғарғы (техникалық шатырда) қабатта орналасуы мүмкін;
27) техникалық жерасты бөлігі – жердің нөлдік белгісінде орналасқан және төбесінің биікті 1,5 метрден аспайтын жылытылмайтын үй-жай (техникалық жерасты жеріне сызбалық жоспар сызылмайды);
28) тамбур – үй-жайға, басқыш алаңға немесе асқа жайларға кіре берістегі суықтың, түтіннің, иістің өтпеуінен қорғау үшін қызмет ететін есіктер арасындағы өтпелі бөлме;
29) террасса – төбесі бар, қоршалған ашық құрылыс (алаң) немесе пайдаланылатын жабынды жайдың төменгі жағындағы демалысқа арналған аудан түріндегі, ғимаратқа қосылып салынған қосымша құрылыс;
30) тоғысқыр - тоғыспаның немесе доғаның жоғарғы нүктелерін байланыстыратын тік сызық;
31) телнұсқа — бастапқы құжатқа ұқсас, түпнұсқа сияқты заңдылық нәтижелері бар, бастапқы нұсқасымен бірдей күші бар құжат. Көшірмесін түсіру және «телнұсқа» мөртабанының қойылу жолдарымен дайындалады;
32) тұрғын қор – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан барлық меншік нысандарындағы тұрғын үйлер;
33) тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын, техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін жеке тұрғын үй бірлігі (жеке меншік үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
34) тұрғын құрылыс - негізінен тұрғын үй-жайлардан, сондай – ақ тұрғын емес үй-жайлардан және ортақ меншік болып табылатын өзге де бөліктерден тұратын тұрғын үй (ғимарат);
35) тұрғын үй-жай (пәтер) - жайдың тұрғын және тұрғын емес алаңдары бар тұрақты тұруға және пайдалануға арналған жеке үй-жай;
36) уақытша аралықты қабырғалар (уақытша аралықтар)- бөлінген бөлмелердің пайдалану мақсатына әсер етпейтін, уақытша тұрғызылған жабық тұрғын және тұрғын емес жайдың ішіндегі, қалыңдығы 5 сантиметр аспайтын күрделі материалдарға жатпайтын қабырғалар болып табылады және де сұлбалық қабатаралық жоспарға енгізуге жатпайды. Осындай қабырға аралықтардың болуы қолданыстағы техникалық паспортқа өзгерістерді енгізу және оны ауыстыру үшін негіз бола алмайды;
37) үй төбесіндегі үйшік (мезонин) – бұл ауданы бойынша төменгі қабаттан кіші және олармен ішкі қатынастары бар, ортақ шатыр құрылысынан жоғары көтеріліп, үстіне салынған құрылыс;
38) үй асты қабаты (цокол) - жер бетінің жердің жоспарлы белгісінен төмен, бірақ үй биіктігінің жартысынан аспайтын белгідегі қабаты;
39) үй-жай – қуыстары жоқ қабырғалармен немесе тұйық қалқаларсыз бірігіп кеткен басқа үй-жайлардан бөліп тұратын және көшеге, аулаға, жалпы пайдаланылатын дәлізге немесе баспалдақ алаңына дербес шығатын есігі бар құрылыстың ішкі бөлек бөлігі. Үй-жай өзінің мақсаты бойынша тұрғын және тұрғын емес деп бөлінеді;
40) шартты шекаралар – шартты шекаралармен көзделген көзбен шолып бөлінген кеңістік, техникалық паспорттың кескіндемелік бөлігінде нүкте сызықпен жүргізіледі, жайды функционалдық аймаққа бөлетін шартты шекаралар орны белгіленеді, бұл ретте осындай қабырғалардың болуы міндетті емес. Шартты шекараларды түрлі функционалдық аймақтар- тұрғын- ас бөлмесі-дәліз арасында жүргізу. Шартты шекаралардың қайта жабдықтау немесе қайта жоспарлау ретінде өзгеруі қарастырылмайды;
41) эркер – тұрғын үй қабырғасының жартылай дөңгелек, үш бұрышты немесе қырланып шыныланған шығыңқы жері. Көбінесе қасбет биіктігі бойынша бірнеше қабаттарға жасалады.
3. Мемлекеттік техникалық тексеруге ғимараттарға, құрылыстарға және олардың құрамдас бөліктеріне кадастр нөмірлерін меншіктеуі жатады. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық тексеру барысында Құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін кадастр нөмірі беріледі.
4. Мемлекеттік техникалық тексеруге жататын объектілер - бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілері, мүліктік кешендер, кондоминиум объектілері, инженерлік және коммуникациялық желілер, бұрын жылжымайтын мүлік объектілері болған және техникалық паспортынның нұсқасында тиісті мөр қойылған, (бөлшектелген, жойылған, бұзылған немесе жанып кеткен объектілер) техникалық паспорттар даярланған жер учаскелері.
5. Техникалық сипаттамаларын белгілеу жөніндегі жұмыстар жылжымайтын мүлік объектілеріне бастапқы және кейінгі тексеру жүргізуге бөлінеді.
Бастапқы тексерулер жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізіледі. Жылжымайтын мүлікті бастапқы тексерулердің нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалынып, кадастрлық нөмір беріледі.
Кейінгі тексеру сипаттамалардың осындай өзгеруі, оның ішінде кадастрлық нөмірі, орналасқан жері өзгерген кезде кейінгі тексеруді жүргізбей-ақ техникалық паспортқа енгізілген жағдайларды қоспағанда, ғимараттардың, құрылыстардың және оның құрамдастарының қайта жасалуының, қайта жоспарлануының, қайта жабдықталуының нәтижесінде техникалық, сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде кейінгі тексеру жүргізіледі, атап айтқанда: кадастр нөмірін, көше атауын өзгерту немесе түзету, қол қойылып және күні көрсетіліп, мөрмен куәландырылып өзгерістер енгізу жолымен мекенжай сипаттамаларын өзгерту қажеттілігі болған жағдайда, ақпараттық жүйесі немесе мемлекеттік деректер қоры мәліметтерін қайта жолдауын растайтын құжат болған жағдайда жүргізіледі. Кейінгі тексерудің нәтижесі бойынша техникалық паспорт ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.
6. Бастапқы да, кейінгі де тексерулердің тәсілдері мен амалдары материалдарды біркелкі ету мақсатында бірдей болуы тиіс.
7. Өзгерістер, түзетулер «облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталықтары» РМҚК (одан әрі-Орталық) даярлаған техникалық паспорттарға енгізіледі.
8. Жылжымайтын мүлік объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда мекенжай сипаттамаларының, кадастр нөмірінің өзгеруі заңды күшін сақтайды. Меншік иесі жөніндегі мәліметтерді жылжымайтын мүлікке құқықтардың мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары техникалық паспорттың қосымшасында толтырады.
9. Жылжымайтын мүлік объектісінде ауыртпалықтар мен талаптар болған кезде мемлекеттік техникалық тексеруге және оған техникалық паспорт беруге жатады, өйткені техникалық паспорт құқық белгілеуші құжат болып есептелмейді.
10. Бір жылжымайтын мүлік объектісінің бірнеше меншік иелері болған жағдайда, қажет болған жағдайда әрбір меншік иесі техникалық паспорт даярлауға тапсырыс бере алады. Бір меншік иесінің техникалық паспорт даярлау барысында, екінші меншік иесіне техникалық паспорт объектіге шықпай алдыңғы тексеру материалдары бойынша (кіру мүмкіндігі болмаған жағдайда) даярланып беріледі. Берілетін бірдей техникалық паспорттардың есебін жүргізу үшін, техникалық паспорттың сыртқы бетінде дананың нөмірі жөнінде белгі қойылуы тиіс, ол уәкілетті органның түгендеу ісінде сақталынады. Бұл жағдайда өзге меншік иесіне берілген техникалық паспорттар жойылмайды.
11. Жер учаскесіне сәйкестік құжаттар болған жағдайда, меншік иесінің қалауы бойынша техникалық паспорт даярлануымен бастапқы және кейінгі тексеру жүргізіледі.
12. Жылжымайтын мүлік объектілері үш күрделілік санатына бөлінеді:
1) бірінші күрделілік санатына төрт үй жайдан кем емес тікбұрышты құрылыс нысаннан құрылатын Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес құрылыстар жатады;
2) екінші күрделілік санатына екі немесе Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес кемінде он төрт үй-жайы бар тікбұрыштардан артық тұратын құрылыстар жатады;
3) үшінші күрделілікті санатқа күрделі құрылымды сызбалы және сәулетті ресімделген, қиғаш бұрыштан немесе қисық бұрыштан тұратын Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес құрылыстар жатады.
13. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық сипаттамаларын айқындау мыналарды жасаудан тұрады:
1) және нақты шекаралары мен оған енгізілген құрылыстар және ғимараттарымен жер учаскелерінің жоспары;
2) учаскеде орналасқан негізгі құрылыстардың, сондай-ақ қызметтік құрылыстардың әр қабат бойынша жоспарлары;
3) олардың техникалық ахуалын белгілей отырып, учаскеде орналасқан барлық құрылыстар мен ғимараттардың конструктивтік сипаттамасының техникалық сипаттамасы;
4) есептеу жұмыстарын жасау және кейіннен «Құқықтық кадастрды» жүргізу кезінде тіркеу парақтарын толтыру үшін пайдаланылатын тексерудің нәтижелерін тиісті мемлекеттік деректер қорындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспорттарына енгізу.

2. Жер учаскесін түсіру және жер учаскесіне схематикалық
жоспарын сызу (дала және камералды жұмыстар)

14. Түсірілімге құқықтық, аумақтық және шаруашылық жағынан аралас жер учаскесінен шекарамен белгіленген құрылыс салынған (салынбаған) жер учаскесі жатады.
15. Жер учаскесін түсіруді геометриялық әдіспен жүргізеді. Геометриялық түсіру тоқыма бау, болат, электронды рулеткамен, сондай-ақ басқа да автоматтандырылған және лазерлі қашықтықтан өлшеу құралдарды (рулетка) пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
16. Үлкен өлшеуішті аумақтардың түгендеуін жүргізу үшін 1:10000, 1:5000, 1:2000, 1:1000, 1:500 және 1:200 масштабтардағы топографиялық материалдарды пайдалануға болады.
17. Жер учаскесін түсіру процесі кезінде барлық құрылымдар мен құрылыстар өлшенеді, учаскенің және оның жекелеген бөлімдерінің (қоныстарының) шекараларының ұзындығы өлшенеді, жылжымайтын мүлік объектісінің нақты тұрған жері (мекенжайы) белгіленеді.
18. Барлық өлшеулер дөңгелектеусіз 1 сантиметрге дейін дәлдікпен осы бойынша кейін жер учаскесінің жоспары сызылатын абриске енгізіледі.
19. Абрис жер учаскесінің жоспары жасалатын бастапқы құжат болып табылады. Абристе өшірулерге жол берілмейді, жеке түзетулер нақты болуы және түсіндірілуі тиіс. Оған ұқыпты кейіп беру үшін үстінен қайта сызуға болмайды. Абристе жасалған күні, жылжымайтын мүліктің мекен-жайы, объектінің меншік иесі (өзге құқық иесінің иегері), түсірімді жасаған маманның тегі мен қолы көрсетілуі тиіс. Абрис қарындашпен сызылады. Өзгерістер болмаған жағдайда абрис ретінде алдыңғы мемлекеттік техникалық тексеру материалдары пайдаланылады. Жылжымайтын мүлікке алғашқы тексеру кезінде жобалық құжаттама көшірмесін пайдалануға рұқсат етіледі.
20. Абристегі қасбет сызығы парақтың төменгі сызығымен параллель сызылуы керек. Абристегі жазулар мен сандар анық және оған жататын сызыққа параллель орналасуы керек.
21. Жер учаскесіндегі құрылымдар мен құрылыстар барлық периметрлер бойынша өлшенеді және учаскенің жоспарындағы олардың дұрыс тұрған жерін алу үшін базистік нүктелерге байланады. Учаскенің жоспарын жасау үшін құрылыстарды өлшеу жер асты қабат бойынша жасалады.
22. Жер учаскесін өлшеген кезде мынадай ережелер сақталады:
1) учаскенің қасбеті бойынша оның ұзындығының құрамдық бөліктері (құрылысы, қоршауы, қақпасы, есіктері), сондай-ақ учаскенің ұзындығының жалпы өлшемі өлшенеді. Бұл ретте, жеке өлшемдердің сомасы жалпы өлшемнен алшақ болмауы керек;
2) учаскенің жақтары оның шекарасы бойынша өлшенеді. Егер шекарада дуал болса, онда дуалдың қалыңдығы есепке алынады. Омырылған жерлері бар шекаралар бөлшектер бойынша өлшенеді (омырылғанға дейін және одан кейін омырылған жерден). Бұдан басқа, мұндай шекараның ұзындығының түзуі бойынша өлшенеді. Учаскенің шекарасын өлшеу кезінде шекара олардың аралас учаскелердің шекара қиылысына дейінгі арақашықтығы өлшенеді;
3) екі аралас учаскелерге тиісті шекарада арық болған кезде шекара өлшемі арықтың ортасы бойынша алынады;
4) тас және кірпіштен қоршауы бар шекараны өлшеген кезде құрылыстың қалыңдығы мен биіктігі өлшенеді, ал ағаш материалдардан жасалған қоршаулардың тек қана биіктігі өлшенеді;
5) жекелеген жер учаскелері арасында табиғи шекаралар болмаған кезде, шартты шекаралар жерді пайдаланушылардың қатысуымен жер бөлу құқық орнатушы құжаттарымен белгіленеді. Шекараларын меншік иелері көрсетеді, ол жөнінде тиісті акті жасалады;
6) егер құрылыста жылыту үшін жер асты қабатының орнына құм себілсе, онда учаске жоспары үшін мұндай құрылысты өлшеу қабырға құрылысы бойынша жүргізіледі, негізіндегі үйінді құрылысқа енгізілмейді;
7) учаскенің жоспарына уақытша құрылыстар мен көшпелі қондырғылар кіргізілмейді (дәретхана, жаздық душтар, қоқыс жәшіктері, тасымалды контейнерлер, дүңгіршектер, қазылған шұңқырлар, құдықтар және сондай сияқты);
8) камералдық жұмыстарды орындағанға дейін абрис тексеріледі және оған жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру бөлімінің бастығы (бұдан әрі - бөлім басшысы) қол қояды.
23. Бөлім бастығы бекіткен абрис жер учаскесі жоспарын сызу жөнінде камералдық жұмыстар жүргізу үшін және құрылыстардың аудандары мен көлемін белгілеу үшін қабылданады.
24. Жер учаскесінің жоспары абристе жазылған өлшеулер негізінде 1:200-ден 1:5000-ға дейінгі масштабтарда жер учаскелерінің мөлшеріне байланысты компьютерлік техниканы пайдалана отырып сызылады.
25. Учаске жоспары қағазда негізгі қасбетпен парақтың төменгі кесіндісімен параллель орналасады және жарықтың жақтарына қатысты С-О бағыттаушымен бағдарланады.
26. Учаскенің физикалық шекаралары Нұсқаулықтың № 4-қосымшасына сәйкес Шартты белгілер альбомына (бұдан әрі - Альбом) орай сызылады, шартты шекаралар – үзік сызықпен сызылады.
27. Жер учаскесінің жоспарын сызу жөніндегі графикалық жұмыстар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) жоспарда көшенің атауы, жүретін жолдар және тағы басқалар көрсетіледі;
2) учаскенің, қоныстардың, құрылымдардың, құрылыстардың мөлшерлері жоспарға тиісті сызықтарға сәйкес параллель болып қара түспен енгізіледі;
3) абристен шыққан қосалқы өлшеулер жер учаскесінің жоспарына көшірілмейді;
4) құрылымдар мен құрылыстардың пішінін сызу Альбом талаптарының қатаң сақталынылуымен жүргізіледі;
5) әрбір құрылымға, жапсар жайға, ғимаратқа литер беріледі;
6) негізгі құрылыс қабаты, қабырға жабдығы және пайдалануы (мысалы, 2 КЖ) көрсетіліп орыс алфавитінің А, Б, В және тағы басқалар бас әріптерімен (қызметтік құрылымдарға арналған Г литерін пайдаланудан басқа) литерленеді. Алфавит әріптері жетпеген кезде литерлеуді бас әріптердің жанынан рим цифрын қойып жалғастыруға болады;
7) тұрғын жапсар жайлар құрамында олар орналасқан сол негізгі құрылыстың орыс алфавитінің бас әріптеріне олардың нөмірлерінің сандық белгісі қосылып мына тәртіппен литерленеді: А1, А2 немесе Б1, Б2 және тағы басқалар (қызметтік құрылысқа арналған Г литерінің пайдалануынан басқа);
8) суық жапсар жайлар (террассалар, дәліздер, кіре беріс және басқа) негізгі құрылыстың литеріне сәйкес орыс алфавитінің кіші әріпімен литерленеді: а1, а2, немесе б1, б2 және тағы басқалар (қызметтік құрылысқа арналған Г литерін пайдаланудан басқа);
9) қызметтік құрылыстар Г бас әріпіне сандық белгі қосылып тізімдеме тәртібі бойынша литерленеді: Г1, Г2, Г3 және әрі қарай;
10) құрылыс (төсемдер, қоршалған, қақпа, су құбыры және басқа) рим санымен литерленеді: І, ІІ, ІІІ, ІV және әрі қарай;
11) құрылыстың контурында «Н» әріпі белгісімен сыртқы биіктігі қойылады. Егер құрылыс қия беткейде орналасса және осының салдарынан бірнеше жерден өлшенсе онда орташа арифметикалық мәні қойылады;
12) жертөлелердің, жартылай жертөлелердің және жерқоймалардың контурлары жер учаскесінің жоспарында үзік сызықтармен олардың орналасқан жері бойынша көрсетіледі.
13) мезониндер, мансардалар құрылыстың контурында олардың орналасқан жерінде үзік сызықпен белгіленеді;
14) қалың тастан, кірпіштен, саманнан жасалған және өзге де дуалдар мен қоршаулар олардың қалыңдығы масштабта көрсетіліп, қос сызықпен сызылады;
15) жер учаскесінің жоспарындағы құрылымдар мен құрылыстар қатаң түрде масштабта сызылады және Альбомға сәйкес боялады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 579; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.