Студопедия

КАТЕГОРИИ:


Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748)

Жалпы ережелер 2 страница




3. Ғимараттарды түсіру және әр қабат бойынша жоспарларды сызу
(далалық және камералдық жұмыстар)

28. Жапсар жайы бар негізгі құрылыстар сыртынан және ішінен өлшенуі қажет. Өлшеуге барлық үй-жайлар және оның бөлмелері, оның ішінде олардың мақсатты пайдалануына қарамастан жертөле, жартылай жертөле қабаттардағы, мезониндер және мансардаларда орналасқан бөлмелер, сондай-ақ суық құрылыстарды бірге алғанда жапсар жайдағы барлық үй-жайлар жатады. Ғимараттар мен үй-жайларды түсірген кезде абрис сызылады.
29. Жапсар жайы бар негізгі құрылыстарды өлшеу бірінші қабаттың терезесі деңгейінде астыңғы қабаттан жоғарғы қабырғаның барлық периметрі бойынша жүргізіледі. Терезе және есік қуыстарын өлшеу барысында бір уақытта арақашықтық есептеу жасалады. Абристе мұндай есептер өлшенетін сызықтарға перпендикуляр жазылады.
30. Учаскенің абрисінде құрылыстың қабаттылығы және құрылыстың жекелеген бөліктері бойынша бөлінуі көрсетіледі. Биіктігі бір, бірақ қабаттығы әртүрлі құрылыстарда өлшемдер әр қайсысы үшін жеке алынады. Өлшеудің осы тәртібі әртүрлі биіктік кезінде және негізгі құрылысқа жапсар жай болған кезде қолданылады.
31. Құрылыстың сыртынан өлшеген кезде қабырғаның жалпы жазық бетінен 10 сантиметрге шығып тұрған және құрылыстың ішкі көлеміне әсер етпейтін сәулеттік кіші бөліктері өлшенбейді және көлемге қосылмайды.
32. Кіре берістер, шұңқыршалар, алаңдар, кіретін есіктер өлшенеді және қабаттық жоспарға кіргізіледі.
33. Бұтарланған құрылыстан кейінгі қалдықтары есепке алынбай жазықтығы бойынша өлшенеді, бұрыштағы әшкейі мен пилястрі өлшеу кезінде есептелмейді. Сыртынан ағашпен қапталған құрылыс қаптамасы бойынша өлшенеді.
34. Құрылыстың сыртқы биіктігі, жердің жоспарланған үстінен ернеуіне қосылған жоғарғы сызығына дейін, яғни жабынның ернеумен түйіскен сызығына дейін өлшенеді.
35. Ернеудің үстінен шығып тұрған бөліктер өлшеуге жатпайды. Құрылыстың шаршы алаңына әсер етпейтін сәулеттік қосымша құрылыстар қосылмайды.
36. Көп қабатты құрылыстың сыртқы биіктігі қабатаралық және шатыр жаппаларының қалыңдығы есепке алынып, қабаты бойынша жайлардың ішкі биіктіктерін қосу арқылы белгіленеді. Осы әдіс кезінде жаппалардың қалыңдығымен бірге баспалдақ алаңындағы екі қабаттың ішкі биіктігін өлшеп, ол шамадан осы қабаттардың ішкі биіктіктерінің сомасын алып тастап анықтауға болады.
37. Қия беткейде тұрған құрылыстың биіктігі жер бетінің ойыстығына байланысты бірнеше бұрыштан өлшенеді және осы өлшеулер оларды өлшеген жерлерінден нобайға Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 1 суретіне сәйкес енгізіледі.
38. Бір тегісті төбесі бар құрылыстың биіктігі жаппасыз, жоғарғы және төменгі тегісті қабырғалары бойынша өлшенеді, қосылады және ортаңғы мәні Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 2 суретіне сәйкес алынады.
39. Жаппасымен бір тегісті төбесі бар құрылыстың биіктігі төменгі тегістігінің қабырғалары бойынша өлшенеді.
40. Үй төбесіндегі үйшіктің биіктігі биіктік айырмашылығы сияқты мезонинмен бірге үй биіктігінен негізі үй биіктігін шығарып тастау арқылы Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 3 суретіне сәйкес айқындалады.
41. Мансарданың биіктігі мансарданың еденінен шатыр жаппасының төсемінің жоғарысына дейін өлшенеді. Мансарда жаппасының қисық сызықпен кескіні кезінде орташа биіктігін Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 4 суретіне сәйкес алу қажет.
42. Эркердің биіктігі биіктік айырмашылығы сияқты іргетастың кесінінен эркердің жоғарғы және төменгі жазықтығына дейін белгіленеді.
43. Құрылымның және құрылыстың сыртқы биіктігі қай жерден алынса, сол жерде абристе белгіленеді.
44. Құрылыста жертөле, жартылай жертөле болған кезде сыртқы биіктікті өлшеу ернеудің қосылған сызығынан жерге дейін жүргізіледі және бұдан басқа жертөленің, жартылай жертөленің тереңдігі өлшенеді. Тереңдік биіктік өлшенген нүктеде өлшенеді. Қия беткейдегі құрылыстардың тереңдігі еңкісіне байланысты және міндетті түрде құрылыстың сыртқы биіктігі өлшенген жерлерден өлшенеді.
45. Құрылыстың ішкі өлшеуі үй-жайдың қабырғаларының немесе жеке бетімен немесе жерден 1,2 - 1,3 метр биіктіктегі үй-жайдың қалқалардың периметрі бойынша үстінен жүргізіледі. Тікелей қабырғалардың немесе қалқалардың жазықтығы бойынша өлшеу мүмкін болмаған кезде паралель өлшеумен Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 5 суретіне сәйкес өлшеуге болады.
46. Тік бұрышты үй-жайды өлшеген кезде екі өлшеммен шектелген жеткілікті, алайда тікбұрыш еместің аздаған нышаны байқалған кезде үй-жайдың барлық жақтары және ара қашықтығы қиғаш бойынша өлшенуі қажет. Бұрыштық үй-жайдағы тікбұрышты кескінді екі диагоналы бойынша алған дұрыс. Қиғаштың болуы құрылыстың сыртқы пішінін белгілеуді және құрылуын жеңілдетеді Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 6 суретіне сәйкес.
47. Құрылыстың ішкі биіктігі бірінші қабаттың еденінен шатыр жаппасына дейін белгіленеді.
48. Жертөлесі, жартылай жертөлесі бар ғимараттардың ішкі биіктігі бірінші қабаттың еденінен бастап үйдің төбесіндегі шатыр жаппасының жабылған үйіндісінің жиегіне дейін өлшенеді, ал жертөленің биіктігі жертөленің еденінен бастап 1-ші қабаттың еденінің жоғарғы сызығына дейін өлшенеді.
49. Үй-жайларда және бөлмелерде барлық шығып тұрған бөліктер, күрделі қабырғалар мен бөліп тұрған қабырғалар, қуыстар, қабырға шкафтары, есіктер, пештер, арықты қуыстар және басқа да қондырғылар өлшенеді. Өлшеулер мен байланыстардың деректері абриске сызылады.
50. Терезе астындағы орталық жылу құбырларына арналған қуыстар өлшенбейді және жоспарға сызылмайды, ал есік қуыстарындағы қуыстар, сондай-ақ 1,8 метр және одан да көп биіктіктегі қуыстар өлшенеді, жоспарға сызылады және үй-жайдың ауданына енгізіледі.
51. Пәтер ішіндегі сатылардың марш астындағы алаңы, еденнен бастап марштың төменіне дейін 1,6 метр және одан да биік болған кезде ол үй-жайдың ауданына қосылады.
52. Кемінде ені 2 метр немесе ойығы 1,5 метр қақпалармен өзара қосылған бөлмелер, ойығы қақпасы немесе қуыстары бар қабырға бойынша өлшенген кіші бөлменің ұзындығының кемінде 50 % -ын құраған, бірақ қорабы жоқ жағдайда бір үй-жай болып саналады. Тіреуіш бағандары бар бірнеше қуыстармен өзара біріккен бөлмелер бір бөлме ретінде саналады және өлшенеді және ойығы бөлменің ауданына қосылады.
53. Егер бөлмеде қалқамен жасалған қақпа ойығы болса, онда ол өлшенеді, жоспарға сызылады және бөлу қалқасы алып жатқан алаңсыз бөлменің алаңына қосылады.
54. Қабырғадан шығып тұрған панелдері бар бөлмелер қабырғасы бойынша және панелдері бойынша екі рет өлшенеді Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 7 суретіне сәйкес. Ауданы панелдері бойынша мөлшерлерінен есептеледі. Егер панелі немесе қабырғаларының сыртқа шығып тұрған қаптамасы бөлменің барлық периметрі бойынша өтпесе, онда одан басқа панелдің пагонажы немесе қаптамасы өлшенеді.
55. Төменгі қабатты шығыңқы қабырғалары бар бөлмелер немесе жертөлелер қабырғалары мен едендері бойынша өлшенеді, оның үстіне ауданы едені бойынша алынған мөлшерде есептеледі, ал жоспары қабырғалары бойынша алынған мөлшерде сызылады.
56. Саты торларында олардың ұзындығы, ені және марштары өлшенеді. Марштардың ендері қабырғадан бастап басқыштың сыртына дейін басқыштың ұзындығы бойынша өлшенеді. Аудандардың мөлшері оларды тікелей өлшеу арқылы, ал марштың мөлшері оның көлденең проекциясын, яғни екі ауданның мөлшерінің сомасынсыз саты торларының ұзындығының арақашықтығы өлшенеді. Лифті болған кезде оның шахтасы өлшенеді, ауданы шахтаның едені деңгейімен есептеледі.
57. Үй жайдың немесе бөлменің ішкі биіктігі таза еденнен төбеге дейінгі белгіге дейін өлшенеді. Бөлек жайларда әр түрлі биіктіктер болған жағдайда олар солай өлшеніп, өлшенген жайлардың абристеріне сызылады.
58. Күмбезі бар үй-жайлардың биіктігі екі жерден белгіленеді: еденнен бастап күмбез табанына және еденнен бастап күмбездің тоғысқырына дейін, ал белбеуі бар темір бетонды үй-жайларда еденнен бастап белдеудің төменгі жазықтығына дейін Нұсқаулықтың 5-қосымшасының № 8 суретіне сәйкес.
59. Қуыстары жоқ қабырғалар мен бөлінген қабырғалардың қалыңдығын анықтау үшін терезе немесе есіктің осьінен сабақтас екі бөлменің қабырғаларына дейін және осы бөлмелердің терезелері немесе есіктерінің осьі бойынша мөлшері үй-жайдың сыртынан алынады.
60. Пештер мына ережелерді сақтай отырып өлшенеді:
1) дөңгелектері үшін – диаметрі;
2) тік төрт бұрыштар үшін – ұзындығы және ені;
3) бұрыштық үшін – үшбұрыштықтың негізгі мен биіктігі, шығып тұрған бөліктерінің ұзындығы мен ендерінің диаметрлері өлшенеді.
61. Уақытша және көшпелі пештер өлшенбейді және әр қабат бойынша жоспарға сызылмайды.
62. Құрылыстың өлшеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қабырғаның сыртқы және ішкі мөлшерлерінің арифметикалық мәліметтерінің сәйкестігін тексеру қажет. Сыртқы өлшеу және ішкі мөлшерлерінің сомасы қабырғаның қалыңдығымен бірге тең болуы керек. Сыртқы және ішкі мөлшерлерінің арасындағы жол берілетін айырмашылықтар барлық бөлмелерге пропорционалды бөлінеді.
63. Бөлім бастығы бекіткен абрис негізгі құрылыстың әр қабат бойынша жоспарын сызу бойынша камералдық іс жүргізу үшін қабылданады. Абрис әр қабат бойынша жоспарды сызу үшін негізгі материал болып табылады, сондықтан нақты, түсінікті және Альбомда көрсетілген шартты белгілерді қолдана отырып жасалады.
64. Құрылыстың әр қабат бойынша жоспары абристе жазылған өлшеу негізінде стандарттық үлгідегі сызу қағазына компьютерлік техниканы пайдалана отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің мөлшерлеріне байланысты 1:50, 1: 100, 1:200, 1:300, 1:500 масштабта сызылады. Сызу парағының стандарт форматы құрылыстың мөлшеріне байланысты іріктеп алынады.
65. Құрылыстың әр қабат бойынша жоспары қағазда бас қасбетімен парақтың төменгі қиындысымен паралель орналасады.
66. Әр қабат жоспары әр қабатқа бөлек сызылып, мынадай бөліктерден тұрады:
1) жертөле (цоколь);
2) үй асты қабаты;
3) жер үстіне салынған құрылыстар.
67. Әр қабат бойынша жоспарда мынадай сандық белгілер қойылады:
1) құрылыстың қабырғаларының сыртқы периметрі бойынша алынған мөлшерлері;
2) ұзындығы және ені көрсетілген әрбір бөлменің ішкі мөлшері тиісті сызыққа паралель қара сиямен қойылады;
3) бөлмелердің ауданына әсер етпейтін жоспардың тетіктеріне мөлшерлер берілмейді;
4) бұрыс үлгідегі бөлмелерде ішкі мөлшерлер бөлменің барлық контурлары бойынша қойылады.
68. Әр қабат бойынша жоспарда әр үй-жайлардың нөмірлік реті көк түсті араб санымен шығу есігінен сағат тілі бағыты бойынша қойылады. Үй-жайдың нөмірлік реті әрбір қабатта жеке қойылады, яғни 1-ші саннан басталады.
69. Пәтердің нөмірі пәтердің кіреберісіне қызыл түспен қойылады.
70. Ішкі биіктігі өлшенген жерінен «һ» әрпімен қойылады. Егер қабат аралық аражабыны бір жазықта болса және барлық үй-жайлардың қабат биіктігі бірдей болса, онда ол қай жерде өлшенсе, сол жерге қойылады. Әр түрлі биіктік кезінде жаппа биіктігі қай жерде өлшеу өткізілді, сол жерге барлық үй-жайларға қойылады.
71. Әр қабат бойынша жоспарды сызған кезде дөңес (кесілген) жерлері бар қабырғалар қабырға сұлбасында барлық көлденең кесінділермен шығып (кіріп) тұрған проекцияларын үзік сызықпен және тек қана кесіндіге түсетін қабырғаның бөлігін бояп қана көрсету керек (еденнен 1.2 метр биіктікте).
72. Әр қабат бойынша жоспардың қабырғалары, қалқалары, терезе және есік қуыстары (оның ішінде жасалған және қойылған) мен басқа да тетіктері масштабқа салынады және сызылады.
73. Алаңдар, баспалдақ торлары мен баспалдақ марштары масштабта сызылады, бұл ретте басқыштардың саны болмысына сәйкес болуы керек. Баспалдақ маршының көтерілу бағыты жебемен көрсетіледі. Жоғары тұрған қабаттарда, егер баспалдақ торлары өтпелі және аражабыны жоқ болса, баспалдақ торының мөлшері қойылмайды.
74. Үй-жайдағы жоғары қабаттың (дәлізде, тұрғын бөлмеде, холлда және т.б) баспалдақ қиындылары масштабта сызылады және мөлшері кесіндінің ұзындығы мен ені бойынша қойылады.
75. Форматтың оң жақ төменгі бұрышында мекен-жайын, құрылыстың қабаты мен жоспардың масштабын көрсететін жазумен мөртаңба сызылады. Әр қабат бойынша жоспарға бөлімнің маманы және бастығы қол қояды.
76. Әр қабат бойынша жоспарлар қатаң түрде масштабта сызылады және Альбомға сәйкес боялады.
77. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін әр қабат бойынша жоспар ақаулы болып саналады және қайта жасауға жатады.

4. Жер учаскесінің, ғимараттар мен құрылыстардың және (немесе)
олардың құрамдас бөліктерінің техникалық ерекшеліктерін
сипаттау (есептеу жұмыстары)

78. Құрылыстар мен құрылымдардың техникалық сипаттамалары белгіленген Нысандары бойынша жасалады. Құрылымдардың, құрылыстардың және олардың конструктивтік элементтерінің техникалық сипаттамасы оның табиғи жағдайын ескере отырып абристен тиісті нысандарға енгізіледі. Құрылыс материалдардың, конструктивтік элементтердің сипаттамасы көзбен көріп тексерген кезде айқындалады.
79. Өтініш берушіде ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстардың салған жылын айқындаушы құжаттары болмаған жағдайда пайдалануға берген мерзімі көзбен көріп қараудың, материалдар жағдайының, өтініш беруші берген ауызша мәліметтердің негізінде белгіленеді.
80. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру жұмыстары аяқталған соң, жылжымайтын мүлік иесі Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектісін тексеру актісіні қол қояды.
81. Учаскенің жоспары қабылданған масштабта сызылғаннан кейін учаскенің жекелеген бөлігін және барлық учаскесін тұтастай есептеуге кіріседі.
82. Аудандарды есептеудің мынадай үш түрлі әдісі бар:
1) табиғи деректер бойынша және заттай алынған сызықтық өлшеуге байланысты іздеу ауданының шамасын білдіретін геометриялық формула көмегімен есептеу әдісі;
2) талдамалық әдіс, ауданды есептеу үшін қажетті іздеу сызықтарының ұзындығы белгілі заттай деректердің есебінен математикалық формулалар бойынша белгіленеді;
3) кескіндемелік әдіс, есептеу үшін қажетті сызықтар сызылған жоспар бойынша құрылады және өлшенеді.
83. Жер учаскелерінің аудандары күрделі геометриялық фигураларды қарапайымға (тік төртбұрыштар, үшбұрыштар, трапеция және тағыда сондай) бөлу және олардың ауданын тиісті геометриялық формулалар бойынша белгілеу негізінде есептеледі. (Іс жүзінде мұндай жер учаскелердің ауданын жақтары сол жерде өлшеу үшін ыңғайлы жеке үшбұрыштарға бөлген жөн.)
Ұшбұрыштардың ауданын санау үшін жартылай периметр формуласын (Герон формуласын) қолданады. Осы формула бойынша аудан
S= p (p-a) (p-b) (p-c),
мұнда a,b және c – тікбұрыштың жақтары;
р = осы үшбұрыштың жартылай периметрі (a+b+c): 2 амалына тең.
84. Тік бұрышы бар қисық бұрышты бейнелердің ауданын есептеген кезде осындай бейнелерден ауданы гипотенуза сияқты катеттері бойынша жеңіл айқындалатын тікбұрышты үшбұрышты бөліп алу қажет. Гипотенуза жақтары тұратын жері бойынша өлшенген үшбұрыштың үшінші жағы болып табылады.
85. Тұйық сынық сызықты құрайтын бейнелердің, сондай-ақ қисық бейнелердің ауданын оларды бірдей биіктікте бірқатар трапецияларға бөлу арқылы кескіндеме тәсілімен есептеуге болады. Барлық трапециялардың жалпы ауданын есептеу жекелеген трапециялардың орташа сызығының ұзындығын және олардың сомасын бір трапецияның биіктігіне көбейтумен есептеледі. Трапецияға кірмеген фигуралардың ауданы үшбұрыштардың ауданы сияқты айқындалады.
86. Жеке парақтарға түсірілген барлық жобамен жазылған сызулар, бейнелер және қосалқы жазулар және алғашқы түпнұсқалы құжаттар сияқты басқа құжаттармен қатар материалдық мұрағаттық істерде түрде сақталуы тиіс.
87. Есептеу жұмыстары былай дөңгелектенеді:
1) жер учаскесінің жалпы ауданы – тұтас санға дейін;
2) алқаптардың, құрылымдар мен құрылыстардың аудандары – бір ондық белгіге дейін.
Құқық орнатушы құжаттарда және техникалық паспорттағы техникалық сипаттамаларында айырмашылықтар болса, осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша анықталған өзгерістер себебі көрсетіліп, жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық сипаттамаларының өзгеруі жөнінде қорытынды беріледі.
Егер де кейінгі тексеру барысында құрылыстың бұзылғандығы анықталса, өтініш білдірушіге осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің бар болуы және бұзылғандығы жөнінде қорытынды беріледі.
88. Аудандардың есептік қорытындылары топтастырылады және техникалық төлқұжаттың тиісті бағанына енгізіледі.
89. Үй-жайлардың аудандарын санау өлшеген кезде алынған көлемдердің негізінде жүргізіледі.
90. Үй-жайлардың аудандарын санауды бір ондық белгіге дейінгі нақты түрде шаршы метрмен жүргізу қажет.
91. Тік төртбұрышты нысанды құрылыстардың ауданы ұзындығын еніне көбейтіп есептеледі.
92. Құрылымдар мен жеке үй-жайлар көп жағдайларда тікбұрышты кескінде болады, бірақ түгендеу кезінде қисық сызықты кескіндегі үй-жайлар да кездеседі. Бұл жағдайларда мұндай бейнелерді жай кескінге бөлу керек және олардың әрбірінің ауданын есептеп және нәтижесін қосу қажет.
93. Мансарды тұрғын жайдың алаңын белгілеу кезінде осы жайдың еңкейіңкі төбесінің 1,6 метр кем емес ұзындығымен алаңы ескеріледі.
94. Күрделі үлгідегі қабырғалардың шығыңқы элементтері, пештер, күрделі үлгідегі ошақтар алып жатқан алаңдар, сондай-ақ есік қуысындағы алаңдар үй-жайдың ауданына қосылмайды.
95. Үй-жайлардың ауданынан жылу орталығының жабдықтары, колонкалар, ванналар, әжетхана жабдықтары және басқа да санитарлық-техникалық жабдықтар орналасқан аудандар алынбайды.
96. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) тұрғын алаңы орнатылған шкафтардың алаңын есепке алмағанда тұрғын бөлмелердің алаңдарының қосындысы ретінде белгіленеді.
97. Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы барлық тұрғын үй-жайлардың пайдалы аудандары мен барлық тұрғын емес үй-жайлардың аудандарының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлкі болып табылатын бөліктерінің аудандарының қосындысы ретінде айқындалады.
98. Тұрғын үйдің (пәтердің) тұрғын алаңы тұрғын бөлмелердің (жатын бөлме, қонақ бөлме, ас үй, балалар бөлмесі, үй кабинеті және сондай сияқты) ауданының қосындысымен айқындалады.
99. Тұрғын үйдің (пәтердің) тұрғын емес ауданы ішкі қосалқы үй-жайлардың (ас үй, ванна бөлмесі, әжетхана, кіреберіс, дәліз, пәтері ішілік қойма және т.б.) аудандарының қосындысымен айқындалады.
100. Тұрғын үйдің (пәтердің) пайдалы ауданы тұрғын және тұрғын емес ауданның қосындысымен айқындалады.
101. Тұрғын үйдің (пәтердің) жалпы ауданы тұрғын үйдің пайдалы ауданы мен мынадай төмендеткіш коэффициенттерді есептей отырып, балкондардың, лоджиялардың, дәлізбен терресалардың аудандарын қоса отырып есептеледі:
1) балкондар мен террасалар үшін – 0,3;
2) лоджиялар үшін – 0,5;
3) біріктірілген лоджиялар мен балкондар үшін кемітілген коэффициент қолданылады – 0,4;
4) дәліздер үшін-0,8.
102. Тұрғын жайлардың жалпы алаңына астында орналасқан шатыры мен бастырмасы бар болуы мүмкін жайлардың шатырында орналасқан жеке жылжымайтын мүлік объектілері ретінде террасалар енбейді.
103. Саяжай құрылыстары мен бау-бақша үйшіктерінің жалпы ауданына демалуға арналған үй-жайлар, сондай-ақ тұруға пайдаланылатын, жылытылатын үй-жайлар кіреді.
104. Суық қосымша құрылыстың ауданы (тамбурлар, қосымша салынған баспалдақ алаңы және басқалар) веранданы қоспағанда құрылымның жалпы ауданына қосылмайды.
105. Стационарлық құрал-жабдықтар орналастырылған өндірістік үй-жайлардың ауданы өндірістік ауданға қосылады.
106. Экспликация әр қабаттық жоспар сызылып, онда үй-жайлардың және бөлмелердің нөмірлері қойылған және ауданы саналғаннан кейін толтырылады.
107. Экспликацияны толтырудың басты мақсаты барлық қабаттардағы барлық үй-жайларды сыныптау болып табылады.
108. Сыныптау экспликациядағы аудандарды олардың ерекше белгілері мен түрлері бойынша бөлуді қарастырады. Ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсаты бойынша жіктелуі (одан әрі - Жіктелу) осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасында көрсетілген.
109. Құрылымның мақсаты негізінде басымды ауданы бойынша белгіленеді.
110. Үй-жайлардың және оның құрамдық бөлігінің үлгілері оның мақсаты бойынша белгіленеді. Үй-жайдың және оның бөлігінің (бөлменің) үлгілерін анықтау үй-жайдың табиғатын тексеру кезінде жүргізіледі.
111. Білім беру ұйымдары ғимараттарындағы негізгі алаңдарының экспликациясы жіктелуге сәйкес мынадай түрде жіктеледі:
1) сыныптар, аудиториялар;
2) залдар, оқу кабинеттері;
3) зертханалар, оқу шеберханалары;
4) директор кабинеті, оқытушылар бөлмесі;
5) балабақшадағы бөлмелер (жатын бөлмелер мен балалар ойыны).
112. Мәдениет және өнер ұйымдары ғимараттарындағы негізгі алаңдарының экспликациясы жіктелуге сәйкес мынадай түрде жіктеледі:
1) көрме залының алаңы;
2) сценалар, оркестр үшін орындар;
3) ложалар, балкондар;
4) кинобудкалар, фойелер;
5) экспонаттарға арналған бөлмелер мен шеберханалар, дәрісхана залдары, ктапханалар, оқырман залдары және басқалар.
113. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және сауықтыру мақсатындағы ұйымдары ғимараттарындағы негізгі алаңдарының экспликациясы жіктелуге сәйкес мынадай түрде жіктеледі:
1) палаталар, дәрігерлік және емделу кабинеттері;
2) операциялық кабинеттер;
3) қабылдау бөлмелері;
4) емдеу мақсатындағы ванна бөлмелері және басқа.
114. Сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету ғимараттарындағы негізгі алаңдарының экспликациясы Жіктелуге сәйкес мынадай түрде жіктеледі:
1) моншалар мен кір жуатын жайлар, шешінетін, жуынатын, бөлек бөлмелер, душ, ванна, кірлерді алу және беру, жуу және кептіруге арналған жайлар, маникюр, педикюр, үтіктеу, өндірістік қазандықтар орналасқан жайлар (мысалы ыстық су және басқа);
2) шаштараздарда, күту бөлмесі ретінде, зал;
3) кулинарияларды, тамақтану залы ретінде, буфет, ас бөлмесі, жуатын бөлме, азық-түлік қоймасы, басшы кабинеті және басқа;
4) тұрмыстық қызмет көрсетуде вестибюль ретінде, өндірістік шеберханалар, шағын цехтар, басшы кабинеті.
115. Жіктеуге сәйкес діни құрылыстарға мешіттер, медресе ғимараттары, шіркеулер, храмдар және басқа да діни ғимараттар жатады.
116. Қоймалы құрылыстарға қоймалар, көкөніс сақтау орындары, резервуарлар, тоңазытқыштар, мұнай сақтау орындары және тағы басқалар жіктеуге сәйкес. Қоймалық үй-жайлар деп материалдар, тауарлар, жиһаздар, түгендеу құралдарды сақтауға арналған басқа да үй-жайларды атайды. Қоймалық үй-жайлар әдетте қоймалық үлгідегі дербес тұрған құрылыстарда орналасады немесе басқа үлгідегі құрылыстың бір бөлігін алып жатады (әдетте жертөлелер немесе жартылай жертөлелер).
117. Өнеркәсіптік-өндірістік ғимараттар мен құрылыстарға өндірістік корпустар, цехтар, инженерлік корпустар өндірістік-қосалқы ғимараттар мен басқалар жіктеуге сәйкес жатады. Өндірістік үй-жайларға фабрика-зауыттық кәсіпорындарға арналған, әртүрлі бағыттағы арнайы жабдықталған шеберханалар, баспаханалар, нан пісіру орындары мен осы мақсатқа арнайы салынған және басқа үлгідегі құрылыстарда орналасқан басқа да осы мақсатқа арнайы ыңғайластырылған (жабдықталған) құрылғылары бар үй-жайлар жатады. Өндірістік үй-жайларға механикалық құрал-жабдықтар орналастырылған мини-цехтардың (шеберханалар) үй-жайлары жатады.
118. Көлікжайлар деп авкөліктер тұрағы үшін арнап салынған үй-жайлар жатады. Жеке тұрған және негізгі құрылыс болып саналатын көлікжайлық кешендерге сызбалық жоспар дайындалады. Жеке үй иеленудің құрамына кіретін гараждар негізгі құрылыс болып есептелмейді және қызметтік құрылысқа жатады (бұл құрылысқа сызбалық жоспар дайындалмайды).
119. Үй – жайлар мен олардың аудандары олардың бастапқы мақсаты бойынша ескеріледі. Мақсаты бойынша сыныптай отырып, негізгі құрылыстың үй-жайларының аудандары әр қабаттық жоспардың экспликациясына жасалады. Негізгі құрылысқа экспликация қабат бойынша жасалады. Тұрғын үй-жайларға экспликация пәтерлер бойынша жасалады.
120. Аудандарының қорытындысы пәтерлер бойынша, қабаттар бойынша және жалпы құрылыс бойынша есептеледі. Балкондар мен лоджиялардың алаңдары пәтерлер бойынша, қабаттар бойынша және жалпы құрылыс бойынша есептеледі.
121. Құрылыстар мен үй-жайларды қалпына келтірген және қайта жоспарлаған, бастапқы мәнін өзгерткен немесе құрылыстар мен үй-жайларды өзге де қажеттіліктерге жабдықтаған кезде үй-жайлардың алаңы қалпына келтірудің, қайта жоспарлаудың немесе қайта жабдықтаудың нәтижесінде мақсаты және нақты пайдалануы бойынша ескеріледі.
122. Ғимараттардың, құрылыстардың ауқымы (жертөле, жартылай жертөле, төменгі қабатсыз) көлденең қимасының алаңын ғимаратқа жанасып жатқан жоспарланған жердің нөлдік белгісінен карниздің жоғарғы сызығына дейін өлшенген толық биіктігіне көбейту арқылы айқындалады.
123. Құрылыстың ауқымы бір текше метрге дейін дөңлектенеді және бүтін санмен жазылады. Әртүрлі қабат саны бар құрылыстардың ауқымын есептеу тиісінше олардың биіктігіне бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте қабаттылығы ауқымы жеке айқындалатын жертөлелерді, мезониндерді, мансард пен басқаларды есепке алмай құрылыстың негізгі бөлігі бойынша ғана айқындалады. Ғимараттардың ауқымдарын бөлек есептеген кезде оның бөліктері бойынша ғимаратты бөліп тұратын қабырға бөліп тұратын қабырғаның қалпына немесе биіктігіне сәйкес келетін қалпына немесе қабырғасының бөлігіне жатады.
124. Шатырлы жабыны бар ғимараттардың ауқымы оның алаңының ғимараттың биіктігіне қатынасымен айқындалады, бұл ретте ғимараттың биіктігін бірінші қабатының тек еденінің деңгейінен бастап шатырлы жабынының үйіндісінің жоғарғы бетіне дейін санау керек.
125. Шатырлы жабыны жоқ ғимараттардың ауқымы тік көлденең қимасының алаңының ғимараттың ұзындығына қатынасымен айқындалады. Ғимараттың тік көлденең қимасының алаңы қабырғаларының сыртқы жағынан айнала өлшеу арқылы, жабынының үстіңгі сызығы бойынша және бірінші қабаттың таза еденінің деңгейі бойынша, ал ғимараттың ұзындығы - төменгі қабаттан (цоколдан) жоғары бірінші бірінші қабаттың деңгейінде алдыңғы қабырғалардың сыртқы беті жағының арасындағы арақашықтықты өлшеу арқылы айқындалады.
126. Жертөленің немесе төменгі қабаттың ауқымы ғимараттың цокол қабатынан жоғары бірінші қабаттың деңгейінде ғимараттың көлденең қимасы алаңының жертөленің (цокол қабаты) таза еденінің деңгейінен бірінші қабаттың таза еденінің деңгейіне дейін өлшенген биіктікке қатынасымен айқындалады.
127. Ғимараттың жалпы құрылыстық ауқымы жертөлелер немесе жартылай жертөлелерімен бірге ғимараттың жер үстіндегі бөлігінің ауқымы мен жертөленің немесе жартылай жертөленің ауқымдарының қосындысымен айқындалады.
128. Жапсар жайлардың (суық жапсаржайдан басқа) ауқымы негізгі ғимараттың ауқымына енгізіледі. Тұрғын үйлер мен жатақханалардың ауқымдарын белгілеген кезде техникалық қабаттар құрылыстың ауқымына енгізіледі.
129. Мезониннің, мансарды мен жарықтандырғыштың ауқымдары олардың қабырғаларын еденнің деңгейінде сыртынан айналдыра өлшегендегі көлденең қимасы алаңының биіктігіне қатынасымен айқындалады. Мансарды жаппасының немесе жарықтандырғышының жаппасы қисық сызықты болған кезде орташа биіктігін қабылдау керек.
130. Құрылыстың жалпы ауқымына эркердің, тамбурдың, жабық өтпелдердің, портиктер мен басқа да оның бұйық ауқымын ұлғайтатын бөліктерінің ауқымдары енгізіледі.
131. Колонналар, пилястрлар, белдеулері мен басқа да сәулеттік тетіктері ғимараттың ауқымына кірмейді.
132. Құрылыстың ішіндегі биіктігі бойынша екінші қабаттың шегіне кірмейтін жүретін жолдар мен аркалар құрылыстың ауқымынан алынбайды. Анағұрлым биік жүру жолдары 50% мөлшерінде құрылыстың ауқымына енгізіледі.
133. Қызметтік жапсар жайлар мен құрылыстардың ауқымдары негізгі құрылыстардың ауқымына ұқсас есептеледі.
134. Үйлер мен құрылыстардың техникалық жағдайы олардың конструктивтік элементтерінің табиғи жағдайын көзбен көру арқылы айқындалады.
135. Үйлер мен құрылыстардың күрделілік тобы мен мерзімдерінің кестесі осы Нұсқаулықтың 10-қосымшада келтірілген.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-03-31; Просмотров: 653; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы!


Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет



studopedia.su - Студопедия (2013 - 2024) год. Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав! Последнее добавление




Генерация страницы за: 0.018 сек.