КАТЕГОРИИ: Архитектура-(3434)Астрономия-(809)Биология-(7483)Биотехнологии-(1457)Военное дело-(14632)Высокие технологии-(1363)География-(913)Геология-(1438)Государство-(451)Демография-(1065)Дом-(47672)Журналистика и СМИ-(912)Изобретательство-(14524)Иностранные языки-(4268)Информатика-(17799)Искусство-(1338)История-(13644)Компьютеры-(11121)Косметика-(55)Кулинария-(373)Культура-(8427)Лингвистика-(374)Литература-(1642)Маркетинг-(23702)Математика-(16968)Машиностроение-(1700)Медицина-(12668)Менеджмент-(24684)Механика-(15423)Науковедение-(506)Образование-(11852)Охрана труда-(3308)Педагогика-(5571)Полиграфия-(1312)Политика-(7869)Право-(5454)Приборостроение-(1369)Программирование-(2801)Производство-(97182)Промышленность-(8706)Психология-(18388)Религия-(3217)Связь-(10668)Сельское хозяйство-(299)Социология-(6455)Спорт-(42831)Строительство-(4793)Торговля-(5050)Транспорт-(2929)Туризм-(1568)Физика-(3942)Философия-(17015)Финансы-(26596)Химия-(22929)Экология-(12095)Экономика-(9961)Электроника-(8441)Электротехника-(4623)Энергетика-(12629)Юриспруденция-(1492)Ядерная техника-(1748) |
Ккккккккккккк 11 страница
Заңдылықтың қағидалары-бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады: 1) заң үстемдігі-барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді; 2) заңдылықтың тұтастығы-нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді; 3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестілігі-құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді; 4) заңдылықтың шынайылығы- құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді. 2.Заңдылықтың кепілденуі- бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады: 1) әлеуметтік-экономикалық-бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысанының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық және т.б; 2) саяси- бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің демократиялылығының дәрежесі, биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.; 3) ұйымдастырушылық- бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың(прокуратура, сот, полиция және т.б.) қызметі; 4) қоғамдық- бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені; 5) идеологиялық- бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарының орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі; 6) арнайы -заңды- бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар. 3.Құқықтық тәртіптің түсінігі. Құқықтық тәртіп- бұл субьектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі. Құқықтық тәртіптің ерекшелеіктері: а)ол құқық нормаларында жоспарланған; ә)осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды; б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі; в)қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды; г)заңдылықтың нәтижесі болып табылады. 4.Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді. 1)құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады;құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады; 2)құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жетуге мүмкін емес; 3)заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді; 4)құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.
Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан және санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы – бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының85 үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін, бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін. Көрсету тәсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады: а) тікелей тәсіл –құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі; ә) сілтемелі тәсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды; б) бланкеттік тәсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белглілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.
Құқық жүйесінің түсінігі. Құқықтың құрылымы. Құқық жүйесі–бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі.Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді. Құқық жүйесінің негізгі сипаттары: 1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды–институттарды, салаларды құрайды; 2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлескен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді; 3) ол әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты; 4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастарға тәуелді және адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес. 2. Құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқық нормаларын салаларға бөлу негіздері ретінде. Құқық нормаларын салаларға бөлу үшін екі негізді басшылыққа алады: құқықтық реттеу пәні мен әдісін. Құқықтық реттеу пәні–бұл құқық реттейтін қоғамдық қатынастар.Ол басты негіз болып табылады, себебі, қоғамдық қатынастар объективтік түрде қалыптасады және олардың белгілі бір сипаты сәйкес құқықтық нысандарды талап етеді.Мысалы, еңбек қатынастары еңбек құқығының, ал отбасы қатынастары отбасы- неке құқығының реттеу пәні болып табылады. Қосымша негіз болып құқықтық реттеу әдісі табылады.Егер пән құқықтың нені реттейтініне жауап берсе, әдіс оның қалай реттейтінін көрсетеді. Құқықтық реттеу әдісі–бұл олардың көмегімен біртектес қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылатын заңды құралдардың жиынтығы. Құқықтық реттеудің төмендегідей негізгі әдістері болады: 1) императивтік–бұл тыйымдарға, міндеттерге, жазаларға негізделген биліктік ережелер, субординация әдісі; 2) диспозитивтік– рұқсат етуге негізделген, тараптардың теңқұқылығы, координация әдісі; 3) марапаттаушы–белгілі бір жақсы жүріс-тұрыс үшін марапттаау әдісі; 4) ұсынушылық–мемлекет пен қоғам үшін тиімді жүріс-тұрысты жүзеге асыруға кеңес беру әдісі; 3. Құқық саласы– бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін (саласын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық саласының белгілері; әрбір саланың өз пәні болады; әрбір саланың өз заңнамасы, яғни, дербес кодекстері болады; құқық субъектілерінің құқықтық жағдайын реттейтін, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру тәсілдерін және құқықтық нормаларды жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік-құқықтық шараларды орнықтыратын ерекше заңды режимі болады. Құқық салаларының түрлері: 1) негізгі салалар; бұлар басты құқықтық режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында конституциялық құқық, одан кейін материалдық құқықтар–азаматтық, қылмыстық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс жүргізушілік салалар–азаматтық іс жүргізушілік, қылмыстық іс жүргізушілік және әкімшілік іс жүргізушілік құқықтары орналасқан; 2) арнайы салалар; бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған: еңбек құқығы, жер құқығы, қаржылық құқық, әлеуметтік қамтамасыз ету құқығы, отбасы құқығы, түзеу-еңбек құқығы; 3) кешенді салалар; бұларға негізгі және арнайы салалардың әртүрлі институттарының бірігуі тән: шаруашылық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы. 4. Құқық институты–бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін (тобын) реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Құқық институты–заң нормаларының құқық саласына қарағанда аз жиынтығы. Әрбір құқық саласында бірқатар институттар болады.Мысалы, еңбек құқығында–еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта–ескіру мерзімі институты, өкілдік институты және т.б. Белгілі бір нормалар жиынтығының нақты бір құқықтық инстиутты қалыптастыруының заңды негізі болып үш белгі табылады: 1) құқықтық нормалардың заңды теңдігі; 2) қоғамдық қатынастарды реттеудің толықтығы; 3) құқықтық институтты құраушы нормалардың заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілердің тарауларында, бөлімдерінде және басқа да құрылымдық бірліктерінде жинақталуы. Құқық бұзушылық ұғымы, түрлері Құқықбұзушылық–бұлқоғамның, мемлекеттің, тұлғаныңмүдделеріненұқсанкелтіруші, тұлғаныңкінәлі, құқыққақайшы, қоғамғақауіптіәрекеті. Құқықбұзушылықтыңбелгілері: әрекетнемесеәрекетсіздік; кінә; құқыққақайшылығы; зияндынәтиже; әрекетпензияндынәтиженіңарасындағысебептібайланыс; заңдыжауапкершілік. Әлеуметтікқауіптілігінеқарайбарлыққұқықбұзушылықтарқылмыстарғажәнетерісқылықтарғабөлінеді. Қылмыстар–бұлқоғамғаерекшеқауіптілікпенерекшеленетін, әлеуметтікмаңыздымүдделергенұқсанкелтіретін, нұқсанкелтірушіліктенқылмыстықзаңнамаменқорғалатынқылмыстыққұқықбұзушылықтар.Құқықбұзушылықтардыңбасқатүрлерінеқарағанда, қылмыстықзаңменаталғанқылмыстықәрекеттердіңтізімінақтыанықталғанжәнеоларкеңейтілген түсінугежатпайды. Қылмысты жасау жазалауды көздейді. Теріс қылықтар–әлеуметтік қауіптіліктің, қылмысқа қарағанда, аз дәрежесімен ерекшеленеді, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында жүзеге асырылуы мүмкін, әр түрлі нұқсан келтіру объектілері мен заңды салдарға ие. Олар үшін жаза емес, әр түрлі шаралар көзделген. Теріс қылықтардың түрлері: 1. Азаматтық–бұл мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар саласында жасалатын, ұйымдарға немесе жеке азаматтарға мүліктік зиян келтіруден көрініс табатын, шарт бойынша міндеттемелерді орындауды, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратуды және т.б. білдіретін құқықбұзушылықтар. Олар үшін зиянды өтеу, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіру, орындалмаған міндетті мәжбүрлі түрде орындату сияқты санкциялар және басқа да құқықты қалпына келтіруші санкциялар көзделген. 2. Әкімшілік–бұл заңмен орнықтырылған қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқарушылық-өкімдік қызметі саласындағы қызметтік міндеттерді жүзеге асырумен байланысты емес қатынастарға нұқсан келтіруші құқықбұзушылықтар. Әкімшілік құқықбұзушылықтар үшін айыппұл, ескерту, арнайы құқықтан айыру (мысалы, көлік құралын айдау құқығы) және әкімшілік заңнамамен көзделген басқа да санкциялар көзделген. 3. Тәртіптік–бұлеңбекқатынастарысаласындажүзегеасырылатын, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қызметініңішкітәртібіненұқсанкелтіретінқұқықбұзушылықтар. Тәртіптік шаралар Еңбек туралы заңда, әскерилер үшін–Тәртіп туралы жарғыда, лауазымды тұлғалардың кейбір санаттары үшін–арнайы ережелерде қарастырылған. Бұл шараларды кәсіпорынның, мекеменің немесе ұйымның әкімшілігі жүзеге асырады. Құқықбұзушылықтардың барлық түрлері үшін санкциялар көзделген. Санкциялар құқықты қалпына келтіруші және айыпппұлдық болып бөлінеді. Құқықты қалпына келтіруші санкциялар міндетті мәжбүрлі түрде орындатуға, бұзылған құқықты мәжбүрлі түрде қалпына келтіруге бағытталған, ал айыппұлдық санкциялар құқық бұзушының белгілі бір құқықтарын шектеуді, оған арнайы міндеттерді жүктеуді немесе оны ресми түрде сынға алуды көздейді.
Құқықтық сана – қоғамдық сананың бір түрі. Жалпы сипаттама. Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады. 1. Құқықтық сана мемлекетте қалыптасқан құқықтық жүйе әділ сот қызметтерінің айнасы болып табылады. Құқықтық реттеу барысында адамдар құқықтың әділеттілігін немесе оны қолдану барысындағы заңсыздық пен бассыздықтан туындайтын әрекеттер мен көріністерді ой-өріс, сана арқылы ой-елегінен өткізіп баға береді. Соның нәтижесінде индивидтердің мемлекеттегі әділеттілікке деген көзқарастары қалыптасады. 2. Құқықтық сана қоғам тапқа бөлініп, мемлекет пен құқық пайда болғанда қалыптасады және әртүрлі мағындағы қасиеттерге ие болады. Мысалы, құл иеленуші мемлекетінде құл иеленушілердің құқықтық саналары негізінде құлдарды қанау, басып жаншу, баю сияқты ұғымдармен уланған болса, керісінше, құлдардың құқықтық санасының негізгі өзегі — азаттық, тектік, бостандық (Мысалы, б.ғ.дейінгі I ғасырдағы Римдегі Спартак, б.ғ.дейінгі I-II ғасырлардағы Қытайдағы «Сары тартқандар» және «Қызыл қастар» көтерілістері және т.б. сондай қарулы көтерілістер). Таптық қоғамда сана да таптық сипат алады. 3. Құқықтық сана саяси мазмұнға, сипатқа ие болады. Мемлекеттегі саяси процестер мен бағыттар әрқашанда құқықтық санаға өзінің әсерін тигізеді. Заңның өзі қоғамда жүргізіліп отырған саясатқа тәуелді. Мысалы, сталинизм кезінде саясат тоталитарлық жүйені және жеке адамның басына табынушылықты мемлекеттік дәрежеде нығайту болса, қоғамдық кұқықтық сана сол саясаттың тікелей әсерінен халықтың құқықтық санасына «халық жауы» ұғымын жаппай қабылдатты, заңды екенін сіңірді. Фашизм де сондай сана қалыптасты. 4. Құқықтық сана қоғамның қондырмасынан орын тебеді, оның құрамындағы саяси, көркем, эстетикалық, теориялық, кәдімгі, діни, этикалық саналардың түрлері мен тығыз байланыста қалыптасады және дамиды. Бірақ, бір сананың түрі құқықтық санаға мол әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда индивидтің құқықтық санасы непрогрессивтік, нерегрессивтік, неконформистік, нениглистік және инфантильдік қасиеттер мен мінез-құлықты қабылдауы мүмкін. Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. Сонымен қатар құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Құқықтық сананың қоғам өміріне мынандай әсері бар: 1. Құқықтық сана құқық жасау процесіне белсенді түрде өзінің әсерін тигізеді. Халықтың, депутаттардың, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалардың құқықтық саналары неғұрлым жоғары болған сайын сапалы заңдар қабылданады, субъектизм мен лоббизмді шектейді, жалпы ұлттық мүддені жеке топтық, таптық, партиялық мүддеден жоғары қояды. 2. Құқықтық сана мемлекет қабылдаған нормативтік-құқықтық кесімдерден өзінің көрінісін табады. 3. Қоғамда қалыптасқан құқықтық сананың деңгейі құқық қолдану процесінде ерекше рөл атқарады, әділеттілік пен әділетсіздікке барудың айқын барометрі. Мысалы, мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғаның жеке адамнан пара алуы, бюрократияға жол беруі ақпараттық араластықтың нәтижесінде бүкіл халықтың құқықтық санасын дағдарысқа ұшыратып, нигилистік көзқарас қалыптастырады. 4. Құқықтық сана құқық бұзушылықпен күресудің, оның алдын алудың мүмкіндіктерін тудырады. Құқықтық сана деңгейі жоғары болған сайын мемлекеттегі қоғамдық тәртіп те нығая түседі. Басқа тіршілік иелерінен адамдардың айырмашылығы — олардың еркі мен санасының болуында. Сана, елестету, қабылдау, сезім, мұрат секілді құбылыстардың көмегімен адамдар бір-бірімен қоғамдық қатынастарға барады. Қоршаған орта, дүние тек қана адамның санасында бейнеленіп қана қоймайды, сол адамдардың санасы мен еркінің, еңбегінің негізінде өзгеріске ұшырайды. Сондықтан адамнын айналадағы шындыққа деген құндылық қатынасы қоғамдық және жекелік (даралык) сана арқылы қалыптасады. Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т.б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Мысалы діннің қоғамдык, сананың басқа формаларынан айырмашылығы сонда, ол бізді қоршаған дүниенің құбылыстарын діни жолмен не кұдайдың атымен байланыстырып түсіндіреді. Құқықтық сана қоғамдық сананың бір формасы бола отырып құқықтық құбылыстар мен үрдістерді ұғына отырып, олардың өзгеруін бейнелейді. Құқық арқылы қоғамдық пайдалы және қоғамдық зияңды әрекеттер байқалады, сондықтан құқық өзіне тиісті белгілі бір қатынасты қалыптастырады. Бұндай құқыққа деген көзқарас болымды, дұрыс, яғни тұлға қоғамдағы құқықтын орнын, маңызын ұғынып, бағалап, құқықтың нормаларын мойындауға, оған бағынуға бейімділігін білдіреді. Керісінше, құқықтың қоғамдағы маңызын жоққа шығару, оның қажет емес екендігін, пайдасының жоқтығын дәлелдеуге тырысқан көзқарастар да болады.
Дата добавления: 2015-04-23; Просмотров: 2049; Нарушение авторских прав?; Мы поможем в написании вашей работы! Нам важно ваше мнение! Был ли полезен опубликованный материал? Да | Нет |